Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  112


Автор: Құл-Керім Елемес

ӨЗІН КӨРУ

Ақиқатқа ақылы аштың,
Аллаһ,
Құлыптанған жүрегін аштың,
Аллаһ!
Құлыптанған жүрегін ашып, қара
түнегіне ақ жұлдыз шаштың,
Аллаһ!
Түнегіме ақ жұлдыз шаштың,
Аллаһ!
Бал-шарбатқа айналды аштым,
Аллаһ!
Ағараңдай бастадым түнегімнен,
Ішіндегі аққа ұқсап шаштың,
Аллаһ!
Ағына ұқсап бір өңкей қара қудың,
Даналарша жолыңды дара қудым.
Түнегімнен тік тұрдым,
Арасынан
көтерген ақ байрақтай қара тудың!..
Шүкір!
2006.12.3




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу