Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  61


Автор: Құл-Керім Елемес

КЕМІСТІК

Жарығының күшімен,
Көрсетпейді Күн өзін.
Дүниенің ішінен,
Танымайсың мінезін.
Көтерілсең Күн жаққа,
Жердегілер қақпайды.
Күн – шырақты кім жаққан?
Оны ақылдар таппайды.
 Қасындасың,
Алайда,
Күн жақ сенің тұрағың.
Қараңғыға балайды, ә,
Жанып тұрса шырағың?!
Жалған деген осы ғой,
Күндізіңді «түн» десе.
Ол, Аллаһтың досы ғой,
«Құлмын» десе, «кім?» десе!
Күнді көре алмасаң,
Күннен емес кемістік.
Жарығыңды жалмасаң,
Қайда саған кеңістік!
2006.11.19


*Топин – улы шөп дәрі




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу