Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  131


Автор: Құл-Керім Елемес

АҚ ҮМІТ

Бисмилләһир Рахманир Рахим!
Шыдаса дәтің қарсы қара да тұр!
Не деген өкініш, ә, дара батыр
кешегі келген тісті тіршілікті,
Ақымға бүгін алып бара жатыр...
Тек алып бара жатқан ата-анасы,
Бір жан жоқ ақымдасқан, атамашы!
Сұрланып сұры бұлттай қас батыр тұр,
Әз байқұс кемсеңдейді жас анасы...
Сорлыны осылай сорлататыны,
Бәрінен жүрекке шын бататыны,
Сүйегін жарып шыққан келешегін,
Сұмдық-ай, өзі көміп жататыны...
Қайда наз,
Қасиетті қайда көктем,
Арына махаббатты айғақ еткен?
Бүйрегің көре-тұра бүлк етпейді,
Адам-ай, адамдығың қайда кеткен?!
Ар ғой ол, адамдыққа бағынып қой!
Жасайсың өлгенге де қағынып «той»...
Жәннәтта шапағатшы болатұғын,
Бұл да бір кеткен өтіп ақ үміт қой...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу