Өлеңдер ✍️

  09.02.2022
  126


Автор: Құл-Керім Елемес

СҰРАУ

Біреуге аз,
Біреуге Хақ көп береді...
Ал адам бергенді әрең өткереді.
Сондықтан адамға адам бере алмайды,
Беру не, сұрағанды жеккөреді.
Хақ қана күллі істі өткеретін,
Өзінен сұрағанды еп көретін.
Хақ қана беріп тұрса бере алмайтын,
Басқадан сұрағанды жеккөретін.
Хақ бәрін көрнеу-көмес көре алатын,
Жоқ жоқты жоқтан бар қып өре алатын.
Өзінен сұрағанды жақсы көріп,
Өзінен сұрағанға бере алатын.
Болса да жерден тысқар күн атағы,
Сұрау ол Хақтан тыстан күнә тағы.
Хақ қана жақсы көрмеc сұрамауды,
Хақ қана сұрағанды ұнатады!
Тағдыры істің барлық сірә Хақтан!
Хақ құлын бармен, жоқпен сынамақ сан...
Бере алмас сұрап құлдан қорлық таппай,
Сондықтан не сұрасаң сұра Хақтан!
2011.9.3




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу