Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  130


Автор: Құл-Керім Елемес

ӨЛШЕМ

Адам Тәңір әрине болмағасын,
Беру қиын адамның дәл бағасын.
Шүкір дейсің жүрегін Хақты сүйген,
Жүрегіңе хақ сүйген жалғағасын.
Түсініктен тұрады адам деген,
Парқы иманда адамның наданменен.
Жалғанбайды мың жерден жалғасаң да,
Хақсыз надан жүрегі адамменен.
Міне осыдан біл білгің келсе мұны,
Адамның жүз, наданның нөл сенімі.
Баға берме адамға, дегенменен,
Өлше иманмен өлшегің келсе мұны!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу