Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  124


Автор: Құл-Керім Елемес

АЛДАМШЫ

Жалғанымның шетіне таяп қалдым,
Хақиқатқа дей алман «сай ақталдым!»
Бір бүтін бір өмір ем мұнда келген,
Білместікпен бір түрлі аяқталдым...
Кемелдемей толық бір кеттім өтіп,
Жалған мұңды жүрекке көп түнетіп.
Менің жайлы біреулер шын айтса илан,
Жалған айтса, жаным-ау, естіме түк.
Сафты білмей сақылдап қатты күлгем,
Боларымды болғанда Хақты білгем.
Сосын барып өзімді-өзім тауып,
Ажыратқан жайым бар ақты күлден.
Бұл Жалған аз күндік құр тұрақ қана,
Әр қадымды Аллаһсыз құр аттама.
Екі әлемнің бақыты Хаққа құлдық,
Сен солай ет, жарай ма, ей, шырақ – бала!
2005.12.15




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу