Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  152


Автор: Құл-Керім Елемес

ҰСТАЗ

Ұстазбенен тұрмайды шәкірт қатар,
Шәрбат дәмін ұстаздан шәкірт татар.
Білімсізді қатарға ұстаз қатар,
Надан болса ұстазын шәкірт сатар.
Анық ұстаз Хақ ісі данышпаны,
Анық ұстаз тәңірлік жан ұстамы.
«Екінші ана» деп кейде бағалаймыз,
Шын ұстазды тулаған намыс қаны.
Шын ұстаздан шын шәкріт шығары анық,
Шын ұстазға шын шәкріт шыдары анық.
Шын шәкріттің шын ұстаз бағын ашпақ,
Хақ ісіне жатпас еш шүбәланып.
Құл қожа Ахмет,
Абайдан кейін бізде,
Ұстаздыққа болмады-ау бейім бізде.
Ол ақиқат құдайсыз заман үсті,
Түскен жарық болған жоқ кейінгі ізге.
Тіпті, Абай да ұстазсыз боп өскені,
Мына сөзден белгілі емес пе еді:
«Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім»...
«Олай емес» деп онда егеспелі!
Абайды біз «ұстаз» деп танысақ жөн,
Хақ жолымен өйткені ол таныс әбден.
«Ұстазы жоқ халықпыз» деген кейде,
Жүректі езіп етеді намыс ақжем!
2012.3.7




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу