Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  91


Автор: Құл-Керім Елемес

ЖАРАТУШЫ БІР АЛЛАҺ

Аллаһ деп тұр ақ таңда,
Аллаһ деп жат жатқанда.
Сабырлы бол әр істе,
Әуес болма мақтанға.
Аллаһ деп жүр жүргенде,
Аллаһ деп кір кіргенде...
Аллаһ десең есепті,
Шығарасың бір демде.
Аллаһ деп ки кигенде,
Аллаһ деп шық үйден де.
Әкең менен шешеңді,
Аллаһ деп сүй сүйгенде.
Аллаһ деп іш тамақты,
Аллаһ деп қос томатты.
Аллаһ деп тұр орныңнан,
Қане, балам, таң атты.
Аллаһ деп бар мектепке,
Аллаһ деп жүр мектепте.
Аллаһ деп гүл өседі,
Көктем келсе көкпекте.
Алласы бар көктің де,
Алласы бар шөптің де.
Күлкі жүректі өлтірер,
Аллаһ деп күл,
Көп күлме.
Аллаһ дейді Ай-дағы,
Аллаһ дейді сай-дағы.
Аллаһ демей ұйықтасаң,
Түс көресің қайдағы.
Аллаһ дейді Күн-дағы,
Аллаһ дейді Түн-дағы.
Аллаһ демей сәбидің,
Жайлы болмас құндағы.
Аллаһ дейді атаң да,
Аллаһ дейді апаң да.
Аллаһ демей ешқашан
Кешірілмес қатаң да.
 Аллаһсыз таң атпайды,
Аллаһсыз күн батпайды.
Ақылы бар жақсы жан,
Ақ Алласын сатпайды.
Өлім деген зор қайғы,
Өлтірмеңіз торғайды.
Аллаһ, Аллаһ деп жүрсең,
Аллаһ сені қорғайды.
Пенде өмірдің қонағы,
Ақыл бір күн толады.
Аллаһ, Аллаһ деп жүрсең,
Аллаһ разы болады.
Аллаһ десең манағы,
Жүрек нұрға қанады.
Аллаһ деп көп айтқанның
Түбі бағы жанады.
Аллаһ ұлы, Ол – шебер,
Сені іске мол шегер.
Бағым жанды деп түсін,
Аллаһ разы болса егер.
Аллаһ деп өт, ал, күнім,
Аллаһ деп өт, алтыным.
Аллаһ деген ұмытпас,
Қасиетін халқының!
Ұлық Аллаһ,
Нұр Аллаһ,
Бекем боп өс мұралға.
Бәрі, бәрі, бәрін де,
Жаратушы Бір – Аллаһ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу