Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  140


Автор: Құл-Керім Елемес

АЛАҢДАУ

Ағаларым айқасты,
Туыстарым шайқасты,
Кімнен барып үлгі алам?
Жалғасқанды шағады,
Жалғыз-жалғыз шабады,
Көбісі арсыз, қу, надан.
Ат секілді тұлдаған,
Еңбектерін бұлдаған,
Тамтық ұшты тұлғадан...
Не боп кетті бұл заман?
Не боп кетті бұл заман?!
Әй-й!
2004.5.3




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу