Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  145


Автор: Құл-Керім Елемес

ЖАУАП

Атам малмен күн көруші еді,
Сөзінің жоқ қатесі.
Атам менің, кім болушы еді?
Әкемнің ол әкесі.
Ерте кетіп, түн келуші еді,
Ісінің жоқ шаласы.
Атам менің, кім боушы еді?
Қазақтың бір данасы!
Құлаққа әйбәт үн келуші еді,
Күйінің үні-ау шамасы.
Атам менің, кім болушы еді?
Қазақтың қара баласы.
Күзетіп түнде қораны барып,
Қойменен бірге өретін.
Дәу қара тонға оранып алып,
Ертегі айтып беретін...
Орынсыз сөйлеп, мақтанып, тасып,
Орынсыз тіпті күлмейтін.
Жамандықтардан жүретін қашық,
Жатырқауды әсте білмейтін.
Иман мен толған кереметке іші,
Атам-шы, менің, керемет кісі!
Рас!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу