Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  120


Автор: Құл-Керім Елемес

КҮМІС ТАМШЫЛАР

Күміс тамшылар,
Күміс тамшылар,
Шырқалған көктен күмісті ән шығар?
Біреуі бір-бір дүние болып,
Жиналып қалған күміс таң шығар?
Күміс тамшылар тамшылар күміс,
Құйылған көктен ән шығар күміс?
Сатырлап келіп сабалап кететін,
Оятып жерді қамшылар күміс.
Күміс тамшылар (жырымдай ұқтым),
Құяды жерге нұрын Ғайыптың.
Біздікі әйтеу ұқсату ғана,
Хақ қана білед сырын Ғайыптың...
Тоқтатпай жерді қамшылағанды,
Күміс тамшылар тамшыла мәңгі.
Күміс тамшылар – ырыс тамшылар,
Берген Тәңірім жан сұрағанды!..
Күміс тамшылар тамшыла мәңгі?!
2006.9.24




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу