Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  88


Автор: Құл-Керім Елемес

ТОЛҚУ

Кеудеме кірдім, керемет екен қараңғы.
Қараңғыға еніп қашырып аулақ қарамды,
Жүрегіме ендім, ақ айдын екен әппақ нұр,
Ақ айдында әппақ рух – әппақ қуым таранды...
Рух – әппақ қуым Жәннәт-бақ нұрға өзгерді,
Жалғаннан тәтті жарықтың барын көз көрді.
Ділімді сүйдім,
Ділімді қара көн еткен,
Тілімді тидым көгендеп көзсіз сөздерді...
Тілімді тидым,
Ділімді оқыдым ежіктеп...
Аллаһтан арым алғанын білдім не* жүктеп...
Дүние алдында қарауға Хаққа қақы өлген,
Тығылды ұятым тура кеудеме безіп кеп...
Ділімді оқымай құлы боп дүние – қоңыздың,
Кейпіне еніп қаймықпас қара доңыздың,
Жан – өлкемді өзім жалмап боп қорыс қопалап,
Толқып отырмын толқығанындай теңіздің!..
Астағфираллаһ?!
2002.3.27




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу