Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  94


Автор: Құл-Керім Елемес

ХОШ

Мен өлдім –
Соқырдың көзінде өлдім,
Наданның сөзінде өлдім,
Кереңнің құлағында өлдім,
Нәпсінің сынағында өлдім...
Соқыр көрмеді,
Басымнан аттап кетті.
Надан білмеді,
Данамды даттап кетті.
Керең естімеді,
Тазамды ластап кетті...
Шыдадым!..
Шындық – шырағым,
Жап-жарық әлемге
Ол мені бастап кетті...
Кеттім...
Хош соқыр!
Хош надан!
Хош керең!
2006.11.27




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу