Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  102


Автор: Құл-Керім Елемес

БҰРЫЛУ

Көкірегімді ашайын,
Ашайында оқиын.
Кесапаттан қашайын,
Тіл тартқызбас топиын*.
Көкірегім құлыпты,
Құлыпты құл тас қара.
Хақ ашады құлыпты,
Ашылмаса масқара.
Хақ ашпаған жүректе,
Шынның жанбас шырағы.
Жүректі ондай «құры ет» де –
Ібілістің тұрағы.
Ниетіңді бұр Хаққа,
Бәрін Хақтан алғансың.
«Хақ Аллаһ» деп тұр сапқа,
Екі әлемің жалғансын.
Ниетімді бұрайын,
Екі әлемім жалғансын.
Хаққа басымды ұрайын,
Рухым нұрға, ал, қансын!
Әмин!
2006.11.19




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу