Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  131


Автор: Құл-Керім Елемес

ТӘТТІ ДҮНИЕ-АЙ

Өзінде өмірдің сұрақ, жауабы...
Оны білмесе ғасыр – атаға сын.
Әйбәт көзіңнен сұрақ жауады,
Түнектерімді шашырата жасын.
Сан талпына оқып, білмей бірін де,
Әйбәт көзіңе аңырып қалам.
Ес өліп елтіп үрдей дүр үнге,
Самғап барады самұрық – санам...
Нәпсіге бауыр тәтті қиял-ай,
Жырламайтынды жыр еткізетін.
Сап күдік жарға* бақты қия қай...
Тұнық көңілін дір еткізетін.
Тұнық көңілді бұзып тынатын,
Түннің астымен қашты жымия «ай»...
Арды шимайлап сызып тынатын,
Тәтті дүние-ай!
Ащы дүние-ай!
«Тәтті» деп талай татып уыңды,
Қалды ойымда талып тұрғаным...
Қайтем, қай жаққа асығуыңды?
Жабықтырғаның – жалықтырғаның!..
Қажама жанды малып нұрға мұң!
Тәтті дүние-ай!
Ащы дүние-ай!..
2002.2.28
*Жар – қосақ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу