Өлеңдер ✍️

  12.02.2022
  155


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ТОЛҚЫН ТОЛҒАУ

БІРІНШІ БӨЛІМ
Əр жотасы, əр қыраты, əр сайы
Өздеріне қаратқандай баршаны.
Көңілі түскен адамдарға күй болып,
Көк аспанды күмбірлетіп жар салды.
Қасиетті əр жусаны, əр тасы,
Алдында үлкен Қазақстан картасы.
Ойлы көзін ұлы жерден айырмай,
Ойланады халқымыздың Марқасы.
Толғанады Елбасымыз кəдімгі,
Аршындалып арманының адымы.
Тарау тартып тарихыма əрi қарай,
Тарта бердi тегімiзге кəдімгі.
Əр нүктеге, əр сызыққа тоқталып,
Бытыраған ой құстары топталып.
Сайын дала сəйгүлiк ой мiнгіздi,
Самұрықтай жанарында шоқ жанып.
Шегеленiп екі көзi қалды ұзақ,
Сансыз тарих – Kapтадағы сан сызат.
Тоғыз айдай толғанумен келедi,
Ұйқысыз түн бүгінгі емес, жалғыз-ақ.
Алтай менен Атыраудай кеңдiкке,
Таңырқамай тұра алмайсың сен тіпті.
Ел мен жердің шежiресi ғажайып,
Жатқандай-ақ Бойлықтар мен Ендiкте.
Ұлағаттан басталады ұлы азық,
Кетпейдi оның ешқандай да күнi азып.
Бiрде жасыл көлдей болып ортайып,
Бiрде Аралдай кеттi мүлдем құлазып...
Ақпандар да басқа жақтан жылылау –
Сырдың бойы...
 Барса маңы ұлы бау!
Қаныш бекер қадамдарын басқан жоқ,
Қатпapлaнғaн ғасырлардан Ұлытау.
Ертiс, Есіл, Еділ, Ырғыз, Topғaйлap...,
Арнасындай толқындалып толды ойлар.
Егемендi Ел таусылмайтын байлығы,
Сонда жатыр ашылмаған мол қайнар.
Ұлытау да хан ордасы болған жер,
Төрт түлiгі өpiciнe толған жер.
Қарағанды асты көмiр, үстi шаң,
Ал Маңғыстау
Тасы май боп тамған жер.
Мол байлыққа, сол байлыққа кенелген,
Жерiмiз ол жезге оранған ежелден.
Алтыны үшін əр жылы тың айламен,
Винтовкасын оңшалдырып кезенген.
Алихандар, Сəкен, Ілияс, Бейiмбет,
Ораздар да лапылдады кейін кеп.
Ақындардың ақыны боп
Мағжан да,
Тұтандырды ойына от пейілдеп.
Ильминский бiзге айтып «ақылды»,
Қазақтарды «школ» ашып шақырды....
Қарсы болды хан Кене де сол үшiн,
Сол үшiн де Ахметтер атылды...
Ақ патша да, қызылы да жар салды,
Елiмiзге үлестiрiп қанша «əнді».
Шетел кеттi...
Соңы Итжеккенге айдалды,
Бiздiң қазақ аз көрмедi сарсаңды.
Сан ғасырдан келе жатқан Сарыарқа...
Оған көзiн жүргендер бар аларта.
Осы оймен арпалысқан Нұрсұлтан,
Бip тоқтамға келмей сiрə, қалар ма?
 Қазақстан байлығы мол көне алап,
Қызығады шетелдер де көре қап.
Өз тiзгiнi өз қолында бұл күнде,
Елімізге ipi Астана керек-ақ!
Тым асқақтап, аспандап бip аспады,
Байсалданып тебiрендi...
Саспады.
Азабынан шығу үшін ұлы ойдың,
Француздың коньягін ашпады....
Лаулады ойдың небip дүркін аптабы,
Қыран-арман қанаттарын қақты əрi.
Алтындаған портсигарды қолға алып,
Америка сигаретін тартпады.
Ойын жалғап Алатаудың асқары,
Байызданып, байырқалай бастады.
Шөлдеген соң,
Сартауқұмнан əкелген
Сары шұбаттың бip шарасын тастады...
Сүйсiнумен Елбасы бек тамсанды,
Тамсанудан тapaлғaндaй бал дəмі.
Қазағымның асында ғой тегінде,
Қасиетті дүниенің бар сəнi.
Ерекше ғой қазағымның əнi де,
Ерекше ғой қазағымның дəмi де.
Бауырсақты пicipгeн қол жаратқан,
Баға жетпес бал татыған дəміне.
Сол дəмiнен елестетіп Даланы,
Шыққандай-ақ болды шырқау дара əнi.
Ішкен шұбат Елбасының бойына,
Құдіреттi махаббат боп тарады...
Əн бола ма туған жердің əніндей,
Өткізедi елегінен бəрін ой.
Бола алмайды триллион доллар да,
Туған Жердің жалғыз тамшы дəміндей.
Бөлегендей ұлылыққа жер үстi,
Демегендей Егемендi Ел құтты.
 Ақсұңқардың көздерiндей мөлдiреп,
Арайланған ақ маңдайдан тер шықты.
Шөбi шүйгін, өзенiнде су нəрлi,
Ормандары ортаймайтын ну əpi.
Бостан-босқа сөз етпеген Горбачев,
Қазақстан солтүстiгі туралы...
Жамбасы – алтын, жастығы – май Сарыарқа,
Россия тұр көздерiн аларта.
Дегендейін сақ болғанға қорлық жоқ,
Сал-серiнің гүл тəжісі Əнарқа...
Жұтқан талай самал терін қайғы ғып,
Үкілеген жолдарынан тайды үмiт.
Өкінішпен ой өзегiн өртеген,
Күй атасы – бiздің ұлы Байжiгіт.
Көзi Картада...
Елбасы ойлы тамсанды,
Құлағында күмбiрлi күй, əн сазы.
Көңілін қысқан күзгі ойдан арылып,
Жақындады бiрте-бiрте жан жазы.
Ұстағандай жақсы үмiттiң ұшығын,
Тастағандай тырнақты ой мысығын.
Жылқы аласы болса дағы сыртын да,
Ішiнде-ау усойқысы кiсінiң.
Заманадан жат бояуды өшіру,
Болашаққа қамсыз еркін көсілу.
Нарық қысып тұрса дағы бүйірден,
Сарыарқаға астананы көшіру!...
Елбасының ойы осылай бекідi,
Жүйелестi ойдың түбi не түрлi.
Қойды ұсыныс Парламентке...
Ал Олар;
Құптады кеп өз ойлары секілді.
Серiкболсын, Əбiш, Марат, Өмiрбек...
Жүректерi соқты бейбiт өмiр деп.
 Елбасымен ен даланың төріне.
Көз жүгіртті деміл-деміл,
демілдеп.
Дос бар жерде қас табылар адамға,
Айқынбектер қарсы шықты табанда.
– Қара бастың өзін бағу қиямет,
Қазiргідей нарық қысқан заманда,
Дүрсе кетті керенау ой-сөзiмен,
Айрылғандай бойындағы төзiмнен.
– Сұмдық қой бұл!
Ел қайыршы болғанын,
Kөpiп жүрмін күнде мына көзiммен.
Жекеше деп тараттық та мүлiктi,
Құрттық түгел қолдағы төрт түлiктi.
Қолында бар қонышынан басты да,
Бастарына үйiрілттi сұр бұлтты.
Сатылмаған қалмады еш нəрсе де,
Зауыт, шахта, орман-тоғай, кеңсе де.
Қайыспайтын ел еңсесi бүгілдi,
Ceгіз тұрмақ,он алты жұт келсе де.
Жайлауда мал, ауылда бақ қалмады,
Сауаттылар саудагер боп алдады.
Өндiрілмей шахталарда таскөмiр,
Отын болды ормандардың талдары.
Тамыр солса, талың қалай өспекшi,
(Не істемек? Ескегі жоқ ескекшi).
Miнe, осындай тығырықта,
Қазақтың –
Астанасы қалай, қайтіп өспекшi?
Теңгенің де құны болмай барады,
Ашылуда доллардың да араны.
Беу, Елбасы!
Елдестікпен өзіңе,
Елдесіңнің жан-жүрегі жаралы.
 Президент мырза!
Қасыңда ақын, батырың,
Қосады солар ақыл үн.
Алматыны жынойнаққа қалдырып,
Жетті оған қалай ғана батылың.
Қолыңа алып ұмтыла түс Картаға,
Жатқан жоқ па, Ұлы жүзде бар пана.
Жетісудай жер жаннатын тегінде,
Kepeгi не айырбастау Арқаға?
Осындай бip ойларменен қарсы боп,
Айқынбектер aлдындaғы жар сүзет.
Болашағын ойлай білген баршаға,
Кедергінi жасап бақты қанша рет.
Қинады да жақтастарын, cepiгін,
Сығымдады бұзаутістің өрiмін.
Ұлттық емес, руластық көңілмен,
Гуілдеттi өсек сөздің көрiгін...
Жатты уақыт кезеңдерi жалғаса,
Тебiрентiп, тербелдiрдi жанды аса.
– Iccaпapғa шыға алмай жұрт жүргенде,
Астананы өзгерту бос далбаса...
Ғайбат сөздер қара бұлттай неше рет,
Будақтады əлеуметтік көшi боп.
Айқынбектер телефонмен тілдестi,
Гу-гу, гу-гу:
«Қиялилық осы!» деп.
Жатты бұған сенiмділер қосылмай,
Қара көңіл қалды қалмақ қосындай.
Өзектi ой өмiрменен жалғасты,
Итті үргізіп, керуен көштi осындай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу