Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  141


Автор: Құл-Керім Елемес

ШҮКІР

Көзім көкке сіңіп жоқ болды,
Білмесім өзіме атылған оқ болды.
Отызға шек жиғаным,
Өтірігі көп болды...
Кердеңсіген менменім,
Кесір екен топ болды.
Құл-Керім кеп иманға,
Керім – нәпсі жоқ болды.
Анашымнан бір туып,
Ана – Отаннан бір туып,
Ақ иманнан бір туып,
Енді менің тап шыным,
Көксегенім Көк болды!..
Шүкір!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу