Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  105


Автор: Құл-Керім Елемес

АЛЛАҺ

Бәрін де Аллаһ көреді,
Бәрін де Аллаһ береді.
Әуел мен ақыр жоқ Онда,
Мәңгілікке Өзі төре еді!
Бәрін де Аллаһ біледі,
Дүние Олсыз тұл еді!
«Білмейді Ол» деген бітеу де,
Әл-Мисақ та Оған құл еді!
Бәрін де Аллаһ естиді,
Жәрия, жабық, еш күйді...
Хақсыздың бақсыз екенін,
Менің де менім кеш түйді.
 Жаныңмен нұрға кенелгің,
Келсе егер Хаққа жөнелгін!
Білетін,
Көріп,
Еститін,
Аллаһта бәрі өнердің!..
Қамқор Ол,
Жұмсақ әрі өктем,
Сүйілсең тақуа, дара еткен.
Шебер Ол ғана, қас Шебер,
Бәрін де Ол жоқтан бар еткен.
Солай!
2007.2.6




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу