12.02.2022
  124


Автор: Абдрахман Асылбек

Сыпырғы мен еден

(Н.Мизиннен)

Болғаннан соң тазалап,
Сыпырғыны мазалап,
Еден тұрып бір күні,
Ақыл айтты күлкілі:
– Рас, сырттан қараса,
Тұлғаң сұлу тамаша.
Бірақ, лассың жақыннан,
Жан жүре алмас қасыңнан.
Сыпырғы да сол кезде:
Түсін, – деді, – сен сөзге.
Былғанбасам мұнша мен,
Сен таза боп тұрмас ең.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу