12.02.2022
  123


Автор: Абдрахман Асылбек

Болаттың ауруы

Тұр орныңнан, қарағым,
Тұршы, Болат, – десек те,
«Ауырды», – деп тамағым,
Жатып алды төсекте.
Ондай болса, суытпай,
Шәй іш, – десек,
«Жоқ», – деді.
Ет же десек, жуытпай,
«Қарным әлі тоқ», – дейді.
«Келе ме май жалағың?» –
Десек те, оған:
«Жоқ» дейді.
«Жазылады тамағым,
Конфет жесем көп», – дейді.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу