Аңыздар ✍️

  12.02.2022
  139


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

СУДАНСҰЛУ

(Аңыз дастан)
Сарайдың іші де алтын, сырты да алтын,
Құмартып, көрген жандар ұмтылатын.
Орнатқан шам орнына ал гауһар тас,
Алтынға шағылысып күн туатын.
Күн батса сарай іші сəуле шашқан,
Күндізгі түннен дағы сəулесі асқан.
Ауасы қоңырсалқын жанға жайлы,
Нақышты қызыл мəрмəр сəулеті артқан.
Өлшеу жоқ кеңдігін де бұл сарайдың,
Еңсесі тарлық етпес тұрса да Ай, Күн.
Адамның тілі жетіп айта алмайды,
Көрікті болғанына мұнша жайдың.
Көл анау, алтын балық иектеген,
Кемерін ақ күміспен жиектеген.
Жағасы қатарланған алтын бақан,
Қытайы өрнек төккен жібекпенен.
Патшаның өмірі үстем қай өңір де,
Салдырған бұл сарайды Байеліне1
.
Асқанда орта жастан Хақ Сүлеймен,
Арнапты таңдап алған əйеліне ...
Қара қу,
Кəдімгі аққу,
Сарала қу –
Сұлулық өз-өзінен араласу.
Арнайы көлдері бар ару құстың,
Болмайды бір-бірінен дара басу.
Адамдай бір-біріне назданады,
Қосылып төрде тартқан сазға жаны.
Түрленген тоты құстың тұлғасы да,
Тұрғандай көтеріліп жаз қабағы.
1 Аңыздағы жер аты.
 Сəулеге шағылысып жарқыл қағып,
Ойнайды құс қанатты алтын балық.
Арнаулы желдеткіштің əсерімен,
Шілде айы тұрады екен салқындалып.
Көл суын атайды екен Былғары1 деп,
Жатса да сарқылмайды жылдар үдеп.
Сахара алқабында жақсы сусын,
Науқасты сақайтады шын дəрі боп.
Тымықта кетеді екен самал есіп,
Мəрмəр қаз қанат қақса жамалы өсіп.
Гауһартас орнатылған атырапта,
Кəдімгі от түрлі түспен жанады, өшіп.
Жасыл бақ қысы-жазы өзгермеген,
Құмартып талай-талай көздер көрген.
Соншалық тілде буын болмаса да,
Жеткізіп беру қиын сөздерменен.
Құбылған бұлбұл үні бұтақтағы,
Ойыңды өсірмесе жұтатпайды.
Бұлақтың болғанымен не кəусары,
Тек қана мұнда құстың сүті ақпайды.
Гүлдердің таңғаласың көптігіне,
Көгілдір,
қызғылт,
қоңыр,
көк гүлің де –
Көзіңе күміс болған,
алтын болған,
Ол гүлдер кездеспейді,
Жоқ бүгін де.
Гүлдердің таңғаласың алуанына,
Құлпырып, қауашағын жарғанына.
Адамдар өз көзіне өзі сенбей,
Ойланып тұрады екен барғаны да.
1
Араб аңызында Былғары деген су болады екен.
Алтын балық сол суда ғана өседі-мыс.
 Патшасы Жер мен Көктің Хақ Сүлеймен,
Сейілдеп келе жатты жақсы оймен.
Елуден асқан шақта таңдап алған,
Ең соңғы əйелімен жақсы көрген...
Албырып, уылжыған жүзі қандай,
Көрген көз естен танып, қызығардай.
Сұңғақ бой, сұлу мүсін, сирек біткен,
Қастары шебер қолмен сызылғандай.
Құстардың иранбақта салған əні,
Құбылды...
Патша тыңдап, таңданады.
Мас болып бай тұрмысқа бұлаң қағып,
Ханымы қасындағы паңданады.
–Тыңдашы?
Мың құбылған құстың үнін,
Өзара əңгіме еткен ішкі сырын.
Əрқашан тірлігіне заң ғып алған,
Əлсізі құлындай боп күштісінің.
– Тыңдашы?
Сайраған бұлбұл үнін,
«Ұзарсын» дейді саған – бұл ғұмырың.
Астасқан əр əуезі адалдықпен,
Құста да болатыны шындық ұғым.
Əңгіме етті патша майдалықпен,
Сарайға алып келіп жайланып кең.
– Құс тілін жетік білген данышпаным,
Кетейін, – деді – Сізден айналып мен.
– Ұғасыз құс біткеннің үндерін де,
Білесіз аң біткеннің тілдерін де.
Сіз сондай болған кезде,
Сол əлемді,
Емес пе игергенім бұл менің де, –
Деді де Судансұлу күлімдеді,
Жеткізіп жылы сөзін тіліндегі.
Еркелеп əйелге тəн ерке назбен,
Еркекке қуат берер шырын берді...
 Дастарқан толы дəм тұр пісірілген,
Бұрыштап, баппен жаңа түсірілген.
Египет шарабының қызуынан,
Аумайды екеуінің түсі гүлден.
Кіршіксіз сүйетінін паш қып оймен,
Осылай оңашада ақ тілеумен.
Отырды ерке тоты еркін алып,
Ширатып бурыл мұртын Хақ Сүлеймен.
Керілді кербез тұлға,
көзін жұмды,
Құлпырды екеуара сезім гүлі.
Оңтайы келген кезде Сұлу бір сəт,
Көрсетті Сүлейменге өзін мұңлы.
Болмаған мұндай істі сандаған таң,
Білдірді патша көңілін аңдағаннан.
Сөйледі сонан кейін салмақпенен,
Жарына Жер мен Көктен таңдап алған.
– Үй мынау,
Жиһаз толы алтынданған,
Айналаң думан-күлкі, шалқыған əн.
Мың əйел малайың бар бір өзіңде,
Бір сəтте кезің де жоқ шарқ ұрмаған.
Жай мынау
нақышталған,
күмістелген,
Ісмердің жоқ өрнегі кіріспеген.
Астында аяғыңның дүрия кілем,
Асылдап күн істеген,
түн істеген.
Жүз жылдық – тұрғандығың бір күн келіп,
Сен деген пəк жүрегім тұр бұлқынып.
Аспазшың алпыс адам,
ал қолына
Ұстаған орамалы мың жылқылық.
Құс төсек – мамығынан көгілдірдің,
Астыңда алты қабат
 Өмірлігім.
Əлемнің падишасы мен тұрғанда,
Тартуың мүмкін емес көңіл мұңын.
– Оныңыз рас, Сіздің ұлы əмірші,
Жеткізген бұл тұрмысқа байлық бізді.
Дегенмен, – деді де
сəл қабақ түйіп,
Албырап Судансұлу жай күрсінді.
Бұдан соң, Сүлеймен хақ тағы ойланды,
Өткендей бір усойқы жанай қанды.
«Өзім-ақ көрейін деп не болса да,»
Өзгеге сездірмеді маңайдағы.
Болмаған мұндайлық іс сандаған таң,
Күйзелді күрсінуін аңдағаннан.
Сөйледі бір ғаламның билеушісі,
Жарына,
Жер мен Көктен таңдап алған.
– Жаным-ау!
Тіл қатсаңшы?
Ауырдың ба?
Түсіріп отырсың ғой ауыр мұңға.
Атқармай қызметін күнделікті,
Сені əлде ренжітті ме қауым мына.
Сен əлде, сағындың ба ата-анаңды,
(Кім сағынбай анасын жата алады).
Жат елдің қыранынан қымбат болар,
Жарбиған туған жердің жапалағы.
Еліңе апарайын аз күнде мен,
Əлемді аралатып жаз гүлдеген.
Немесе, құс сауығын көрсетейін,
Айдында аққу əн сап, қаз билеген.
Сен үшін қызықтардан жалықпайын,
Қызықтып ту аспанға шарықтайын.
Астына көк теңіздің апарайын,
Əлемін көрсетейін балықтардың.
 Аралап сол əлемді күн жүзейін,
Шамшырақ балықты алып түн жүзейін.
Жолыңа жанымды құрбандық қып,
Алпауыт акулаға мінгізейін.
Осылай сені жаным сергітейін,
Толқында таңғажайып көлкітейін.
Мойныңа меруертті алқа қылып,
Дельфинге су астынан тергізейін.
Қап тауын,
Қазығұртты білесің бе?
Айналған қасиетті ұлы есімге.
Самұрық қанатымен сапар шегіп,
Сол жаққа саяхатпен жүресің бе?
Бар тағы Ағашаттан ұшар көлік,
Мініп ап, қатарласып ұшар ма едік.
Қолыңа ап құладынды1 қуға салып,
Қызықты осылайша құшар ма едік.
– Отырсыз ақтарылып ақ үмітпен,
Сəл ғана көрінгенге жабығып мен.
Жатқанда жаннат сарай саясында,
Қайтемін, туған жерді сағынып мен.
Ойлаған ойым менің маңызды одан,
Беріліп тебіренем нағыз соған.
Не керек ата-ана,
Сіз тұрғанда,
Есімі дүниеге аңыз болған.
Құдайым жатратпастан байлықсызды,
Жеткізген бұл тұрмысқа байлық Сізді.
Төңкеріп бота көзін байырқалап,
Дем алып тереңірек жай күрсінді.
Бұдан соң Сүлеймен хақ тағы ойланды,
Өткендей болды усойқы жанай қанды.
– Ойыңды күйзелдірген қандай жайт,
Кəне, айтшы, орындаймын қалай дағы.
1 Құладын – ең сұлу қыран құс.
 Ұшқан құс,
Жүгірген аң өмірім де,
Не десем сол болады əлі күнге.
Жеті қат көкке,
жердің шегіне де,
Жеткізем дегеніңше «əне-міне».
Жұлдыз ба,
Жаңа туған ай керек пе?
Гүлі – алтын,
Күміс – ағаш сай керек пе?
Ғарыштың үстіндегі қабатына,
Салынған жаңа сарай жай керек пе?
Шүкірлік!
Ертеңімді анық көрем,
Əп-сəтте зеңгір көкке барып келем.
Шынымен керек қылсаң, аяулым-ау,
Шолпан мен ұшарқарды алып берем
– Əміршім,
Сөздеріңнен күй есілген,
Тауап қып оған басты иемін мен.
Төсегім қауырысыннан ғана істеліп,
Сарайым болса құстың сүйегінен.
Ойыңыз сөзіңізден аян маған,
Не қылған едіңіз Сіз – аяулы адам!
Құстөсек жамбасыма жайсыз тиіп,
Сол еді көңіліме қаяу салған.
– Сол дағы сөз болып па, сұлуым-ау,
Қосағың отырғанда ұлы – мынау.
Қазір-ақ кірісейін жарлығыма,
Жинайын құс біткеннің барлығын да, –
Деді де Сүлеймен хақ құс тілімен,
Əмірін жайды əлемге күшті үнмен.
Жіберді хабаршыға Ақсұңқарды,
Ішінде қанаттының ұшқыры ең...
Жиналды таудан, тастан, ойдан дағы...
Балапан шығарып та қойғандары.
 Шетінен ұстады да
тұмсығынан...
Тізбектеп тесу жағын ойланбады.
Тесілді тұмсығынан барлығы да,
Патшаның көнді еріксіз жарлығына.
Құстары қамалған соң, бірі қалмай,
Құлазып,
құла түз боп қалды қырда.
Қара тас түсі ағарды шошынғаннан,
Шошынып зұлымдыққа тосын болған.
Жылады көл мен өзен құстары да,
Құтылар күн болса деп осы ылаңнан.
Торғайлар кеткеннен соң, талды жеген
Құрттар да өсе түсті əңгілеген.
Қаптатып ашық күнде қара бұлтты,
Қашанда əлсіздерді əлді жеген...
Матауға қанаттыны жалықпады,
Ішінде бар ұсақ пен алыптары.
Түгендеп келген кезде,
Жалғыз ғана
Байғыздың келмегені анықталды.
Жіберді Тұрымтайды, шақыртуға,
(Бұл дағы өз алдына батыл тұлға).
Жылпос құс жігерлене қанат қақты,
Байғызды тегеурінге ап бақыртуға.
– Бармысың, жылы ұяңда байғұс құсым,
Ренжітті патшамызды жайсыз ісің.
Тезірек жиналыңыз?!
– Жұмысым көп,
Уақытым жоқ.
– Сен оған бармайтұғын қайсы күшің?...
Көнбеді айтқанына тұрымтайдың,
Қайтпайтын,
мінезімен бұрылмайтын.
 Жылпос құс бостан-босқа қайтып келді,
Байғыздың білмеген соң бұрын жайын.
Естіді патша мұны,
Ісінді кеп.
Қабағы қатуланып түсіңкіреп:
«Байғызсыз келсең басың алынады».
Қаршығаны жіберді үшінші рет.
Қаршыға самғап ұшып, келді налып:
– Жүр, кəне, сабылдырмай елді барлық.
– Ойларым көп,
Уақытым жоқ, – деді байғыз.
– Басқа да жетер, қайтесің, мені алып.
Қаршыға қабақ түйді тағы налып,
Байғыздың қимылдарын бағып анық.
Бері кеп,
Сөзіңді естірт?
(Келді жақын...)
Əкетті осы сəтте қағып алып.
Шыжылдап,
Жан шеңгелде кете барды...
«Байғыз кепті» деген сөз етек алды.
Кінəлі бұрыштағы торға қамап,
Қосылмай құс тобына жеке қалды.
Қаршыға көзі жайнап екіленді,
Қуанып көрінгендей көкірегі.
Қарайды ауық-ауық Əміршіге,
Тағы да бар дегендей не тілегі.
Байғызды патша алдына алып келді,
Бетіне келмегені салық болды.
«О, батыр, сөйле, кəне» деп Сүлеймен
Күлкіге сайқымазақ қарық болды...
– Есектің қурап қалған тезегіндей,
Түр мынау...
Сонда қандай өзегінде ой.
 Жарлыққа қарсы болған себебің не,
Басыңның алынарын сезесің ғой.
Тазарып қарсы алдымда жу кіріңді,
Беземей бостан-босқа қу тіліңді.
Тыңдап ап, зілді сөзді зейінменен,
Байғыздың қос қанаты қусырылды.
– Дат!
– Датың болса, айт?
– Онда мен ой ойладым,
........Есептедім.
Болса да бойым кіші,
Кесек ойым.
Сол жұмыс – уақытымның көбін алды,
Бірақ та дұрыс шықты есептерім.
– Ол не есеп?..
Белгісіз сыры көпке?
– Əлемде өлі көп пе?
Тірі көп пе?
– Көп екен сонда қайсы дұрысын да?
(Түскендей болды байғыз ұлы сынға).
Шешіліп кетті сөйлеп кішкене құс,
Батылдық,
Өжеттік бар тұрысын да.
– Күн шыққан шақта ұйқыдан тұрмағанды, –
Өлген деп,
Мəліметім бұрмаланды.
Сол кезде тірілерден өлі артып,
Ойларым барған сайын тұлғаланды.
– Еркектен дəлелдейтін əйел көбін,
Ей, Байғыз...
Осы арасы қалай деймін?
– Əйелдің тіліне ерген Сіз сияқты,
Еркекті,
(кешіріңіз), əйел деймін.
Аңыз боп естілгенде атағыңыз,
Мақтанып ұямызда жататынбыз.
 Ермегі еттіңіз де еріккеннің,
Бейкүнə құстың бəрін матадыңыз.
Құт қоныс – тау менен тас, дала оған,
Еркімен айтқан жақсы аралап əн.
Бірінің қызылшақа қалса ұрпағы,
Бірінің жұмыртқасы бала болған...
Қанша ұя,
қанша ұрпағы қараң қалды,
Тісімен тышқандардың харамдалды.
Құрт-құмырсқа барады орманды отап,
Қиын-ақ,
Қанаттылар қамалғаны.
Күш те бар,
Білім де бар бойыңыз да.
Айналып кеттіңіз бе?..
Тойымсызға?
Не үшін бұл ғаламды билегенде,
Келмеді осы арасы ойыңызға.
Тұмсықтан тізіп-матап, қосып алып,
Зарлату зауал ғой бұл шошынарлық.
Құста сүт бола ма екен, айтыңызшы?
Не дейміз, асқандыққа осыншалық?!
Əрине, бұйырмаңыз Сіз айыпқа,
Мен тұрмын іштей жылап,
мұңайып та.
Бір ғана ханышаның қамы үшін,
Құстың бəрін қырып-жою лайық па?!
Құстардың көрсем дағы ағылғанын,
Келмедім,
Уағын да табылмадым.
Бас кеспек болса дағы тіл кеспек жоқ,
Жазалаңыз,
Жазаны қабылдадым.
Көбейді маталған құс қыбырлары,
Біреуі біреуіне сыбырлады.
 «Біз үшін бар қатерге басын тіккен,
Байғыздың шырылдады-ау шыбын жаны?!»
– Ал қазір басын шауып алады деп,
«Қырқ» етті Шүрегейге ала үйрек.
Тұмсықтан байланса да байыз таппай,
Үкінің жанарында жанады от.
Құстардың барлығын да күрсіндірді,
(Қасірет қатты тиді бір сыдырғы).
Қанатын қайта-қайта қомдап шəулі,
Тау жаққа қарап қойып дүр сілкінді.
Шықылдап ақкөк торғай тоқтамады,
– Ұшады, – деп – Байғыздың оққа жаны....
Сауысқан шықылықтап шыбжың қағып,
Ұзаққа деді:
– Қазір жоқ болады.
Байқараның қалғандай құр сүлдері,
Шошыды.
Жүрек шіркін дүрсілдеді.
Орақтұмсық ордиып есінесе,
Отырған көгершіндер күрсінеді.
Осылай көтеріліп мұң дүрмегі,
Қасқалдақ шəукілдекке міңгірледі...
Қарлығаш қара көзін жасқа малды,
Тұйғыншақ кекке толды тұнжыр көзі.
Сəлден соң барлығы да тына қалды,
«Кім жақсы көрер дейсің сынағанды.?..»
Патшаға қарғысты ой қарша жауды,
Кейбір құс іштен тынып,
жылап алды....
Маңызды мағынасын танып, сезер,
Сүлеймен естіген соң анық сөздер.
Тағында отыра алмай тыншы кетті,
Бұршақтап маңдайынан балық көз тер.
 Ақырын терін сүртіп ойға қалды,
Мынадай іс боларын ол ойламады.
Бұйырды құс біткенді босатуға,
Болмады Судансұлу ойлағаны.
Басталып Бостандықтың ашық күні,
Қуаныш Жер бетіне тасып күлді...
Той болды ұлан-асыр,
мал сойылды,
Тіршілік ризығын шашып күллі.
Сұңқылдап ұшты аққулар ұясына,
Қарамай жасалған той сый, асына.
Құзғындар тояттады тойғанынша,
Қырандар ұшты асқар қиясына.
Қаз, тырна қиқу салып шулады да,
Бұлбұлдар қақты қанат гүл бағына.
Қызықтап тұмсығының тескен жерін,
Бөдене бұғып жатты бүр жамыла.
Қарабай,
Аққұтан мен
Алалəйлек,
Астарын дайын тұрған шалағай жеп,
Жөнелді балапаны қалған жерге,
Той дəмі жатты осылай талапай боп...
Қан-жынға тойып,
Қимай іштей іші,
Сауысқан «сарқып» алып,
Тістей ұшты.
Патшаны əнге қосты көкек бейбақ,
Болса да білдірместен іш кейісті.
Қарға, үйрек қарық болды май ботқаға,
Күшіген асады етті жайлап қана.
Қанатын еркін қақты қанаттастар,
Көрмеген бұрын-соңды той боп жаңа...
Тағдыры құс біткеннің шешілді енді,
Келмеске кетіп мүлдем кесір тегі.
 Осындай аңыз бопты бар ғаламға,
Байғыздың тұмсығының тесілмеуі.
Құтқарып құс біткенді қиын тұстан,
Ойлардың қилы-қилы күйін құшқан.
Бармақтай болса дағы байғыз шіркін,
Барлық құс тілегімен биік ұшқан.
1994 жыл, Алматы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу