Өлеңдер ✍️

  12.02.2022
  177


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

АКВАРИУМ ОКЕАН НЕМЕСЕ МҰХИТ ƏЛЕМIНЕН РЕПОРТАЖ


Ақындардың артады жыр құштары,
Ақ шағала тəрiздi жүр ұшқалы.
1 Байжiгiттiң «Шыңырау» атты күйi меңзеліп отыр.
 Астананың ең жақын бүйiрiнде,
Орнағандай Атланттың бip пұшпағы.
Кинолардан көретін мезi болып,
Орнапты əне, мұхиттың өзi келiп.
Бұрғытұмсық балығы «бұлт» аунайды,
Бұрылмастан, жемдерін көзi көріп.
Молайып су ақырын толқып жатыр,
Мұхит өмiр жүрегі солқылдап тұр.
Балықтары алады бар ынтаңды,
Байытқандай жаныңды мол жырға бip.
Атлант мұхит тербеліп көз алдыңда,
Телегей боп жатады өз алдына.
Мұхит толқын өзіне шақырады,
Мөлдiретiп моншағын көз алдыңа.
Аквариум əйнекпен қапталғаны-ай,
Tүci аумай толқын боп апталғаны-ай!
Бер жағында адамдар,
Ар жағында
Мұхит тiрлiктерінің қаптағаны-ай!
Кəдiмгідей өpiп жүр қаптап балық,
(Қармағымды дейсің-ау, қап, қап, балық)
Теледидар секілдi түрлi түстi,
Көрінбейдi көзіңе батпақтанып.
Айбасбалық, Айбалық, Жыланбалық,
Майбасбалық, Майбалық, Қылаңбалық.
Мынау ғажап жасалған Аквариумнен,
Балық түрін адамдар жүр аңғарып.
Əсіресе көргенде акуланы,
Елестейді тістеуге шақ тұрғаны.
Зəрең ұшып қалай да шошынасың,
Күзетшінің керек-ақ сақ тұрғаны.
Менің ойым тербеліп толқында тұр,
Төгейін деп телегей жойқындап жыр.
 Мұхиты жоқ Арқада –
Ұлы мұхит,
Мұрат болып толқыны толқып жатыр.
Толқып жатыр Астана бүйірінде,
Қызығасың көз алмай иірімге.
Қырларында маржан тау қызықтырған,
Ерекше боп өзгерген күйі мүлде.
Көшесінде жел емес, жыр еседі,
Шумақтары шұбылған мың еселі.
Есіл бойы есепсіз қуанышта,
Сəулетті үйлер көкпенен тіреседі.
Жанарына ортаймас шаттық ала,
Жастарыма күш берген Хақ тағала.
Қаз ілуге бір кезде сұңқар ұшса,
Сол сұңқардай қанатын қақты қала.
Бұл өңірдің шықса егер дəнмен аты,
Таралды енді əлемге əнмен аты.
Ертегінің еліне айналған жер,
Келбетіңе көрер көз таңғалады.
Рухани үйім тұр көз тойдырған,
(Оны көрген мəңгілік қорғайды ұлан).
Тау-тарихым дастан боп кең далама,
Тəңіртаудың тасына сөз ойдырған...
Жаңа өлең туады жақсы ойдан,
(Бірлік деген біздерге жақсы қорған).
Бақыт деген алдымнан қол бұлғайды,
Батыр бабам баласы басшы болған.
Тау жоқ жерде тауым бар биiктеген,
Көл жоқ жерде көлiм бар сүйiктi өлең.
Күйге толған көңілмен күлiм қағып,
Құлашымды созамын биiкке мен.
Талай-талай күйдiрген күйiк көргем,
(Талай жанып жазылған күйiк денем).
 Бақыт үшін жасалған “Бəйтеректің”
Басына көз тастаймын биiктеген.
Барлық адам ап-анық көрiнедi,
Көз алдымда көсіліп өріледi.
Бөденесi көрінген бөрiктейiн,
Мен тұрған жер əлемнiң төpi ме едi.
Алты құрлық, төрт мұхит еркiн дерлiк,
Көрiнедi көңілге серпін бepiп.
Тіпті сонау оңтүстік АҚШ-тағы –
Колибрдi
1 тұрамын еркін көріп.
Kөpiп тұрмын құлдарды қапастағы,
Басқан жолын үндiстiң Апаштары.
Kөpiп тұрмын Трумэн тұсындағы,
Қырып-жойған құралдың запастарын.
Kөpiп тұрмын жолдардың бұраңдарын,
(Түлкі қулық құйрықтың бұлаңдарын).
Атом жайлы айтқансып caқсынғанмен,
Джорж Буштың жасырған құралдарын...
Kөpiп тұрмын, АҚШ-тың аспан «жүгін»,
Техникадан жаңа адым басқандығын.
«Қысқартам...» деп соғыстың аждаһасын,
Оған жаңа базалар ашқандығын...
Kөpiп тұрмын, сұмдықтың жалғандығын,
Жеңілдетіп солайша арман «жүгiн».
Өз Отанын қорғаған Ауғандардың,
Гуантамаға маталып барғандығын...
Tүci қашып түтіктi қуаң дала,
Қонақтар жер қалмады қыранға да.
Қызылбастың аңдары тоз-тоз болды,
Кубадағы тарылды Гуантама...
Kөpiп тұрмын бəрін де, барлығын да,
Кедей елдің тамағы қарлығуда.
1 Дүниежүзіндегi торғайдың ең кішкене түpi.
 Сылтау тауып сынаққа
Жолықтырды
Басқыншылық Иракты зарлы мұңға....
Kөpiп тұрмын бəрін де.
Ұғамын мен
(Өңменіне от сүңгi cұғa білген).
«Құрмет» қып Құранға....
Мұсылманға,
Қызыл қырғын жасалды...
Куəмiн мен!
Оған куə Жер мен Көк, Жаратқаным,
Палестиннен куə оған таралған мұң.
Зұлымдықтың өзгермес аксиомасы –
Ирак Кітапханасы Таланған Күн!
Зілзаладан қаласы қирап жатса,
Америка «мейiрiммен» сыйламаққа,
Жасырын қанат жасап бiзтұмсыққа1
,
Жарқанат қып ұшырмақ Иран жаққа...
Қарсылық көpiп солай қатаң «заңнан»,
Кедей ел кecip тартты атар таңнан.
Алдымен Еуропа да қолдады оны,
«Ақүйдің» ақ күшігі аталған жан...
Көрдi де қара алтындай тегін бақты,
Долларды миллиондап төгіп жатты.
Басшысы ағылшының,
Парсы елiне –
Талын да тыңшы қылып егiп жатты...
Ешкімнің қажет емес өктемдiгі,
Жайқалмас көңлiмде көктем гүлi.
Осынша “Бəйтеректің” биiктеуi,
Өз қолым өз аузыма жеткендiгі.
Қуанышын осынау байтақ елдің,
Келедi айта бергім, айта бергім.
Берекем пейілiмдей көтеріліп,
Биiктей түсе берсін бəйтерегім!
1 Автор соғыс ракета ұшағын айтып отыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу