Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  88


Автор: Құл-Керім Елемес

ШЫН КҮШТІ

Ғаламның көзі ғаламат нұрлы Күн – жарық
болғаны сынды жүрегім жарық, тым жарық!
Астамсып кетсем, Астағфираллаһ, кеш мені?
Туып келеді кеудемді жарық «Күн» жарып...
Бұл Күнім Күннен миллион есе күн күшті,
Күнделген көңілім Күннен де биік Күнге ұшты...
Жап-жарық болып тас түнегімде жанамын,
Жанғаным бұлай жарық әлемімде тұңғыш-ты!
Жанғаным бұлай жарық әлемімде тұңғыш-ты,
Жарығым тіпті жарқырау үшін «түнді» іштім.
Құдіреті еді жабығым бұлай жанғаны
Жаратқанымның!
Жоқ екен Одан тым күшті!
Жоқ екен Одан шын күшті!!
Аллаһу Әкбар!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу