Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  144


Автор: Құл-Керім Елемес

ЖЫН ҰЯСЫ

Бұрсаң сөзді салмақсыздар қалжыңға,
Олайы жын ұясы бар қалжыңда...
Сөзге қалжың қосу шыны шындықты,
Қақпақыл қып беру шайтан малғұнға.
Қалжың қоссаң хақ сөз қалмақ хақсыздап,
Қатықсыз шәй ішкен сынды ақсыз қап.
Үнемі елді күлдірумен кім өтсе,
Екі әлемде сорлаушы сол бақсыз қап.
Қалжың Хақты ұмыттырмақ адамға,
Хақ болмайды қалжың құмар адамда.
Шайтанға еріп абайсызда бір айтқан,
Қалжың дананы айналдырмақ наданға.
Қалжыңменен айырылып-жыртылып,
Күлу хақты білген жанға дырқылық.
Қалжыңменен өмір сүрген пенденің,
Ашылмайды рухындағы нұр – құлып.
Депті Лұқпан: «күлкі жүректі өлтіред»!
Тірі ол Хақпен, денедегі ол – тірек!
Күлкі қуып бір де Хақты еске алмас,
Бұл сөз тірі өлікті еске келтіред.
Қалжың хақты, хақ қалжыңды жоқ етпек,
Бірін-бірі оларда жоқ өбекпек.
Мысал, халал ішкеніңді нұр етсе,
Харам халалды арам етпек, боқ етпек...
Демек, анық қалжың шынның жойғышы,
Қалжыңда еш сақталмайды ой күші.
Ендеше адам қас қалжыңнан сақтанып,
Болсын сөзді хақ нұр толы ойлы іші!
2012.3.4




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу