Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  105


Автор: Құл-Керім Елемес

ШЫН СЕНІМ

Адамды адам ететұғын сенім шын,
Шын сенімде шын менің бар сенің шын.
Шын сенімде шын танисың Хаққыңды,
Сол екенін естіп, біліп, көрушің.
Шын сенімде қылдан таю сенде жоқ,
Шын сенімде желік қуған сөнбек от.
Шын сенімде адамдыққа жетесің,
Нәпсі қуып жүресің де пенде боп.
Шын сенімде ақ-қараның не екенін,
Анық танып, дейсің «пәни не теңім».
Шын сенімде лайықтайсың өзіңді,
Көзбен көріп мәңгіліктің мекенін.
Шын сенімде табынарың жалғыздап,
Хаққа құлдық деп білесің жалғыз бақ!
Шын сенімде тарықпайсың еш неден,
Шын сенімде қор болмайсың жалғыз қап.
Шын сенімде шын Досыңды табасың,
Шынның онда шын білесің бағасын.
Шын сенімде оған дейін қара тас,
Кеудеңде өшкен шырағыңды жағасың.
Ол шырақтың майы сенім болғасын,
Өшпейтін ол мәңгі жарық жолдасың.
Өшпейтін ол Хаққа сенім мәңгілік,
Мәңгілікке ол болмақ сенің жолдасың!
2012.3.14




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу