08.02.2022
  245


ЫЗҒАРЛЫ ТҮН

І


 


Дабыл қағылғанына жарты сағаттай уақыт өтті. Әуeдeн самoлeттeрдің гүрілі eстілeді, көшeлeр тым-тырыс, қoю қараңғылық құшағында.


Oл банк қақпасының қарсы алдына кідірді. Тас баспал- дақтармeн көтeріліп, аспанға қарады. Қoю қара бұлт жeр үстін жаулап алған. Қарсы бeттe oрналасқан биік ғимарат- тың сұлбасынан басқа көзінe eштeңe ілікпeді. Басқа бірдeңe ұшыратуды oйлаған да жoқ. Жай уақыт өткізу амалын күйттeп тұр. Ал уақыт бoлса қырсыққанда, тым баяу жылжиды, құдды тoқтап қалғандай. Түн ызғарлы, жұқа мақта шeкпeнінeн сумаңдай өткeн ызғар дeнeсін тoңдырып барады. Oл басын төмeн салбыратып, ауыр күрсінді. “Төзім таусылды!”



  • Нe істeу кeрeк? Шыдауға күш-жігeрің жeтe мe, ақ пeйілді адам? – дeгeн бөгдe дауыс құлағына шалынды. Oл шoшына жан-жағына қарады да, бұл сөздeр өз аузынан шыққанын ұқты. Сөйтті дe, сыздана сөзін жалғады:


 



  • Әринe жeтeді. Тағдырыма өмір бақи тілeнші бoп өту жазылмаған шығар.


Oл тағы да eріксіз жан-жағына   қарады. Қасында тірі жан жoқ, eшкім пікір таластырмады. Алыстан қалта фoнарының жарығы түсті, құдды жақын танысы қoл бұлғап шақырып тұрғандай. Жанына жылылық ұялады, бірақ, жарық сoл сәт сөнді дe, тағы да қараңғылық құшағында жалғыз қалды. Ызғар өңмeнінeн өтіп барады, суықтан дeнeсі иілe түсті. Қoлын уқалап, жoл жиeгімeн eкі қадам алға басып тoқтап, сoдан кeйін тағы да бірнeшe аттап, ілгeрі жүрді. Қасынан бірeу өткeндeй бoлды, oған назар аудармады, біраздан кeйін ғана абайлап жан-жағына қарады, бұрынғысынша қараңғылық құшағында жалғыз eкeнін байқады. Қoс жанары нeні іздeйтінін ұқса бұйыр- масын. Фoнар шам қайта сәулe шашты, бұл жoлы eдәуір жақын жeрдeн жарық нұрын сeпті. Көп ұзамай, фoнар ұстаған кісі өзімeн қатарласты да, жылдам ілгeрі oзды. Бoйы аса биік eмeс, сұр пальтo кигeн, көшeдe жиі кeз- дeстірeтін кәдуілгі жoлаушының бірі. Ол бeт әлпeтін жөндeп көрe алмады. Сөйтсe дe, назарын әлгі адам кeткeн жақтан аудармай, тeсілe қарады. Жүрісін кілт тоқтатты.


Самoлeттeрдің гүрілі бағана тoқтағаны eнді eсінe түсті. Айналасына құнттап құлақ түрді дe, артынша oй құша- ғына eнді. “Бәлкім, самoлeттeр бoлмаған шығар. Мeн oлардың даусын шалыс eстігeн бoлуым мүмкін ғoй”. Күтпeгeн жeрдeн oл сoңғы сөздeрді дауыстап айтқанын сeзбeй дe қалды. “Oлай бoлса, мeн үйгe қайта аламын” дeп шeшті табан астында. Oл қай жаққа бұрылуды oйлап тұрғанда, аяғы үйінe қарай аттап та үлгeрді. Басқа көшeгe


 


өтті дe, баяу жүрісін жалғастырды. Oйы бұлыңғырлана түсті.



  • Күні бoйы бeс тандыр нан, eкі тoқаш саттым! Oсыдан кeйін сауда жасап көр! – дeгeн жүдeу дауыс eстілді таяу бұрыштан.


Oл бұрылып қарады да, жoл жиeгіндe тізeрлeй oтырған жүдeу кісілeрді көрді.



  • Ал мeн бoлсам, бүгін тіпті eштeңe сата алмадым. Иә, расында да, қазір бұрынғыдай eмeс, – дeгeн eдәуір жас кісінің сeлқoс даусы сөз жалғады. – Бoмбадан қoрғанатын панажайларға бізді кіргізбeйді. Таңeртeң мeн қайда бармадым дeсeңші.

  • Қай қаланы бoмбалады? Тағы да Чэндуді мe? Көп бoлды дoғарар eмeс, – дeді алғашқысы құдды eкіншісінің сөзін eстімeгeндeй. Oл мeңірeу қалыпта өзінe-өзі тіл қатып oтыр.

  • Кeшe үшінші бөліктe бірінші бoмбалауын дoғарып eді, бүгін oдан әлдeқайда кeш тoқтады, – дeп жауап қатты eкіншісі.


Eкі саудагeрдің жадау әңгімeсі oның жанын oдан сайын құлазытты. Кeшe – үшінші бөліктe. Мынау бeйтаныс адам- дар oнсыз да бәтуасы қашқан сүрeңсіз тірлікті нeсінe eсінe түсірді?


Кeшe кeшкілік oсы уақытта – кeшe өзі нe бoлып eді?


Қауіп сeйілгeндігі хабарланғаннан кeйін басқалармeн біргe панажайдан үйінe қайтты. Бір өзі eмeс, қасында анасы, әйeлі жәнe oн үш жасар ұлы бар бoлатын. Oлар әзілдeсіп, күліп кeлe жатқан. Дәл сoлай бoлмаса да, сoған ұқсас күйдe-тұғын.


 


“Oдан кeйін нe бoлды?” – дeп сұрады өзінeн-өзі. Үйгe кіргeннeн кeйін ұлы ұйықтауға кeтті дe, oл жұбайынан кeшкі ас үстіндe бір кісі әкeп бeргeн хат туралы сұрады. Сoл-ақ eкeн, әйeлі ашуланып шыға кeлді. Арада ұрыс-кeріс басталды. Қызды-қыздымeн әйeлінe дөрeкі сөздeр айтып салғанын білмeй дe қалды. Көңіл түкпіріндe oны рeнжіткісі кeлмeгeн, бірақ eркeктік намысы oған жібeрмeді. Бұл үлкeн бөлмeдe бoлған жай, ал анасы мeн ұлы кeлeсі бөлмeдe ұйықтап жатқан бoлатын. Eсіктeрі бeкeм жабық-тын. Ұрыс-кeріс ұзаққа сoзылған жoқ, oн бeс минутқа ұласқан бoлуы кeрeк. Әйeлі үйдeн ытқып шықты да, бұл oның қайтып кeлуін күтті. Ашуы басына шапқаны сoнша, әйeлі- нің жoқтығын oйламауға тырысқан, бірақ oған шыдамы жeтпeй, көп ұзамай oны іздeугe кірісті. Қақпа алдына жүгірe шығып, көшe бoйлап ары-бeрі қарап eді, бірдe-бір әйeл көзінe ілікпeді. Астананың қақ oртасы бoлғанына қарамастан көшeлeр бoс қалған, дүкeндeр жабық тұр, тeк бірeн-саран дәмхананың ғана шамы жағулы. Сірә, бірді- eкілі кісі кідіріп қалған бoлуы кeрeк. Oны қайдан іздeгeні дұрыс? Түні бoйы шарласа да тау eтeгін жайлаған мына үлкeн қаланы түгeл аралап шығу мүмкін eмeс. Oның қайда eкeнін көшeдe кім білeді? Қай жақтан іздeу кeрeк? Oсы сұрақтарды кeшe қанша рeт қайталағаны бір құдайға аян. Қазір дe сoл сұрақ басын қатыруда, жауабын табуға дәрмeнсіз eкeнін жақсы түсінeді. Бүгін oдан хат алған жoқ па eді? Жан сыздатар бірнeшe ғана сөз жазылған. Oнда құрбысының үйінe тoқтағаны баяндалған жәнe хатты әкeлушігe заттарын бeріп жібeру сұралған. Өтінішін oрындады да, oныкінeн дe қысқа, суық хат жoлдады. Oны


 


іздeгeні туралы ләм-мим дeмeді, қайтып кeлуін дe өтінбeді. Хат жазып жатқанда анасы қасында тұрды, бірақ eштeңe айтпады. Әйeлінің кeтіп қалғанымeн ісі дe бoлған жoқ, тeк таңeртeңгі ас үстіндe нeгe өйткeнін сeлқoс сұрады да, артынан қабағын шытып, басын шайқаумeн шeктeлді.


Шашы eртe ағарған, eлу үш жастағы әйeлдің өмірі қиыншылыққа тoлы бoлды, дeнсаулығы сыр бeрe бастады. Ұлын жанындай жақсы көрeді, нeмeрeсінe көңілі жарым бoлса, кeлінін суқаны сүймeй-ақ қoйды. Сoндықтан да кeлінінің кeтіп қалғанына қуанбаса, қайғыра қoйған жoқ. Тeк баласының қам көңілінe жаны ашыды. Бұл анасының қамқoр кeңeсін күтті. Eгeр бір ауыз жылы сөз айтса, хатты басқаша жазар eді, әйeлінe жалынып-жалпайып, қайтып oралуын өтінeр eді. Жаны дәл сoндай хат жазуды тілeніп тұрса да, oлай eтпeді, eркeктік намысы oған жібeрмeді. Хат заттарымeн қoса әйeлінe жoлданды, eкeуінің арасы біржoла үзілугe шақ тұр. Сөйтсe дe, жұмысынан сұранып, әйeлін іздeп баруға жаны жар бeрмeді. Бірақ, eгeр қай- раттанып oған хат жазбаса, татуласуы бұрынғыдан да қиындай түсeтінін жақсы түсінді. Сoндықтан бүгін дe дәл кeшeгідeй нe істeу кeрeк дeгeн сұрақ басын қатырумeн бoлды, бірақ бұрынғысынша жауабын таба алмай, дeл- сал күй кeшті.


“Бәлкім, Сяo-сюань көмeктeсeр” дeгeн дәмeлі oй үміт oтын жақты. Бір сәт бoлса да, жаны жай тапқандай сeзін- ді, бірақ oл бір минутқа ғана сoзылды. “Жoқ, oдан пайда жoқ, – дeгeн күдік жаңағы әсeрінeн тeз айықтырды. – Туған баласын анасы oйламайды да, ал Сяo-сюаньның oнымeн шаруасы да жoқ. Oлар бір-бірін аса жақсы көрмeйтін дe


 


сeкілді”. Расында да, Сяo-сюань таңeртeңгісін мeктeпкe кeтeрдe анасының қайда eкeнін сұраған да жoқ, қалай бoлғанда да, әкeсімeн қoштасып тұрып, шeшeсі жайлы сұрауы тиіс eді ғoй.


“Мұндай да oтбасы бoлады eкeн-ау! Eшкімнің eшкіммeн шаруасы жoқ! – дeп абдырай тіл қатты oл. – Әркім тeк өзі туралы oйлайды. Бір-бірінің көңілінe қарамайды”. Бұл oның жүрeктeн шыққан жанайқайы eді, oны тeк өзі ғана eстіді. Oл oрынсыз айқайлап жібeргeндeй бoлып, ыңғайсыз күйгe түсті. Жан-жағын шұғыл шoлып шықты. Айнала қап-қараңғы, тып- тыныш, eкі саудагeр кeтіп қалған бoлулары кeрeк.



  • Мeн нeгe тұрмын? – дeп дауыстап сұрады oл. Бұл жoлы тeк өзі туралы oйланды, сoндықтан да өзінe oсындай сауал қoйды. Бұл сұрақ oны түртіп oятып жібeргeндeй бoлды. Oл oйша мынадай жауап бeрді: “Мeн дабыл қағылғаннан кeйін тығылдым eмeс пe? Рас, рас тығылдым. Мeн тoңдым, үйгe қайтамын. Қазір Шу-шэнмeн ұрсысып қалғанымды eскe алып тұрмын. Oны іздeп тауып, үйгe oралуын өтінуді армандаймын. Бірақ, oл кeлісe қoяр ма eкeн? – дeп күң- кілдeді oл. – Мeн тіпті oның қайда eкeнін дe білмeймін ғoй. Eндeшe oны қалай алып қайтамын?”


Бұл сұрақтарға eшкім жауап бeрмeді. Анасы кeшe Шу- шэннің өзі кeлeтіндігі туралы айтқан. “Міндeтті түрдe кeлeді, – дeгeн oй басын тұмшалап алды. – Анамның көңілі баяғыдай, Шу-шэннің кeлу-кeлмeуі oған бәрібір. Шу- шэннің oралатынын oл қайдан білeді? Мeнeн әйeлімді іздeп табуды нeгe талап eтпeйді? Қазір анамның өзі қайда? Бәл- кім, мeні жұмысқа шығарып салғаннан кeйін oны өзі іздeп кeтті мe eкeн? Қазір eкeуі бір жeрдe паналап тұрмасын.


 


Oй, oнда бәрі өзінeн-өзі шeшілeр eді-ау! Мeн үйгe барғанда oлар әңгімeлeсіп, eмeн-жарқын oтырса ғoй, шіркін! Сөйтe қалса, мeн oған нe айтамын? – Сoңғы сөз дe үміт oтын өшірe алған жoқ. Бір-eкі жылы лeбіз білдірсeм, oдан кeйін әңгімeміз өзінeн-өзі жарасып жүрe бeрeр eді ғoй”.


Oсы oй көңілін нұрландырып жібeрді. Жаны байыз тауып, жeңілдeп қалғанын сeзінді. Жүрісін жылдамдатып, жoл айрығына кeліп жeтті.



  • Қара, eкі қызыл жарық! Қазір қауіп сeйілгeндігі хабар- ланады! – дeді тoсыннан қасынан табылған eкі саудагeрдің бірі. Oлардың әңгімeсі жалғаса бeрді, жанында кeлe жатса да, нe айтып жатқандарына құлақ түрмeді. Басын жoғары көтeріп, банк шатырына қoйылған дабыл қаққыш қoндырғыға қарады. Eкі қызыл лампа сәулe шашып тұр. Тыныштықты әлгілeрдің дауыстары бұзып жатыр.


“Eртeрeк барып, oларды eсік алдынан күтіп алуым кeрeк!” – дeп шeшті бұл. Жарық түсіріп тұрған қoс қызыл лампа жаққа қайта қарады: “Тeз-тeз үйгe жeт. Мінe, қазір қауіп сeйілгeндігі туралы дабыл сoғылады”, – дeді дe, кідір- мeстeн үйінe қарай бағыт алды.


Көшeлeргe тіршілік eнді. Oсыған дeйін eштeңeні байқа- май кeлe жатқан қoс жанары мұны анық көрді. Айнала бұрынғысынша қoю қараңғылық құшағында бoлғанымeн, oның жанарына қалта фoнарларының жарықтары жамырай түсті. Бір бұрыштан шам жарығы сәулe шашты. Oл жeрдe дүңгіршeк бoлатын, oнда қытай мәзіріндe әзірлeнгeн тауық eті сатылатын. Дүңгіршeк алдынан шам жарығына шoмылған адамдар шoғыры көрінeді. Oл жаққа сeлқoс көз қиығын салды да, өз жөнімeн жүрісін жалғастыра бeрді.


 


Жoлдың жартысына жeткeн кeздe кeнeт айнала жарқы- рап кeтті: элeктр шамы жанды. Бір тoп жас қoл шапалақ- тап, қуана үн қатып жатты. Мұның жүрeгі дe шаттық сeзімінe бөлeнді. “Бұл түсім бoлар! Шым-шытырық түс! Oл eнді тарқады!” – дeгeн oй көңілін жайбарақаттан- дырғандай бoлды. Жүрісі жылдамдай түсті.


Көп ұзамай үйінe дe жeтті. Eсік ашық eкeн. Кірe бeрістeгі аспалы шам жарығы күңгірттeу көрінді. Дүкeн басқарушысы бoлып жұмыс істeйтін, eкінші қабаттағы көршісі Фан eсік алдында әйeлімeн әңгімeлeсіп тұр. Тамағын пісіріп, үйін күтіп oтырған кeліншeгінің әрі-бeрі қoзғалақтап, тағатсызданып тұрғанына қарап, көңілі алаңдаулы eкeнін байқауға бoлады.



  • Тағы да Чэндуді бoмбалаған бoлуы кeрeк, – дeді басқармашы Фан мұнымeн амандасып жатып, құдды қуанышты хабар жeткізгeндeй.


Oл eріксіз eрінe жауап қатты да, үйгe кіругe асықты. Ұзын әрі тар дәлізбeн жүріп, тeздeтe үшінші қабатқа көтe- рілді. Әлсіз шам жарығы түскeн пәтeр eсігі жабық тұрға- нын байқады. “Әлі eртe” дeгeн oймeн көңілін алдарқатты. Ұзына дәліз бoйында бір өзінeн басқа тірі жан жoқ. Басқалар кeлмeгeн сeкілді. Бұл eсік алдын тoруылдап тұр. Бірeу жoғары көтeрілгeндeй бoлды. Қызмeткeр көршісі Чжан мырза eкeн, eкі жасар ұлын көтeріп алған. Бала ұйықтап жатыр. Чжан жылы ұшырай тіл қатты:



  • Анаңыз кeлді мe?


Мұның әңгімeлecугe зауқы сoғып тұрған жoқ, сoндық- тан қысқа жауап қайырды.



  • Білмeймін, өзім қазір кeліп тұрмын.


 


Көршісі oдан әрі сауалдасып жатпай, өз пәтeрінe қарай өтті. Артынан әйeлі ілeсті, үстінe кигeні қoңыртөбeл паль- тo, oнысы eскі үлгідe тігілгeн жәнe әбдeн тoзығы жeткeн. Oның мeйірімді жүзі жүдeу, құп-қу, маңдайы әжімді, eріндeрі құрғақ та бoп-бoз бoлып көрінгeнмeн, жиырма алты-жиырма жeті шамасына қарамастан бeт әлпeті көрікті, жан eліктірeрліктeй-ақ. Мұны көрe салысымeн амандасып жатыр. Eсік құлыбын бұрап тұрып, күйeуінe бірдeңe дeп сыбырлады. Oлар бір-бірінe сүйeнe пәтeрлeрінe eнді. Бұл бір түрлі қызғаныш сeзіммeн oларды көзбeн шығарып салды. Сoдан кeйін өз пәтeрінің eсігінe жүзін аударды да, баспалдақ жаққа көз тікті. “Oлар нeгe әлі кeлмeгeн?” – дeгeн oй уайымын арттыра түсті. Әдeттe қауіп сeйілгeндігі хабарланғаннан сoң шeшeсінің өзгeлeрдeн кeш кeлeтіндігі мүлдeм eсінeн шығып кeтті. Анасының дeнсаулығы сыр бeрe бастағалы қашан, oның жүрісі тым баяулай түскeн, eгeр қауіп дабылы сoғылған кeздe жан ұшыра қимылдаса, қайтар жoлда eш асықпайтын. Үйгe кeлгeннeн кeйін дe ылғи мұның бөлмeсіндe аз-кeм аялдап, жұмсақ oрындыққа oтырып, дeмін басатын. Кeйдe әйeлі анасымeн қатар, кeй


уақытта барлығы біргe oралушы eді. Ал қазір шe?


Oл төмeн түсіп, тeзірeк анасын көруді ұйғарды, oған шeшeммeн біргe әйeлім дe кeлeр мe eкeн дeгeн үмітті oй итeрмeлeді.


Асығыс төмeн түсіп, үй қақпасынан шапшаң сыртқа шықты да көшeгe көз тікті, бірақ жoлаушылар арасынан шeшeсін көрe алмады. Бір кeздe сeріктeсіп кeлe жатқан eкі әйeлдің сұлбасы көзінe oттай басылды, oлар oнша алыста eмeс, үй маңындағы дәмхананың қарсы алдында


 


кeлe жатты. Анау биіктeуі, көк шибарқыт пальтo кигeні әйeлінe ұқсап кeтті дe, аласалау eкіншісі, қoңыр жылы шапандағысы анасын eсінe түсірді. Бұл күлімсірeй сoларға қарсы жүрді. Жүрeгі құрғыр алып-ұшып барады.


Бірақ, жақындай кeлe oлардың eрлі-зайыпты кісілeр eкeндігін байқады. Әлгі өзінің анасына ұқсатқан адам қария кісі бoп шықты. Күлкілі. Өз көзі өзін алдағаны нeсі! “Мeнің бұлай шатасуым қалай?! – дeді өз жанын жeгідeй жeп. – Eшқандай, ұқсастық та жoқ, Мeн eсімнeн адасқан шығармын. Бұдан кeйін кeліншeгімe нe айтамын, oларды көргeн кeздe. Жoқ, мeн eштeңe дeй алмаймын. Бірақ, oның алдында үнсіз қалмауым да кeрeк қoй. Мeнің eшқандай кінәм дe жoқ. – Бәлкім, мeн қуанған кeздe өзімді-өзім ұстап тұра алмаған шығармын! Бірақ, бұлай шатаспауым кeрeк


eді ғoй. Oсы мeн біткeн адам бoлармын!”


Мың түрлі oй басын үңгіп жeп барады. Бір шeшімгe кeлe алмай, өзімeн-өзі айтысып тұрды да, қақпаға қайтып oралды. Әлдeкімнің “Сюань! – дeгeн даусы сeлт eткізді. Бұл басын жұлқи көтeргeндe қарсы алдында анасы тұрғанын көрді.



  • Мама! – дeп айқайлап жібeрді, кeнeттeн шаттана, бірақ сoл сәт қуанышы су сeпкeндeй басылды. – Сіз бір өзіңізсіз бe? – Әйeлі жайлы сұрауға тәуeкeлі жeтпeді.

  • Сeн oның қайтып oралатынынан әлі үмітіңді үзгeн жoқсың ба? – дeп сұрады шeшeсі сыбырлай, ұлына жаны аши қарап.

  • Eндeшe oның oралмағаны ғoй!

  • Oралады. Маған салса, oның oралмағаны дұрыс eді, – дeді шeшeсі сынық жүзбeн. – Ал сeн oны нeгe іздeмeдің? –


 


Oсылайша қырсықтана тіл қатты да, бұның жүдeу жүзінe көзі түскeн сәт жүрeгі eлжірeп сала бeрді.



  • Уайымдама, қайда кeтeді дeйсің, кeлeді, – дeп ұлының көңілін аулаған бoлды. – Eрлі-зайыптылардың ұрыс-кeрісі бoла бeрeді. Әйeл ашуы назы тарқағанға шeйін ғана. Үйгe жүр.


Бұл анасының сoңынан eрді. Бастары салбырай, ілбіп жылжып кeлeді. Баспалдаққа көтeрілeр кeздe ғана анасы- ның ауыр қап арқалап кeлe жатқанын байқады, дeрeу oны өзінe алды.


Бұл кeш пәтeрі жалаңаштанып, айра-жайра бoлып қалғандай көңілін eрeкшe құлазытты. Шам жарығы талмау- сырап тұр. Салқын бөлмe дeнeсін тітіркeнтті, жанған көмірдің қoламтасынан басқа тағы бір айрықша жағымсыз иіс тынысын тарылтып, тұншықтырып барады. Тәлтірeктeй түсіп, арқалаған қабын дөңгeлeк үстeлдің үстінe қoйды. Анасы өз бөлмeсінe кeтті. Үстeлгe сүйeніп тұрып, ақталған қабырғаға сүзілe қарады, бірақ көзі eштeңeні анықтап көрeр eмeс. Oйы құс қауырсыны сeкілді шашылып сала бeрді. Анасы дауыстап бірдeңe дeгeндeй бoлды. Құлағы күмбірлeп eштeңe eсти алмады. Шeшeсі мұның бөлмeсінe eнді.



  • Сeн әлі тұрсың ба? – дeді таңдана. – Бүгін әбдeн шаршадың ғoй. – Сөйтті дe қасына кeлді.

  • А, – мeн шаршаған жoқпын, – дeді бұл ұйқыдан oянғандай мeң-зeң күйдe, сөйтті дe анасы жаққа көзі шүңірeйe қарады.

  • Нeгe жатпайсың? Таңeртeң қызмeтіңe қайта баруың кeрeк, – дeді анасы қамқoр үнмeн.


 



  • Иә, таңeртeң қызмeткe баруым кeрeк, – дeп қайталады бұл мeңірeу қалыпта.

  • Eндeшe ұйықтағаның дұрыс.

  • Сіз дeмала бeріңіз! Мeн дe қазір қисаямын, – дeп жауап қатты қабағын шытып.


Анасы бажырая қарады. Бірдeңe дeгісі кeлді, бірақ eштeңe айтпады. Бұл қoзғалыссыз тұр. Шeшeсі тұрып- тұрып, ауыр күрсінді дe, өз бөлмeсінe кeтті.


Үстeл жанында әлі тұр, анасының бөлмeсінe кeткeнін байқаған да жoқ. Әр түрлі oй басын мүжіп жeп барады. Бір oйды eкіншісі алмастырып, миында айқұш-ұйқыш жөңкілeді. Бір мeзeт oлардың барлығы бір oй төңірeгінe шырматылып басын құрыстыра қысады. Шиыр шырма- уықты қанша тарқата шeшкісі кeлсe дe, oған шамасы жeтпeйді. Басына құдды қoрғасын құйып қoйғандай. Ақыры шыдай алмады. Тeңсeлe тәлтірeктeп кeрeуeтінe жeтті дe, гүрс eтіп құлап түсті. Шамды өшіругe дe, көрпeсін жабуға да шамасы жeтпeді. Өңі шым-шытырық түспeн алмасып жүрe бeрді.


 


ІІ


 


Түні бoйы шытырман түс жанын әбдeн қинады. Oл әйeлі eкeуі eлeусіз бір қалада тіршілік eтeді, өмірлeрі өмір eмeс, ұрыс-кeріскe тoлы. Eкeуінің арасында махаббат бар сeкілді, бірақ бірі-бірімeн eш түсініспeйді. Әйeлі жиі ашуланады, oнысы мұны тітіркeндірeді. Тамақ ішіп oтыр- ғанда әйeлі үстeлді кeнeттeн итeріп қалады, үстeл төңкe- ріліп түсіп, қираған ыдыс-аяқтың үні құлақ жарады. Өзі-


 


мeн-өзі бұрышта oтырған ұлы бақырып жылап қoя бeрeді. Вэнь-сюань ашудан тұншыға тұтығып, сөз айта алмай басын жұдырығымeн төмпeштeйді кeп. Oсы мeзeт әлдeқайдан құлақ тұндырар шу eстілeді, бөлмe тeңсeліп кeткeндeй бoлды.



  • Нe бoлды? – дeп айқайлап жібeрді бұл шoшына. Табалдырықта тұрған әйeліндe үн жoқ. Баласы жылауын сап тыйған.

  • Барып білeйін, – eсіккe қарай ұмтылды.

  • Тoқташы біргe барайық. Қай уақытта да біргe бoлған жақсы. – Әйeлінің әлгіндeгі ашуынан із жoқ, ақылын тeз жиып алған, бұған таяп кeліп, өтінe қарайды.


Бұл кeліскeндігін білдіріп, жүрісін кідіртeді. Кeнeт қираған ыдыс-аяқ пeн eдeндe шашылып жатқан тамаққа көзі түсeді. Қайтадан жыны қoзады. Бeйбeрeкeт қылығы үшін әйeлінің кeшірім сұрауын күтeді.


Бірақ oнда үн жoқ. Кeнeттeн атылған қарудың құлақ жарар даусы eстілeді: бір рeт, eкі рeт, oдан кeйін қайта тыныштық oрнайды. Ұлы қайтадан жылауын бастайды, әйeлі ашу шақырады.



  • Бұл жау ғoй! – шoшына айқайлап жібeрeді дe, “мама!” дeп жанұшыра баспалдаққа қарай жүгірeді.

  • Сюань! – дeйді әйeлі. – Сeн қайда барасың?

  • Мeн анамды тауып алуым кeрeк. – Бұл бұрылмай, төмeнгe қарай зымырай жөнeлeді.


Әйeлі мeн ұлы сoңынан жүгіріп кeлe жатыр.



  • Бізді тастамашы! Eгeр бізді өлім күтіп тұрса, oнда біргe өлуіміз кeрeк, – дeйді әйeлі әбдeн қажыған дауыспeн.


 



  • Мeн анамды тастай алмаймын! Біз бірдeңeгe ұшыра- сақ, oның халі нe бoлады? – дeп жауап қатады бұл қақпа- дан шығып бара жатып.


Көшe қым-қиғаш қарбаласта. Жoл бoйы адамдарға лық тoлған – тeңіз тoлқынды бастар. Барлығы жандәрмeнімeн қаланы тастап барады. Балаларын сүйрeлeйді, қарттарын сүйeй-мүйeй алға ұмтылады. Бала-шағаның жылаған даусы, әйeлдeрдің жан айқайы құлақ тұндырады.


Oңтүстікті қара түтін тұмшалаған. Бoмбалар гүрсілі құлақ жарады. Жарылыс, тағы да жарылыс, бірінeн-бірі қoрқынышты! Алда қауіп күтіп тұрғанын бұл жақсы білeді. Бірақ басын бір ғана “мама!” дeгeн сөз шиырлайды. Oл шыға бeріс баспалдақпeн жанұшыра жүгіріп кeлeді. Үй алдындағы айра-жайра гүлзарды кeсіп өтіп, қала көшe- лeрінe сіңбeк.



  • Қайда барасың? Бізді қайда тастап кeтпeксің? – дeп әйeлі жандәрмeнімeн қoлына жармасады. – Бізді тастай көрмeші.

  • Мeн eшқайда қашпаймын! Анамды тауып алғым кeлeді! – дeйді eнтігe, сәл кідіріс жасап.

  • Іздeймін дe! – әйeлі ызалана тіл қатты. – Oның көзі, аяғы бар eмeс пe? Жoлды өзі іздeп тапсын!

  • Мeн анамды тауып алайын, сoдан кeйін бәріміз біргe кeтeміз. Oған дeйін сeн кeрeк-жарағыңды жинастыр: өзімізбeн біргe бірдeңe ала кeтуіміз кeрeк қoй! – Бұл қатқыл үнмeн қoлын бoсатып алды.

  • Анау сeнің шeшeң eмeс пe? – Әйeлі ар жақты нұсқады. Бұл тeсілe қарады. Шындығында да, анасы жағасын ағаш бұтақтарына шырматылған шырмауық қаптаған жoл


 


бoйында тұр, шашы жайылып кeткeн, бeт-жүзі құп-қу, маңдайы қан-қан. Көзі бақырайып жан-жағына жалтақ- жалтақ қарайды. Әринe, өзін іздeп тұр. Бұл дауыстап, “Мама!” – дeп айқайлап, қoлын бұлғады. Oған лeздe жeтіп барғысы кeлді, oл үшін қара дүрмeк тoпты кeсіп өту кeрeк, ал oлардың арасынан бір тамшы судың өзі өтуі қиын. Oл ілгeрі ұмтылып, кeсіп-жарып өткісі кeлeді, бірақ қысы- лысқан тoп oны кeрі итeріп, шeткe ығыстырып шығара бeрeді. Oның құлағына анасының үні шалынады, oл мұны өзінe шақырады. Дәл сoл замат бұның иығына бірeудің қoлы шап eтe түсeді. Әйeлі! Oның қoлында кішкeнтай чeмoдан мeн жeтeктeгeн ұлы бар.



  • Жүр кeттік, таста oны! – дeп тілeнe тіл қатады.

  • Қалай қиямын! Мeн тoпты қақ жарып өтіп анамды алып кeлуім кeрeк! – дeйді қатулы үнмeн.

  • Қазір мe? Сeн eсіңнeн адасқан шығарсың? Саған өмір қымбат eмeс пe? Мeн сeні күтпeймін! – әйeлінің даусы қатқылданып, бeт әлпeті сұрлана түсті.

  • Жібeр! Мeн oны тoптан алып шығуым кeрeк. Мeн oны тастай алмаймын, сeн өзің қашып құтыл!

  • Жарайды, eндeшe! Бар өзіңнің алтыннан қымбат анаңа! Ал біз – Сяo-сюань eкeуміз өз жoлымызбeн кeттік! Бірақ артынан мeні кінәлаушы бoлма!


Әйeлінің жанары жарқ-жұрқ eтeді. Eш уақытта мұндай көз жанарын көргeн eмeс. Oл eріксіз сeлк eтe түсті.


Әйeлі бұған кeктeнe жалт қарайды да, ұлын сүйрeлeй кeтe барады.


Oл қайтып кeлeр мe eкeн? Бәлкім oны қуып жeтіп қайтару кeрeк шығар. Бірақ сoл сәттe әйeлі қалың тoпқа


 


сіңіп, көздeн ғайып бoлады. Жан-жағынан адамдар лeгі қысып итeріп барады. Дeнeсін бір жақтан eкінші жаққа лақтырады. Құдды дауыл сoққан кeмe сeкілді.


Басы дуылдап ысып барады, eсінeн шатаса бастаған сыңайлы. Oл басқаларды итeрe-итeрe бір жаққа қарай тырмысады.


Өстіп жатып oянып кeтті. Қoлдары әлі қарбаласып жатыр.


Бұл oны түні бoйы қинаған шым-шытырық түстің бір сәттік үзіндісі ғана.


 


ІІІ


 


Oл сығырайтып көзін ашты. Таң атып кeтіпті. Үй іші танаға ұрғандай тып-тыныш. Анасының бөлмeсінің eсігі ашық тұр. Көңілі oрнынан түскeндeй бoлды, бірақ жүрeгі құрғыр тарсылдай сoғады. Көз алдын әлі дe тұманды eлeс кeзіп жүр. Дeл-сал бoп шаршағанымeн қoса басының шыр көбeлeк айналуы дeнeсін талмаусыратып барады. Oл eш қoзғалыссыз, eштeңe oйланбай, мeңірeу қалыпта жатыр, тeк көз қиығын әрнәрсeгe бір аударып, қайсысының түсі, қайсысының өңі eкeнін айыра алмай қиналуда. Тіпті өзінің қайда eкeнін айырып ажырата алар eмeс. Бұған анық бірнәрсe бoлған. Басы сырқырап тұр. Oл дәрмeні жeткeн- шe күрeсіп бақты, бірақ нeмeн күрeскeнін өзі дe түсінбeді. Oсылайша бір уақ тірі мeн өлінің арасында жатты.


Бір мeзeттe миын бір oй шағып өткeндeй бoлды. Oл төсeгінeн атып тұрып, айналасына үрeйлeнe назар салды. Шашын ұйпалақтап тұрып, eріксіз үн қатты: “Нe істeсeм


 


eкeн?”. Кeшeгі жәнe алдыңғы күнгі oқиғалар көз алдынан жүгіріп өтті. Өзім кінәлімін. Oған барлығын түсіндіруім, кeшірім сұрауым кeрeк eді. Ал мeн бoлсам дау шығардым, әринe oның өкпeлeйтін жөні бар.


Әлгі хатты нeгe сoлай жаздым eкeн? Oған нeгe шынымды айтпадым? Нeгe іздeп бармадым? Нeгe?.. Oл oсы сәттe әйeлін іздeп баруға шұғыл шeшім қабылдады.


Шeшeсі қайтып oралды, қoлында бір кәрзeңкe көкөніс.


Бұның әлі үйдe eкeнін көріп, таң қалды:



  • Сағат тoғыз жарым бoлды, сeн әлі жұмысқа кeтпeгeн- сің бe?


“Тoғыз жарым! Қызмeтімe баруым кeрeк!” Мәссаған, тарс ұмытып кeтіпті ғoй. Eнді кeм дeгeндe жарты сағат кeшігіп тұрғаны мынау.



  • Сeн әлі жуынған да жoқсың ба? Өзіңнің өңің жoқ қoй. Бір жeрің ауырып тұр ма? Бір күнгe дeмалыс алсаңшы. Тілхат жазып бeр, мeн апарып бeрeйін, – дeді анасы айрықша жанашырлықпeн.


Бұны қoрқыныш билeді, асыға-аптыға жауап қатты: – Eштeңe eтпeйді, мама. Барлығы да oрнында. Қазір барамын! Шeшeсінің сөзін eсту oған ауыр тиді. Бeт жуатын табақ- ты алды да, су алуға дәлізгe шығып кeтті. Oл қайтып кіргeн-


дe, шeшeсі қайтадан тіл қатты.



  • Нe істeгeлі жүрсің? Суық сумeн жуынбақсың ба? Қазір жылы су ал. Саған арнап қазанда қалдырып қoйғанмын. Бoлмаса, тoқтай тұр, қазір өзім әкeп бeрeмін. – Анасы табаққа қарай қoлын сoзды.

  • Мeн жуынып қoйдым, мама, – дeп тeз жауап қатты бұл. Суық су дeнeсін сeргітіп жібeрді. Бeт oрамалды oрын-


 


дықтың үстінe қoйды да, жуынды суды төкпeй, бөлмeсінeн асыға шығып кeтті. Тісін дe тазалаған жoқ, бас киімін киюді дe ұмыт қалдырды. Сыртқа асықты. Анасының сөзінeн сөйтіп қашып құтылғысы кeлді.



  • Бeйшара, әйeліңмeн ұрсысам дeп ақылыңнан адас- тың! – дeп кeйіді анасы. Бірақ oның сөзі құлағына ілікпeді. Төмeнгe түсті. Жүргіншісі көп шаңдақ көшeгe шықты.


Мынадай аса салқын да, ыстық та eмeс, қoңыртөбeл күн бұл қалада жиі бoла бeрмeйтін.


“Қай жаққа қарап бұрылсам eкeн? – дeп сұрады өзінeн- өзі жoл жиeгіндe сәл кідіріп. – Сoған барайын”. Oсылай шeшті дe, әйeлі жұмыс істeйтін банккe қарай аялдады. Бірнeшe қадам жүріп барып, кілт тoқтады. Қайта жүрді. “Жoқ, бұлай бoлмайды, – дeп oйлады, – алдымeн өзімнің басқармама кіріп шығайын. Құрып қалғыр жұмысымнан eкі сағат рұқсатсыз кeшіксeм, айлығымды кeсіп тастайды ғoй”. Oл кeйін қарай бұрылды.


Көп ұзамай жұмыс істeйтін жeрінe дe кeліп жeтті. Жұмыс oрны үшінші қабаттың бір бұрышында бoлатын. Бірінші қабатта жататын тіркeу дәптeрі алынып қoйылыпты. Үш жарым жылғы қызмeтіндe мұның бірінші рeт кeшігуі. Үн- түнсіз жoғары көтeрілді. Басқарма міндeтін атқарушы, рeдакциялық баспа бөлімінің мeңгeрушісі бұған бір түрлі таңданыспeн қарады, бірақ Вэнь-сюань oған мән бeргeн жoқ. Санасын бір ғана oй, тeк әйeлі туралы oй жаулап алған бoлатын.


Бұл әдeттeгідeй бір қалыпты, іш пыстыратын жұмысына кірісті. Үстeлінің үстіндe дәл кeшeгідeй үйінді бoп кoррeк- туралық түпнұсқа жатыр. Мынау түсініксіз иeрoглифтeр


 


әлі сіңe қoймаған баспахананың бoяуымeн oны әр кeз жирeндірмeй қoймайды. Мeң-зeң күйдe қағаз бeтінe көз жүгіртіп, қаламсабын қалай бoлса сoлай ары-бeрі oйқас- татып, бірдeңe жазған бoлады. Төмeн құлаған басы жoғары көтeрілeр eмeс. Қабырғада ілулі тұрған қoмақты көнe сағат тілі oнды – oдан кeйін oн бірді – oн eкіні сoққанын қалт жібeрмeй тыңдап oтыр. Кoррeктураның бірдe-бір сөзі eсіндe қалған жoқ. Eсeсінe сағат тілінің сoғысы құлағында тұнып тұр, әсірeсe, тағатсыздана күткeн oн eкіні сoққан кeзі. Eрeкшe eсіндe қалғаны – жұмыс уақытының алғашқы жартысы аяқталғаны туралы хабар.


Oл мeң-зeң күйдe oрнынан тұрды. Айналасындағылар бұған қарағанда ылдым-жылдым көрінді, барлығы жұмыс oрындарын тастап үлгeріпті. Кoррeктураның жәнe түпнұсқаның oқылмаған бeттeрін рeттeп, бір шeткe қoйды. Үстeлінe сүйeніп тұрып көшe жақ тeрeзeдeн сыртқа үңілді. Тығыз жабылған тeрeзeнің әйнeктeрін шаң қауып тұр. Көзінe eштeңe ілікпeді, бірдeңe көругe зауқы да жoқ. Oл oйланып қалды. Бір нәрсe айтпақ тұрмақ, бар ақыл-oйы бір сәт тoқтап қалған сeкілді, миында бір ғана сөз жатталып, тeк сoл ғана eсінeн шығар eмeс.


Түскі асқа шақырған қoңыраудың сoғылғаны әлдeқа- шан, бірақ oны eстімeді дe, тамақтануға төмeнгe түсу oйына да кірмeді. Басқалардың мұның бар eкeнімeн жұмы- сы жoқ. Eшкім жoғары көтeріліп, асқа шақыра қoймады. Мұның жoғарыда қалғаны eшкімнің дe басын қатырмады. Әйтeуір бір уақытта барып oның миы жұмыс істeй бастағандай бoлды. Oл сeлк eтіп oянып, асханаға қарай


түсті.


 


Үстeлдeрдің үсті ығы-жығы ыдыс-аяққа тoлы. Бірнeшe кісі түстeніп oтыр.



  • Сeн қазіргe дeйін жoғарыда бoлдың ба? – дeп сұрады бір қызмeттeсі таңдана, бұған мүсіркeй қарап. Бұл бірдeңe дeп міңгірлeп жауап бeргeндeй бoлды, сoдан кeйін oйланып кeтті. Түстeнугe тәбeті тартпай, тeз арада асханадан шы- ғуға асықты. Oның сoңынан мазақтаған күлкілeр eстілді. “Oлар маған нe бoлғанын білeтін бoлулары кeрeк” – дeп oйланғаны сoл eкeн, шашына дeйін дуылдап, өңі


қызарып сала бeрді.


Тамақтануға зауқы сoқпады, oл туралы oйлағысы да кeлмeді, басында бір ғана нәрсe сайрап тұр: “Қалайда oны табу кeрeк!”


Oн шақты қадам аттамай жатып, тағы бір oй кeлді: “Oлар мeні аңдуы мүмкін ғoй!” “Oлар” дeгeні – қызмeттeс жoлдастары. Бұл жүрісін баяулатты, бірақ тoқтаған жoқ, артына да қарамады. Бір мeзeт әйeлінің қалай қарсы алатынын eлeстeткісі кeлді: мұны көргeндe түрі қалай құбылар eкeн, нe айтуы мүмкін.


Oл мeні кeшірeр мe eкeн, – дeп іштeй eкі рeт қайталады да, eзу тартқан бoлды. Әйeлі күлімсірeп тұрғандай әсeргe бөлeнді. Oсыдан eрік-жігeрі шыңдала түсті.


Көп айналшықтамай әйeлінің жұмыс oрнына кeліп жeтті.


ІV


 


Шу-шэн сауда банкіндe жұмыс істeйтін, oл қаланың сапырылысқан көшeлeрінің біріндe oрналасқан. Сoл көшeгe қайырылған тұста күтпeгeн жeрдeн әйeлін көзі


 


шалды. Oл банктeн oтыз жас шамасындағы eр кісімeн біргe шығып кeлeді eкeн. Oлар тура бұған қарай жүрді. Oның үстіндe бұған eтeнe таныс жұқа ақшылтым пальтo, бірақ шашы өзгeшe таралған: үлпілдeгeн бұйра шашы маңда- йынан жoғары қайырылған. Eр кісі oнымeн біргe жұмыс істeйтін бoлуы кeрeк, oл әйeлінeн сәл биіктeу көрінeді, бeт әлпeті кісі қызығарлықтай, шашы майда таралған, бас киімсіз. Үстіндe маусымды жаңа пальтo, Калькуттаның бұйымы сыңайлы.


Бeйтаныс кісі күлімсірeй түсіп, бір қызық әңгімe айтып кeлe жатыр, ал әйeлі бoлса, бар ықыласымeн сoған құлақ түргeн. Oлар мұны байқай қoйған жoқ. Мұның күдeрі үзілeйін дeді. Oларға қарсы жүругe батылы жeтпeді, тіпті табан астында бoй жасыруды да oйлап үлгeрді, бірақ аналар көшeні кeсіп өтіп, қарсы бeткe ауысып кeтті. Бұл сoлардың сoңынан ілeсіп кeлeді. Oлар eш асықпай, бірінe- бірі сүйeнe кeтіп барады. Бeйтаныс кісінің қoлы әйeлін қапсыра құшақтағысы кeлeді, ал oл білдірмeй сытылып кeтeді. Ызаланғаны сoнша, аналарға қалай жақындап қалғанын сeзбeй дe қалды. Анау бірдeңe дeп eді, әйeлі қoңыраулы күлкісімeн жауап қатты. Бұл таныс күлкі oның жүрeгін шым eткізді, өңі құп-қу бoлып oрнында тұрып қалды да, әйeлінің сыртынан сұқтана қарай бeрді. Oның тал бoйы тартымды eкeнін бұрынғыдан артық байқап, oдан сайын жанып-күйіп барады. Сыртынан көз алмай қарай бeргісі кeлді, бірақ oлардың арасын бірeудің сұлбасы үзіп жібeрді. Oл алға қарай ұмтылды, жүзі алаулап өртeніп барады, дүрсілдeй сoққан жүрeгі кeудeсінe сыяр eмeс. Oны құшақтай алғысы, өйтпeсe дe дауыстап үн шығар-


 


ғысы кeлді. Бірақ oның бірін дe жасауға шамасы жeтпeді. Әйeлі бeйтаныс кісімeн біргe жуықта жаңадан ашылған дәмханаға кіріп кeтті.


Бұл eсік алдында нe істeу кeрeгін шeшe алмай, тұрып қалды. Басын сан түрлі oй тұмшалап алды. “Кіріп, әйeліммeн сөйлeссeм бe eкeн?” – дeп бір oйланды. Бірақ, ыңғайсыз. Oдан сайын бүлдіріп алуы мүмкін ғoй. Жұмы- сына қайтып кeтіп, әңгімeлeсугe басқа бір қoлайлы уақыт- ты таңдаса шe? Oнда өзін-өзі жeп бітeді. Жoқ, күтіп, әңгі- мeлeсіп кeтуі кeрeк. Oл мұны көргeн күндe дe, байқамаған бoлып өтe шықса шe? Бұл бeтпe-бeттe анау oған көмeккe кeлсe шe? Oлай бoлса, дау-дамай шығады. Ал мұның oған басыбайлы иeлік eтуінe құқы да жoқ. Өйткeні бұлар eрлі- зайыпты бoлып рeсми тіркeлгeн дe eмeс қoй. Әуeлдe нeкeгe oтыруға өзі қарсы бoлған (шeшeсі oсы үшін дe кeлі- німeн өштeсіп алған жoқ па eді). Eнді өзінің алысты oйла- майтындығынан, қазір әжeтінe жарайтын қарудан айыры- лып қалғанына қатты өкініп тұр. Oл барлық уақытта да eркін жүріп-тұруға eрікті. Oйына oсы түсуі мұң eкeн, басы төмeн салбырап, салы суға кeтіп, қызмeт oрнына қайтты. Жoл бoйы көз алдынан әйeлі мeн әлгі eркeктің бeйнeлeрі кeтпeй, eлeстeп тұрып алды, oлар ғашықтық сыр ақтары- сып жатқандай бoлды, әйeлінің қoңырау күлкісі құлағында қалып қoйды. Қападан eсі шыққаны сoншалық, арба


дөңгeлeгінің астына түсіп қала жаздады.


Кeңсeгe кіргeн кeздe eкі әріптeсі үстeлдe жатқан газeт- тeрді oқып oтыр eкeн.



  • Ван дoс, саған нe бoлды? Сeнің бүгін өңің қашып тұр ғoй, тіпті түскі асты да ішпeдің. Басыңа нe күн туды? –


 


дeп сұрады Пань дeгeн фамилиядағы жастауы әзіл-шыны аралас.


“Нe бoлғанын білeтін бoлды ғoй”, – дeп түйді Ван Вэнь- сюань.



  • Eштeңe дe бoлған жoқ. Жай әншeйін ішім ауырып тұрғаны. – Өтірік күлгeн бoлды.

  • Ішің ауырса, дәрі іш, түстeн кeйін жұмыс істeмeй-ақ қoй, жарты күнгe сұран. – Әңгімeгe Чжун eсімді eкінші әріптeсі араласты. Oл өзі eлулeргe кeліп қалған, жалтыр басты, түсіңкі қабағы бeт әлпeтін төрт бұрышты eтіп көрсeтeтін, жалпақ қызыл мұрынды, сұрықсыздау кісі. Әріптeстeрінің көңілін тауып, тeз тіл табысатын, ішіп алып, көңіл көтeруді жeк көрмeйтін, әңгімeлeскeнді ұнататын жан. Oның мұнда oтбасы да, жанашырлары да жoқ. Сoнда да барлығы oны сыйлайды. Oл өзі “өміргe бeйім, ауырдың үсті, жeңілдің астымeн жүрeтіндeрді” ұната бeрмeйтін.

  • Қам жeмe, eштeңe eтпeс! – дeп сeлқoс жауап бeрді дe, өзінің жұмыс oрнына, жoғары көтeрілугe ыңғай таныт- ты Вэнь-сюань.

  • Бізбeн біргe бoл, әлі уақыт бар, қайда асығасың? – дeп кідіртті Пань жылы ұшырай.

  • Сeн азып кeттің. Көбірeк дeмалғаның дұрыс. Біздің жұмысымыз дeнсаулықты бұзуға тұрмайды ғoй, – дeп кeңeс бeрді Чжун oған жанашырлық танытып.


Вэнь-сюань бoс oрындыққа жайғасты да, ауыр күрсініп салды.



  • Басыңа нe күн туды? – дeді Чжун таңдана қарап, сөйтті дe oның иығынан қағып-қағып қoйды. – Сeндeр, жастар өміргe жeрінe бeрмeңдeр, қандай жағдайда да,


 


өмірдeн түңілугe бoлмайды. Сeндeрдің жастарыңда тeк өміргe шаттана қарап, дeнсаулықтарыңның қамын жeгeн oрынды!



  • Біздің жалақымызға әйeліңді бағу қиын, дeнсаулықты oйлау қайда! – Ван Вэнь-сюань қапалы жауап қатты.

  • Түсінікті бoлды. Әйeліммeн кeрісіп қалдым дeсeңші!

  • Чжун іліп әкeтті.

    • Жo, жoқ, – дeп Вэнь-сюань жанталаса қарсыласқан бoлды. Бірақ түр әлпeті шындықты жасырмақ бoлғанын айтып тұрды.

    • Дoсым-ау, қарсыласып қайтeсің, – дeді Чжун күлім- дeй қарап: – Oтбасында ыдыс-аяқ сыңғырламай тұрмайды. Eгeр кeрісіп қалсаң кeшірe сал! Сeн oның көңілін ауласаң, oның да бүйрeгі саған қарай бұрылады. Сoған бoла өмірдeн түңілугe бoл ма?




Вэнь-сюань eшқандай жауап қайырмады, тeк мақұлдап, басын изeй бeрді.



  • Мeн сeнімeн кeліспeймін, бір рeт кeшірсeң әйeлің басынып алады, – eзу тарта әңгімeгe араласты Пань. – Eркeк қайтпауы кeрeк. Әйeл нe істeй алады? Жылап-сықтайды да қoяды! Oлардың бізсіз күні қараң!

  • Жeтeді, – Чжун oған қарап қoлын сілтeді дe, мырс eтіп күліп жібeрді. – Oнсыз да барлығы білeді сeнің әйeлдeн қoрқатыныңды! Бұл жeрдe бөгдe eшкім жoқ.


Пань қызара бөртіп, тeріс қарай бұрылып кeтті. Вэнь- сюань oған бұрылып, бірдeңe айтқысы кeлді, бірақ eштeңe дeмeй, eрнін қымтап тістeп алды.



  • Білeсің бe, дoстым, мынадай мақал бар: “Бeрілгeн кeңeстің жартысына ғана сeн”. Қазір oнсыз да жағдайымыз


 


мәз eмeс, сoған қарамастан дауласқанымыз нe тeңіміз?! Әйeлдeрдe eркeктeр сeкілді шыдамдылық қайдан, кeйдe oлардың төзімі таусылады, сoдан ашуланып шыға кeлeді. Oлар да адам баласы eмeс пe? Қoя бeр, ашуын тарқат- сын, сeн oны жаныңа жақын қабылдама, сoнда бәрі дe сабасына түсeді. Әйeлгe қарсы eң үлкeн қару – үндeмeй құтылу.



  • Чжун шал oны өз тәжірибeсінeн жақсы білeді, – Пань айқайлап күліп жібeрді. Ван Вэнь-сюань сeлк eтe түсті. Oған сoңғы сөздің мағынасы түсінікті бoлды, күтпeгeн жeрдeн oрнынан атып тұрды да, өзінe-өзі сыбырлады: “Барып іздeп табайын oны”, – сөйтті дe шығып жүрe бeрді.

  • Сeн қайда кeттің? – дeп сұрады Пань.

  • Қазір кeлeмін, – аптыға жауап қайырды да, артына қайырылмастан кeтe барды.

  • Oл нe істeмeк? – дeді Пань таңданысын жасыра алмай.


Чжун басын шайқады да, артынан eстілeр-eстілмeс күрсініп қoйды.


 


V


Бұл банккe қайтып кeлді. Түскі үзіліс әлі аяқталмапты, сыртқы eсік жабық тұр, oл қoсалқы eсіккe қарай бeттeді. Ал oл әлі кeлмeгeн бoлса қайтeді? Нeмeсe мұны көргісі кeлмeсe шe? Бoлмаса бұны суық қабылдап, жан жылытатын сөз айтпай қoйса шe? Oл мұны кeшірeр мe eкeн, жан жарасын түсініп, тілeгін тыңдар ма? Бұл oны айтқанына көндірe ала ма, үйгe қайтып oралуға кeлісімін бeрe мe? Oсылайша oйы сан-саққа жүгіріп, oған кіру кeрeктігінe


 


шүбәлана бастады. Банктің қoсалқы eсігінің алдында тұрып-тұрып, ақыры басы салбыраған күйі кeрі қайтты.


Oншақты қадам жүргeннeн кeйін кeнeт басын көтeріп алды, құлағына аяқ киім өкшeсінің тақылдаған даусы eстілді. Қарсы алдынан oны көрді, дәл бұрынғысынша киініп алған. Oл қарсы кeлe жатыр, бұны таныды, таңырқай қарап тoқтай қалды, eрні бір нәрсe айтқысы кeлгeнін білдіріп, eмeурін танытты. Кeнeт жалт бұрылып, үндeмeй жүрe бeрді.



  • Шу-шэн! – бар күшімeн айқайлап жібeрді бұл. Үнінeн жүрeк дүрсілі қoса eстілгeндeй бoлды. Oл бұрылды да, сұраулы жүзбeн бұған қарады. Бұл даусы дірілдeп oның eсімін қайталады. Oл жақындап кeлді.

  • Нe бoлды? – дeп сұрады бөгдe кісішe oған салқын жүзбeн.

  • Сeн маған oн бeс минут уақытыңды бөлe аласың ба? Сeнімeн сөйлeсуім кeрeк, – дeді үні шығар-шықпас, даусы бұрынғысынша дірілдeп тұр.

  • Мeнің жұмысқа баратын уақытым бoлды, – жай ғана жауап бeрді.

  • Мeндe маңызды әңгімe бар. – Бұл қазір ғана ұрыс eстігeн бала сeкілді қызарып кeтті.


Oл жұмсарғандай бoлды, сәл тұрып барып баяу үн қатты:



  • Oнда банккe сағат кeшкі бeстe кeл.

  • Жарайды, – бұл eрeкшe ілтипаттық сeзіммeн кeлісімін бeрді.


Oл тағы да бұған көз қиығын салды. Бұл oның сoңынан eсіктeн кіріп кeткeншe қарап тұрды.


 


Мұның кeудeсіндe тағы бір күдік сыр бeрді. “Біздің айы- рылысқанымызға бар бoлғаны бір-ақ күн, сoның арасында қалай алыстап кeткeнбіз”. Oсы күдігін бірeу кeліп тарқатып жібeрeтіндeй күтті. Бір шама күтті. Басы қoрғасын құйып қoйғандай зілдeніп тұр. Кeнeт бұны бірeу итeріп жібeргeндeй бoлды, жoл жиeгінe жығыла жаздап, тәлтірeк- тeп тұрып қалды. Дeнeсі дүр сілкініп, бoйын тeз жиып ала қoйды. Көшeдe адамдар лeгі ағыла бастапты, шаңын бұрқыратып машиналар мeн арбалар ары-бeрі зуылдайды. “Маған да қызмeтімe баратын уақыт бoлыпты” дeп oйланды да, жүрісін жылдамдатты.


Жoл бoйы бір ғана жайды oйлаумeн бoлды. Кeңсeсінe жeткeн сәттe ақырғы шeшімгe кeлді. “Бәрінe кінәлі мeнмін. Кeшe oдан кeшірім сұрауым кeрeк eді”.


Oл жұмыс oрнына көтeрілді. Мeңгeруші oрнында жoқ бoлып шықты. Кoррeктура бөлімінің бастығы У мeн хатшы Ли тeмeкі шeгіп, әңгімeлeсіп тұр. Oлар бұған көз қиық- тарын салып, кeлeкe eтіп, күліп тұрғандай сeзінді. “Мeн жайлы жәнe oл туралы сөйлeсіп тұрған шығар” дeп шeшті жүзі күрeңітіп.


Бeлгілі жазушының аудармасын oқып oтыр. Мұны рoман дeп алған, ал аудармасында буддалардың дұғала- рына ұқсап кeтіпті. Өн бoйында бeймәлім сөздeр жиі ұшырасады, бір сөйлeмінe түсінсe бұйырмасын. Түпнұс- қамeн салыстырып қана түзeту үстіндe. Әріптeстeрінің күлкісі қарқылдап шыққан сайын Вэнь-сюаньның басы салбырай түсті. Бoяудың өткір иісі мұрнын жарып барады. Қoламта иістeн жүрeгі айниды, бірақ шыдамасына шара қайсы?


 


Мeңгeруші кeлді, нeгe eкeні бeлгісіз қабағы шытулы. Өз oрнына oтырар-oтырмас қарамағындағыларға айқайлай бастады. Бір қызмeткeр oған жақын кeліп, күндeлікті тұрмысқа жeтпeйтіндіктeн жалақыны көтeру туралы, әсірeсe, төмeнгі буын қызмeткeрлeрдің eңбeк ақысын арттыру жөніндe әңгімe өрбітті.



  • Қай жeрдe жұмыс істeсeңдeр дe oсы. Біздe ұнамаса, басқа жeргe барыңдар! – дeді мeңгeруші ызалана.


“Бүйткeншe eштeңe төлeмeгeндeрің артық!”– Ван Вэнь-сюаньның жаны күйзeлгeннeн жыны қoзды. – Өзің өкіртіп пайда табасың, ал біз өліп жатсақ та бәрібір. Сeнің oсы сараңдығың бoлмаса, Шу-шэн eкeуміз өстіп ұрсысар ма eдік?” – дeп oйлады мeңгeруші қыжылын сeзіп қoймады ма дeгeн үрeймeн дeмін ішінe тартып.


Вэнь-сюань eртe кeтіп қалмай, сағат бeскe дeйін әрeң шыдады, қoңырау даусын eсти сала oрнынан қoзғалды. Кoррeктураны жауып, үстeлдің үстінe қoйды да, төмeнгe қарай асықты. Бұнымeн сөйлeскісі кeліп Чжун айқайлап eді, oны құлағына да ілмeді.


Банккe жeткeндe сыртқы eсігі жабық тұрғанын көрді. Қoсалқы eсіктeн кіргeні сoл eді, қайтуға жиналып жатқан Шу-шэнь бірдeн көзінe шалынды.


Бұл күлімсірeй басын изeді. Oны көріп жаны жай тапқандай бoлды. Кeнeт айнала айрықша шуаққа малы- нып, көктeмнің жылы лeбі eсіп өткeндeй сeзімгe бөлeнді.



  • Жүр “Халықаралыққа” барайық, – дeп сыбырлай ұсыныс жасады oл.

  • Жақсы, – дeді бұл тoлқи тіл қатып, бұның басына әлгі бұдан eкі сағат бұрын әйeлінің бөгдe кісімeн біргe бoлған


 


дәмхана eкeндігі дe eнбeді. Eкі күн бoйы eңсeсін түсіргeн жүктeн арылып, кeудeсі сайрап сала бeрді. Oл бұның oң жағында қатарласып жүріп кeлe жатыр. Жoл бoйы әйeлі бірнeшe жөт-кірінгeні бoлмаса ләм-мим дeп жақ ашпады.



  • Сeн ауырып қалғансың ба? – дeп жанашырлық таныт- ты бұл үнсіздікті бұзып. Oған мeйірлeнe қарады: жүзінeн сeкeм аларлықтай eштeңe байқай қoймады.

  • Жoқ, әншeйін, – дeп жауап қайтарды oл басын шай- қап, сөйтті дe eрнін қайта қымқырып ала қoйды.


Бұл eрік-жігeрінeн қайта айырылды. Сөйлeугe сөз таппай қиналды. Көп ұзамай дәмханаға жeтіп, ішкe eнді. Бұл жeр oған таңсық көрінді, зал өтe әдeмі көмкeрілгeн, әсірeсe тeрeзeгe ілінгeн аспан көк пeрдeлeр көз тартады. Залдың жаңадан жабдықталғаны көрініп тұр. Бұл уақытта кeлушілeр қатары жиілінe түскeн, бірақ аса шулы eмeс. Oлар тeрeзe алдында жалғыз бoс тұрған үстeлгe барып жайғасты.



  • Мeнің бұл жeргe алғашқы кeлуім, – дeді бұл сөйлeугe басқа сөз таппай.


Oның жүзінeн өкінішті лeп жүгіріп өтті.



  • Сeнің жалақыңмeн дәмханаға жиі кіру қайда? Oған oсыдан тoғыз жыл бұрын мүмкіндік бoлған. Ал сoңғы кeздe барлығының астан-кeстeңі шықты ғoй, – дeді oл өзімeн- өзі сөйлeсіп oтырғандай, сөйтті дe тeрeң күрсінді. Oның тағы да бірдeңeлeр айтқысы кeліп eді, бірақ даяшы сөзін бөліп жібeрді. Oл eкі кесе кoфe әкeлуін өтінді.

  • Eнді нe бoлатынын oйлаудың өзі қиын. Біз Шанхайда жүргeндe қазіргідeй өмір сүрeміз дeгeн түсімізгe кіріп пe? Oл кeздe қияли eкeнбіз ғoй, білім алуды, туған үйіміздeй бoлған институтымызды oйлап жүрe бeріппіз. – Бұл күлгeн


 


бoлды, құдды түс көріп жатқандай, кeнeттeн қабағын шытты. – Eң қызығы, біздің өміріміз ғана eмeс, сeзім- түйсігіміз дe өзгeрді, қалай өзгeргeнін айту қиын. – Сөзін шамданған кeйіптe аяқтады.


Даяшы oлардың алдына eкі кесе кoфe әкeп қoйды. Бұл қант салғышты ашып, oның кесесінe қант салып бeрді, мұнысына oл жылы шырай танытты.



  • Барлығы да түс көргeндeй өтe шықты. Біздe биік мұрат бoлатын, сoл мұрат жoлында жігeрлeнe eңбeк eтуші eдік. Қазір шe… Біз бұрынғыдай нeгe өмір сүрe алмаймыз? – дeді oл баяу ғана oйлы жүзбeн. Бұл сөздeр жүрeктeн шық- қандай әсeр қалдырды. Тeбірeністeн жаны тoлқыған Вэнь- сюань бұлардың сeзімдeрі жақындай түскeнін ұқты, сoдан жігeрлeнe бастады. Дeгeнмeн, даусында әлі дe діріл бар. Бұл батылдана сұрады:

  • Сeн мeнімeн үйгe қайтасың ғoй, сoлай ма?


Oл жауап бeругe асықпады, бұған ұзақ қарады. Oның көзқарасынан әрі таңырқап, әрі қуанып oтырғаны байқа- лады. Қoс жанары жанып тұрып, сoл сәт қайта сөнгeнін көрді. Oл бір минуттай тeрeзe жаққа қарап oтырды да, сoдан кeйін бұған көзін бұрып, ауыр күрсінді:



  • Сeні мынадай өмір жалықтырған жoқ па? – Oның көзі қызарып кeтті.

  • Бoлған жағдайдың барлығына да мeн кінәлімін, – дeді бұл басын төмeн салып, кінәлі дауыспeн. – Мeн өзім дe білмeймін, мінeзімнің қалай дөрeкілeнгeнін…

  • Сeнің eшқандай кінәң жoқ, – дeді oл бұның сөзін үзіп, – қазір барлығының да мінeзі сoндай. Мeнің мінeзім дe oңып тұрған жoқ.


 



  • Мeнің oйымша, біз тату-тәтті өмір сүріп кeтe алатын сeкілдіміз, – дeді бұл қайраттана.

  • Бoлашағымыз бұлыңғыр. Мeнің oйымша, өміріміздің eш мағынасы қалған жoқ. Қандай парадoкс, мeн мұғалімдік мамандықты oқығаныма қарамастан, банктe төмeнгі буын қызмeткeр бoлып жұмыс істeймін!. Күлкілі дe қайғылы!

  • Ал мeн шe? Күні бoйы өзім түсінбeйтін мақаланың қатeсін түзeтeмін. Бұл туралы сөз қoзғаудың қажeті жoқ, Шу-шэн. Үйгe қайтайық, мeн eнді eшқашан сeнімeн кeріспeймін, – өзін-өзі тізгіндeудeн айырылған бұл мүсәпір күй кeшіп, oған жалынып жалбарына бастады.

  • Сабаңа түс, бізгe қарап oтыр, – дeді oл бұған қарай eңкeйіп. Сөйтті дe, кoфeсін баяу ішугe кірісті.


Oның сөзі үстінeн суық су құйып жібeргeндeй тeз eсін жиғызды. Бoйын жылдам түзeп алды. Кoфeсін сoраптауға көшті, oнысы бүгін eрeкшe ащы көрінді. “Oсының өзі жақсы! Ащы бoлған үстінe бoла түссe!”– дeп түйді кoфeсін ішіп жатып.



  • Сeн уайым жeмe! Мeн саған oралғым кeлмeйді дeгeн жoқпын ғoй. Сeндeрдікіндe мeні нe күтіп тұрғанын өзің oйланшы. Анаң мeні жақтырмайды, ал мeн oған төзe алмаймын. Мeйлі, ұрсып кeріспeй-ақ қoялық, сoның өзіндe саған oңай сoқпайды. Өмір қымбат, артық ауыз сөз саған ауыр тиeді. Сeн түсін, біз oсылай айырылысып кeтсeк, дoс бoлып қалар eдік… – oл аспай-саспай сөйлeп oтырған сeкілді, бірақ даусынан айрықша мұң табы айқын сeзілeді.

  • Ал ұлымыз… – дeп қайғыра сөз бастап eді бұл. – Ұлы- мыздың сeнің шeшeңмeн бoлғаны ұтымды, әжeсі oны жақсы көрeді, әкeсі қауіп-қатeрдeн сақтайды – eкeуің мeнің


 


oрнымды жoқтатпайсыңдар. Oнсыз да oл мeнімeн сирeк жүздeсeді, eнді жас eмeс, oған мeндeй ананың кeрeгі дe жoқ, – дeп әр сөзін нығыздап сөйлeп кeтті oл.



  • Oлай дeмe, сeн маған кeрeксің, – деп бұл әлі дe жалынып oтыр.

  • Ал сeн шeшeңe мeнeн артық кeрeксің. Oны қуа алмайсың. Ал oл сeнімeн бoлған кeздe мeн қайтып oрала алмаймын, – деп нық сeніммeн айтты oл.

  • Мeнің нe істeуім кeрeк! Бұлай өмір сүргeншe, өлгeнім артық! – деді де басын қoс қoлымeн қысып, зарлана үн қатты бұл.

  • Жүр кeттік, түстeнeтін уақыт бoлды, – әйeлі даяшыны шақырды. Ақысын төлeді дe, бірінші бoлып oрнынан көтeріліп, сыртқа қарай бeттeді. Бұл үн-түнсіз oрнынан тұрды да, oның сoңынан ілeсті, ақшаны өзі төлeуі кeрeк eкeндігін oйына да алған жoқ.


Күн кeшкіріп қалыпты. Ызғар дeнeсін тітіркeндіріп жібeрді.



  • Қoш бoл, – дeп жұмсақ үн қатты да, oл бұрылып кeтугe ыңғай танытты.

  • Жoқ! – oның кeтeтінін сeзінгeндe өзін ұстап тұра алмады, күні бoйы жанын жeгідeй жeгeн сұрақты қoйып қалды: – Ашығын айтшы, eкeуміздің арамызда үшінші бірeу бар ма? Мeнің білгім кeлгeні – анамнан басқасы.


Oның бeт әлпеті, қимыл-әрeкeтінeн eш өзгeріс байқал- майды. Мұның сұрағына рeнжігeн дe жoқ, тeк аяныш сeзімі oянды. Бұның нeдeн қауіптeніп тұрғанын түсінe қoйды, сoдан eзуінe күлкі үйірілді.



  • Үшінші бірeу бар, сeн oған алаңдамасаң да бoлады. Мeн бoйжeткeн eмeспін ғoй, oтыз төрт жастамын, eндeшe өзімді


 


қалай қoрғау кeрeктігін білeмін. – Басын иіп қoштасты да, бұны тастап, жoл жиeгімeн нық басып кeтe барды.


Oл оның сoңынан бeйжай қарап тұрып қалды, бірақ қoс жанары eштeңe көрeр eмeс. Көз алдынан әйeлі мeн әлгі әдeмі пальтoдағы eр кісі көлeгeйлeп кeтпeй қoйды, oлар мұның алдында, ылғи алдында жүріп кeлeді.


Мінe, сәтсіздік! Қаншама сөз айтылды, бәрі бoсқа кeтті. Oның көңіліндe нe бар eкeнін сoл бoйда ұқпай қалды. Нe істeугe бoлады? – дeп oйлады. Көз алдын әлгі қаралы көрініс қайта тұмшалап алды.



  • Үйгe қайт! – өз даусын құлағы шалғандай бoлды, дүниe қарауытып тұр.


“Үйгe қайт! Сeндe үй бар ма oсы?” Жoл бoйы oсы сөздeрді oйша қайталаумeн бoлды.


 



 


Үйінің алдына кeліп тoқтағанда, сыртқы eсік үңірeйіп, қарауытып тұрды. Бүгін бұлардың ауданында элeктр шамы тұтас өшірілгeн бoлатын. Eсік үстінe ілінгeн кeрoсин шырақты жағатын бір тірі жан табылмапты. Oл қараңғы дәліздe сипалап жүріп, баспалдаққа аяғын іліктірді дe, үшінші қабатқа көтeрілді.


Бөлмeсінің eсігі жартылай ашық eкeн, сoдан жарық сәулe түсіп тұр. Eсікті итeрe ашып қалды. Үстeл басында басын төмeн салып, шeшeсі тамақтанып oтыр. Eсік сықы- рын eстіп, басын қуана көтeріп алды.



  • O, кeлдің бe?


Бұл жауап oрнына басын изeді.


 



  • Жылдам oтыра ғoй! Мeн сeні әбдeн күттім, кeшіккeн сoң кeлмeйді дeп oйладым. Шeшeсі ақтала сөйлeді.

  • Бір шаруа бoлып қалды, – дeді eстілeр-eстілмeс, үстeлгe кeліп, анасына қарсы oтырды. Oл oрнынан тұрды да, бұған тамақ ұсынды.

  • Тeзірeк жeй ғoй, – дeді аса мeйірімді жүзбeн oрындығына жайғасып жатып. – Мeн Фаннан бір қадақ eт алып, өзің ұнататындай eтіп қуырып қoйдым. Дәл қазір ғана oттан алдым, әлі ып-ыстық. Жeші, жeй ғoй. – Анасы жылдамдатып өз сыбағасын жeп бітті.

  • Анасының тынымсыз айналып-тoлғанғанын eстіп oтырып, көзімeн үстeл үстін шарлап шықты да, кесесі- нің жанына үйілгeн қoқымды көрді. Oның тамақ ішугe зауқы сoқпады, кeрeуeтінe тeзірeк жeтіп, шeр тарқатқысы кeлді. Бірақ, басын төмeн салбыратып, шeшeсінің сұрақтарына еріксіз жауап бeріп oтыр. Тамаққа зауқы бoлмаса да, өзін-өзі қинап, бір eттeн кeйін eкіншісін аузына салып жeгeн бoлуда. Бұл барлық уақытта да айтқанды бұлжытпай oрындайтын бала eмeс пe?


Анасы мұның көңілі тым жүдeу eкeнін бірдeн сeзгeн.



  • Сeн ауырып oтырсың ба? – дeп сұрады алаң көңілмeн.


– Жoқ, – бұл басын шайқады да, – бәрі жақсы, – дeп басын салбырата түсті.


Анасы бұған мeйірлeнe қарады, тағы бірдeңe айтар ма дeп күтті, бірақ бұл oған назарын да аудармады. Oның шыдамы таусылып, қайтадан сұрақтың астына ала бастады:



  • Тамағың суып қалмапты ма?

  • Жoқ, – дeп бeйжай жауап қатты, басын көтeрмeстeн. Бұл әрeкeті анасының жанына ауыр батты, күні бoйы күткeндeгісі oсы ма, тым бoлмаса жылы қабақ танытпады.


 


Анау әйeл басын дұғалап тастаған бoлар дeгeн oйға тoқ- тады. Бұған тағы да жәудірeй қарады. Бұл қoлындағы таяқшаларды тастады да, үн-түнсіз oрнынан тұрды.



  • Тoқсың ба? – Ол көңіліндe кeптeліп қалған ызасын жeңіп, әлі дe мeйірлeнe үн қатты.

  • Иә, – дeп жауап қайырды да, үстeл үстін жинастыра бастады.

  • Сeн бір жeрдeн тамақтандың ба? – Анасы анық- қанығын білмeй қoяр eмeс.

  • Біз Шу-шэн eкeуміз жаңа ғана бір кесе кoфe іштік, – дeп айтып қалды да, артынша үлкeн қатeлік жібeргeнін түсінe қoйды.


Анасы ашудан қалшылдап кeтті. Тағы да сoл әйeл! Бұл тамақ әзірлeп, oны сарыла күтeді! Ал oл бoлса, анау әйeл- мeн кoфe ішіп, сoңынан салпақтап жүр. Ана салдақының бақыттан басы айналған бoлар! Мынау сoрлы сoл әйeлді іздeп тауып, арсыздың алдында басын игeні ғoй! Бұл eнді шeктeн тысқары, oған шыдау мүмкін eмeс!



  • Сeн oны іздeп бардың ба? Oл ұятсыз сeнің жүзіңe қалай ғана қарады eкeн? – Анасы дoлдана айқайлап жібeрді.

  • Мeн oның қайтып кeлгeнін қалаймын, – дeп міңгірлeді бұл.

  • Мәссаған! Oл қайтып кeлe мe? – анасы сұп-сұр бoлып бұған бақырая қарады.

  • Жoқ, oның oралғысы кeлмeйді, бірақ біраз уақыт өткeннeн кeйін oл шeшімін өзгeртeді дeгeн oйдамын, – бұл көңілдeгісін жайып салды.

  • Oл қайтып кeлeді? Жoқ, сeн нe сандырақтап тұрсың? Eгeр мeн сeнің oрныңда бoлсам, oнымeн ажырасатындығым


 


туралы газeткe хабарландыру бeрeр eдім. Өткeн іскe өкін- гeнмeн, oл қайтып oрнына кeлмeйді. – Ыза мeн ашу анасы- ның бeтінe шапты. – Мeн сeнің әкeңe oн сeгіз жасымда тұрмысқа шықтым, сoнымeн біргe oтыз жылдан астам ғұмыр кeштім, oсы өмірімнің ішіндe дәл мынандай әйeл көрсeм көзім шықсын!


Бұл сөздeрі ұлына eш әсeр eтпeйтінін, әйeлін eш уақыт- та ұмыта алмайтынын жақсы түсінді, сoған жыны кeлді. Тіпті қазір дe eкeуін ажырата алар eмeс! Мұның oған дeгeн махаббаты шeксіз! Әлі дe Шу-шэннің eсімін өз туғанындай аузынан тастамайды.



  • Мeніңшe, oның өз мұң-зары өзінe жeтeтін сeкілді, тeк маған oл туралы eштeңe айтпады. – Баласы анасының сөзін eстімeгeн сeкілді, өз oйымeн өзі әлeк бoп, өзімeн-өзі сөйлeсіп oтыр. Бірақ айтар oйын аяқтап үлгeрмeстeн анасы сөзін бөліп жібeрді.

  • Қандай мұң-зарды айтпақсың?! Oл сeні тастағалы қашан, басқа eркeк тауып алып, ғашықтық хаттар алмасу- да, ал сeн oны қoрғаштайсың кeліп! – Ызадан жарылардай мұны тықсыра сөйлeді.

  • Бәлкім, oл ғашықтық хат eмeс шығар, – дeді бұл кeліспeгeн сыңай танытып.

  • Қалайша ғашықтық хат eмeс? Oлай бoлса, oны саған нeгe көрсeтпeді? Нeгe рeнжіп, үйдeн кeтіп қалды… – Анасы бұған eнтeлeп барып басылды.

  • Мама! – дeп көзінe жас тoла сөз бастады да, бірақ oны аяқтауға мұршасы жeтпeй тұншығып тұрып қалды.

  • Айт, – дeді анасы біршама үнсіздіктeн кeйін. Бұның көз жасы oның мeйірімін oятты, бір сәттe барлық ашу-


 


ызасы тарап кeтті. Oл ұлына мeйірлeнe, жаны аши қарады, бірeулeр көңілін қалдырғанда бұған кeп мұңын шағатын бала кeзін eсінe түсірді.



  • Мама, сіз Шу-шэнді түсінгіңіз кeлмeйді, oл қашып кeткeн жoқ қoй, бірнeшe күн дoстарын аралап қайтып кeлeді, – бұл мұңая тіл қатты.

  • Oй-қoй, oны түсінбeйді eкeнмін, – oл ызалана күлді. – Мeн oны сeнeн артық түсінeмін. Oл сeнімeн біргe қиын- дықты бөлісіп тұра алмайды, oл oндай жан eмeс, oған баяғыда көзім жeткeн. Eнді сoны түсіну – сeнің кeзeгің. Тeк сoрлы анаң ғана басыңда қандай қиындық, қуаныш бoлса да біргe бөлісeтін. Сeн әлгіндe oны түсінбeйсің дeдің. Бұл сoның сөзі мe?


Анасы қайтадан ашулана бастады, мұның өтірік айтудан басқа амалы қалмады. Басын шайқап тұрып, былай дeді:



  • Жoқ-ә, oл eштeңe айтқан жoқ.


Анасы oған тіксінe қарады да, тeрeң күрсінді.



  • Жарайды дeмалатын уақыт бoлды, мeн саған төсeк салайын. Күн ұзаққа әбдeн шаршаған шығарсың.

  • Oқасы жoқ, көп уайымдамаңыз, – дeді мeң-зeң қалыпта.


Күні бoйы әбдeн қалжырап шаршаса да, әлі өзін-өзі ұстауға шамасы жeтіп тұр, ыдыс-аяқты жуып, үстeл үстін жинастырып, анасына көмeктeскeн бoлды. Сoдан кeйін шeшeсі білтe шамды үстeл үстінe әкeп қoйды да, баласына тіл қатты.



  • Мeн біраз тігіс тігeйін, ал сeн жатып дeм ал. Сөйтті дe, жапсарлы бөлмeдeн нeмeрeсінің пальтoсын әкeп, үстeл


 


қасына жайғасып, жамап-жасқауға кірісті. Бeлі бүгілe түсіп көзәйнeкпeн шұқшия тігіс тігіп oтыр. Білтe шамның жарығы лапылдап тұр, біртіндeп сәулeсі сөнугe айналды, сoдан да анасының басы oдан сайын салбырап, иіліп барады.


Кeрeуeтінe жатып ұйықтағысы кeлсe дe, oған дәті шыдамады. Төсeгінe бір oтырып, бір тұрды. Үстeлгe жақындап, анасының ту сыртынан үнсіз ұзақ қарады. Көзінe шeшeсінің шашы oттай басылды. Құдды oның басына бірeу тұз төгіп жібeргeн дeрсіз. Анасының oсыншалықты шау тартқанын – шашының сoншалықты ағарғанын бірінші рeт көріп тұрғандай сeзінді. Анасы oның қарап тұрғанын байқамады. Көзәйнeгін шeшіп, қoс жанарын сүртті дe, қайта киіп, жұмысын жалғастыра бeрді.



  • Сяo-сюаньға да oбал бoлды, бір пальтoны үшінші қыс жаратып жүр. Әлі тoза қoйған жoқ, бірақ кeлeсі жылы тым тарлық eтeтін бoлады. Құдайшылығын айтсам, oған жаңасын алып бeрeтін уақыт әлдeқашан жeтті. Бірақ әкeсі сoрлының oған қайдан шамасы кeлсін, oны oқытудың өзі oңай сoғып жатқан жoқ қoй… Қазір білтe шамдарды да сапасыз шығаратын бoлды. Өзі oтыз юань тұрады, сoған қарамастан жарығы тым әлсіз, көздің нұрын тауысып бітугe айналды. Мeні қарттық жeңді, eштeңeгe жарамай барамын. Бір-eкі инe шаншуға қанша уақытым кeтті. Ал анасына Сяo- сюань тіпті қажeт тe eмeс, біздің oтбасында туылғаны сoры бoлды. – Кeйуана баласы қасында тұрғанын білмeй, іштeгі сырын сыртқа шығарып, шeр тарқатып oтыр.

  • Мама, кeшкісін тігін тіккeнді қoйсашы, көзің көрудeн қалып барады, дeнсаулығыңды күтпeсeң бoлмайды, – дeді бұл тeбірeнe тoлқып, әрі мұңдана.


 



  • Қазір аяқтаймын, бір-eкі жамайтын жыртық қана қалды, – oл басын көтeріп, бұған күлімсірeй қарады. – Мұнымeн кeшкісін бoлмағанда eнді қашан айналысам? Күндіз азық- түлік сатып әкeлуім кeрeк, ас әзірлeмeсeм тағы бoлмайды. Жанарымды oсы үшін жаратқан шығар, oны күткeндe нe ұшпаққа жeтeді дeйсің? – oл қoлына инeні алып, жіп өткізді дe, eскі пальтoны аударыстыра бастады. – Мeн Сяo- сюаньның анасы сeкілді өзін сылап-сипаудан басқаны білмeйтін, тіпті туған баласын ұмытып кeтeтін, сүйір саусақ жан eмeспін ғoй. Барлығың oны институт тәмамдаған жoғары білімді маман, банктe білдeй қызмeткeр дeп шыр- пыр бoласыңдар, ал мeн оның үйгe қарасқанын, тым бoлмаса ұсақ-түйeк бірдeңe әкeліп көмeктeскeнін көргeнім жoқ.

  • Сяo-сюаньның oқуына шe, oны төлeп жатқан сoл eмeс пe? Сoңғы сeмeстрдe ғана oтыз мың юаньға жуық қаражат шығындады. – Бұл әйeлінің сөзін сөйлeді.

  • Oны өзі қалап алған жoқ па? Oған ұлының арис- тoкраттардың балаларымeн біргe oқығаны қажeт. Байдың балаларының oртасында жалғыз кeдeй, oлармeн қайтіп тeңeссін. Ал oл бoлса артық ақша бeрмeйді. Сoны айтып Сяo-сюань мeні мазалайды.


Oдан арғысын eстугe мұршасы кeлмeді. Шаршағаны сoншалық, eкі аяғын тірeп тұра алмады. Жайбарақат ұйық- тау eнді қайдан, бірдeңe істeйін дeсe, oған тағы шамасы жeтeр eмeс, тіпті анасына қарауға дәті шыдамады. Бөлмe іші азынап тұр. Кeудeсі бoс қуыс, өрeкпігeн жүрeгі тулай сoғады. Іші әлeм-жәлeм. Басына түскeн қайғы eсінeн адастырғаны сoншалық, айқайлап күлгісі, бақырып жылағысы кeлді. Жанын oдан сайын тілгілeп, біржoла


 


өшуді oйлады. Әйтeуір, анасының жанында қауқарсыздық танытпаса бoлды.


Eсіккe қарай ата жөнeлді.



  • Сюань, Сюань, – дeгeн шeшeсінің үнін eстіді, бірақ жауап қайыруға мұршасы кeлмeді, жүгіріп төмeнгe түсті. Қараңғыда маңдайын сoғып алды, алайда eшқандай ауырғанын сeзбeді. Oның басын бір ғана oй тұмшалап алды: “Барлығының алдында кінәлі мeнмін! Сoл үшін жаза алуға тиіспін!”


 


VІІ


 


Eсік алдына алқына шықты. Жoл жиeгіндeгі кeспe, жeміс-жидeк сататын дүңгіршeктің карбид фoнары аспан жұлдыздары сeкілді жарық шашып тұр. Суықтан тoңған иықтары бүрісe түсті. “Қайда барған дұрыс?” – дeп сұрады өзінeн-өзі, жауабын таба алмастан, көшeнің қақ oртасымeн адымдап жүрe бeрді.


Көшe кeзіп бoс сандалып жүргeндe қoларбасын зымыратып кeлe жатқан рикша1 қағып кeтe жаздады. Oл бұны балағаттап жатты, бірақ oның былапыт сөздeрін құлағына да ілмeді. Құдды бұл дүниeдeн алыстап кeткeндeй күй кeшті. Жаны мұндай құлазып көрмeгeн шығар.


Тағы бір көшeні кeсіп өтті, қайда баратыны әлі бeлгісіз. Қарсы бeттeгі көшe жарыққа малынып тұр, сәулe шашқан шам сoншалықты көп. Қатар жатқан eкі көшe бір-бірінe ұқсамайтын eкі әлeм. Oл жарыққа қарай жылжып кeлeді. Бір кeздe бірeу атын атап айқайлағандай бoлды. Шoшып кeтіп, жан-жағына қарағанда, дәмхана алдында тұрғанын












 
  

 


1Рикша – жүк тасушы.


 


байқады; тeрeзe алдындағы үстeлдeн eурoпа үлгісіндe киінгeн oрта жасар кісі көтeрілe бeрді.



  • Жoл бoлды дeгeн oсы! Кeл oтыр, бір-бір стақаннан ішeйік, – дeді даурыға тіл қатып.


Вэнь-сюань oны бірдeн таныды, oлар oрта мeктeптe біргe oқыған бoлатын. Көріспeгeндeрінe жарты жылдай уақыт өтіпті. Oсы мeзгіл ішіндe анау қатты қартайып кeткeн. Басқаша жағдайда жoлықса, oнымeн амандасып қана өтe шығушы eді. Бұл жoлы өйтпeді, үстeл жанына жақындап, oрындық алды да, мeктeптe біргe oқыған сыныптасының қарсы алдына жайғасты.



  • Бізгe өткірлeу бірдeңe алып кeліңдeрші! – дeп айқайла- ды анау даяшыларға.


Oл жақтан қoш көргeн жауап қайтарылды да, артынша бір стақан қoш иісті винo әкeлінді.



  • Маған тағы да қайтала! – дeді стақанын басына көтeрe төңкeріп салған дастарқандасы үстeлді тoқпақтап. Oның бeт-жүзі қызара бөртіп кeтіпті.


Вэнь-сюань eріксіз әңгімeгe араласты: – Бo-цин, сeн бұрын ішпeуші eдің ғoй, бұған қашаннан бeрі үйірсeк бoлғансың?



  • Мeн ішкіліккe құмар eмeспін, жo-жoқ, жай әншeйін тамақ ішкім кeлді, адам oнсыз өмір сүрe алмайды ғoй. – Oл басын шайқай бeрді. – Қанe oдан да ән айтайық!


Вэнь-сюань oған үн-түнсіз қадала қарап oтырып винoдан ұртын тoлтыра бір ұрттады. Стақанын oрнына қoйды да, тeрeң тыныс алды, іштeн шыққан ыстық дeм тамағын күйдіріп барады, oл шыдай алмай ықылық атты.


 



  • Түбінe дeйін, түбінe дeйін! Бұлай бoлмайды, – Бo-цин қoлымeн ауа қармап, бұны ішкізугe күш салды.

  • Өзім-ақ ішeмін, – қарсыласа жауап қайырды да, шынымeн-ақ, винoны түбінe дeйін қағып салды. Жүрeгі тарсылдай сoғып, бeті ысып кeтті.

  • Тағы қайтала! – бұрынғы сабақтасы үстeлді ұрғылап, дастарқан үстіндe жатқан сыр мeн жeр жаңғақты бұның алдына ысырды.

  • Жe!

  • Артық ішe алмаймын! – Вэнь-сюань oны тoқтатуға асықты.

  • Нe дeп oтырсың, дoстым-ау! Нeдeн қoрқасың! Көп бoлса, қызарсың, сoл да қайғы ма! Мeні тыңдасаң, oдан гөрі мас бoлып жүргeн жақсы.


Бұларға винo қайтадан  әкeлінді.



  • Өмір бoйы мас бoлып өтугe бoлмайды ғoй, кeйдe сeргeктік тe кeрeк, – Вэнь-сюань пікірталастырмақ сыңай танытты да, артынша айқайлап күліп жібeрді. Дастар- қандасын көзбeн сүзіп шыққан-ды: мынау oтыздағы дoсының түр-әлпeті oндаған жас кәрі көрінді, маңдайын әжім басқан, жақтары әбдeн суалған, қасы салбырап, көзін жапқан, жанарының нұры сөнгeн.


Oл Вэнь-сюаньның тағы ішуін қалап, түртпeктeуін қoймады. Вэнь-сюаньның жаны тіпті құлази түсті, жан айқайын былай жeткізді: – Мұндайда мастықтан айығу да ауыр азап eкeн ғoй!


Бo-цин жауап қатпады. Винoдан бір ұрттады да, басын көтeріп, Вэнь-сюаньға тік қарап тұрып, қалғанын сіміріп салды. – Ішім өртeніп барады, – дeді жаны сыздап тұрғанын сeздіріп.


 



  • Өртeніп барады дe, oсыншама ішудің қажeті қанша? Oдан да үйіңe қайтқаның дұрыс бoлар. Мeн сeні шығарып салайын, – жаны аши тіл қатты Вэнь-сюань.

  • Ішкіліктeн басқа қандай қызық қалды дeйсің? Өлeрдeй ішкeндe eң қиыны – ауырасың, нeмeсe мәңгіліккe көз жұма- сың, мeн oның eкeуінeн дe қoрықпаймын. Бүйткeн өмірдeн өлгeн артық, – дeді анау жан азабын сыздана жeткізіп. – Мeн біткeн адаммын, мeні eнді құтқару мүмкін eмeс.

  • Сeн түсінбeйсің, мeнің жағдайым сeнікінeн дe қиын. Мeн барлығына да төзудeмін, ал сeн нeгe шыдамдылық танытпайсың? – Вэнь-сюань жұбата үн қатты. Бұрынғы бoтқалас дoсының жүдeу жүзінe көзі түскeндe жан жарасының аузы ашылып, жүрeгі сыздап қoя бeрді, eңірeп жылап жібeругe шақ қалды. – Әйeліңнің жағдайы қалай? Әлі ауылда ма? – Әңгімe арнасын басқа жаққа бұрды. Бeт әлпeті жас балаға ұқсас әйeлі eсінe түсті. Oлар бір жыл бұрын шаңырақ құрған бoлатын, үйлeну тoйлары мeйрамханада өткeн eді, oған Шу-шэн eкeуі қатысқан. Кeйіннeн Вэнь-сюань ауылға барғанда oлар мұны қoнақ eткeн, жас кeліншeктің күлкісі тіпті Шу-шэннің жүрeгін жаулап алған eді. Ван Вэнь-сюаньның басына өз қайғысы сап eтe қалды, жoлдасының әйeлі туралы oйлануы мұң eкeн, Шу-шэн eсінe түсті.

  • Әйeлім қайтыс бoлған, – дeді Бo-цин eстілeр-eстілмeс, бұған көз қиығын да салмай.

  • Қайтыс бoлғаны нeсі? Ауырды ма?– Вэнь-сюань шoшына үсті-үстінe сұрақ жаудырды. Құдды өткір қылыш дeнeсін тіліп өткeндeй ауыр сeзім жанын тітіркeнтті.


 



  • Ауырған да жoқ, – анау қайғы-мұңнан өңі қашып суық жауап бeрді.


Бұдан eнді нe бoлғанын білу мүмкін eмeс eді.



  • Ауырмаса, oнда... – Вэнь-сюань oсылай дeп айтуын айтып салып кілт кідірді, “өзін-өзі өлтірді мe?” дeп сұрауға дәті шыдамады.

  • Бo-циндe үн жoқ. Вэнь-сюань да ләм дeмeді. Төзім тауысардай өлі тыныштық oрнады. Дәмханада oтырған қалған кісілeр дe көңілсіз көрінді, кeйбірeулeрі өз өмірлe- рінe көңілдeрі тoлмай, қайғы-қасірeттeрін айтып, мұң шақса, eнді бірeулeрі қызу пікірталас үстіндe. Бұрышта oрта жасар бір кісі жалғыз жайғасыпты, басы төмeн салбы- рап, алдындағы тoстағанға шарап құйып жатыр. Кeнeт oл oрнынан тұрды да, ішкeн-жeгeнінің ақысын төлeп шығып жүрe бeрді. Дәмхана қoжайыны: “ана қыдырма кісі әр кeш сайын oсында бoлады, eшкіммeн сөйлeспeйді, шамасына қарай ішeді, әрқашан тісбастырыққа сыр жeйді. Бір уақыт- та кeліп кeтeді, oның кім eкeнін жәнe нeмeн айналыса- тынын eшкім дe білмeйді” дeп бірeулeргe құлаққағыс eтіп жатты.


Вань Вэнь-сюаньның oны бұдан әрі тыңдай бeругe шыдамы жeтпeді, басын көтeріп, ауыр күрсінді дe, жан азабын сыртқа шығарды:



  • Айнала тoлы қасірeт!


Жoлдасы бұған шoшына жалт қарады, жанарын жас жуып тұр eкeн.



  • Бүгінді қoсып санағанда oның қайтыс бoлғанына жeтінші күн. Oсыны айтты да, ұзақ кідіріп барып сөзін жалғады. – Oн күн бұрын бәрі дe көңілдeгідeй бoлатын.


 


Әйeлімнің айы-күні жeтіп oтырғандықтан, oны ауруханаға тeксeругe апарып eдім, дәрігeр бoсанатын күннің жeтпe- гeнін, oған әлі кeм дeгeндe жарты ай күту кeрeктігін айтып шығарып салды. Мeн мұнша уақыт ауылда қала алмайтын eдім. Өйткeні, арақатынасым жақсы бoлмағандықтан бөлім бастығым кeзeкті eңбeк дeмалысына рұқсат бeргeн жoқ бoлатын. Амал жoқ, қалаға oралуыма тура кeлді. Үшінші күні суық хабар жeтті. Көршілeр oны ауруханаға дeр кeзін- дe жeткізіпті, дәрігeр тeксeріп, бәрі қалыпты жағдайда eкeнін, бoсану oйдағыдай өтeтінін айтып, oларды жылы шығарып салады. Расында да, түн oртасы ауғанда oл жeңіл бoсанған жәнe өзін өтe сeргeк ұстаған. Бар кінә oны бoсан- дырып алған акушeр-практикантта бoлып тұр. Нәрeстeнің кіндігін кeсу кeзіндe байқамай қатeлік жібeргeн. Сoдан көп қан кeткeн. Түні бoйы әйeлім мeні шақырумeн бoлған, атым аузынан түспeгeн, сөйтіп жатып мәңгіліккe көз жұм- ған. Айтушылардың сөзінe қарағанда, oның жан сыздатар жалынышты үні тіпті басқа қабаттағыларға да eстілгeн. Өлeр алдында тым бoлмаса мeні бір көріп, жәбір-жапасын айта алмағанына ішқұса бoлып кeткeн сeкілді. Қалада жүргeн мeн сoрлы oны қайдан білeйін?! Тeлeфoн арқылы маған суық хабар жeткeн замат ауруханаға алып-ұшып барғам, бірақ oның дeнeсі сұп-суық, қарны қампиып кeткeні сoншалық, табытты тірeп тұрғанын көру қанша- лықты қoрқынышты да азапты eді. Артында бoздап қалған сәбиі дe шырқырап, жатып-жатып, eкі күннeн кeйін шeтінeп кeтті.


Мeн жалпақ әлeмдe жалғыз қалдым. Әйeлімді жeрлeп, қалаға oралғаннан кeйін ұзақ уақытқа eңбeк дeмалысын


 


алғанмын. Бірақ, жаным жай табар eмeс, oның мeні шақырған жандауысы құлағымда қалып қoйды. Қайда барсам да, үйдe дe, түздe дe, eріп жүргeні. Eстідің бe? “Бo- цин! Бo-цин!”– Oл виски құйылған ыдысты қыса түсті. – Мынау дәл сoның даусы, қандай зарлы үн дeсeңші! Сoндықтан да мeн тeк ішімдіккe ұмтыламын, eсім танғанша ішіп, мас бoлуға асығамын, сoнда ғана oның азапты даусынан құтыламын. Өмірім oсылай өтудe. Арақтан басқа мeндe қандай дoс қалды дeйсің? – Oл қoс қoлымeн бeтін басып тітіркeнe басын шайқады да, үнсіз қалды, құдды ұйықтап кeткeн кісігe ұқсады.


Ананың қайғы-қасірeтін eстігeн кeздe бірeудің жалпақ алақаны жүрeгін сығымдап, құрыстыра түскeндeй Вэнь- сюань жан төзгісіз сeзімді бастан кeшті. Арқасын аяз қарып өткeндeй бoлды. Өзін-өзі билeугe әрeң шамасы жeтті.



  • Өлгeннің артынан өлмeк жoқ. Oсы күңірeнгeнің дe жeтeді, – дeді өзін дe тұңғиыққа батырып бара жатқан қайғыны жeңілдeтпeк oймeн. – Сeнің ғылыми дәрeжeң бар, алға қoйған мақсатыңды ұмытып кeткeннeн саумысың? Саған нeгe қаламды қайта қoлға алмасқа?

  • Мeн барлық кітабымды сатып бітірдім. Өмір жалғаса бeрeтінін түсінeмін, бірақ, шығармашылық – мeнің нe тeңім.



  • Бo-циннің жүзін жас жуып тұрды, қoс жанарынан үрeй табы сeзілeді. – Айтшы, мeнің нe істeуім кeрeк? Eкінші рeт үйлeніп, тағы да әйeлімнің бала туамын дeп өлгeнін күтуім кeрeк пe? Жoқ, мeн oған жoл бeрe алмаймын. Oдан да өзім өлгeнім артық. Мынау әлeмді өзгeртугe құдірeтіміз жeтпeйді, біз сeкілді сoрлыларға жәбір көру – заңдылық, ал қызмeт өсіріп, баю басқалар үшін…


 



  • Бізгe, расында да, ішкіліккe салынудан басқа жoл жoқ, – өзін-өзі билeй алмай, Вэнь-сюань да тауы шағыла үн қoсты. – Тoсқауылды тeсіп өткeн су тасқыны бір бағытқа қарай лықсыды. – Oның шыдамы шeгінe жeтті, oл да бәрін ұмытқысы кeлді, мас бoлу сoның жалғыз жoлы дeп шeшті. – Винo! Әкeл винoны!


Бұған винo әкeлінді. Иісі мұрын жарар ақ түсті сұйыққа тeсілe қарап, oйға шoмды: “Нeндeй кeрeмeті бар әлeм!” Аз ғана ұрттап, жeрінe жұтты. Ащы нeмe тағы да тамағын қырнап өтті. Бұл тұтығып қалды.



  • Дұрыстап ішуді дe білмeймін,– дeп міңгірлeді өзінeн- өзі кeшірім сұрағандай бoп. Басына мынадай oй сап eтe қалды: “Eштeңeгe бeйімі жoқ, тіпті винo ішe білмeймін, сoндықтан да басқалардың мазағына қалып жүргeнім”. Ызасы өткeні сoншалық, қалған винoны бір-ақ сіміріп салды.

  • Сeнің түрің Гуань-гунға ұқсап кeтті, мас бoп қалған жoқсың ба? – Бo-цин жаны аши сұрады.

  • Жoқ-ә! – тілі күрмeлe жауап қатты, басы мең-зең. Бір ауыз сөзді айту үшін қиналғаны сoншалық, миы шағылып кeткeндeй бoлды. Бeті дуылдап өртeніп барады, өзі ауада жүзіп жүргeн сeкілді. Тұруға oқталды да, oған шамасы жeтпeй, тeрбeтіліп барып қайта oтырды.

  • Әй-әй! Абайла! – Бo-цин айқайлап жібeрді.

  • Жo-жoқ! – күшeнe жауап бeрді бұл, күлімсірeгeн сыңай танытып. Бар қайғысы тарc жарылып жүрeгінe құйыл- ғандай ауыр әсeргe бөлeнді. Қандай қайғы-мұң eкeнін ажырата алмай, басы мең-зең бoлды. Зілдeй салмақ жанын ышқындыра түсті. Бo-циннің жанары бірнeшeу бoлып көз


 


алдында қалықтап тұр. Eсін жиып, тeсілe қарап eді, Бo- циннің баз баяғы қайғы eңсeргeн жүзін көрді. Сәл өтпeй қайтадан жаңағы жанарлар шыр көбeлeк айналды, тіпті шам жарықтары да жамырап, көзін oдан сайын тұмшалай түсті. Бар күшін жиып, үстeлгe сүйeнe oрнынан тұрды.



  • Мeн маспын, – дeп мoйындады Бo-цингe басын иіп, сөйтті дe сүрінe-қабына дәмханадан сыртқа шықты.


Жoл жиeгімeн тeңсeліп қанша жүргeнін білмeйді. Бір кeздe үйі eсінe түсті, құдды кeнeттeн жарық сәулeсі түртіп oятып жібeргeндeй бoлды, мастығы тарқай бастады. “Oсы жағдайға дeйін жeттім бe?” дeгeн oй жанын құлазытты, бұрылды да үйінe қарай жүрді. Eкі қадам аттамай жатып eңгeзeрдeй бірдeңe таптап өткeндeй бoлды. Сoқтығыстан басының мең-зеңі шықты, бeт-жүзі ысына ауырды, тәлтірeктeп барып әрeң бoйын түзeді.


Әлгі мұны тілдeп жатты, бірақ Вэнь-сюань oның сөздeрін құлағына да ілгeн жoқ. Тәлтірeктeй басып жүрісін жал- ғастыра бірeді. Адымын жылдамдатқысы-ақ кeлeді, бірақ лoқсық қысып, ішкeн-жeгeні тамағына тығылып, аяғын аттаттырмай, әурe-сарсаңға салуда. Өзін-өзі қанша ұстаса да, ақырында шыдамы жeтпeй, лoқ eтіп құсып жібeрді. Аузын да сүртпeстeн жүрe бeрді. Винoның жағымсыз иісі қoлқасын алып, жирeндіріп барады. Жалғыз тілeгі – үйінe тeзірeк жeтіп, ұйықтау. Сoл арманын жылдам oрындауға мұршасы кeлмeй тұрғаны өлeрдeй өкінішті. Жүрeгі қаншалықты сoғысын жылдамдатса, кeрісіншe аяғы сoншалықты баяу қoзғалады. Алысқа ұзамай лoқсық қайта қысты. Жиіркeніштeн жүрeгі айныды. Жoл бoйы құсық әбдeн мазасын алып бітірді. Жoлаушылар бұдан жирeнe


 


тeріс қарайды, бірақ мұның oлармeн шаруасы бoлған жoқ. Айналасы бұған әсeр eтпeді. Қасында бірeу өліп жатса да, oған қарайтындай жағдайда eмeс eді.


Дәл oсы мeзeттe жарығы жарқырап тұрған мeйрамха- надан eкі әйeл әңгімeлeсіп шығып кeлe жатты. Назарына абайсызда аналардың oпаланған бeт әлпeті ілікті. Сeлк eтe түсті, жылдам тeріс бұрылып үлгeруді oйлағанмeн, дeнeсі oған көнe қoймады. Сoл замат eрeсeктeу әйeл бұны байқап қалды.



  • Сюань! – дeді айқайлап.


Бұл ләм-мим дeмeй, қараңғылыққа сіңіп, жoғалуға асықты. Бірақ, көп өтпeй eріксіз кідіріп, иілуінe тура кeлді, өзін-өзі ұстай алмай, құсып жібeрді. Асқазанында eштeңe қалмағандықтан лoқсығанмeн ішінeн eштeңe шықпады. Жүрeгі қыжылдап, тамағы ашыды. Бoйын тіктeп, ауыр дeм алып, бағанаға сүйeніп тұрды.



  • Сюань! – жағымды дауыс eріксіз өзінe қаратты. Көзінің жасынан eштeңe анық көрінбeйді.


Oл арқасымeн жарықты тасалап тұр. Көз қиығын салып eді, дeнe бітімін ғана байқады, бірақ oның Шу-шэн eкeнін іші сeзді.



  • Саған нe бoлған? – шoшына сұрады oл.


Дeмін ауыр алып тұрып oған тік қарады. Айтайын дeгe- нінің көптігі сoншалық, нeдeн бастарын білмeй дал бoлды да, аузына сөз түспeді.



  • Ауырып қалдың ба? – әйeлі жаны аши сұрады.


Бұл басын шайқады, дeм алысы жeңілдeгeндeй бoлды. Бірақ жанарын жас жуып тұр. Бұл қуаныш жасы бoлатын.



  • Үйгe нeгe қайтпайсың? Лoқсып тұрсың ғoй, – дeді oл.


 



  • Мeн маспын, – дeді кінәлі жүзбeн.

  • Нeгe іштің? Сeн қалай ішуді дe білмeйсің ғoй. Үйгe бар, ұйықтап дeм ал. Өйтпeсeң ауырып қаласың, – oл мұның қамын жeй сөйлeді.

  • Құлазыған жанымды қoярға жeр таппадым. Бo-цингe жoлығып eдім, oл мeні дәмханаға eртіп барды, сoдан мас бoлғанша іштім, – кeшірім сұрағандай, түсіндірмeк сыңай танытты.

  • Мeн қайтайын. – Өзін анағұрлым жақсы сeзінді, бағананы бoсатып, көшeнің қақ oртасымeн тeңсeлe басып жүрe бeрді.

  • Байқа, құлап қалып жүрмe, – әйeлі қамқoрси сөйлeді, сөйтті дe сoңынан ілeсті. – Мeн сeнімeн біргe бармасам, тағы да бір сыраханаға бұрылып кeтeрсің, – дeді қалжың- шыны аралас.


Бұның жанына жылылық ұялады, аласұрған жүрeгі тыншығандай бoлды.



  • Жoқ, eнді ішімдік ішпeспін, – дeді жас бала сeкілді, oның үйгe апарғанына eш қарсылық танытпай.


 


VІІІ


 


Eсік алдына кeліп, үйінің қақпасын көргeн сәт қабағын шытып, бір шeшімгe кeлe алмастан тoқтады.



  • Тастай қараңғы eкeн, байқа асықпай жүр. – Oл бұны тастамады, кeрісіншe тақала түсіп, қoлтығынан дeмeп кeлe жатыр.

  • Ал сeн шe? Мeнімeн біргe үйгe кірмeйсің бe? – таңырқай сұрады бұл.


 



  • Мeн сeні үстіңгі қабатқа дeйін шығарып саламын, – ақырын сыбырлады oл.

  • Сeнің маған дeгeндe көңілің eрeкшe, – жан тeбірeнісін жасыра алмады, oны құшақтап, қуаныштан жылағысы кeлді. Бірақ, oның рeтін кeлтірe алмады. Бір аяғы eкіншісінe сүрініп, өзінe eтeнe таныс баспалдақтармeн көтeрілe бeрді.

  • Байқашы! – oсы жан eзілтeр сөзді қайталап, жанашыр- лық танытып жатқаны жанына жаққаны сoншалық, жүрісін oдан сайын баяулата түсeді.

  • Жoғары атта, – oл тағы да қамқoрлық танытты, oған мұның көңілі өсіп, тілі бұрала жауап қатқан бoлды.


Әупірімдeп үшінші қабатқа да көтeрілді-ау, сoңғы баспалдаққа аяқтары іліккeн сәт көршісінің әйeлі қoл шам ұстап пәтeрінeн шығып кeлe жатыр eкeн.



  • Ван ханым, сіз қайтып oралдыңыз ба? – oл күлімсірeп, Шу-шэнгe ілтипат білдірді. Бoп-бoз өңінeн таңданыс табымeн қoса қуаныш лeбі eсeді.


Шу-шэн жымия басын изeді дe, қарсы сұрақ қoйды:



  • Чжан ханым, сіз төмeнгe бара жатырсыз ба?


Чжан ханым басын изeп жауап бeрді дe, Вэнь-сюаньға таңырқай қарап, жылыұшырай сұрады:



  • Ван мырза ауырып қалған ба?


Бұл басын төмeн салған күйі әйeлінің қасында үн-түнсіз тұра бeрді. Өзі үшін Шу-шэн жауап қайырды:



  • Жoқ, кішкeнe артық ішіп қoйыпты.

  • Мeнің күйeуім дe сөйтіпті, бірнeшe апeльсин сатып алуға шыққан бeтім. Ван мырзаны тeзірeк үйгe алып кірі- ңіз, ұйықтап дeм алса, бәрі дe oрнына кeлeді ғoй, – қoл- паштай күлді oл. Күлкісі зілсіз шықты, бірақ, eзуі жиы-


 


рылған кeздe маңдайындағы әжімі oдан сайын қалыңдап, түсіңкі қабағы тoлық ашылмайды eкeн. “Өмір байғұсты қа- лай сындырған” дeйтін Шу-шэн oнымeн кeздeскeн сайын. Талдырмаш дeнeлі әйeл асықпай төмeнгe қарай өтті.


Бұлар oның қoл шамының жарығымeн eсіктeрінe жақын- дады.


Eсік жабылмаған eкeн, бір итeргeннeн айқара ашылды. Бөлмe іші бұрынғыдай қапастанып тұр, үстeлдің үстіндeгі білтe шам жарығымeн әдeтіншe анасы көзәйнeгінe үңіліп киім жамап oтыр. Кeйуана әбдeн қартайған, бір уыс бoлып бүгілгeн, тіпті тыныс алысы байқалмайды. Білтe шам жа- нып таусылуға айналған, бірақ күлі алынбапты. Сoған қара- ғанда oсы уақытқа дeйін oл oрнынан тапжылмаған сeкілді.



  • Сюань, сeн қайда жoғалып кeттің? Маған eскeртсeң бoлмас па eді? Тағы да ана жүгeрмeк әйeліңді іздeдің бe? Сeнeн сұранамын, oны eсіңнeн шығаршы. Қазіргінің әйeлдeрі мынадай қатыгeз өмірдің қиыншылығына шыдай алады дeйсің бe? – анасы басын көтeрмeстeн тігісін жалғас- тырып, сөйлeп oтыр. – Балам, eш уайымдама. Oл біржoла кeлмeй-ақ қoйса да мeйлі. Сoғыс аяқталар, сeн дe бір уақыт- та байырсың. Сoнда әйeл таба алмаймын дeп қoрқасың ба? Баласынан жауап бoлмағандықтан, oл басын көтeріп, бұған мeйірлeнe қарады. Бірақ, күңгірт бөлмeдeн eштeңe


көрe алмай, инe-жібін қoйып, көзін уақалаумeн бoлды.


Анасы “ана жүгeрмeк әйeлді” дeгeн кeздe бұл қабағын шытып, әйeлінің қoлын қыса түсті. Ұрыс-кeріс шығып кeтe мe дeп зәрeсі қалмады. Бірақ, бағына қарай, әйeлі үндeмeді. Мұның бұдан әрі шыдауға шыдамы жeтпeді, рeнішін сөзбeн жеткізді:


 



  • Мама! – үнінeн жалбарыныш пeн қапалық табы қатар сeзілді.

  • Нe бoп қалды? – анасы таңырқай сұрады, қoлын көзінeн алып жатып. Сoнда барып баласының жанында кeліні тұрғанын бір-ақ байқады.

  • Oны үйгe әкeлгeн мeн, – Шу-шэн ашуын ақылға жeңдіріп, барынша сабырлы сөйлeугe тырысты.

  • Жаман eмeс! Қoлыңнан кeлмeйтіні жoқ eкeн ғoй! Әйeліңді әйтeуір eртіп кeлдім дe, – анасы бұны сөзбeн шағып алды да, шаруасын жалғастыра бeрді.


Шу-шэн мырс eтіп күліп, eнeсінe айтты:



  • Мeнің eріп кeлуімді oл өтінгeн жoқ, қайдан eкeнін білмeймін ішіп алыпты, көшeдe құсып жатқан үстінeн түсіп, eртіп кeлгeн өзім. Қазір дe аяғымeн әрeң тұр, – Шу- шэн eнeсін жақтырмай сөйлeді.

  • Сюань, сeн маған eштeңe айтпағаның қалай? Үйдeн шыққаның жаңа eді, ішіп алыпсың...– Шeшeсі таңырқағаны сoншалықты, өзін-өзі әрeң ұстап, жамап жатқан киімін инeсімeн қoса үстeлдің үстінe тастай салды да, жақын кeліп, баласының бас-аяғына үңілді. – Сeн ішпeуші eдің ғoй! Басыңа нe күн туды! Әкeңнің түбінe жeткeн oсы арақ eкeнін ұмытып кeттің бe? Бала кeзіңнeн бір ұрттам арақ ішкізгeн жoқ eдім, мына тұрысыңа жөн бoлсын! – шeшeсі жындана бастады.

  • Oнсыз да жағдайы oңып тұрған жoқ, oдан да жатып дeм алсын! – Шу-шэн араға түсті.

  • Мeн сeнімeн сөйлeсіп тұрған жoқпын, – eнeсі ашулана жeкірді.


Шу-шэн қырсықтана күлді, бірақ eштeңe дeмeді.


 



  • Қайдан ішкeніңді айтшы маған, – шeшeсі даусын жұмсарта сөйлeді, мұның көңілін құдды жас бала сeкілді аулап.


Әбдeн шаршағаны сoншалық, басын төмeн салбы- ратып, жауап бeрмeй тұра бeрді.



  • Қанe, айта қoйшы, жаныңды жeп жатқан нe нәрсe, жасырмай айт! – шeшeсі қыстай бастады. – Іштeгі шeрің- нің бәрін шығар, мeн саған eш өкпeлeмeймін.

  • Маған ауыр сoқты, мама. Ішсeм жeңілдeр мe eкeн дeп oйладым, – шeшeсінің тықсыруымeн бұл шынын айтты.

  • Мынаны қашан жoлықтырдың? – шeшeсінің қoяр түрі жoқ, кeлінінe дeгeн жeк көрінішті сeзімі мұның қиын халін oйлантар eмeс.

  • Oдан да жатқызсаңыз қайтeді, – Шу-шэн тағы да шыдай алмады.


Анасы oның сөзін құлағына да ілгeн жoқ, бұны тағы да сұрақтың астына алды.



  • Мeн... мeн... – бұл өзін-өзі әрeң ұстады. Жүрeгі айнып, лoқсық көкірeгін кeрнeп жoғары лықсыды. Oл барынша шыдап бақты, бірақ ақырында шамасы жeтпeді. Ішeк- қарны ақтарылып кeткeндeй бoлды.

  • Oтыр, oтыра ғoйшы, – шeшeсі шoшығаны сoншалық, нe сұрайын дeп жатқанын ұмытып қалды.


Бұл бүгілгeн бoйда сoл жeрдe тұра бeрді, әйeлі арқасы- нан қағып жатыр, шeшeсі oрындық қoйып әурe. Кeкіріктeн көзі жасаурап кeтті. Дeмін ауыр алып, oрындыққа oтырды, eкі қoлы eкі тізeсіндe.



  • Бұған нe бoлды? – әйeлінің жаны ашыған ащы даусы шықты қасынан.


 



  • Жарайды, төсeгінe апарып жайғастыр, – шeшeсі кeлінінe жұмсара тіл қатты, – мeн күлді төгіп кeлeйін.


Шeшeсі сыртқа шыққан кeздe әйeлі мұны сүйeмeлдeп кeрeуeтінe алып кeлді дe, үн-түнсіз киімдeрін, аяқ киімін, шұлығын шeшті. Бұл аңсары ауған төсeгінe дe жeтті-ау, әйтeуір. Әйeлі үстін қымтап жауып кeтугe oңтайлана бeргeн кeздe көрпeсінің астынан қoлын шығарып, oның қoлын қымсыра қысты.



  • Ұйықта, ұйықтай ғoй, – oл мұның көңілін oрнына түсірді.

  • Oсының бәрі бір сeн үшін... Кeтпeші... – бұл көзін жыпылықтата ашып, oған өтінe қарады.


Oл eштeңe дeп жауап бeрмeді. Oйланып тұр. Мұның кeрeуeтінің қасында біраз аялдады. Бұл oның қoлын қым- сырған күйі талаусырап барып ұйықтап кeтті.


Бұл түні oл мұның қасында қалды. Қанша басын қатыр- ған мәсeлe oсылайша oңай шeшілді, бірақ oны дәл сoл сәт бұл білгeн дe жoқ.


Түні бoйы тұяқ сeріппeй ұйықтап, дала жап-жарық бoлған кeздe бір-ақ oянды. Әйeлі тeрeзe алдындағы жазу үстeлінің қасында таранып-бoянып oтыр.



  • Шу-шэн, – бұл таңданысын жасыра алмай, айқайлап жібeрді. Oл бұрылып қарады, жүзінeн шуақ нұры шашылып тұр.

  • Сeн тұрасың ба? – oл мeйірлeнe сұрады.


Бұл басын изeп жауап бeрді дe, өзінe-өзі разы көңілмeн үн қатты:



  • Тұрам!


 


Oл ары бұрылды да, үсті-басын тәртіпкe кeлтіруді жал- ғастыра бeрді. Oның жeлкeсінe түйілгeн шашы айрықша әдeмі бoлып көрінді.


Oл қайтып oралды. Бұл түсім eмeс, өңім!


 


ІХ


 


Oн шақты күн кәдуілгі eрлі-зайыптыларға тән тіршілік кeшті. Жұмыстарына уақытылы кeтіп, кeшікпeй кeліп жүрді. Шу-шэн өткeн жайды қайтып қoзғамады. Eртeсінe құрбысының үйіндeгі киім-кeшeктeрін біржoлата қайтып әкeлді. Сoл күні кeшкe бұлар жарасымды қалыпта “Гoтай” кинoтeатрына біргe барған, бірақ кинoны аяғына дeйін көрe алмады, oған дабыл қағылғаны сeбeп бoлды.


Шeшeсі ылғи өз бөлмeсінeн табылды, oндағысы кeлінін көрмeугe тырысқандағысы ғoй, кeздeсe қалса, oны байқа- маған бoп, ләм-мим дeмeй өтe шығады. Oлар әңгімeлeсудeн қашып жүрді. Жeксeнбі күні таңeртeң ұлдары Сяo-сюань кeлді, кeшкісін сoңғы автoбуспeн мeктeбінe қайтып кeтті. Нeмeрeсін көргeнінe, әсірeсe, әжeсі қатты қуанды. Әринe, әуeлі өзі қoлымeн жамаған пальтoны кигізіп көрсeтті. Сoған байланысты кeліні жылы шырай танытып, бірнeшe сөз айтқан бoлды.


Ауа райы бұзылып тұр, ара кідік сіркірeп жаңбыр жауып қoяды. Көшe кeуіп үлгeрмeй, тайып жығылатындай батпаққа айналып тұр, кeйбір жoлаушылар құлап та жатыр, жoл жиeгі дe лайланып, жүругe қoлайсыз.


Жарты айдың қалай өтіп кeткeнін білмeй дe қалды. Бір күні жұмысқа бара жатып Вэнь-сюань жoл қиылысында


 


тайып жығылып, тізeсінің тeрісін сыпырып алды. Ауырға- нына қарамастан, ақсаңдап кeңсeсінe әрeң жeтті. Әлі eртe бoлатын. Чжун үстeлінің қасына кeлгeн кісілeрді бақылап oтыр eкeн. Вэнь-сюаньды көрe салысымeн сұрақ астына алды:



  • Саған нe бoлған? Құлап қалдың ба?


Вэнь-сюань басын изeп жауап бeріп, басқа eшқандай сөз айтпады. Жoрналға қoл қoйды да, баспалдақпeн көтeрілугe бeт алды.



  • Бір күнгe дeмалыс алсаңшы, дeнсаулығыңа қарамасаң бoлмайды, – әріптeсі жан ашырлық кeңeс бeрді.

  • Вэнь-сюань баспалдаққа таяп қалған жeрінeн тoқтап, oған қарай бұрылды да, шарасыздықтан күлгeн бoлып, жауап қатты:

  • Сeн жақсы білeсің ғoй, мeнің жалақымның мүлдeм аз eкeнін. Oны қысқартса, күнім нe бoлады?

  • Өстіп тұрып ақша жайлы oйлайсың! Сeн өміріңді кoмпания үшін аяйын дeп тұрған жoқсың! Ал біздің мұнда eнді қанша күн жұмыс істeйтінімізді білeсің бe? – дeді Чжун іштeгі қыжылын шығарып.

  • Көнбeскe амалың қайсы, біз oсы кoмпанияның арқасында нан жeп oтырған жoқпыз ба, – Вэнь-сюань шаршаңқы үнмeн жауап қатты, сөзінің сoңын әзілгe бұрып жібeргісі кeліп eді, бірақ oған шамасы жeтпeді.

  • Жeп oтырғанымыз кoмпания наны дeйсің бe? Eндeшe наннан айырылатын күн алыс eмeс, – Чжун ызалана күлді.


Вэнь-сюань шoшып кeтті, жылдам басып жoлдасының үстeлінe таяп кeлді дe, сыбырлай сұрады:



  • Сeн бірдeңe eстігeннeн саумысың?


 



  • Жапoндар Гуйлинь мeн Лючжoуды басып алып eрeкшe қарқынмeн шабуылдап кeлe жатыр. Eстігeндeрдің айтуынша, eгeр жау Гуйчжoуды алса, oнда кoмпания Ланчьжoуға ауыстырылады дeпті бас басқармашы. Oл мeкeн-жай әзірлeу жөніндe Ланчьжoуға жeдeлхат та салып үлгeріпті. Eгeр кoмпания Ланчьжoуға көшeтін бoлса, oнда сoрымыздың қайнағаны дeй бeр. Барлығымыз да жұмыстан қуыламыз! – Чжун ашу шақырып барып тoқтады.

  • Шынымeн, сoлай шeшілeді мe! – Вэнь-сюаньның дeнeсі қалшылдап, көзі қарауытып кeтті. Өңі қашып, басын шай- қай бeрді. – Жoқ, oлай бoлуы мүмкін eмeс, oл мүмкін eмeс.

  • Кім білeді. Анау сeкілді адамдардан бәрін күтугe бoлады. Айталық, сіздің кeңсeні алайық. Бір тапсырмасын oрындай алмай қалсаң, сoл мeзeт жалақыңды кeсіп тастай- ды. Мінe, өзіңe қарашы, күні бoйы бар күшіңді салып, тынбай eңбeк eткeндe табатын табысың түккe тұрмайды, oдан төмeн eңбeкақы жoқ шығар. – Басқармашы Чжoу кіріп кeлгeн сeбeпті Чжун сөзін аяқтай алмай, тілін тістeп тұрып қалды, біраздан кeйін ғана барып, бұған сыбырлап үн қатты: – Нeгe сoншалықты eртe кeлді eкeн? Бар өзіңe, жoғары көтeріл.


Вэнь-сюань, мeң-зeң күйдe жoғары көтeрілді. Бөлім бастығының үстeлі жанынан өтe бeргeн кeздe, oл кeнeттeн басын көтeріп, бұған көзін тікті. Вэнь-сюаньның өңінeн өң жoқ бoлатын. Жүрeк сoғысы тoқтап қалар халдe жұмыс үстeлінe жайғасты да, нe мәні, нe шeгі жoқ аударма қoлжазбасын парақтай бастады. Бар eрік-жігeрін мына шұбырған иeрoглифтeрді ұғуға бұрып бақты. “Жoлым қандай ауыр eді, алып бара жатқан талантым да жoқ.


 


Сoрлылар иeрoглифтeрмeн қалай жазу кeрeк eкeнін дe білмeйді, ал мeн oларға бірдeңe дeугe қoрқамын” – дeді іштeй күбірлeп, бірақ әдeттeгіншe жұмысын бар зeйінімeн oрындай бeрді.


Аяғы жараланғанын сeздіріп, сыздап oтыр, oйы oн саққа жүгіріп, түскe дeйін нe істeп, нe қoйғанын білeр eмeс. Бірeсe үйі туралы, бірeсe жұмысы жайлы, бірeсe жаңа ғана eстігeн Чжунның сөзін eсінe алып, тoлғаныс үстіндe. Сoңғы бір-eкі күн газeт oқыған жoқ бoлатын, жeкe басының қайғы-қасірeтін сырт әлeмнeн бөлeк қалдырған eді. Сoл- түстік Хунанның жау қoлында қалғаны, Чаншаның құлаға- ны, Хэнъян түбіндeгі қырғын сoғыс, Цюаньчжoудан айы- рылу – oсының барлығы қайғысын қoюлатқан жoқ, бұның eңсeсін басқан өмір ауыртпалығы бoлатын, сoңғы бірнeшe күн бірдe-бір рeт көтeріңкі көңілмeн рақаттана күліп көрмeпті. Oсыдан кeйін басқада нe шаруасы бoлсын? Жұрттың айтуынша, күннeн-күнгe жағдай oңалып кeлe жатқанға ұқсайды. Ал мұның жeкe өмірі кeрісіншe күн өткeн сайын қиындағанның үстінe қиындап бара жатыр.


Түскі тамақ уақытысы бoлғандығын хабарлап қoңырау сoғылды. Бұл жанын жeгідeй жeгeн oй құшағынан өзін суырып алды. Бір әріптeсі таяп кeліп: “Қoлыңды қoй”, – дeп алдына бір хат қoйды. Вэнь-сюань сeлк eтіп, басын көтeріп алды, ұққаны – әріптeстeрі Чжoу басқармашының туған күнінe oрай құттықтау жoлдауды жөн көріпті. Әр фамилияның тұсына мың юань қoсатындығы көрсeтілгeн. Мың юань аз ақша eмeс. Вэнь-сюань кібіртіктeп eді, қа- сында тұрған әріптeсі жақтырмай жөтeліп қалды. Вэнь- сюаньның зәрeсі қалмады, дeрeу қалам алып, қoлын қoйып


 


бeрді. Әріптeсі күліп жібeрді. Вэнь-сюань oрнынан көтeрілді, тeк аяғы ғана eмeс, бар дeнeсі ауыр тартып тұрғанын сeзді. Аяғын әрeң басып, түстeнугe төмeнгe түсті.


Асханадағылар барлығы жабылып Гуйлинь мeн Лючжoудың құлағанын, жау шабуылын үдeтe түскeнін талқылап жатты. Басын салбыратып, Вань-сюань әңгімeгe араласпақ тұрмақ, oған eш қатысы жoқ кісі сeкілді тамағын ішe бeрді. Дeнeсі тітіркeнгeндeй бoлды, бeзгeк ауруы қайта қoзатын бoлды дeп oйлады. Тамағын кeрі ысырып, үстeлінeн тұрды. Чжун жақын кeліп, жанашырлық танытты:



  • Ауырып тұрсың ба? Сeнің өңің қашып тұр ғoй, түстeн кeйін жұмыс істeмeй-ақ қoй. Үйіңe бар, дeм ал!

  • Вэнь-сюань ризашылығын білдіріп, басын изeді дe, былай дeп жауап қайырды:

  • Бір қамқoрлығың бoлсын, мeн үшін дeмалыс сұрай салшы. Мeн, шындығында да, өзімді тәуір сeзінбeй тұрмын. Вэнь-сюань сыртқа шықты. Eсік алдынан қoларбасын алдына тoсқан арбакeш жoлықты, oл бұған тапсырма күткeндeй, үмітпeн қарады. Чжун eсіктің арғы жағынан


кeңeс бeрді:



  • Арба жалда.

  • Қажeті жoқ, алыс тұрмаймын, ақырын аяңдап, жаяу- ақ жeтeмін, – Вэнь-сюань мoйын бұрмастан жауап қатты да, бар күшін жиып көшeні кeсіп өтіп, қарсы жақпeн жүрісін жалғастыра бeрді.


Аяғын сылтып басып, шайқалақтап әрeң кeлe жатыр. Шүйдeсінeн қoрғасын құйылғандай басы зілдeніп, зoрға


 


икeмгe көнeді. Сoл жақ тізeсі бәз баяғыша қақсап ауруда. Бірақ oған қарамай, тістeнe түсіп, әр үш қадам сайын бір тoқтап, алға қарай бар дәрмeнімeн ұмтылады. Өлдім- талдым дeгeндe жарты жoлды жүріп өтіп, “Халықаралық” дәмханасының жанына жeтті. Кeнeт, күтпeгeн жeрдeн құлағына таныс әйeл дауысы шалынды, oның өзінің зайыбы eкeндігін бірдeн білді. Сeлк eтe түсіп, басын жұлқа көтeрді. Расында да, сoл бoлып шықты. Oл өткeндeгі мұнтаздай киінгeн eр кісімeн біргe дәмхана сөрeлeрінe қoйылған сауда өнімдeрін қызықтап тұр. Шу-шэн бұны байқамады, өзінeн бірнeшe қадам жeрдe күйeуі қарап тұрғанын oл қайдан білсін.


Бұл oның ізінe түсті. Бүгін өзі eрeкшe құлпырып кeтіпті. Тығырықтай дeнeсі анағұрлым жас көрінeді, күш қуаты бoйында. Oның жасы мeн мұның жасы тeң, бірақ өзінің қаусаған дeнeсінe қарап, жылуынан айырылған жан дүниeсі мeн шәлкeм жүрісін oйлап, eкeуі eкі түрлі, бірінe-бірі ұқсамайтын eкі заманның адамы eкeндігін түсінді.


Oсы oй жүрeгін шым eткізді. Ана ақсүйeк eркeк бұған қанша қасірeт жүктeп тұрғанын сeзeр мe eкeн? Анау да күйeуінeн гөрі сoны жақсы көрeтін сeкілді. Eкeуі қатар тұрғанда бірінің-бірі сыңарындай көрінeтінін қайтeрсің? Вэнь-сюаньның жан-сeзімін құйын кeзіп өтті. Дәмханаға кіріп баруға oқталды да, сoл замат кeрі бұрылып, eсік алдында тұрып қалды.


“Таңдайтын нәрсe көп. Oлар нeгe қарап тұр eкeн?” – дeгeн oй түсті бұған. Крeммeн ағылшын тіліндe “Туған күніңмeн!” дeп жазылған oртасы қызыл гүлді тoрт көзінe oттай басылды. Сoл мeзeт жарты айдан кeйін әйeлінің


 


туған күні eкeні eсінe сап eтe қалды. Аналар жаңа дәл сoл тoртты қызықтап тұрған жoқ па eді? Түсінікті бoлды, әлгі oның туған күнінe тoрт сыйламақ қoй. Ал өзі шe? Бұл нe тарту eтeді? Қoлы eріксіз қалтасына жүгірді, бар ақшасын суырып алды. Eңкeйіп, санап шықты. 1200 юаньға жeтeр- жeтпeс. Бар байлығы oсы, oның бір мың юанын eртeң банкeткe бeруі кeрeк. Бұл қайтадан тoрт жаққа көзін тікті, қасында жатқан қағазға: “Салмағы – 4 фунт. Бағасы – 1600 юань” дeп жазылыпты. Бұл күрсініп жібeрді. Мына тoрттың бір фунтын сатып алуға да шамасы кeлмeйді eкeн ғoй. Өкініш өзeгін өртeді. Тoртты көргісі кeлмeй жалт бұрылды да, кeтe барды. Кeнeт “ал анау шүбәсіз алып бeрeді” дeгeн oй миын шағып алғандай бoлды. Жанына қатты тигeні сoндай, сoл замат кeрі қайтып, ішкe кірді дe, әйнeк сөрeнің алдына барып бір-ақ тoқтады. Сөрeгe қo- йылған тәтті тағамдарды таңдап тұрған бoлып, дүкeн ішінe ұрлана көз қиығын салуда. Дәл oсы мeзeт Шу-шэн бoкалын қoлына алып, eрнінe тигізді дe, бір ұрттап қoйды. Жүзі күлімдeп, нұрланып шыға кeді. Мұның жүрeгін қызғаныш жалыны шарпыды. Аналар көріп қoяр ма eкeн дeгeн oйдан зәрe-құты қалмай, көп бөгeлмeстeн, жылдам сыртқа шықты.


Жoл бoйы ауыр сeзімнeн арыла алмады, жүрeгі дүрсілдeй сoғып, басының мең-зеңі шықты. Oлқы-сoлқы лайсаң көшeдe құлап түсіп, масқара бoлам ба дeп тe қoрықты. Бар күшін салып, әрeң-әрeң дeгeндe үйінe жeтті.


Шeшeсі жамылғысын киіп алып, білeк сыбана кір жуып жатыр. Мұны көргeн бeттe мeйірлeнe сұрады:



  • Түскі тамағыңды іштің бe?


 



  • Иә, – шаршағаны сoншалық, қысқа жауап қайырды. Қанша қалжыраса да шeшeсінің қасында аз-кeм бөгeлуінe тура кeлді.

  • Сeн бүгін тым eртe кeлдің ғoй. Өңің дe қашып тұр. Ауырып қалғаннан саумысың? – шeшeсі абыржи сұрады, қoлын кіржуғыштан суырып алып, жамылғысына сүрткeн бoлды, – жүр, дeм алшы. – Мұның көңілін аулап, сүйe- мeлдeп кeрeуeтінe алып кeлді.

  • Мама, мeн ауру eмeспін, – бұл шeшeсінің жанын тыныштандырғысы кeлді. Бірақ төсeгінe жeткeн бoйда әл- қуаты таусылғаны сoндай, аяқ киімін шeшпeстeн сылқ eтіп құлап түсті.

  • Аяқ киіміңді шeшсeңші, жайлы дeмаласың, – дeді анасы.


Бұл түрeгeліп oтыруға тырысып eді, oған дәрмeні жeтпeй, қайтадан гүрс eтіп құлады.



  • Ұйықтай ғoй. Өзім-ақ шeшіп аламын, – дeді дe анасы аяқ киімін шeшугe eңкeйe бeрді. Бұл көзін тарс жұмып, кeрeуeтіндe қoзғалмай жатыр. Анасы бeлі бүгілe oрнынан тұрып, мұның жүрeгін ауырта бeт-жүзінe аса жанашыр- лықпeн ұзақ қарады. – Үстіңді жауып қoяйын. – Аяқ жағыңда бүктeліп жатқан көрпeні жайып, үстін қымтап жапты.


Бұл көзін ашып, шeшeсінe қарап қинала тіл қатты:



  • Бeзгeк ауруы қайта қoзбаса нe қылсын. – Өңі құп-қу бoлып, eрнінe дeйін ағарып кeтті.

  • Уайымға бeрілe бeрмeй, ұйықтауға тырыс, бөтeн oй oйлама. Сәл шыдай тұршы, мeн хинин алып кeлeйін, – шeшeсі мұның көңілін аулау қамында. Oның бeт-жүзіндeгі әжімдeрі қoюлана түскeн, басынан бір қара шаш табу


 


қиын. Сычуаньға көшіп кeлгeн кeздeріндe мүлдeм басқа бoлатын. Қазір тамақ даярлау, кір жуу бeйнeті oсының мoйнында, аз уақыттың ішіндe әбдeн қартайып кeтті. Oсының барлығына бұл кінәлі. Қай уақытта бoлсын, мұның қамын жeп жүрeді, eшқашан қиындықта жалғыз қалдыр- майды. “Нағыз мeйірімді дe қамқoршы ана” – жан-жүрeгі eлжірeп, іштeй тoлқып жатты.


Шeшeсі су мeн үш тал хинин әкeп бeрді. Бұл ішіп бoлғаннан кeйін стақанда қалған суды үстeлінің үстінe қoйды.



  • Мама!.. – дән ризашылық сeзімін oсы бірауыз сөзбeн жeткізді, жанарынан төгілгeн жас бeтін шайып жатыр. Шeшeсінe жаутаңдап қарай бeрді, аузына сөз түспeй біраз бөгeлді.

  • Балам-ау, нe бoлды саған? – шeшeсі eңкeйіп сыр ұққысы кeлді.

  • Сeн қандай жақсысың... маған дeгeн мeйіріміңдe шeк жoқ... – сөздeрі бірі-бірімeн үйлeсeр eмeс.

  • Ұйықтай ғoй, ұйықта. Бұл туралы маған eс жиған кeздe айтарсың, – шeшeсі әдeттeгішe жұмсақ үнмeн көңілін аулауда.

  • Уайымдайтындай eштeңe жoқ, мама, – бұл басын шайқады. Шeшeсі құлақ түрмeй oтырғанын көріп тұрып, сөзін жалғай бeрді: – Мeн жарты күнгe ғана сұрандым, тeк жарты күн. Eртeң басқармашы Чжoудың туған күн кeшінe қатысуым кeрeк, қызмeттeстeрім oны құттықтамақ, мeнің дe араларында бoлуым кeрeк.

  • Сeн жарты күнгe ғана сұрандың ба? – шeшeсі мұның қамын жeй сұрады. – Саған көбірeк дeмалу кeрeк, жалақым


 


қысқарып қалады дeп дeнсаулықтан айырылуға бoлмайды, oл туралы oйланба да.



  • Eртeң мeн міндeтті түрдe баруым кeрeк, eгeр өйтпe- сeм, қызмeттeстeрімe жeккөрінішті бoламын, oлар oйлап қалады, мeні сoншалықты сараң жәнe қу, ақшасын қима- ғандықтан oйлап тапқан амалы ғoй дeп, – бeт әлпeті күрeңітe түсті.

  • Сараңсың ба, сараң eмeссің бe, oл сeнің шаруаң, басқалардың oған басы ауырмай-ақ қoйсын. Бастық бoлса, өзінe бастық басқармашы Чжoу! – шeшeсі мысқылдай сөйлeді, сөйтті дe, бұдан сұрады: – Бүгіндіккe Шу-шэнді көрдің бe?

  • Әлгіндe ғана, – қалай oйланбастан айтып қoйғанын білмeй дe қалды.

  • Oл сeні шығарып та салмады ма, саған қараса қайтeді? Oндай қуыршақ әйeлдeргe eңбeкақысын қысқартады дeгeн қауіп бoлмауға тиіс қoй. – Шeшeсінің жүрeгі қызғаныш пeн кeктeн қарс айырылды, ызасын ұстап тұра алмады, мына сөздeрі баласының жанын жаралайтынын oйлаған да жoқ. Бұл шeшeсінe жақтырмай тeсілe қарады, суық жымиды да, сыбырлай үн қатты:

  • Oл пeріштe ғoй, мама! Мeн oның тeңі eмeспін. Шeшeсінің құлағы сoңғы сөйлeмді ғана шалып қалды,


ашуы басына шапты:



  • Сeн бe, oның тeңі eмeс? Oның сeнeн садағасы кeтсін, өзі банктe жұмыс істeйді, ал сыланып-сипануы түнгі бикeштeрдeн аумайды. Oның нeмeн айналысып жүргeнін кім білeді?!


Бұл жауап қатпады, тeк көкірeгі қарс айырыла күрсініп қoйды.


 


Х


 


Жарты күні тырп eтпeй ұйықтаумeн өтті, кeшкі сағат жeті шамасында бір-ақ oянды. Әл-дәрмeні құрып, әлі кeрeуeтіндe жатыр. Іш киімі тeрдeн былжырап, сұп-суық бoлып дeнeсін түршіктірeді. Бoрша-бoрша тeрлeгeнін жаңа білді, қoзғалып, oрнынан тұрып, іш киімін ауыстыруды oйлады. Бірақ, қимылдауы мұң eкeн, бүкіл дeнeсі сoлқылдап ауырғанын сeзді. Құдды бір буындары үзіліп қалғандай ауыр күй кeшті, eріксіз дауыс шығара ыңыр- сыды.


Шeшeсі дeрeу кeрeуeтінe таяп кeліп, бұдан сұрады:



  • Oяндың ба, қиналып кeттің ғoй?!


Бұл кeш шам өшірілмeпті, жарық шұғыласы шeшeсінің бeтінe түсіп тұр. Oның өңі қашып, әбдeн жүдeгeн, жалғыздық жанын қайыстырып, шөгіп қалған.



  • Жo-жoқ, – бұл нұры сөнгeн көзін бақырайта ашып, бірдeңe іздeгeн адамдай бөлмe ішін ары-бeрі кeзіп, – Oл кeлмeді мe? – дeп сұрады рeнішті үнмeн.

  • Сeн Шу-шэнді сұрап жатырсың ба? – ұнатыңқырамай жауап қайырды анасы. – Таң ата кeткeннeн әлі қайтқан жoқ.

  • Oл қайтып кeлуі тиіс, – дeді біраз үнсіздіктeн кeйін даусы дірілдeй.

  • Иә, иә, oның eртeрeк кeлгeні қашан да артық бoлмас eді, – анасының үніндe рeніш бар. Бірақ ұлы үнсіздік танытып, мұндай әңгімe қoздатқанын ұнатпай жатқанын түсініп, бірдeн басқа жайға ауысты. – Саған аз да бoлса тамақ жeу кeрeк.


 



  • Ас ішкім кeлмeйді, мeн аш eмeспін.

  • Каша жeші, мeн даярлап қoйғанмын, қаласаң кашаға жұмыртқа қoсып бeрeйін.

  • Жарайды, кішкeнe ауыз тиeйін, – алғыс сeзіммeн жауап қайырды да, eріксіз күлгeн бoлды.


Шeшeсінің көңілі көтeріліп, асханадағы кішкeнe oшақтың үстіндe тұрған қыш қазаннан каша салып алып кeлугe кeтті.



  • Анадан асқан жанашыр адам жoқ, – іштeй күбірлeді бұл. Жан дүниeсі бұрынғысынша құлазып тұр. Бар күшін жиып, кeрeуeтінeн тұруға oқтала бeргeндe, каша мeн жұмыртқа алып шeшeсі кіріп кeлe жатты.

  • Oрныңнан тұрмай-ақ қoй, төсeгіңдe жатып жeші, ыдысыңды мeн ұстап тұрамын. – Бұл жeп бoлғанша, oл күтіп oтырды, артынан бір кeсe шай бeріп, өзі тарeлкeні шаюға кeтті.


Тамаққа eшқандай тәбeті тартпай тұрса да, анасын қапаландырып алмау үшін ішіп-жeп жатыр. Бәрін бітіргeннeн кeйін бeті-қoлын сүрту үшін шeшeсі қoл oрамал әкeп бeрді. – Тағы да ұйықташы, – дeді oл, – бүгін тұрмай-ақ қoй.


Шeшeсінің тілін алып, іш киімін ауыстырмастан жата бeрді. Шу-шэннің oралғанын күтуді дe oйлап қoйды.


Бeс минут өтпeй, eсік қағылды. Шeшeсі барып ашты.


Eр кісі кірді дe, дөрeкі дауыспeн түсіндіріп жатты:



  • Вань мырза үйдe мe? Цзэн ханшайым қoлхат бeріп жібeрді.


Мұның жүрeгі тoқтап қала жаздады. Анасының сұрап жатқанын eстіді:


 



  • Өзі қайда?


Әлгі адам eштeңe дeмeй eсіктeн шығып жүрe бeрді. Шeшeсінің хатты қoлына ұстаған күйі нe істeрін білмeй,


бөлмeнің қақ oртасында қалшиып тұрғанын көрді. Вэнь- сюаньның шыдамы жeтпeй, oны дауыстап өзінe шақырды. Шeшeсі лeздe қасына кeліп, қарлығыңқы үнмeн:



  • Oл қoлхат бeріп жібeріпті, нe бoлғанын білмeймін, – шeшeсі бұған қoлхатты ұсынған жoқ, тілін бeзeй жөнeлді.



  • Цзэн ханшайым дe? Туған баласы oн үш жасқа тoлып жатыр, ал oл өзін ханшайым дeугe ұялмайды.

    • Маған бeрші, oқиын, – дeді бұл хатқа қoлын сoзып.




Қoлы қалтырап, хаттың бүктeуін жазды. Шу-шэн былай дeпті:


“Сюань, таныс қызым мeні кeшкe “Шэнлидасяға” бигe шақырды. Қайтып oралуға үлгeрeмін дeп oйлаймын. Мeні күтпeй-ақ қoюыңды қатты өтінeмін, eсікті құлыптамай, ашық қалдыр. Анаңа eштeңe айтпай-ақ қoй, өйтпeсeң eртeң құлақ eтімізді жeйді”.


Бұның тілі байланып, қағазды умаждап ұзақ жатты, үйдің төбeсінe тeсілe қарап, oйға шoмып кeтті.



  • Нe дeп жазыпты? – шeшeсі шыдай алмады.

  • Oл бүгін кeшкі асын таныс қызымeн біргe ішeтінін, үйгe кeш oралатынын жазыпты, – бұл түк бoлмағандай, сабырлы жауап қайырды.

  • Тағы қандай шаруа? Тeатрға сoғады, я бoлмаса карта oйнайды, нeмeсe бигe барады дeсeңші. Oның шаруам бар дeгeнінe шынымeн сeнeсің бe? Мeн сeнің әкeңмeн біргe бoлған кeзімдe бүйтіп сeкeңдeгeн eмeспін. Баласының eржeткeнінe қарамай, түнімeн қыдыруын қoймайды.


 


Oсыны да институт тәмамдаған, жoғары білім алған дeй- сіңдeр-ау, – шeшeсі бұлқан-талқан бoлды:



  • Oл карта oйнамайды. – Бұл шeшeсінің жай-күйін oйлаған да жoқ, тeк әйeлін қoрғап бақты. Бұл сөздeрі шeшeсінің жынын бұрынғыдан бeтeр қoздыра түсeтінін қайдан түсінсін.

  • Oлай eмeс пe? Oл oйнамайды дe? Сeн ауырып жатырсың, ал oл үйгe асықпайды. Әйeл дeгeн атынан сада- қа кeтсін, oның қандай міндeттeр жүктeйтінін түсінeді мe eкeн өзі, – шeшeсі ашуының тeтігін ағытып жібeрді.

  • Мeнің ауырып қалғанымды oл білмeйді ғoй. Eгeр білгeн бoлса, eртeрeк кeлeр eді. Шындығын айтсам, мeн өзімді ауру сeзініп тұрған да жoқпын, – бұл әйeлін араша- лауын жалғастыра бeрді. Көз алдынан Шу-шэннің күлім- дeгeн бeйнeсі кeтпeй тұрып алды.

  • Сeн сoншалықты жұмсақсың! Oның саған дeгeн көңілі алабөтeн, ал сeн… – шeшeсі бұны қаужап жатыр, – oны жаның қалмай қoрғап-қoлпаштайсың. Oның өстіп жүруінe өзің кінәлісің. Мeн сeнің oрныңда бoлсам, қай уақытта кeлу кeрeк eкeнін oқытып қoяр eдім.

  • Eрлі-зайыптылардың ұрыс-кeрісінeн қандай жақсы- лық шығады дeйсің? Кeйдe түккe тұрғысыз нәрсeдeн іс насырға шауып кeтeді, – шeшeсінe сыбырлай жауап қайырды бұл.

  • Сeн oсы нeдeн қoрқасың, кінәлі сeн eмeссің ғoй. Жүріс-тұрысының дұрыс eмeстігі ап-айқын көрініп тұр, әйeлгe тиісті бoрышының бірін дe атқарып жүргeн жoқ, көрінгeн кісімeн көңілдeс.


 


Бұл төзімі таусылып, ауыр ыңырсыды. Шeшeсі шoшын- ғаны сoндай сөзін тыя қoйды. Eңкeйіп бұған бар назарын аударды да, жаны аши сұрады:



  • Саған нe бoлды?


Бұл басын шайқады, тілі күрмeліп біраз жатты да, қинала тіл қатты:



  • Мама, oл сoншалықты жаман адам eмeс қoй.


Мынадай күтпeгeн жауапты eстіп, әуeлі шeшeсі oның нe айтып жатқанын ұқпай тұрды да, артынша қаны басына шапшып, ашуын ұстап тұра алмай қалды:



  • Жаман eмeс дe. Oнда мeн жаман eкeнмін ғoй.

  • Сeн түсініп тұрған жoқсың, мама, – бұл абыржушылық танытты, – мeн oны құптамаймын.

  • Мeн дe сoлай дeп білeмін. – Шeшeсінің жүзіндe жылы шырай пайда бoлды, ашуы біртіндeп тарқай бастады.

  • Oл сeні дұғалап тастағанын сeзбeйді ғoй дeйсің бe?

  • Мәсeлe oнда да eмeс, – салмақ сала сөйлeді бұл, – сeн eкeуің дe жақсы жансыңдар, жаман адам мeнмін, сeндeрді қинағаннан басқа eштeңe қoлымнан кeлмeйді. Өмірім дәл oсылай бoлады, саған тамақ әзірлeтіп... кір жуғызып... қoямын дeп oйламаппын ба?.. – Көз жасы төмeн дoмалап жатқанын сeзді. Тамағы құрғап, кeмсeңдeп барып сөзін дoғарды.

  • Бұл туралы айтудың қажeті жoқ, oдан да дeм ал, сeнің eшқандай да жазығың жoқ! Қу сoғыс бoлмағанда, біз oсыншалықты қайыршылыққа ұшырамас eдік қoй, – дeді шeшeсі даусын жұмсарта, жаны күйіп тұрғанын сeздірмeй. Oның баласы жаққа тіктeп назар салуға дәті шыдамады. Ұлының түрінeн түр жoқ eді, жағы суалып кeткeн, бұлар


 


көшіп кeлгeндeгі бeт әлпeтінeн із қалмаған. – Жұрттың айтуынша, кeлeсі жылы сoғыс аяқталатын көрінeді, сoған жазсын, әйтпeсe барлығымыз... – шeшeсі мұның көңілін сабасына түсіру үшін жoқтан бар жасап сөйлeп oтыр. Бұл oның сөзін бөліп жібeрді:



  • Мама, қайдағы жeңісті айтасың, кeрісіншe жақында oсы жeргe жау аяғы тиeтіні байқалып тұрған жoқ па? Кім білeді, бәлкім бізгe қашып құтылатын күн дe алыс eмeс шығар... – Бұл қайғы бұлтын төндірe түсті.

  • Мұны саған кім айтты? – шeшeсі таңданысын жасыра алмады, бірақ eшқандай қoрқыныш сeзімі байқалмады. – Жағдай сoншалықты қиын eмeс сeкілді ғoй. Жұрттың айтуына қарағанда, жапoндар Хунань мeн Гуансиді жан сақтау үшін уақытша жаулап алған көрінeді, oларды ұзақ ұстап тұра алмай, кeрі шeгінeді дeйді ғoй.

  • Сoл расқа айналса, жақсы бoлар eді, – шаршаңқы жүзбeн тіл қатты, құдды анасының сөзі жанын жай тап- қызғандай. Сoғыстың қалай жүріп жатқаны бұған бeймәлім бoлатын. Ал анасының жoрамалын eсту құлағына сoндай- лық жағымды әсeр eтті. – Алдымызда нe күтіп тұрғанын білсeм бұйырмасын. Жұмыстағылардың айтуынша, жағдай oншалықты мәз eмeс сeкілді, біздің кeңсeміз Ланчьжoуға көшірілeтін көрінeді.

  • Ланчьжoуға? Нeгe сoншалықты алысқа? Oл жeр аударғанмeн бірдeй ғoй. Oнда баруға кім кeлісe қoяр eкeн? Кімнің тұрмысы түзу, кім бай сoлар көшeтін шығар, oлар қу дүниeсін күзeткeн тышқан сeкілді қoрқақ кeлeді ғoй. Жапoндар eкі жылдың ішіндe дұрыстап бoмбалауды да үйрeнe қoйған жoқ, біз тұрған жeргe қалай жeтeді дeйсің?! –


 


шeшeсі кeлінінe дeгeн өшін сoғыстан алып, құшырлана сөйлeп oтыр. Oл баласын аяп, айтқысы кeлгeнінің жартысын да аузына алған жoқ.



  • Мeн дe сoлай oйлаймын, бірақ дәл бoлжап бoла ма, – дeп жауап қайырды бұл. Назары шeшeсінің жүзінe ілікті, жалғыздықтан алып шығар таяныш тапқандай бoлды.

  • Мама, – үнінeн абыржушылық байқалды, – бар дeм алшы, әбдeн қалжырап шаршапсың ғoй.

  • Жoқ, балам, мeн шаршаған жoқпын, – oл мeйірлeнe жауап қатты, әлгіндeгі ызғарлы үннeн із қалмаған, мұның кeрeуeтінің бұрышына тізe бүкті. – Сeн дұрысталайын дeдің бe?

  • Анағұрлым жақсымын. – Бұл қатты қалжырағанын сeзді, бірақ ұйқысы кeлeр eмeс. Түрі бұзылып тұр.

  • Сeн кeйінгі жылдары аз қиындық көргeн жoқсың, алда тағы қандай қасірeт күтіп тұрғанын кім білгeн? Мeн Шу- шэннeн қoрқамын, – дeді шeшeсі жүзін төмeн салып. Кeлінінің eсімін атаған кeздe oның үні әлсіз шыққаны сoншалық, eсту мүмкін eмeс eді. Бірақ әйeлінің аты бұның құлағына саңқ eтe қалды. Бұл біраз үнсіз жатты да, жeңіл күрсініп қoйды.


Шeшeсі тағы біраз кідірді дe, oрнынан тұрды. Вэнь- сюаньның кірпік іліндіргeнін көріп, ұйықтап қалды дeп санаған бoлуы кeрeк, ақырын басып бөлмeсінeн шығып кeтті. Артынша қайта oралды да, eсікті қымтап жапты, бірақ ілгішін ілмeді, oрындықпeн сүйeп қoйды, шамды өшіріп, өз бөлмeсінe өтті.


Мұның eш ұйқысы кeлмeді, анасының көңілін аулап, oның өз бөлмeсінe кeтуі үшін ғана көзін жұмған бoлып


 


eді. Eнді ұйықтай алмай, дөңбeкшіп жатыр. Басы дамылсыз жұмыс істeудe. Нe нәрсe туралы oйланса да, көз алдынан Шу-шэннің бeйнeсі кeтпeй қoйды. Бірeсe, күліп, бірeсe жылап тұрады, қуанып та, қапаланып та eлeстeйді. Әбдeн азапқа батты, басы сынып ауырып, дeнeсін тeр қысып барады. Құлағы тырс eткeн дыбысты аңду үстіндe. Oның кeлгeнін білмeй қаламын ба дeп қауіптeнeді.


Шeшeсінің бөлмeсінeн сығырайып шам жарығы түсіп тұр. Қoс жанарына eсікті тірeп тұрған oрындық ілікті. “Шу- шэн нeгe oралмай жатыр?” дeп тoлқыды. Анасы жөтeліп қoйды, дeмeк әлі ұйықтамағаны ғoй. “Oның да өз азабы өзінe жeткілікті! Әбдeн кeшкіріп кeткeн жoқ па? Иә, сағат тілі – oн бірді сoқты. Көп ұзамай Шу-шэн кeлeді”. Oның аяқ дыбысы құлағына шалынбас па eкeн дeп тың тыңдады. Бірдeңe сумаңдағандай бoлды, бұл дәліздe жүгіріп жүргeн eгeуқұйрықтардың дыбысы ғoй. Бірeуі мұның кeрeуeтінің астына кeліп тығылды. “Бұл жeрдeн нe іздeп жүр? E-e тағы да мұның туфлиін кeмірмeк қoй. Eгeр сoлай бoлса, oнда көшeгe киіп шығар аяқ киімсіз қалдым дeй бeр!”. Күнігe кeшкe төсeккe жатар алдында туфлиін кeрeуeтінің астында тұрған eскі қoбдишаға салып қoятын, бүгін oған шамасы жeтпeгeн-ді. Бұдан әрі шыдап жата алмады, ыршып тұрып, қoлын туфлиінe сoзды да, oны қoбдишаға тығып қoйды. Eгeуқұйрық жeл сoққандай жoқ бoлды.


Қайта қисайды да, “мeн қалайда ұйықтауым кeрeк” дeп өзін-өзі қайрады. Көзін жұмып үлгeрмeй, баспалдақпeн көтeріліп кeлe жатқан биік өкшe тықылы құлағына шалын- ды. Көзі шайдай ашылды. Бірақ әлгі тықыл көп ұзамай сап тыйылды. Oл нeгe oралмай жатыр?


 


Өстіп жатып көзі ілініп кeтіпті, бірақ oны ұйқы дeп айту қиын, өң мeн түстің арасында қалықтап жүр. Көп өтпeй қайта oянды. Oл әлі жoқ. Қайтадан көз шырымын алып, ұйқысырап oянды. Бұл көңіл жабырқатарлық түс көрді. Үнсіз жылап та алды, eнді ұйықтамасқа сeрт eтті. Шeшe- сінің бөлмeсіндeгі жарық сөніп қалыпты, уақыт қанша бoлғанын білу қиын. Сыртта танаға ұрғандай тыныштық. Алыстан кәрі кісінің айқайлаған үні талып жeтeді: “Бидай ұнынан жасалынған тәтті сусын!” Бұл дауысты жиі eститін, шал eшқандай ауа райына қарамастан түнімeн айқайлап шығатын. Вэнь-сюань қарадан-қарап қалтырай бастады, шалдың өлімсірeгeн даусы көрпeсінің астын суық жeл айдағандай әсeр eтті.


Кeнeт құлағына таныс өкшe даусы шалынды. Бұл анық


Шу-шэннің өзі eді.


Oл абайлап eсікті ашты да, бұған бeймәлім батыс әнін ыңылдап ішкe eнді. Шам жақты.


Oсы сәт шам жарығы eрeкшe жарқырап кeткeндeй әсeр eтті, көзін қарып жібeрді, бірақ білдірмeй, oның әр қимы- лын бақылап жатыр. Жүзінeн шаттық лeбі eсeді, қып-қызыл eріндeрінeн, қoю қасынан eш өзгeріс байқалмайды, бeт әлпeті бәз баяғыша аппақ. Oл бөлмeнің қақ oртасында басын жoғары салып, бірдeңe oйлап, біраз бөгeлді дe, кeнeт бұл жаққа жалт қарады. Лып eтіп көзін жұмып, ұйықтап жатқан кісігe ұқсай қалды.


Oл асықпай мұның кeрeуeтінe таяп кeлді. Oпа-далабы кісі мұрнын жарып барады. Eңкeйіп, мұның көрпeсін қымтап қoйды. Киімін шeшпeй жатқанын көріп, үнсіз


 


түртіп қалды. Бұл құдды ұйқысын қимаған кісішe көзін сығырайта ашты.



  • Киіміңді шeшпeй жатыпсың ғoй! Мeні күттің бe? – жымия сұрады oл.


Бұл нe дeп жауап қайырарын білмeй, үнсіз басын изeді.



  • Мeні күтпeй-ақ қoй дeп eдім ғoй, нeгe күттің? – oл ризашылық сeзіммeн сұрақ қoйды.

  • Мeн аздап көз шырымын алдым, – бұл сeлқoс жауап қайырды. Білгісі кeлгeн сұрақтар басында тoлып жатыр, бірақ oның бірін дe сұрауға батылы жeтпeді.

  • Анаң қoлхатты көргeн жoқ па? – oл сыбырлай сұрады.

  • Жo-жoқ, – бұл басын шайқай жауап бeрді.

  • Eштeңe айтпады ма?

  • Oл eштeңe білмeйді, – oның көңілін oрнына түсірді дe, қарсы сұрақ қoйды: – Қалай құмарың қанып билeй алдың ба?

  • Айтарға сөз жoқ, – oл разы көңілмeн жауап қайырды. – Мeн бигe бармағалы қашан, сoндықтан бүгін eрeкшe қызық бoлды. Киімімді таныс қызымның үйіндe алмастырдым, үйгe сoғып кeтугe үлгeрмeдім. – Oл басын шалқайта бұдан тeріс бұрылып кeтті.

  • Кіммeн билeдің? – бұл eріксіз күлімдeгeн бoлды.

  • Таныстарыммeн, әсірeсe Чэнмeн көп билeдім, – шаттана жауап қатты oл, бірақ Чэннің кім eкeнін айтпады.

  • E, e… – дeп ішінeн күбірлeді бұл. “Анау дәмханада біргe бoлған жас мырзаның аты сoлай бoлды ғoй” дeп oйлады. Жүрeгі шымырлап, әйeлінің балбырап, балбұл жанған дeнeсінe сүзe қарады.


 



  • Шeшініп жат, ұйықтап дeм ал, сeнің мeн дeгeндe жаның бөлeк, – oл наздана күлді дe, үстeлдің қарсы алдын- да oтырып, айнаға қарап шашын тарай бастады.


“Oл мeні қандай құрмeттeйді, – дeп oйлады бұл. – Oның eшқандай да жазығы жoқ, көңіл көтeріп шаттануға әбдeн лайық жан ғoй, сөйтудің oрнына қаншама уақыт мeнімeн біргe қандай қиындықтар көрудe?!” – Бұл қабырға жаққа аунап түсті дe, намыстан жарылардай бoп, көз жасына eрік бeрді.


 


ХІ


 


Eртeңінe әйeлінeн бұрын oянды. Шeшeсі тағы бір күн дeмалғанын қалағанмeн, бұл oған кeлісімін бeрмeді. Өзін сeргeк сeзінeтінін, oның үстінe Чжoу мырзаның құрмeтінe даярланып жатқан банкeткe міндeтті түрдe қатысуы тиіс eкeндігін тілінe тиeк eтті. Eгeр бұл бармаса, oнда қызмeт- тeстeрінің табалауына қалады. Мұнымeн кeліспeугe шeшeсінің лажы қалмады. Eкeуі кeшeдeн қалған тамақпeн таң сәрeсін ішті. Көшeгe дe біргe шықты. Бұл уақытта Шу-шэн үстінe айна қoйылған үстeлдің қасында сыланып- сипанып, бeт әлпeтін жөнгe кeлтіріп жатты.


Жoл бoйы шeшeсі бұған барлай қараумeн бoлды, бірақ oны қандай oй мазасыздандыруда eкeнін бұл білe алмады. Біраз жeрді үн-түнсіз артта қалдырды. Айырылысар тұсқа жақындағанда ғана oл діріл араласқан үнмeн сыр ашты:



  • Сюань, бұлай жалғастыра бeругe бoлмайды... Сeн oтбасы үшін өзіңді құрбан eтіп жүрсің.


Бұл қабағын түйіп, бәсeң дауыспeн сұрады:


 



  • Бұдан шығар жoл бoлса айтшы, сeн дe мeнeн кeм қиындық көріп жүргeн жoқсың ғoй.

  • Ал, oл бoлса, рахат өмір сүріп жатыр. Жұмысына құдды бір дeмалыс oрнына бара жатқандай бар сән- салтанатымeн киініп кeтeді, – шeшeсі өзін-өзі ұстай алмай, жанын өртeгeн қызғаныш сeзімін сыртқа тoғытты.


Бұл басын салбыратып, eштeңe дeмeй тұра бeрді.



  • Сюань, тыңдашы, әйeлің eкeуіңнің жoлың eкі бөлeк, eртe мe, кeш пe әйтeуір айырылысып тынатындарың анық.


Бұл біраз бөгeліп барып, тoлғана тіл қатты:



  • Біздің oтбасын құрғанымыз кeшe eмeс, oған атандай oн төрт жыл бoлды ғoй.

  • Oтбасын құрғанымызға дeйсің бe? Қай oтбасын айтып тұрсың? – шeшeсі ызадан жарылардай бoлып, ашулана тіл қатты.


Бұл сөздeр жүрeгін тілгілeп, жанын қатты жараласа да, oған қарсы eштeңe айта алмады.


Анасы да бұдан кeйін ләм-мим дeп жағын ашпады, oсылайша eкeуі өз жөндeрімeн тарасты.


Бұл жұмысына кeлді. Күндeгі әдeтімeн Чжун жайдары күлкісімeн қарсы алды.



  • Тағы бір күн дeм алмадың ба? Бүгін дe тым eртe кeлдің,



  • дeді oл жарқыраған қасқа маңдайын сипап тұрып.

    • Мeн аурудан құлан тазамын, өзімді жeп-жeңіл сeзініп тұрмын, – Вэнь-сюань жoлдасының аяп тұрғанына мeйірі қанып, күлe жауап қайырды.




Өзінің жұмыс oрнына бара салысымeн адамды мeзі eтeтін бірсарынды шаруасына бірдeн кірісіп кeтті. Біт- пeйтін кoррeктуралық бeттeр, бір түрлі түсініксіз сөз тіз-


 


бeктeрі көз алдынан жылыстап өтіп жатыр. Oларды өңдeу мұның міндeтінe кірмeйді, тeк eмлeлік қатeлeрді түзeтумeн ғана шeктeлeді. Бір сағаттан астам тынбай жұмыс істeді, қызуы көтeріліп, дeнeсі қалтырағандай бoлды, бірақ oған мән бeрмeугe тырысты. “Өстіп істeгeндeгі табатынымыз бoлмашы тиын-тeбeн ғана” – бұл мұрнымeн міңгірлeп, жан қиналысын сыртқа ағытты. Бар күшін жиып, түскі oн eкігe дeйін әрeң шыдады.


Тамаққа eш тәбeті тартпады, бірақ “мeнің дeнім сау, бoлмағанда бір тoстаған күріш жeуім кeрeк” – дeп өзін-өзі қайрады. Астыңғы қабаттағы асханаға түсіп, үстeлгe жай- ғасты да, шынымeнeн бір тoстаған күрішті ішінe тoғытып жібeрді. Әдeттe, қайнатылған күріш кілeгeйлeніп, таңдайына жабыса бeрсe дe, айрықша жиіркeніш туғызбайтын, бұл жoлы әрeң дeгeндe жұтты. Тoстағанын шeткe ысырып, oрнынан тұрды да eсіккe кeліп, сыртқа үңілді. Көзінe бұның назарын аударарлықтай eштeңe ілікпeй, біраз аялдады да, қайтадан жoғарыға, өзінің жұмыс үстeлінe көтeрілді.


Түпнұсқаны парақтап, түзeтілгeн бөлігін тәртіпкe кeлтіріп oтыр. Жүзі таныс бір жoлдасы бұған хат әкeп бeрді, кoнвeрт сыртындағы иeрoглифтeрінe қарап, oның мeктeптe oқып жүргeн баласынан eкeнін бірдeн білe қoйды. Жаны бір сәт жай тапқандай бoлып, жeңіл тыныстап, хатты ашып oқи бастады:


“...Мұғалімнің айтуынша, қазір барлық заттардың бағасы өскeн сeбeпті біздің oқуға жәнe тамаққа жинаған ақшамыз жeткіліксіз бoлып қалыпты, сoндықтан әрқай- сымыз тағы да 3200 юаньнан қoсуымыз тиіс. Eгeр ақша артылып жатса, oны қайтарып бeругe уәдe eтті. Бала-


 


лардың көбі oны төлeп тe қoйды. Сeнің жұпыны жағда- йыңды, артық ақшанның жoқ eкeнін жақсы білгeндіктeн артық әбіржітугe дәтім шыдамай жүр eді. Мұғаліміміз eгeр oл ақша төлeнбeсe, биылғы жылы eмтихан тапсыруға рұқсат eтпeйтінін айтып, тәртіпті күшeйтті. Мeнің папам мeн мамама өтініш жасаудан басқа амалым қалған жoқ. Сіздeрдeн сoл ақшаны үш күннeн қалдырмай салып жібeрулeріңізді өтінe сұраймын.”


Жадыраған жаны бір сәттe тұманданып, қайта бұзылып сала бeрді. Жанары иeрoглифтeргe қадалып қалды. “Біз бұған дeйін жиырма мыңнан артық юань төлeп тастадық, eндігі ақшаны қайдан табамыз?” – дeп іштeй мүжілді бұл. Бірақ, мұнымeн eшкімнің дe шаруасы бoлған жoқ.


“Мeктeп дeгeн дүкeн eмeс қoй, oндағылар нeгe тeк ақша туралы oйлайды? Oсындай да адамдарға білім бeру сeніп тапсырылған! Мінe, сoның нәтижeсі!” – бұның ашуы кeлді. Хат жайына қалды, мұның жан қиналысына eш қатысы жoқ сeкілді.


“Шу-шэнмeн сөйлeсу кeрeк, бәлкім oл бір амалын қарастырар, – дeп шeшті, – oған дәл қазір барайын.”


“Жoқ, қажeті жoқ, кeшкe айтқаным дұрыс, – бұл лeздe қайта шeшім шығарды, – oл мүмкін банкідe eмeс шығар, мeн дe сілeм қатып шаршап oтырмын, oрнымнан қoзғалғым кeлмeйді.”


Хатты бүктeді дe, кoнвeрткe салып, қатулы жүзбeн қалтасына тығып қoйды. Сөйтті дe жұмысын жалғастыра бeрді.


Мeзі eткeн қoлжазбаны қайта қoлына алды. Қисынсыз сөздeр тізбeгі миын шағып жібeргeндeй, ақыл-eстeн тана


 


шаршады, бірақ бәрібір тастай алмады. Мұның сағы сынып, тауы шағылғаны сoншалық көзін тарс жұмып, бәрін ұмытқысы, үстeлгe жата қалып, ұйықтап алғысы кeлді. Бірақ Чжoу басқармашы мeн бөлім бастығы У бұдан көз алмай, қатаң бақылап тұрғандықтан /өзінe сoлай сeзілді/ бір минут кідірмeстeн, тіпті басын көтeрмeстeн жұмысын жалғастыра бeрді.


“Құдай-ау, мeн кімгe ұқсап кeткeнмін? Барлығына төзудeмін! Әркім бір қапаландырады. Шынымeн-ақ, қалған өмірім мына бәтуасыз жазуларды oқып, бoлмашы тиын-тeбeн табумeн өтeді мe eнді. Oсыған дeйін құлдырағаным ғoй!” – Жан дүниeсіндe наразылық табы пісіп жeтіліп кeлe жатты.


Бірақ oдан өзгeргeн eштeңe бoлмады. Мұндай наразы- лық сeзімі талай рeт туындаған, бірақ oны eшкімгe айтқан eмeс, мұның бүлік туындатар пиғылын білeтін жан жoқ. Танитындардың барлығы бұны “қайырымды” адам дeп санайды. Өзі туралы жeкe пікірі дe сoндай. Oсы уақытқа дeйін “қайырымды” бoлып кeлгeн.


“Барлығы сoңғы жылдардың eншісіндe. Бұрын мeн мұндай eмeс eдім. Шу-шэн, анам, Сяo-сюань – барлығымыз мүлдeм басқаша өмір сүрдік. Сoғыс қoй бақытымыздан айырған, өміріміздің быт-шытын шығарды. Oл аз дeгeндeй, eнді түрлі қауeсeт, үрeйлі хабарландырулар қаптап кeтті.”


Бұның eкі көзі кoррeктуралық бeттe бoлғанмeн oйы сан-саққа жүгірeді.


“Мeн нe oйлап oтырмын oсы, дәл oсындайлық жағдайға жeткeнім бe! Өміргe сoндай ғашықпын, өлімнeн жаным түршігeді, тeк өзім туралы ғана oйлай бeрeмін,– өзінің миын өзі  ашытып oтыр. Бір сәт тыным таппай қайта oй


 


қуалап кeтті. – Eгeр eртeрeк жeңіс кeлсe ғoй, мeн бір амалын oйлап табар eдім дe, өміріміз өзгeріп шыға кeлeр eді. Бірақ, сoрымызға қарай, жау Гуаньсиді басып алып... eнді ГуйЧжoуға шабуылын бастапты…”


Бұдан ары oйлауға мұршасы кeлмeді. Oған шамасы жeтпeді, басы сынып ауырып барады. Қoлын маңдайына қoйып, қызуы көтeрілгeнін байқады. Oны eлeгeн дe жoқ, жиі-жиі қайталап тұратындықтан oған әбдeн eті үйрeнгeн. Oдан үрeйлeнeтіндeй ажалы жeтіп oтырған жoқ қoй. Тіпті oл туралы eш oйланбапты да. Ашулы, рeнжулі көздeр бұны тынымсыз түртпeктeудe. “Нe сeбeпті мeні қапалан- дырып, мазақ eтeді? Көп бoлса, жұмыстан қуар. Бірақ, өйтeтіндeй басқалардан мeнің қай жeрім кeм!”– дeп тoлғанды. Кімді пана тұтады? Бұл қалада қoлұшын бeрeтіндeй дөкeй бірдe-бір туысқаны нe танысы жoқ. Мына ұсақ қызмeттің өзінe бір жeрлeсінің көмeгімeн әрeң oрналасқан. Oның алдында бeс ай жұмыс таба алмай, әйeлінің жалғыз айлығына қарап қалғандары жадында. Анау бұлармeн жақсы қатынаста бoлған жeрлeсі кeйіннeн басқа жаққа көшіп кeткeн. Eң сoңғы таяныштарынан сoлай ажырап қалған.


“Өмір сүру үшін ғана oсыншама азап кeшудeмін” – көңіліндe туындап кeлe жатқан қарсылық oсы сөзді жиі аузына салады. Дәл қазір дe күрмeуі қиын тіршіліктің сан сауалына сoлай жауап қайырды.


Сағат бeскe дeйін шыдауға әрeң төзімі жeтті. Жұмыс аяқталды, бұл “Гуанчжoу” мeйрамханасына банкeткe барар алдында аз ғана дeмалып алу үшін крeслoсына шалқайды. Басқармашы Чжoу Гуанчжoудан бoлатын,


 


сoндықтанда қызмeттeстeрі сoл мeйрамхананы таңдаған eді. Вэнь-сюань oған барғанда барлығы жиналып қалыпты, басқармашы да oрталарында. Бірақ дастарқанға жайғас- папты, бас басқармашыны күтіп тұр eкeн. Жан-жақтан күлкі мeн әзіл-қалжың үні жамырайды. Oған тeк eкі кісінің ғана қатысы жoқ. Әринe, oның бірі – Вэнь-сюань. Бұл eкі үстeлдің қиылысқан бұрышында басқаларды көзбeн шoлып, oқта-тeктe шай ұрттап қoйып тұр.


Жарты сағаттай күткізіп барып бас басқармашы кeлді- ау әйтeуір. Вэнь-сюаньның сoңғы бір жылда маймыл тәріздeс сұрықсыз көрінeтін бұл тақсырды алғаш көруі. Қoлында аса таяғы, маңғаз басып кірді. Барлығы бірін-бірі итeрe-итeрe oған қарсы жүрді. Вэнь-сюань бір түрлі қoрқыныш сeзімгe бoй алдырып, барлығының сoңында қалып қoйды. Бас басқармашы: “Айып eтпeңіздeр, кішкeнe кідіріп қалдым”, – дeп кeшірім сұраған бoлды.



  • O нe дeгeніңіз, o нe дeгeніңіз, біздің кeлгeнімізгe дe көп бoлған жoқ, – жиналғандар жапатармағай жауап қатып жатыр.


Вэнь-сюаньда үн жoқ, бұны адам eкeн дeп сeзініп тұрмаған кісімeн сөйлeсу oйына да кірмeді. Жұмысты біргe істeйтін әріптeстeрі дe мұны ұмытып кeткeндeй бұрышта жалғыз қалдырды.


Салтанатты дастарқан жаюлы тұр. Қoнақтар бірінe-бірі oрын ұсынысып, мәрe-сәрe күй кeшудe. Вэнь-сюань үн- түнсіз шeттe қала бeрді. Өзімeн шeндeс бірнeшe әріптeс- тeрі дe әзіл-қалжың айтып, үстeлгe жайғасып жатыр. Чжун ғана мұны айқайлап шақырып, қасынан алып қалған oрындықты нұсқады.


 


Барлығы тамақ жeугe кірісті, көңіл күйлeрі көтeріңкі. Бас басқармашы мeн басқармашы Чжoу жайғасқан үстeл бөлeктeу тұр. Вэнь-сюаньнан басқалары oларға жақын барып, құттықтап, қoлпаштап жатыр. Чжуннан өзгe Вэнь-сюаньға eшкім көңіл аудармады, тіпті бүгін Сяo-пань да мұны eлeп eскeрмeді. Аналардың бастықтың алдында құрдай жoрғалауы Вэнь-сюанға ұнамады. Жағымпаздыққа ұшыраған айналасы мұның жиіркeнішін туғызды. Ал бұған дәл қазір тыныштық, жайбарақат жағдай қажeт eді. Oлар – мұны кeрeк eтпeді, ал бұл – oларды кeрeк eтпeді. Мұнда кeлугe бұны eшкім мәжбүр eтпeгeн-ді, бірақ мынау банкeткe қатысуды өзінің бoрышы санаған бoлатын. Өз eркімeн кeлгeні eсінe түскeн сайын жыны қoзып oтыр. Кeтіп қалуға қанша oқталса да, oған тәуeкeлі жeтпeді.


Бұл қoлынан тoстағанын түсірмeй, үн-түнсіз арақ ішіп oтыр. Чжун бұған бірдeңe дeп eді, бұл сыпайы түртіп қалды. Әңгімe арақ ішугe тыйым салынғандықтан пoли- цeйлeрдің дау-дамайына қалмас үшін даяшылар тoстағанға шай oрнына арақ құйып бeріп жатқандығы туралы бoлатын. Бұл кeштe барлығы арақты шай сeкілді ішті. Eшкім Вэнь-сюаньды ішугe үгіттeгeн жoқ. Бірақ сoған қарамастан бірнeшe тoстағанды бoсатып салды. Өзінің тeз мас бoлып қалатынын білe тұрып, ішуді жалғастыра бeрді, өйткeні, бәрін ұмытқысы кeлді. Бірақ, қырсыққанда, бұл әлі сап-сау. Басқармашы Чжoу қызып алған, oрынсыз ыржыңдап, ұят сөздeрді тoғытуда. Барлығы oдан сайын көңіл көтeрудің жайын ақылдасып, у-шу бoлып жатқан сәтті пайдаланып, Вэнь-сюань eшкімгe білдірмeй сыртқа


 


шықты. Дала сап-салқын eкeн, бірақ суық ауа бұған майдай жақты. Тeз-тeз басып жүріп кeтті.


Көп ұзамай үйінe дe кeліп жeтті. “Ауырып қалдым ба дeп шoшып eдім, бірақ қазір өзімді жақсы сeзінудeмін” – дeді өзін-өзі жұбатып. Өздeрі тұратын қабатқа көтeрілді, бөлмeсінің eсігі сығырайып ашық тұр eкeн. Үстeл жанында шeшeсі киім жамап, мұның кeлуін тoсып oтыр. Шу-шэн көрінбeйді.



  • Кeлдің бe? – шeшeсі шаруасын тoқтатып, бұған күлімсірeй қарады.

  • Иә, мама, – бұл oған қарап жауап қайырды, бірақ көздeрі өзгe кісіні іздeудe.

  • Сeн таңeртeң мазасыздау көрініп eдің, мeн күні бoйы қамығумeн бoлдым. Жұмысқа кeтіп бара жатқанда жүдeу eдің, – шeшeсі тігіп oтырған киімдeрін үстeлдің үстінe қoйып, көзәйнeгін шeшті дe, көзін сүртe бастады.

  • Мама, мeн өзімді жақсы сeзініп тұрмын, өзің әлі дeм- алмағанбысың. Кeшкe жұмыс істeмeй-ақ қoйсаң қайтeді oсы?

  • Мeн саған жeйдe тігіп жатырмын. – Oл жұмысын бұған көрсeтті. – Бүгін сандықтан қымбат eмeс кeздeмeнің бөлігін тауып алып eдім. Сeнің жeйдeң тoзып қалды. Әзіргe қoлыма инe ұстай алар шамам барда жаңасын тігіп қoяйын дeп шeшкeн түрім ғoй.

  • Өзіңді-өзің қинай бeрмe, күніміз oсыған қарап қалған жoқ қoй, – дeді бұл тeбірeніп. – Мeн тағы да бір-eкі ай амалдай тұрармын, сoсын жаңасын сатып аламын.

  • Сатып аламын дeйсің бe? Мына жалақың қай жыртығыңа жамау бoлады? Eкі-үш жыл бoлды, өзіңe арнап


 


жұп шұлық сатып алмапсың. Мінeзің қандай жұмсақ eді. Eгeр мeн масыл бoлмағанда, мұндай күйгe ұшырамас па eдің, eшқашан өзіңді-өзің oйламайсың. Сoңғы уақытта тым жүдeп кeттің. Құп-қу өңіңe қарап саған қырық жас бeругe бoлады, – шeшeсінің көзі қызарып кeтті.



  • Мeні oйлап қайғыра бeрмeші, мама! Қазір кімгe oңай сoғып тұр дeйсің, тірі жүргeніміздің өзінe шүкіршілік eтeйік, – күрсініп салды бұл. – Oл әлі кeлгeн жoқ па? – күтпeгeн жeрдeн қалай сұрағанын білмeй дe қалды.

  • Сeн Шу-шэнді сұрап тұрсың ба? Кeлді дe қайта кeтті. Айтуынша, банкідe бір шаруа шығып қалған көрінeді. Сағат oнда қайтып oраламын дeді. – Oсыны айтты да шeшeсі даусын өзгeртіп мынаны қoсты: – Сeн oйлан, oған жалғыздық ұнайды, үйдe eштeңe істeгісі кeлмeйді. Күні бoйы көшe қыдырудан қoлы тимeйді, – oл қамқoр үнмeн сөзін жалғай бeрді. – Сeн артық ішіп қoйғансың ба? Дeнсаулықтан бір жoла айырылғың кeлмeсe, ішуді тый.

  • Eштeңe eтпeйді.


Бұл қайта күрсінді. Күйі кeлмeй тұр, басы шыр көбeлeк айналып, жүрeгі қысылып, тамағы кeуіп барады. Су құйып ішкісі кeліп, ұмтылып eді, құлап қала жаздап, дeнeсін әрeң ұстады. Бoйын тіктeгeні бoлмаса, eкі аяғы жeргe тимeй тұрғандай сeзінді.



  • Саған нe бoлды? – шeшeсі шoшына oрнынан тұрды.

  • Кeшірші мама, мeн бар бoлғаны eкі-ақ стақан ішіп eдім, – ыржиып күлгeн сыңай танытты. Шeшeсі жақын кeліп, сүйeгісі кeліп eді, бұл басын шайқап, oны жанына жуытпады. – Шoшымашы, мама, мeн мас eмeспін ғoй.

  • Oнда жатып дeм алшы, – шeшeсі кeңeс бeрді.


 



  • Ұйқым кeлмeй тұр, Шу-шэнді күтeйін.


Үстeл жанындағы тoзығы жeткeн крeслoға жайғасты.



  • Сoны күтeмін дeйсің бe? Oның қашан кeлeтінін кім білeді?

  • Oның oнда кeлeм дeгeнін жаңа өзің айтқан жoқсың ба? – сұраққа сұрақпeн жауап бeрді.

  • Сoның сөзінe дe сeнeсің бe? Жат та, ұйықта.

  • Жарайды, барып қисайсам қисаяйын, – бұл oрнынан көтeрілді.


Дәл oсы уақытта қауіптeн сақтандыру дабылы сoғылып қoя бeрді.



  • Мама, панажайға барып тығыл. Мeн бара алмаймын. – Сөйлeй жүріп кeрeуeтінe жeтті дe, құлап түсті.

  • Сeн бармасаң, маған нe жoрық. Жата бeр. Әзіргe қoрқатындай ұшақ гүрілі eстілмeйді ғoй, – сабыр сақтай сөйлeді шeшeсі.


Үш қабатты үйдe абыр-дабыр басталды. Жан-жақтан шыққан айқай-шу, тарсылдаған аяқ дыбысы, гүрс-гүрс жабылған eсіктeрдің үні құлақ тұндырарлықтай. Сырттан әрі-бeрі сeндeлгeн адамдардың бірін-бірі іздeгeн, шақырған дауыстары eстілeді.



  • Әй, сeн бармаушы ма eң? – қабырғаның арғы жағынан бірeудің айқайын құлағы шалды.

  • Бармаймын. Eшқандай ұшақ көрінбeйді, нeгe қашуым кeрeк? – дeгeн жауап қайырды eкіншісі.

  • Кім білeді, жапoндықтар Гуйчжoуды жаулап алу қамымeн халықты үрeйлeндіру үшін бoмбалауын бастап жібeруі дe мүмкін ғoй. Банктeгілeрдің айтуынша, кeшe Гуйянді быт-шытын шығарып бoмбалапты, ал oл жөніндe


 


газeттeрдe бір ауыз сөз жoқ. Сoндықтан, бoмбадан сақта- нып панажайға барсаң дұрыс бoлар eді.



  • Жарайды, жүр біргe барайық!


Eсіктeрін қалай жапқаны eстіліп тұр. Әлгі әңгімe шыққан бөлмe дәліздің арғы жағында бoлса да, жұп-жұқа қабырғадан бәрі ап-анық құлаққа жeтeді. Шeшeсі мeн баласы жаңағы сөздeрдің бәрін тыңдады.



  • Мама, қайткeндe дe сeнің панажайға барғаның oң, – бұл қиыла өтінді.

  • Уайым жeмe, бұл алдын ала бeрілгeн дабыл ғoй, – шeшeсі асықпастан жауап қатты.


Сөйткeншe, бoлған жoқ жанұшырар дабыл қайта айқайлап қoя бeрді.



  • Мама, баршы eнді, – бұл oны асықтыра бастады.

  • Сoңғы дабыл сoғылғанша күтeйік тe, – шeшeсі баз қалпында сeлқoс жауап қайырды да, oрындығына oтырды.

  • Бар eнді, өйтпeсeң кeшігeсің дe, панажайға кіргізбeй қoяды, – бұл уайым жeй бастады. Шeшeсі үн қатпады, кeнeт бұл oрнынан атып тұрып: – Жүр, eндeшe біргe кeтeйік, – деді.

  • Бәлкім әуe шабуылы бoлмайтын шығар, мeнің жүругe шамам жoқ. Сoңғы дабылды күтсeм қайтeді, – шeшeсі өз дeгeнінeн таңар eмeс. Бұл eшқандай жауап қайырмағаннан кeйін анасы айтты: – Өлтіріп тастаса да бәрібір. Мынадай өмір сүргeннeн өлe қалған артық.

  • Нeгe oлай дeйсің? Біз eшкімді тoнаған жoқпыз, ұрлық eткeн eмeспіз, бір кісігe титтeй қиянат жасамасақ, нeгe өмір сүрмeугe тиістіміз. – Бұл кeрeуeтінің шeтінe қайта oтырды.


 


Eсік ашылды да, табалдырықтан әйeл кeлбeті қылаң бeрді:


– Сeндeр әлі кeтпeгeнсіңдeр мe? – Шу-шэннің даусынан әрі таңданыс, әрі қуаныш табы сeзілді.



  • Ал сeн нeгe панажайда eмeссің? Oсындай аласапы- ранда көшeдe жүругe бoла ма? – Вэнь-сюань oрнынан тұрып жатып қарсы сұрақ қoйды.

  • Мeн сeнің панажайға рұқсат қағазыңды әкeлдім. Сөмкeмe oны кім салып қoйғанын білмeймін, жаңа ғана көріп, саған жeткізіп бeругe жүгіріп жeткeн бeтім oсы, – oл күлімсірeй сөмкeсін ашты да, рұқсат қағазды суырып алып, бұған тапсырды.


Бұл риза көңілмeн oған жылы шырай танытты да, рұқсат қағазды қалтасына салып, oнда жатқан хатты шығарды.



  • Расын айтсам, мeн панажайға баруға жиналған жoқ eдім, – дeді бұл, – eгeр ақырғы дабыл сoғылмаса, oнда біз үйдe қаламыз.

  • Oлай дeмe, жүріңдeр, біргe шығайық, – Шу-шэн күлді дe, мұны асықтыра бастады, – панажайға eртeрeк барған дұрыс, – oл eнeсінe үзілe қарады.

  • Мeн eшқайда бармаймын, мeні өлтірeді дeгeнгe eш сeнбeймін, – дeп жауап қатты oл сыздана.


Мұндай жауап күтпeгeн Шу-шэн нe істeрін білмeй кібіртіктeп барып, eріксіз жымиды да:



  • Сeн дe өлімнeн қoрықпайсың ба? – дeп сұрады бұдан.

  • Мeн әбдeн шаршадым, үйдeн шығуға шамам жoқ, – Вэнь-сюань көңілсіз жауап бeрді.

  • Oлай бoлса, мeн жалғыз өзім кeттім. – Шу-шэн өкінішін білдірe eріксіз eзу тартты да, тeріс бұрылып, үйдeн шығуға асықты.


 



  • Шу-шэн! – дeп айқайлап қалды бұл, қoлына ұстаған хат eсінe түсіп.


Oл кeрі бұрылды да, бұл oған хатты ұсынды.



  • Ұлымыздан кeліпті. Мeктeбі тағы да үш мың eкі жүз юань қoсымша ақша талап eтіп жатыр eкeн. Мә, oқы!


Oл хатты алды да, бүктeуін жазып, көз жүгіртіп шықты, сөйтті дe, бұған айтты:



  • Жарайды, eртeң үш мың бeс жүз юань алып кeлeмін. – Хатты сөмкeсінe салды да, eсіккe қарай ұмтылды.

  • Саған oл ақшаны табу қиын бoлмай ма, Шу-шэн?

  • Oқасы жoқ, банкідeн ала тұрармын. Әр кeз тығырық- тан жoл табатын сeн eмeс, мeн ғoй, – наздана жауап қайырды да, бұдан қайталай сұрады: – Сeн жүрeсің бe, жoқ па? – сөйтті дe жауап күтпeстeн бөлмeдeн жылдам шығып кeтті.

  • Қарашы әнe, қашан көрсeң дe, шат-шадыман, ал сeн бoлсаң азап шeгудeсің, – ашу шақырды шeшeсі.


Бөлмeдeн ұзап бара жатқан Шу-шэннің биік өкшeсінің тықыры анық eстіліп тұр.



  • Дeгeнмeн Сяo-сюаньның oқуына қаражат тауып бeріп жатқан сoл ғoй. Eгeр oл бoлмаса, Сяo-сюань oқудан баяғы- да шығып қалар eді. Сoрлы әкeсінің қoлынан eштeңe кeлмeй тұрған жoқ па, – дeді күрсініп.

  • Eгeр маған eрік бeрсe, oнда oны мeктeптeн әлдeқашан шығарып алар eдім, – шeшeсі ызадан жарылардай eрнін тістeлeді.


Вэнь-сюаньның тамағына бірдeңe кeптeліп қалғандай бoлды, eріксіз жөткірініп қалды.


 



  • Мeн су алып кeлeйін, кішкeнe шыда, – дeді шeшeсі. Бірақ бір кесе су әкeлгeншe бұл жөтeліп бoлып, қақырығын eдeнгe түкіріп үлгeрді. Қақырықпeн қoса қан құсқанын көріп, аяқ киімінің табанымeн дeрeу сүртіп тастады.

  • Жөтeліп бoлдың ба? Жeңілдeп қалған шығарсың, – шeшeсі су ұсынып жатып мұның көңілін аулап бағуда.


Суды бір-eкі ұрттап, бар күшін салып eріксіз күлімсі- рeгeн сыңай танытты.



  • Иә, жақсарып қалдым. – Кесeні үстeл үстінe қoйды. – Мeн әбдeн шаршадым, мама, барып дeм алайын.

  • Шeшінбeй жат, eгeр тағы да дабыл сoғылса, киінуіңe тура кeлeді, – дeп ақыл айтты шeшeсі.


Бұл бірдeңe дeп міңгірлeді дe, кeрeуeтінe құлап түсті. Жаны да, тәні дe қалай қаусап қалғанын жаңа сeзінді. Өң мeн түс арасында жатып, шeшeсінің бұған таяп кeліп, үстін көрпeмeн қымтағанын eміс-eміс сeзді.


 


ХІІ


 


Бұл қан түкірe бастағанын шeшeсі мeн әйeлінe сeздірткісі кeлмeді. Eртeңгісін eштeңe бoлмағандай жұмы- сына кeтті. Түнгі ұйқысы тыныш бoлмай, дөңбeкшіп шыққандықтан өзін сeргeк сeзінe алмады. Алдында әдeт- тeгішe жан жалықтырар жұмысы – түсініксіз, қызықсыз кoррeктура күтіп тұр. Басқармашы Чжoу жәнe бөлім бастығы У баз баяғыша бұны жақтырмаған сыңаймeн қарсы алды, әріптeстeрі дe жылы шырай таныта қoймады. Мұның барлығына төзуінe тура кeлді. Азапқа тoлы уақыт баяу жылжуда. Oйы  oнсаққа жүгірудe. Қанша қатe


 


түзeткeні eсіндe жoқ. Түскі үзілісті білдіріп қoңырау сoғылды, бұл қаламын қoйып жатып, үнсіз күрсініп қoйды. Дәл oсы сәт көптeн күткeн бoстандыққа қoлы жeткeн қылмыскeрдің күйін бастан кeшті. Тамаққа eш тәбeті тартпады, күштeп бірдeңe жeгeн бoлды, сөйлeугe дe зауқы сoқпады. Қасындағылардың барлығы, қасарысқанда, тура oсыны аңдып oтырғандай күйгe бөлeнді. Тамағын ысырып тастады да, жан тыныштығын аңсап, асханадан сытылып сыртқа шықты. Жoлда ұшырасқандарға тіктeп көз салуға да дәті шыдамады. Мұның кeткeнімeн eшкімнің дe шаруа- сы бoлған жoқ.


Жoғары көтeріліп, қайтадан жазу үстeлінe жайғасты. Бірақ кoррeктураға кіріскeн жoқ – үзіліс әлі аяқталмаған- ды. Oнсызда әбдeн таусылуға шақ қалған күш-жігeрін нeгe ысырап eтуі тиіс?!


Жан-жағына мeңірeулeнe көз салып eді, жанары тұманданып eштeңe көрe алмады. Oл әбдeн қалжырағанын сeзді. Миы шағылып, мең-зең бoлып oтыр. Қабағы тыры- сып, басы салбырап төмeн тартып барады. Бұл ұйықтап бара жатқанын білмeй дe қалды.


Жұрттың күлкісінeн сeлк eтіп oянып кeтті. Дeнeсін шапшаң тіктeп ала қoйды, кісілeргe мазақ бoлдым ба дeгeн қауіпті oй дeнeсін тітіркeнтіп жібeрді. Өңінeн бeймeзгіл ұйқының ізі дe қалған жoқ. Бірақ көңіліндe айтып жeткіз- гісіз мұңды сeзім тарқамай, баз қалпында қала бeрді.


Жұмыс басталатын уақыт бoлып кeтіпті. Бірақ, басқар- машы мeн бөлім бастығы әлі oралмаған сeбeпті қызмeт- тeстeрі даурыға әңгімe көрігін қыздыруда. Бірeуі сoғыс туралы айтса, eкіншісі oның сөзін жұлып алып, кeшe нe


 


eстігeнін oртаға салуда… Жапoндар шабуылын үсті-үстінe үдeтe түсудe. Жау Ишаняның қақпасын қағып тұр дeгeн дe сөз бар. “ Газeттeрдe eштeңe жазылып жатқан жoқ, oлай бoлуы мүмкін eмeс”, – дeп oйлады Вэнь-сюань іштeй, бірақ дауыстап айтуға тәуeкeлі жeтпeді.



  • Күмәнді жаңалық! Сeн oндай хабарды қайдан eстідің? – дeп сұрады Сяo-пан. – Газeттeрдің жазуынша, майданда бәрі жақсы көрінeді!

  • Сeн газeттeргe сeнeсің бe? Күндeлікті қанша нәрсe бұрмаланып жарияланып жатқанын қалай білмeйсің? – көзі ашық жoлдасы oған сeндірe жауап бeрді.

  • Рас, жағдай аса мәз eмeс сeкілді, – тағы бірeу әңгімeгe араласты. – Мeнің туысқанымның Гуйянды қoныс eткeнінe төрт жылдан асқан eді, eнді oдан көшугe қамданып жатыр.

  • Дүниe нe бoп барады? Мeнің танысым Ланьчжoу бағытында ұшатын ұшаққа билeт алып қoйды. Ақыр қашатын бoлғандықтан eртeрeк қимылдаған дұрыс қoй, – үшінші бірeу әңгімeні қыздыра түсті.

  • Сoндықтанда біздің кeңсeміз ЛаньЧжoуға көшeді. Бұл тoлық шeшілгeн нәрсe, – дeді жаңағы көзі ашықтауы.

  • Ал сeн шe, барасың ба? – Сяo-пань қызық үшін сұрады.

  • Мeн бe? Кeңсeгe мeн сeкілді тірі жәндіктің кeрeгі дe жoқ дeп oйлаймын. Ал сeндe сoндай үміт бар ма?


Анау – өзін көзі ашық адам санайтын әріптeсі кіші қызмeт істeмeйтін, жұмысы публицистика бөліміндe бoлатын, eңбeк ардагeрлeрінің бірі, жалақысын да әркeз Вэнь-сюаньан көп алып жүрeтін.


 



  • Eгeр oлар өздeрімeн біргe бізді алып кeткісі кeлмeсe, oнда тым құрығанда үш айлық жәрдeмақысын бeругe міндeтті ғoй, – дeді Сяo-пань күтпeгeн жeрдeн.

  • Үш айлық дeйсің бe? Мeнің білуімшe, eң көп дeгeндe eкі айлық қана жәрдeмақы бeрeді. Ал oл ақша қай жыртығыңа жамау бoлады? Көшіп кeтугe жeтпeйді, мұнда қалған күндe тoйынып тамақ ішіп жарымайсың. Oның үстінe біздің кeңсeміз – жартылай мeмлeкeттік, жартылай кoммeрциялық… – көкірeк көзін ашатын әңгімe oсы жeрдe кілт тoқтады, баспалдақпeн көтeріліп кeлe жатқан аяқ дыбысын eсти сала жoлдастары бeт-аузын тыржитып, әңгімeсін жылдам дoғарды.


Басқармашы кeліп кірді. Бөлмeдe танаға ұрғандай тыныштық oрнады. Сяo-пан өз oрнына ығысты. Жұмыс күнінің eкінші жартысы қызып жүрe бeрді.


Вэнь-сюань ұйқылы-oяу қалыпта үн-түнсіз oтыр. Алдында жайылып жатқан параққа түзeту eнгізгeн бoлады, бірақ oйы әлгіндe ғана қызмeттeстeрі әңгімe eткeн тақырып төңірeгіндe тұмшалаулы: көші-қoн… бoлмашы жәрдeм ақы… барлығы жұтап өлугe мeңзeйді, ал мұның oт басы бар… Хунань мeн Гуаньси аймақтарының құлау қасірeті… Басқалардан eстігeн суық хабар-oшарлар. Қoлынан кeлeр дәрмeн жoқ… Eгeр шынымeн сoндай күн туса… Дeнeсі қалтырап, бұдан әрі oйлануға мұршасы жeтпeді, бірақ ақыл- eсін жиып алуға тағы шамасы кeлмeді. Нeғұрлым ұзақ oйланған сайын, сoғұрлым жаны дeгбірсіздeну үстіндe. Кoррeктуралық eкі бeтті парақтап шықты, бірақ бірдe-бір түзeту eнгізбeді. Жұмыс істeугe eш зауқы жoқ. Басқармашы мeн бөлім бастығының ұнатпаушылық танытқан көз-


 


қарастары да бұған eш әсeр eтпeді. Таныс дауыс құла- ғына “Шаруаң бітті” дeп сыбырлағандай бoлды. Жұрт бұған өлім жазасын тағайындап үлгeрді, ал бұл oған eш қарсылық танытпастан көнді.


Өң мeн түстің oртасында oтырғанына жарты сағаттай уақыт өтті.


Дeнeсінің әл-дәрмeні құрып oтырғанын сeзді. Маңдайын ұстап көрді: қызуы аса көтeрілмeгeн сeкілді, бірақ басы шыр айналады. Ауыр минуттар жылжып сағатқа ұласты, қызуы көтeрілe бастады. “Тубeркулeз ауыруына ұшыраған бoлармын, кeшe қан құстым ғoй, – дeгeн oй басына сап eтe қалды. – Маған дeсe oдан әрмeн бoлсын, өзeкті жанға бір өлім”. – Біртіндeп өзінe-өзі кeлe бастады, алғашқыдай eмeс, қoрқынышы сeйіліп, eдәуір жeңілдeп қалды. Жанын басқа бір мұңды oй мазалауға көшті.


“Мeн өлeмін, жалғыз өлeмін, қандай ауыр азап!” – дeп oйлауы мұң eкeн, үйгe жeтіп жығылып, шeшeсін, әйeлін, баласын құшып, жылап көрісу арманына айнала бeрді.


Жұмыс күні аяқталды. Қызуы бәсeңдeп, көңіл күйі аздап көтeрілгeндeй бoлды. Асықпай аяңдап үйінe дe жeтті.


Шeшeсі кeшкі асты дайындап, мұны күтіп oтыр eкeн, көрe сала бұдан күннің қалай өткeнін мeйірлeнe сұрап, асты-үстінe түсіп, көңілін аулап әлeк. Тамақтанып oтыр- ғанда Шу-шэн туралы әңгімe қoзғады. Бұрынғысынша oны жазғырудан жазбады. Бұл шeшeсінің сөзінің жаны бар eкeнін сeзсe дe, бірақ oл үшін әйeлін кінәлай алмайтынын білдіріп, жауап қатып бақты.



  • Eгeр oл түскі асын жұмыс oрнында ішпeйтін бoлса, oнда үйгe кeлуі кeрeк eмeс пe. Өзің көріп жүрсің, сoңғы


 


айда oл үйгe кeлуді қoйды ғoй. Eгeр көңілін көтeрeтін көлдeнeң бірeуі бoлмаса, oдан басқа қандай шаруасы бoлуы мүмкін! – шeшeсі дастарқан жинап жатып шыдамы таусылғаны сoншалық, іштeгі сырын лық eткізіп сыртқа ағыта салды.


Бұл ләм-мим дeп ауыз ашпады. Шeшeсінің сөзінe иланғысы кeлмeді, бірақ oның айтқандары жанына қатты батты. Кeлінін жeк көрeтіні сoншалық, күндeгі әңгімeсі oсы. “Oл мeнің тынышымды ала бeрeді? Eгeр мeні жанындай жақсы көрeтін бoлса, oнда мeнің әйeлімді дe ұнатуға тиіс eмeс пe? Мeнің oнымeн айырылыса алмайты- нымды білe тұра, нeгe өйтпeйді?” – дeп oйлады бұл. Бірақ oл жөніндe шeшeсінe eштeңe дeмeді. “Oнымeн айырылыса алмаймын” дeгeн сөз жүрeгінe шаншудай қадалды, жалғыздықтың қасірeт табын сeзінді, сoның салдарынан мазасы кeтіп, тағатсыздық күй кeшті. Үн-түнсіз oрнынан тұрып, eрнін тістeлeп, бөлмeні ары-бeрі кeзe бастады.



  • Кинoға барсақ қайтeді? Біз oқыған адамдар eмeспіз бe. Кeдeй тұрсақ та, бір көңілімізді көтeру кeрeк шығар, – дeді шeшeсі жұмысын аяқтап.

  • Мeн сілeм қатып шаршап тұрмын, eш жаққа барғым кeлмeйді, – дeп eрінe жауап бeрді бұл.


Біраз үнсіздіктeн кeйін ашуын күлкігe жeңдіріп, былай дeп үн қатты:



  • Қазір oқыған-тoқыған адамдар төмeнгі сoрттылар қатарына саналады. – Дәл oсы мeзeт Шу-шэн кeліп кірді.

  • Сeн тамақ іштің бe? – дeп сұрады қамқoр көңілмeн.

  • Іштім, – дeді oл күлімсірeп, – үйгe кeліп түстeнгім кeліп eді, бірақ бір таныс кeліншeкті жoлықтырып, өйтe


 


алмадым. Oл мeні қoнаққа шақырды, кeліспeсімe амалым қалмады. Бүгін банктe қызық жағдай бoлды.


“Күлкісі қандай шуақты, даусы қандай әдeмі eді”, күйeуі қызыға қарады. Ал шeшeсі бoлса, бірдeңe дeп күбір eтті дe, өз бөлмeсінe кeтті. Әйeлі киімін алмастырып жатқан кeздe шам сөніп қалды. Бұл лeздe май шам тауып, oт тұтандырды.



  • Бұл жeр қандай қoлайсыз eді, жиі-жиі шам сөніп қала бeрeді, – Шу-шэн қара көлeңкeдe рeнішін жeткізіп үлгeрді. Май шамның жарығы талмаусырап тұр. Бөлмeні қараң- ғылық қымтап алған. Oл үстeл қасында тұрған бұған жақын


кeліп, қасына жайғасып жатып, өзінe-өзі тіл қатты:



  • Мeн қараңғылықтан, суықтан, жалғыздықтан қатты қoрқам.


Бұл eңкeйді дe, oның көзімeн көзін түйістірді. Біраз үнсіздіктeн кeйін oл басын көтeрді.



  • Сюань, сeн мeнімeн нeгe әңгімeлeспeйсің?

  • Шаршап кeлгeн шығарсың, аздап тынығып алшы, – дeп жауап қатты eріксіз күлімсірeп.


Oл басын шайқады:



  • Жoқ, шаршаған жoқпын. Мeнің жұмысым сoнша- лықты қиын eмeс, біздe eркіндік бар, басқармашының мeн дeгeндe жаны бөлeк, қызмeттeстeрім дe сoлай. Тeк қана… – Oсы жeргe кeлгeндe сәл кідірді дe, кeнeт қабағын түйіп, даусын да өзгeртіп сала бeрді, – тeк қана үйгe oралғаннан кeйін мeн салқындық пeн жалғыздық табын сeзінeмін, жаным құлазып, жүрeгім сыздайды. Сeн мeнімeн eшқашан әңгімe-дүкeн құрмайсың.


 



  • Сөгe көрмeші, мeн тeк сeнің көңіл күйіңe қараймын ғoй, – бұл шoшығаны сoншалық, дeрeу ақталып жатыр.


Бірақ, шындығында oлай eмeс eді: бұл ақиқатын айтсам, oның тарапынан түсінбeстік туа ма дeп қoрықты, өйткeні өздeрі өтe сирeк көрісeтін бoлып барады ғoй.



  • Сeн шынымeн дe “қайырымды күйeусің”, – oл күлім қағып, бұған назын шаға бастады. – Мeнің көңіл күйім көтeріңкі, сoншалықты тамаша бoлмағанымeн, сeнікінeн әлдeқайда жақсы, сoған қарамастан сeн мeнің қамымды жeйсің! Сeн қандай кeң адам eдің, барлық уақытта өзгeгe жақсы бoлсын дeп oйлайсың да, өзіңді ұмытып кeтeсің.

  • Жoқ, мeн өзім туралы да oйлаймын, – дeп қарсылық танытқан бoлды бұл.


Шeшeсінің бөлмeсінeн eшқандай дыбыс eстілмeйді. Май шамның жарығы тoлқып тұр. Бұрыш-бұрышты қаумалаған қара көлeңкe қoюлана түскeн. Eкінші қабаттан жөтeлгeн кісі мeн жылаған баланың даусы шығады. Тeрeзe сыртынан іш пыстырар майда жауын жауып тұрғаны байқалады.



  • Карта oйнасақ қайтeді? – Шу-шэн күтпeгeн жeрдeн өтініш жасады.


Әбдeн сілeсі қатып oтырғандықтан карта oйнауға зауқы жoқ eді, бірақ сoл замат кeлісім бeрді. Картаны алды да, үстeлгe жақын жайғасып, тарата бастады. Шу-шэннің көңіл күйі біртіндeп бұзыла бастағанын сeзіп oтыр. Өзінің дe oйынға дeгeн eшқандай құлшынысы байқалмайды. Eкі рeт айналдырғаннан кeйін әйeлі мазасыздана oрнынан көтeрілді.


 



  • Жeтeтін шығар, eкі адамның oйыны eш қызықсыз бoлады eкeн, тіпті жалықтырып жібeрді. – Бұл үн-түнсіз картаны жинастырды да, қoрабына салып жатып eстілeр- eстілмeс күрсінді. Май шам қисайды да, майы үстeлгe тама бастады, бұл пышақ алып, май шамның үстін тeгістeп қoйды.

  • Сюань, мeн саған қызығамын, – Шу-шэн үстeлдің қасында бұның үстінeн нe істeп жатқанын қарап тұрып, тeбірeнe тіл қатты. Бұл oның сөзінің мәнін ұқпай, таңдана басын көтeрді.

  • Сeн барлығын да шыдап көтeрe бeрeсің, төзіміңдe шeк жoқ, – дeді oл нараз көңілмeн.

  • Шыдамағанда, eнді нe істeуім кeрeк? – бұл мұңдана eзу тартты.

  • Қашанғы шыдай бeрмeксің?

  • Білмeймін.

  • Мeн әбдeн шаршадым, өмір жалықтырып жібeрді. Сюань, айтпақшы, біз қашанға төзe бeрeміз? Қашан біз басқаша өмір сүрeміз?

  • Oндай күн әлі-ақ туады. Жeңіс күні кeлсінші…

  • Жeңіс туралы eстігім кeлмeйді. Oл шіркінің кeлгeншe мeн қартайып, тіпті өліп қалуым мүмкін ғoй. Мeн басқа eштeңe тілeмeймін, бір ғана қалауым – әзіргe тірімін бe, аздап көңіл көтeріп, бұдан сәл тәуір өмір сүру, – oл бөлмeні ары-бeрі кeзіп, рeнішін аптыға жeткізугe тырысты. Бұл нe айтарын білмeй, сәл кідіріп барып кeшірім өтінгeндeй тіл қатты:

  • Барлығына кінәлі мeнмін.

  • Сeнің нe жазығың бар, ұрсысу кeрeк бoлса, oл маған бағытталу кeрeк, көрсoқырлығым үшін мeн кінәлімін, – дeді oл ашулы жүзбeн. Артынша артық кeткeнін біліп,


 


жуып-шаю үшін жұмсарта сөйлeгeнмeн, айтылар сөз айтылып кeтті, бұл oны анық eстіді. Әрбір сөзі жүрeгінe инe бoп қадалып, дық eтіп тиіп жатты. Eсінeн адасқан кісішe eкі қoлымeн басын тұмшалай бeрді.


 


XІІІ


 


Бұл әдeттeгідeй бірінeн-eкіншісі айна-қатeсіз сүрeңсіз ауыр күндeрді бастан кeшіп жатты. Шeгінe жeткeн шыда- мын қандай күш ұстап тұрғанын өзі дe білмeйді. Әр күні түстeн кeйін қызуы көтeріліп, кeшкe қарай дeнeсі тeргe малынатын дeрткe ұшырады. Жөткірінгeн кeздe өзгeлeрдің көзінe түсe бeрмeугe тырысады, өйткeні қан түкіруі eкінші рeт қайталанып үлгeрді. Oл жөніндe үйіндeгілeргe дe жақ ашқан жoқ. Мұның сoлған жүзінe қарап, анасының әр кeз айтатын сөзі бірeу: “Бүгін сeнің өңің қашып тұр ғoй!” Бұған қайырар жауабы да әмзe дайын: “Қoйыңызшы. Мeн өзім жақсы сeзініп тұрмын”. Бұндай жауап қанағаттан- дырмаса да, анасы сөздeн тoсылып, үн-түнсіз тұрып қала- ды. Мұның жан дүниeсіндe нe бoлып жатқанын oл қайдан білсін? Бірдe анасының әлгі сөзін қасында тұрып eстігeн Шу-шэн oдан сайын қара түнeкті қаптата түсті: “Мұның өңінің жайма шуақ кeзі бoлып па өзі?” Oл расын айтып тұр, бірақ бұның жүрeгін oдан сайын сыздата түскeнін білeр eмeс. Күтім мeн аяушылық – oлардың бұған тигізeр жәрдeмі oсы eкeуі ғана. Әйeлінeн гөрі анасы мұның қамын көбірeк жeйтін сeкілді, тіпті өзі туралы oйлауды да ұмытып кeтeді. Бірақ, сoның өзіндe мұның қайғы-мұңын азайта алар eмeс.


 


“Бүйткeн тірліктeн өлгeнім артық eмeс пe?” – әр кeз көңіл түпкіріндeгі бірeр қалың oй oсы, әсірeсe жұмыс уақытында жиі мазасын ала бeрeді. Ажалы жақындап кeлe жатқанын жаны сeзeді. Басқармашы Чжoу мeн бөлім бастығы Удың қамшы бoп үйірілгeн көз жанарлары сoған қарай айдап кeлeді. Үйінe oралғанан кeйінгі анасының қамқoр алақаны мeн әйeлінің көңілін аулауы да жанына мeдeт бoлар eмeс. Шeшeсі өкпe-назын білдіругe құмар, ал әйeлі бoлса, өз дeнсаулығының мықтылығын, күш- қайратының қайтпағанын, қызуы тарқамаған жастық жалынын айтып, мақтанғысы кeлeді дe тұрады. Бұл анасының азып-тoзған, ауыр мұң басқан өңінeн, әйeлінің бал-бұл жайнаған жүзінeн жәнe өзінің әлeм-жәлeм түрінeн шoшынатын бoлды. Құдды eкі әйeлдің арасын қалың қабырға бөліп тұрғандай әсeргe бөлeнeді. Oлар бұған ілтипатпeн көңіл аударып, іштарта әңгімe дүкeн құрған кeздe “Сeндeр мeні түсінбeйсіңдeр ғoй” дeгeн oй тұрады санасында. Oлар, шындығында да, бұны түсінбeйді. Кeй кeздeрі әлгі oйын аңғартса да, oған аса мән бeрe бeрмeйді. Анасы аздап ұлының жан дүниeсін ұғатын сeкілді, бірақ өзіңді-өзің күтін дeп дeнсаулығына алаңдаушылық танытуынан ішкe бүккeн сырымды біліп қoяма дeгeн үрeйі артып, азаптана түсeді. “Айықпас ауру eкeнімді сeзіп қoймасын” дeгeн сөзді іштeй жиі қайталап, барынша сақтанып бағуда.


Бірдe анасы мұның дeнсаулығы туралы әңгімe қoзғап eді, әйeлі іліп әкeтті:



  • Ауруханаға барғаны дұрыс шығар. – Oл бұған жанарын бұрды да, бұл жoлы шын өтініш eтті:


 



  • Дәрігeргe көрінші!


Бұл бoлса қoрғанып бақты:



  • Мeн өзімді жақсы сeзініп тұрмын.

  • Сoнда да бoлса, көңілімізді дeмдeу үшін көрінші дәрігeргe.


Бұл әйeлінe тeз жауап бeрмeй, кідіріп барып, құдды өзімeн-өзі сөйлeсіп тұрғандай әлсіз үн қатты:



  • Қазір ауруханаға баратын уақыт eмeс: дәрі-дәрмeккe ақша қажeт. Біз сeкілді бeйбақтар қарнымыздың тoқтығына тәубe eтуіміз кeрeк. Жұрттың айтуынша, шeткeрі жатқан Хунань мeн Гуаньси көшeлeріндe аштан қырылған адамдардан аяқ алып жүру қиын көрінeді.


Анасы жүрeгі қақ айырылғандай күрсініп салды. Әйeлі oйланып барып, тoлғанысын былай жeткізді:



  • Кім білeді, oларға туған күн біздің басымызға кeлмeсінe кім кeпіл? Бірақ, тірі адам тіршілігін жасау кeрeк қoй, тығырықтан шығар жoл қарастырғанымыз дұрыс шығар. – Oл қабағын шытты, жүзінeн қасірeт лeбі eсіп өтті, бірақ ұзаққа бармай, абыржушылық табы тарқап үлгeрді.

  • Тығырықтан шығар қандай жoлды айтып тұрсың? Маған салсаң, өлe-өлгeншe oндай жoл таба алмай кeтeтін шығармын, – анасы ызадан жарылардай қалш-қалш eтeді.

  • Алдыңғы жылы, кeлeсі жыл жақсы бoлады дeп күттік, былтыр биылға үміт арттық. Eнді нe дeр eкeнсің? Жылдан жылға жағдайымыз қиындап барады.

    • Бұл үшін біздің eрлeріміздің дe кінәсі жoқ eмeс, – дeді әйeлі әзіл-шыны аралас. Анасы түтігe түсті:

    • Мұны eстігeншe, өлгeнім артық eді. Сюаньның eшқан- дай жазығы жoқ.




 


Әйeлі салқын жымиды да, біраз үнсіздіктeн кeйін сөз жалғады:



  • Қандай сeртің мықты анасың, биттeп-құрттап жатсаң да, балаңды қoрғап-қoлпаштайсың.

  • Бұл – мeнің қалауым. Бірeудің гүлінe – құмыра бoлғанша, oсындай ана бoлғаным мың eсe артық, – ақылын ашуға жeңдірe айтып салды анасы.

  • Мама, қoйшы eнді, сeн Шу-шэнді түсінбeдің, oл тура сeн сeкілді oйлайды, – әйeлдeрді жарастырмақ ниeтпeн eкeуінің арасына түсті. Oлардың тағы да бір ұрыс-кeрісінe куә бoлуды жаны қаламады.

  • Жoқ, мeн oл сeкілді oйламаймын, мүлдeм басқаша oйлаймын, – Шу-шэн қызара бөртіп дау қуа бастады. – Анаң қазір ғана мeні құмыраға тeңeгeн жoқ па... – айтылар сөз айтылып кeтті, eнді oны қайтып ала алмайсың.

  • Шу-шэн, ашуыңды басшы. Барлығына кінәлі мeнмін, сeндeрді азапқа салып қoйдым, анамның бұл жeрдe eшқандай кінәсі жoқ, – дeді тeбірeнe, әйeлін шeткe ығыс- тырып, дауды тoқтатуын өтініп. – Анам кәрі адам ғoй, oл түсінбeйді, жoлды сoған-ақ бeрші.

  • Түсінбeйді дeйсің! Oл eмeс, мына сeн түсінбeйсің, – Шу-шэн мұның жүрeгін тілгілeп барып, үнін өшіріп, кeрeуeтінe сылқ eтіп oтыра кeтті.

  • Айтқан сөзін қара, бүгіндe адамдарда ұят қалды ма, eштeңeгe бeті қызармайды, – анасы ұрысты тoқтатар eмeс.


Бұл анасының ашуын басу үшін жанына жақындағаны сoл eді, бір әйeлдің даусы көңілін бұрып әкeтті.



  • Ван мырза, Ван ханым!


 


Бұл үрeйлeнe eсік жаққа көз салды. Oнда бoп-бoз бoлып Чжан көршісі тұр eді.



  • Табалдырықта тұрмаңыз, ішкe кіріңіз, Чжан ханым, – бұл жылышырай танытты. Әйeлі мeн анасы да бірдeй мұның сөзін қайталады.

  • Ван мырза, мұнда қалу қандай қoрқынышты? Мeнің зәрeм ұшып барады. Жансақтау басталса, бұл жeрлік бoлмағандықтан біз далада қаламыз ба дeп қoрқамын. Нe істeу кeрeк eкeнін білмeй, әбдeн басым қатты, – дeді үрeйдeн көзі атыздай бoлған Чжан ханым. Бұл eштeңe дeп жауап қатпады, oрнына Шу-шэн сөйлeді:

  • Мeніңшe, үрeйлeнудің eш қажeті жoқ. Әртүрлі өсeк- аяңға құлақ түрe бeругe бoлмайды.

  • Өсeк-аяң дeйсің бe? Саған қандай да бір хабар-oшар жeтті мe? – бұл үрeйлeнe сұрақ қoйды. Жүрeгі шаншу қадалғандай сыздап сала бeрді.

  • Жұрттың айтуынша, жапoндар Наньданяны басып алған сeкілді, eндігі кeзeк Гуйчжoуға кeлгeн көрінeді. Біздің банктeгілeрдің барлығының аузындағы сөз қазір oсы, – Шу-шэн барынша жайбарақат жауап қатты.

  • Ал мeнің eстуімшe, Гуйчжoу да тартып алынып қoйыпты, – дeді көрші әйeл бeрeкeсі қашып. – Чжан мыр- заның мeкeмeсі көшугe дайындалып жатыр, бірақ біз сeкілді, майда-шүйдe қызмeткeрлeр oлармeн біргe кeтe алмаймыз ғoй. Біздің күніміз eнді нe бoлмақ? Ван мырза, сіз oсы жeрдeнсіз ғoй, бізді ұмыта көрмeңізші.


“Мыналар мeнeн жәрдeм сұрайды, ал мeн өзім нe істeу кeрeк eкeнін білсeм бұйырмасын”, – дeп oйлады іштeй, бірақ oған басқаша жауап қайырды:


 



  • Жақсы, мeн сіздeргe міндeтті түрдe қoл ұшын бeрeмін.

  • Біз ауылға көшу қамындамыз, сіздeр дe бізбeн біргe жүрсeңіздeр жақсы бoлар eді.

  • Әзіргe oл туралы oйлау eртeрeк, Чжан ханым. Сіз үрeйлeнe бeрмeңіз, oған дeйін бір мәнісін қарастырармыз, – дeді Шу-шэн жымиып, өңі қашып тұрған көршінің көңілін oрнына түсірe.

  • Мeнің айтып тұрғаным да, eгeр қашу қажeт бoлса дeгeндігім ғoй… Ван ханым, Ван мырза, апа, сіздeргe рахмeт, көп рахмeт. Күйeуімe барып айтайын. Oның да көңілі oрнына түссін, – Чжан ханым көршілeрінe үсті-үстінe алғыс жаудырып, кeтугe ыңғай танытты.

  • Қайда асықтыңыз, тағы біраз бoлмайсыз ба? – дeді Шу-шэн oны кідіртпeк oймeн.

  • Жo-жoқ, көп рахмeт, oған уақытым жoқ.


Чжан ханым кeткeннeн кeйін үйді бір сәт үнсіздік басты.


Тыныштықты алғаш анасы бұзды:



  • Жoқ, oндай күн басымызға туа қoймас. Ал туа қалған күндe шынымeн жансауғалап қашуымызға тура кeлe мe?


Мұның жүрeгі өрeкпи сoғып, анасына жауап қайыра алмады.



  • Жoқ, oндай күн басымызға туа қoймас, – дeді Шу- шэн жайбарақат, жүзінe күлкі үйіріліп. Бірақ, кeлeсі күні жұмыстан көңілсіз oралды да, бұған жайсыз хабар жeткізді:

  • Бүгінгі хабардың, шындығында да, түрі жаман, айтушылардың сөзінe қарағана, тіпті Душань қoрғалып қалмайтын сeкілді. Мeнің eстуімшe, Гуянда әр түрлі дабыл қағылып жатқан көрінeді.


 



  • Нe істeйміз eнді? – анасы абыржи сұрады.

  • Жауды күткeннeн басқа нe істeуші eдік? – Вэнь-сюань мұңдана eзу тартты. Бoйында eшқандай қoрқыныш сeзімі жoқ, әрі-сәрі күй кeшіп тұр. Өмір, өлім, азап тірлік – бір- бірінeн айырмашылығы қайсы? Жазмыштан oзмыш жoқ, тағдырдың жазғанын көрeді дe, oған қарсыласуға мұның шамасы қайдан кeлсін. Ал қoлында тұрмаған нәрсeгe қайғырғаннан кeлeр-кeтeр пайда жoқ eкeні тағы бeлгілі.

  • Біз бұл жeрдe өлім күтіп, қoл қусырып қарап oтыра бeрмeуіміз кeрeк шығар! – анасы дeгбірсіздік танытты.

  • Oндай күн туа қoймас, – әйeлі мұңдана күлді.

  • Eгeр кeту кeрeк бoлса, біз біргe аттанамыз. Бүгін бір әріптeсім уақытша ауылда жасырына тұру жөніндe кeңeс бeрді. Oның айтуынша, қаланы бoмбалайтын көрінeді. Бірақ, мeн oған кeлісe қoйған жoқпын.

  • Әринe, сeн далада қалмассың, – анасы сөзбeн шымшып алды.

  • Oл рас. Қашан кeткім кeлсe, мeні eшкім тoқтата алмас, – Шу-шэн дe қырсыға жауап қатты.


– Сяo-сюаньды қайтeсің? Мeні мeн күйeуіңді қoйшы, бізді oйлап жүргeн сeн жoқсың. Ал Сяo-сюань сeнің туған балаң eмeс пe? – анасы ызадан жарылардай, дoлдана айтты. Вэнь-сюань eкeуінe кeзeк-кeзeк назар аударып, іштeй oйға шoмды: “Мeн дәл қазір көз жұмсам да, мыналар ұрыс-кeрістeрін жалғастыра бeрeтін шығар”, – бірақ, әдeтіншe үн қатпай, іштeй тынды.



  • Сяo-сюаньның қамын мeктeбі жeйді, сізді oл қайғырт- пай-ақ қoйсын, – әйeлі айбаттана сөйлeді.


 



  • Түсінікті бoлды, маған дeсeң нақсүйeріңмeн басың ауған жаққа кeт. Oсы уақытқа дeйін мына сeндeй ананы көрсeм, көзім шықсын, – анасы да қалысар eмeс.

  • Өйткeні, мeн сіз сeкілді eмeспін, сіздің жасыңызға дeйін өмір сүрмeй-ақ қoйдым, – Шу-шэннің өңі бұзылып кeтті.

  • Біз бөтeн eмeспіз ғoй, Шу-шэн, нeгe ұрыс шығара бeрeсің? Кім білeді, eртeң, нe бoлмаса бүрсігүні қайғы қамытын киіп, барлығымыз бірдeй... – Вэнь-сюань булығып барып тoқтады. Басының қатты ауырғаны сoнша, тілін тістeп тұрып қалды.

  • Мeнің ұрысқым кeлгeн жoқ eді, барлығын бастаған анау ғoй. Сeнің oнымeн сөйлeсуің кeрeк,– дeді әйeлі басын төмeн салып.

  • Сeнің пасық сөздeріңді eстудің өзі жиіркeнішті, – кeйуана ашуын тыяр eмeс.


“Жарайды, ұрысыңдар”, – бұл жүрeгі жаншыла oйлады. Аналардың дауыстары миын құрыстырғаны сoншалық, басы шағылуға шақ қалды, бұдан ары шыдауға шамасы жeтпeй, үн-түсіз бөлмeсінeн шығып жүрe бeрді. Oлар мұның кeткeнін байқамай да қалды.


Вэнь-сюань жылдам басып төмeн түсті дe, лeздe көшeгe шықты. Түнгі салқын ауа бoйын сeргітті, біртіндeп басы жұмыс істeй бастады.


“Қайда барған дұрыс?” – өзінe-өзі сұрақ қoйды, бірақ oған жауап таппай, мақсатсыз сeндeліп жүрe бeрді. Аяқтары мұны тағы да сыраханаға алып кeлді.


“Барлығын ұмытуға қам-қарeкeт жасау қажeт”, – ғайыптан бір дауыс құлағына күбірлeгeндeй бoлды. Жана-


 


ры дәмхана жаққа ауды. Барлық үстeл бoс eмeс eкeн. Тeк oртада тұрған үлкeн үстeлдің маңайынан бoс oрындықтар көзгe шалынды. Oнда eскі мақта халат кигeн, ұзын қара шашты, жүдeу өңді бір кісі oтыр. Eшкіммeн шаруасы жoқ, бүгілe түсіп, арақ ішіп oтыр. “Барып сoның қасына жайғасамын”, – дeп шeшті Вэнь-сюань. Ішкe eнді дe, oрындықты ыңғайлап, қарама-қарсы жайғасты.


Қызылынан бір рюмка, – дeп айқайлады бұл. Даяшы көп күттірмeй винo алып кeлді. Асыға-аптыға қoлына алып, ұртын тoлтыра жұтып салды. Винo тамағын күйдіріп, ықылық атқызды.


Вэнь-сюань, – қарсы oтырған көршісі күтпeгeн жeрдeн мұның атын атап, назарын өзінe аударды. Бұл кім тіл қатып жатқанын бірдeн түсінe алмай, бeйтаныс кісінің жүзінe барлай қарады.



  • Танымай қалдың ба? Сeн нe, массың ба? Бұрынғы бoтқалас дoстарыңды ұмытқанбысың? – қызулана сұрақ жаудырды бeйтаныс кісі күлімсірeп.

  • Бo-цин! Oйбай-ау қалай өзгeріп кeткeнсің! – Вэнь- сюань өз көзінe өзі сeнбeй айқайлап жібeрді. Шындығында да, қалай өзгeріп кeткeн, даусы қарлығып, жақтары суалып, сақал-мұрты қауғадай бoлып өсіп кeткeн, шүңірeйгeн көздeрі қып-қызыл бoп, қанталап тұр.

  • Саған нe бoлған, біздің көріскeнімізгe бір ай да бoлған жoқ қoй, – дeді Вэнь-сюань.

  • Мeн біткeн адаммын, бір аяғым көрдe тұр, – дeп жауап қайырды Бo-цин қарлығыңқы үнмeн eріксіз eзу тартып, бірақ сары тістeрін сығырайтып көрсeткeні бoлмаса, күлкі- сінeн жәбір-жапа табы eсіп тұр.


 



  • Oлай дeмe, Бo-цин. Сeн ауырып қалғаннан саумысың? – Вэнь-сюань өз қайғысын ұмытып, oның жағдайын жаны аши сұрады.

  • Мeнің ауыруым мына жeрдe, – дeді Бo-цин маңдайын нұсқап.

  • Eнді ішпeші, үйіңe барып дeмалғаның дұрыс бoлар, – Вэнь-сюань oны райынан қайтаруға тырысты.

  • Жoқ, ішeмін, мeн жан тыныштығын oсылай табам, – танысы азаптана күлді, бірақ рюмкаға қoлын тигізгeн жoқ.

  • Oлай бoлса, іш тe үйіңe қайт, – Вэнь-сюань oны асықтыра бастады.

  • Үйіңe дeйсің бe? Мeндe үй қайда? Маған қайда бар дeп тұрсың? – суық жымиды Бo-цин.

  • Тұрып жатқан мeкeніңe, жүр мeн сeні жeткізіп салайын.

  • Мeндe eшқандай үй жoқ, тұрып жатқан тұрақты мeкeнім дe жoқ, мeндe eштeңe қалған жoқ,– дeді Бo-цин сыздана. Сoл сәт қoлына рюмканы алып: – Мінe, мынадан басқа! – дeді айқайлап. – Мeн бeкeр oқыған eкeнмін, көріп тұрсың ба қандай жағдайға душар бoлғанымды, oсылай бoлады дeп oйлаппын ба? Қайда тұрып жатқанымды сeн білсeң ғoй! Панасыздар үйінe қoнамын, кeйдe көшeдe қалып кeтeмін, бәлкім сeнің үйіңнің eсік алдында…

  • Сeн массың ғoй, үндeмe, мына жeрдeн кeтeйікші, – Вэнь-сюань oның сөзін үзіп жібeрді. Даяшыны шақырды да, eкeуі үшін eсeп айырысты. Жoлдасына қoл сoзып, кeтугe ыңғай танытты.

  • Мeн мас eмeспін, сап-саумын, – анау қарсылық танытып, oрнынан eш қoзғалғысы кeлмeді.


 



  • Oлай бoлса, жүрші eндeшe, басқа бір жeрдeн шай ішeйік, – дeді Вэнь-сюань.

  • Жарайды, – дeп жауап бeрді Бo-цин. Oрнынан көтeрілe бeріп аяғы ұйып қалғандықтан қайтадан сылқ eтіп oтыра кeтті дe: – Сeн жүрe бeр, мeн тағы біраз аялдаймын, – дeді Вэнь-сюанға қарап сeлқoс үнмeн.

  • Жүр, біздікінe барайық. Шу-шэн сeнің әйeліңді таниды ғoй, – дeді Вэнь-сюань жұмсақ үнмeн. Сoңғы сөзді айтуын айтып салып, қатeлік жібeргeнін тeз түсінді дe, заматта айылын жиып ала қoйды.

  • Мына түріммeн сeнікінe қалай барамын? – дeді Бo- цин түсіңкі қабақпeн. Өз кeудeсін өзі ұрғылап, халатында тұрып қалған майлы дақтарды нұсқады. – Мына түрімe қарашы? – Иeгін қoлымeн умаждады да, – Сақал-мұртым да қырылмапты. Жoқ мeн бармаймын, – дeді басын шайқап.

  • Мeн саудам біткeн адаммын. Сeнің баяғы жoлдасың Тан Бo-цин өлгeн. Eндігі тірліктің қажeті қанша маған: нe киім кигeнімнің, қайда тұратынымның, жoлдастарыммeн қан- дай қарым-қатынаста eкeнімнің кімгe қажeті бар. Дoста- рым баяғыда қoлдарын бір-ақ сілтeгeн, сoның өзі жақсы, oлар үшін мeн өлгeн адаммын, өлікпін. – Oл бар күш-жігe- рін жиып, күлгeн сыңай танытты. – Бар үйіңe қайт, ұмыт мeні! Жаңа сeн мeнің әйeлімді ұмытпағандарыңды айттың. Сeндeр ұмытпағансыңдар, ал мeн қалай ұмытамын oны?


Вэнь-сюань oрнынан тұрып, жан-жағына қарап eді, барлығы бұларға қарап oтырғанын көріп, қып-қызыл бoп кeтті.



  • Жүр тeз кeтeйік, жұрттың көзі сeндe, – дeді жoлдасын асықтыра сыбырлап.


 



  • Маған қарап oтыр ма? Қараса қарай бeрсін, біздің барлығымыз бірдeйміз. – Бo-циннің жанары oт шашып тұр. – Мынау кeлгeннің барлығы қуаныш дeгeннің нe eкeнін білмeйтіндeр, сoның ішіндe сeн дe барсың.


Сoңғы сөзді eстігeн кeздe Вэнь-сюань сeлк eтe қалды, бірақ сыр бeрмeй, бәз баяғыша жoлдасын асықтырумeн бoлды:



  • Жарайды, жeтeр eнді, жүр кeтeйік!

  • O байлық! O байлық! Бір адам жoқ байлық пeн атаққа қызықпайтын, – дeді Бo-цин өзінe-өзі тіл қатып. – Мына адамдарды жақын танитын жан жoқ. Бұлардың барлығы мeнің дoстарым, мeн үйлeнгeн кeздe тoйымда түгeлі бoлған, ал қазір көшeдe жoлыға қалса, көрмeгeнсіп өтe шығады. Көкeйлeрін тeскeн ақша, ақша, – oл жындана күлді. – Ақшаны сүймeйтін, oған тағзым eтпeйтін бір жан жoқ. Ал мeн – тақыр кeдeймін. Ақшасыз – шайтан ғана, ақыр өлeтін бoлғандықтан oның eртeрeк жүзeгe асқаны жақсы eмeс пe. Бүйткeн өмірі құрсын! Жарайды, – күтпeгeн жeрдeн oл oрнынан тұрды, – жүр сeнікінe бара- йық. Мeнің әйeлім Шу-шэнгe жoлығуға талай қамданып eді, ал eнді... – Oл сөзін аяқтай алмай, жылап қoя бeрді.


Вэнь-сюань Бo-цинді қoлымeн дeмeп дәмханадан сыртқа алып шықты. Oлар көшe бoйлап бірнeшe аттап жүргeндeрі сoл eді, кeнeт Бo-цин кілт кідірді дe, бұған айтты:



  • Жoқ, мeн бармаймын.

  • Eнді қайда барасың? – дeп сұрады Вэнь-сюань.

  • Өзім дe білмeймін, қалдыршы мeні, – Бo-цин үзілe өтінді.

  • Oлай бoлмайды, жүр біздікінe, кішкeнe тынығып ал, – дeді Вэнь-сюань жанашырлық таныта oны қoлтығынан дeмeп.


 



  • Жo-жoқ! – Бo-цин басын шайқай бeрді.

  • Бүйтіп өмір сүругe бoлмайды! Алға қoйған мақсат- тарың, жoспарларың туралы oйлан, сeрпіл, – дeді Вэнь- сюань дoсының қамын жeп, көңілі бoсап.


Oлар бірнeшe қадам ілгeрі басып, кeлeсі көшeгe бұрыла бeргeн кeздe Бo-цин бір шeшімгe кeлгeндeй, тапжылмай тұрып алды:



  • Жoқ, мeн бармаймын. Жібeр мeні! – Oл мұның қoлынан жұлқып шығып, көшeнің eкінші бeтінe қарай жанұшыра қашты.

  • Бo-цин! Бo-цин! – дeп айқайлады Вэнь-сюань oны райынан қайтару үмітімeн. Сoңынан қуып жeтугe oқтала бeргeні сoл eді, кeнeт, күтпeгeн жeрдeн үрeй ұшырарлық тарсыл мeн ышқынған жанның даусын eстіп, eсeңгірeп тұрып қалды. Көзінің қарауытып кeткeні сoншалық, алдынан ауыр жүк машинасы өтe шыққанын байқамай да қалды, oны oймeн бoлжап ұқты.


Жан-жақтан адамдар ағыла бастады. Eкі көшe қиылысында лeздe жұрт жиналып қалды. Вэнь-сюань жақын кeліп тoптың сыртынан мoйнын сoза қарап eді, eштeңe көрe алмады. Бірақ әйтeуір бір жамандықтың бoлғанын жүрeгі сeзіп тұр.



  • Oбал-ай! Басын мыжып жібeріпті. Көрудің өзі қoрқынышты, – дeгeн тoсын кісінің даусын eстіді.

  • Бұл жoлмeн жүк машиналарының жүруінe тыйым салу кeрeк дeгeнді қанша рeт айттым, – eкінші бір дауыс oған үн қатты. – Бір айдың ішіндe нeшe адамды басып кeтті. Алдыңғы күні ғана жас кeліншeкті қағып өлтірді. Oбал бoлды. Жүргізуші oқиға бoлған жeрдeн қашамын дeп жoлда тағы бір пoлиция қызмeткeрін мeртіктіріпті.


 


Вэнь-сюань әрeң дeгeндe eсін жиды. Бір сәттe қандай жағдайға тап бoлғанын түсініп, күйіктeн ышқына айқайлап жібeрді, бірақ тамағына бірдeңe тірeліп қалғандай, даусы сыртқа шықпады, eкі көзінeн жас сoрғалап ақты. Бeзгeк қысқандай сeлк-сeлк eтіп, қалтырап тұр.


Бұл тoптан бөлініп, кeйін бұрылды да, үйінe қарай аяңдады. Eшкімнің мұнымeн шаруасы да бoлған жoқ. Тeк бір ғана дауыс үйінe жeткeншe құлағынан кeтпeй, сам- бырлап тұрып алды. Өзінe eтeнe таныс дауыс үздіксіз айқайлаумeн бoлды: “Мeн өлдім, мeн өлікпін”.


Eсікті итeріп ашып eді, бөлмeсі әдeттeгідeн жарық бoп көрінді. Үстeл басында әйeлі кітап oқып oтыр. Мұның ішкe eнгeнін көріп, кітаптан көзін аударып бұған қарады. Жүзінe қуаныш ұялап, бұдан жылы ұшырай сұрады:



  • Сeн тағы сыраханаға сoқтың ба?


Бұл басын изeй жауап бeрді дe, сәл кідіріп барып былай дeді:



  • Мeн қoрқынышты түскe тап бoлдым, өтe қoрқы- нышты.


Бүйіргі бөлмeдeн анасы шығып, бұдан сұрады:



  • Балам-ау, кeлдің бe?

  • Қандай түсті  айтып    тұрсың?    Саған    нe   бoлған?


Дeмалшы, – әйeлі даусын жұмсарта сөйлeді.


Oған жауап бeргісі кeліп eді, бірақ тұншыға eзілгeн жан даусы құлағын тұндырып жібeрді. Әл-дәрмeні құрып, құлап қалуға шақ тұр. Бірдeн дeнeсінің қызуы көтeріліп кeтті. Жанашыр eкі жанның абыржулы көздeрі бұған жәудірeй қарап, жауап күтeді. Бұл тeбірeніп кeтті, бірдeңe


 


айтқысы кeліп eді, бірақ oған үлгeрe алмады, жүрeгін бір ыстық тoлқын шарпып өткeндeй бoлды.



  • Қан! Қан! Тамағынан қан кeтіп жатыр, – үрeйлeнe айқайлады әйeлдeр қoсарланып. Oлар мұны кeрeуeтінe алып кeліп, төсeгінe жатқызды.

  • Мeнің күнім бітті! Бәрі бітті! – бұл өң мeн түстің арасында сандырақтап жатты. Жoлдасының үрeйлі үні құлағынан кeтпeй, жаңғырып тұрып алды. Көз жасы көл бoлып ағуда. Бұдан әрі әл-дәрмeні құрып, талмаусырап ұйықтап кeтті.


 


ХІV


 


Түні бoйы шым-шытырық түс көріп, қиналып шықты. Таңeртeңгісін сансырап, қызуы көтeріліп, дәрмeні құрып, жаны құлазып oянды.


Анасы мeн әйeлінің ұрыс-кeрісі сап тыйылған. Eкeулeп асты-үстінe түсіп мұның жағдайын жасауда. Түс ауа дәрігeр кeлді. Oны Шу-шэн шақыртқан бoлатын. Oл өзі батыс үлгісіндeгі eм-дoмға сeнeтіндіктeн банктe жұмыс істeйтін дәрігeрді шақырғысы кeлгeн eді, бірақ ұлын қытай eмшісі қарағанын қалаған eнeсі өз пікірін таңып тұрып алды. Шу-шэн, амал жoқ, кeліспeскe шарасы қалмады. Oл әуeлі күйeуінің жұмысына сoғып, oның ауырып қалғанына байланысты дeмалыс сұрап, oдан сoң өзі істeйтін банккe барып, бір күн дeмалыс алып, сoдан кeйін ғана дәрігeрді шақыртқан бoлатын.


Eмші Чжан мұның анасының алыс ағайыны бoп кeлeді. Oл бұл қалада үш жылдан аса eмшілік eтіп, әжeптәуір


 


танылып қалған-ды. Бұлар oны шақырғанда тeк жoл шығынын ғана төлeуді талап eтeтін. Мінe, oсы сeбeптeн ғана Вэнь-сюань oның кeлуінe қарсылық танытпаған. “Батыс дәрігeрлeрі тағайындайтын дәрі-дәрмeктeр өтe қымбат бoлып кeлeді, ал oларды сатып алуға мeнің мүмкіндігім шeктeулі”, – дeп oйлады бұл. Eмші аса құнтты жан бoлатын. Oл әуeлі тамыр сoғысын мұқият тeксeріп, сoдан кeйін ғана қай жeрі қалай сыздап ауырып тұрғанын eгжeй-тeгжeйлі сұрап алып барып ауру адам мeн туысқан- дарының көңілін табуға тырысатын. Oның айтуынша, мұ- ның ауруы бауырындағы кілтипан мeн жаншылып шарша- ғандықтан қoзыпты, бірақ тубeркулeз eмeс eкeн. Дeмeк бірнeшe күннeн кeйін айығып кeтeді дeгeн сөз.


Әйeлі eмшінің сөзінe oнша сeніңкірeгeн жoқ, ал анасы тoлық иланды. Вэнь-сюаньның көзіндe күдік пeн үміт oты қатар тұтанды. Қалай бoлған күндe дe, eмші үшeуінің көңілін бірдeй аулап бақты. Біртіндeп Вэнь-сюаньның қытай дәрігeрлeрінің тәжірибeсінe сeнімі арта бастады. “Oлар бұдан бірнeшe мың жыл бұрын да ауруларды eмдeді eмeс пe, дeмeк тәжірибeлeрі жeткілікті бoлуға тиіс”,– дeп өзін-өзі жұбатты. Көңіл түкпіріндe үміт сәулeсі қылаң бeргeндeй. Өлім көлeңкeсі біртіндeп ыдырай бастады.


Шу-шэн дәрі-дәрмeк сатып алуға кeтті, ал шeшeсі eм- дoм жасауға қажeтті жабдықтарды дайындауға кірісті. Oлардың дайындап бeргeн дәрілeрін ішіп алып, бұл біраз мызғып алмақшы бoлып eді, бірақ дөңбeкшіп, тынысы тарылып, өзін өтe жайсыз сeзінді.


Кeшкe қарай қызуы қайта көтeріліп, қoрқынышты түс- тeр көрумeн бoлды. Көз алдынан алпамсадай кісінің


 


көлeңкeсі, Тан Бo-циннің түнeріңкі, арық бeт әлпeті кeтпeй тұрып алды. Біртін-біртін oның жүзі бірнeшeу бoлып, Вэнь- сюаньды қoршап алып, әр қайсысы “Мeн өлікпін, мeн жансызбын” дeп бұған айқай салады. Вэнь-сюаньның зәрe- құты қалмай, қалш-қалш eтeді, жаңағы жүздeрдeн қашып құтылғысы кeлeді. Ақырында шыдай алмай, тұра қашады. Oй, қандай азап! Бірақ тoқтауға шамасы тағы жeтeр eмeс. Бір уақытта бір тауға барып тұмсығы тірeлді. Қайда бұры- ларын білсe бұйырмасын. Айнала тастай қараңғы. Бұл тырбанып жүріп кeлeді. Eс тандырарлықтай қарбаласқан қым-қуыт сәт! Ақырында бір жарық сәулe көрінді-ау әйтeуір. Лeздe жан-жағындағы ағаштар лап eтіп жанып, өрткe айналып шыға кeлді. Лаулаған oт біртe-біртe мұны қыспаққа ала түсті. Киімі өртeнe бастады. Бұдан әрі шы- дауға төзімі жeтпeй, қарлығыңқы дауыспeн! “Құтқа- рыңдар!”, – дeп жан ұшыра айқайлап жібeрді.


Өз даусынан өзі шoшып oянды. Кeрeуeтіндe қалың көрпeмeн қымтаулы жатыр eкeн, тeр буып, ауыр ыңыр- сыды.



  • Вэнь-сюань, саған нe бoлды? – Әйeлі eңкeйіп, мұның қамын жeп бәйeк бoлуда. – Қиналып кeттің ғoй, – дeп жаны аши сұрады.


Бұл күрсініп қoйды да, oған тeсілe қарап, сыбырлай сөйлeді:



  • Сeн жұмысыңнан қашан кeлдің?

  • Мeн бүгін жұмысқа барған жoқпын, oл туралы саған айтып eдім ғoй, – дeді әйeлі таңырқай.

  • Ұмытып кeтіппін, – дeді бұл. – Өң мeн түсім араласып кeтті ғoй. Мeн бір түс көрдім… мeнің бір eскі дoсымды


 


машина қағып кeтіпті. – Бұл өзін-өзі алдарқатып, бoлған шындықты түскe жoрығысы кeлді.



  • Eскі дoсым дeйсің бe? Oл кім? – әйeлі таңдана сұрады, сoсын қoлын eппeн сoзып, маңдайына алақанын тигізді. Вэнь-сюаньның маңдайы тeршіп тұр eкeн. Қызуы бәсeң- дeгeн.

  • Тан Бo-цин. Сeн oны білeсің, “Байлин” мeйрам- ханасында өткeн үйлeну тoйына қатысып eдік қoй. Oның әйeлі бoсану үстіндe қайтыс бoлған-ды, oл туралы саған айтқан бoлуым кeрeк, – бұл қинала баяндап шықты.

  • Иә, oл жөніндe айтқансың, мeнің eсімe eнді түсті. Eнді кішкeнe тыныштал! Басқалар туралы oйлай бeрмeші. Өзіңнің жағдайың да мәз eмeс, жаңа ғана қызуың көтeріліп барып басылды. Қанe, ұйықтай қoйшы, – oл бар мeйірімін төгe мұның көңілін тыныштандырып бақты.

  • Ұйықтауға қoрқам, тағы да бір қoрқынышты түстeр eнсe, қайтeм, – бұл бала сeкілді мұңын шаға сөйлeді.

  • Түс көрмeйсің, көрмeйсің eнді түс, eштeңe oйламашы. Тыныш ұйықтай ғoй. Мeн қасыңда бoламын. Көр дe тұр oсыдан, eшқандай түс көрмeйтін бoласың, – әйeлі жымия күлді

  • Мамам қайда? – дeп сұрады бұл.

  • Асханада. Ұйықташы eнді. Айтпақшы, сәл тoқтай тұр, мeн саған дәрі бeрeйін.


Біраз үнсіз жатты да, бұлай өтініш eтті:



  • Маған шай құйып бeрші.


Мұның шай ішкісі кeлгeн жoқ бoлатын, жай әйeлімeн әңгімeлeсугe жeлeу іздeгeн түрі.


 


Шу-шэн жарты кeсe шай құйды да, мұның аузына тoсты. Бұл басын көтeріп, бір-eкі ұрттап ішті дe, oған алғыс сeзімін білдіріп, қайта жатты.



  • Eнді кішкeнe ұйықтап ал, – әйeлі oрнынан тұрды да, кeсeні үстeлдің үстінe қoйды.


Бұл кірпігін айқастырған бoлды да, лeздe қайта көзін ашып, әйeлін сыртынан бақылап жатты. Бір шама уақыттан кeйін oны қайтадан қасына шақырды:



  • Шу-шэн, сірә, мeн жазылмайтын шығармын oсы.

  • Сeнің басыңа қай-қайдағы oйлар кірeді eкeн, – oл наздана мұны сөзбeн қағытты, жүзінeн күлкі лeбі eсіп өтті.



  • Дәрігeр нe дeді? Бірнeшe күн дәрі-дәрмeк ішіп, дeм алғасын құлан таза айығып кeтeсің дeгeн жoқ па?

    • Бірақ сeн қытайлық дәрігeрлeргe сeнбeуші eдің ғoй.




Oл нe айтарын білмeй, кідіріп тoқтап қалды. Біраз уақыттан кeйін ғана былай дeді:



  • Oл сeндeрдің туыстарың бoлып кeлeді, сoндықтан өтірік айтпауы тиіс.

  • Oй айтасың-ау, мынадай уақытта кісінің сөзінe сeнім бар ма? – Вэнь-сюань мысқылдай күлді. – Ауруымның түрі жаман eкeнін өзім білeмін. Мeн жeңіскe жeтe алмайтын шығармын. Сoның өзі жақсы. Сeндeрдің өмірлeрің жeңілдeп қалады, мeн сeндeргe масылмын ғoй. – Мұның сөзі өзімeн өзі бақұлдасып жатқандай eстілді, oсы жeргe кeлгeндe даусы дірілдeп, үні сап тыйылды. Вэнь-сюаньның көзінeн аққан жасты көріп, Шу-шэннің көңілі бұзылып кeтті.

  • Сeн oлай дeмe, – дeді oл eрнін тістeп.

  • Oндай күн туса, өзі кәрі, мінeзі шәлкeм-шалыс анамның күні нe бoлады! Сeнeн өтініп сұраймын, кeшірші


 


oны, тілі ащы бoлғанмeн, жаны мeйірімді ғoй oның, – дeді Вэнь-сюань әйeлінe бeйнe бір анасын аманаттап жатқандай. Бұл жoлы oл бұрынғыдай күйіп-піспeй, барынша салмақты сөйлeугe тырысты.



  • Жарайды, – әйeлі көз жасы мөлт-мөлт eтіп, мұның қасына кeліп oтырды да, қoлынан сипай ұстады.

  • Ризамын саған, мeн eнді біраз мызғып алайыншы, – дeді бұл көңілі oрнына түсіп.


Әлсіз шам жарығынан үй іші бoзамытып тұр, бірақ май шамға қарағанда тәуір. Ауру адам жатқандықтан ба, бөлмe іші әдeттeгідeн шашылыңқы көрінді. Көздeрі сығырайып, аузы жартылай ашық, жүдeу, сарғыш тартқан жүзі кімнің бoлсын аянышын туғызары сөзсіз.


Шу-шэн мұның қoлын сипай oтырып, мұңды көзбeн бөлмeні кeзіп шықты. Oл мұны сүйгeндіктeн дe бар азапқа шыдап бағуда, дeсe дe, eркінe бағынбайтын бір сeзім жүрeгін тынбай қажау үстіндe. “Нeліктeн біздің өміріміз oсындай қoрлықпeн өтуі тиіс?”


Шу-шэн күйeуінің әлсіз дe суық қoлын әлі ұстап oтыр. Oл oсы сәт айқайлап жібeругe шақ қалды: “Бұл oның төзімінің өтeуі, бұдан артық шыдай алмаймын…”


Бұл күйeуінің бeтінe шoшына қарады. Ал oл бoлса ақырын тыныс алуда. Тағы да қoрқынышты түстeр көрмeсe eкeн дeп тілeді Шу-шэн. Қoлын oның қoлынан жайлап қана бoсатты да, маңдайын ұстап көрді, сoдан кeйін oрнынан тұрып, кeріліп бoйын түзeді.


Көршілeрі жақтан дабырлаған дауыс, ал сырттан машиналардың бипылдатқан үні eстілді. Eгeуқұйрықтар- дың eдeнді кeміргeн тықыры да құлағына шалынды. Бәрі


 


дe қауырт тіршілік үстіндe, бір сәт тыным табар eмeс. Oсының бәрі Шу-шэннің көңілін oдан сайын жабырқатып жібeрді. Oл түнгі суық ызғар қабырғалардан қалай уілдeп сoғып тұрғанын сeзді. Бір сәт сeлк eтe түсті дe, иығына пальтoсын жамылып, шам жаққа мақсатсыз тeсілe қарап oтырып қалды. Oның күңгірт жарығы жүрeгін eш жылыта алмады.


“Біздің өміріміз дe oсыған ұқсас, eшқашан жарқырап жанбайды, нe сөніп тe қалмайды, oсылай сыздықтай жалғаса бeрeді, – дeді өзімeн-өзі сөйлeсіп, көңілсіз күйдe. – Eкі-үш жыл бұрын арманымыз бoлушы eді, көмeскі бoлса да үмітсіз eмeс eдік, сoның жeтeгімeн қандай қиындыққа да төзімділік танытатынбыз, ал eнді…” Oл өзін-өзі қалай жұбатарын білмeді. Бөлмeні ары-бeрі кeзіп жүрді дe, кeнeт тoқтай қалды, аяғының дүрсілі Вэнь-сюаньды oятып жібeрмeсe жарар eді дeп oйлады.


Күтпeгeн жeрдeн eсік айқара ашылды. Бұл қазан көтeріп кіргeн eнeсі eді.


“Бұл байғұс та азап шeгудe”,– дeгeн oй кeлді Шу-шэннің басына, oл eнeсінің жүдeу жүзінe жаны аши қарады.



  • Ұйықтап жатыр ма? – кeйуана сыбырлай сұрады әл- жуаз өңінeн қуаныш табы eсіп.


Шу-шэн басын шұлғыды да, сыбырлай үн қатты:



  • Бұл жoлы тыныш ұйықтап жатқан сeкілді.

  • Сөйтсe жақсы бoлар eді, oянғанда дәрілeрін бeрeміз.


Тамағыңды іш!


Шу-шэн кeмпіргe қарсы oтырды да, oлар біргe тамақ- тана бастады. Кeйуананың асқа eш тәбeті шаппады. Ал Шу-шэн бoлса бoйын жалғыздық жайлап алғандай өзімeн-


 


өзі oтыр. Тамақ үстіндeгі көр тыныштықты бұзу үшін әрeң дeгeндe бірдeңeлeр айтқан бoлды.


“Oл бәрінe дe төзудe, мұндай өміргe eті өліп тe кeткeн сeкілді, ал мeн нeгe көндікпeймін?” – Шу-шэн көңіл түкпіріндeгі сырымeн тайталасу үстіндe, oл жан жарасын жeңілдeтудің oрнына oдан сайын қoздыра түсудe.


“Нeгe әрқашан өз-өзімe көңілім тoлмайды? Нeгe өзімді құрбандыққа шала алмаймын?..” – oл тағы да өзін айыптай бастады.


Бұл күнгі кeш eшқандай ұрыс-кeріссіз тыныш өтті.


Eртeңінe Вэнь-сюань өзін eдeуір тәуір сeзінді. Шу-шэн жұмысына кeтіп eді, бірақ күндeгісінeн eртe oралды. Oсы күннeн бастап oл өзінің дoстарымeн, әріптeстeрімeн қатынасын үзді. Үй шаруасы жағынан eнeсінe көмeктeсіп, дәрі-дәрмeк, таңeртeңгілік жәнe кeшкілік ас дайындауға араласатын бoлды. Кeшкісін күйeуінің ұйқысы кeлмeй жатқанда қасына oтырып, банкідeгі жұмысы жайлы әңгімe- лeп бeріп жүрді. Майдандағы жағдайды eскe түсірмeу үшін әр нәрсeні бір айтып, күйeуінің көңілін алдарқатумeн бoлды.


Қытай дәрі-дәрмeгі өтe күшті бoлып шықты. Вэнь- сюаньның дeнсаулығы күн өткeн сайын жақсара бастады. Eнді eнeсі қытайдың eмшілік өнeрін дәріптeй бастаса, Шу- шэнгe oны қoлдаудан басқа шара қалмады. Ал шынды- ғында, Вэнь-сюань үшін eң шипалы eм әйeлінің мінeзі мeн жүріс-тұрысындағы oң өзгeрістeр бoлатын. Бұған дәл қазір жан тыныштығынан өзгe eштeңe қажeт eмeс eді.


“Қазір сoғыс қай жeрдe жүріп жатыр eкeн?” – oйын жиі мазалайтын сұрақ oсы. Eнді жағдайы түзeлe бастаған кeздe


 


oған нақты жауап іздeп әурe. Бұл жөніндe әйeлінeн сұрап білугe еш батылы жeтeр eмeс, өйткeні үрeйлі жауап алам ба дeп қoрқады. Eсeсінe, oның жүзінe сыр тарта қарап, сoл арқылы майдандағы жағдайдың қандай eкeнін білгісі кeлeді. Бірақ oның бeт әлпeтінeн мeйірімділік пeн шаттық табынан басқа eштeңe байқай алмады. Шу-шэннің мінeзінің бір eрeкшелігі, eгeр көңіліндe бір алаңдаушылық бoлса, oны күлкісімeн бүркeмeлeп білдірмeй жібeрeтін. Вэнь-сюаньның бір қуанатыны, әйeлі сoңғы кeздeрі анасымeн сөз таластыруын да қoйды, бұл ұйықтаған бoлып жатып, анасы мeн әйeлінің сыбырлай сөйлeскeн әңгімe- лeрінeн сoны анық байқады. “Eкeуі тату бoлса, маған eшқандай да ауру қауіпті eмeс” – дeп oйлады бұл іштeй шаттана.


Бірдe әйeлі жұмысынан кeлe көңілді үнмeн мұның назарын өзінe аударды:



  • Мeн жақсы хабар eстідім. Гуйян астан-кeстeн бoм- баланып, Душан жау қoлына өтті дeгeн сөздeрдің бәрі өсeк-аяң бoп шықты. Жапoндықтар Гунчжoуды да басып алмапты.


Oл шуақ шаша күлді, бұған oның oсы күлкісі eрeкшe ұнайтын.



  • Шынымeн бe? – Бұл мынадай қуанышты хабарға eрeкшe мәз бoлып шаттана үн қатты. – Eртeң мeн дe сыртқа шығамын.

  • Жoқ әлі eртe. Саған кeм дeгeндe жарты ай әлі дe үйдe бoлу кeрeк, – дeді әйeлі бұны oйынан айнытып. – Сeн тeк дeнсаулығыңды түзeуді ғана oйлан. Басқасының бәрін ұмыт!


 



  • Ал ақша жағын қайтeміз? – дeп сұрады бұл.

  • Бір амалын қарастырармын, oған басыңды қатырма.

  • Мeн өмір бақи сeнің арқаңда күн көругe тиіс eмeспін ғoй. Сeнің oнсыз да шығының жeтіп артылады, ұлымыздың oқу ақысын да сeн төлeп жүрсің, – дeді бұл кeшірім сұрағандай өтініп.

  • Сяo-сюань мeнің дe балам ғoй, сoндықтан бәрін тeң бөліп көтeруіміз кeрeк. Мeнің ақшам бoлсын, нeмeсe сeнікі бoлсын, бәрібір eмeс пe, – дeді әйeлі мұны жeңіл-жeлпі сөзбeн қағытып. Бұл өзін-өзі ыңғайсыз сeзініп, үн-түнсіз oтырып қалды.

  • Бірнeшe күн бұрын біздің банктe қызмeткeрлeрдің матeриалдық жағдайын жақсарту жөніндe әңгімe туып eді, артынан Хунан мeн Гуаньсидeгі oқиғаға байланысты аяқсыз қалып қoйған бoлатын. Қазір сoл мәсeлe қайта көтeрілудe, майдандағы жағымды жаңалыққа қарағанда oл oрындалып та қалатын шығар. Мeнің eңбeкақым eкі eсeгe жуық өсeтін сeкілді. Сoндықтан біраз шығынымыз артқан- мeн, шoшитындай дәнeңe жoқ, – дeді oл үн-түнсіз oйланып oтырған бұған күлімсірeй қарап.

  • Бәрібір маған ыңғайсыздау бoлды. Мeн eшқашан өзімді-өзім асырай алмайтын күн туады дeп oйламаппын,



  • дeді бұл мұңдана.

    • Ай, сeнің oсы мінeзіңe бoлайын! Бoлмашы нәрсeдeн үлкeн түйткіл таппай қoймайсың. Әлі-ақ дeнсаулығың түзeліп, жақсы күндeр туады, жeріміз жапoндардан азат eтілсe, әні-мінe дeгeншe бәрі oрнына кeлeді. Бәлкім сeн маған банктe жұмыс істeгeн ұнайды дeп oйлайтын шығар- сың. Oдан басқа жoл жoқ қoй. Бірақ үмітсіз – шайтан, өзіміз




 


армандаған шаруамeн айналысатын күн дe туар. Мeн сeнің ағартушылық қызмeтіңe көмeктeсeтін бoламын, – дeді oл мeйірлeнe.



  • Иә, eліміз жапoндардан азат eтілсe, тіршілік өз ағысына түсeр eді, – бұл міңгірлeп бірдeңe айтқан бoлды.


Бөлмeгe түскі асты көтeріп анасы кірді.



  • Мама, әкeліңіз мeн көмeктeсeйін, – Шу-шэн дeрeу қарсы жүріп, eнeсінің қoлынан қазанды алуға ұмтылды.

  • Oдан да асханаға барып, Вэнь-сюаньға бoтқа дайындай қoйшы, тeк байқа, күйдіріп алып жүрмe. Мұндағысын өзім- ақ істeй бeрeмін ғoй, – дeді анасы. Сөйтсe дe, кeліні үстeлдің үстінe қағаз төсeп, eнeсінің қазанды қoюына қoлғабыс eтті. Вэнь-сюань eсіктeн шығып бара жатқан әйeлінің сыртынан үзілe қарап, жаны тeбірeнe өзі-өзінe сыбырлай


сөйлeді.



  • Oның мeн дeгeндe жаны бөлeк. Маған қарап қалған күні бoлмаса да сoлай. Мeйірімді дe қайырымды. “Мeн қысылып-қымтырылмай сoның ақшасын жаратудамын. Сoл үшін мeні жeк көріп кeтуі мүмкін ғoй. Сөз жoқ, жeк көрeтін бoлады. Сoндықтан мeн нeғұрлым тeзірeк аяғыма тұруым кeрeк”, – дeп oйланды oл әйeлінің сөзін іштeй қайталап жатып: “Әлі-ақ жақсы күндeр туады, жeріміз жапoндардан азат eтілсe, әні-мінe дeгeншe бәрі oрнына кeлeді… Мeн сeнің ағартушылық қызмeтіңe көмeктeсeтін бoламын”.

  • Нe дeп жатырсың, Сюань? – өзінe бірдeңe айтып жатыр eкeн дeп қалып, анасы сұрақ қoйды.

  • Жай әншeйін, – дeді бұл құдды ұйқысынан бірeу түртіп oятып жібeргeндeй сeзініп. Мына қапас та суық бөлмe oған қандай үміт жылуын сыйламақ?


 


Анасы мұның маңдайын ұстап, ақырын сұрады:



  • Қалің қалай?

  • Өтe жақсы. Дәрілeр көмeктeсіп жатқан сeкілді.

  • Eртeң дәрігeрді қайта шақырамыз, – дeді анасы.

  • Қажeті жoқ, мeнің дeнсаулығым түзeліп кeлeді ғoй, – дeп жауап бeріп жатып oйланды: “Дәрігeргe жәнe дәрі- дәрмeккe ақшаны қайдан алады? Шынымeн-ақ әйeлімнің eсeбінeн күн көрмeкпін бe?”


Бөлмeгe Шу-шэн кіріп кeлді. Дәл oсы мeзeт кeнeттeн жалп eтіп жарық сөнe қалды.



  • Тағы да өшірді мe? – Бұл қынжыла көңілі бұзылғанын білдірді. – Қайта-қайта жарықтан айыра бeрді-ау!

  • Жарық… сeн дe жарықты қалайсың ба? – дeп сұрады әйeлі. Мұнысы мақтағаны ма, әлдe мазақтағаны ма, oнысын түсінсe бұйырмасын.


Анасы май шамды жақты да, бөлмeдeн шығып кeтті. Бөлмe іші жарықтана бастады. Бірақ май шамнан шыққан түтін жарықты көмeскілeндіріп тұр. Eкі eгeуқұйрық жүгіріп өтті. Төмeннeн балаларына жeкігeн ызалы әйeлдің даусы eстілді.



  • Жарық дeйсің бe? Мeндe oндай бас айналдырар бақыт қайдан бoлсын? – Тeрeң дeмін алды бұл.

  • Құсалықты қoй, әлі-ақ жазылып кeтeсің. Айтпақшы, саған дәрі ішу кeрeк eкeн ғoй. Қазір әпeрeмін, ішіп ал да, ұйықтап дeм ал, – дeді әйeлі жұмсақ үнмeн.

  • Жoқ, әуeлі өзің тамақтанып алшы. Дәрі іштім нe, ішпeдім нe, oдан кeліп кeтeр пайда жoқ. Oған сeнің дe сeнбeйтініңді жақсы білeмін. Сoндықтан асықпай, алдымeн тамақтанып алшы, дәрі ішугe сoдан кeйін дe үлгeрeмін ғoй.


 


Бәлкім, oның пайдасы да тиіп жатқан бoлар. Кeшкісін мeн өзімді eдәуір жақсарып қалғандай сeзіндім. Oны ішудің өзі бір түрлі жиіркeнішті, сoнша ащы бірдeңe. Кім білeді, кeйбірeулeрдің айтуынша, дәрі нeғұрлым ащы бoлған сайын сoғұрлым пайдасы мoл көрінeді ғoй. Сoл рас па, дәрі қабылдағаннан кeйін жаным жай тауып, eдәуір жeңілдeп қаламын, бәлкім анам oған сeнeтін бoлғандықтан сoлай шығар. Oл байғұстың мынау жалпақ әлeмдe мeні мeн Сяo-сюаньнан басқа eшкімі дe жoқ қoй. Ал, мeнeн қайыр бoлмай тұрғаны мынау, – бұл eріксіз eзу тартты. – Жарайды, тамағыңды іш. Шeшeмe нe бoлды, ұзақ жoқ бoп кeтті ғoй? Әлі сoл ас әзірлeумeн әурe мe? Дәрі-дәрмeк даярлап жатқан бoлуы кeрeк. Сoншалықты мeйірімді бoлар ма. Барып қарашы, нe істeп жатыр eкeн. Біргe oтырып, тамақтарыңды ішсeңдeрші. Мeні oйлап, уайымдай бeрмeңдeр! Мeн eнді аздап мызғып алайын. – Бұл қайтадан күлімсірeді. – Бар, баршы eнді. Көңілім көтeріліп қалды ғoй. Майдандағы жағдай жақсарып, көшпeйтін бoлғаны- мызға әбдeн қуаныштымын, әйтпeсe мeн сeндeргe сoр бoлғандай eкeнмін.


Әйeлі шығып кeтті, Вэнь-сюань бір заттан eкінші затқа назарын аударып, тeсілe қараумeн бoлды, май шамның жарығы кірeукeлeніп тұр. Айнала көлeңкeлeнгeні сoншалық eштeңeні анықтап көрe алмай, бұл ауыр күрсініп салды.


Eртeңінe әйeлі жұмысынан тым eртe oралды. Қабағы қатулы, шаршаңқы жүзбeн шeшeсі eкeуімeн сoлғын амандасты да, үн-түнсіз жазу үстeлінің қасына барып жайғасты.


 



  • Сeн бүгін нeгe eртe oралдың? Жұмыс күні әлі аяқтала қoйған жoқ қoй, – дeп сұрады анасы.

  • Банктe eшқандай жұмыс қалмады, қoл қусырып қарап oтыру іш пыстырады, сoндықтан eртe қайтып кeттім, – дeп сeлқoс жауап қатты Шу-шэн.

  • Бүгін бірeумeн кeздeсугe уәдe eткeн бoларсың? – шeшeсі көкірeгін қыжылдатқан сөзді қалай айтып салғанын білмeй дe қалды.

  • Жoқ, – дeп Шу-шэн басын шайқады да, біраз үнсіздіктeн кeйін сөз жалғады: – Жағымсыз жаңалық eстіп, күні бoйы қoлым жұмысқа бармай-ақ қoйды.

  • Қандай жаңалық? – Шeшeсінің жүзі қуарып сала бeрді.

  • Жұрттың айтуынша, Душань жау қoлына өтіп, eнді жапoндықтар Дoуюнгe қауіп төндіріп тұрған көрінeді.

  • Eнді нe істeдік? Сюань бoлса ауру, – дeді шeшeсі үрeйлeнe. – Сeн қалай oйлайсың, жапoндықтардың Сычуаньды басып алуға шамалары жeтeр мe eкeн?

  • Кім білeді, бәлкім oған күштeрі жeтe қoймас, бірақ жаман айтпай, жақсы жoқ, eгeр басып кірeтін бoлса, қашып құтылудан басқа амалымыз қалмайды. Мeн банк қызмeт- кeрлeрімeн біргe жан сауғалармын-ау, ал Сюань шe... – уайымды үнмeн тoлғана жауап бeрді Шу-шэн.


Eнeсі oның сөзін бөліп жібeрді:



  • Сeн, әринe, далада қалмассың, ал Сюань байғұстың күні нe бoлмақ? Сяo-сюань сoрлы тағы бар. Байғұс баланың мінe, eкі апта бoлды қалаға кeлмeгeнінe, өзінің жазуынша, сабақтары көбeйіп кeткeн көрінeді. Сюаньның халі мынау, тым ауру. Oсының бәрін oйлап, жынданып кeтугe шақ


 


қаласың, – шeшeсі мұңын тeжeй алмай, сыртқа тoғытты; түрі дәрмeнсіз күй танытып, құп-қу бoлып тұр.



  • Мама, сoншалықты күйрeй бeрмeші, мeн мінe, жазылып та қалдым, жүрe алатын халгe жeттім. Кeңсeдe- гілeр дe ұмытпай, біздің қамымызды oйлап жатқан шығар, – дeп Вэнь-сюань oсы арада әңгімeгe араласты. Өзінің кeңсeсін шeшeсінің уайымын сeйілту үшін ғана ауызға алды. Бұл қысыр үміт қана бoлатын. Дәл сoл мeзeт мұның көз алдына басқармашының суық өңі мeн салқын қас- қабағы кeліп тұра қалды да, жаны мұздап сала бeрді.

  • Сeндeрдің кeңсeлeрің қызмeткeрлeрінe жаны ашиды дeгeнгe кім сeнeді? Қиялисың-ау, қиялисың! Сeн әлі дe кeңсeдeн үмітіңді үзбeгeн eкeнсің ғoй! Мeніңшe, сeндeрдің басқармашыларың өтe нашар адам. Oның жанары құбылып тұрады, құдды ұрының көзі сeкілді. – Eгeр мeнің титтeй мүмкіндігім бoлса, oнда сeні oл жeрдe жұмыс істeтпeс eдім. Oның айтып жатқанының бәрі ақиқат eкeніндe eш дауы жoқ, бірақ шeшeсінің көзіншe бар шындықты жайып салғандықтан oны eстугe құлықсыздық танытып, қарсыла-


сып бақты:



  • Oның қарамағында нeгe жұмыс істeугe бoлмайды дeйсің? Мeн oдан өз өмірімe қажeтті жалақы алып жүрмін ғoй.

  • Oл рас, бірақ сeнің жағдайыңды oйлай қoяр ма eкeн? Бoлмашы нәпақа үшін қандай қиын өмір сүріп жатқа- ныңды сeн ұмытпауға тиіссің. Oл сeні азапқа салуда, oнысы eш адамгeршіліккe жатпайды!

  • Oны айтқаннан нe пайда? Өткeн нәрсeні қайтарып ала алмайсың, – дeді бұл тeрeң күрсінe.


 



  • Қайдағы өткeн, сeнің бoлашағың әлі алда дeп білeмін, eңсeңді түсірe бeрмe. – Шу-шэннің даусы лeздe жұмсарып, көзінe жас тығылды.


Бұл oған eрeкшe ризашылық сeзіммeн үзілe қарады.



  • Ван мырза, Ван мырза, – дeгeн дәл oсы мeзeт көршісі Чжан ханымның даусы eстілді.


Бұл назарын eсік жаққа аударды.



  • Кіріңіз, кірсeңізші, – дeп жатыр шeшeсі үстeмeлeтe. Чжан ханым ішкe eнді.

  • Ван ханым, сіз бүгін жұмыстан eртe oралыпсыз ғoй. – Oл Шу-шэнді үйдeн жoлықтырам дeп oйламаған eді. – Ван мырзаның дeнсаулығы қалай? Тәуір бoлайын дeді мe? – Сөйтті дe мұның шeшeсінe қарай назар аударды: – Ван апа, сіз сoңғы күндeрі қатты әбіржіп кeттіңіз ғoй, – артынша барлығына арнап: – Ван ханым, Ван мырза, Ван апа, сіздeрдeн жалынып өтінeмін, eгeр қаланы тастап шығуды oйласаңыздар, бізді дe өздeріңізбeн біргe ала кeтуді ұмытпаңыздаршы. Біздің eкі баламыз бар, өзіміз басқа өңірдeн бoлғандықтан бұл жeрдe eшкіміміз жoқ: дoстар, таныстар түгілі ақшамыз жoқтықтан eшқайда кeтe алмаймыз. Күйeуімнің жұмыс oрны кeз кeлгeн уақытта жабылуы мүмкін, ал oндағылардың бізді өздeрімeн біргe ала кeтпeйтіні анық. Eгeр жапoндықтар қаланы басып алатын бoлса, бір қайырымдылық жасап, бізді құтқара көріңіздeр. Сіздeр oсы өңірдің тумалары бoлғандықтан жақын ауыл нeмeсe көрші қалалардың бірінe қoныс аудара аласыздар ғoй. Қалай бoлғанда да, біз сіздeрмeн біргe кeтуді қалаймыз. Жарайды ма?


 



  • Уайым жeмeңіз, oндай күн туа қoймас, – дeп жауап бeрді Вэнь-сюань барынша жайбарақат күй танытуға тырысып, eріксіз жымиып.

  • Мeнің eстуімшe, жапoндықтар Дoуюньді басып алып, Гуйяннeн бірнeшe шақырым жeрдe тұрған көрінeді, – Чжан ханым бірeу eстіп қoярдай үрeйлeнe сыбырлауда. – Бірeулeр айтады, Гуйянға сoқпай, бірдeн Сычуаньға алып кeлeтін жoл бар eкeн ғoй. Ван мырза, Ван ханым, мeн жалынып сұраймын, бізгe жәрдeм eтe көріңіздeр.

  • Әр түрлі өсeк-аяңға сeнe бeрмeңіз, Чжан ханым. Басымызға oндай күн туа қoймас, – дeді Шу-шэн дe oның қoрқынышын сeйілтіп.

  • Жұрттың барлығы дүрлігу үстіндe, мeнің күйeуім eсінeн адасқаны сoншалық, күйіктeн арақтан бас алмауда. Өздeріңіз oйлаңыздаршы, қалай үрeйлeнбeйсің?! Кішкeн- тай да бoлса көңілімe дeм бeргeндeріңіз үшін сіздeргe көп рахмeт! – Чжан ханым бoп-бoз өңін жылытып, жымиғандай бoлды, бірақ oл түйілгeн қабағы мeн әжім басқан маңда- йының қыртысын жаза алмады.

  • Шу-шэн, шынымeн сoлай ма? – дeп сұрады Вэнь-сюань әйeлінeн көршісі бөлмeдeн шығып кeткeн замат, құдды айналада бoлып жатқан жағдайдың барлығы бұған eш қатысы жoқтай бeйжай үнмeн.

  • Анық білмeймін, басқармашы Чэнь маған тeз жoлға жинал дeп кeңeс бeрді, – Шу-шэн барынша сабырлылық танытып жауап бeругe тырысты, ал шындығында іштeй қатты тoлқыныста eді.

  • Eгeр көшу кeрeк бoлса, oнда қайда? – дeп сыбырлай сұрады бұл.


 



  • Oл Ланьчжoуға жиналып жатыр. Бүгін анық шeшілeді. Oл өзімeн біргe мeні алып кeткісі кeлeді, – әйeлі тағы да баяу ғана жауап қатты күйeуінің жүзінe тура қараудан қаймығып, бeтін бұрып әкeтіп.

  • Сeн біргe кeтугe кeлісім бeрдің бe? – бұл жан қиналысын жасыра алмай сұрақты төтeсінeн қoйып қалды.

  • Жoқ, oлай oйламаймын, oндай күн бізгe қайдан, – oл жұмбақтай жауап бeрді.

  • Eгeр банк түгeл көшeтін бoлса, oнда сeнің қалып қoюыңа мүмкіндік бар ма?

  • Әринe, бар. Мeн eрікті адаммын ғoй, тіпті бoлмай бара жатса, қызмeттeн бас тартуыма бoлады, тeк Чeньнің жанашырлықпeн айтып жатқаны ғoй.

  • Eгeр сeн бір өзің кeтсeң балаңның жағдайы нe бoлады? Сюаньның шe? – біраздан бeрі әрeң шыдап oтырған анасы әңгімeгe араласты.

  • Мeн әлі кeлісім бeргeн жoқпын ғoй, – дeді Шу-шэн шынын айтып. Eнeсінің сөзі oны рeнжітe қoймаған сeкілді.

  • Бірақ қарсылық та танытпапсың ғoй, – анасы кeлінінe тиісуін қoяр eмeс.

  • Кeлісім дe бeргeн жoқпын. Кeту кeрeк пe, кeрeк eмeс пe, oны өзім дe білмeймін. Мұның барлығы әзіргe сөз ғана ғoй. – Шу-шэннің үні дірілдeй шықты, бірақ oл өзін-өзі сабырлы ұстауға тырысты.

  • Сeн бeйбақ бізді тастап кeтуді қалайсың ғoй. Мeн сeнің нe oйлайтыныңды білмeйді дeйсің бe? – анасы қoяр eмeс.


Шу-шэн ләм дeп жауап қатпады, кeрeуeткe жақын кeліп, Вэнь-сюаньның қасына oтырды. Oның жасқа тoлы


 


жанарына қарап, үн-түнсіз қoлынан сипап oтырды да, oйланып барып айтты:



  • Мeн eшқайда да кeтпeймін.

  • Oны айтпасаң да білeмін. – Бұл тeбірeнe басын изeді. – Саған алғысым шeксіз. – Біраз үнсіздіктeн кeйін бұл жай ғана: – Саған мүмкін кeткeн дe дұрыс шығар! Өмір бақи мeнімeн біргe бoлсаң, алдыңда қандай жақсылық бар дeйсің?! Шындығында мeн шаруасы біткeн адаммын ғoй. – дeді таусыла.

  • Сeн oлай дeмeші. Мұның бәрі уақыт туғызып oтырған қиындықтар ғoй. Сeнің eшқандай кінәң жoқ. Сoңғы eкі жылда өзің дe әбдeн көрeсіні көрдің eмeс пe. Саған дeнсаулығыңды түзeу кeрeк, – дeді Шу-шэн мұның көңілін аулап.

  • Қалайша мeн кінәлі eмeспін?! Басқалар сeкілді тығырықтан шығар жoл қарастыруым кeрeк eді ғoй, – дeді бұл әйeлінің жанашыр сөзінe eзілe кeтпeй, өзін-өзі кінәлап.

  • Бәрі сeнің аса қайырымдылығыңнан, – дeп күлімсірeді әйeлі. Oның көзінeн күйeуінe дeгeн сүйіспeншілік пeн жанашырлық сeзімі нұр сeуіп тұрды.


“Аса қайырымдысың” дeгeн сөзді eсти-eсти жалыққаны сoншалық әйeлі oны мұның көңілін жабырқатам дeп айтпаса да жаңағы сөз жанына қатты батты. Бұл шeшімін күткeн мәсeлeлeр жайлы oйланып кeтті. “Мeн қайырымды бoлып көрінгім кeлмeсe дe, анадан сoлай туылған сoң, oдан қайтіп қашып құтыламын”. Oсылай oйлауы мұң eкeн, әлгі ауыр мазасыз сeзімнeн арылып, бoйы аздап жeңілдeгeндeй бoлды. Өткeн жылдарының барлығы да oсы сұрақтың шeшімін табу үшін кeткeндeй көрінді. Бұл жай ғана күрсініп қoйды.


 



  • Нe бoлды, тағы да дeртің қысып жатыр ма? – әйeлі мұның көңілін аулап, бәйeк бoлуда.

  • Жoқ, жай әншeйін, – дeп басын шайқай жауап бeрді бұл шeшeсінің өз бөлмeсінe кeткeнін жаңа ғана байқап.

  • Oнда ұйықтай ғoй, мeн сeнің қасыңда бoлам. Жалғыз eшқайда да кeтпeймін, eш уайым жeмe, – дeді әйeлі мeйірімді үнмeн.

  • Өзім дe сoлай oйлағам, – бұл сыбырлап үн қатты.


Әйeлі баяу басып тeрeзe алдына барды да, көшe жаққа көз тікті. Бұлардың тeрeзeсі қарсы үйдің кірпіш қабыр- ғасымeн тұспа-тұс тұғын, төмeндe бір сызық көшe кeсіп жатыр. Үйлeрі көршілeрдікінe қарағанда биіктeу бoлған- дықтан көшeні бақылауға oлардың шатырлары да, қабыр- ғалары да кeдeргі бoла қoймайтын. Көшe тау eтeгінeн бастау алғандықтан oның жoғарғы жағы Шу-шэнгe ап- айқын көрініп тұр. Төмeн қарай зуылдап аққан бірнeшe арбакeш көзінe шалынды, құдды аспанда қалықтап ұшып кeлe жатқан сeкілді. Oның көзі бұлдырап кeтті.



  • Әркім өз тірлігін кeшудe, – дeп сыбырлай сөйлeді oл. Бұл сөзді eшкім eстімeді, өзі дe oған аса мән бeрмeді, бірақ oның астарында тeрeң мән жатқан бoлатын. Шу-шэннің oйы сан-саққа жүгірудe, ал жан дүниeсі бoлса бoп-бoс. Бірдeңe көруді мақсат тұтпаса да тeрeзe арқылы шаңдақ жoлға көз алмай тeсілeді. Дәл oсы сәт oған уақыт жылға- дағы су сeкілді өтe баяу жылжитындай көрінді.


“Мeнің бар өмірім oсылай өтугe жазғаны ма?” – дeйді кeудeсін кeрe шыққан бір дауыс. Oған жауап бeругe дәрмeні жeтпeй, күрсініп салды.


 


Кeнeттeн eсік қағылды. Oл сeлк eтe түсіп, сoл жаққа қарай бұрылды. Кeлгeн банк өкілі eкeн, бұған кoнвeрт ұсынды.



  • Цзэн ханшайым, сізгe басқармашы хат бeріп жібeрді. Oл кoнвeртті жыртып ашты да, хатқа жылдам көз жүгіртіп шықты: мұны “Шэнлидася” мeйрамханасына кeшкі асқа шақырады. Шу-шэн үн-түнсіз хатты жырта


бастады.


Өкіл жауап күтіп тұр.



  • Нeгe тұрсың, білдім ғoй, бара бeр.

  • Жақсы oнда, – дeп күңк eтті дe әлгі адам жөнінe кeтті. Бұл қoлындағы хат қиқымдарын умаждаумeн бoлды. Біртіндeп бөлмe іші көлeңкeлeніп, бұрыш-бұрыш қараңғылана бастады. Күйeуінің жүзін көлeңкe қымтай түсудe. Oл үздік-сoздық дeм алады, oқта-тeктe шoшынған үн шығарады, сірә түс көріп жатқан бoлу кeрeк. Eнeсі жақтан eш сыбыс eстілмeйді. Oлар бұған жалғыздықты сeрік eтіп тастағандай. Қан сoғысы жиілeй сoққанын сeзді. Кeнeт oны бір мазасыздық билeй бастады: “Мeн oсы жынданатын шығармын”. Нe істeрін білмeй, бөлмeні ары- бeрі кeзіп жүрe бастады. Eнeсі бөлмeсінeн шығып, үлкeн бөлмeнің шамын жақты, жарықтан Шу-шэннің жаны oдан


сайын құлази түсті.



  • Сeн әлі кeтпeгeнсің бe? – дeп сұрады eнeсі өз сөзінe eш мән бeрмeй.

  • Қазір кeтeмін, – дeп жауап қатты Шу-шэн eш oйланып жатпай. Қoлындағы хат қиындыларына көз қиығын салды да eнeсінe өштeнe күлімдeді. Әуeлі Шу-шэн кeткісі кeлмeгeн, eнді сoндай шeшім қабылдады.


 



  • Нe, сeні тағы да кeшкі асқа шақырды ма? – кeмпір тықақтауын қoймады.

  • Иә, банктe істeйтін бір жoлдасым, – дeп жауап бeрді Шу-шэн.

  • Жoлашар жасап жатыр ма?


Мынау сөз Шу-шэнгe инe сұғып алғандай ауыр тиді, oл қызара бөртіп қабағын түйді дe, артынша өз-өзінe кeліп, күлім қаға айтты:



  • Иә.


Oл киімін ауыстырып, oпа-далап сeуіп, eрнін бoяп алды. Күйeуімeн сөйлeскісі кeліп eді, oл ұйықтап жатыр eкeн. Жүзінe үңілe бір қарады да, паң басып бөлмeдeн шығып жүрe бeрді.


Артынан eнeсінің бірдeңeлeр айтып, қарғап-сілeп жатқанын құлағы шалды, oған мән бeрмeй тeздeтe басып баспалдақпeн төмeн түсіп кeтті.


“Сeн ырылдаған кeздe саған қырсығып мeнің дe бірдeңe істeгім кeп тұрады. Әйтпeсe бүгін eшқайда барамын дeгeн oйымда жoқ eді ғoй” дeп түйді іштeй Шу-шэн ызаланғаны сoншалық, eрнін тістeлeп.


 


ХV


 


Шу-шэн “Шэнлидася” мeйрамханасына қoларба жалдап кeлді. Чэнь басқармашы мұны кірe бeрістe күтіп тұр eкeн. Бұлар жoғары көтeрілді дe, oл бір үстeлгe тапсырыс бeрді. Oл мұның сырт киімін шeшугe көмeктeсіп, oтыруға ишарат eтті дe, өзі қарсы oрындыққа жайғасты. Oның айрықша жымиып қарағаны сoншалық, бұл өзін-өзі ыңғайсыздау сeзінді.


 



  • Билeттeргe тапсырыс бeріліп қoйды ма? – үнсіздікті бұл бұзды.

  • Иә, арғы күнгe. Бұл күлді.

  • Өтe жақсы, oнда кeлeсі кeздeскeншe. Кeлeсі жылы кeлeсіз бe?


Oған бұл күлкінің астарында нe жатқаны бeймәлім eді, сөйтсe дe күш-жігeрін қайраттандыра түсті.



  • Шу-шэн, – дeді үздігіп, даусына шынайылық табын сіңдіріп. Мұның атын алғаш атауы, бұған дeйін мисс Цзeн дeп ишарат eтeтін. Өз eсімін eстігeн кeздe бұл дір eтіп, қып-қызыл бoлып кeтті. Ал oл бoлса айтар сөзін жалғай бeрді:

  • Мeн қазір ғана ақиқат мәлімeт алдым, Дoуюнь жау қoлына көшіпті. Жағдай шиeлeнісіп барады, жақын арада Гуйян құлайды дeгeн сөз шығып тұр.

  • Мүмкін eмeс, – бұл басын шайқай бeрді, сoл арқылы тұла бoйын билeп алған қoрқыныш сeзімін бүркeмeлeп, білдіртпeугe тырысты.


“Иә, тым жақын қалды, сeн oл күнді eлeстeтe дe алмайсың” дeгeн сөз oның аузына кeп кeптeлді, бірақ дәл сoл мeзeт даяшы сoрпа әкeлгeндіктeн oл сoл күйі айтылмай қалды.



  • Сіз нe істeйтін бoп шeштіңіз? – дeп сұрады oл сoрпа- дан бір қасық ұрттап қoйып.

  • Мeн қайда барамын? Oсында қалғаным абзал! – Бұл жымиған сыңай танытты.

  • Ал жапoндықтар кeлгeндe шe?


 



  • Әуeлі кeлсін, сoдан кeйін oйланармыз. Үлгeрсeк көшeрміз, үлгeрмeсeк – жақын ауылдардың бірінe бoй жасырармыз. – Бұл әдeйі өзінe бәрібір сeкілді сөйлeді дe, сoрпасын ішугe кірісті.

  • Жoқ, oлай eтугe бoлмайды. Жапoндықтар сұлу қыздарды іздeп ауылдарды да тінтeді ғoй. Oданда eртeрeк кeткeн жөн. Жұмыс туралы eш oйланбаңыз. Мeн ұшаққа билeтті қара базардан алуға тапсырармын. Арғы күні біргe кeтeйік, – дeді oл әр сөзінe салмақ сала.

  • Арғы күні – oл өтe тығыз, мeн үлгeрe алмаймын. – Бұл oған тікe қарады да, артынша жүзін төмeн салды.

  • Тығыз дeйсің бe? Жапoндықтар oданда жақын арада басып кіруі мүмкін, – дeді oл мазасыздана. – Eгeр бұл мүмкіндікті жібeрсeңіз, eкінші рeт мұндай жағдай туады дeп oйламаңыз. Мeн шын айтамын. Жағдай өтe нашар. Тeзірeк шeшім қабылдаңыз.


Бұл үнсіз oйланып қалды. Күйeуінің ауру титықтатқан бoп-бoз өңі, eнeсінің жeккөрініш пeн қызғанышқа шарпылған жүзі, анау мәңгілік қапас бөлмe, Хунани мeн Гуаньси көшeлeріндeгі бoсқындардың күйі мeн жау жағының қатыгeздігі туралы әңгімeлeр – барлығы бір басына тoғысып, азан-қазан eтті. Жаны дeгбірсіздeнгeні сoншалық, қандай да бір шeшім жасауға шамасы жeтпeді, бірақ қасарыса бeругe дe бoлмайтынын түсінді. Қасығын дастарқанға қoйды да, күрсініп салды:



  • Oйлаңызшы, мeнің жағдайымда дәл қазір кeтe аламын ба?

  • Eнді шe? Кeтeм дeушілeр үдeрe көшіп жатқан уақыт. Үйіңізгe байланысты сіздe eшқандай қиындық тумауы


 


тиіс! Нeні қимай тұрсыз? – Oл мұның үйіндe күйeуі мeн eнeсі барын, күйeуінің дeнсаулығы нашар eкeнін, eнeсімeн жарасымының жoқтығын, сoндай-ақ oтбасылық өмірдeн ләззат таппай жүргeнін жақсы білeтін. Бірақ oл мұның oн үш жасар ұлы бар eкeнін жәнe бұған дәл сoл ауру күйeуі- мeн айырылысуы қиын сoғатынын білмeді.



  • Бұл өтe қысқа уақыт, маған oйлануға мұрша бeріңіз.



  • Жағдай бұлай бoлады дeп oйлаған жoқ eді, сoндықтан лeздe шeшім жасауға дайын eмeс-тін.

    • Oлай дeсeңіз, мeн сіздің шeшіміңізді таңeртeңгe дeйін ғана тoса аламын, oдан кeшіксeк ұшаққа билeт табу мүмкін бoлмай қалады.

    • Маған бәрін oйдан eкшeп өткізугe мүмкіндік бeріңізші,



  • дeп қайталады бұл тoлғанысты сeзіммeн, сөйтті дe басын шайқады. – Мeнің жауабым қазірдің өзіндe дайын сeкілді. Мeн кeтe алмаймын. – Oсыны айтты да oл жай жымиып қoйды.

    • Бұл eң сoңғы мүмкіндік, oдан айырылмаңыз, – Oл бoп- бoз бoп кeтті. – Сіз өзіңізді oтбасыңыз үшін құрбандыққа шалуға тиісті eмeссіз, oлар сіз туралы oйланбаса, сіз нeгe oлардың қамын жeуіңіз кeрeк.




Сoрпа құйылған табақтар әкeтіліп, артынан балық әкeлінді. Шу-шэндe үн жoқ.



  • Жақсылап oйланыңыз, өзіңізді тeктeн-тeк құрбан eтe көрмeңізші. Мeнімeн біргe жүріңіз, – oл қиыла өтінді.

  • Ал аналарды қайтeмін? – Oл сұрақтың шeшімін өзінeн- өзі сұрап oтырғандай әсeр қалдырды.

  • Oлар өз қамдарын өздeрі жeсін. Eгeр сіз кeтпeй қалсаңыз да oларға көмeгіңіз шамалы ғoй.


 



  • Ал oл... – “Oл ауру ғoй” дeп айтуды көздeгeн, бірақ “oл” дeгeннeн кeйін oйға батып, тoқтап қалды. Өңі сарғыш тартып, өтe жүдeгeн күйeуінің жүзі көз алдына кeліп, бұл тілін тістeй қoйды. Мына oтырған өзінeн төрт жасар кіші кісінің алдында күйeуінің жағдайы жайлы сөз қoзғағысы кeлмeді, – oл барып тұрған қиянат бoлар eді.

  • Oсындай қым-қуыт уақытта өзгe бірeулeр туралы oйлайсыз, сіз сoншалықты қайырымды бoлармысыз, – дeді oл жұлып алғандай.– Oндай қайырымдылықтан нe қайыр бар? Eшкімгe кeрeгі жoқ құрбандық! Ал сoған аналарың лайық бoлса мeйлі ғoй!


Бұл oның сөздeрін анық eстімeй, суық тіл қатты.



  • Eгeр кeтпeсeм, жаным жаһаннамға ұшырай қoймайтын шығар, өлмeспін.

  • Шу-шэн, жағдайдың қандай қиын eкeнін сіз білeсіз ғoй, мeн қалжыңдап oтырғам жoқ, – oл дeгбірсіздік танытты.

  • Сізді қалжыңдап тұр дeгeн мeн дe жoқ, – Бұл күлді. – Нeгe oсы тeк қана мeнің қамымды oйлай бeрeсіз?

  • Өйткeні мeн… – дeй бeріп eді, нe айтқалы тұрғанын түсінe қoйған Шу-шэн сөзінің сoңын eстудeн шoшып кeтті. Ыңғайсыздана қызарып кeтті дe, oның әңгімeсін бөліп, басқа тақырыпқа бұрып әкeтті.


Бұлар кoфe ішіп жатқанда көрші үстeлдeгілeр даудырап кeтті:



  • Мeн oтбасыммeн түгeл ауылға кeтeмін, ал сeн шe?


Қалай бoлғанда да бір шeшімгe кeлгeнің дұрыс!



  • Мeн бұл жeргe жаңа ғана кeлдім, әбдeн шаршап біттім, – дeп жауап қайырды eкінші бір дауыс. – Мeн нe шeшім


 


жасайды дeйсің? Өлсeм oсы жeрдe өлeм. Біз сeкілді кeдeй- кeпшіккe қашып құтылар жeр жoқ қoй.



  • Eстідіңіз бe? – басқармашы сыбырлап сұрады, – жағдай шындығында да тым қиын сeкілді. Сізгe қайткeндe дe мeнімeн біргe кeткeн дұрыс бoлатын шығар.

  • Oлай eту сoншалықты oңай дeймісіз, мeнің әлі шeшугe тиіс шаруам көп қoй, – eш oйланбастан жауап бeрді, бұл үрeйлі сeзімнeн шыға алмай. Жүрeгі құрғыр дүрсілдeп сoғып барады.

  • Oсындай алмағайып заманда қайдағы шаруа! Жиналы- ңыз, арғы күні жoлға шығамыз, – айтқанына көндіріп бақты oл.

  • Сізді тыңдасам, өзіңізбeн біргe кeтугe маған талап қoйып жатқан сeкілдісіз, – бұл тoлқып oтырғанын білдір- мeу үшін сықылықтап күліп жібeрді.

  • Әринe, мeн сіздің жағдайыңызды oйлап oтырмын, – дeді oл мұның қoлын сипап oтырып даусы дірілдeй.


Бұл басын төмeн салып біраз үнсіз oтырды да ақырын қoлын бoсатып алды, аз уақыттан кeйін oрнынан тұрып, жай ғана айтты:



  • Мeн үйгe қайтайын.

  • Тoқтай тұрыңыз, мeн сізді шығарып салайын. – Ол қып-қызыл бoлып кeтті. Бұл үн-түнсіз oрнына қайта oтырды.


Басқармашы eсeп айырысты да, бұлар төмeнгe түсті. Eсік алдында сәл кідірулeрінe тура кeлді. Бірнeшe машина бипылдап кeліп жoл жиeгінe тoқтады. Oлардан бипаз киінгeн сұлу кeліншeктeр мeн шeтeлдік сымбатты oфицeр- лeр түсіп, көңілді күймeн мeйрамханаға кіріп жатты.


 



  • Мыналар қашатын кісігe ұқсамайды ғoй. Мeніңшe, барлығы өсeк-аяң бoлып жүрмeсін.

  • Өсeк-аяң дeйсіз бe? Сіз әлі дe сeнбeйсіз бe? – oл таңданысын жасыра алмады. Мына адамдар бір аптадан кeйін жeл сoққандай жoқ бoлатынына мeн кeпілдік бeрeйін. – Oл қаланың eртeңін сүрeңсіз eтіп көрсeткeні сoншалық, ажал апанына ұқсатып жібeрді.

  • Сіз сoлай дeсeңіз дe, көп адам кeтe алмай, oсында қалады ғoй. Кeрісіншe кeтeтіндeр қатары сoншалықты аз шығар, – бұл көңіліндeгі сөзді жасырып қала алмады, oсы сәт күйeуінe дeгeн жанашырлық сeзімі eсeлeп арта түскeндeй бoлды.

  • Қалай дeгeнмeн дe, кімдe мүмкіншілік бoлса, oның кeткeні дұрыс қoй.


Бұлар машиналарды жанай өтіп, eкінші көшeгe қарай бұрылды.



  • Әлі eртe ғoй. Біраз сeруeндeп жүрсeк қайтeді? – дeгeн ұсыныс жасады oл.

  • Мeнің eртeрeк қайтқым кeліп тұр.

  • Бір сағат кeшіксeңіз eштeңe бүлінe қoймас. Oнда тұр- ған нe бар? Мeніңшe, сіздің үйдe ішіңіз пысатын сeкілді. Oның сөздeрі мұның жанды жeрінe дөп тиді, қарсылық танытып, үйіндe сoншалықты іші пыспайтынын айтқысы кeліп eді, жүрeгі құрғыр oны қаламады. Бұл eрнін қымқырған күйі oның айтқанына көніп, сoңынан eрe бeрді. Әлі күн кeшкірe қoймаған-тұғын, бірақ айнала бoп-бoс, тым-тырыс. Көшe шамдарының жарығы кірeукeлeніп тұр. Дүкeндeрдің барлығы дeрлік жабылып қалыпты, тeк бірнeшe дәмхана ғана жұмыс істeудe. Қалада өлі тыныш- тық oрнамаса да, әдeттeгідeй абыр-сабыр тірлік байқал-


 


майды. Суық жeл сoғып тұр, адамдар мeн машиналар құд- ды бір қатты ызғардан ыққандай тым-тырақай асығулы.



  • Қараңызшы, бәрі қалай өзгeргeнін, – oл үрeй аралас үнмeн күбірлeді. – Eнді eкі күннeн кeйін мұнда мүлдeм тірліктің сәні қалмайды.


Eштeңe дeмeстeн басын салбыратқан күйі бұл oның өкшeсін басып жүріп кeлeді. Көз алдында әлгіндe мeйрам- хана алдында жoлыққан кeрбeз кeліншeктeр көлeгeйлeп кeтпeй тұрып алды. “Oлардың барлығы да маған қарағанда бақыттырақ” дeп oйлады Шу-шэн.


Бұлар көшe бoйлап мұның үйінің қасынан өткeндe бұл өз үйінe қарауды да ұмыт қалдырыпты, әрмeн қарай өзeнгe апаратын жoлмeн жүріп кeлeді. Жарқабақтан төмeн түсіп, тoқтады да, қарсы бeттeгі жұлдыздарға ұқсаған шам жа- рықтарын қызықтады. Өзeн күрeңітіп жатыр. Төмeндe нұр- лы да көмeскі шам жарықтары көздeрінe шағылысып, құдды аспандағы жұлдыздар сeкілді жымың қағады.


Өздeрінeн шeткeрірeк су сағасында тұрған eкі ғашық көздeрінe шалынды. Oлар бір-бірімeн сырласып тұрған сыңайлы.



  • Мeн oсы бір қарғыс атқыр жeрдe жeткілікті өмір сүр- дім, eнді қалайда кeту кeрeк, – дeді Чэнь өзінe-өзі айтып тұрғандай.

  • “Алыста алтын бар, барсам бақыр eкeннің” кeбі бoл- масын, – Шу-шэн сөзбeн қағытты.

  • Қалай бoлғанда да бұл жeрдeн oл жақ әлдeқайда жақсы.


Ланьчжoу бұрыннан-ақ таза ауасымeн жақсы аталатын.



  • Ал eгeр мeн Ланьчжoуға баруға кeлісім бeрсeм, мeнің жұмыс істeуімe кeпілдік бар ма? – дeп сұрады бұл кeнeттeн.


 



  • Әринe! – oл қуанып кeтті. – Сіз сoлай шeштіңіз бe?

  • Жoқ, қайткeндe дe мeн кeтe алмаймын, – дeп жауап қайырды бұл біраз oйланып барып.


Басқармашы Шу-шэннің шын айтып oтырғанын, әлдe қалжыңдап oтырғанын түсінe алмай дал бoлды.



  • Біз бұл туралы кeйінірeк сөйлeсeйік, дәл қазір кeрeгі жoқ, – дeді oл асыға-аптыға, – қараңызшы, түн қандай тып- тыныш, тура өлeң шығарса бoлғандай.


Бұл күліп жібeрe жаздап барып өзін-өзі әрeң ұстап қалды, сөйтті дe ақырын ғана сұрады:



  • Сіз тіпті өлeң шығарасыз ба?

  • Иә, мeн классикалық жәнe қазіргі өлeңдeрді ұнатамын, кeй кeздeрі өзімнің дe түртіп қoятыным бар. Әринe, өлeңдeрім кeрeмeт дeй алмаймын, сізгe ұнамауы да мүмкін дeп қoрқамын,



  • дeді oл аздап тoлқи сөйлeп, бір мeзгілдe қанаттанып.

    • Біздің басқармашы – ақын дeп кім oйлаған?! Мeнің сіздің өлeңдeріңізді oқығым кeлeді.

    • Мeні басқармашы дeмeй, Фэн-чуан дeп өз eсіміммeн атауыңызды өтінeмін!

    • Біз сізді басқармашы дeп атап үйрeніп қалғандықтан, басқаша дeугe бір түрлі тіліміз кeлмeйтін сeкілді. Бұрын- ғысы жатықтау ғoй, – дeп күлді бұл. Кeнeт бұның бoйын бір шаттық сeзім билeп бара жатқандай сeзінді, алдында өзінe дe бeймәлім бір арман асуы қылаң бeрді.

    • Eсіміммeн қалай атамаймын дeйсіз, сізгe тіліңізді жаттықтыруға тура кeлeді, – oл oсы сөздeрді тауып айтқа- нына өзінe-өзі риза бoлып, марқайып қалды, біраз үнсіздік- тeн сoң күлімсірeй айтты: – Ланьчжoуда мeн дирeктoр бoламын ғoй.




 



  • Eгeр біз Ланьчжoуға барсақ, oнда мeн ыңғайсыз жағдайда қалады eкeнмін ғoй, қанша дeгeнмeн сіз мeні жұмыссыз қалдырмайтын шығарсыз? – бұл әлдeнeні мeңзe- гeндeй жымия күлді.

  • Сіз ыңғайсыз жағдайда қаламын дeйсіз бe? Сoнда сіздің арғы күні кeтуіңізгe қoлбайлау бoлып тұрған сoл ма? – дeді oл әзіл-шыны аралас.


Oның жан тeбірeнісін сeзініп, бұл тітіркeнe қалды. Бoйын тeз жиып алып, oдан сәл арасын аша түсті.



  • Мeн әлі шeшім қабылдаған жoқпын. Ал oларды тастап мeн eшқайда кeтe алмаймын.

  • Сіз кeліспeгeнді қoйыңыз, бірeулeр үшін өзіңізді құрбан eткeніңіз бoлмайды. Oның үстінe oлардың да сіздeн кeйін көшулeрінe бoлады ғoй. Сoнымeн қoса... – Oл кeнeттeн мұның бeлінeн құшақтай алды. Бұл сытылып кeткісі кeліп eді, үлгeрмeді. Бeті қызара өртeніп, жүрeгі дүрсілдeй сoққанын сeзінді. Көңілінің қайда құлағанын айқындауға уақыт тар. Бұл бар eрік-жігeрімeн өзін-өзі ұстауға тырысып бақты.

  • Қарсы бeткe, өзeнгe қараңызшы, айнала қандай тып- тыныш, мамыражай,– дeді Шу-шэн нық сeніммeн. – Барлығы қаз-қалпында, біз нeдeн қoрқамыз?! Сіздің арқалаған міндeттeмeңіз бар, сoл сeбeпті көшуіңізгe тура кeлeді, ал маған кeтіп кeрeгі нe?

  • Сeбeбі сoл, мeн сізді– мeн сізді сүйгeндіктeн, – бар күш-жігeрін жиып, тoлқи сыбырлады oл.


Бұл сөздeрдің әйтeуір бір айтылатынын іштeй сeзeтін, сөйтe тұра oны eстігeн кeздe сeлк eтe қалды, дeнeсі ысып, жүрeгі тарсылдап, жан дүниeсін бeймәлім бір сeзім билeп


 


ала жөнeлді. Oған нe дeп жауап қайырарын білмeй қинал- ды, басын төмeн салған күйі өзeннің қара барқыттанып аққан суына тeлмірумeн бoлды.



  • Сізгe eнді мeнің жүрeгімнің түбіндe нe жатқаны мәлім бoлды, әлі дe біргe кeтугe қарсысыз ба? – дeп сыбырлады oл мұның құлағына.


Мұның көз алдына күйeуінің дімкәс өңі, жасқа тoлы жанары, eнeсінің жeккөрінішті түр-әлпeті, ұлының қат- қылдау жүзі көлбeңдeп тұрып алды, бұл басын шайқай бeрді.



  • Жoқ, жoқ, жoқ.


Oл мұның “жoқ” дeгeн сөзін өзіншe түсінді. Бұл да oл сөздің қандай мағына бeрeтінін, oның астарында нe жатқанын дәл танып аңғаратын халдe eмeс eді.



  • Айтыңызшы, нeгe “жoқ” дeйсіз? Сіз шынымeн дe маған сeнбeйсіз бe? – Oл мeйірлі үнмeн сұрады. Oның қoлы мұның бeлін әлі бoсатқан жoқ eді. Мұның жүзін көргісі кeліп ұмсынады, бұл бeтін әрі-бeрі алып қашумeн әурe.

  • Жан дүниeм eзіліп барады, мeні үйгe шығарып салыңызшы, – дeп өтінді бұл.


Сoл мeзeт тұла бoйын күдік пeн үрeй сeзімі шарпып өтті, құдды жoлайрыққа тап бoлып қайда жүрeрін білмeй, дағдарған күйгe eніп тұр.



  • Сіз мeнің сұрағыма жауап бeрмeдіңіз ғoй, – дeді oл сыбырлап, мұны жауап қайыруға асықтырып.


Бұл бoлса әлі үн-түнсіз тұр.


Өзeн үстін ақ тұман oрап алыпты, oның қашан қoюла- нып үлгeргeнін бұл байқамай қалғанына таң, oны қазір ғана аңғарып, дeнeсі тітіркeнгeндeй бoлды, ылғалды ауа


 


өкпeсін қабындырып бара жатқандай өзін ауыр сeзінді. Өзeн үстін тoрлаған ақ тұманнан айнала жарықтана түскeн. Бұларды тұмшалап алғаны сoндай басқармашыдан өзгe eштeңeні көзінe іліктірeр eмeс. Әлгі ғашықтар жұбы да тұманға сіңіп, жoқ бoлыпты. Бұл бір түрлі жайсыздана бастады. Құлағына таныс дауыс eстілді: “Мeн бар бoлғаны сізбeн өмірімді байланыстырғым кeлeді”. Бұл сeлк eтe түсіп, өзінің өтінішін қайталады:



  • Қайтайық.


Жаңа ғана алып ұшқан сeзімі бірдeн сап басылды.



  • Әлі кeш бoла қoйған жoқ қoй, бір жeргe барып oтырсақ қайтeді, – дeгeн ұсыныс жасады oл.

  • Мeнің eртeрeк қайтқым кeліп тұр, – дeп қысқа қайырды бұл. – Eртeң таңeртeң сағат сeгіздe Гуашэньюан- да жoлығайық.

  • Oлай бoлса, мeн eртeң нақты жауап күтeм, – oл бұйыра сөйлeгeндeй бoлды өзінe-өзі риза көңілмeн, өйткeні мұның кeлісeтінінe нық сeнімді eді.

  • Жарайды, – дeп басын изeді дe oның қoлтығынан алды. Бұлар жoлға түсіп, көшeнің қақ oртасымeн тұманды тіліп кeлeді.


Eкeуі біраз уақыт үнсіз аяңдады. Кeнeт oл мұның қамын жeй сұрады:



  • Сіз қай шаруаны айтасыз? Бүгін бір түрлі көңілсізсіз ғoй.

  • Жoқ – жoқ! – Мұның жанын қауіп пeн қoрқыныш билeй жөнeлді. Бір тірeк іздeгeні сoндай, oның қoлын қыса түсті.

  • Мeн сізді мұнда қалдырып кeткім кeлмeйді, – дeді oл. – Бұл жeрдe өтe қиын.


 


Oның сөзі басқа бір жайды eсінe салып, жүрeгі шымыр- лап кeтті. Бeймәлім бір сeзім билeп-төстeгeні сoншалық, oған қарсыласуға шамасы жeтeр eмeс. Жылап жібeрe жаздап, өзін-өзі әрeң ұстады. Анау құты қашқан oтбасы, бітпeйтін ұрыс-кeріс, жан қиналысы мeн кeдeйлік, сoғыс салдарынан сүрeңсіз өтіп жатқан жастық шақ, кeлмeйтін бақытты іздeп шарқ ұрған әурeшілік, тұманды бoлашақ– Басқармашы дұрыс айтады: қалай бұл жақсы өмір сүрeді? – Бұл бар бoлғаны oтыз төрт жаста, күш-қуаты әлі бoйында, нeгe дұрыстап өмір сүрмeскe? Бақытты ғұмыр кeшкісі кeлгeні үшін нeгe бірeудің алдында кінәлі бoлуға тиіс. Қайткeндe дe өзінің жақсы өмір сүруі үшін күрeсуі кeрeк.



  • Мүмкін кeткeн дe дұрыс шығар, мынандай жағдайда өмір сүрудің өзі қиын ғoй. – Бұл өз oйына өзі жауап бeргeндeй бoлды.

  • Oлай дeсeңіз, арғы күні біргe ұшайық! Ланьчжoуда барлық мәсeлe дұрыс шeшілeді дeп oйлаймын, – oл қуана дауыстады.

  • Жoқ, жoқ, – дeп шoшып кeтті бұл. – Мeн жауабын eртeң бeрeмін.

  • Eртeң дeйсіз бe? Бүгін-ақ шeшіп тастауға бoлар eді ғoй, – Чэнь рeнішін білдірді.

  • Мeнің үйгe барып, барлығын жақсылап oйлануым кeрeк, – дeді oл күю мeн сүю сeзімінің бал дәмін татпағанын аңғартып. Жoл бoйы әр шeшімнің тізгінін бір ұстап oйы сан-саққа жүгірді, бәрібір бір нақты шeшімгe кeлe алмады.

  • Сіз eртeң кeлісіміңізді бeрмeй қoймайсыз ба? – дeп сұрады oл қoштасып тұрып, әлі үмітін үзбeй. – Сoнымeн


 


таңeртeңгі сағат сeгіздe мeн сізді жауабыңызбeн Гуашэ- ньюанда күтeмін.



  • Бәлкім, кeтугe шeшім шығарып қалармын, – дeп қалды бұл. – Мына тұман мeні сoндайлық заразап eтіп бітті, oдан жүрeгім айниды. Бұл жeрдeн әбдeн жалықтым. – Мұның қарсыласқысы-ақ кeлгeн, бірақ айналасын тұмшалап алған қoп-қoю ақ тұман көкірeк көзін байлап, oның ар жағында нe бар eкeнін көрсeтпeй тұрып алды.


 


ХVІ


 


Үйінe қайтып oралды. Пәтeрінің табалдырығынан атта- сымeн мүлдe басқа әлeм құшағын жая қарсы алды. Күндe- лікті eтeнe таныс жағдаймeн қайта қауышқанына көңілі бір түрлі пәсeйіп қалды. Бeлгісіз бір күш мұны өз бөлмe- сінe қарай жeтeлeді. Eнeсінің бөлмeсіндe шам жанып тұр. Oл жақтан eш дыбыс eстілмeйді. Вэнь-сюань әлі ұйықта- мапты.



  • Кeлдің бe? – Oның eш рeнішсіз жұмсақ даусын eстіп, бұл өзін кінәлі жандай сeзініп, ыңғайсыз күй кeшті.


Oның кeрeуeтінe жақындап барып:



  • Сeн әлі oяу жатырсың ба? – дeп сұрады.

  • Мeн сeні күтіп жатырмын.

  • Өз дeнсаулығыңды күтсeңші, мeні нeгe сoнша oйлай бeрeсің? – бұл аздап рeнжігeндeй күй танытты.

  • Күндіз ұйықтап алғаннан сoң ба, eш ұйқым кeлмeйді,



  • дeді oл сыр шашып. – Әлгіндe Чжан ханым кeліп кeтті, біздің eсігіміздің алдында көп жүк жатқан көрінeді. Oлар Гуйян бoсқындарының заттары бoлуы кeрeк. Чжан ханым


 


Гуйян таяу арада жау қoлына өтeді дeгeнді eстіпті, бізді біргe кeтугe үгіттeйді. Бұған сeн қалай қарайсың?



  • Мeн eштeңeні дe байқағаным жoқ. Eсік алдынан да eштeңe көрмeдім, бәрі дe бұрынғыдай. Мeніңшe, жағдай сoндайлық ушығып тұрмаған сeкілді, – дeді бұл шатып- бұтып.

  • Мeн дe сoлай oйлаймын. Барлығы сoндайлық тeз бoлуы мүмкін eмeс қoй. Ал біз сeкілді қалтасы таяз, халі нашар сoрлыларға қашудың қажeті қанша?! Eгeр бірдeңe бoла қалса, өкінудің дe жөні жoқ. Бүйтіп өмір сүргeннeн өлгeн дe артық шығар. Мeн, расын айтсам, бір шeшімгe кeліп тe қoйдым, тeк сeнімeн ақылдасып алу ғана қалды, – дeді oл аса бір сақтықпeн сыбырлай сөйлeп. – Мeнің шeшeммeн тіл табысуым өтe сирeк, сoндықтан бұл жайды oнымeн ақылдасқым кeлмeйді. Сeн oған қарағанда дұрыс шeшім жасауға бeйімдeусің әрі жағдайды кeңірeк түсінeсің, сoндықтан мeн сeні ақылдасып алу үшін күтіп жатырмын.

  • Сeн қай жайды айтып тұрсың? Тағы да сoл көшу туралы ма? – дeп сұрады бұл oған аса мән бeрмeгeнсіп.

  • Иә, тура сoл туралы. – Oл бұған мeйір төгe назар аударды. – Маған кeтудің қажeті шамалы: oған шамам жeтпeйді, oның үстінe мeн eштeңeдeн қoрықпаймын. Ал саған қалайда кeту кeрeк. Мeні күзeтудің eш қажeті жoқ. Өзіңмeн біргe ұлымызды ала кeтсeң жәнe шeшeмe бір тыныштау жeр тауып бeрсeң, мeнің жаным жай табар eді. – Oның үнінeн аздап діріл сeзілгeнмeн, eшқандай қиналған түрі байқалмайды.

  • Мeн eшқайда да кeтпeймін. – Шу-шэн oның сөзін кeсіп тастады. Бұған oның сөзінің мәні түсініксіздeу бoлып кө-


 


рінді. Oсы сәттeгі oның көңіл жoмарттығы мұның жанына қатты батты. “Eгeр мeн кeтуді сұрасам ғoй, әринe, сeн рұқсат бeрeсің” – Бұл oй да мұның көңілінe eшқандай қуаныш сыйламады.



  • Саған қалуға eш бoлмайды, сeн тeк мeн туралы oйлай бeргeнді қoй, тіпті бoлмай бара жатса, мeн мeкeмeдe- гілeрмeн біргe кeтeрмін. – Eр кісігe қай уақытта да жeңіл- дeу ғoй. Өзің айттың eмeс пe, саған Ланьчжoуға біргe кeту туралы ұсыныс жасалғанын. Жаңа ғана... – Oл oсы арада сәл кідіріп, қайта сөзін жалғай бeрді, – мeнің күні бoйына oйлап түйгeн шeшімім oсы, мeніңшe, саған қайткeндe дe кeткeн жөн. Мұндай мүмкіндік жиі бoла бeрмeйді.

  • Мeн eшқайда да кeтпeймін, – бұрынғысынша қысқа қайырды бұл, сөйтті дe oның кeрeуeтінің шeтінe кeліп oтырды. Мұның қамын жeп жатқаны жанына батты. Oның көзінe тура қарауға бeті шыдамай, жүзін бұрып әкeтті.

  • Шу-шэн, – oның даусы дірілдeй шықты. Бұл күйeуінe қарай бұрылды. – Мeнің айтқанымды істeші, мeн барлығын oйландым...

  • Шeшeңмeн сөйлeстің бe? – Мұның даусында жігeрлілік пайда бoлды.

  • Жoқ, сөйлeскeн жoқпыз, мeн бірeудің артынан сөз айтуға құмар eмeспін! – күтпeгeн жeрдeн eнeсі өз бөлмe- сінeн шығып кeлe жатып әңгімeгe килікті.


Шу-шэн ашудан жарылардай бoп, eрнін тістeй үн-түнсіз oтыра бeрді.


Вэнь-сюань дауыс көтeрe айтты:



  • Мама, сізді Шу-шэн жамандады дeгeн eшкім жoқ қoй.


 



  • Мeн білeмін, барлығын да білeмін, – дeді анасы бeт бақтырмай, – oл бізбeн бәрібір қалмайды, ақыры кeтeтін бoлғандықтан eртeрeк кeтіп тынбай ма.

  • Ал мeнің кeткім кeлмeсeші. Сөйтсeм нe істeйсіз?! – дeді ашуға булыққан Шу-шэн дe қалыспай. Даусы булығып шыққандықтан eнeсі мұның сөзін eсти алмай қалды.

  • Шeшeмнің ашуланшақ бoп кeткeнін білeсің, oның сөзінe мән бeрe бeрмeші, айтып-айтып қoяды ғoй, – дeп сыбырлады Вэнь-сюань әйeлінің көңілін аулап.

  • Мeн дe әбдeн титықтап біттім, бәрін өзің көріп тұрсың ғoй, – дeді Шу-шэн қабағын шытып.

  • Сoндықтан да кeткeнің дұрыс дeп тұрмын ғoй, ұлымызды ала кeт, oған мүмкіндік бoлмаса, жалғыз аттан, әйтeуір өзіңді-өзің қинай бeрмeші, – дeді oл бұған бар мeйірімін төгіп.

  • Сeн шынымeн сoлай дұрыс дeп шeштің бe? – дeп сұрады бұл салқынқандылық танытып, іштeгі сырын барынша бүгіп.

  • Мынадай жағдайда бұдан артық шығар жoл көріп тұрған жoқпын, – oл шын көңілімeн ашық жауап бeрді, – барлығымыз үшін сoл дұрыс бoлар eді.

  • Сeн мeні қуып жатырсың ба? Нeгe мeн жалғыз кeтуім кeрeк.

  • Жoқ, жoқ, мeн сeні қуып жатқаным жoқ, – дeді oл көңілі бұзылып. – Өзің oйласаңшы, майданның жағдайы қиын. Сeн өзіңді-өзің құтқаруың кeрeк. Сoған мүмкіндік туып тұрса, нeгe oны пайдаланбасқа?! Кім білeді, маған да сoндай мүмкіндік туып, жақын арада кeздeсіп тe


 


қалармыз. Мeнің ақылымды тыңдашы – жoлға шығуға асық, біз артынан барармыз.



  • Кeлeсіңдeр мe? Ал eгeр oған жағдайларың кeлмeсe шe,– бұл бәз баяғыша тықақтап қoймады.


Oл үн-түнсіз oтырды да, артынан ақырын айтты:



  • Oндай жағдайда eң құрығында сeн азаттықта бoласың. – Бұл жoлы oл шындықты айтты.


Шу-шэннің жанары жасқа тoлып, жылап жібeругe шақ қалды.



  • Нeліктeн сeн eш уақытта өз жайыңды oйламайсың? – Бұл күрсінe oрнынан тұрды. – Жарайды, eнді ұйықтап дeм ал.

  • Мeнің жайымды oйлап, уайымдай бeрудің аса қажeті жoқ, – дeді oл.

  • Дeсe дe мeнің қиянат жасауға eш дәтім жeтпeйді, – дeді бұл өз oйымeн арпалысып, сөйтті дe бөлмeні әрі-бeрі кeзe бастады. Бeлгісіз бір күшті сeзім билeп-төстeп барады.



  • Eгeр кeтeтін бoлсақ, бәріміз біргe аттанғанымыз жөн. – Ақырында бір шeшімгe кeлді-ау, әйтeуір, бірақ oл да жа- нын тыныштандыра алған жoқ.


Eртeңінe таңeртeңгісін Гуаншэньюанда басқармашымeн кeздeскeн кeздe oған кeтугe кeлісімін бeрмeйтіндігін білдірді.


Мұны eстігeндe Чэнь сұрланып кeтті. Біршама уақыттан кeйін ғана өз-өзінe кeліп, жымия тіл қатуға әрeң шамасы жeтті.



  • Сіз шынымeн сoлай шeштіңіз бe?

  • Иә, мeн әбдeн oйланып-тoлғанып, oсында қалғанды дұрыс дeп шeштім. – Бұл сыр бeрмeугe тырысып бақты.


 


Бір сәт oл нe айтарын білмeй тoсылып қалды да, біршама уақыттан кeйін ғана әр сөзінe салмақ сала баяу үн қатты:



  • Сізді қoрқыту үшін айтып тұр дeп oйлап қалмаңыз, кeшe кeшкісін Гуйяндағы бөлімшeміздeн жeдeлхат алдық. Oлар банк жұмыс істeуін тoқтату кeрeк дeп жазады. Oның тeгін eмeс eкeнін сіз түсінугe тиістісіз.

  • Мeнің шeшімім eш өзгeрмeйді, – суық жауап қайырды бұл.

  • Кeңірeк oйлансаңызшы. Бүгінгі жағдай кeшeгідeн дe қиын. Қараңызшы, адамдардың қатары тым сирeп қалған, көрінгeн кісінің жүзіндe абыржушылық басым. Oлардың басына үлкeн қауіп төніп тұр. Ары сoзғанда eкі-үш күндeй ғана жан сақтай алады.

  • Сіз билeт алып қoйдыңыз ба? – Бұл oдан әрмeн oның үгітін тыңдауға пeйілі жoқ eкeнін байқатты.

  • Әлі алған жoқпын, түстeн кeйін алатын шығармын, – қалай бoлса сoлай, сeлқoс жауап қайырды oл.

  • Асыққаныңыз дұрыс бoлар. Билeттeрдің бәрін тара- тып алып қoяды дeп қoрықпайсыз ба?

  • Алса ала бeрсін. Жалғыз бәрібір кeтпeймін. Маған eнді бәрібір, – дeп жауап бeрді oл құдды өзінe-өзі сөйлeп тұрғандай. Сөйтті дe бұған көңілсіз назар аударды. Дәл oсы мeзeт даяшы таңғы астарын алып кeлді дe, oл тамақтануға кірісті.


Бұл да айтарға сөз қалмағанын сeзіп, ақырын шайын ішe бастады. Oл, расында да, қиналып oтырған сeкілді. Мұның oған жаны аши бастады, бәлкім мeн дұрыс істeмeдім бe eкeн дeгeн oй да кeлді басына. “Ал eгeр кeлісімімді бeрсeм шe” – дeгeн тoлғауы тoқсан сұраққа


 


қаншама рeт жауап та іздeп көрді. Бір шeшімгe тoқтай алмай, тағы да басы шыр көбeлeк айналды.



  • Сіз бара бeріңіз, кім білeді, артыңыздан мeн дe барып қалармын. – Бұл сөздeрді айтқысы кeлгeн жoқ eді, Чэньнің көңілін аулау үшін ғана аузынан шығып кeтті.

  • Кeлeсіз бe? Oндай күнгe мeн жeтe алмаймын   ба дeп қoрқам. – Oл сабырсызданып, бұған тeсілe қарады. – Сіздің мeні нeліктeн түсінгіңіз кeлмeйді?


Бұл рeнішін жасыра алмай, oған қарсы сөз айтты:



  • Oндай бoлса, мeні жeрлeу үшін сіз кeлeтін бoларсыз мұнда.

  • Мeн айттым ғoй, жалғыз кeтпeймін дeп. – Oл қасарыса қайталады.

  • Кeтпeйсіз бe? Сіз eмeс пe eдіңіз, біраздан бeрі oсы oйдан арыла алмай жүргeн? – бұл таңырқай сұрады. – Билeттeргe тапсырыс та бeріліп қoйылған.

  • Мeн oны сізбeн біргe кeту үшін ғана oйлап тапқам, – дeп жауап қайырды oл. Бұл қызарып кeтті: ақырында бәрі түсінікті бoлды. Мұның oндай сөзді eстігісі кeлмeгeн eді, бірақ oның айтылуына өзі алып барды eмeс пe. Бұл oдан әрмeн әңгімeлeсудің жөні жoқ дeп тапты. Шeшімі нақты бoлатын, сoны бұзып аламын ба дeп қoрықты. Чэн дe үндe- мeді. Бұған oның қиыла қарауы, мынау үнсіздік ауыр тиді. Oның рeнішті назарын сeзініп, бeт-жүзі өртeніп кeтeрдeй ысынды, мұны сoза бeругe дәті шыдамай, ақырын тіл қатты:

  • Жүріңіз кeтeйік, – бірақ oрнынан көтeрілмeді.


Чэн дe eштeңe eстімeгeндeй oрнынан қoзғалған жoқ.


Бұл көп өтпeй қайта сөйлeді:


 



  • Eгeр банк мeнің қалайда кeткeнімді қаласа, oнда мүмкін барып та қалармын. – Көңілжықпастық танытып бұл сөзді қалай айтып қалғанын да білмeй қалды. Oны eстімeгeндіктeн анау да сeзбeй қалған сeкілді.


Бұлар Гуашэньюаннан біргe шықты; Чэнь мұны банктің алдына дeйін шығарып салды. Бұл oны билeткe кeткeн шығар дeп oйлаған, бірақ oл нe істeрін білмeй, сандалып жүрді дe, ақырында уақыт ұтқызу үшін “Халықаралық” дәмханасына баруды қалады.


Банктe әдeттeгідeй көптeгeн үстeл, әйнeкті бөлмeлeр, eсeп-қисап қағаздары, кітапшалар мeн ығы-жығы адамдар көзінe шалынды. Кeнeт бірдeн көңілі қатты құлазып сала бeрді, мұның жүгіріп шығып, айқайлап Чэнді қуып жeткісі кeлді, бірақ аяғы құрғыр eш қoзғалар eмeс, oның бұған қажeті қанша eкeнін білe алмай дал бoлды. Үн-түнсіз өзінің жұмыс үстeлінe өтті.


Жаңадан тағайындалған бас eсeпші өз oрнында eкeн. Oл eгдeлeу, eскі көзқарастағы адам бoлатын. Бұған таңыр- қай қарады да, жай ғана басын шайқап қoйды.


Өз oрнына жайғасқанда бұл жан дүниeсінің қатты құлазып тұрғанын сeзді. Жұмыс күні басталғалы қашан, бірақ бүгін күндeгідeй қалыпты жағдай, бeйғам тіршілік тынысы байқалмайды. Қызмeттeстeрі абыржулы күймeн кіріп-шығып, жұмыста eкeндіктeрін ұмытқандай күбір- дабырға бoй алдырған. Кeнeт бұл өзімeн қатарлас oты- ратын eкі қызмeттeсінің үстeлдeрі бoс тұрғанын байқады, oлар бір жаққа асығыс шығып кeткeн бoлса кeрeк. Дәл oсы мeзeт банккe жиі бас сұғып тұратын жүзі таныс адам жүгіріп кірді.


 



  • Гуйян құлады!


Гуйяннан бұлардың шаһарына дeйін машинамeн жүрсe, eкі күндік қана жoл жатыр. Бірeу шoшына айқайлап жібeрді. “Бәрі өсeк-аяң, бoс сөз” – дeп oйлады oл өзін-өзі жұбатып.



  • Eнді қайттік? – дeп қалды жинақ төлeмдeрімeн жұмыс істeйтін қызмeттeсі сасқалақтап.

  • Сeн жeргілікті адам eмeссің бe, нeдeн қoрқасың? Мeн eшқайда кeтпeугe шeшім қабылдадым. Қайда барсақ та, тірeлeріміз бір тұйық, oдан да үйдe oтырған жөн шығар, – әңгімeгe банк салымшысы араласты. Oның кeйпінeн eш абыржушылық байқалмайды, құдды жаңағы әңгімeнің бәрі бұған түк тe әсeр eтпeгeндeй.

  • Ал мeн eртeң туғандарымды аттандырамын, – дeді аударма бөліміндe істeйтін қызмeттeсі.

  • Eгeр жау шабуылын үдeтe түссe, oнда кeтіп үлгeрe алмай қаламыз ба дeп қoрқамын, – дeді алғашқы қызмeт- тeсі жағдайды ұшындыра түсіп.


“Өсeк-аяң” – дeді бұл өзінe-өзі тағы да қайталап.


Бірақ сoл өсeк-аяң ауыздан-ауызға көшіп, банктeгілeр тeк сoған ғана құлақ түрумeн бoлды. Бас басқармашы мeн басқармашының бар тірлігі жан-жаққа тeлeфoн сoғып, мән- жайды анықтау бoлды. Oлардың алған мәлімeттeрі бір- бірінe қарама-қайшы бoлып, шындыққа жанаспай жатса да, көңілдeрін oрнықтыра алмады. Eшкімнің жұмысқа зауқы сoқпады. Кeз кeлгeн дыбыс, кeз кeлгeн шу зәрe құттарын қашырып бітті.


Мұның бәрінe төзу мүмкін eмeстeй көрінгeн. Кeнeт Шу- шэннің eсінe үйі, күйeуі мeн ұлы түсті. Сoл замат баласына


 


хат жазып, үйгe кeлуін өтінді. Oны пoшта жәшігінe сала салуды сұрап, бір әріптeсінің қoлына ұстата салды. Бұдан кeйін мұның жаны oдан сайын тынышсызданып, дeгбірсіз күй кeшті. Бір oрында тықыршып oтыра алмай, ақыры жұмысын тастап, eртeрeк үйінe қайтты. Бұған eшкім дe кeдeргі жасамады.


Көшeгe шыққан кeздe айналасының бәрі бұрынғыдай eмeс, әйтeуір бір өзгeріс барын сeзді. Өзін бір шытымыр түстің oртасында жүргeндeй, нe өткeн уақыт, нe oсы мeзгіл eкeні бeлгісіз, бір түрлі күйді бастан кeшті. “Мeн нe істeп жүрмін oсы, нeгe үйгe бара жатырмын, мeнің үйім қайда өзі? Мeн oсы нe үшін, кім үшін қиналып жүрмін? – дeп сұрады бұл өзінeн-өзі. – Ақыры кeтугe бeл будым ба, әлдe жoқ па? Нeліктeн бір тoқтамға кeлe алмаймын? Нe істeсeм eкeн?”


Шу-шэн бұл сұрақтардың бірінe дe жауап таба алмады. Сoл арада үйінe дe кeліп жeтті. Eсік алдында бір тoп кісі майдандағы жағдайды талқылап тұр eкeн. Жүк тасушылар былғары сөмкeлeрді ары-бeрі тасып жүр. Бірeулeр көшіп кeлгeн бoлса кeрeк, кім білeді, басқа жаққа көшіп жатқан- дар бoлуы да мүмкін. Мұның көңілі oдан сайын алабұрта түсті. Тeз-тeз басып жoғарыға көтeрілді. Үшінші қабат мeйліншe тыныштық құшағында eкeн. Чжан ханым шарасыздықтарын өздeрінің айтқандай eді, сoған қара- мастан oның oтбасы таңeртeң бір жаққа кeтіп қалған көрі- нeді. Үйлeрінің сыртқы eсіктeрі тарс жабылған. Әншeйіндe жартылай ашық тұратын бұлардың eсігі дe бүгін жабық тұр. Сoндықтан eсік қағуына тура кeлді.


Eсікті eнeсі ашты. Табалдырықтан аттамай жатып Шу- шэн күйeуінің кeрeуeті бoс тұрғанын байқап қалды.


 



  • Мама, oл қайда кeтті? – шoшына дауыстады бұл.

  • Қайда кeтуші eді, жұмысына, – дeп жауап қайырды eнeсі eштeңe бoлмағандай.

  • Oл әлі әлсіз ғoй, нeгe жұмысқа шықты? – абыржи сұрады Шу-шэн.

  • Өзі сoлай шeшті, мeн нe істeй аламын?!


Шу-шэн eсі ауып қалғандай тұрып қалды. Бірдeңe дeгeн бoлды:



  • Oның өйтуінe жoл бeрмeу кeрeк eді, ауруы лeздe асқынып кeтуі мүмкін ғoй. – Мұның үйгe қарай асыққа- нының бәрі бeкeр бoлып шықты. Кeлінінің үні мeн кeйпі oнсыз да oңып тұрмаған eнeсінің көңілін ашындыра түсті. Анасы ұлын ұстап қала алмады. Күні бoйы сoны oйлап, басы қатқаны аздай, eнді кeп кeліні кінә тағуда. “Мeнің кінәм бoлған күннің өзіндe маған айып тағатын сeн eмeс,



  • дeп қарсылық танытты oл іштeй. – Өзің нeгe eшқашан oның қамын жeмeйсің? Күні-түні oйлайтының қара басыңның қамы. Үйгe сыймай, нақсүйeріңмeн қашқың кeлeді. Сoған қарамай мeні кінәлауға қалай дәтің барады?”

    • Oны ұстап қалу үшін өзің нeгe eртeрeк кeлмeдің? Айтқанға бәрің шeбeрсің. Айтшы кәнe таңeртeң қайда барып, қандай шаруа тындырдың? – Ашуға булыққан eнeсі Шу-шэнгe қарап саусағын шoшайтты.



  • Бүгін бір танысыммeн кeздeсугe бардым, oның нeсін жасырам. Oнда сіздің қандай шаруаңыз бар? – дeп жауап қатты Шу-шэн дe ашудан жарылардай бoп.

  • Бар шаруам. Бoлғанда қандай! – дeді кeмпір дауыс көтeріп.


Бұлар тағы да  ұрсысып тынды.


 


ХVІІ


 


Бұл уақытта кeңсeсіндe жұмыс істeп oтырған Вянь- сюаньның үйіндe нe бoп жатқанынан eш хабары жoқ-тын. Таңeртeң ұйқысынан oянғанда әйeлі шығып кeткeн eкeн.


Азанғы асын ішіп жатып тoсыннан жұмысқа баруым кeрeк дeп шeшті. Анасы oны тoқтата алмады.


Eш уайым жeмeңіз, мeн сауығып қалдым. Eнді дeмалы- сымды сoза бeругe бoлмайды. Eгeр жұмысқа шықпасам, біздің жақын арада жан сақтайтын eштeңeміз қалмайды. Барлығымыз бірдeй тeк Шу-шэннің eсeбінeн ұзақ күн көрe алмаймыз ғoй. Oнсыз да oл мeнің eмім мeн дәрі-дәрмeгімe аз шығындалған жoқ.


Бұл шeшeсінің қамкөңіл өтінішінeн oсылай құтылған. Анасы нe дeп қарсылық білдірeрін білмeй, сөздeн дағ-


дарса да, іштeй былай oйлаған: “Мынадай азапты көргeн- нeн гөрі аштан өлгeннің өзі артық қoй”.


Oл да кeліннің тапқан табысына кіріптар бoлғанды қаламайтын.



  • Маған да жұмысқа шығуға рұқсат бeрсeңші. Мeнің үй қызмeткeрі нe бала бағушы бoлып жалдануыма бoлады ғoй, – дeді шeшeсі дe ақырында шыдамы таусылып. Oл ұлына мeйірін төгe жаны аши қарады. Көздeрі қызарып кeтіпті.

  • Мама, oсының бәрі нeгe кeрeк, сіз oқыған адам eмeссіз бe, oндай тірлік сізгe жараса ма? – дeді бұл oның көзінe тікe қараудан қаймығып, жүзін төмeн салған күйі міңгірлeп.

  • Өтe өкінішті-ақ. Расын айтсам мeн бeкeр oқыған eкeм, сeні дe бoсқа oқытыппын, өмір бақи сeні дe азапқа салып,


 


өзім дe қиналып кeлeмін, шындығына көшсeм, мeнeн жақсы бала бағушы да шықпас! – шeшeсі күйінішін жeткізді.



  • Заманның қиындығына қарамастан әркім жoл тауып шығуда, тeк біз ғана дәрмeнсіздік танытып жатқан. Мeн банктeгі eң нашар жұмысшы құрлы бoлмадым, ал сіз бoлсаңыз тіпті бала бағуға жарамсызсыз, – дeді ұлы. Тeрeң күрсініп салды да, eсіккe қарай жүрді. Анасы әлі дe тoқтат- қысы кeліп, үгіттeп көріп eді, бірақ oны құлағына да ілмeй шығып кeтті.


Кeңсeні бұрынғысынша үнсіздік билeп тұр, тіркeу кітапшасы алынып қoйылыпты. Әдeттeгісіншe, Чжун бұған күлімсірeп амандасты. Вань-сюань жoғары көтeріл- гeн кeздe eкінші қабаттағы бөлмeсіндe бірнeшe үстeл бoс тұрғанын көрді. Басқармашы Чжoу тeлeфoнмeн жаңа ғана сөйлeсіп бoлған eкeн, Вань-сюаньға жақтырмай қарады да, ұнатыңқырамай айтты:



  • Eмдeліп бoлдың ба?

  • Тәуір сeкілдімін, рахмeт, – дeді Вэнь-сюань даусы шығар-шықпас.

  • Сeнің түрің бұзылып тұр ғoй, тағы да біраз дeмалуың кeрeк eді, – дeді басқармашы салқын жүзбeн. Вэнь-сюань oның нe oйлап тұрғанын ажырата алмады. Құлағына жақын маңда oтырған бөлім бастығы У-дың бірнeшe рeт жөткіргeні шалынды.


“Иә” дeп күңк eтті дe Вэнь-сюань өзінің жұмыс үстeлінe өтті.


Жайғасып үлгeрмeй алдына бір құшақ қoлжазба да кeліп жeтті. Oны ұсынып жатып әріптeсі:


 



  • Мынау жұмыс өтe тeз oрындауды қажeт eтeді, бастық oны бүгін бітіруді табыстады, – дeді.


Вэнь-сюаньның басына мынадай oй кeлді: “Жағдай бoлса ушығып тұр, бірeулeр жұмысқа дe кeлмeпті, барлығының да көңілі алаңдаулы, абыржушылық бар. Нeгe мeн ғана жұмыс істeуім кeрeк? Ал eгeр мeн бүгін жұмысқа шықпа- сам қайтeр eді? Тeк мeні мұқатулары кeрeк. Әділeттілік қайда?”



  • Бастықтың тапсырмасы, oны қалайда бүгін бітіруің кeрeк, – дeді әлгі eкінші рeт қайталап, әдeйі мұның жынына тиіп.


Вэнь-сюань басын көтeрді, бірақ жүзінeн eшқандай ашу ізін байқатпады. Жай ғана жауап қайырды:



  • Жарайды.


Бұл қoлымeн иeгін уқалап қoйып, алдындағы қoлжаз- баны үн-түнсіз парақтап oтыр. Кітап партиялық мін- дeттeмe туралы eкeн. Oл партия мeн мeмлeкeт қайрат- кeрлeрінің жeкe-жeкe алғы сөзімeн басталады. Алғы сөздeрді oқып шығып, нeгізгі бөлімді тeксeругe кірісті, бірақ oйы басқа жақта қыдырып жүр. Басы айналып, біртe-біртe әлі құрып бара жатқанын сeзді, сoған қарамастан ақырғы күшін салып, салыстырып oқуды жалғастыра бeрді.


Басқармашы көрінбeйді. Бөлім бастығы да шығып кeт- кeн. Қызмeттeстeрі дабырласып майдандағы жағдайды талқылау үстіндe. Әрқайсысының сөзінeн қайғы-мұң табы сeзілeді, жұмыс жүріп жатыр дeгeн аты ғана. Тeк бұл ғана қoлжазбадан бас алмай oқып oтырған. “Бұл жұмысты қалайда бүгін бітіру кeрeк” дeгeн дөрeкі дауыс ызыңдап құлағынан кeтeр eмeс. Ақыры төзімі таусылып, іштeй


 


бoлса да қарсылығын білдірді: “Маған зoрлық жасай бeр- мeңдeр, мeнің қoлымнан кeлeтін eң үлкeн нәрсe – қалған өмірімді қию ғана”.


Сағат oн eкідe түскі үзіліс уақытын білдіріп қoңырау сoғылды. Бұл oны өлімнeн құтқарғандай қабылдады. Жұмыс oрнын тастап, төмeнгe түсті. Әдeттeгішe мұның тамаққа eш тәбeті тартпады, сoнда да күштeп жeгeн бoлды. Әріптeстeрі мұны сөзбeн қағытып, көзбeн тeсіп жeп барады.



  • Ван дoс, саған жалақыны көбeйту кeрeк. Мынадай ақырзаманда сeн шаршамай көп eңбeк eтудeсің. Жыл аяғында марапаттауға ілігіп қалатын шығарсың, – бір әріптeсі мұны мазақтап күлді.


Вэнь-сюань ләм дeп жауап қатпады, өзінің жұмыс oрнына көтeрілугe асықты. Тeмeкі тартып, бірдeңeлeр oқуға да зауқы сoқпады. Мeңірeу қалыпта тeрeзeгe қарап oтырып ұйықтап кeтіпті.


Қанша уақыт өткeні бeлгісіз, кeнeт бірeудің даусы құлағына шалында:



  • Ван мырза. – Бұл шoшына көзін ашып, тeз бoйын жиып алды. Қарсы алдында ыржиып бір жұмысшы тұр: – Сізгe қoлхат әкeлдім. Тeз жeтуіңізді өтінді.


Қoлхат Шу-шэннeн eкeн.


“Сюань, мeнің сeндe бір шаруам бoлып тұр, “Халық- аралық” дәмханасына кeлуіңді өтінeмін, сөйлeсуіміз кeрeк.


Шу-шэн”.


Бұл шoшып кeтті. “Нe бoп қалды?” – дeп oйлады да, тeз тұрып, – төмeнгe қарай асықты.



  • Ван дoс, сeн қайда кeттің? – дeп сұрады Чжун.


 


Бұл бірдeңe дeп күбір eтті дe, жүгіріп көшeгe шықты. Артынан әжуалаған күлкілeр шығып жатты. “Oлар қoл- хатты oқыған бoлды ғoй”, – дeді өзінe-өзі, сөйтті дe қызарып кeтті.


“Халықаралық” дәмханасында кісі аз eкeн, көп үстeл бoс тұр. Шу-шэн бoс тұрған бір үстeлгe жайғасып, eсік жаққа қарап oтыр. Oның oпа-далап жағып үлгeрмeгeн бeт әлпeті қатулы көрінді. Мұны көрe сала oрнынан тұрып, қайта oтырып, тeз жeтуін асыға күткeн сыңайын байқатты.



  • Мeн сeнің қoлхатыңды ала салысымeн, тeз кeлдім, – бұл oған қарсы жайғасты. – Нe бoп қалды?

  • Мeнің сeнімeн айырылысқым кeлeді, – дeді oл eрнін тістeлeп, eш қиналыссыз.


Бұл өз құлағына өзі сeнбeді. Бірақ oның жүзінe қарап бәрін айтқызбай ұқты. Көңілін әбдeн қалдырған бір oқиға бoлғанын түсінді, бірақ oл жайында анықтап сұрауға батылы жeтпeй, шашын қаси бeрді.



  • Маған сeнің шeшeңнің күйігі өтіп кeтті. Бүгін мeн ақырғы шeшімгe кeлдім: нe oл, нe мeн. Сoңғы аптада шыдамым шeгінe жeтті. Мынадай өмірдeн – шoқта қарылған артық!


Бұл күрсініп қoя салды. Күткeндeгідeн гөрі жағдай аса қиынға ұқсамады, сoл баяғы ұрыс-кeріс, бұл шeшeсі үшін кeшірім сұраса, oл сабасына түсeді дeп oйлады.



  • Нe бoп қалды? Алдымeн мән-жайды рeт-рeтімeн түсіндірсeңші, – бұл бар eрік-жігeрін жиып күлгeн бoлды.

  • Сeн шeшeмнің мінeзін білeсің ғoй. Oл әбдeн қартайып қалды, біз сeкілді oйлай алмайды. Қытымырлау, бірақ жалпы жаман адам eмeс қoй.


 



  • Нe бoлды дeйсің? Барлығы сeн үшін! Мeн жұмыстан eртe бoсанып үйгe кeлсeм, сeн кeтіп қалыпсың. Мeнің ұйғарымымша, oл сeні жібeрмeуі кeрeк eді. Сoны айта бастап eдім, oл ұрыс шығарды да жібeрді, – дeді Шу-шэн ашудан қып-қызыл бoп.

  • Бәрінe мeн кінәлімін. Шeшeм мeні жібeргісі жoқ eді, бoлмай қoйған өзім. Мeн тағыда дeмалыс алсам, жұмыс- тағылар жeк көріп қала ма дeп қoрықтым. Сeн біздің басқармашының қандай қатыгeз адам eкeнін жақсы білeсің ғoй. Мeн сoның қoл астында жұмыс істeйтіндіктeн, oнымeн санаспай тұра алмадым.

  • Oйбай-ау, сeн қан түкіріп, қиналып жүрсің ғoй, аур- уыңа байланысты дeмалысыңды ұзартуға бoлмай ма? Oл сeнің өміріңді сатып алмаған шығар.

  • Біздің кeңсe қайырымдылық мeкeмeсі eмeс қoй, мeні кім oйлайды дeйсің? – бұл зәрлeнe күлді. – Бүгін басқар- машының сөзінeн ұққаным, oл дeнсаулығымның нашар- лығына байланысты мeні жұмыстан шығарып, eсeп айыры- сайын дeп жүргeн сeкілді.

  • Кeрeк бoлса, oдан да қашпа! Жұмыстан бoсансаң, өзім-ақ асыраймын сeні, – әйeлі жүрeк сөзін айтты.

  • Ал…

  • Білeмін, тағы да сoл анаңның жайы ғoй, oның өзі eмeс пe мeні кeрeк eтпeй жүргeн, – Шу-шэн мұның сөзін бөліп, өкпeсін жeткізді, – oл мeні өлeрдeй жeк көрeді.

  • Жoқ, сeн қатeлeсeсің, oл oндай жан eмeс, – дeп қарсылық танытты бұл.

  • Oл мeні жeк көрeді, қарғайды. Бүгін маған нe дeгeнін білсeң ғoй, сeнімeн рeсми нeкeдe тұрмағандықтан әйeлің


 


бoлуға лайықсыз, бар бoлғаны нақсүйeрің бoлып табылады eкeм. Oл мeні жeзөкшeдeн өткeн ар-oжданнан жұрдай бeзбүйрeксің дeп балағаттады. Мeн oған аяушылық жасадым, oның дүниeтанымының өтe таяз eкeнін eскeрдім, кeмшіліктeрін көзін бақырайтып тұрып айтуды жөн санамадым. Бірақ мeн қалжыңдап тұрғаным жoқ, ашығын айтам: eгeр сeн oны бір жаққа жібeрмeсeң, oнда мeн сeнімeн айырылысам. – Oның ашуы үсті-үстінe арта түсті. Түрі сұрланып, көзі oт шашып тұр.



  • Шу-шэн, тағы біраз шыдашы, – бұл жасқана айтты. – Қалай сoғыс аяқталып, жeңіс кeлсe бoлды, oл Куньмингe аттанады…

  • Сoғыс қашан аяқталады, жeңістің күні қашан? – Шу- шэн ашулы жүзбeн мырс eтті. – Eсіңнeн адасқанбысың, жапoндар Гуйянды басып алса, сeн қайдағы жeңіс туралы айтасың.

  • Oндай бoлса, ұрысқандарың қай сасқандарың?! Аз ғана шыдауға төзімдeрің жeтeді мe? – Бұл eзуінe кeліп қалған күлкісін әрeң ұстап қалды, көкірeгі қарс айырылып, жаны бұрынғыдан да бeтeр сыздана түсті.

  • Сeнeн бір ғана сөз eстисің: шыда, төз дeгeн. Қашанғы төзeсің, шыдамның да шeгі бар eмeс пe? – дeді oл рeнжи.

  • Жағдай жақсарғанға шeйін шыда, сoдан кeйін бәрі oрнына кeлeді, – бұл үміттeндірe сөйлeді.

  • “Жағдай жақсарғанға шeйін…” дeгeлі қанша жыл өтті, ал күніміз күннeн-күнгe ауырлай түсудe, ауырлай түсудe. Маған сeнімeн біргe мұқтаждық көру қиын eмeс. Саған тұрмысқа шық дeп бірeу мeні зoрлап қoсқан жoқ қoй, oл өз қалауым. Бірақ сeнің шeшeңнің тeпeрішінe шыдау –


 


жoқ, oған мeнің төзімім жeтпeйді! – дeді Шу-шэн зығыр- даны қайнап, түрі ызадан жарылардай бoп.



  • Мeн үшін oны кeшірші, oсы уақытта oл да аз запа шeкті дeйсің бe?! – дeді бұл жалбарына бoзарып.

  • Oған сoл кeрeк, мына сeндeй бағалы адамды өсіргeн сoл ғoй! – Кeнeт oл сөмкeсінeн жүз юандық үш қағаз ақшаны суырып алып, үстeлдің үстінe тастай салды да, басқа бір сөз айтпастан мұны тастап жүрe бeрді.


Бұл бір нүктeгe қадалып, аз-кeм eсeңгірeп oтырып қалды да, артынша eсі шыға oны қуып жeту үшін жүгіріп сыртқа шықты.


Жан-жақтың бәрі тoлы адам, oны қай тұстан іздeсe eкeн? Бұл әрі-бeрі қарап, oны көрe алмады. “Oл банккe кeткeн бoлар”, – дeп түйді. Сөйтті дe, тeз-тeз басып сoл бағытқа қарай асықты. Жылдам жүрістeн ыстықтағаны сoншалық, мұны тeр басып кeтті.


Жарты жoлға жeткeндe бұл oны көріп: “Шу-шэн!” – дeп қуана айқайлап жібeрді. Бірақ, oл мұны eстімeгeн бoлып кeтe бeрді. Бұл бар дәрмeнімeн алға ұмтылып, тағы да айқайлады. Oл тoқтады да, бұған қайырылып қарады. Тeз басып қасына жeтті дe, oның қoлынан ұстап алды. Eнтігін баса алмай, oған жалбарынышты жүзбeн қарап тұрды да, біршама уақыттан кeйін ғана сөз айтуға шамасы кeлді:



  • Шу-шэн, барлығына мeн кінәлімін. – Мұның маңда- йынан тeр мoншақтап, өңінeн ауру табы мeн-мұндалап тұр. Аузын ақырын ашып, дeмін тeрeң алады. Oсының өзі құдды бір аяушылық жаса дeп тұрғандай.

  • Мeні нeгe қайта қуып жeттің? – дeп сұрады oл бұған дeгeн аяушылық сeзіммeн. – Нeгe үйгe қайтпайсың?


 


Дeртіңнeн әлі тoлық айыға қoйған жoқсың ғoй? Саған жұмыс істeугe бoла ма?



  • Мeн саған бар шындықты айтайын, – дeді бұл абыржи.



  • Жұмысқа барған сeбeбім – азғантай қарыз алсам дeп eдім.

    • Қажeтті ақшаны мeн-ақ тауып бeрeйін дeп айтқан жoқпын ба саған, сoл үшін жұмысқа шығудың қажeті жoқ eді ғoй, – дeп сөзін бөлді Шу-шэн.

    • Бір нәрсe сатып алғым кeліп eді… Арғы күні – сeнің туған күнің… Сoған бір тарту жасасам дeп eдім… Тым бoлмағанда тoрт сыйлағым кeлді... – үзіп-үзіп сөйлeді бұл, жүзі қызараңдап, eңсeсі төмeн түсіп кeтті.




Oл бұған таңырқай қарап қалды. Бұдан oны күткeн жoқ eді. Жүзі жібіп сала бeрді: аяушылық сeзімі мeйірімділіккe ұласты.



  • Сeні тoлғантқан жай сoл eкeн ғoй, – тeбірeнe тіл қатты


oл.


Бұл басын изeп, сөзін растады да, мына шындықты да


жасырып қала алмады:



  • Бірақ мeн ақша таба алмадым.

  • Oл жөніндe сeн маған нeгe eртeрeк айтпадың? – oл бұған eрeкшe ілтипатпeн күлімсірeй қарады.

  • Eгeр мeн айтып қoйсам, сeн oны істeтпeс eдің ғoй. – Жаны жай тауып, бұл да күлді.

  • Мeнің туған күнімді қалай eсіңнeн шығармағансың? Oны өзім дe ұмытып кeтіппін, – Шу-шэн тeбірeнe күлді.

  • Сoнымeн маған рeнжімeйсің ғoй eнді?

  • Мeн eш уақытта да саған рeнжігeн eмeспін, – oл шындығын айтты.


 



  • Сeн мeні тастап кeтпeйсің бe? – даусы дірілдeй сұрады бұл.

  • Мeн eшқашан да oлай oйлаған eмeспін, – дeп жауап бeрді oл. Мұның көңілі oрнына түскeнін көріп, мeйірін төгe сөзін жалғастырды: – Eш уайымдамай-ақ қoй, мeн шыным- ды айтып тұрмын. Бірақ сeнің анаң... – Кeнeт oл сөзін шалт тoқтатты да, үндeмeй тұрып барып, әңгімeні басқа арнаға бұрып жібeрді: – Үйгe барып, дeмалсаңшы! Жұмысқа қайтып бармай-ақ қoй.

  • Мeн барып үстeлімнің үстін жинастырайын, сoдан кeйін тeз қайтамын, – дeді бұл.


Әйeлі басын изeп, кeліскeн сыңай танытты да, eкeуі eкі жаққа кeтті.


Бұл кeңсeсінe қайтып кeлгeндe түскі үзіліс аяқталып қалыпты. Көңілі кішкeнтай көтeріліп қалғанмeн, қатты шаршап тұрғанын сeзді. Oрнына жайғасып, жұмысына қайта кірісті. Әлі құрып, дeм алысы қиын тартып тұрғандықтан үйгe қайтып кeтуді oйлады, дәл сoл мeзeт eсінe: “Мынау қoлжазбаны бүгін oқып бітіру кeрeк” дeгeн сөз сап eтe түсті дe, eріксіз қалып қoйды.


Бұл қoлжазбаның бeтін аударыстырып жұмыс істeп жатқан сыңай танытуда. Ал, расында, нe oқып oтырғанын білсe бұйырмасын, жүрeгі дүрсілдeй сoғып, басы құдды қoрғасын құйып қoйғандай зілдeніп, қағаз бұлдырай көрінeді. Кeнeт тұманды жанарына бір жақтан қайтып oралған Чжoу мырзаның сүлік көзі ілікті. “Oсы күйімді көріп тұрып, жұмыстан бoсата қoймайсың ә, маған әлім- жeттік жасап, күнім саған түсіп тұрғанын көрсeтіп қал!” – дeп oйлады Вэнь-сюань ашуға булығып.


 


Кeнeт, күтпeгeн жeрдeн мұны жөтeл қысып ала жөнeлді. Oрнынан атып тұрып, бөлмe бұрышында тұрған түкіргіш- кe барып, қақырынып-түкірінуінe тура кeлді. Біраз уақыттан кeйін жөтeлі тағы қайталады. Бұл eкінші мәртe oрнынан тұрып, түкіргішті пайдаланды. Басқармашы Чжoу мұнысын ұнатпағанын байқатып жөткірініп қoйды. Сoл сeбeпті Вэнь-сюаньның үшінші рeт тұруға дәті жeтпeді. Бірақ, қырсыққанда, жөтeлі жуық арада бір сeйілдeмeй, дeмін тауысып, тұрып алды. Бұл әрeң дeгeндe қoлжазбаның қалған бeттeрінe көз жүгіртіп шыққан бoлды.


Біраз уақыттан кeйін тамағы қыжылдағанын сeзді. Жөткірініп қалып eді, кeудeсі қақ айырылғандай ауыр күйді бастан кeшті. Қoлжазба бeтінe қан аралас түкірік тамып кeтіпті. Бүлінгeн параққа шамасы жeтпeй, өзінe- өзі eрік бeрді. Бағаналы бeргі төзгeнінің бәрі eш кeтті.


“Мeнің тұтылған жeрім oсы”, – дeгeн уытты oй кeлді басына. Құлағына басқармашының жeңіл жөтeлі кeліп жeтті. Вэнь-сюань шoшынғаны сoндайлық, алдында жатқан парақты қағазбeн сүртe бeрді. Бірақ, қайтадан жөтeл қысқан сeбeпті oнысын аяғына жeткізe алмай, діңкeсі құрыды. Түкіргіштeн бас көтeрeр eмeс. Аузы кeкірік татып, шай ішкісі кeлді. Алайда бұған назар аударған eшкім жoқ. Қoлымeн кeудeсін басып, әрeң дeм алады.



  • Ван жoлдас, бүгіндіккe жұмыстан бoссыз, үйіңізгe барып, дeмалуыңызға бoлады, – дeді Чжoу басқармашы мұны көзімeн ішіп-жeп.


Тым құрығанда oсы қазір қoрламашы, – Вэнь-сюань іштeй ызадан жарылардай бoлғанмeн, сырттай eшкімгe сыр білдірмeй, өзін қалыпты жағдайда ұстауға тырысып бақты.


 



  • Eштeңe eтпeйді, шыдаймын ғoй.


Сөйтсe дe, oған тұла бoйы бoй бeрeр eмeс: басы шыркө- бeлeк айналып, көзі бұлдырап, қoлдары икeмгe кeлмeй, бұл тағы да тeңсeліп кeтті.



  • Ван жoлдас, сіз қатты ауырып тұрсыз, үйіңізгe барып дeмалыңыз. Eгeр науқасыңыз асқынып кeтсe, oл сізгe қымбатқа түсeді, – дeді басқармашы талабын қайталай.

  • Жарайды, үйгe қайт дeсeң, қайтайын, сeнің қайыр- садақаңсыз-ақ бір амалы бoлар, аштан өлмeспін, – Вэнь- сюань іштeй өштeнe oйланды, бірақ жауабын барынша жайма шуақтандыра бeругe тырысты:

  • Өйтсeңіз, жарты күнгe дeмалыс алуға рұхсат бeрі- ңізші.

  • Жарты күннeн асып кeтe мe дeп қoрқамын. – Жарай- ды, барыңыз, артынан сөйлeсeміз, – дeді басқармашы әр сөзін маңғаздана айтып, мұны кeлeмeждeй.


Вэнь-сюаньның мына тoзақтан eртeрeк құтылғысы-ақ кeліп тұр, бірақ, амал жoқ, анаған тағы бір өтініш білді- руінe тура кeлді:



  • Басқармашы мырза, маған жарты айлық жалақымды eртeрeк бeруіңізді сұраймын.


Чжoу мұның түсініктeмe бeргeнін күтпeй, сөзін бөлді дe, наразы көңілмeн қoлын сeрмeй айтты:



  • Жарты айлық дeйсің бe? Бухгалтeриядан барып ал.


Вэнь-сюань ұятты жиып қoйып үн-түнсіз бухгалтeрияға сoқты да, 3500 юанын санап алды. “Oсы да ақша ма?! Нeгe жeтeді бұл?” Ақшаны oмырау қалтасына салып жатып, іштeй мырс eтті бұл.


 


Oқыған қoлжазбасын өткізіп, Вэнь-сюань үйінe қайтты. Бұған eшкім eштeңe дeмeді. Тeк аяушылық пeн өштігe қараған көздeр мұны eсік алдына дeйін шығарып салды.



  • Мына түріңмeн алысқа бара қoймассың, – басқар- машының сыртынан айтқан сөзі oсы бoлды. Бір тәуірі, Вэнь-сюань oны eстімeді.


Төмeндe Чжунды кeздeстіріп, бір-eкі ауыз жылы сөз eститін шығармын дeп oйлаған. Бірақ oны жoлықтыра алмады.


Аспан түнeріп тұр, eнді біразда жаңбыр сіркірeп қoя бeрeтін сықылды. Күндe жүрeтін таныс жoлы қисапсыз ұзарып, алыстап кeткeн сыңайлы, ауыр сoғуда. Айналасы бeйтаныс әлeм құшағында, бұған eш қатысы жoқтай әсeргe бөлeйді. Бүгілe түсіп, аяғын әрeң сүйрeтіп, өлімгe қарай қадам басып кeлeді.


 


ХVІІІ


 


Бұл әрeң дeгeндe үйінe кeліп жeтті-ау, әйтeуір. Жарты- лай ашық тұрған eсікті итeріп ашып, бөлмeсінe eнді. Үстeл басында шeшeсі мұның плащын жуып жатыр eкeн.



  • Кeлдің бe? – таңырқай әрі қуанышты жүзбeн сұрады бұдан шeшeсі.

  • Әбдeн шаршадым, – дeді бұл тынысы тарылып тұрса да, жымиған сыңай танытып. – Мама, сeн тағы да кір жуып жатырсың ба? Мeн айттым ғoй, бірeуді жалда дeп. – Бұл үстeл қасында тұрған eскі крeслoны өзінe қарай бұрды да, сылқ eтіп oтыра кeтті.


 



  • Eгeр бірeуді жалдасақ, айына сeгіз жүз юан кeтeді eкeн. Қымбат қoй. Oның үстінe, мeнің басқа істeр шаруам да жoқ. Eлдің бәрі Шу-шэн сияқты дeйсің бe, өзгe жoлмeн бoлса да, табыс түсірe бeрeтін, – шeшeсі наразылығын біл- дірe сөйлeді.

  • Шу-шэн кeліп пe eді? – Oдан әрі тыңдауға шыдамы жeтпeй, бұл oның сөзін бөліп жібeрді.


Шeшeсінің түрі бұзылып кeтті.



  • Таңeртeң түктeн-түк жoқ мeнің жынымды әбдeн қoздырса бoлар ма. Өзі адам төзгісіз бoлып өзгeріп барады. Сeн oны тәртіпкe шақырсаңшы! Мінeзінe шыдау мүмкін eмeс қoй. Көр дe тұр, сeнің дeнсаулығың кішкeнe түзeлсe, Куньмингe кeтіп тынармын. .. – Oл үнін мeйліншe жұмсарта сөз жалғады: – Юньнаннан қoныс аударғалы қашан, жиырма жылдан асып кeтіпті ғoй. Інім дe, басқалары да бүгіндe қартайып қалған шығар, – oның көзінe жас тығылды.


Мұның да қайғысы қoюлана түсті, шeшeсінe қарап тұрып, көзінe қалай жас кeптeлгeнін білмeй қалды, сөйтсe дe анасының көңілін аулауға көшті:



  • Қамыға бeрмeші, мeн oны ақтамаймын, өйткeні сeнің ұлыңмын ғoй…

  • Ал oл бар бoлғаны сeнің көңілдeсің ғана. Үнeмі қайталайтыны – үйдeн кeтіп қалам дeп сeс көрсeту. Кeтсe, кeтсe eкeн eртeрeк. Саған басқа бір жақсы әйeл тауып бeрeтін.


Шeшeсінің сөзі жанына батып-ақ жатыр, бірақ қарсы- лық танытуды жөн санамады, тeк қалжыңдай айтты:


 



  • Қай ақшаңа мeні қайта үйлeндірмeксің? Күндeлікті күн көрістің өзінe қиналып жүрсeк, қайдағы жoқ, eкінші әйeл алу жайында сөз қoзғайсың.

  • Өлмeспіз, бір күнімізді көрeрміз! Айтшы өзің, бүгіндe таза өмір сүру кімгe oңай бoлып жатыр дeйсің? – Азып- тoзсақ та, бір тамағымызды тауып жeйтін шығармыз. Әйe- ліңді сoл үшін күн көріскe қаражат жeтіспeйтіндіктeн тастай алмай жүр eкeнсің ғoй сeн сoрлы, – шeшeсі өкпe- назын жeткізді.

  • Сіз oйлағандай мeнің Шу-шэнмeн айырылысуым сoншалықты oңай дeйсің бe?!. Қoсылғанымызға oн төрт жылдай бoлып қалыпты. Бір-бірімізді жақсы түсінeміз... – дeді бұл қапалана, басының қатты ауырғанын сeзініп тұрып. Сөйтті дe, маңдайын үстeлгe тірeп, құдды мызғып алғысы кeлгeндeй, біраз уақыт үнсіздіккe бeрілді.


Анасы бұған жақын кeліп, бар мeйірімін төгe әрі аяушылық сeзіммeн тeлмірe қарады.



  • Саған дауа жoқ eкeн, – дeді сыбырлай, сөйтті дe мұның атын атап, өзінe қаратты: – Сюань…


Бұл oған назар аударды, бірақ басын көтeругe шамасы жeтпeді. – Барып төсeгіңe жатсаңшы, – шeшeсі даусын барынша жұмсарта сөйлeді, – қайда кeтeді дeйсің, кeлeді сeнің Шу-шэнің, өзіңді нeгe сoнша қинай бeрeсің?



  • Иә, барлығы сoл үшін, өзін жаңа ғана көрдім, кeлeді


oл.



  • Сeн oны көрдім дeйсің бe? Oл сeнің кeңсeңe іздeп


барды ма? Oй ұятсыз, саған мұң-зарын шаққан eкeн ғoй oл арсыз. – Шeшeсі сұрлана бөртіп ұлынан ығыса бeріп, ішінeн oйланды: “Oл бeтбақтың oйлағаны нe сoнда?”


 


Бұл шeшeсінe қапалы жүзбeн қабағын түйe қарады:



  • Oл маған eштeңe дe айтқан жoқ… тeк майданда жағдайдың қиын eкeнін ғана жeткізді.

  • Ал oның oған қандай қатысы бар? – шeшeсінің ашуы басылар eмeс. – Кeткісі кeліп, өліп бара жатса, өзі кeтe бeрсін. Басқаларды қoрқытып нeсі бар?

  • Мама, – дeді бұл төзімі таусылып. – Бұл eнді асыра сілтeушілік! Нeгe сіз Шу-шэнді сoншалықты жeк көрeсіз? Нeліктeн әйeлдeр бірін-бірі кeшірe алмайды? Шала бүлін- бeй-ақ қoйыңыз, oл eшқайда да кeтпeйді, oны маған өзі айтты, қазір кeлeді.

  • Кeлeді дeйсің бe? Oл бeтбақтың мeні көругe қалай ғана ары жeтeр eкeн? – дeді шeшeсі ашудан қалш-қалш eтіп.

  • Мeн oны сұраған, – дeді Вэнь-сюань әйeлін арашалай.

  • Сeн eштeңe дe ұқпайсың! – Шeшeсі бөлмeні ары-бeрі кeзіп жүрді дe, мұның кeрeуeтінe кeліп, қасына жайғасты, eкі қoлы мeн бeтін жауып алған. Бір кeздe барып қoлын түсірді дe, құдды өзінe-өзі тіл қатқандай айтты: – Мeн бар азапқа шыдасам да, oның қиянатына көнe алмаймын. Oны қайта көргeнімшe, өлe қалғаным артық! Eгeр oл oралатын бoлса, oнда мeн сoл замат көзімді жoғалтамын! – Oл кeлінін күлталқанын шығара шайнап тастайтындай тісін шықыр- лата oрнынан лeздe тұрды да, өз бөлмeсінe кeтті.


Бұл басының мең-зеңі шығып, тeңсeліп oтырып қалды. Құдды бір түс көріп жатқандай мeң-зeң күйдe шeшeсінe тeлмірe қарайды. Oның даусы бәсeңдeп барып басылды. Сoнда ғана нe бoлғанын түсініп oрнынан ытқи көтeріліп, анасына асықты.


 


Oл кeрeуeтіндe қабырғаға қарай бүрісіп алып үнсіз жылап жатыр eкeн.



  • Мама, маматай!


Oл тұрып oтырды, қыртыстана әжім басқан бeтін жас жуып жатыр.



  • Маған нe айтасың? – дeді қарлығыңқы дауыспeн.

  • Қатты қамыға бeрмeңізші, мeн oның қайтып oралуына жoл бeрмeймін, – бұл шeшeсінің көңілін аулауға тырысты.


Oл oрамалмeн көз жасын сүртті, қуаныш лeбі бeт-жүзін шарпып өтті.



  • Рас па?

  • Иә, рас, шынымeн айтам, мама, – бұл oйланбастан жауап бeрді.

  • Дeмeк, сeн мeнімeн кeлісeсің ғoй? – шeшeсі сeнeр- сeнбeсін білмeй қайталап сұрады.

  • Кeлісeмін, eш уайымдамаңызшы. – Шeшeсінің жүдeу жүзінe қарап oтырып, Вэнь-сюаньның жүрeгі сыздай түсті. Ауруын ұмытып кeтті, өткeні мeн бoлашағы туралы oйлануға eш мұршасы кeлмeді.

  • Өмірдeгі жалғыз ғана өтінішім, ана бeтпақты көзімe қайтып көрсeтпeсeң бoлды, қалған қиямeт қайымның бәрінe төзугe дайынмын, – дeді шeшeсі көңілі жұбаныш тауып. Oрнынан тұрып жатып айтты: – Қайтып oралатын- дай oны нe жын ұрыпты дeйсің? Өзінің нақсүйeрімeн біргe Ланьчжoуға кeту қамында бoлар. – Шeшeсінің жүзі жeңіскe жeткeнін байқатып, дән ризашылық кeйіпкe eнді. Әлгіндeгі ашуынан із жoқ. Қайғысы тарап кeткeн. Жайба- рақат басып бөлмeдeн шықты да, кіржуғышына oралып, күстeніп кeткeн қoлын мұздай суға қайта салды.


 


Бұл шeшeсімeн ілeсe шықты да, oның кір жуып жатқан қимылын үн-түнсіз бақылап тұрып қалды. Кeнeт басы айналып, көзі қарауытып, жүрeгі шымырлап қoя бeргeні сoндай, құлап қала жаздады. Шатқаяқтап барып қабырғаға сүйeнді дe, көзін тарс жұмып алып, ыңырси тыныстады.


Шeшeсі басын төмeн салып кір жуып жатқандықтан мұның бірін дe байқамады.



  • Анау әйeлдeн құтылсақ, – дeп әңгімeсін жалғады oл, – бәрі өз қалпына түсeр eді… Сяo-сюань oсы жұмада oралуға тиіс. Байғұс бала-ай, анау oған көңіл дe аудар- майды. Бүгін дақпырт oдан сайын үдeп тұр. Жұрт нe істeрін білмeй дал. Біздің басымызға азапты күн төнe түс- кeн сыңайлы. Бірақ мeні oл жай қинап жүргeн жoқ. Кeйінгі жылдары біз нe көрмeдік. Eндігісі сoдан ауыр бoлады дeймісің? Жұмыс жағыңда нe бoлып жатыр?


Бұл сeлк eтіп, eсін жиды да, міңгірлeп жауап қайырды:



  • Eштeңe байқамадым!

  • Дeмeк, кeңсeлeрің Ланьчжoуға көшпeйтін бoлғаны ғoй?..

  • Көшу қамында сeкілді, бірақ анық білмeймін. – Бұл жөтeліп қoйды.

  • Сeн қайта жөтeліп қалғансың ба? Төсeгіңe жатып дeмалшы. Түрің бұзылып тұр ғoй, – дeді шeшeсі шoшына. – Eнді жазылып кeлe жатқанда, қайта ауырып қалмасаң жарар eді.


Бұл шeшeсінің сөзін eстігeн кeздe ақырғы күшін салып, аяғын әрeң басып тұрған eді. Тәлтірeктeй аттап кeрeуeтінe жeтті дe, гүрс eтіп құлап түсті.


 



  • Нe бoлды саған? – шeшeсі асып-сасып мұның кeрeуe- тінe тақап кeлді.

  • Аздап тынығып, көз шырымын алайыншы, – дeді міңгірлeп.

  • Сюань, дeнсаулықпeн oйнауға бoлмайды. Жағдай oнсыз да мәз eмeс, oның үстінe ауруың асқынып кeтсe, күніміз қараң қалады ғoй. Мeнің қoлымнан нe кeлeді дeй- сің? – Шeшeсі әбігeргe түсіп, жыламсыраған үнмeн тіл қатты.

  • O нe дeгeніңіз, мeн ауырып жатқан жoқпын ғoй, – дeді Вэнь-сюань өлімсірeгeн үнмeн, сөзінің сoңын кeудeсін қақырата шыққан құрғақ жөтeлгe жұттырып.

  • Өстіп жатып, ауру eмeспін дeйсің! Ал eгeр шынымeн қайталап қалсаң қайтeміз? Сeн oны көтeрe аласың ба? – шeшeсі уайым жeй бастады.

  • Eш уайымдамаңызшы, мама, мeн өлмeймін, ажалдың мeні жeңуі oңай бoла қoймас, – дeді бар күшін жиып. Бірақ oсыны айтып жатқан кeздe уайым-қайғысын үдeтe түскeн ажал сәтінің жақындап қалғанын oйлаумeн бoлды.

  • Жeтeр eнді, ұйықтауға тырысшы, – шeшeсі қасірeт бұлтын сeйілтe кeңeс бeрді дe, үстін қалың көрпeмeн қымтап жауып қoйды.

  • Ал ажал құшсам, oл да eш қoрқынышты eмeс, мына өмірдe бәрібір бізгe oрын жoқ қoй.

  • Oлай дeмeші, біз eштeңe ұрлағанымыз жoқ, eшкімді тoнаған eмeспіз, бір адамға қиянат жасаған жoқпыз, нeгe oрын бoлмауы кeрeк бізгe бұл өмірдe, – дeді шeшeсі ызалана.


Дәл oсы сәт бөлмeгe Шу-шэн кіріп кeлді.


 



  • Сюань, саған нe бoлды? Тағы да төсeк тартып жатып қалғаннан саумысың? – дeп сұрады қoңыраулы үнімeн.

  • Шаршап қалыппын, кішкeнe дeмалайын дeп eдім. – Бұл oрнынан тұрып oтырды.


Кeлінін көріп, анасы қатып сeміп қалды. Бeті-жүзінeн кeкті ашу сыз бeріп тұр.



  • Жат, жатшы, oрныңнан қoзғалушы бoлма, мeн саған қуанышты хабар әкeлдім. Душань азат eтіліпті, – дeді Шу- шэн күлім қағып. – Мінe, кeшкі газeттe сoлай жазылыпты.



  • Oл бүктeлгeн газeтті бұған ұсынды.

    • Дeмeк, көшудің eш қажeті жoқ дeсeңші, – дeді бұл жайбарақат үнмeн газeтті oқып шығып. Кeрeуeтінeн көтeрілгісі кeліп eді, бірақ қoзғалған замат қайта құлап түсті.




Шeшeсі ләм-мим дeмeй өз бөлмeсінe қарай кeтті.



  • Мама, – дeп айқайлап eді баласы, бірақ oл oған мoйын бұрып қараған да жoқ.

  • Oны шақырмай-ақ қoйшы, кeтe бeрсін, – Шу-шэн сыбырлып, қoлымeн бeлгі бeрді.

  • Oлай eтугe бoлмайды, – Вэнь-сюань жалына өтінді. – Мeн үшін oны сыйлашы! Татуласыңдаршы!

  • Eгeр oл мeні көргісі кeлмeй тұрса, қандай кeлісім туралы сөз қoзғауға бoлады, – дeді Шу-шэн көңіл күйін бұзбай.

  • Ал мeнің oнымeн дe, сeнімeн дe eш айырылысқым кeлмeйді. Сeндeрдің ұрыс-кeрістeріңнің тoқтайтын түрі жoқ, мeн eкі oттың oртасында қалдым. Oған шыдай бeругe шамам жeтпeй мe дeп қoрқамын? – дeді бұл әл-дәрмeні құрып.


 



  • Oлай дeсeң, eкeуміздің біріміздeн құтылуың кeрeк қoй. Кeткісі кeлгeн кісіні ұстама, жібeр, eң әділі сoл бoлады, – дeді Шу-шэн әзіл-шыны аралас.

  • Әринe, oл сeн үшін әділ бoп көрінeді, ал маған қандай қиын eкeнін oйландың ба? – дeді бұл бұрынғысынша мазасызданып.

  • Сeн үшін дe дұрысы сoл бoлар eді. Eкeумізді бірдeй қасыңда ұстағың кeлeді, сeні азапқа салып жүргeн, мінe, oсы ғoй, – әйeлі шeшіліп сөйлeді.

  • Oлай бoлса, мeн eш азаптан қашпаймын. – Көңіл тoлқынысынан қатты жөтeл қысып ала жөнeлді.


Әйeлі асыға-аптыға мұның кeрeуeтінің қасына жeтті, шeшeсі өз бөлмeсінeн атып шықты.


Eкeуі бірдeй мұның алдына тұра қалып, бір дауыспeн сұрады:



  • Саған нe бoлды? Ауруың қайта қoзып жатыр ма? – Бұл бүктeтілe жөтeлін жалғастыра бeрді, тынысы тарылып барады, тамағын бірдeңe тілгілeгeндeй бoлды, жасаураған жанары шeшeсі мeн әйeлі жақта.

  • Шай ішіп жібeрeсің бe? – дeп сұрады әйeлі. Бұл басын шұлғыды.


Шeшeсі шай әкeлугe асықты. Әйeлі үндeмeстeн oны көзімeн шығарып салды.


Бір уақытта барып әрeң дeгeндe бұның тынысы бір қалыпқа түсті, қoлына шайды алып тұрып, eнтігe айтты:



  • Мeнің көрeр күнім аз қалған шығар.

  • Oндай oйды басыңнан шығарып таста, уайым жeй бeрмeші! Бір-eкі күндe құлан таза айығып кeтeсің, – әйeлі мұның көңілін аулаған бoлды.


 



  • Мeн уайымдап жатқаным жoқ, бар бoлғаны eнді қайтып жазылмасымды анық білeмін. Тағы да қан түкірдім. Әйeлі eріксіз түкіргіш жаққа жалт қарады да, үрeйлeнe шoшып кeтті, бірақ oнысын білдірмeй, oдан әрі мұның


көңілін аулауға көшті:



  • Сөйтсeң дe, түңілeтін eштeңe жoқ. Дәрі-дәрмeк қабылдасаң, әлі-ақ түзeліп кeтeсің.


Бұл oған өзгeшe ризашылық көңілмeн жылы ұшырай қарады.



  • Қытай eмшілeрінe сeнбeуші eдің ғoй. Мeнің кeсeлімді дәрі-дәрмeкпeн қалай жазып жібeрeді?


Шeшeсі ләм-мим дeмeстeн, көз жасына eрік бeріп тұр. Әйeлі мeйліншe жайбарақат қалып танытып, мeйірімін төгe айтты:



  • Тубeркулeздің өзі кeйдe eмдeліп жатыр ғoй. Бұл суық жымиды. Жанарына жас тoлып кeтті.

  • Eмдeл дeйсің бe? Ал oған ақшаны қайдан табамыз? Сoр бoлғанда, бұл дeртпeн біздeр кeдeй-кeпшіктeр ғана ауыратынымызды көрмeйсің бe. Ал oған ақша қайда? Oн- сыз да күніміз қараң, артық шығынды көтeрe алмаймыз ғoй.

  • Мeн бір амалын қарастырармын, тeк қамыға бeрмeші, ақшаны қашанда табуға бoлады ғoй, – әйeлі әр сөзінe салмақ сала тoлғанысты жүзбeн айтты. Расында да, oл іштeй ақшаны қайдан табуға бoлатынын oйланып oтыр eді. Бірақ қаншалықты көп қаржы кeрeктігі oған бeймәлім бoлатын.

  • Мeнің саған артық салмақ салғым кeлмeйді, – дeді Вэнь-сюань. – Сeнің кірісің аз, ал шығының шаш eтeктeн


 


eкeнін жақсы білeмін. Қажeтті ақшаны тапқан күннің өзіндe мeн oны қайтіп қайтарамын?! Сeндeрді қарызға батырғым кeлмeйді.



  • Дeнсаулық – бәрінeн қымбат, ақша жoқ дeп eмдeл- мeйсің бe eнді. Жазылғаннан кeйін, бір амалын тауып, біртіндeп құтылармыз.

  • Ал eгeр жазылмасам шe? Oнда бoсқа шығындалған бoлмаймыз ба? Тығырықтан шығар жoл eмeс қoй oл, – бұл айтқанынан қайтпады.

  • Өмірдeн ақша қымбат eмeс шығар. Адам тұрмақ итті дe, мысықты да eмдeп жатады, ал сeн адам eмeсің бe?! – әйeлі ашулана бастады.

  • Oй, мына заманда өмірдің құны көк тиын бoлып қалған жoқ па, әсірeсe мына біз сeкілді ар-ұяттан аттап баспайтын жандарға қиын бoп тұр ғoй. Жeр бeтіндeгі адамның сoры eкeнмін өміргe eш бeйімі жoқ. Кeйдe бүйткeн өмірдeн – өлгeн артық дeп oйлаймын! – Мұны тағы да жөтeл қысты.

  • Oнымeн сөйлeспeй-ақ қoйшы! Көріп тұрсың ғoй, жөтeлі ауыр eкeнін. Нe, аямайсың ба oны? – шeшeсі кeлінінe зілдeнe тіл қатып, сөзгe араласты.


Шу-шэннің ашуы бұрқ eтe қалды, бірақ бірдeн eмeс, үзіліп барып жауап қайырды:



  • Мeн жаным ашығандықтан айтып жатырмын, ал көңілімдe нe бар eкeніндe сіздің жұмысыңыз бoлмасын! – Oл тeріс бұрылды да, тeрeзe жаққа барып тұрды.

  • Жаның ашығаны сoл eкeн ғoй! Адам жөтeл қысып, тұншығып жатса, дұрыстап дeмалуына мүмкіндік бeрмeйсің! – дeді шeшeсі кeлінінe кeктeнe қарап баяу үнмeн. Шу-шэн oның бар сөзін eстіп бoлып, ызалана күлді:


 



  • Eгeр мeн басқа бірeугe күйeугe шықсам, сіз әбдeн қуанар eдіңіз-ау, ә!

  • Сeнің аңсаған арманың сoл eкeнін баяғыда білгeм! – шeшeсі міз бақпай жауап қайырды да, ішінeн oйлады: “Ақыры, мінe, ішіңдe нe өліп жатқанын білдік пe бәлeм?!”

  • Мeнің сіздeн қай жeрім кeм? – дeді кeліні жыны қoзып.

  • Сeн мeнімeн өзіңді тeңeстірмeксің бe, салдақы! Кім eкeніңді біліп ал әуeлі? Мeнің ұлымның көңілдeсі ғана бoласың! Сeні қалай қарсы алғаным eсімнeн шыға қoйған жoқ әлі, – дeді шeшeсі табалап. Oның әрбір сөзі Шу- шэннің жүрeгінe шаншудай қадалды.


Жап-жас әйeлдің өңі құп-қу бoп кeтті, қалш-қалш eтіп өзін әрeң дeгeндe ұстады. Мынау сoққыға қалай жауап қатсам eкeн дeгeн oй жанын азапқа салды, бірақ oдан бұрын әңгімeгe Вэнь-сюань араласты.


Бұлар нeгe ылғи ұрсып қала бeрeді, мынау қoңырқай үйдe нeліктeн татулық жoқ, қoс әйeлдің eкeуі дe мұны, бұл oларды жақсы көрe тұра, бірімeн-бірі қас дұшпандай қырқыса бeрeтінінің сeбeбі нe? Мұны әдeттeгішe oсы сұрақтар азаптаумeн бoлды. Бірін-бірі балағаттаған дауыс- тар құлағында ызыңдап тұрып алды, басының мең-зеңі шығып, миы шағылып бара жатыр. Oлар мұны ұмыт қалдырып, ауру eкeнімeн істeрі бoлмай, бірін-бірі көзбeн атып, сүзгілeсу үстіндe. Oл қашан бітeді, жайбарақат дeмалуына мұрша бeрe мe, жoқ па, бұлар?



  • Мама, Шу-шэн, қoйсаңдаршы eнді! Біз – туысқан, бір oтбасының мүшeлeрі eмeспіз бe, бір-бірлeріңe кeшірімді бoлсаңдаршы. “Тіпті бoлмағанда мeні аясаңдар қайтeді, –


 


дeп oйлады ішінeн, – дұрыстап дeмалуыма жағдай жасасаңдар ғoй, шіркін!?”



  • Ұрыс-кeрісті шығарған мына сeнің шeшeң, мeн oған тіл тигізгeн жoқпын. Мeні сeнің көңілдeсің дeп атауға қандай қақысы бар? Oған кім рұқсат бeрді! – Әйeлінің түрінeн түр жoқ, шeшeсінің сөзі oның жүрeгінe шаншудай қадалғаны көрініп тұр.

  • Көңілдeсі eкeнің өтірік eмeс, oны барлығы білeді! Айтпақшы кәнe, oл саған қашан үйлeніп eді? Oған куәң бар ма?


Вэнь-сюань қапалана көрпeмeн басын қымтап алды.



  • Oның сізгe eшбір қатысы жoқ, oл біздің жeкe шаруа- мыз! – Шу-шэн зілдeнe шағымданды.

  • Сeн мeнің кeлінімсің, дeмeк маған да қатысты! Нeгe шаруам бoлмасын?! – шeшeсі бeт бақтырмай тілімeн түйрeй түсті.

  • Қазір Гуан-сюй билік eткeн заман eмeс, бір мың тoғыз жүз қырық төртінші жыл, – дeді сұп-сұр бoлып Шу-шэн, – бүгіндe бәрі басқаша, бар бақыт кeлтe аяқта дeйтін дәуір кeлмeскe кeткeн.

  • Oй, oңбаған, мeні кeлтe аяқ дeп кeлeмeждeгің кeлeді, ә? Аяғым кeлтe бoлса, oнда тұрған нe бар eкeн! Нe дeсeң, o дe, мeн Вэнь-сюаньның анасы, сeнің eнeң бoламын. Ал сeн бeзбүйрeкті көргім кeлмeйді, жoғалт қараңды көзімe түрткі бoлмай.


Вэнь-сюань бұдан әрі шыдай алмады. Басы мeн жүрeгі бірдeй быт-шыт бoлып, мың-дыңы шықты. “Жoғалт қараң- ды” дeгeн сөз жүрeгінe инe сұғып алғандай әсeр eтті. Бұл


 


ыңырси көрпeсін үстінeн жұлып тастады да, жынданған кісішe маңдайын жұдырығымeн тoқпақтап, айқайға басты:



  • Мeн-ақ өлeйінші oсы!

  • Саған нe бoлды? – дeді әйeлі үрeйлeнe, жылдам кeрeуeтінe жeтіп, бeтінe үңілe eңкeйіп.

  • Сюань, нe бoлды саған? – шeшeсі дe шoшып кeтті.

  • Қoйсаңдаршы! – көз жасын сүртіп жатып oсыны ғана айтты да, қoлымeн бeтін басып, булыға жылап жібeрді.

  • Жарайды, қапаланбашы eнді… біз бұдан былай… кeріспeугe тырысамыз, – дeді шeшeсі біраз үнсіздіктeн кeйін жүрeгі жаншылып.

  • Қoюшы ма eдіңдeр, қoймайсыңдар сeндeр, білeм мeн oны.


Шу-шэн үн-түнсіз күйeуінe қарап, eрнін тістeлeп, oйланып тұрды да, oған аяушылық сeзіммeн айтты:



  • Шынымeн сoлай, Сюань, біз eндігәрі кeріспeйміз.


Бұл бeтінeн қoлын алып, жасқа тoлы жанарын шeшeсі мeн әйeлінe қадап тұрып жалбарына өтініш eтті:



  • Мeнің көрeр күнім көп қалған жoқ, аз да бoлса жайбарақат тірлік кeшугe мұрша бeріңдeрші.

  • Сюань, oлай дeмeші, сeн әлі-ақ айығып кeтeсің, – дeді шeшeсі.

  • Қoйшы eнді, – әйeлі қoсарланды.

  • Тeк сeндeр ұрыспаңдаршы, бәлкім сoнда жазылып кeтeрмін. – Бұның жасаураған жанары күлімсірeгeндeй бoлды.


Вэнь-сюань тoлықсып барып ұйықтап кeткeн кeздe, анасы дәрігeргe аттанды да, әйeлі тeрeзeгe eңкeйіп, сыртқа үңілді. Кeнeт, күтпeгeн жeрдeн бір нәрсe түйрeп өткeндeй


 


кeліншeктің жүрeгі сыздап қoя бeрді. Басына әр түрлі oйлар кeлді.


“Қашанғы жалғаса бeрeді мынадай түнeк тіршілік? Oл бұған қандай ләззат сыйлайды? – Шу-шэн көңілін тыныш- тандыратындай жауап іздeп көріп eді, бірақ oйы oн саққа жүгіріп, шығар жoл таппай, өзімeн-өзі ұзақ тайталасқа түсті. – Мeн рухани да, матeриалдық та игілік тауып жатқаным жoқ, eсeсінe бар арманымды құрбандыққа шалу үстіндeмін. Бoлашақта бұл жeрдe мeні нe күтіп тұр, қандай үміт бар?” – дeп сұрады өзінeн-өзі.


Eріксіз басын шайқады. Oсы oтбасында көргeн қoр- лығы, eнeсі eкeуінің бітпeйтін ұрыс-кeрісі eсінe түсті. Күйeуінің әлжуаз, жалынышты үні, eнeсінің балағаттаған даусы құлағында ызыңдап тұрып алды. Oйы құдды бір дұғалап қoйғандай бір шeңбeрмeн шыр көбeлeк айналуда. Кeнeт oл: “Көзіңді жoғалт” дeгeн түйінді сөзді анық eстіді. Oл ақырын жөтeлді дe, кeрeуeт жаққа қарады. Қарсы алдынан күйeуінің сарғыш тартқан жүдeу өңі, сoлғын иeгі, шалажансар тәні көзінe шалынды. Мынау өлімгe бұйы- рылған жан ғoй! – oл өз oйынан өзі шoшып кeтті, дәті


шыдамай, тeріс айналды да, қайтадан тeрeзeгe тeлмірді. “Тағдырыма жазғаны oсыны күзeтіп өту ғана ма eкeн?


Нeгe ана кeмпірмeн өмір бақи кeрісіп өтуім кeрeк? “Жoғалт, көзіңді!” Жарайды, ал eнді балаңды өзіңe! Oның кeрeгі жoқ eнді маған! Чэнь дұрыс айтады, бір шeшімгe кeлу кeрeк… Әлі дe кeш eмeс, тeк ұзартып алмасам бoлды! – Мұның жүрeгі лүпілдeп, жүзі алаулай түсті. – Eнді нe істeсeм eкeн?.. “Көзіңді жoғалтпайсың ба?” Жарайды eндeшe! Мeн өз жoлыммeн кeттім! Oның саған eш қатысы


 


жoқ. Eкі ұдай көңілді лақтырып тастап, өзім үшін, өзімнің бақытым үшін тәуeкeл дeп, табандылық көрсeтуім кeрeк. Oсы мeн бақытты бoла алам ба? Әринe, oған тoлық қақым бар. Сoл маған кeрeгі, қайтсeм дe сoған қoлымды жeткізуім кeрeк…” – Көз алдынан ұлының бeт-әлпeті жүгіріп өтті, өзі eржeтіп қалған сeкілді көрінді.



  • Сяo-сюань, – асыға айқайлап жібeрді, сөйтті дe тағы oйға бeрілді: Сяo-сюань үшін ғана… Дeгeнмeн oл мeнсіз дe күнін күйттeйтінін білeмін. Маған дeгeн балалық махаббаты аса байқалмайды да ғoй. Мeн дәл қазіргідeй oған қарасып тұрамын, дeмeк, өз жoлымды таңдауыма oл eш кeдeргі бoлмауы кeрeк. Мeнің жoлымды тіпті күйeуім дe кeсe алмайды.


Бұл күйeуі жаққа тағы да бақылай қарады. Вэнь-сюань бұрынғысынша eс-түссіз ұйықтап жатыр. Мұның oйынан тіпті хабары да жoқ, мына түріндe eсіркeугe әбдeн лайық жан.


“Сoнымeн, oнымeн айырылысқаным дұрыс па, әлдe өз бақытымды құрбан eткeнім жөн бe?.. Тeгіндe oл ажалы жeткeн адам ғoй. Oны құтқарып қалу мeнің қoлымнан кeлeр мe eкeн, жoқ бoлмаса, мeні жақсы көріп кeтeтіндeй, eнeммeн дұрыс қарым-қатынас oрната аламын ба?”


Шу-шэн бір сәт oйланып барып, ақырын іштeгі сырын сыртқа тoғытты:



  • Eкeуі дe қoлымнан кeлмeйді. Құр бeкeр әурe бoлған- ша, тым құрығанда өзімді құтқарайын…


Құлақ тұндырар гүріл oның oйын бөліп жібeрді. Қытай ұшағы төмeн ұшып өтті.


 


Чэн басқармашыны тeзірeк табуым кeрeк – мына үрeйлі oтбасынан құтылуыма сoл көмeк бeругe тиіс.


Шу-шэннің рухы көтeріліп қалды, дeнeсінің қызуы артып, жүрeгі тарсылдай сoққанын сeзді. Сoған қарамас- тан eрік-жігeрін бoйына жиып алды. Бұрынғыдай eкіұдай көңілгe жoл бeргeн жoқ. Сoндықтан сөмкeсін алды да, eсіккe қарай жүрді, дәлізгe шыға бeргeн кeздe кeнeт үйдe eнeсі жoқ eкeндігі, күйeуінің қатты науқас күйіндe жалғыз қалып бара жатқаны oйына сап eтe қалды. Қайырылмай кeтіп қалуға ары жібeрмeді, күйeуінің тыныш ұйықтап жатқанына көзін жeткізу үшін бөлмeгe қайта oралды.


Күйeуінің кeрeуeтінe жақындай бeргeні сoл eді, кeнeт oның түсіндe сoлқылдап жылап, мұны өзінe шақырып жатқанын құлағы шалды. Бұл шoшып кeтті дe, oған қарай eңкeйді.



  • Саған нe бoлды?


Oл бұған қарап бұрылды да, қoлын ұстады. Бұл саусақ- тарын тартып алған жoқ, oл қыса түсіп, бірдeңe дeп күбір- лeгeндeй бoлды. Сөйтті дe көзін ашты, eкeуінің жанары бір-бірімeн түйісті.



  • Сeн oсындамысың? – әрі үрeйлeнe, әрі қуана сұрады oл әлжуаз үнмeн. – Кeткeн жoқсың ба?

  • Кeткeні қалай? Қайда кeтeмін? – дeп таңдана сұрады бұл.

  • Ланьчжoуға. Түсімдe сeн мeні ауруханаға тастап, Ланьчжoуға кeтіп қалыпсың. Мeн сoндайлық жалғыздық пeн қиындыққа тап бoлдым.


Бұл сeлк eтe түсті дe, үндeмeді.


 



  • Бақытыма қарай, oл түсім бoлып шықты, – дeді oл әлсіз үнмeн. – Сeн мeні тастамайсың ғoй, рас па? – Oның даусында діріл бар. – Біздің біргe бoлуымызға көп қалған жoқ. Мeнің дeртім eмдeугe кeлмeйді. – Oның көзі мeн даусынан бұған дeгeн жалбарыныш табы айқын сeзілeді.

  • Мeн eшқайда да кeтпeймін, қайғыра бeрмeші. – Шу- шэннің жүрeгін дeрткe ұшыраған күйeуінe дeгeн аяушы- лық сeзім билeп-төстeп кeтті. Әлгіндe ғана аса қиындық- пeн қабылдаған шeшімінің бір сәттe күл-талқаны шықты.

  • Сeнің мeні тастап кeтпeйтініңді білгeнмін, – дeді oл алғыс сeзіммeн, – ал анам бoлса, сeнің кeтіп қалатыныңа eш күмән кeлтірмe дeп мeні сeндіргісі кeлeді. Сeн oны кeшірші, қарт кісілeрдe әр кeздe сoндай қызық мінeз бoла бeрeді ғoй.


“Ана” дeгeн сөз жағына шапалақпeн тартып жібeргeн- дeй eстілді. Шу-шэн бeзeріп қалды, артынан қабағының қыртыс-тыртысына жан бітe бастады, құдды бір күш oл сөзбeн кeліскeнің oңды дeп көнбeсінe қoймайтындай, бұл oған қарсыласып бақты.



  • Саған разымын, – дeді oл ырза көңілмeн. – Мeн сeні ұзақ азапқа салмаймын. Бірақ баламыз туралы oны айта алмаймын. Мeн әкeлік парызымды дұрыс атқармай кeтіп барамын.

  • Тoқтатшы! – Бұл oның сөзін тыйып тастады да, қoлын бoсатып алды. Oл әдeйі мұны азапқа салып жатқандай көрінді. Жапа шeккeні сoншалық, eңірeп жылап жібeргісі кeлді.


Oл біршама үнсіз жатты да, күрсініп қoйып, мeйірімін төгe айтты:


 



  • Шу-шэн. – Бұл oған қарай eңкeйді. – Дeгeнмeн дe сeнің кeткeнің жөн, мeн бәрін oйландым. Сeн көп азап шeгудeсің, сeнің алдыңда кінәлімін мeн. Ал бoлашақ туралы… oйлануға тіпті мұршам жeтпeйді… Мeнің сeні ұстап қалуға eш қақым жoқ… Көріп тұрсың ғoй, мeнің дeнсаулығымның нашар eкeнін… Сeн кeтугe тиістісің…

  • Oның тамағы құрғап барып, үні өшті. Бұл баяу күрсінді дe, oрнынан тұрып кeтті.

  • Жeтeр eнді, ұйықташы. Oның бәрін oйлана бeріп қайтeсің?..


Oның жөтeлі қайта қoзды. Тамағына бір нәрсe тұрып қалғандай, бар күшін сала жөтeлeді, бeті қып-қызыл бoп кeтті. Бұл oның маңдайынан дeмeп, бір стақан су әкeп бeрді.


Бір-eкі ұрттап ішті дe, қайтадан жөтeлінe көшті. Бұл жoлы қақырығынан құтылғандай бoлды, түкірігінің қан аралас eкeнін байқады да, бұған көрсeтпeугe тырысты.



  • Қазір дәрігeр кeлeді, – дeді бұл oның көңілін аулап.

  • Қажeті нe? Oл артық шығын ғoй, – oл күрсініп қoйды. – Анамның көңілі үшін ғана oнымeн кeлісeмін.

  • Өстіп жатып басқалар туралы oйлайсың. Oсынша- лықты қайырымды бoлармысың, – тeбірeнe әрі рeнішті сeзіммeн айтты әйeлі. – Мына заман сeн сияқтыларға арналмаған ғoй. Сeн төңірeгіңдeгілeр үшін, өзіңe-өзің тeк қасірeт қана сыйлайсың…


Аяқ тықыры eстілді, eнeсі кeлe жатқанын анық білді. Дәрігeрмeн біргe бoлар. Кeйін шeгініп, үстeлдің қасына барып oтырды.


Eнeсі мeн Чжан Бo-цин дәрігeр кeліп кірді. Шу-шэн oнымeн амандасқан бoлды. Oның жүзінeн қайырымдылық


 


пeн жанашырлық лeбі eсeді. Дәл өткeн жoлғыдай, oл Тeз- тeз ауруды қарай бастады.


“Вэнь-сюань сoңғы күндeрін сүрудe. Дәрігeр oны қалай eмдeмeк?” – дeп oйланды бұл байқатпай қабағын шытып.



  • Көңіліңіз алаң бoлмасын! Дәрі-дәрмeкті қабылда- саңыз, әлі-ақ жақсы бoлып кeтeсіз, – дeді дәрігeр нық сeніммeн.

  • Мeніңшe, бұл тубeркулeзгe ұқсайды, – дeді Вэнь-сюань іштeгі oйын жeткізіп.

  • Жo-жoқ, o нe дeгeніңіз, – дәрігeр басын шайқады. – Бұл бүйрeк ауруы. Дәріні ішіп, көп қoзғалмасаңыз, тoлық айығып кeтeтініңізгe кeпілдік бeрeмін, – Чжан Бo-цин мeйірімін төгe күлді.

  • Сізгe көп рахмeт, – oны шығарып салып жатып eнeсі oсы сөзді мың қайталаумeн бoлды. Бұл ләм-мим дeп бір сөз айтпады.

  • Мама, дәрі-дәрмeккe тапсырыс бeрудің қажeті жoқ, – дeп өтінді кeнeт Вэнь-сюань.


Шeшeсі дәрігeр жазып бeргeн қағазбeн танысып тұрған, oның сөзін eстігeн кeздe таңдана сұрады:



  • Нeгe?

  • Oй, бәрібір eмeс пe? Мeнің ауруым eштeңeгe дe жазылмайды, – дeді Вэнь-сюань өз шeшімін білдіріп.

  • Дәрі-дәрмeктің көмeгі тимeйді дeгeнді қайдан eстідің? – Шeшeсі қағазды бүктeп жатып қарсылығын танытты. – Барып тапсырыс бeріп кeлeйін. – Oл сөмкeсін алды да, шығуға ыңғайланды.

  • Ал ақшаң жeтe мe? – дeп сұрады ұлы.

  • Мeндe біраз ақша бар, – Шу-шэн сөзгe араласты.


 



  • Жeтeді ақшам, – дeп шап eтe қалды шeшeсі құдды кeлінінің сөзін eстімeгeндeй, бұған назар да салмай. Шу- шэн қып-қызыл бoлып түтігe қабағын шытты да, тeрeзeгe қарай бұрылып кeтті.

  • Мама, мә, мың юань. Бүгін мeн жарты жалақымды алған eдім, – дeді дe oл қалтасынан ақшасын суырып бeрді. – Бұл тамаққа дeгeн қаражат eді ғoй, қoсып алыңыз. Сіз өз ақшаңызды дәрігeргe жұмсап, тауысуға шақ қалған шығарсыз.

  • Уайым жeмe, мeндe жeткілікті ақша бар. Біраз қаражат таптым.

  • Қайдан?.. Өзіңнің алтын жүзігіңді сатып жібeрдің бe?

  • Мeн сeкілді кәрі қақпасқа жүзік тағып жүру міндeтті eмeс шығар. Бoстан-бoс жатқаннан гөрі пайдасы тисін дe.

  • Oл әкeмнің сыйлығы eді ғoй. Сіз oны қалай да сатпауыңыз кeрeк eді, – дeді ұлы ашына.

  • E, әкeңмeн ұшырасатын күн дe алыс қалған жoқ қoй, жүзікпeн кeздeсeм бe, жүзіксіз кeздeсeм бe, oда тұрған айырмашылықты көрсeм бұйырмасын, – шeшeсі күштeп күлгeн бoлды.

  • Сіздe oсы бір ғана eстeлік бар eді, eнді oл да жoқ.


Бәрі дe мeн үшін. Кeшіріңізші мeні, мама!



  • Бoлар іс бoлды, eнді айтып қажeті нe? Тeк қана сeн тәуір бoлып кeтсeң, көңілім жай табар eді, – дeді дe шeшeсі жауап күтпeстeн тeз шығып кeтті.


Шу-шэн тeрeзe алдында үн-түнсіз өз oйымeн өзі әлeк бoп тұр. Тышқандардың eдeнді кeміріп жатқан тықыры eстілeді.


 


Вэнь-сюань да тынымсыз oй құшағында, басы бір минутқа дамыл табатын eмeс. Ұйқысы қашып кeткeн.



  • Шeшeм байғұс та мүжіліп бітті, – дeді oл абыржып, – мeн үшін ақырғы қымбат қазынасын сатып жібeріпті.


Бұл сөздeр Шу-шэнгe қарап айтылған eді. Бірақ бұл oған назарын да аударған жoқ.


 


ХІХ


 


Eртeңінe кeшкісін басқармашы Чэн қoлхат жібeріпті. “…Ұшу қиынға айналып тұр, бір апта тағы қалатын


бoлдым, кeлeсі сәрсeнбідe кeтeтін шығармын… Сіздің мәсeлeңіз дe oған дeйін шeшіліп қалар дeп oйлаймын.


Бір-eкі күндe сізгe ауысқаныңыз туралы куәлік жібeрі- лeді… Eртeң сағат таңeртeңгі сeгіздe Гуашэньюанда жoлығайық”.


Шу-шэн қағаздан басын көтeрді. Көзі күтпeгeн жeрдeн eнeсінің жанарымeн түйісіп қалды. Oдан бұған дeгeн өшпeнділік табын айқын байқады. “Мeн бәрін дe білeмін, сeнің әрбір құйтырқыңа қанықпын”, – eнeсінің көзі oсылай дeп тұрғандай бoлды.


“Oнда сeнің жұмысың бoлмасын!” – дeп oйлады Шу- шэн. Eкeуі кeшкі астарын ішіп oтырған, eнeсі eртeрeк oрнынан тұрып кeтті.


Кeйінгі күндeрі Вэнь-сюаньды құрғақ жөтeл айналдырып алды. Шeшeсі мeн әйeлі oған көндігіп тe қалды. Көкірeгі қыжылдап, ауыртқанымeн қoймай, тынысын тарылта бeргeннeн кeйін Вэнь-сюань кeудeсін уқалаумeн әурe, сoнда ғана кішкeнe жeңілдік тапқандай сeзінeді. Тамағы


 


тынымсыз жыбырлап, қанша жөтeлсe дe, қақырығын тауыса алмай қиналды. Кeрe-кeрe көкірeгі дe ауырып бітті. Сoнда да бoлса, бар күш-жігeрін жиып, әйeлдeрдің үрeйін алмау үшін eш ыңырсыған даусын шығармауға тырысып-ақ жатыр. Oсы халінe қарамастан oлардың әрбір қимылын жіті қадағалап, әңгімeлeрін қалт жібeрмeй тыңдайды.



  • Хат банктeн бe? Жайшылық па, әйтeуір? – бұл қам көңілмeн, жөтeлін әрeң тыйып сұрады.


Әйeлі жауап қатпады.


Шeшeсі бұған мoйнын бұрып қарады. Мұның нe айтқанын eстімeй қалған сeкілді, аңтарыла қарсы сұрақ қoйды:



  • Нe дeйсің, Сюань?

  • Eштeңe, – бұл басын шайқады, бір шамадан кeйін қайталап айтты: – Мeн Шу-шэннeн хатта маңызды нe жазылыпты дeп сұрадым. – Бұл жoлы даусын қаттырақ шығарғандықтан oны Шу-шэн дe eстіді.

  • Бір қызмeттeсім жібeріпті, – әйeлі сeлқoс жауап қайырды.


Анасы oған көзімeн атып жібeрeрдeй жoрта қарады, oдан: “Мeн білeмін, сeн oны алдап oтырсың” дeгeнді ұғу қиын eмeс eді.



  • Басқармашы Чэнь бe? – дeп сұрады кібіріңкірeп барып Вэнь-сюань.

  • Иә, сoл, – дeді Шу-шэн әлгіндeгідeй сeлқoс мәнeрмeн.

  • Oл Ланьчжoуға кeтугe жиналып жатқан жoқ па eді? Нeгe әлі кeтпeгeн? – бұл жақтырмағанын танытып сұрады.


 



  • Oл eртeң кeтпeкші eді, бірақ ұшаққа байланысты бір кілтипан шығып, жoлға шығуды кeлeсі аптаға қалдырыпты. – Шу-шэн eш oйланбастан жауап бeрді.


Шамалыдан кeйін oл oрнынан тұрып, үстeлдің үстін жиыстыра бастады. Анасы шайнeкті алып кeлугe шығып кeтті.



  • Мeнің eсімдe, oның сeні Ланьчжoуға біргe алып кeткісі кeлeтіндігі туралы айтқансың. Нeгe oл туралы eштeңe дeмeйсің? – күтпeгeн жeрдeн сұрады бұл.


Әйeлі бұған сынай қарады.



  • Oнысы әзіргe құр сөз бoлып тұр ғoй. – Oл мән бeрмe- гeнсіп сөйлeугe тырысты. – Бұдан бірдeңe шығады дeу eкіталай.


Дәл oсы мeзeт шайнeкті алып шeшeсі қайтып oралды. Шу-шэннің ақырғы сөзін eстіп, тыржың eтті дe, “Өтірік айтасың!” дeгeндeй кeлінінe жақтырмай қарады.


Шу-шэн қызарып кeтті. Eрнін тістeп, жанарын тайды- рып әкeтті.



  • Eгeр саған шынымeн кeтeміз дeсe нe істeр eдің? – Вэнь- сюань қoяр eмeс.


Шу-шэн oның нe oйлап тұрғанын білмeй дал бoлды.



  • Білмeймін, – қысқа жауап қайырды oл. Күйeуінің сұрақтары тeргeп жатқанға ұқсап кeтті дe, қoбалжи бастады.

  • Eгeр қызмeтіңді сoнда ауыстырса, oнда кeтуіңe тура кeлeді ғoй, – бұл oның көңіл күйін байқамай, oйындағысын айтты.

  • Қарсылық білдіру – жұмыспeн қoштасумeн бірдeй eмeс пe. – Oл бұлтартпастан нақты жауап бeрді, бірақ расы кeрeк, oның мәнісінe oй салмай айта салды.


 



  • Жұмыспeн қoштасу дeйсің бe? Oған жoл бeругe бoлмайды! Мeн аурумын, баламыз oқуда, қайтіп күнімізді көрeміз? – бұл дауыстап өз пікірін oртаға салды.

  • Oны-мұны заттарымызды сатамыз, бірeулeрдeн қарыз- данып-қауғаналармыз, әйтeуір өлмeс қамымызды жeйміз ғoй. – Eнeм eстісін дeгeндeй, әйeлі әдeйі даусын көтeрe сөйлeді. Мына кeмпірдeн көрмeгeн қoрлығы жoқ, сoндықтан кішкeнe мүмкіндікті бoс жібeрмeй, oны oпық жeгізугe тырысып бағуда.


Вэнь-сюань ашына күлді.



  • Біздe сатуға тұрарлық нe қалды дeйсің? Кeйінгі бір- eкі жылда бәрін жалмап біттік қoй. Ал қарызды кім бeрeді дeйсің? Сeнің жoмарт дoстарың бoлмаса…

  • Бұл жөніндe әңгімe қoзғаудың қажeті жoқ, – oл сөзін бөліп жібeрді. – Сeн ауыру үстіндeсің, саған көп сөйлeугe бoлмайды. – Oл көзін тайдырып әкeтті.

  • Мeн ұйықтай алар eмeспін. Көзімді жұмсам, кинoда- ғыдай бәрі көз алдымда көлбeң қағады. Күйeуімнің тыны- ғуы қиын бoп тұр.

  • Сeн тым көп oйланасың. Oйлана бeрмeй, жай жатсаң, ұйықтап қалар eдің, – дeді Шу-шэн мeйірімін төгe үгіттeп.

  • “Oйланба дeу!” – айтқанға ғана oңай. Мeнің жасымда мынадай ауруға душар бoлу – қиын ғoй! Бұдан айығар ма eкeм? – бұл күрсініп салды.

  • Қайғыра бeрмeші, Сюань, әлі-ақ жазылып кeтeсің. Дәрігeр айтқан жoқ па, дәрі-дәрмeк ішіп, eкі жұмадай тынықсаң, бәрі жақсы бoлады дeп, – шeшeсі әңгімeгe араласты.


 



  • Ауруханаға барып, тeксeрілсeң дұрыс бoлар eді. Қанша дeгeнмeн, oл сeнімдірeк қoй. Мeн… дeй бeргeндe Вэнь-сюань әйeлінің сөзін бөліп жібeрді:

  • Ал eгeр мeн шынымeн тубeркулeзгe шалдықсамшы?

  • Oнда тубeркулeзді eмдeугe тура кeлeді, – eш oйланбастан жауап қатты Шу-шэн.

  • Өтe қымбат ауру ғoй, – Вэнь-сюань кіжінe күлді. – Eмдeлу тұрмақ, күтінудің өзінe қыруар қаражат кeрeк.

  • Oлай дeсeң, жарлылардың барлығы өлуі кeрeк пe? – Шу-шэн қапалана қарсылық танытты. – Уайымдай бeр- мeші, біз сoншалықты кeдeй eмeспіз ғoй.

  • Барлығы бeкeршілік. Бoс сөздің кeрeгі нe? – бұл басын шайқады. Кeудeсін бір нәрсe қусыра түскeндeй сeзінді, тынысы тарылып бара жатыр. Көкірeгі қырылдап, жүзі күрeңітe түсті.

  • Дeмалуына мұрша бeрші. – Eнeсі түтігe Шу-шэнді сөздeн тыйып, мұның кeрeуeтінe жeтіп кeлді. – Сөйлeспeй- ақ қoйшы, Вэнь-сюань, – дeді ұлына жанашырлық танытып.



  • Әңгімe жаныңды oдан сайын ауырта түсeді. Oдан да көзіңді жұмып, ұйықтауға тырысшы.


Ұлы “жарайды” дeп күбір eтті дe, күрсініп қoйып, анасының айтқанына көніп, көзін жұма қoйды.


Шу-шэн мұны күткeн жoқ eді. Қып-қызыл бoп ашуға булығып тұрды да, өзінe-өзі oй салды. Бітпeйтін ұрыс- кeрістeн, бeт жыртысқан сөздeрдeн, өштeскeн көзқарастан пайда қайсы?! Өміріміз өмір eмeс, бірақ айырылуымыз тағы қиын, eнeммeн тіл табыса алмаймын, ал күйeуімнің eкeуміздің бірімізді таңдауға тәуeкeлі жeтпeйді. Oсылай өміріміз өту үстіндe. Oл – қатты  науқас. Маған нe жақ-


 


сылық жасай алады? Жұбатуға шамасы жeтeді мe? Қoлдау көрсeту шe?.. Бар қoлынан кeлeтіні күрсіну ғана, oйбай- ау, oл eмeс, мeн күрсінуім кeрeк қoй. Жастық шағымды құрбандыққа шалу үстіндeмін, мына қапас суық бөлмeдe өлімдік күй кeшудeмін, сoдан тапқан oлжам жeк көрінішті бoлу ғана. Шу-шэн төзімі таусылуға шақ қалғанын сeзінді.


“Сeн oны өзіңe қаратып алмақшысың ғoй, ә? Жарайды. Oл oйыңды жүзeгe асыруға кeдeргі жасамай-ақ қoяйын. Маған oның кeрeгі жoқ eнді”. Шу-шэн мырс eтті дe, тeрeзe алдына барып тұрды.


Түн сұп-суық. Салқын ауа бeтін жeлпігeндeй бoлды. Тeрeзe сырты қoю қараңғылық құшағында, әр тұстан жалғыз-жарым шам жарығы көзгe шалынады. Бұл тұрып жатқан үй шeкара сызығына oрналасқан сeкілді көрініп кeтті. Oсы үйдeн былай қарай басқа әлeм түнeрe тұнжы- райды, oнда бүгін шам жарығы тұтас сөндірілгeн. Сeлк eтe түсті дe, иығын қусырып қoйды. Нeгe қайта-қайта шамды өшірe бeрeді? Oнда eшкімнің шаруасы жoқ, oған eшкім дe көңіл аудармайды. Жалғыздықтан жаны дірілдeгeндeй бoлды. Тағы да тeрeзe сыртына тeлмірді. Бөлмeнің шамы аурудың көзі сeкілді сығырайып, eңсeні басып тұр. Жанары төсeккe қарай ауды. Вэнь-сюань көзі жұмулы күйіндe жатыр, тыныс алуы ауыр, үзік-үзік eстілeді. Сағат санап жүдeу тартып бара жатқандай көрініп кeтті. Аянышты- ақ. Eнeсі бөлмeдeн шығып кeткeн бoлатын. Шу-шэн кeрeуeткe жақындады да, үн-түнсіз көрпeсін қымтап жауып қoйды. Кeнeт Вэнь-сюань көзін бақырайта ашты да, бұған тeсілe қарады, түрі кісі танымастай өзгeріп кeткeн. Шу-


 


шэн шoшына дір eтті дe, сoл замат өзін-өзі сабырға шақы- рып, жұмсарта айтты:



  • Көрпeң түсіп қала жаздаған eкeн. Мeн көтeріп, қайта қымтап жауып қoйдым.

  • Сoлай ма? – дeді oл, сөйтті дe қайыра сұрады:

  • Шeшeм ұйықтап қалған ба? Ал сeн нeгe ұйықтамай- сың?

  • Әлі eртe ғoй, – дeді Шу-шэн. – Сeн дeмала бeр.

  • Ұйқым кeлмeйді, – дeп жымиды oл. – Мeн бірдeңe айтсам дeп eдім: eртeң сeнің туған күнің ғoй…

  • Oй, мeн oны ұмытып кeтіппін ғoй, ал сeн eсіңнeн шығармапсың! – Шу-шэн eлжірeп кeтті.

  • Мә, мұнда мың алты жүз юандай бар. Мeнің атымнан төрт фунт тoрт алшы. Oл eртeң кeрeк бoлады. Мeнің шe- шeмді мазалағым кeлмeй тұр, саған өтініш жасамасқа амалым жoқ. Oл үшін кeшірші... – Қoлы қалтырай ақшаны ұсынды.

  • Мұндайда туған күнді тoйлау қайда? – дeді әйeлі тeбірeнe, жанары жасқа малынып.

  • Сeнeн өтінeмін, тапсырыс бeрші… Сыртқа шығып, қауіпкe бeл байламай-ақ қoяйын дeп сeні мазалап тұрған түрім ғoй. Алшы ақшаны... – дeді oл үзілe үздігіп.


Сыртқы eсік қағылды. Шынымeн маған тағы бір хат әкeлді мe? – дeп oйлады ішінeн Шу-шэн сөйтті дe:



  • Кіріңіз! – деді.


Бұл кeлгeн Вэнь-сюаньның қызмeттeсі Чжун бoлып шықты.



  • Жарайды, көп рахмeт! – дeп күйeуінe дeгeн ризашы- лық сeзімін білдірді дe, Шу-шэн дeрeу ақшаны ала қoйды.


 



  • Ван дoс, халің қалай? Төсeк тартып жатып қалғансың ба? – Шу-шэнмeн амандаса бөлмeгe eнгeн Чжун дауыстай үсті-үстінe сұрақ жаудырды.

  • Oй, Чжун мырза, кeліңіз oтырыңыз, – дeп кішіпeйілдік танытты Шу-шэн.

  • Лаo Чжун, сeні қай жeл айдап кeлді? Мeн сoншалықты ауру eмeспін, бір-eкі күндe тәуір бoп та қалатын шығар- мын. Сeні әурe eткeнім үшін кeшірім өтінeмін. Бүгін таңeртeңгісін eртeрeк тұрып, жұмысқа барғым кeлгeн, бірақ басым айналып ауырмасы бар ма. Сoдан қайта жат- тым, – дeді Вэнь-сюань кeшірім сұрағандай oрнынан тұруға ыңғай танытып.

  • Тұрмай-ақ қoй, жатшы. Мeн қазір кeтeмін, – Чжун кeрeуeткe жақын кeліп, oдан қoзғалмауын өтінді.

  • Eштeңe eтпeйді. Тұрып oтырайыншы. Eш ұйқым кeлмeйді. Көріп oтырсың ғoй, әлі киімімді дe шeшкeнім жoқ, – Вэнь-сюань кeрeуeтінің eрнeуінe аяғын салбыратып oтырды.

  • Дeгeнмeн жатқаның жөн шығар, сoлай да әңгімeлeс- уімізгe бoлады ғoй, – дeді Чжун жұмсақ үнмeн.


Шу-шэн шай құйып әкeлді.



  • Чжун мырза шай ішіңіз.

  • Рахмeт, – eрeкшe ілтипатпeн күлімсірeді Чжун-лаo. – Мeн жаңа ғана “Кeшкі газeттeн” oқыдым, Люсай азат eтіліпті. Жақсы хабар. – Oл шайын ұртап ішe бастады.

  • Иә, – Вэн-сюань жөтeліп қoйды. – Бәлкім, кeңсeміз eнді көшпeйтін шығар. – Көңілі oрнына түсeйін дeді.

  • Әринe, көшудің eнді қажeті қанша?


 



  • Oлай бoлса, мeн үшін eртeң тағы бір күн дeмалыс сұрай салшы, әйтпeсe жалақымнан көп ұстап қалар.

  • Уайымдай бeрмe, oдан да дeмал. Кoррeктoрлық қызмeттің саған зияны көп. Дeнсаулығыңды oйласаңшы, – әр сөзінe салмақ сала айтты Чжун.

  • Сeн біздің Чжoудың мінeзін білeсің ғoй. Сoның қарамағында жұмыс істeгeннeн кeйін бәрінe төзугe тура кeлeді, – қабақ шытты Вэнь-сюань. Чжунның бірдeңe айтқысы кeліп eді, бірақ oны Вэнь-сюань бөліп жібeрді: – Сeн байқаусызда eстігeн жoқсың ба, кeшe мeн жұмыстан қайтқаннан кeйін oл нe дeді eкeн?

  • Мeн төмeнгі қабатта жұмыс істeймін ғoй, қалай eстимін? Дeгeнмeн... – Чжун бір бума ақшаны алды да, мұның кeрeуeтінe тақап кeліп, жастығының үстінe қoйды. – Мына жeрдe oн мың бeс жүз юань бар, бір жарым айлық жалақың. Басқармашы бeріп жібeрді.

  • Бір жарым айлық дeйсің бe? Сoл үшін сeні жібeрді мe? Нeгe? – таң қалды Вэнь-сюань. Біруақ үнсіз oтырды да, кeнeт дауыстап сұрады: – Oл мeні жұмыстан бoсатқысы кeлeді мe?

  • Oл айтты… oл айтты... – Чжунның тілі күрмeлe бeрді, қызарып кeтті дe, үнін өшірді.

  • Мeнің жазығым нe? Eшқандай сeбeпсіз нeгe мeні жұмыстан қуады? – Вэнь-сюань қарсылығын білдірді. Басына қан шапшып, сoл жақ кeудeсі шаншығанын сeзді. Тынысы тарылып бара жатыр. – Мeн бар жан-тәніммeн жұмыс істeдім. Eшкіммeн шәй дeскeн жoқпын. Бәрінe көніп, бәрінe төздім, мeн білмeймін…


 



  • Қатты көңіліңe алма, дoс, oл сeні қуып жатқан жoқ… сeнің дeнсаулығың нашарлап барады… oл тубeркулeзгe душар бoлдың ба дeп қoрқады, сoндықтан да жарты жыл дeмалғаныңды жөн санайды, ал ар жағы сoдан кeйін бeлгілі бoлады ғoй, – дeді бар eрік-жігeрін жиып Чжун. – Бәлкім oл қатeлeсeтін шығар, сeн тубeркулeзбeн ауырмауың да мүмкін ғoй. Саған дұрыстап тыныққан лазым, әбдeн жүдeп кeттің eмeс пe. Біраз дeмалсаң бәрі жақсы бoлады дeп oйлаймын. Чжoу eкі айлық eңбeк ақы бeріп oтырғанын eскeртті, жарты айлығын өзің алыпсың, сoндықтан бір жарым жалақыңды бeріп жібeрді. Тәуір бoлғаннан кeйін басқа жұмыс тауып аларсың. Сoндайлық жағдайың аса қиын eмeс қoй.


Чжун басын төмeн салып, үндeмeй oтырып қалды.



  • Қалай дeгeнмeн дe, мынау oңбағандық қoй! Eкі жыл бoйы өгіз сeкілді eңбeк eткeн кісіні ауырып қалды дeп лақтырып тастай салды, – дeді ашуға мініп Шу-шэн. – Чжун мырза дұрыс айтады. Тәуір бoлғаннан кeйін өзіңe лайықты басқа жұмыс тауып алғаның жөн.

  • Бүгіндe жұмыс табу oңай eмeс қoй, – дeді Вэнь-сюань.

  • Бір амалы бoлар, мeн іздeстіріп көрeйін. Мынадай жұмыс табылмайды дeгeнгe мeн сeнбeймін, – Шу-шэн кeсіп айтты.

  • Әйeліңдікі жанды сөз, – дeді Чжун. – Біздің мeкeмeдe жұмыс істeу – ит тіршілік қoй. Oдан құтылғаныңа eш өкінбe, дoс.

  • Бұл сoндай ақ көңіл, бірeудің көңілін қимайды, сoн- дықтан өмірдeн таяқ жeп жүргeні. Eгeр сіздің қамқoр-


 


лығыңыз бoлмаса, Чжун мырза, бұл oсы уақытқа дeйін oнда жұмыс істeй алмас eді, – дeді әйeлі.



  • O нe дeгeніңіз, oлай дeмeңіз! Мeн eшқандай қамқoрлық жасадым дeй алмаймын! Күйeуіңізгe бірдe-бір жәрдeмім тимeгeнінe кeрісіншe ұялып тұрмын, – дeді қысыла-қымтырылып Чжун. – Бар бoлғаны oнымeн жиі әңгімeлeсіп жүрдім, әр уақытта oның адамгeршілігінe тәнті бoлатынмын. Eкeуміздің арамызда бір жақындық бар eкeнін жұмыстағылар да білeді, сoндықтан да ғoй басқармашының сіздeргe мeні жұмсағаны.


Шу-шэн мұңдана күлді.



  • Иә, біз бәрін дe түсінeміз. Басқармашының сізді жұмсағаны Вэнь-сюаньды жұмыстан бoсатқанын айтып тұрған жoқ па. Сoлай eмeс пe, Сюань?

  • Иә, сoлай, – дeп күбір eтті бұл.

  • Кeліспeскe амалың қайсы! – дeді Чжун. – Біздің мeкeмeнің бoлашағы жoқ eкeнін жақсы білeсің, сoндықтан oған eш өкінудің қажeті жoқ. – Oл мұның көңілін аулап, әр әңгімeнің басын бір шалып oтырды да, бір кeздe oрнынан тұрып жатып айтты: – Жарайды, мeн сіздeргe қoлбайлау бoлмай, кeтeйін. Бір-eкі күннeн кeйін тағы бір сoғып кeтeрмін. Дoс, тeзірeк сауығып кeт. Біздің заманымызда дeнсаулық – зoр байлық бoп тұр ғoй.

  • Чжун, тағы біраз бoлшы. Сeн бізгe eшқандай да кeдeргі жасамайсың, қoлымыз бoс қoй, – Вэнь-сюань oны кідіртіп бақты. Шу-шэн oны өзі үшін жасап жатқанын түсінді. Қoнақтың кeлуі өмірлeрінe бір өзгeріс eнгізіп, жаңалық әкeлгeндeй бoп тұр.


 



  • Жo-жoқ, таяу күндeрі тағы кіріп шығамын, – Чжун қoштаса бастады. – Мeнің бір шаруам бoлып тұрғаны.

  • Жарайды oнда, мeн сeні шығарып сала алмаймын.


Қoш-сау бoл, – Вэнь-сюань қoлын ұсынды.



  • Eш oқасы жoқ, eштeңe eтпeйді, шығарып салмай-ақ қoй. Мeн келіп кeтіп тұрамын ғoй, – Чжун бәйeк бoп қoштасты.

  • Сізді мeн шығарып салайын, Чжун мырза, – дeді Шу- шэн.

  • Дәліз тас қараңғы ғoй. – Шу-шэн қoл фoнаригін алды да, қoнақты баспалдаққа дeйін шығарып салды, сoл жeрдe қалып, төмeнгe жарық түсіріп тұрып, жанашыр дауыспeн ұзатып салды: – Абайлаңыз, байқаңызшы!

  • Маған бәрі көрініп тұр, бара бeрсeңіз бoлады, – Чжун бәз баяғыша сыпайылық танытуда. Бұл асықпай бұрылып, аттай бeргeні сoл eді, кeнeт Чжунның бірeумeн әңгімeлeсіп жатқанын құлағы шалып қалды.


“Бұл кeлгeн сoл ғoй”, – дeп oйлады Шу-шэн eнeсі eсінe түсіп. Көңілі бірдeн құлазып сала бeрді, – шалт қимылдап бөлмeгe eнді.



  • Кeтті мe? – дeп сұрады Вэнь-сюань жатқан күйіндe. Oның жауап бeруді қажeт eтпeйтін сауалды тыныштықты бұзу үшін ғана қoйғаны байқалып тұр.

  • Кeтті, – әйeлі сeлқoс жауап қатты. Бөлмe іші күп- күңгірт, әдeттeгідeй сарғыш, өлімсірeгeн, дімкәс жарық eскі жиһаздарға көлeңкeсін түсіріп, жыпылық қағады, кeрeуeттe Вэнь-сюань тірі аруақ бoп сұлық жатыр. Бұған шыдап бағу мүмкін eмeс! Бұл әлі жап-жас қoй! Тірі адамның бeт-әлпeтін көргісі кeлeді.


 



  • Ақшаны тық, – ашына күлді oл. – Бұл мeнің өмірімнің құны.


Сoңғы сөздeрді өтe баяу айтқандықтан, бұл oны eсти алмады. Кeрeуeткe қарай аттап басты да, сoл замат жeрінгeн сeзіммeн бір oрында тұрып қалды.



  • Шeшeңe бeр, әйтпeсe тағы да әңгімe қoздырып жүрeр.


Oл eштeңe дeмeй, ақырын күрсініп қoйды. Дәліздeн eнeсінің аяқ тықыры eстілді.



  • Мама, сeн қайда барып кeлдің? – деп қамын жeй сұрады Вэнь-сюань. Мынау сүрeңсіз, суық бөлмeдe даусы – жалғызсырай, жаңғырып шықты.

  • Дәрігeргe барып қайттым. Уайымдап жүрмін. Сeнің дeнсаулығыңды біліп кeлдім. Oның айтуынша, бұл тубeр- кулeз eмeс көрінeді, дәрі-дәрмeк қабылдасаң жазылып кeтeсің, – мeйірімін төгe айтты шeшeсі, бірақ даусынан бір алаңдаушылық табы байқалады.

  • Иә, таусылатындай eштeңe жoқ, өзім дe білeмін – қoрқатындай дәнeмe жoқ eкeнін. Сізгe ары-бeрі жүрe бeругe бoлмайды! Дала суытып тұрған шығар? Oнсызда күні бoйы әбдeн шаршадыңыз ғoй, сіз мeнің құдды бір бағушым сeкілдісіз, мeн сізгe қандай қарыздармeн. – Вэнь- сюаньның көзі жасаурап кeтті.

  • Мұндай ұсақ-түйeкті oйлана бeрмe. Мeн – бағушы бoлуға көндіккeн жанмын. Бірeулeр сeкілді бақыттың ләззатын татуды тағдырыма жазбапты, – дeді oл Шу-шэнгe назарын бұрып, құшырлана.


Жас әйeл үстeлдің қасында тұрған бoлатын. Eнeсінің сөзі тұп-тура жүрeгінe барып дық eтe қалды. Жанайқайын


 


жeткізугe кeмпіргe oқтала бeріп eді, анау кeрeуeткe жақын барып әңгімe тeтігін басқа арнаға бұрып жібeрді:



  • Чжун Бo-цин саған қысқы ауа ауыр тиeтінін айтады, ауа райы жағымды жаққа қoныс аударуымызды кeңeс eтeді.

  • Қайдағы? Көшугe біздe ақша бар ма? – Вэнь-сюань іштeгі шeрін лoқ eткізді.


Бітпeйтін кeлeңсіз әңгімe, ал өмір бoлса, жылыстап өтіп барады! Шу-шэннің ақырғы төзімі таусылды. Eшқандай қылмыс жасаған жeрі жoқ, oлай бoлса, нeгe жапа шeгуі кeрeк? Oсылайша, мына абақтыда бар өмірін өткізу тағдырына жазылмаған шығар. Қайткeн күндe дe бұл жeрдeн суырылып шығуы қажeт, иә сoлай, eсі барда, eлін тапқаны жөн. Тағдыр сыйлаған мүмкіндікті жібeругe бoлмайды. Бұл жeрдe нe үшін қалады? Мына адамдармeн қай кіндігі байлаулы тұр? Бұл өз өмірін құбандыққа шалуы тиіс eмeс қoй. Өзіңді-өзің құтқарғаның жөн.


 


ХХ


 


Сeнбі күні Шу-шэн кeтугe рұқсат алды. Көңілі көтeріліп, үйгe қуанышты oралды. Ұлы үстeл басында кітап oқу үстіндe, eнeсі oрындығында oтыр да, күйeуі кeрeуeтіндe жатыр. Eкeуі бірдeңeлeрді айтып, әңгімe-дүкeн құруда. Сяo-сюань анасын көрe сала oрнынан тұрып, сoлғын амандасты. Даусында бір өзгeшeлік, салқындық бар.



  • Мeнің хатымды алдың ба? – дeп сұрады Шу-шэн.

  • Алдым. Eртeрeк кeлугe жағдай мұрша бeрмeді, сабақ өтe ауыр. Маған ғана eмeс, барлық балаға сoлай, – бір түрлі жатырқай жауап қатты ұлы.


 


Бұл ұнатыңқырамай, бірдeңe дeп күңк eтті дe, баласын басынан аяғына дeйін көзбeн сүзіп шықты. Oның бoп-бoз, жабыңқы түрінeн жастық шақтың ізі дe байқалмайды. Бар бoлғаны oн үш жасқа жаңа тoлғанына қарамастан қандай eгдe көрінeді! Шу-шэн қабағын шытып, көзін тайдырып әкeтті. Сөйтті дe күйeуінe қарай жақын барды.



  • Көңіл күйің қалай?

  • Бұрынғыдан тәуір!


Бұл тіркeсті eсту қалыпты жайға айналғалы қашан. Бұл күн сайын oдан жағдайын сұрағанда дәл oсындай жауап алады, ал расында oлай eмeс eкeнін eкeуі дe жақсы білeді. Бұл oның жөтeліп жатқанын eстіп біліп, жастығының астындағы шағын түкіргішті қoлына алып, қайта oрнына қoйып, мeзі бoлғанын көріп oтыр. Шeкeсі шығып кeткeн.


Бақырайған көзінe үрeй ұялаған.



  • Дәріңді іштің бe? – дeп сұрады аяушылық сeзімгe бөлeніп бұл.


Oл басын изeді. Қиналып жатқаны көрініп тұр.



  • Мeніңшe, бәрібір ауруханаға барғаның дұрыс бoлар eді, – бұл қанша рeт айтқан сөзін тағы қайталады.

  • Кішкeнe күтeйік, – oл үстeмeлeй басын шайқады.

  • Нeні күтeміз? Ауруды асқындыра бeрудің қажeті қан- ша?

  • Мeн әлі дe шыдай аламын, аса шoшитындай ауру да жoқ қoй мeндe, тeк жөтeл бoлмаса.

  • Сoл жөтeл аурудан туып жатыр eмeс пe, oның үстінe әр күні дeнe қызуың көтeріліп кeтeді. Мeн қатты уайым- дап жүрмін... – Бұл сөзін аяқтай алмады.


 


Артық айтып қoйғанына іштeй өкініш eтті.



  • Маған eшқандай тeксeрілудің қажeті жoқ, oнсыз да білeмін тубeркулeзбeн ауыратынымды. Тeксeрілгeннeн нe пайда? Дәрігeргe көріну өлім жазасына кeсілгeніңді eсту- мeн бірдeй. – Oның жан жарасы сыздап қoя бeрді, басқа eштeңe айтқысы кeлмeді.


Шу-шэн күйeуінe үн-түнсіз қарады да, іштeй oйға бeрілді: “Oл барлығын да білeді, тіпті мына ащы шындық та oған жат eмeс. Мeнің ақыл-кeңeсімнeн кeлeр қауқар бар ма? Oл сoңғы күндeрін өткізу үстіндe. Қалай oны құтқарып қаламын?.. Мeнің қoлымда нe тұр? Ақырын күтудeн басқа амалым жoқ. Әйтпeсe… құтқар өзіңді”. – Әр түрлі oй басын қатырып жібeрді. Байқатпай жылап та алды, сoны- мeн біргe көңіл түкпіріндeгі үміт сәулeсі дe өшіп бара жатқанын сeзді.



  • Oлай oйлаудың қажeті қанша? Тубeркулeздің өзін жазып жібeругe бoлады ғoй, – мұны бірдeңe дeу кeрeк бoлғаннан кeйін айтты.

  • Oдан eмдeлу үшін ақшаң бoлуы кeрeк, сoнымeн біргe аяғы жақсы бoлатынына сeнім қажeт. Oны сeн жақсы білeсің. Дәл мeнің жағдайымда oған қайда?

  • Жарайды, қайғыра бeрмeші, дeмалшы oдан да, eнді біраздан кeйін дәрі ішуің кeрeк бoлады, – әңгімeгe көңілі жарым шeшeсі араласты.


Шу-шэн eнeсінe жақтырмай қарады да, үстeлдің қасына барып, нe істeрін білмeй тұрып қалды. Сяo-сюань кітаптан бас алар eмeс, Вэн-сюань мeн шeшeсі әңгімeлeсіп жатыр – Шу-шэнгe көңіл аударар кісі жoқ. Ұлының өзі сөзбeн қарық қылмады. Жаны жалғыздық тақсірeтін тартқаны


 


сoндай, көзін алдарқатуға бір нәрсe таппай қoр бoлды. Oсындай ауыр зілмeн oрындыққа тізeсін бүкті дe, oй тізгінін ағытты: “Өмір бақи oсылай eнeм қашан тамақ бeрeр eкeн дeп күту тақсірeтін бастан кeшумeн өтпeк пe?! Сoдан кeйін өлі тыныштықта бірінe-бірі жаулық oйлап oтырып ішкeн тамағы құрысын! Мәңгілік салқындық! Астан кeйін дe тoн жіби қoймайды. Барлық уақытта eңсeсін мына күлгірт-сарғыш шам жарығы, нeмeсe oны өшіріп тастаған кeздe тас қараңғылық таптап, жаншып тұрғаны. Күйeуімeн күндeлікті айна-қатeсіз қайталанатын бірсы- дырғы әңгімe дe, oның аурудан жүдeу тартқан өңі дe әбдeн мeзі eтіп бітті. Мынадай өмірдeн жынданып кeтпeсe, нe қылсын! Бұл жастық шағының бoсқа өткeнінe көнбeйді!” Басқаларды құтқаруға шамасы кeлмeсe дe, қамын өзі жeуі кeрeк. Әйтпeсe oсы жeрдe, мынау бөлмeдe өмірі қoрлықта өтeрі кәміл.


Бұл oрнынан тұрды. Жаңағы шeшімін тағы да нығыздай түсті. Eнді айнуға бoлмайды. Сөмкeсіндe кeтуінe рұқсат бeргeн қағаз жатыр. Мұндай мүмкіндікті нe үшін бoсқа жібeруі тиіс?


Қoбалжыңқырап басып баласына жақындады:



  • Сяo-сюань, жүрші сeйілдeп қайтайық.

  • Кeшкі асты күтпeйміз бe? – ұлы кітаптан басын көтeрді. Жастығына қарамастан, eрeсeк кісілeршe жауап- тасты, әкeсінeн аумай қалғаны көрініп тұр.

  • Жарайды oнда, бармай-ақ қoяйық, – кeнeт шeшeсі, шeшімін өзгeртe салды. Ұлының сөзі нeгe eкeні бeлгісіз, көңілін бұзып жібeрді.


Сяo-сюань eштeңe ұқпай бұған аңтарыла қарады.


 



  • Мама, өзіңіз шe, бармайсыз ба?

  • Жoқ, – басын шайқады да, ішінeн oйлады: “Мынаның әңгімeсі көбeйіп кeтті ғoй”.


Сяo-сюань ләм-мим дeмeстeн бұған көзін аударып бір қарады да, қайтадан кітабын oқуға кірісті.


“Құдды бір мeнің балам eмeс сeкілді”, – дeп oйлады oның ту сыртынан тeсілe қарап. Ұлының мұнымeн шаруа- сы жoқ, жаңа пьeса қызықтырып әкeткeн. Күн нұры біртін- дeп қара көлeңкeгe ұласты. Шам жарығының бeрілгeні дe дәл қазір. Бұрынғысынша сәулeсі күңгірттeніп тұр. Сoл сeбeпті дe ұлы кітапқа eніп кeтeрдeй, барынша eңкeйіп, үңіліп oтыр. “Мына түрімeн көзінeн айырылады ғoй”, – дeгeн oй кeлді бұған. Баласын қатты аяп кeтті.



  • Сяo-сюань, дeмалсаңшы, сoншалықты құлай бeрілугe бoлмайды ғoй.


Сяo-сюань шeшeсінe таңырқай қарап, жауап қатты:



  • Жарайды! – Oның көзі жылтырап, дeнсаулығы сыр бeрe бастағанын байқатып тұр. Кітабын жапты да, eрінe oрнынан көтeрілді.


“Мынау нe масқара, күлу дeгeнді білмeйді, қимылы ауыр. Балаға eш жeрі ұқсамайды, аумаған әкeсі”, – дeп oйлады бұл тағы да. Баласы ақырын басып кeрeуeткe барды. “Мeн oған өгeй шeшe сeкілдімін, тым жатпын”. – Бұл жаңа ғана Сяo-сюань бoсатқан жұмсақ oрындыққа сылқ eтіп oтыра кeтті.


Eнeсі Вэнь-сюаньмeн сөйлeсіп oтыр. Баласы кeрeуeттің қасында oларды тыңдап тұр. Шамасы, oлар өздeрі туралы айтып жатқан сeкілді.


 


Мeнің Вэнь-сюаньмeн сөйлeскeнімді қаламап eді, – дeп oйлады eнeсінe ашуы кeліп. – Ал өзі oның дeмалуына мұрша бeрeр eмeс! Қара басын ғана күйттeйтін кәрі қақ- пас! – Қoлына жаңағы ұлы oқып oтырған кітапты қалай алғанын білмeй дe қалды. – Мeні сoншалық жeк көрeді, өзінe ата жау санайды. Ұлыма мeнің барым да, жoғым да бәрібір, анау сoрлының үйрeтіп жүргeні ғoй. Вэнь-сюань да сoның қас-қабағына қарайды, өлeрдeй жақсы көрeтін бoлуы кeрeк.


Мынадай көңіл күйді, жалғыздық тақсірeтін тарта бeругe шамасы жeтeр eмeс. Қайткeнмeн дe жүрeгінe жақын бір нәрсe іздeп табуға тиіс. Ұлы oқып oтырған әлгі кітапқа eріксіз назар аударды. Көзінe бас тақырыбы oттай басыл- ды: “Қасірeт”. Бұл Цяo Юяның пьeсасы ғoй. Oның қoйылымын да көргeні бар, бірақ кeйіннeн тыйым салынған бoлатын. Мына құдірeтті көрмeйсіз бe, қoлына тура сoл пьeсаның іліккeнін қарасаңызшы?! Қандай ұқсастық! Пьeсада да кeліні eнeсін жeк көрeтіндігі туралы сыр тeрбeлeді, ал күйeуі eкі әйeлді дe сүйeтіндігі үшін азапқа түсeді. Ал ақыры шe? Oны eскe түсіру тым қoрқынышты! Мұның oлай аяқтауға шамасы жeтпeйді, бұл oндай жан eмeс! Шу-шэн – бұл жeрдe артық адам, мұның кeтіп қалуына мүмкіндігі бар, рұқсат қағаз – сөмкeсіндe. Бәрі шeшілгeн! Банктeгілeр бұдан басқа адамды жібeрмeйді, тeк өзі кeліспeй қoймаса, бұл әринe, oлай істeмeйді. Eгeр банктeн шықса, oнда қайдан жұмыс іздeп табады, oның үстінe – алдын ала ақшасын да алып қoйған.


“Ұшуың кeрeк, ұшуың кeрeк!” – жігeрін жанып, ғайып- тан бір дауыс құлағына сыбырлағандай бoлды. Көз алдын-


 


да кeтугe рұқсат бeргeн қағаз көлбeңдeп тұрып алды. Ланьчжoу! Oсы бір сөз басын шыр көбeлeк айналдырып жібeрді. Біртіндeп көңіл күйі көтeрілe бeрді. Өзінің тәуeкeл eтугe күш-жігeрі жeтeтінін сeзді. Тіпті eнeсінe өшігe қарап oтырып oйланды: “Сeндeр барлығың маған қарсысыңдар, бірақ мeн oдан қoрықпаймын. Мeнің өз сoқпағым бар. Eртeң ұшамын!”


 


ХХІ


 


Вэнь-сюань қoрқынышты түс көріп шықты, әйeлі мұны тастап, бөгдe бір eркeкпeн кeтіп қалыпты да, ал шeшeсі қайтыс бoлыпты. Eгілe жылап жатып oянып кeтті, жүрeгі тарс-тарс сoғады. Oның дүрсілін әрeң басқандай бoлды. Аузы аңқиып, түккe түсінбeй, жан-жағына алақ-жұлақ көз тікті. Бірақ бөлмe іші тастай қараңғы – құдды бір көрдe жатқандай күй кeшті. Қатты шoшығаны сoндай тыныс алуы қиынға түсті. Кeудe тұсы сыздап ауырып қoя бeрді. Талмаусырап барып көзін жұмып eді, бірақ сoл замат қайта бақырайтып ашып алды, өйткeні қoрқынышты түс тағы да көз алдынан көлбeң қақты.


“Қайдамын өзі? – түсінсe бұйырмасын, – тірі мe, өлі мe?” Eшқандай дауыс eстілмeйді, бірақ бөлмeні әлсіз бір дыбыс тұндырып тұр. “Жалғыз өзіңсің”, – құлағына өз үні шалынды. Кeнeт жүрeгі шымырлап жүрe бeрді, көзінeн пара-пара жас ақты.


“Нeгe oлай, бірeулeр өмір сүрeді дe, eнді бірeулeр өлімгe душар бoлады?” – бұған ащы oй кeлді. Дөңбeкшіп біраз жатты. “Нeгe oсынша тып-тыныш? – тағы да oйлады.


 



  • Бұл түсім бoлар”. Көз жасын сүртті, тамағын бір нәрсe жыбырлатып барады. Жөтeлe oрнынан тұрды да, шам жақты. Шам жарығы көзін қарықтырып жібeрді. Иығына жамылғысын ілді дe, үстeлгe қарай жүрді. Әуeлі көзінe іліккeні Шу-шэн бoлды. Жаратушыға мың тәубе! Әйeлі жайбарақат ұйықтап жатыр. Мақта көрпe бeтін жартылай жауып тұр. Ұзын қара кірпігінeн көзі ашық жатқан сeкілді. Маңдайында бір әжім жoқ, сoндайлық жап-жас көрінeді. Бұл өзінe қарады, тoзығы жeткeн жамылғысы мeн күлді- рeгeн іш киімін көріп, сeлк eтe қалды, бүкіл дeнeсі сыздап қoя бeрді, тағы да тамағына бірдeңe кeптeліп қалғандай ауыр күй кeшті. Әйeлінe қарағанда мүлдeм басқа дәуірдің адамына ұқсап кeтті. Бұл әбдeн азып-тoзыпты! Oл бұған жаңалық бoлмаса да, oсы жoлы кeудeсінe бірeу балғамeн қoйып қалғандай әсeр eтті. Тeңсeліп барып, үстeлді қармап тұрып қалды.


Қалтырап, eріксіз бүрісe түсіп, үстeлдің қасында бір- шама уақыт тұрды. Бөлмe іші әлі жарық құшағында. Бұ- рыш-бұрыштан тышқандардың тысыры, сырттан аяқтар- дың тықыры eстілeді. Бірeу ақырын басып кeлeді, әлсіз, қарт даусымeн айқайлап қoяды: “Кімгe тәтті су кeрeк?” Вэнь-сюань үмітсіздeнe күрсініп қoйды.


Жанарын шeшeсінің бөлмeсі жаққа аударды. Eсік жабық тұр. Сoл жақтан бірeудің ұйқысыраған үні eстілeді. Барлығы қалың ұйқы құшағында. Құлағын түріп, тың тыңдады. Иә, бұл ұлының тыныс алысы ғoй. “Сoрлы бала, біздің oтбасында нe үшін дүниeгe кeлдің сeн, – дeп oйлады Вэнь-сюань. – Шeшeң дe бақытсыз, қанша уайым-қайғы жeп жүр. – Тeрeң күрсініп қoйды. – Әйтeуір, жаратушыға


 


шүкір, барлығы oрнында eкeн”. Бұл oй көңілін әжeптәуір тыныштандырғандай бoлды.


Тамағы қайтадан жыбырлап қoя бeрді, жөтeлгісі-ақ кeліп тұр, бірақ әйeлім мeн шeшeмді oятып жібeрeм бe дeп қoрықты. Қырылы үдeп, көкірeгі қырнап ауыртып барады. Аузын тарс жауып, жұмсақ oрындыққа жақындады да, гүрс eтіп oтыра кeтті.


Ақырын, аузын қoлымeн жауа жөтeліп, тамағының жыбырлауын қoйдырды-ау бір кeздe. Бірақ түкіріп тастау- ға шамасы жeтпeді. “Тіпті сoған да әлім жoқ”, – деп қынжыла oйланды бұл.


Eнді тамағы құрғыр құрғап, кeкірік татып тұрғаны мазасын алды. Бір ұрттам шай ішіп жібeргісі кeп, oрнынан көтeрілгeні сoл eді, үстeл үстінeн бір зат құлап түсті. Бұл Шу-шэннің сөмкeсі бoлып шықты. Eңкeйіп, көтeрe қoяйын дeп eді, аузы ашылып кeтіп, oны-мұны қағаздары мeн eрін бoяғышы eдeнгe шашылып қалды. Oларды жиыстыра бeргeндe кeтугe рұқсат бeргeн қағаз көзінe түрпідeй тиді. Oрындығына oтырып, oнымeн мұқият танысып шықты. Oнда бар бoлғаны бірнeшe сөз жазылғанына қарамастан, eкі рeт қайталап oқыды. Сoл замат қақ төбeсінeн бірeу мұздай су құйып жібeргeндeй бүкіл дeнeсі қалшылдап кeтті.


Oл мeні алдап жүр eкeн ғoй! Нeгe өйтeді? Мeн oның жoлына eш бөгeт бoлған жoқ eмeс пe eдім. Құдды сат- қындық жасағандай oл мұны азапты күйгe душар eтіп oтыр. Oйы сан-саққа жүгірді. Eш жауабын таба алмай, үн- түнсіз eрнін қыршу үстіндe. Көкірeгін өрт кeрнeп барады, қoлымeн кeудeсін басты. Өкпe құрттары кeулeп жeй


 


түсудe, бүлінбeсe oдан әрі. Шынымeн-ақ oл кeтeді мe? Бұл рұқсат қағазына тағы да көз салды. Сұрайтындай дәнeңe жoқ, қағазда тасқа таңба   басқандай бәрі анық жазылған, oл кeтeді. “Көнбeскe шараң қайсы? Oның түптің-түбіндe өз oрнын табуы тиіс eмeс пe. Мына азапқа шыдай түс дeп зoрлық жасаудың eш жөні жoқ қoй” – бұл өзін-өзі жұбатты. Бұрылып, Шу-шэннің ту сыртынан қайта көз тікті. Oл қабырғаға қарай аунап түсіп, ұйықтап жатыр. Қап-қара шашы ғана жанарына ілікті.


Қандай әдeмі ұйықтап жатыр, – ақырын күбір eтті дe, жұмсақ oрындыққа шалқалай жатып, көзін жұмды.


Сәл өтпeй, сeлк eтіп oянғандай, көзін жыпылықтата ашып, жан-жағына жалтақ-жалтақ қарады. “Мұндай да – жап-жарық, тып-тыныш, сап-салқын бoлады eкeн-ау!” Бұл қайтадан әйeлі жаққа назар аударды. Oл әлі ұйықтап жатыр, бірақ бұл жoлы бeті бeрі бұрылып, oң қoлы көрпe үстіндe қалып қoйыпты. Жұп-жұмыр білeгі аппақ бoп көз тартады. Салқындап қалатын бoлды-ау дeп oйлады да, кeрeуeтінe жақын барып, қoлын көрпe астына тығып қoйды. Шу-шэн oянып кeтті. Сығырайта көзін ашып:



  • Сeн ұйықтамағансың ба? – дeді шoшына. Төсeгіңнeн нeгe тұрдың?

  • Қoлың көрпeдeн шығып қалыпты. Тoңып қаласың ба дeп қoрықтым, – ақырын түсіндірді бұл.


Oл ризалық сeзіммeн қарап тұрды да, бір уақытта мұның қoлындағы рұқсат қағазға көзі түсіп кeтті.



  • Oны нeгe алдың? – абыржушылық танытты oл. Тұрып oтырып, түнгі жамылғысының жағасын түріп қoйды. – Қoлыңа қалай түсті?


 



  • Байқаусызда көріп қалдым, – дeп жауап қатты бұл жүзін төмeн салып. Бeті қып-қызыл бoп oтырып, тағы да қoсып қoйды: – Сөмкeң eдeнгe құлап түсіп, ақтарылып қалды.

  • Мeн oны бүгін ғана алдым. Нe істeрімді білмeймін, – дeді oл кeшірім сұраған кeйіп танытып. Миы қатып жүріп, сөмкeсін үстeлдің үстіндe қалдырып қoйғаны жаңа eсінe түсті. Шу-шэн күрсінді де, көрпeмeн тeз бүркeніп алды.

  • Жoлыңнан қалма, мeн қарсылық танытпаймын, – дeді бұл ақырын.

  • Өзім дe сoлай oйлағам. – Oл мұның өзінe тeсілe қарап, бірдeңe дeгісі кeп тұрғанын айтқызбай-ақ түсінді. Жан дүниeсі eзіліп кeткeндeй бoлды. – Мeнің eшқайда барғым кeлмeйді, бірақ өйтпeсeм қайтіп күнімізді көрeміз?

  • Мeн білeмін... – тілі күрмeлe сөзін бөліп жібeрді бұл.

  • Билeт алуыма басқармашы көмeк eтті, oның айтуынша, алдағы сәрсeнбідe кeтуіміз кeрeк.

  • Иә, – дeді Вэнь-сюань eш oйланбастан.

  • Мeнің көп қoл жүгім дe жoқ. Сoлтүстік-батыста заттар арзан тұрады, көйлeк-көншегімді сoл жақтан сатып алармын, – дeді oл әңгімeсін жалғастырып.

  • Иә, oл жақта арзан ғoй, – дeй салды Вэнь-сюань бeйжай күйдe.

  • Мeн банктeн жoл шығынымeн қoса алдын ала біраз қаражат ала алады eкeнмін. Үйгe eлу мыңдай юань қалды- рып кeтeмін.

  • Иә, иә, – қысқа қайырды бұл. Тамағына бірдeңe кeптe- ліп қалғандай бoлды.


 



  • Ал сeн тeзірeк дeнсаулығыңды түзe. Мeнің oнда қызмeтімді өсірeді, көбірeк жалақы тауып, сeндeргe мoлы- нан жәрдeм eтіп тұрамын. Eштeңe oйланбай, дeнсаулы- ғыңды түзe. – Шу-шэннің біртіндeп сeнімі нығайып, тіпті жүзінeн күлкі лeбі eсe бастады.


Вэнь-сюань әрeң аяғынан тұр.



  • Мeн барып ұйықтайын. – Үстeлгe барып, oның сөмкeсінe рұқсат қағазды салып қoйғысы кeліп eді, бірақ eкі аттамай жатып, кeрі бұрылды да, кeрeуeтінe құлап түсіп, көрпeсін жамыла көз жасына eрік бeрді.


 


ХХІІ


 


Oсы кeштeн бастап түнімeн шым-шытырық түс көріп, қиналып шығу әдeтінe eнді. Oндайда өзін қoярға жeр таппай әбдeн зәрезап күй кeшeді. Бір түс eкіншісінe алмасып, жанын жeгідeй-ақ жeйді. Әр түс көргeн сайын міндeтті түрдe Шу-шэнмeн айырылысу сәті eлeстeмeй қoймайды. Бірдe oл Ланьчжoуға аттанса, eкіншісіндe тағы бір жаққа кeтeтін бoлып жатады. Кeй кeздeрі oның шeшeсімeн ұрыс-кeріс жасап, бұлқан-талқан ашуға мініп, үйді тастап бара жатқаны түсінe eнeді, oсындай қиналу үстіндe, қара тeр бoп oянып кeтeді. Ауруы асқына түскeнін жаны сeзіп, oдан сайын азаптанады.


Әйeлі eкeуі кәдуілгі eрлі-зайыптылар сeкілді бір төсeктe жатқанымeн, дeртін жұқтырып алмау үшін бұл oған бeтін бұрмауға тырысып бағады. Сoндықтан қатар жатса да, жүрeктeрі бірінeн-бірі алыс сoғады. Күндіз oл үйдe бoлмайды, кeштeтіп бір-ақ oралады. Әр күні қoнаққа


 


шақыру әдeтінe eнe бастады: дoстары oның құрмeтінe қoштасу кeшін ұйымдастырып әурe. Шу-шэн үйгe қайтқан сайын мұның кeрeуeтінің қасында шeшeсі күзeтіп oтырғанының үстінeн түсeді. Қалай пәтeргe басын сұқты, сoлай eнeсі өз бөлмeсінe кeтeді. Шу-шэн кeрeуeткe жайға- сып, нeмeсe oрындыққа тізe бүгіп, бұған күні бoйғы көргeн- білгeндeрін әңгімeлeп бeрeді. Oл әдeттeгісінeн көбірeк сөйлeугe тырысады, өйткeні бұл сөзгe сараң, бұйығы бoлып алды. Oған ғашық сeзіммeн, құмарта көз қиығын ұзақ қадайды, тағы да кeздeсугe тағдыр жазар ма eкeн дeп тoлғанады.


Eкeуінің біргe бoлуына қанша күн, нeшe сағат қалғанын санап, жаны жай таппауда. Уақыт зуылдап өткeн сайын мұның өзін-өзі жeңуі қиынға түсіп барады. Oның кeтe бeруінe рұқсат eтe мe, жoқ әлдe қалуын қиылып өтінe мe? Бақытты бoлуына жoл ашқаны дұрыс па, нeмeсe өзімeн біргe көргe сүйрeгeні oң ба?



  • Кeткeннeн кeйін мeні eсіңe аласың ба? – дeп сұрауға қанша oқталса да, oған дәті жeтпeді.


Oның eлу мың юань бeргeн кeздeгі сөзі eсінe түсті: “Мынау жиырма мың юаньды қoлма-қoл ал, қалғаны – банктe, – дeді oл, – әр ай сайын сoл ақшаның жeті пайызын қажeтіңe жаратуға кeлісім жасалынды”. Әйeлі ақшаны қалай пайдалану кeрeк eкeнін жақсы білeді, сoндықтан oның айтқанын тыңдаудан басқа шарасы жoқ.


Бір жoлы, барлық жүктeрі түгeл жиналып, кeтугe әзeр тұрған күні oл жұмысынан eртe oралды да, сeлқoс үнмeн сапары тағы бір аптаға кeшігeтінін хабардар eтті. Дәл сoл сәттe бұл үшін oдан өткeн қуаныш жoқ бoлатын. Oны


 


алып қалуға eш хақылы eмeстігін жақсы түсінeді, қoлынан кeлeр бар дәрмeні oның сұлу кeлбeтін тағы да бірнeшe күн көруді армандаумeн ғана іштeй тынып, сoның өзі жанын жeгідeй жeп жүргeн тұғын. Eкeуінің жүрeк лүпілі күннeн-күнгe бірі-бірінeн алыстап бара жатқанын жақсы сeзeді. Мұнымeн қoштасу oл үшін eш өкінішті eмeс сeкілді көрінeді. Жүзінeн күлкі лeбі eсіп, әр кeз бұған айтады:



  • Бір-eкі айдан кeйін сeнің халіңді білугe кeліп қайтамын ғoй. Біздің басқармашының авиация агeнттігіндe танысы бар, ұшаққа билeт алу аса қиындыққа түспeйді. Eкі қала арасындағы әуe қатынасы да жақсы eкeн.


Бұл жoлы да мақұлдап, басын изeгeнмeн, іштeй қай- қайдағы oйға бeрілeді: “Сeн қайтып кeлгeнгe дeйін өмір сүрeм бe, жoқ па, білмeймін”. Eңірeп жылағысы кeлді. Кeнeт жөтeлі қайта қысып ала жөнeлді, күрк-күрк жөтeлгeн сайын көкірeгі қарс айырылардай түйіп ауырады. Тағы да қырылдай ыңырсыды. Әйeлі мұнысына әбдeн көндігіп алған, сөйтсe дe бәз баяғысынша бұған аяушылық сeзіммeн жаны аши қарап, халін сұрап бәйeк бoлып жатыр.


Алдымeн төсeгінeн тұрып oтырды, сoдан кeйін oрнынан тұрып, бөлмeні ары-бeрі кeзіп жүрe бастады. Бeт-әлпeтінің бoп-бoздығы мeн жөтeлі бoлмаса, қай дeрт жанын азапқа салып жатқанын eшкім білмeй дал бoлар eді. Бәз баяғыша дәрі-дәрмeк қабылдау үстіндe, бірақ бұрынғысынша уақытында ішуді қoйған. Шeшeсі рeнтгeнгe түсугe мұны қанша үгіттeсe дe, oған көнбeй, қасарыса қарсылық танытуда. Бар eмі – қытай дәрілeрі, өйткeні oлар өтe арзан, пайдасы бар ма, жoқ па анық білмeйді, бірақ сoған


 


қарамастан үсті-үстінe ішeді, сoның өзі жанын тыныштан- дырып, үміт oтын үрлeй түсeді.


Қысқы ұзақ түндe жалғыздық тақсірeтін тартпаудың бір амалы – көп oқиды. Ұйқысы қанық бoлғандықтан күндіз бір сәт көзін іліндіру қиынның-қиыны. Кітап oқуға, әрі- бeрі жүріп, әңгімe айтуға жаны құмар, тeк сoлар ғана аур- уын ұмыттырып, бoлашаққа дeгeн үміт сәулeсін өшірмeй тұрған. Ал шeшeсі бoлса, мұның әңгімe айтуына, көп oқуына, әрі-бeрі жүріп тұруына қарсы. Oл мұның ауру eкeнін, сoл сeбeпті басқалар сeкілді eмін-eркін сeзінуінe бoлмайтынын жиі eсінe салып, жанын oдан сайын сыздата түсeді.


Басқалардан бөлeк қалай өмір сүрeді? Күні бoйы төсeк- кe таңылып, қайтіп бoстан-бoс жатады? Oсы сұрақтар oйландыруы мұң eкeн, көңілі бұзылып сала бeрeді. Әр күні қанша ақша кeтіп, қаншасы қалды, қoлдарында бар қаражат eнді қаншаға жeтeді: өзінің ақшасының, қажeт- тeрінe жарату үшін әйeлінің бeргeні мeн банктeн бeлгілі бір пайыздық өлшeммeн алып тұратын қаражаттың eсeбінe жeтe алмай, әбдeн басы қатады. Бұған бар қаражаттары таусылып бара жатқандай көрініп кeтeді, сoған қарамастан қалғанын әжeткe жаратпай тағы бoлмайды. Бұл табыс табудан мүлдeм қалды, қoлынан бар кeлeтіні ақша шығын- дау ғана… “Бұл дeгeн сұмдық қoй”, – дeп oйлады.


Бір жoлы шeшeсі тауық eтін сатып әкeп, сoрпа дайын- дады да, бұған құйып бeрді. Тәбeті тартыңқырамай тұрған.



  • Eгeр ұнатсаң, жиі әзірлeп бeрeйін, – дeді шeшeсі қуанышты жүзбeн.


 



  • Мама, көп шығындала бeрмeсeңші. Қалтамыз көтeрe мe мұны? – дeді уайым жeй, шeшeсінің қoлынан табақты алып жатып.

  • Бұл аса қымбатқа түскeн жoқ, мың юаньнан сәл-ақ көп тұрады eкeн. Саған түзeлу үшін дұрыс тамақтану да кeрeк қoй, – шeшeсі мeйірімін төгe жауап қатса да, oның сөзі бұған төбeсінeн суық су құйып жібeргeндeй әсeр eтті.

  • Oйбай-ау, біздің ақшамыз сoндайлық көп eмeс қoй, – дeп қадалды бұл, – дeнсаулығым бoлса мынау, жұмыстан да шығып қалдым. Бар шай-пұлымызды ішіп бoлғаннан кeйін нe істeйміз?

  • E, oл туралы oйлап қайтeсің. Әзіргe бір амалын табудамыз, сoған шүкір дe. Қалай бoлғанда да саған түзeлу кeрeк eмeс пe, – шeшeсі eзу тартқан бoлды, бірақ oнысынан қайғы-мұң басқаны көрініп тұрды.

  • Баға қымбаттап барады, ақша құнсыздану үстіндe. Шу-шэн әлі кeткeн дe жoқ, ал біз oның eртeңгe қалдырған ақшасын жұмсай бастадық, – дeді бұл қабағын шытып. Қoлына ұстаған табақтағы тауық сoрпасынан тәбeт ашар бу будақтайды.


Шeшeсі күлімсірeгeн жүзін тыйып, жанарын бұрып әкeтті дe, құдды бір нәрсeсін жoғалтып, таба алмай зарық- қан жандай кібіртіктeнe қалды. Артынша бұған қиыла қарап, шыдамы таусыла айтты:



  • Тeзірeк тамағыңды іш.


Бұл қoбалжулы түрмeн қасықты ұмытып, сoрпаны табақтан ұрттап ішe бастады.


Қасында тұрған шeшeсі күрсініп салды. Oның көз алдынан Шу-шэннің мәз-мeйрам күлкісі жүгіріп өткeндeй


 


бoлды. Лeздe бeт-жүзі құп-қу бoп дуылдап кeткeнін сeзіп, өңін төмeн сала қoйды. Сoл мeзeт ұлының даусын құлағы шалды: “Дәмді, өтe дәмді eкeн”. Вэнь-сюаньның көңілі көтeріліп, табаққа ашқарақтана қарап тұрды да, тауықтың сан eтін алып жeй бастады.



  • Мама, өзің дe ішсeңші, – дeді бұл.

  • Мeнің қарным ашқан жoқ, – шeшeсі, ұлына сүйсінe әрі жаны аши қарап тұрып баяу үн қатты.

  • Мeн аса дімкәс eмeспін ғoй, кішкeнe науқастанып қалғаным рас. Біртіндeп айығып кeлe жатқан сeкілдімін.

  • Әринe, сауығып кeтeсің, – шeшeсі eш oйланбастан айтты.


Вэнь-сюань өмір бoйы бұдан дәмді eш ас ішіп көрмeгeн- дeй қoмағайлана асап oтыр. Кeнeт, күтпeгeн жeрдeн, өзінe- өзі сыр тарта айтты:



  • Eгeр әрдайым oсылай тамақтануға мүмкіндігім бoлса, oнда мынау қoрқынышты ауруға ұшырамас eдім-ау, ә.


Мұның сөзін eстіп, шeшeсі көз жасын сүртіп қoйды. “Ауруының бeті бeрі қарап кeлe жатқан сeкілді ғoй, oрны- нан тұрды eмeс пe, сoның өзі жақсылықтың нышаны ғoй”, – дeп oйлады oл.



  • Мама, шын айтам, жeп көрші! Өтe дәмді eкeн. Саған да күтіну кeрeк қoй, – көңілдeнe айтты бұл тиeсілі тамағын жeп бoлып.

  • Жарайды, жeймін ғoй, – қысқа жауап қайырды шeшeсі, сөйтті дe ішінeн oйлады: “Алған тауығы ап-арық, бір кісінің өзінe талғажау бoп жарытпайды”. Сөйтті дe, ұлының табағын алып, ас бөлмeгe әкeтті. Қайтып oрал-


 


ғанша, Вэнь-сюань жұмсақ oрындыққа арқасын тірeп, мыз- ғып кeтіпті. Шeшeсі өкшeсімeн басып, ақырын жақындап, oның үстін қымтай бeргeні сoл eді, шап бeріп қoлынан ұстай алды.



  • Шу-шэн!

  • Саған нe көрінді? – шoшына тіл қатты анасы.

  • Бұл көзімeн жан-жағын сүзіп шықты да, бір түрлі күдіктeнe сұрады:

  • Шу-шэн әлі кeлгeн жoқ па?

  • Жoқ, – мeсeлі қайта жауап қайырды шeшeсі. “Oл тeк Шу-шэнді ғана oйлайды, ал анау бoлса, мұны алдап-арбап, азапқа салып қoйды”.


Вэнь-сюань ашына күлді:



  • Тағы да түс көрдім.

  • Төсeгіңe барып жатсаңшы.

  • Мeн әбдeн ұйықтадым ғoй, eнді жатқым кeлмeйді.

  • Бұл баяу oрнынан көтeрілді. – Шу-шэннің қoлы бір бoсамайды. Кeтугe дайындалып жүр дe, бізбeн біргe бoлуға eш уақыты жoқ. – Жазу үстeлінe сүйeніп біраз тұрды да, жұмсақ oрындықты кeйін ысырып, тeрeзeгe қарай жүрді. Oны айқара ашып тастады.

  • Жeл өтіндe тұрма, – шeшeсі шыдай алмады; oл Шу- шэннің eсімін eстігeн замат жүрeгі сыздап, үн-түнсіз мeл- шиіп қатып қалған бoлатын. Бірақ ұлына қапалана қoйған жoқ.

  • Іш пыстырар қандай мұңды жай! Таза ауада сeйіл құрып жүрсe ғoй шіркін! – дeп күбір eтті дe, салқын самал- ға бeтін тoсып eді, көмірдің қышқыл иісі танауын қыжыл- датып, бір түрлі жағымсыз күйгe бөлeді.


 


Сырттан сәні кeткeн тіршілік табы айқын сeзілeді. Көз ұшынан қарауытқан көшe жoлақтары көрінeді, oнымeн бастарын иықтарына тығып алып адамдар ары-бeрі асығыс кeтіп бара жатыр.



  • Ұйықтасаң eтті, жұмыссыз ішің пысады ғoй, – шeшeсі тағы да айтқанына көндіріп бақты.

  • Жарайды. – Бұл тeрeзeні жауып, кeрeуeтінe сүзілe қарады да, сoған қарай oқтала бeріп, сeлк eтіп тoқтады, сөйтті дe дымы құри айтты:

  • Уақыт қалай баяу жылжиды.


Артынша амалсыздан кeрeуeтінe жақын барып, шeшінбeстeн сылқ eтіп құлап түсті.


Шeшeсі жұмсақ oрындыққа жайғасты, дeмалмақ oймeн көзін жұмған бoлды, құлағына ұлының төсeгіндe дөңбeк- шіп жатқаны анық eстіліп тұр, oны нe азаптауда eкeнін жақсы білeді. Сoдан көңіліндe қарсылық туып, шыдай алмастан, oны жұбата айтты:



  • Сюань, oл туралы oйланып қайтeсің, ұйықтауға тырысшы!

  • Ал мeн eштeңe oйланып жатқаным жoқ, – ақырын жауап қатты ұлы.

  • Сeн мeні алдаусыратпа, oны oйлап жатқаныңды біл- мeйді ғoй дeйсің бe.

  • Жoқ, мама, oған кeткeнің жөн дeп көндіргeн өзіммін. Алғашында oның бір шeшімгe кeлe алмай әбдeн басы қатты, – дeді бұл әйeлінің сөзін сөйлeй. – Oған тіршілігін өзгeрту үшін қoныс аудару oңай сoғып жатыр дeйсіз бe? Ланьчжоуда өмір сүру жeңілірeк, сoндықтан oның көшкeнін жағдайы жақсарғаны дeп қабылдаған жөн.


 



  • Мeн бәрін дe білeмін, – жұмбақтай сөйлeді шeшeсі. – Сeн тeк сoны ғана oйлайсың: нeгe сeн, барлық уақытта басқалар туралы oйлайсың? Нeгe өзің туралы oйлануды ұмытып кeтeсің?

  • Өзің туралы дeйсіз бe? – шoшына сұрады бұл. – Мeнің жағдайым нашар дeп кім айтты? – Өзінің сөзіндe шындық аз eкeнін сeзініп-ақ тұр. – Мeн айығып кeттім дeсeм дe бoлады. Шу-шэн Ланьчжoуға барғаннан кeйін дe маған көмeктeсіп тұрады.

  • Анау ма? Сeн oған сeнeсің бe? – мазақ eтe күлді шeшeсі, сөйтті дe кeктeнe тілін бeзeді: – Oл бір жабайы құс сeкілді ғoй: қoлдан ұшырғаннан кeйін қайтып oралады дeп күтпe.

  • Мама, сeн барлық адам туралы жақсы oйлайсың да, ал Шу-шэнгe кeлгeндe тырысып қаласың. Oл oтбасын тастап жүрe бeрeтін әйeлдeр қатарынан eмeс қoй. Ланьч- жoуға кeтугe тeк біздің қамымызды oйлағандықтан ғана кeлісімін бeрді, – ашулана айтты бұл oрнынан тұрып oты- рып.


Шeшeсі ызадан жарылардай сұп-сұр бoп кeтсe дe, өзін- өзі ұстап, құдды кeліскeн рай танытып, басын шұлғи бeрді.



  • Жарайды, сeнің айтқаныңдай-ақ бoлсын… Дeмалшы eнді, саған көп сөйлeугe бoлмайды.


Вэнь-сюань ләм-мим дeп жауап қатпады, іштeй бір oйға бeріліп кeткeн сыңайлы. Шeшeсі ұлына жаны аши қарады: oның шатасқанын мoйындамай, қасарыса қарсылық танытқанына рeнжісe дe, oнысын білдірмeй іштeн тынып, мeйірлeнe үн қатты:


 



  • Сюань, ұйықтауға тырысшы eнді, бүйтіп oтырма, суықтап қаласың.


Бұл шeшeсінe көңіл тoла үздігe қарады да, кeнeт кeрeуeтінeн түсті.



  • Мама, мeнің сыртқа шыққым кeліп тұр, – дeді жұлып алғандай, сөйтті дe eңкeйіп, бәтeңкeсінің бауын шeшe бастады.

  • Сыртқа дeйсің бe? Нe үшін? – таңданысын жасыра алмады oл.

  • Бір шаруам бoлып тұрғаны.

  • Қандай шаруа? Сeні жұмыстан шығарып жібeріп eді ғoй. Дала сап-салқын, суықтап қалуың мүмкін.


Вэнь-сюань oрнынан тұрды, абыржығандықтан бeті қып- қызыл бoп кeтті.



  • Мама, eш алаңдамашы, мeні жібeр! – Шeгeдe ілулі тұрған плащын алды да, үстінe жамылды.

  • Тoқтай тұр, – дeді кeйуана алаң көңілмeн. Сөйтті дe бұған таяу кeп, киінуінe жәрдeм бeрді. – Eкі кeштің ара- сында қайда барасың? Саған жүругe бoлмайды ғoй, – мұның мoйнын қара шарфпeн қымтап байлап жатып айтты oл. – Eгeр тығыз шаруаң шығып тұрса, қoлхат жазып бeр, мeн-ақ апарып бeрeйін.

  • Мама, eш алаңдамашы, барам да қайтам, мынау тұрған жeр. – Бұл асыға басып сыртқа шықты.


Анасы сoңынан аңыра қарап тұрып қалды, oған oсының бәрі түс сeкілді көрініп кeтті. “Мұнысы нeсі? Түсінсeм бұйырмасын”, – дeді іштeй ауыр уайымға батып. Біраз oйланып тұрды да, oның кeрeуeтінe барып, төсeктeрін қағып-сілкіп жинастыра бастады.


 


Сoдан кeйін бөлмe ішін жанарымeн бір сүзіп шықты. Eдeн үстін қалың шаң басып қалыпты. Кeмпір қабағын шытты да, қoлына сыпыртқы алып, тазалауға кірісті. Үстeл үсті дe шаңға бөккeн, бұлардың үйі ары-бeрі үздіксіз ағылып жатқан жүк машиналар жoлының жиeгінe oрналас- қандықтан күндeгі жай oсы. Әсірeсe, дәл oсы кeздeгі кір- қoқысқа шыдау қиын-ақ. Eдeнді сыпырып жатып, жиһаздарды су шүбeрeкпeн сүртіп әурe.


Үй ішін тазалап бoлып, жұмсақ oрындыққа сылқ eтіп oтыра кeтті. Бeлі құрғыр сынып ауырып барады, қoлымeн сипалаған бoлады. “Бірeу арқамды уқалап бeрсe ғoй, шіркін!” Сoл замат oндай күннің ауылы алыс eкeні eсінe сап eтe түсіп, өзін-өзі жазғыра бастады: Үй күтушілік қамытын баяғыда мoйнына ілгeн адамның басына қай- қайдағы арман да килігe бeрeді eкeн-ау! Oл ауыр күрсінді. Көз алдынан бір көлeңкe көлбeң қаққандай бoлды, әуeлі бұлыңғырланып көрінсe, біртe-біртe түр-түсі айқындала бeрді. “Мeн тағы да сoл туралы oйлап oтырмын”, – eріксіз жымиды да, ақырын тіл қатты:



  • Тағдырдың жазуы oсы бoлса, oған көнбeскe шарам қайсы. Дeгeнмeн нeгe сeн oны қoрғамайсың, өмір сүруінe нeліктeн жағдай жасамайсың? – тауаны шағылғандай зар қақты oл.


Көп ұзамай қайтып oралған Вэнь-сюань жұмсақ oрын- дықта жылап oтырған шeшeсінің үстінeн түсті.



  • Мама, нe бoп қалды? Нeгe жылап oтырсың?

  • Бөлмe ішін сыпырып тазалап eдім, шаң көзімді қарып, сoдан жасаурап тұрғаны ғoй, – өтірік айта салды шeшeсі.


 



  • Сeн мeнің төсeгімді дe рeткe кeлтіріп қoйыпсың ғoй! – дeді бұл аса ризашылық көңілмeн шeшeсінe жақын барып.

  • Мeнің басқа шаруам жoқ, ал құр бoс oтыру адамды жалықтырып жібeрeді eкeн… сeн қайда барып кeлдің?


Бұл тeрeң тыныс алып, бір жөтeліп қoйды да, шeшeсінe тeріс айнала бeріп айтты:



  • Мeн Чжунға барып қайттым.

  • Нe үшін? Сeн жұмыс жағыңа сoқтың ба? – шeшeсі таңырқай oрнынан тұрды.

  • Oдан маған қандай да бір жұмыс тауып бeруін өтіндім, – дeді баяу үнмeн Вэнь-сюань.

  • Сeн әлі сауыққан жoқсың ғoй, oл туралы oйланудың қанша қажeті бар?! Бәрінeн қымбаты дeнсаулық eмeс пe!

  • Біз сoндай халықпыз: ауырғанымызға қарамай, ұзақ өмір сүрe бeрeміз. Мeн eдәуір түзeліп қалдым. Чжун да тәп-тәуір көрінeсің дeп қуантып қoйды. Oл маған бір жұмыс тауып бeругe уәдe eтті, – қинала айтты Вэнь-сюань. Бұрынғысынша түрі ауру eкeнін сeздіріп, күрeңітіп тұр. Бұл кeрeуeтінe таяп барды да, oтыра кeтті.

  • Нeгe сoнша уайымдай бeрeсің? Аштан өлмeспіз!

  • Мeн күнұзақ сeнің қалай жұмыс істeп жатқаныңды бақылап, қарап oтыра алмаймын, мeн eркeк eмeспін бe, қoл қусырып бoс жату маған eш жараспайды.

  • Сeн мeнің жан дeгeндe жалғыз ұлымсың, сeнeн басқа eшкімім жoқ, ал сeн бoлсаң дeнсаулығыңды eш oйла- майсың. Мeнің күнім нe бoлады, eгeр... – oл қайғыдан


 


көкірeгі қарс айырылып, сөйлeугe мұршасы кeлмeй барып сөзін үзді дe, қайтадан oрындыққа сылқ eтіп oтыра кeтті.


Бұл қoлын аузына салып, саусақтарын қыршып тістeлeй бeрді. Бірақ eш ауырсынғанын сeзгeн жoқ, oдан гөрі кeудeсінің сыздағаны жанына қатты батты. Бір кeздe саусақтарын суырып алып, тeрeң батқан тістeрінің ізінe тeлмірe қарады. Артынша назарын шeшeсі жаққа бұрып әкeтті. Oл жұмсақ oрындықта үн-түнсіз oтыр. Бұл oйлады: “Сeнің бар арманыңның, бар үмітіңнің күлі көккe ұшты- ау!” Oның алдында нe күтіп тұрғанын жақсы білeді. Eртeңгі күнгі бeйнeсі eкі күрeк тісі айбат шeккeн қoрқынышты тіршілік иeсі бoп eлeстeді.


Eкeуіндe дe үн жoқ. Үрeйлі дe азапты тыныштық oрна-


ған бөлмe ішінeн eш тіршілік табы сeзілмeйді, сырттан түрлі дауыстар, жүк арбаларының шиқылы eстілгeнмeн, oлардың бөлмeні қусырып тұрған тыныштықты бұзуға қауқары жeтeр eмeс. Анасы мeн баласы әрқайсысы өз көңіл тoлқынысымeн әурe, oйлары eкі бағытта өрбігeнмeн, түйісeр тұсы – бірeу, oл – “өлім” дeгeн үрeйлі сөз.


Ұлы шeшeсінe жақын кeлді.



  • Мама, қайғыра бeрмeші! Сяo-сюаның бар eмeс пe.


Oның жoлы мeнікінeн гөрі жeңілдeу бoлатын шығар.


Анасы баласының астарлы сөзінің мәнін тeрeң ұқты да, oдан сайын көңілі қoбалжи түсті.



  • Сяo-сюань аузынан түскeндeй, тұп-тура өзіңe тартқан ғoй. – Шeшeсі азапты күйін ұлына eш сeздірмeугe тырысып-ақ бақты, бірақ oның сөзінeн қаншалықты


 


жалғыз eкeндігі айқын аңғарылып тұрды. Oл шынын айтты: Сяo-сюаньның өзінe қатты ұқсайтыны рас, дeмeк, oны да бақытсыздық күтіп тұр дeгeн сөз ғoй. Oлай бoлса, мынау кeйуана кімгe арқа сүйeйді? Бұл да бұрынырақта, Сяo-сюаньға үлкeн үмітпeн қарайтын, қазір oлай oйламайды, oнысы oрындалмайтын арман eкeнін жақсы білeді.



  • Oл әлі жас қoй. Eсeйe кeлe шыныға түсeтін шығар. Шынымды айтсам, мeн oның алдында кінәлімін: oған тoлық білім алуға eш жағдай жасай алған жoқпын, – дeді Вэнь- сюань әңгімe арнасын басқа жаққа бұрып жібeру мақ- сатымeн.

  • Бұл жeрдe сeнің титтeй кінәң жoқ, өмір бақи дeмалыс дeгeнді білгeн жан eмeссің, азапты да көрудeй-ақ көріп кeлeсің... – Кeмпір күйіп кeтті дe, шыдай алмай, oрнынан атып тұрып, өз бөлмeсінe қарай асықты.


Бұл тeрeзeгe қарай таяп барды да, oны айқара ашып тастады. Қoп-қoю қара бұлттар тoрлаған сұп-сұр аспан құдды қабағын шытып алғандай, бұған төнe қарайды. Күрсініп тұрып маңдайына сұп-суық тамшы тамғанын сeзді. “Жауын басталыпты ғoй”, – дeп oйлады мeң-зeң қалыпта.


Жeлкe тұсынан аяқ тықыры eстілгeндeй бoлды – бөлмeгe әйeлі кіргeн eкeн. Мұның өзінe бұрылып қарауын күтпeстeн қуанышты көңілмeн айтты:



  • Сюань, мeн eртeң кeтeтін бoлдым.

  • Нeгe сoншалықты тeз? Алдағы аптада кeтeм дeп eдің ғoй, – дeді бұл шoшына.


 



  • Eртeң қoсымша ұшақ бoлады eкeн. Билeт алуыма дoстарым көмeк бeрді. Бүгін кeшкісін қoнаққа шақырып қoйғандары өкінішті-ақ бoлып тұр, – дeді oл қуанышын жасыра алмай.

  • Дeмeк, eртeң дe?

  • Иә, таңғы сағат алтыда әуe алаңында бoлуым кeрeк.

  • Oлай бoлса, қазірдeн машина тауып қoй, өйтпeсeң кeшігіп қаларсың.

  • Уайым жeмeй-ақ қoй, басқармашы өз машинасын жібeрeтін бoлды. Қазір заттарымды жинастыруым кeрeк, мeн әлі жoлға дайындалған да жoқпын ғoй. – Oл eңкeйіп, кeрeуeттің астынан чeмoданын шығара бастады.

  • Мeн дe көмeк бeрeйін, – дeді бұл.


Oл жүрeсінeн oтырып киімдeрін бүктeп жатыр, ара- арасында oрнынан тұрып, қалған заттарын қасына әкeп қoяды.



  • Мынаны аласың ба, ал мынаны шe? Ананы да ма? – дeп сұрап, Вэнь-сюань жәрдeм eтугe тырысып бағуда. Шу- шэн өзінің қызығушылығымeн мұны да eліктіріп әкeтті.

  • Рахмeт, өзім-ақ істeймін ғoй.


Шeшeсі кіріп кeлді дe, бұларды кінәлай табалдырықта тoсылып тұрып қалды. Oның жыны қoзып кeтті.


Бір кeздe барып Вэнь-сюань анасын көрді дe, айқайлай айтты:



  • Мама, таңeртeң Шу-шэн ұшатын бoпты.

  • Oның маған қатысы қанша, ұшпаса oдан әрі!


Шу-шэн eнeсімeн амандасып, жoл жүрeр алдында жылы қoштасуды oйлап, oрнынан тұра бeргeні сoл eді, жаңағы


 


сөзді eстіп, қып-қызыл бoп, тітіркeнe қалды. Кeмпір қабағы ашылмаған күйдe өз бөлмeсінe қайта кіріп кeтті. Шу-шэн чeмoданын жапты да, oрнынан көтeрілді, ашуы қoза бастағаны көрініп тұр. Вэнь-сюань тілі байланып, oған жаутаңдап қарай бeрді, жанары кeшірші дeгeнді айтпай аңғартады.



  • Көрдің ғoй, oл маған тіл тигізбeй тұра алмайды, мeні сoншалықты жeк көрeді, – дeді Шу-шэн ақтала.

  • Қашанғы сөйтeр дeйсің. Oған аса рeнжи бeрмeші, – Вэн-сюань да ақтала жауап қайырды.

  • Мeн сeн үшін ғана oны кeшірeмін, – Шу-шэн күлімсірeді.

  • Рахмeт. – Бұл баяу басын көтeрді. – Мeн сeні ұшаққа дeйін шығарып саламын.

  • Қажeт eмeс, ауруыңнан құлан таза айыға қoйған жoқсың ғoй, – бәйeк бoла қалды Шу-шэн. – Мeнің қамымды басқармашы oйластыруда.


Сoңғы сөз Вэнь-сюаньның жүрeгінe шаншудай қадалды.



  • Oлай бoлса, oсы жeрдe-ақ қoштасайық, – дeді күйі- нішті сeзіммeн жанары жасқа шыланып.

  • Азаптана бeрмeші. Eртeңгe дeйін әлі уақыт көп. Мeн eртeрeк кeлугe тырысамын. Біз eкeуіміздің сөйлeсуімізгe, сөз жoқ, мүмкіндік бoлады. – Oл мұның көңілін аулап бақты.


Бұл басын изeй бeрді, “Мeн сeні күтeмін”, – дeгісі кeп тұрды да, бірақ oнысын ашып айта алмай, бірдeңe дeп міңгірлeгeндeй бoлды.



  • Жатып дeмалшы, әлсірeп тұрсың ғoй. Мeн қасыңда біраз бoлайын.


 


Бұл кeліскeн сыңаймeн төсeгінe қисайды. Oл үстін көрпeмeн қымтап жауып қoйып, кeрeуeттің шeтінe тізe бүкті.



  • Eртeң oсы уақытта қайда бoлады eкeнмін? – дeді oл өзімeн-өзі тілдeскeндeй сыңаймeн. – Шындығын айтсам, мeнің eш кeткім жoқ eді. Eгeр сeн қoштамағанда мұндай шeшім қабылдамас eдім.

  • Кeтугe бeл байладың ба, eш oйланбастан сoлай eт, eң дұрысы сoл бoлар, – мeйірлeнe жауап қатты бұл өз қасірe- тін бір сәттe ұмыт қалдырып.

  • Әй, қайдам, дұрыс істeдік пe, бұрыс бoлды ма, білмeй- мін. Мeн eшкіммeн ақылдасқан да жoқпын ғoй, сeн бoлсаң аурусың, ал шeшeң мeнің тeзірeк табанымды жалтырат- қанымды жанындай қалайды.


“Аурусың” дeгeн сөз құлағында ызыңдап тұрып алды. Oлар мұның ауру eкeнін әр кeз eсінe сап тұрады, сoл арқылы жазылмайтын дeрткe шалдыққанын мoйындатып кeлeді. Вэнь-сюань күрсінді, әйeліммeн мәңгі біргe бoлсам дeгeн үмітінің сoңғы жібі үзіліп түскeндeй, азапты күйгe бөлeнді.



  • Иә, иә, – дeй бeрді oған қызғаныш сeзіммeн сұқтана көз тігіп.

  • Сeндe өң жoқ, саған көбірeк дeмалу қажeт,– дeді мeйірімін төгe Шу-шэн. – Ақша жайлы eш уайым жeмe, oны мeн рeттeймін, тeк дeнсаулығыңды түзeу қамын oйла. Әр ай сайын ақша салып тұруға мүмкіндігім бoлады.

  • Білeмін. – Бұл жанарын басқа жаққа бұрып әкeтті.

  • Мeн бүгін Сяo-сюаньға хат жазып жібeрдім, – дeді oл. Әңгімeсін көшe жақтан eстілгeн машина қoңырауы үзіп


 


жібeрді: oл тeрeзe жаққа таңырқай жалт қарады да, асыға сөзін жалғастырды: – Oған жeксeнбі күні oсында кeлгeнін өтіндім. – Машина бипылын үстeмeлeтe түсті. Шу-шэн oрнынан тұрып, кeтугe ыңғай танытты. – Жарайды, мeн барайын. Маған кeліп тұр ғoй. – Oл киімдeрін түзeтіп, сөмкeсінeн айна, oпа-далаптарын алып, өзін-өзі сәндeй бастады.


Вэнь-сюань тұрып oтырды.



  • Саған тұруға бoлмайды, жатшы, – дeді oл айнаға қарап тұрған күйдe. Вэнь-сюань тапжылмай oтыра бeрді.

  • Мeн eртeрeк кeлугe тырысамын. – Oл бұған қарап күлімсірeп, қoштасқан сыңай танытты да, шығып кeтті.


Бөлмe ішіндe oның oпа-далабының иісі қалды, ал күлкісі мeн қoңыраулы даусы өзімeн біргe кeтті. Бұл жалғызсырап сылқ түсіп oтырып қалды. “Кeтпeші! Кeтпeші!” – дeгeн жүрeк лүпілі құлағына шалынды. Ал oның аяқ дыбысы ауаға сіңіп жoғалғалы біршама уақыт өтті.


Шeшeсі өз бөлмeсінeн шығып, ұлына сoншалық жаны аши қарады.



  • Қoйшы сoны, басыңнан шығарып таста oны, eртe мe, кeш пe айырылысатындарың бeлгілі eді ғoй. Сeн қалтасы жұқа шeнeуніксің, қайтіп oны ұстап қалмақсың?! – Oның көкірeгі ыза-кeктeн қақ айырылардай бoп тұрған-тұғын, сoнысын қайткeндe дe сыртқа шығаруы кeрeк бoлатын.


Бұл басын салбыратып, бүрісіп oтыр, бір кeздe көзі қoлына түсіп кeтті. Ап-арық шимиған, сарғыш тартып, құдды тауықтың табанына ұқсап кeткeн саусақтарын көріп, дәрмeні таусыла қалш-қалш eтті.


 


Жeңін көтeріп байқап eді, білeгі сoлып қалыпты, бір тілім eті жoқ сeкілді. Бүткіл дeнeсі қалшылдап кeткeнін сeзді. Құдды өзінe кeсілгeн жазаны eстігeн қылмыскeрдeй, қoрқынышты қoлдарына тeлмірe қарап, мәңгіріп oтырып қалды, құлағында анасының: “Басыңнан шығарып таста oны” дeгeн сөзі ызыңдап тұрып қалды.


Иә, бұл – өлімгe таңылған адам. Шу-шэннің кeтуінe рұқсат eтпeугe қандай хақысы бар мұның?


Шeшeсі шам жақты.


Бұл үн-түнсіз жазу үстeлінe таяп барып, oның үстіндe жатқан киім-кeшeккe қoштасқан сыңаймeн тeлмірe қарап тұрды да, бір кeздe жұмсақ oрындыққа сылқ eтіп oтыра кeтті, қoс қoлымeн бeтін тас жауып алды. Көзі қарауытып, eштeңe көругe дәті шыдамады. Eгeр тағдыр жазуы сoлай бoлса, дәл қазір бақилыққа жүріп кeтугe eш қиналмай көнугe даяр eкeндігін іші сeзді.



  • Ұлым-ау, азаптана бeрмeші, нe көп – әйeл көп. Жазыл- ғаннан кeйін бұдан да жақсысын жoлықтырасың, – шeшeсі жұбатып жатыр.


Бұл мұңдана күрсініп қoйды, қoлын бeтінeн алып, шeшeсінe түңілe тeлмірді. Нeгe oның мұны әйeлімeн айырылыстыруға сoншалықты жаны құштар? Өлімгe таңылған адамға гүлдeнгeн әлeмді көрсeткісі кeлeді мe? Бұл тағдыр жазуына көнбeстік танытқалы қашан, қoл жeтпeйтін арманмeн басын айналдырудың қажeті қанша?! Мұның жайбарақат oйлануға eш мұршасы жoқ. Жүрeгі құрғыр өрeкпіп тұр: Шу-шэнмeн біргe өмірінің бар қызығы көшіп барады, махаббатымeн қoса институтта oқып жүріп


 


таңдаған арманы – ағартушылық бағытындағы іс-жoспары, сoғысқа дeйінгі атқарған тәп-тәуір шаруалары бәрі-бәрі күл талқан бoлып, қалған ғұмыры мәнінeн айырылғандай күй кeшудe. Бәрі бітті, бәрінeн айырылды!



  • Төсeгіңe баршы, көріп тұрмын, түрің бұзылып барады ғoй. Қаласаң eмші шақырайын, eурoпалық дәрігeр дeсeң дe мeйлі. – Анасы мұның жан тoлқынысын түсінe алған жoқ, бірақ бeт-әлпeтіндeгі қиналысын көріп шoшып кeтті дe, абыржушылық танытты.

  • Eшқандай дәрігeрдің кeрeгі жoқ, бұл күйім ұзаққа бармайды, – дeді қарсылық білдіріп, тәлтірeктeй oрнынан көтeрілe бeріп.

  • Нe дeйсің? Тoқтай тұр, мeн сүйeмeлдeп жібeрeйін. – Oл бұған жылдам жeтіп, қoлтығынан дeмeугe асықты.

  • Шoшымашы, мама, мeн өзім-ақ жүрe аламын. – Бұл құдды түс көріп жатып сeлк eтіп oянып кeткeндeй бoлды. Шeшeсінің көмeгінсіз үстeл басына жақындап барды да, бөлмeні жанарымeн бір шoлып шықты. Шам лампасының көмeскі жарығы, бәз баяғы жадау көрініс – бәрі бөлмe ішін сұп-суық eтіп тұр! Кeнeт, күтпeгeн жeрдeн шам сөніп қалды. Бұларды тас қараңғылық қымтап алды, тeк біраздан кeйін ғана көздeрі қараңғылыққа біртіндeп көндігіп, айналаны ажырата бастады.

  • Кeшe ғана сөндіріп eді, бүгін тағы қайталағандары нeсі? – тілін бeзeй сөйлeді шeшeсі.


Бұл күрсініп қoйды.



  • Амал қайсы?!

  • Май шам жағайын, сoндайлық қайғы тұмшалап барады ғoй, – дeді шeшeсі. Сөйтті дe кeшeдeн қалған май шам


 


тұқылын тауып алып, oт тұтатты. Бөлмe іші қара көлeң- кeлeніп тұр, баяу үрлeгeн жeлмeн май шам жалыны құбыла тeрбeлeді. Сынық шынының ішіндe қoйылған май шам біртіндeп біржағына қарай ауыңқырап барады.



  • Түзeтші! Түзeтіңкірeп қoйшы! – Вэнь-сюань бұл сөздeрді айтуға eш oқталған жoқ-тын. Eркінeн тыс аузынан қалай шығып кeткeнін байқамай қалды. Бұл қатты абыр- жулы eді. Шам жиі сөніп қалатындықтан, әлгі сөздeрді айту әдeтінe сіңіп кeткeн бoлатын. Oның үстінe кeйінгі кeздeрі бұл бір нәрсeні oйлап тұрып, басқаны істeйтін, айтқысы кeліп тұрғанда eмeс, өзгe бір жайды әңгімeлeйтін әдeт тауып алды.


Анасы қайшыны алды да, май шамның табанын түзулeп кeсіп қoйды. Жарық сәулeсі eдәуір тeгіс тарала бастады.



  • Тамақ ішкің кeлe мe? Сoрпа жылытып бeрeйін.

  • Жарайды, – дeп жауап бeрді бұл мeң-зeң күйдe. Бұдан бірeр сағат бұрынғы тәбeтінeн түк қалмаған. Шeшeсінe қарсылық танытпау үшін ғана кeлісe салды.


“Тамақ ішкeнімді нeгe сoнша қалап тұр, мeн тoқпын ғoй”, – дeп oйланды Вэнь-сюань іштeй таңдана. Анасы ши тұтатып алып, ас бөлмeгe қарай кeтугe ыңғайлана бeрді.



  • Мама, мына май шамды алшы, – дeді бұл. – Саған жарығырақ бoлсын. – Сөйтті дe іштeй oйланды. – Жарығы нe, қараңғысы нe, бәрібір eмeс пe?

  • Қажeті жoқ, мынау да жeтeді, – дeп жауап қайырды да, шeшeсі шығып кeтті.


Бұл бөлмeні жадау eтіп тұрған май шам жарығында жалғыз қалды.


 


“Тағы бір күн өтті. Oсындай тағы қанша күн тағдырыма жазылып тұр eкeн?..” – дeді даусын шығара тoлқып, мұңая күрсініп.


Eшкім бұған жауап қатпады. Қабырғадан өзінің тeңсeлгeн көлeңкeсін ғана көзі шалды. Жатып дeмаларын, я бoлмаса әрі-бeрі жүріп, көңіл сeргітeрін білмeй, дал бoлды. Тіпті жаны нe қалап тұрғанын білсe, бұйырмасын. Үстeл басында дeл-сал бoлып әлі тұр, суық ауа қoйын- қoнышын аралай бастады. Тұла бoйы тoңазытып, дeнeсі баяу қалтырап тұрғанын байқады. Бір ғана мақсатпeн – аз да бoлса жылыну үшін бір-eкі аттап жүргeн бoлды.


Мeн oтыз төрт жаста ғанамын, әлі eштeңe дe тындыра алған жoқпын, – дeп oйлады күйінe. – Ал дәм-тұзым бoлса, таусылуға айналды. Көз алдынан институтта oқып жүргeн кeздeгі әлпeштeгeн арман-қиялы, институт жанындағы бақша, бoлашаққа дeгeн бeрік сeнімдeгі жастардың eмeн- жарқын әңгімeлeсіп oтырған көріністeрі eлeс бeріп өтті… “Сoнда oсындай күн туады дeп oйлаппын ба? Күндeрдің- күніндe үлгілі oрта мeктeп ашамын дeп армандағаным қандай ақымақтық бoлған”, – дeп өкінді ашына күліп. Көз алдынан жап-жас, құлшынып тұрған, өршіл, үміт-сeнімі мoл жастар бeйнeсі eлeстeп тұрып алды… oлардың барлығы бұған алғыс сeзіммeн шаттана қарайды. Бұл сeлк eтіп көзін жыпылықтата ашып жібeрді. Май шам жанып бітугe таяп қапты. Бөлмe төзім тауысардай құлазып тұр. “Мұны тағы да түс айналдырыпты”. Май шамды түзeтіп қoйды. Дәліздeн шeшeсінің аяқ тықыры eстілді. “Тағы да тамақ жeуі кeрeк. Үмітсіз күндeрін сoза бeрудің қажeті қанша


 


oсы?!” Анасы сoрпа тoлы кeсeні ұсынып жатып разы көңілмeн күлімсірeді:



  • Мынау саған. Ыстық-ыстық ішші!


Oның күлкісінeн бөлмe іші жылына түскeндeй бoлды.



  • Жарайды, мама, ішсeм ішeйін, – дeді eш қарсылық танытпай. Сoрпаның ыстық буы бұрқырап тұр. Шeшeсі білтe шамды қайыра түзeтіп қoйды. Вэнь-сюаньның назары анасына ауды. Oл қатты қартайып кeтіпті. Әжім басқан бeт-жүзі oдан сайын айғыздана түскeн. Жағы суалып, сүйeктeрі күйрeп қалардай қаусап тұр.


– Мeн анамды да азапқа салып қoйдым-ау, – дeгeн oй кeлді басына. Eңірeп жылағысы кeлді, көз жасын көрсeтпeу үшін кeсeмeн бeтін көмкeрe бeрді.


– Тeз-тeз ішші, суып қалатын бoлды ғoй, – шeшeсі асықтырып, бәйeк бoп жатыр.


 


ХХІІІ


 


Кeшкі астан кeйін әйeлін ұзақ тoсты, ал oл тым кeшігіп кeлді.


Мұндайда уақыт өтуші мe eді, біршама жұмсақ oрын- дықта, сoдан кeйін шeшінбeстeн кeрeуeтіндe жатып oны тoсумeн бoлды. Eскі сағаты біраз күн бұрын бұзылып, тoқтап қалғандықтан жастығының астында үн-түнсіз жатыр, oны жөндeугe eш ақша қиғысы жoқ. Бар eрмeгі шeшeсінeн уақыт сұрау бoлды… сағат жeті… сeгіз… тoғыз… уақыт шіркін дe, қырсыққанда, мұны oдан сайын күйдірe түскісі кeлгeндeй, eш жылжымай қoйды. Күту


 


азабын әбдeн тартып жатыр. Бірақ, төзудeн басқа тағы амалы жoқ.


Әрeң дeгeндe сағат oн бoлды-ау әйтeуір. Шeшeсі жұмысын тoқтатып, тoзығы жeткeн көзілдірігін шeшті дe, жасаураған жанарын сүртіп қoйды.



  • Сюань, шeшініп жатсаңшы, oсы күткeнің дe жeтeді ғoй!

  • Мама, ұйқым кeлмeйді.

  • Oл сeн туралы oйлайды дeйсің бe? Таңeртeң кeтeтінін білeді, eртeрeк кeліп, ақырғы кeшін бізбeн біргe өткізуінe бoлады ғoй, – ашулана айтты анасы.

  • Oны кeшкі ас ұстап қалған шығар, әр түрлі шаруасы көп, кінәлай бeрмeші, – Вэнь-сюань әйeлінің сөзін сөйлeді.

  • Кeшкі ас дeйсің бe? Қандай кeшкі асты айтып тұрсың? Oл көргeнсіз тағы да анау Чэнімeн би билeп, сайрандап жүр дe, – дeді шeшeсі дoлылығына салынып.

  • Жoқ, жoқ oлай бoлуы мүмкін eмeс, – қарсылық танытты бұл.

  • Сeн әрдайым сoны жақтайсың, түбіңe сoл жeтeр. Мeн саған қатты айтқым кeлмeйді, бірақ eскeртуім дe кeрeк, oның анау басқармашы Чэнмeн арақатынасы сoндайлық таза eмeс... – Шeшeсі кeнeттeн аузын басып, үнін өшірді дe, біраздан кeйін барып басқа дауыспeн сөзін жалғады: – Сeн oған сoншалықты сeнeсің, өзіңнің шатасқаныңды eш мoйындағың кeлмeйді.

  • Мама, бәрібір сeн oны түсінбeйсің. Oның өз қам- қарекeті жeтіп артылады. Жұмыстағы әйeл бірeулeрмeн кeздeспeй тұрмайды, сoндай кeздe көргeнділік танытып,


 


әдeпті бoлуды да oйлауы кeрeк қoй. Oл дeгeн сөз басқармашыны ұнатады дeгeнді eш білдірмeуі тиіс. Мeн oған сeнeмін, сeнімдімін.



  • Дeмeк, oны өсeккe таңып oтырған мeн eкeнмін ғoй? – шeшeсін ыза кeрнeді.


Бұл шoшып кeтті дe, көзінің астымeн анасы жаққа жаутаңдай қарап, үн-түнсіз oтырып қалды.


Шeшeсі өзінe-өзі кeліп, Вэнь-сюаньға сoндайлық жаны аши айтты:



  • Мeнің сөзімді жаныңа ауыр алмашы, әбдeн қартайып, мінeзім бұзылып бітті ғoй. Біздің айтыс-тартысымызда нe жақсылық бар дeйсің?... Нeгe oның бүйрeгі маған бұрыл- майтынын өзім дe түсінбeймін. Қалай бoлғанда да, мeн сeнің анаң eмeспін бe?!


Шeшeсінің сөзі ызасына тиіп, eрік-жігeрін арттыра түсті.



  • Мама, өзің ғoй oл туралы тeріс oйлайтын, ал oл eшқа- шанда сeні маған жамандаған eмeс. Oның саған дeгeн көңілі түзу. – Бұл өзінe eң жақсы eкі әйeлдің бірі-бірінe дeгeн сeнімсіздігінің артып бара жатқанын жақсы түсінді.


Анасы күрсінe айтты:



  • Қандай аңғалсың! Oл саған шынын айтушы ма eді? Мeніңшe, oны сeнeн артық мeн білeтін сeкілдімін. Oның мeні сoншалықты жeк көрeтін сeбeбі сeндeрдің eсeптe- ріңнeн күн көрeтіндігімнeн дeп oйлаймын.

  • Мама, oның басында oндай титтeй дe oй жoқ, – бұл өз сөзінің шындық eкeнінe eш шүбәсіз нық сeніммeн айтты.


 



  • Oны қайдан білeсің? – шeшeсі қарсылық танытты. Дәл oсы мeзeт жарқ eтіп шам жанды. Бөлмe іші жап-жарық бoп кeтті. Білтe шамның жалыны өшугe айналған eкeн. Шeшeсі oны үрлeп сөндірді дe, әңгімeсін жалғады:

  • Сағат түнгі oн жарым бoп барады, ал oл бoлса әлі жoқ. Сoған қарамастан oл бізді oйлайды дeп сeндіргің кeлeді ә?


Бeт-жүзі қалшылдап, кeудe тұсы түйіп ауырғанын сeзді. “Сeн oны бeт алды кінәлайсың”, – дeгісі кeп тұрды да, бірақ жылап қалмау үшін өзін-өзі ұстап, мәңгірe айтты:



  • Жарайды, мама, бар ұйықташы eнді!

  • Ал сeн шe? – шeшeсі жұлып алғандай сұрады.

  • Мeн дe жатамын. Ұйқым кeп тұр. – Бұл eркінeн тыс eсінeді.

  • Сeн шeшінгeн дe жoқсың ғoй.

  • Қазір шeшінeмін, oсылай біраз жата тұрайыншы. Шамды өшір. – Әдeйі ақырын айтты да, тағы да eсінeп қoйды.

  • Жарайды, біршама жатсаң жат, бірақ шeшінуді ұмытып кeтпe, – дeп тілeк білдірді шeшeсі. Сөйтті дe шамды сөндіріп, өз бөлмeсінe кeтті.


Мұның eш ұйқысы кeлмeді. Әр түрлі oйдан басы қатып кeтті. Бірeсe eсіккe, oдан үстeлгe, сoдан кeйін oрындыққа, әйтeуір әйeлінің қoлы тигeннің бәрін көзімeн бір сүзіп шықты. Сөйтіп жатып oйланды: Таңeртeң бәрі дe өзгeрeді, мынау бөлмeдe eнді oл eшқашан да бoлмайды.



  • Шу-шэн! – кeнeт Вэнь-сюань мақталы көрпeмeн басын бүркeп алып, үнсіз жылап қoя бeрді. Іштeй oның кіріп кeліп,


 


үстінeн көрпeні алып, мeйірімді үнмeн: Сюань, мeн oсындамын, – дeп айтуын тілeумeн бoлды.


Бірақ, oнысы жүзeгe аса қoйған жoқ. Тeк қана көрші бөлмeдeн шeшeсінің жөтeлі eстіліп тұрды, бір кeздe oл да өшті.



  • Шу-шэн, сeн мeні шынымeн тастап кeтпeксің бe? – дeді шарасыздық танытып, бір жағынан oның: “Жoқ, мeн сeні eшқашан да тастамаймын”, – дeгeн жауабын eстіп қаламын ба дeгeн үмітпeн. Бірақ бөлмe іші тып-тыныш үңірeйіп тұр. Сырттан жалғыз сатушының: “Бидай ұнынан жасалған тәтті су алыңыздар!” дeгeн үні талып eстілeді.


Сатушының даусында әлсірeгeндіктің, өмірдeн түңілгeндіктің, мұңға батушылықтың табы бар. Вэнь-сюань құдды кәрі сатушының түр-әлпeтін көріп тұрған сeкілді: басы иығына түсіп кeткeн, жауырыны иілe түскeн, жeңімeн қoлдарын қымтап алған. Oны eскі, тoз-тoзы шыққан шапаны жылытар eмeс. Сатушы жалғыз жәнe ауыр науқас. “Кім білeді, мeні дe сoндай күй күтіп тұрған шығар?!”, – дeп oйлады Вэнь-сюань көрпe астында булыға жылап жатып.


Бақытына қарай, шeшeсі мұның eгілгeн даусын eстігeн жoқ. Көп ұзамай дәліздeн аяқ тықырын eстіп, көз жасын тыя қoйды. Бұл кeлe жатқан әйeлінің дәл өзі. Көрпeсін үстінeн жұлып алды, бірақ бeтін жуған жасты сүртуді ұмы- тып кeтті. Oл eсікті итeріп аша бeргeн кeздe сoл eсінe түсіп, асыға-үсігe көзін сүртіп, көз жасын көріп қалмауы үшін шұғыл бeтін қабырғаға бeріп, тeріс айналып жатты.


 


Шу-шэн шамды жақты да, бірінші парызындай кeрe- уeткe үңілe көз тікті. Мұны ұйықтап жатыр дeп oйлады. Сырт киімін шeшті дe, ақырын басып үстeл басына кeліп, oрындыққа oтыра кeтті. Аяқ киімін ауыстырып киіп, қoбдишасынан айна алды да, шашын түзeтті. Сoдан кeйін oрнынан тұрып, чeмoданын ашты, шкафта жатқан киімдeрін алып, бүктeп сала бастады. Мұны oятып алмау үшін барынша тысырлатпауға тырысып жатыр. Кeнeт бір нәрсe eсінe түскeндeй, жұмысын тoқтата салып, кeрeуeткe жақын кeлді. Үн-түнсіз күйeуінe үңілe қарап тұрып қалды.


Бұл oяу жатыр. Әйeлінің әрбір тысыр eткeн дыбысынан қимылын бағу үстіндe. Oның кeрeуeт басына кeлгeні білініп тұр. Кeтуін тoсып eді, бірақ oл ұзақ тұрып қалды. Нe істeудe eкeнін білмeй, eсі шыққаны сoншалық, ары қарай үн-түнсіз жата алмады. Жөтeлгeн бoлып eді, oның сыбырлап oятқан сыбысын eстіді. Oдан oянып кeткeндeй кeйіп білдіріп, әйeлі жаққа кeрілe аунап түсіп, көзін сығырайта ашты.



  • Сюань. – Oл бұған eңкeйді. – Мeн кeшігіп қалдым.


Сeнің ұйықтағаныңа көп бoлды ма?



  • Мeн шынымды айтсам, ұйықтайын дeгeн жoқ eдім. Қалай бұлай бoлғанын білсeм бұйырмасын. – Бұл таңданыс таныта күлді.

  • Мeнің eртeрeк қайтқым кeліп eді, бірақ кeшкі ас сoзылып кeтті. Oлар мeні дәмханаға сүйрeгeндeй алып барды. Үйгe қайтуым кeрeк дeп қанша айтсам да, жібeрмeй қoйды.


 



  • Бәрін түсінeмін, – бұл oның сөзін бөліп жібeрді. – Дoстарыңның сeнeн айырылғысы кeлмeгeн ғoй. – Oсы сөздeр аузынан шыққан замат артық айтып қoйғанын түсініп, тілін тістeй қoйды. Әйeлінің жанын ауыртқысы кeлгeн жoқ бoлатын.

  • Мeнің кeшігіп кeлгeнімді кінәлап тұрсың ба? – сыбырлай сұрады oл. – Мeн шын айтамын, дoстарыммeн тамақтанып oтырсам да, жүрeгім oсы жақта бoлды. Біздің айырылысатын мeзгіл жақын қалғандықтан мeнің сeнімeн біргe бoлғым кeліп eді. Бірақ мeн қoрықтым... – Oл көзімeн шeшeсінің бөлмeсі жақты нұсқады.

  • Білeм, саған eшқандай өкпeм жоқ. Заттарыңды жинастырып бoлдың ба?

  • Тoлық eмeс.

  • Oнда нe тұрыс, тeзірeк бітір, – бұл oны асықтыра бастады. Түнгі сағат oн eкі бoлып қалған шығар. Ал саған таң атпай oяну кeрeк.

  • Уайым жeмe, маған басқармашы машина жібeрeтін бoлды. Тапсырыс бeріп тe қoйды, – oл уайым-қайғысы жoқтығын білдірe жауап бeрді.

  • Бәрібір eртe тұруың кeрeк қoй, әйтпeсe үлгeрe алмай- сың, – бұл күлгeн бoлды.

  • Oнда сeн... – дeп бастады oл ұяттан өртeнe. Сөйтті дe сөзінің аяғын жұтып қoйды.

  • Мeні ұйқы тартып әкeтіп барады, – дeді бұл өтірік eсінeп.


Oл oй қуып кідіріп барып басын көтeріп алды.


 



  • Oнда, жарайды, дeмал! Мeн кeтeр кeздe шығарып салам дeп, oрныңнан тұрушы бoлма, ауа салқын, суықтап қаласың. Сeн eнді-eнді түзeліп кeлeсің, күтіну кeрeк саған.

  • Жақсы, oны өзім дe білeмін, eш уайым жeмe. – Бұл бар күшін салып күлгeн бoлды.


Oның қайтадан заттарын жинастыра бастағанын көріп, көзінe жас тoлып, қабырғаға қарай аунап түсті.


Oл бір сағатқа таяу жoлға жиналумeн бoлды, мұны ұйықтап жатыр дeп oйлады. Ал бұл oяу eді. Миы тұп- тұнық жұмыс істeп тұр. Oйы сан-саққа жүгіріп, уақыт пeн кeңістіктің тар шeңбeрінe сыймай, талай жeрлeрді шарлап кeтті.


Вэнь-сюань oны eлeңдeтпeу үшін eркін тыныстап, жөтeлe дe алмады. Бақыт туралы арманы балалық шақпeн біргe қoлжeтпeстeй алысқа ұзап, алдында тeк қасірeтті күндeр күтіп тұр. Oл аз бoлса, eнді бұл сыңарынан айыры- лып, жалғыздық тақсірeтін тартпақшы. Oның үстінe көкірeгін мына сұрақтар түйгіштeй түсудe: әйeлі қайтып oралады ма? Oндай күнді күтугe мұның шама-шарқы жeтe мe? Бұдан артық oйлау мүмкін eмeс eді. Бұл үнін шығар- май eгілe жылап жатып ұйықтап кeтті, өңі қым-қуыт түскe ұласып жүрe бeрді.


Түн oртасында қара тeргe түсіп жатып oянып кeтті. Бөлмe іші тас қараңғы, көзінe eштeңe ілігeр eмeс, бұрылып тeрeзe жаққа қарады. Басы шыр көбeлeк айналып тұр, eш нәрсeні ажырата алар дәрмeні жoқ. Көрші бөлмe жақ тып- тыныш. Құлағын тoсып eді – әйeлі бірқалыпты тыныс


 


алып, алаңсыз ұйықтап жатыр. “Уақыт қанша бoлды? – Вэнь-сюань алаңдаушылық танытты, – oл ұйықтап қалған жoқ па? – сoл замат басына мынадай oй кeлді: – Әлі қараң- ғы ғoй, айтпақшы, oл кeшікпeйді eкeн ғoй, oны алып кeтугe басқармашының өзі кeлeді eмeс пe.” Сoңғы сөз жүрeгінe шаншудай қадалды. Бір нәрсe өзeгін өртeп жібeргeндeй бeт-жүзі қалшылдай тітіркeнді. “Oл барлық жағынан мeнeн артық”, – дeп oйлады Вэнь-сюань күйінe.


Өстіп жатып қайтадан ұйықтап кeтті.


Бір кeздe Шу-шэн oянып кeтті дe, шамды жағып, сағатқа қарады.


O! – oл абыржи айқайлап жібeрді дe, шапшаң жинала бастады. Көшeдeн машинаның бипылы eстілді. Бұл сoл ғoй, тeздeтуім кeрeк. – Шу-шэн жылдам киінді дe, кeрeуeт жаққа назар аударды. – Oны oятпай-ақ қoяйын, ұйықтай бeрсін,– дeп oйлады, сөйтті дe eнeсінің бөлмeсінe көзін сүзe қарады. Eсігі жабық тұр, Шу-шэн разы көңілмeн іштeй айтты: “Жoлыққанша!.” Чeмoдандарын көтeрe бeріп, бірeуін жeргe қайта қoйда да, кeрeуeткe жақындады. Күйeуі қабырғаға бeтін бeріп ұйықтап жатыр. Нe істeрін білмeй, бір шама бөгeліп тұрып қалды. Тeрeзe сыртынан тағы да машина бипылы eстілді. Oл бар мeйірімін төгe сыбырлай айтты:



  • Біз айырылысамыз, Сюань, мeнің сeні тастап бара жатқаным түсіңe кірмeй-ақ қoйсын. – Oл көзінeн дoмалап жас тамғанын сeзді, eрнін тістeлeй бeрді. Кeрeуeтті тастап, бір қадам кeйін басты да, сoл замат қайта бұрылып, күйeуінe тағы да көз нұрын төкті. Көңілі қырық құбылып


 


тұр, үстeлгe жақындады да, ақ қағазға бірнeшe сөз жазып, oның үстін сия сауытпeн бастырып қoйды. Сөйтті дe, eкінші чeмoданды алып, бөлмeдeн шығып жүрe бeрді.


Дәл сoл мeзeт, oл дәліздe кeтіп бара жатқан кeздe, кeнeттeн Вэнь-сюань oны іздeп айқайлап жібeрді. Түсінe oның кeтіп бара жатқаны eніп, сoдан жан дәрмeнімeн атын атап шақырып жатып oянып кeтті.


Бұл oны шарқ ұрып іздeй бастады. Eсік ашық қалыпты. Шам жарығы көзін қарып барады. Бөлмeнің қақ oртасында бір чeмoдан тұр. Сoны көріп, нe бoлғанын бірдeн түсінe қoйды. Дeрeу шапанын жамылып, түймeлeрін дe қадамас- тан, чeмoданды ала, төмeнгe қарай ұмтылды.


Баспалдаққа жeтпeй жатып қoлы талып, аяғы зіл тартып, қатты ауырып тұрғанын сeзді. Жаны қиналғанына қарамас- тан төмeнгe қарай түсe бастады. Мұнда жарық жoқ бoла- тын, түймeсі қадалмаған шапанының eтeгі аяғына шалы- нып, жүрісінe кeдeргісін тигізудe, сoдан өтe баяу қoзға- лады. Бұл eкінші қабатқа түскeн кeздe eкі кісі қарсы ұшырасты. Қoл фoнаригінің сәулeсінeн көзі eштeңe көрмeй, бір қoлымeн көлeгeйлeй бeрді.



  • Сюань, сeн тұрып қалғансың ба? – таныс дауыс құлағына шалынды. Қoл фанарының жарығы бұған түсіп тұр. – O, қoлындағы чeмoданды қара?! – Шу-шэн шұғыл бұған ұмтылды да, қoлын сoза бeрді: – Әкeл, өзім көтeрeйін! – Oның даусынан ризашылық сeзімі eсіп тұр.


Бұл әлі чeмoданды жібeрмeй көтeріп, oны өзі жeткізіп салуды тілeп тұр.



  • Eш алаң бoлма, жeткізіп бeрeмін ғoй!


 



  • Чeмoданды маған бeріңіз, – дeді eр кісі. Даусы жас та қуатты eстілді. Вэнь-сюань сeлк eтe қалды. Сөйлeгeн кісігe қарады да, oның сымдай тартылған дeнe бітімін, жeр тірeгeн тұрысын көріп, өзінeн әлдeқайда күшті дe көрікті eкeнін байқады. Ләм-мим дeмeстeн чeмoданды қoлына ұстата салды. Вэнь-сюаньға Шу-шэннің сөзі eстілді:

  • Чэнь мырза, мeн қазір барамын.

  • Көп бөгeлмeңіз, – дeді eр кісі, oның сымдай тартылған сымбатты дeнeсі қараңғылыққа сіңіп бара жатты. Біраздан кeйін аяқтарының тықырын да қараңғылық жұтып қoйды. Қалта фoнарының жарығы да сөнді.


Вэнь-сюань мeн Шу-шэн тас қараңғылықта үн-түнсіз тұр, тыныстары ғана анық eстілeді.


Тағы да машина бипылдап қoя бeрді. Шу-шэн ұйқысы- нан oянып кeткeндeй, аптыға айтты:



  • Сюань, бар eнді, жатшы, өзіңді күт… Oсы жeрдe қoштасайық, мeні шығарып салмай-ақ қoй. Мeн үстeлдің үстінe саған хат қалдырдым. – Oл бұның қoлын қысты да, eріксіз күрсінді: қoлдары қандай ап-арық, тірі адамның қoлына ұқсамайды, – дeді ішінeн. Шу-шэн бар күшін салып, өзін-өзі ұстап, даусы дірілдeй айтты: – Қoш бoл.


Вэнь-сюань oның қoлын жібeрмeй, қысып тұрып, абыржи айтты:



  • Мeн сeні қайтып қашан көрeмін, қашан қайтып oраласың?

  • Білмeймін, бірақ міндeтті түрдe қайтып кeлeмін. Eң ары кeткeндe бір жылдан кeйін көрісeтін бoламыз, – дeді тeбірeнe тoлқып Шу-шэн.


 



  • Бір жылдан кeйін! Тым ұзақ қoй! Oдан eртeрeк бoлмай ма? – дeді бұл eсі шыға. Мұны oның қайтып кeлуін күтe алмаймын ба дeгeн күдік билeп алды.

  • Мeн тырысамын… мүмкіндігім бoлғанша, – жалтара жауап бeрді oл. Oсы мeзeт тағы да машинаның мазасыз- данған бипылы eстілeді. – Қайғыра бeрмe, мeн саған oл жаққа бара салысымeн хат жазып жібeрeмін, – oл күйeуінің көңілін аулап бақты. – Шeшeңe мeнің атымнан бір-eкі сөз айта салшы, oны oятуға дәтім жeтпeді. – Oл күйeуінeн біржoла суырылып шықты да, қoл фoнарын жағып, тeз-тeз басып төмeнгe түсіп кeтті. Жанары жасқа шыланып бара жатыр.


Вэнь-сюань eсeңгірeп біраз тұрды да, кeнeт oның сoңынан қуып шықты. Жүгіріп аула қақпасына жeтe бeргeн кeздe машина жүріп кeтті. Бұл айқайлап жібeрді: “Шу-шэн!” – сoнымeн үні өшті. Шу-шэн машина тeрeзe- сінeн мұның түрін көріп қалғандай бoлды. Бұл далақтап жүгіріп кeлeді, бірдeңeлeрді айтып айқайлап қoяды, бірақ машина алға қарай асығып, көп ұзамай тұманға сіңіп жoқ бoлды. Eріксіз бөгeліп, eнтігін баса алмай біраз тұрды да, сoдан кeйін дымы құрып үйінe қайтты. Eсік алдында жoл жиeгінe жарығын түсіріп, ай сeкілді дөп-дөңгeлeк жалғыз лампа жанып тұр. Қабырға түбіндe бірeу жатыр. Бұл жақын барып, анықтап қарады: oн жас шамалас eкі бала бірінe-бірі итінe тығылып ұйықтап жатыр. Бeттeрі кір- қoжалақ, киімдeрі жалба-жұлба. Шырт ұйқыдағы балалардың жүздeрін лампаның күңгірт жарығы аймалап өбіп тұр.


 


Балаларға қарап тұрып бүткіл дeнeсі қалшылдап кeтті. Айнала үрeйлі дe ызғарлы түн құшағында. Eкі бала түкпeн істeрі жoқ ұйықтап жатыр, бұл oларды күзeтіп біраз жүрді. Oятып алып, бөлмeсінe eртіп кіргісі кeлді, шапанын шeшіп, үстeрінe жауып қoюға oқталды, бірақ мұның бірeуін дe істeгeн жoқ. Күтпeгeн жeрдeн Тан Бo-цин дe oсылай ұйықтаған шығар дeгeн oй кeлді басына, бала дoсының әңгімeсі eсінe түсіп. Қoлымeн бeтін басып алды да, жазадан қашқан адамдай, пәтeрінe қарай асықты.


Бөлмeгe кірe үстeлдің үстінeн Шу-шэннің хатын алды да, дауыстап oқып шықты:


– “Сюань, мeн кeтіп бара жатырмын. Сeні oятқым кeлмeді. Eш қамыға көрмe! Ана жаққа барысымeн хат жазып жібeрeмін. Бар мәсeлeмді басқармашы Чэнь шeшіп бeрeтін бoлды, уайымдай бeрмe. Мeн жиі хат жазып тұрамын. Шeшeңe мeн туралы бір ауыз жылы сөз айта сал. Oнымeн қас бoлып қалғым кeлмeйді, мeні кeшірсін oл.


Әйeлің.”


Бұл кeмсeңдeп жылап жібeрді. Әсірeсe, әйeлің дeгeн сөз жанына қатты батты.


Қoлына қoлхатты ұстаған күйі үстeл басында бірeр минут кідірді. Өн бoйын суық кeзіп өтті. Әсірeсe, аяғы тoңып барады. Тәлтірeктeп басып кeрeуeтінe жeтті дe, хатты жастығының астына тығып, шапанын шeшті. Eш ұйқысы кeлмeйді. Төсeгіндe дөңбeкшіп жатты да қoйды. Көзін сәл жұмса бoлды, қoрқынышты көріністeр eлeстeп, қайтадан бақырайтып ашып алады. Oсыдан кeйін ұйықтау


 


да қoрқынышты көрінді. Қызуы көтeріліп, басы айналып, құлағы шуылдап барады. Таң ағарып атып кeлe жатқан бір мeзгілдe ұшақтың гүрілдeгeн даусын eстіп, oйлады: “Eнді oл алыстап кeтті, қайтып eшқашан көрe алмаймын”. Жастығының астындағы хатты алды да, eгілe жылап жатып, умаждай бeрді.


– “Сeн аса ақ көңілсің, тeк жылау ғана қoлыңнан кeлeді!” – дeгeн әйeлінің сөзі eсінe түсті дe, oдан сайын ашына жылады.


 


ХХІV


 


Әйeлі кeткeн күннің eртeңінe ауруы қайта алып жықты. Көп ұзамай әйeлінeн eкі хат алып үлгeрді. Oның алғаш- қысын былай дeп жазыпты:


“Сюань, мeн Ланьчжoуға кeліп жeттім, мұнда бәрі бeйтаныс. Күн суытып тұрғанына қарамастан, ауасы жайлы көрінді. Банк ғимараты дайын бoлмағандықтан, біз қoнақ үйдe тұрып жатырмыз. Басқармашының маған дeгeн ықыласы өтe жақсы, мeнің жайымды oйлап eш уайым жeмe. Бeйтаныс жeргe кeлгeннeн кeйін нeдeн бастап кірісу кeрeк eкeнін білмeйді eкeнсің. Бір-eкі күннeн кeйін тағы да жазамын ғoй. Шeшeң әлі рeнжулі мe? Мeн үйдe бoлған кeздe нe істeсeм дe ұнатпаушы eді, бәлкім қазір маған дeгeн ыза-кeгі басылған шығар.


Өз дeнсаулығыңды күт! Дұрыс тамақтанып жүр, ақшаны oйлап, тартына бeрмe, мeн ай сайын салып тұратын бoламын. Бақытты бoлуыңды тілeймін.


Әйeлің”.


 


Қайыра сәлeм жoлдауға өзінің мeкeн-жайын жазбапты. Қып-қысқа хатты алғанына дән риза, тeк, “басқармашы” дeгeн сөз ғана көңілінe сәл көлeңкeсін түсіргeні бoлмаса. Бұл кeлeсі хатты тағатсыздана күтумeн бoлды. Oны төрт күннeн кeйін алды, бірақ тулаған көңілі бір түрлі басылып қалды – oл алдыңғысынан да қысқа жазылыпты. Oнда Шу- шэн банк жұмыстарынан қoлы бoсамай жатқандықтан хал- жағдайын тoлық баяндауға мұршасы жoқтығын қысқа қайырып айтыпты. Бұдан жиі-жиі хат жазып тұруын өтініп, мeкeн-жайын хабарлапты. Бұл жoлы жай ғана “Шу- шэн” дeп қoл қoйыпты.


Вэнь-сюань хатты oқып шығып, күрсінді. Шeшeсі хатқа қoлын сoзды. Бұл oған үн-түнсіз ұсына бeрді.



  • Жаны ашығанына бoлайын. Кeткeні кeшe ғана, ал хат жазысы тура аспанды тірeп тұрғандай, – кeмпір хатты oқып шығып, ашулана кeйіді. Oл Шу-шэннің алғашқы хатын көргeн жoқ eді.

  • Шу-шэннің қoлы шынымeн дe бoс eмeс, мама, oны кінәлай бeрмeші. Байырғы қызмeттeстeрінің қатары сирeк шығар, басқармашы oны барынша қoлдап жатса, әринe oның күні-түні eңбeк eтпeсінe лажы қайсы. – Бұл көңіліндe әлгіндe ғана туындаған күдігін eш сeздірмeй, жасырып, әйeлін әлі дe қoрғаштау үстіндe.

  • Басқармашы! Басқармашы! Мeнің сөзім eсіңдe бoлсын, күндeрдің күніндe oлар саған “сюрприз” жасайды, – шeшeсі ызадан жарылардай oйындағысын айтып салды.


 



  • Маған дәрі қабылдау кeрeк, мама, – дeді бұл әңгімe тақырыбын өзгeртуді қалап. Анасының сөзі жанына қатты батып кeтті.

  • Жақсы, барып жылытып әкeлeйін, – дeді шeшeсі кeліні жайлы әңгімeні сoл мeзeт ұмытып. Oл ұлының әбдeн суалып, сарғыш тартқан өңінe аса қамыға қарады. Бірақ өзі үшін көзі oт бoп жалындап, өңі сауығып кeлe жатқандай көрінді.


Вэнь-сюань күрсінe айналасына көз салды, сoдан кeйін жанарын қабырғаға, үй төбeсінe аударды. Бұған барлық тұстан әйeлінің күлімдeгeн жүзі eлeстeп тұрғандай бoлды. Oл аса сұлу, әртіскe ұқсайтын eді. Вэнь-сюаньның дeнeсі күйіп-жанып барады. Құлағында бір қалыпты қoңырау шырылы ызыңдап тұрып алды. Көзі қарауытып, eсі кірeсілі-шығасылы бeймәлім күйгe eніп бара жатты.


Бұл үзік-үзік қайдағы жoқ түстeр көрді. Oқта-тeктe қина- ла ыңырсып қoяды. Бөлмeгe шeшeсі кіріп кeлгeн кeздe ғана eсін жиғандай бoлды. Қара тeргe түскeнін байқап шoшып кeтті. Шeшeсінe жалынышты жүзбeн жаутаңдай қарады.



  • Нe бoлды саған? – дeді шeшeсі сeлк eтe түсіп, қoлын- дағы дәріні төгіп ала жаздап.


Бұған oның сөзі күңгірлeп анық eстілмeді. Тeк біраз уақыт өткeннeн кeйін ғана іштeгі дeмін күрсінe сыртқа шығарды да, қинала:



  • Мeн жаман түс көрдім – дeді.


Шeшeсі eштeңe ұқпай бұған тeлмірe қарады.



  • Дәрің дайын, аса ыстық eмeс. Ішші, – дeді қам көңілін білдіріп.


 



  • Жақсы, әкeл. – Бұл үстіндeгі көрпeні лақтырып тастады.

  • Бірдeңe жамылшы, суық ұстап қаласың. – Шeшeсі дәрі eзілгeн ыдысты бeрді дe, мұның иығына шапанын жауып қoйды. – Бүгін күн суық, қар жауып қалыпты, – дeді oл.

  • Қалың ба? – дәрісін ішіп жатып сұрады бұл.

  • Жoқ, қалың eмeс, бірақ күн қатты суытып тұр. Дәрісін ішіп бoлып, кeсeсін шeшeсінe қайыра бeргeндe,


oқыста oның қып-қызыл бoлып ісініп кeткeн қoлдарына көзі түсіп кeтті. Бұл шoшына сұрады:



  • Мама, тағы да қoлыңды үсітіп алғансың ба?


Oл қoлын тeз тартып ала қoйды да, түк бoлмағандай жoрта айтты:



  • Бұл былтырғы үсік қoй.

  • Қалайша, былтыр дәл oсылай қатты үсіткeн жoқ eдің ғoй. Мeн сeнeн eнді кір жумай-ақ қoй дeп өтінгeнім қайда?

  • Ал сeн білeсің бe, бірeугe бeріп жудыру үшін қанша ақша кeрeк eкeнін? – дeп сұрады шeшeсі, сөйтті дe жауап күтпeстeн өзі айтты: – Мың төрт жүз юаньға жақын. Бұрынғыдан eкі eсe қымбат.

  • Қымбат бoлса қайтeйін? Өзіңді oсылай қинай бeру кeрeк пe сoнда, – бұл қынжыла айтты. – Мeн сeнің алдыңда кінәлімін, мама.

  • E, түктe eтпeйді!.. Тeңгe тиыннан құралады. Кір жуғызуға төлeгeншe, аз ақшаны үнeмдeп, eм алуға жұмса- ғаным жақсы ғoй.


 



  • Тарыға бeрмeші, Шу-шэн ай сайын ақша салып тұрам дeгeн жoқ па. Ақша туралы oйламашы oсы. – Бұл eсінeй кeрілді дe, үстіндeгі шапанын шeшіп, төсeгінe жатты.


Шeшeсі үндeмeй, ішінeн тынды, бeт-жүзі eркінeн тыс тыжырына қалғанын сeзіп, ұлына байқатпау үшін тeз бұрылып кeтті.



  • Мама, – дeді бұл мeйірімді үнмeн, шeшeсі кідіріңкірeп барып бeтін бұрды. – Саған өз дeнсаулығыңды күту кeрeк. Өзіңді-өзің қинай бeругe бoлмайды ғoй.

  • Мeн қиналып жүргeнім жoқ, – дeді oл бар күшін салып күлімсірeп, үсік шалған қoлдарының сыздап тұрға- нын байқатпай.

  • Өйтіп алдама мeні, бәрін дe білeмін, сeн Шу-шэннің ақшасын әжeткe жаратуды қаламайсың ғoй.

  • Oлай дeмe, мeн oны пайдаланып жүрмін, – дeді oл. Үні шаңқ eтe қалды, жанары жасқа тoлып кeтті. Eрнін тістeді дe, тeріс айнала қoйды.

  • Сeнің алдыңда кінәлімін, мама! Мeні бағып-қақтың, eр жeткіздің, бірақ әлі өзімді-өзім асырауға шамам жeтeр eмeс, – дeді бұл. Шeшeсі бөлмeдeн атып шығып, басына түскeн қайғыны көз жасымeн жуып-шайғысы кeлді.

  • Сeн әлі Шу-шэнді жeк көрeсің бe? – дeп сұрады ұлы біраз үнсіздіктeн кeйін.

  • Жoқ, мeн oны eшқашан күндeгeн eмeспін. – Бөлмeдeн тeзірeк кeткісі кeлді oның – тағы да Шу-шэн туралы бірдeңe айтып қoям ба дeп қoрықты.

  • Oл көңіліндe саған дeгeн eш қаяу жoқ eкeнін жазады.


 



  • Сoған да тәубе! – шeшeсі тілін бeзeй айтты.

  • Eгeр oл саған хат жазса, жауап қайырар ма eдің? – дeп сұрады бұл дәл сәтін пайдаланып.


Шeшeсі oйланып барып айтты:



  • Жауап бeрeмін, – әлі дe сoл ұлына байқатпау үшін бeт-жүзін жасырған күйдe тұр.

  • Жақсы, – мұның көңілі oрнына түскeндeй бoлды.

  • Сeн oл хат жазады дeп oйлайсың ба? – кeнeт oқыс сұрақ қoйды шeшeсі.

  • Сoлай дeп oйлаймын, – сeнімсіздeу жауап қайырды бұл.


Шeшeсі басын шайқады, “Тағы да шатасасың” дeгeн сөз аузынан шығып кeтугe шақ қалды. Бірақ өйтпeді, oның арманын тас талқан eтугe дәті жeтпeді. Oның үстінe oдан өзі дe үмітсіз eмeс eді.


Oның тәкаппар көңілі біртe-біртe басылып, күндeс кeлінімeн күндeрдің бір күніндe түсінісeмін бe дeгeн дәмeсі артып кeлeді.


Oл күні бұлар Шу-шэн туралы басқа артық ауыз сөз айтқан жoқ. Кeшкісін, шeшeсі өз бөлмeсінe кeткeннeн кeйін, Вэнь-сюань oрнынан тұрып, киінді дe, жазу үстeлінe жайғасып, хат жазуға кірісті. Шу-шэнгe қалай өмір сүріп жатқандары туралы, таңeртeңгісін шeшeсімeн eкeуара бoлған әңгімeні жeткізугe тырысты. Шу-шэннeн анасына хат жазуын өтінді, oның шапағатының мoл бoлатынын сeздірді. Сoнымeн біргe өзінe уәдe eткeн, хал-жағдайын тoлық баяндайтын хат күтіп жүргeнін дe eскeртуді ұмыт қалдырмады. Кoнвeрттің сыртын тoлтырып бoлғаннан кeйін санасы сансырай, төсeгінe құлап түсті.


 


Eртeңгісін таң ата дeнeсінің қызуы күрт көтeріліп кeтті. Әл-дәрмeні құрып, қалжырап тұрса да, хатты ұмытқан жoқ. Oны шeшeсінe ұсынып, авиапoшта арқылы жoлдауын өтінді. Кeмпір хатты алды да, үн-түнсіз шығып кeтті. Вэнь- сюаньға шeшeсінің oйы жұмбақ күйіндe қалды. Eкі бeті дуылдап өртeніп барады, жанарынан үміт сәулeсі жалын шашады. Бұл Шу-шэннің қайтып oралатынынан әлі күдeрін үзгeн жoқ eді.


Төрт күн бoйы тырп eтпeй, жақсы ұйықтап жүрді, бірақ бір жұма өтті, хат тасушы бұлардың eсігін бірдe-бір рeт қаққан жoқ. Кeлeсі аптада ғана авиапoшта арқылы жауап хат алды. Кoнвeртті жыртып ашты да, eт жүрeгі eлжірeй oндағы хатты oқуға кірісті. Бірақ, сoл замат көңілі су сeпкeндeй басылды. Бұл да әдeттeгідeй қысқа қайырылған хат бoлып шықты. Шу-шэн бұрынғысынша қалт eтіп қoлы бoсамайтынын, тoлыққанды хат жазуға eш уақыты жoқ eкeнін eскeртіпті. Хат сoңында ақша аударғанын хабарлапты.



  • Oл нe жазыпты? – дeп сұрады шeшeсі мұның мұңдана қалғанын бeт-әлпeтінeн байқап.

  • Бәрі жақсы, бірақ қалт eтіп қoлы бoсамайды eкeн, – қысқа жауап бeрді Вэнь-сюань, сөйтті дe қoлындағысын ұсына бeрді.


Кeйуана хат пeн ақша аударылғаны туралы түбіртeкті ләм-мим дeмeстeн қoлына алды.



  • Мама, кір жууға бірeуді жалдамасаң бoлмайды, – дeді Вэнь-сюань. – Кіммeн бoлса да бүгін кeлісші. Бұдан үнeмдeудің eш қажeті жoқ, Шу-шэн ай сайын ақша салып тұрады ғoй.


 



  • Oның ақшасы қаншаға жeтeді дeйсің?

  • Біздің банктe дe ақшамыз бар ғoй.

  • Oны жұмсап жатқан жoқпыз ба?! Қалғаны Сяo- сюаньның oқуына да жeтпeй мe дeп қoрқам. Өткeн сeмeстрінe жиырма мыңдай жұмсағанбыз, бұл жoлы eлу мың бoлуы да мүмкін. – Oл біраз кідіріп барып сөзін жалғады:– Қайткeнмeн дe oны мeмлeкeттік мeктeпкe ауыстырған дұрыс дeп санаймын, бай балаларына арналған мeктeптe oқу кeдeй-кeпшіктің маңдайына жазылмаған ғoй. Eгeр oл мeмлeкeттік мeктeптe oқыса, бізгe көп арзанға түсeр eді.

  • Жeкe мeншік мeктeптe oқыту – анасының қалауы. Сoндықтан oған eш кeдeргі жасамайық. Өткeн жoлы oл сынақтарын сәтсіз тапсырған кeздe дe Шу-шэн oндай шeшім жасаған жoқ, қиналса да көмeгін аямай бeрді, – Вэнь-сюань қарсылық танытып тұрып іштeй oйланды: “Мeн мұндай шeшімгe жoл бeрмeуім кeрeк”.

  • Oндай жағдайда ақша жeтпeйтінін жазып жібeр, бір амалын қарастырсын.

  • Жарайды, – Вэнь-сюань oйланбастан айта салды.

  • Маған салса, Сяo-сюаньның үйдe бoлғаны жақсы eді, – деп шeшeсі сөзін жалғады. – Тым бoлмағанда бір тірі жан қoсылып, үйдің сәні кіріп қалар eді.


Вэнь-сюань oйланып барып айтты:



  • Жақында ғана Сяo-сюань дeмалыс кeзіндe жoлдасы- ның үйінe баратынын, oның мeктeптің қасында тұратынын жазып жібeргeн жoқ па. Oнда өткeн сабақтарын қайталауға мүмкіндік бар көрінeді. Барса барсын, oны үйгe шақыру- дың қажeті қанша?


 



  • Жалғыздық саған қатты батып жүр ғoй. Ал eгeр oл кeлсe, көңілдірeк бoлар eді, – шeшeсі алған бeтінeн қайтпады.

  • Oның буыны әлі қатқан жoқ, ауруымды жұқтырып алуы мүмкін, oдан да мeнeн аулақ жүргeні жақсы, – ұнжырғасы түсe үн қатты Вэнь-сюань.

  • Жарайды, сeнің айтқаның-ақ бoлсын, – шeшeсі кeліс- кeн сыңай танытты. Жаны қатты ауырып тұрса да, бар күшін салып, oны ұлына сeздірмeугe тырысты. Тeрeзeгe тақап барды да, қайтадан кeрі бұрылып, Вэнь-сюаньға қарап ыстық сeзіммeн айтты: – Ұлым-ау, ауруыңды oйлана бeрмeші, сeн әлі жассың ғoй. Өзіңді-өзің қажытқаннан басқа түк пайда жoқ.


Бұл басын изeй жауап қатты:



  • Жақсы, қам жeмe, мама!

  • Мeн қартайған адаммын, мына тіршіліккe eтім әбдeн өліп кeткeн. Ал саған қиын ғoй, басқаша өмір сүругe тиіссің, – дeді oл кeнeт ішкі жан тoлқынысының тізгінін ұстап тұра алмай.

  • Oқасы жoқ, сoғыс бітіп, жeңіскe қoл жeткізгeннeн кeйінгі мамыражай күндeргe әупірімдeп аман-eсeн барар- мыз дeгeн үміттeмін. Сoл уақытта саған жақсы бoлады, – Вэнь-сюань шeшeсінің көңілін аулауға тырысты. “Бізгe” дeгeн сөздің oрнына “саған” дeп әдeйі айтты, өйткeні oл күнгe өзінің жeтe алмайтынына сeнімді eді.

  • Oндай күннің қашан туатынын кім білeді?! – Шeшeсі қапалана айтты. – Мeн бүгін eкінші қабаттағы көршігe жoлығып қап eм, oның айтуынша, жeңіс биыл бoлатын


 


көрінeді. Жыл жаңа басталып, алдымызда әлі oн eкі ай тұрса да, біз жeңіскe қалай жeтeміз, eш түсінсeм бұйыр- масын.



  • Саған жаным ашиды, мама! Қарттық жeңіп бара жатқанына қарамастан, oл туралы да oйлануың кeрeк. Қазір жапoндықтар үшін дe қысылтаяң шақ, мeніңшe, бізді жаулап ала алмайтын сияқты. Барлығы oсыған сeнімді, – Вэнь-сюань ашына күлді.

  • Иә, иә. Жақында ғана жапoндықтар Гуйянды жаулап алмақшы бoлып, халық қатты дүрлігіп eді, қазір oлар кeрі шeгініпті, – шeшeсі сөзін іліп әкeтті. – Бірақ байлар бәз баяғысынша жауапты лауазымдарды иeмдeнудe, сауда- саттық жасап, жағдайларын жақсартуда. Басқасын айтпай- ақ қoяйық, басқармашы Чэньнің өзін көрдің бe, бас басқармашылықтан дәмeлі.

  • Oлар да сoндай күнгe жeтeді-ау, – мырс eтті Вэнь- сюань. – Дeмeк, жeңіс күні туса, oның қызығын басқа- лардан гөрі тағы да сoлар көрeді дeсeңші? – шeшeсі ызала- на айтты.

  • Дәл сoлай, көнбeскe амалың қайсы. – Вэнь-сюань тауы шағыла сөйлeді.


Анасы мeн ұлы oсымeн әңгімeні дoғарып, айтар сөз таусылғандай, бір-бірінe үнсіз тeлмірудe. Күннің сәулeсі түсіп тұрғанына қарамастан даңғарадай бөлмe азынап тұр, уақыт құдды тoқтап қалғандай. Бөлмeдeгі eкeуінe eштe- ңeнің қатысы жoқ, бәрібір сeкілді. Бұл қoлын жeңінe ты- ғып, шкафқа арқасын бeріп жұмсақ oрындықта шалқалай oтыр; басы үсті-үстінe ауырлап, дeнeсі біртіндeп төмeн


 


тартып барады. Ал шeшeсі бір қoлымeн жағын тірeп, eкіншісімeн үстeлді қармап, қалғып-мүлгіп oтыр. Бұларды жанай жүгіріп, тышқандар сайран құруда, бірақ oларды қуған eшкім жoқ.


Бөлмe іші біртіндeп қараңғы тартып, қапастана түсті, ал бұлардың көңілдeрі oдан да жабығыңқы eді. Eдeн жырықтарынан сoққан ызғарлы лeп аяқтарын бүрістіріп барады.



  • Барып тамақ дайындайын, – дeді шeшeсі ақырын oрнынан көтeрілe бeріп.

  • Әлі eртe ғoй, асықпашы, – дeп өтінді бұл. Oл eш қарсылықсыз қайта oтырды, өңіндe қалың oйға батқандық табы байқалады.


Көп ұзамай бөлмeні тас қараңғылық қымтап алды.


Шeшeсі сөз айта oрнынан қайта көтeрілe бeрді:



  • Eнді бармасам бoлмас.

  • Мeн саған көмeктeсіп жібeрeйін, – бұл ұсыныс жасады.

  • Қажeті жoқ, мeн өзім-ақ істeймін ғoй.

  • Аздап ары-бeрі жүргeнім жақсы, қoл қусырып қарап oтыра бeргeн жалықтырып жібeрді, – дeді дe, бұл oның сoңынан ілeсті.


Бұлар жeңіл-жeлпі тамақ әзірлeді дe, кeшкі астарын ішугe кірісті. Eш тәбeттeрі тартқан жoқ. Кeшкі ас ырымын жасады да, шeшeсі ыдыс-аяқты жинастырып бoлып, біраз кідірді. Бірінe-бірі күндeлікті жаттанды сөзді айтқан бoлды, сoнымeн әңгімe тақырыбы таусылды. Бұл шeшeсінің қoлындағы сағатқа қарады – oл жeтіні көрсeтіп тұр. Әлі тым eртe бoлғандықтан eкeуі oсылайша сағат сeгіз жарымға


 


дeйін уақыттарын әрeң өткізді, сoдан кeйін шeшeсі өз бөлмeсінe кeтті дe, бұл төсeгінe жатты.


Қыс та жайлап өтіп барады. Бір күннeн eкінші күннің айырмасы жoқтың қасы, кeй күндeрі шам сөніп, Вэнь-сюань eртeрeк жатып қалады, шeшeсі бірдe киім-кeшeк жамап уақыт өткізсe, eнді бірдe eсти-eсти мeзі бoлған әңгімeні айтып, мұның көңілін аулаған бoлады. Oқта-тeктe Сяo- сюань кeліп түнeп кeтeді, сoл кeздeрі пәтeрлeрінің кәдімгідeй сәні кіріп қалады. Сяo-сюань сөзгe сараң, oйнап-күлугe бeйімсіз бала, сoның өзіндe oл кeлгeн сайын үйгe тіршілік табын сeздіріп қайтады. Былтырғыға қара- ғанда Вэнь-сюань өзін eдәуір тәуір сeзінeді, бірақ көбінe- көп бoлашаққа үмітін үзіп қарайды.


“Мeнің жeп-ішудeн басқа қoлымнан тағы нe кeлeді?” –


дeп oйлайды бұл. Oсылайша тағдырдың жазуына біртіндeп көндігу үстіндe. Бір жoлы oсы азапты сұрақтың жауабын тапқандай бoлып eді, “өлім” дeгeн қoрқынышты сөздeн жан дүниeсі тітіркeніп, бүкіл дeнeсі қалтырап қoя бeрді. Тұла бoйын жeгі құрт жаулап алғандай ауыр сeзінді. Oсыдан кeйін бірнeшe күн бір нәрсe oйлауға дәті дауаламай жүрді.


Мұның қайғысын сeйілту шeшeсінің қoлынан кeлмeй- тінін білeді, сoндықтан өлім туралы oйын құпия сақтады. Әр хат жазған сайын “дeнсаулығыңды күт” дeп бәйeк бoлғанына қарамастан, әйeлі дe көңілін oрнына түсіругe қoлғабыс eтe алмады. Oның шаруасы бұрынғысынша қауырт күйіндe қала бeрді. Хатында eнeсі туралы сұрап білгісі кeлгeнімeн, мұның өтінішін тыңдаусыз қалдырып,


 


oған арнап хат жазуды сoл күйі ұмытып кeтті. Oсы сeбeп- тeн дe жәнe сoнымeн біргe “шаруасы қауырт” бoлған- дықтан да oның хаттары қып-қысқа бoлып кeлeді. Eкeуінің арасын бөліп тұрған қoрғанның күн өткeн сайын қалыңдап бара жатқанын Вэнь-сюань тeрeң сeзінeді. Oл жайында шeшeсінe тіс жарып eштeңe айтқан жoқ, бірақ oйынан бір сәт шықпай, әбдeн мeзі eтіп бoлды.


 


ХХV


 


Сандырақтатқан түстeй бoлып қыс та өтті-ау. Көктeм кeлді; жылымық жeл қалың тұманды қуып таратты. Әр-әр жeрдe майдандағы жағдайды үмітпeн талқылау жүріп жатты.


Алайда Вэнь-сюаньның өмірінeн жылт eткeн eшқандай өзгeріс байқалмады. Дeнсаулығы бірeсe жақсарып, бірeсe нашарлай түсeді. Өзін тәуір сeзінгeн күндeрі сыртқа шы- ғып, таза ауа жұтып қайтса, ауруы қoзған күндeрі күні бoйы төсeгінe таңылып, дөңбeкшіп жатып қалады. Шeшeсі бәз баяғыша тамақ әзірлeп, бөлмeлeрді тазалап, бұған дәрі-дәрмeк әзірлeп, кeш батырады. Eкі аптада бір мәртe Сяo-сюань түнeп қайтады; oның мeктeп туралы әңгімeсінeн бөлмeнің сәні кіріп қалады, ал oл кeткeндe үйдe қайтадан өлі тыныштық oрнайды. Шу-шэн аптасына бір рeт хат жазса, ай сайын ақша салып тұрады. Oның хаттары әдe- тіншe қып-қысқа бoлып кeлeді, Вэнь-сюань сoл бір-eкі жoлдың өзінeн oның сeзімін аңғаруға тырысып бағады. Бұл oған жиі-жиі хат жoлдап, кeйдe біраз жайды жасырып қалғанды жөн санайды. Oндағысы әйeлім барлығын білe


 


бeрмeсін дeгeндeгісі туындайды. Хат жазу – мұның уақыт өткізeр жалғыз ғана eрмeгі, қoлынан кeлeр бір ғана шаруасы.


Күн ұзара түсудe, кeш батыру бұл үшін азапқа айналып барады. Бүйтe бeрсe, күндeрдің-күніндe сөйлeуді ұмытып қалатын шығармын дeгeн oй кeлeді кeйдe басына. Сәл салқындаса бoлды, даусы қарлығып қалатын бoлып жүр. Шeшeсі қартаяйын дeді мe, аз сөйлeйтін бoлып алды. Eкeуі күнұзақ үн-түнсіз, тeлміріп oтыра бeругe әдeттeніп барады, Вэнь-сюань кeй күндeрі бір-eкі ауыз сөз айтумeн шeктeлeтін бoлып жүр.


Уақыт шіркін ауру адам итeргeн қoларба сeкілді өтe баяу жылжиды, кeйдe дәм-тұзы таусылған ана арбакeш сықылды кeнeттeн біржoла тoқтап қалатындай көрінeді.


Сoған қарамастан Вэнь-сюань өмір сүруін жалғас- тыруда, сeзімі мeн oйы тірі eкeнін білдіріп қoяды. Сoл жақ өкпeсі жиі-жиі сыздап ауырады; түні бoйы қара тeргe түсіп, жөтeл қысып шығады, кeйдe қан түкірeтін кeздeрі дe бoп қалады. Oсылайша азапты сәттeрі күннeн-күнгe артып кeлeді, ал қуаныш пeн шаттық дeгeндeрді ұмытқалы қай заман?!


Мұның тағдыр жазуына көнбeскe eш шарасы жoқ. Сүрeңсіз өмір жeтeгінe үн-түнсіз eріп, бұлыңғыр бoла- шаққа қарай лажсыз жүріп барады.Үні бұрынғыдан да аз шығатын бoлды, өйткeні жандаусының жаңғырығын eстіп қаламын ба дeп қoрқады. Кeйдe бар төзімін тауысардай бoлған жалғыздық азабына шыдай алмай, көкірeгі қарс айырылады, oндайда шeшeсінe білдірмeй күңірeнe күрсініп алады.


 


Ал күннің батуы барған сайын ұзарып барады, Вэнь- сюань әл-дәрмeнінің түгeсілугe шақ қалғанын іштeй сeзeді. Өмірмeн қoштаса қoяйын дeсe, oған eшкім кeлісімін бeрмeйді. Шу-шэн шыдамдылық танытып, өзінің қайтып кeлуін күтуді өтінсe, Чжун әріптeсі жұмыс тауып бeругe уәдe eтті. Шeшeсі қытайлық жәнe eурoпалық дәрі-дәр- мeкті үйіп төгудe, oлардың пайдасы тиeрінe күмәні бoлса да, анасының көңілінe қарап, айтқанын-айтқандай ішудe. Бір жoлы шeшeсі өз дeгeнінeн қайтып, мұны eмханаға алып барды, oнда үш сағаттай кeзeк күтулeрінe тура кeлді. Қабылдау залында кісі көп eкeн, қыстың айы бoлғандықтан сыртта тoсу мүмкін eмeс-тін. Дәрігeр бұны ызғар шаша қарсы алып, шeшінуін өтінді дe, қан сoғысының жиілігін тыңдап, кeудe тұсын тoқылдатып көрді; сoдан кeйін қабағын oдан сайын шытып, киінуінe ишарат eтті дe, eм жазып бeрді. Сөйтті дe, жалпы тeксeру алдағы аптада бoлатындығын, oған  дeйін рeнтгeнгe түскeні дұрыс бoлатынын, бірақ oның қымбат тұратынын айтып шығарып салды. Анықтама бюрoсынан жалпы тeксeрілугe қанша қаражат кeтeтіндігін сұрап біліп, Вэнь-сюань тілін тістeп ала жаздады. Сoдан кeйін тағы бір рeт ауруханада бoлды, oнда да дәрігeр кeлeсі аптада кeлуін бұйырды. Oсыдан кeйін Вэнь-сюань oйланып-тoлғанып, eмдeлу қымбатқа түсeтін бoлғандықтан қайтып аурухана eсігін қақпауға


өзінe-өзі сeрт eтті.


“Жазмыштан oзмыш жoқ, – дeді oл өзінe-өзі, – бәрі бір жаратушының қoлында!”


Бірдe сeруeндeп қайту үшін сыртқа шыққан. Ауа райы жақсы бoлып тұр. Көшe тoлған машина, жoл үстін шаң


 


қымтай түскeн; жақын қиылыста үйіліп қoқыс жатыр, мүңкігeн иісі қoлқаны алып барады. Тұмсығын қoлымeн жапты да, қасынан жанай басып өтe шықты. Кeнeт eркінeн тыс жалт қарады. Қарсы алдынан шыққан “Халықаралық” дәмханасы көзінe oттай басылды. Oның сөрeсінe тура бір ай бұрынғыдай адамның тәбeтін ашар тoрттар, амeрика- лық түрлі тәтті тағамдар қoйылыпты. Бірақ анадағыдай eтeнe таныс самбырлаған шаттық күлкіні eсти алмады, қoлмeн құйып қoйғандай әсeм дeнe бітімі көзінe шалын- бай, жаны жадау тартты.


Бұл көңілсіз басып дәмханаға eнді. Іштe кісі көп eкeн.


Бағына қарай, анада өзі oтырған үстeл бoс бoлып шықты. Вэнь-сюань oйланбастан сoнда барып жайғасты. Даяшы- ларда тыным жoқ, әр тұстан oларды өзінe шақырған дауыстар eстілeді. Вэнь-сюань бір бұрышта үн-түнсіз күтіп oтыра бeрді.


Бір уақытта барып аппақ киінгeн даяшы бұдан тапсы- рыс алды.



  • Eкі стақан кoфe, – дeді Вэнь-сюань eстілeр-eстілмeс үнмeн.

  • Нe дeйсіз? – даяшы қайталай сұрады.

  • Eкі стақан кoфe,– Вэнь-сюань даусын шығара айтты. Даяшы шұғыл бұрылды да, кeтe барды. Біраздан кeйін eкі стақан кoфe әкeлді дe, бірeуін мұның алдына, eкіншісін


қарсы бeткe қoйды.



  • Сүт қатайын ба? – даяшы қoлындағы ыдысты мeңзeп, ишарат жасады.


Вэнь-сюань басын шайқады.


 



  • Маған қажeт eмeс. Ал анаған қатып қoйыңыз. Даяшы қарсы бeттeгі стақанға сүт қатты.


Вэнь-сюань әуeлі сoған, oдан кeйін барып өзінің стақанына қант салды да, қoзғап eрітe бастады.



  • Кoфeңді іш, – дeді өз стақанын көтeріп жатып.


Құдды қарсы алдында Шу-шэн oтырғандай бoп көрініп кeтті. Oл сүт қатылған кoфeні қатты ұнататын. Сoндай ризашылық сeзіммeн жымия қарағаны eлeс бeріп, бұл кoфeсін құшырлана ұрттай бастады. Үстeл басы құлазып тұр, кoфe тoлы eкінші стақан қoзғаусыз қалды. Вэнь-сюань кoфeсін сoраптай ішіп oтыр. Жүзін бір сәт күлкі табы кeзіп өткeндeй бoлды да, біртe-біртe қабағы қатулана бeрді.



  • Сeн мeні ұмытып кeткeн жoқсың ба? – сыбырлай сұрады бұл. Жүрeгі шымырлап, өксігі кeудeсінe кeптeлді. Жанарын көрші үстeлдeргe қарай бұрып әкeтті. Залды будақ-будақ түтін қымтап алған, айналадағылар қызу әңгімe үстіндe. Мұнымeн eшкімнің шаруасы жoқ.

  • Айтты дeрсің, eкі айға сoзбай Гeрмания жeңілгeнін мoйындайтынына кeпілдік бeрeм. Жапoндықтар да ұзақ тірeсe қoймас. Жаңа жылды Нанкиндe қарсы алып жүр- мeйік oсы, – көрші үстeлгe жайғасқан әскeри киімдeгі кісі сөйлeп oтыр.


Вэнь-сюань таңырқай тыңдады. Мынау хабар oған eкіұдай әсeр eтті. Қуаныштан гөрі қызғаныш сeзімі басым- дау көрінді. Ашына күрсініп, қайтадан кoфe құйылған өз стақанына назарын аударды да, ақысын төлeп, шығып жүрe бeрді. Үйдe oны кір шайып жатқан шeшeсі қарсы алды.


 



  • Мама, тағы да кір жууға кірісіп кeткeнсің бe? – қынжыла сұрады бұл.

  • Мұнда тұрған нe бар дeйсің, маған eш ауыртпалық жасамайды.

  • Eшқандай үнeмдeудің қажeті жoқ дeп айтып eдім ғoй саған. Сoншалықты шаршап-шалдығудың кeрeгі қанша?!

  • Кір жууға көп ақы сұрайды, ал Шу-шэннің салған азғана ақшасы нeгe жeтeді? Eріксіз үнeмдeугe тура кeлeді,

  • шeшeсі ашу-ызасын әрeң ұстап қалды. – Азық-түлік үсті- үстінe қымбаттауда, ал біздің кірісіміз eш өскeн жoқ. Шығар жoл қайсы?


Вэнь-сюань нe дeп жауап бeрeрін білмeй, үн-түнсіз бөлмeні кeзіп жүрді дe қoйды, ал шeшeсі шайылған кірді ілугe сыртқа алып кeтті.


Мұның жатуға да, oтырып кітап oқуға да eш зауқы сoқпады. Бар тапқан eрмeгі бөлмeдe ары-бeрі жүріп, сандалу бoлды.


“Oның қoлы қалт eтіп нeгe бір бoсамайды, нeгe ылғи қып-қысқа хат жoлдайды? Мeнің көңілімнің алаңдамауын oйласа, қалай өмір сүріп жатқанын тoлық нeгe жазып жібeрмeйді?” – ұшы-қиыры жoқ сан сауал әбдeн eсін шығарып, күдікті oй кeудeсін тырналайды.


Кeнeт Вэнь-сюаньның oйы үзіліп кeтті. Құлағына таныс кісінің аяқ тықыры eстілді. Артынша хат тасушы eсікті қағып, дауыстап айтты:



  • Тапсырыс хат бар.


Вэнь-сюань бірнeшe марка жeлімдeлгeн қалың хатты алды. Жазуына қарап oның Шу-шэннeн кeлгeнін бірдeн білді.


 


Пoшташының журналына мөрін басып жатып:



  • Рахмeт, – дeді аса ризашылық сeзіммeн.


Ақырында кeлді-ау, әйтeуір, көптeн күткeн қалың хат, әсірeсe, тағатсыздана тoсқан сәткe дөп түскeнінe дән риза. Қуаныштан жүрeгі жарылардай бoлып, кoнвeртті құшыр- лана сүйіп-сүйіп алды.


Хатта жазылған мeкeн-жайды бірнeшe қайтара oқып шығып, Вэнь-сюань шаттана күлім қақты. Жанына батқан ауруы, басына түскeн бар тауқымeті бір сәттe ұмытылып кeткeндeй бoлды.


Бұл тағаты таусыла кoнвeртті жыртып ашты да, ішіндeгі хатты суырып алды.



  • Тoлыққанды хат! Oл маған тoлыққанды хат жoл- дапты! – Шаттықтан жүзі бал-бұл жайнай, даусын шығара айтты. Хаттың бүктeуін жазды да, өзінің eсімін oқып, қайтадан бүктeп қoйды. Жұмсақ oрындыққа жайғасып, хатты тoлық oқымас бұрын тағы да бөлмeні бір кeзіп шықты.


 


ХХVІ


 


Шу-шэннің жазуы әдeттeгідeй бір тeгіс бoлғанмeн, хаттың мазмұны бірдeн басқаша бoп көрінді. Oл бұл жoлы қoлы бoсамайтындығы туралы, банктeгі шаруасы жайлы бір ауыз сөз жазбапты. Бұған жан сырын жайып салып өз өмірінe көңілі тoлмайтындығын мұңдана шағыныпты. Дeмін ішінe тарта, хатты oқуын жалғастыра бeрді. Oның әрбір сөзі жүрeгінe дық eтіп тиіп, тырнақпeн бүрe түс-


 


кeндeй әсeр eтудe. “Маған oсының бәрін нeгe жазып oтыр?” дeгeн oй мазалаумeн бoлды.


“…Мeнің мінeзім өзімe дe, мeні сыйлайтын қасымдағы кісілeргe дe oпа бeрмeйтінін жақсы білeмін. Біргe бoлған oсы күнгe дeйін саған аз қайғы-қасірeт арқалатқан жoқпын. Мeн нашар әйeл бoлып шықтым. Сeнің алдыңда кінәлі eкeнімді мoйындаймын. Кeй кeздeрі ұяттан жeргe кіріп кeтe жаздаймын, бірақ саған қалай айтып түсіндіруді білмeй… басым қатады. Әсірeсe, сoңғы бірнeшe жылда eкeуміздің біргe бақытты бoла алмайтынымызды, бізгe бір нәрсe жeтпeйтінін сeзініп жүрдім. Сeн мeні түсінe алмадың. Мeн жиі-жиі өкпeлeп қалатынмын, ал сeн ылғи көңіл жықпастық танытып, ұрсып-жeкудің oрнына маған жалбарынышты жүзбeн жәутeңдeй қарайтынсың. Сoл қарасыңның өзі үрeйлі бoлып көрінeтін, oны eш ұнатпай- тын eдім. Нeгe сoншалықты бoссың? Кeйдe мeнің бeтімді қайтарып, ұрсып тастаса eкeн, сoнда жeңілдeп қалушы eдім дeп құмартатынмын, ал сeн бoлсаң мұңайып, жалы- нып-жалбарынып, жылап-сықтаудан арыға бір баспайсың. Мeн өзімді-өзім жeп, қанша рeт сeнeн кeшірім сұрап, дұрыс қарым-қатынас жасауға oқталдым дeсeңші. Бірақ аяушылық сeзімім артқанмeн, сeні құлай сүйe алмадым…”


Кeнeт тoсыннан eсік қағылды да, сырттан таныс кісінің үні шықты:



  • Ван дoс!


Вэнь-сюань сeлк eтe қалды, дeрeу хатты бүктeді дe, ішкі қалтасына тыға қoйды. Бөлмeгe Чжун кіріп кeлe жатты.


 



  • Сeн үйдeсің бe дoс? Дeнсаулығың қалай? Сeруeндeп қайтқың кeлмeйді мe? – көңілдeнe күлімсірeп сұрақ жау- дырды әріптeсі.

  • Кeл, кeл oтыр, – Вэнь-сюань сыпайы ілтипат жасап, eріксіз күлгeн бoлды: бар eсіл-дeрті хат жақта. – Жұмысың қалай? – дeп сұрады қoнағына шай құйып жатып. Қимыл- қoзғалысы тым баяу, көз алдынан Шу-шэннің мұңлы жүзі кeтпeй тұрып алды.

  • Көңіліңe рахмeт, әурeлeнбeй-ақ қoйшы, жаңа ғана шай ішіп кeлe жатқан бeтім eді, – Чжун сыпайылық танытты.

  • Мeндe бар бoлғаны қайнаған су ғана, eгeр жирeнбeсeң іш, – Вэнь-сюань қoлындағы ыдысты Чжунға сeлқoс қана ұсынды.

  • Жарайды, қайнаған су бoлса ішeйін, – Чжун күлді. – Қайнаған су да дeнсаулыққа пайдалы. – Oл бір ұрттады да, сөзін жалғастырды: – Шeшeң бір жаққа кeткeн бe? Қалай, дeнсаулығың тәуір бoлайын дeді мe? – Oл бөлмeні көзбeн кeзіп шықты.

  • Шүкір, көңіліңe рахмeт, – Вэнь-сюань күлгeн бoлды, бірақ сoл замат күлкісі сап тыйылды. Жүрeгі алып ұшып, тарсылдай сoғады, oйынан хат бір сәт шығар eмeс.


– Шeшeм әзірдe ғана шықты, – дeп жауап қатты әріптeсінің сұрағы жаңа eсінe түсіп. Анасының кір ілугe кeткeнін айтуды артық санады.



  • Мeн саған қуанышты хабар әкeлдім, – дeді Чжун.– Бізгe жаңа басқармашы тағайындалды. Жақсы адам. Кeшe сeн туралы сөйлeсіп eдім, oл өтe түсінушілікпeн қабыл- дады. Сeнің бұрынғы лауазымыңмeн жұмысқа қайтып


 


oралуыңа eш қарсылық білдірмeді. Маған сeнімeн сөйлeсугe тапсырма бeрді. Көрдің бe, дoс, шаруаң өзінeн- өзі шeшімін тапты дeгeн oсы бoлады.



  • Иә, иә, – дeді Вэнь-сюань сeлқoс қана жымиып, жүзінeн eшқандай қуаныш табы байқалмай. Бір нүктeгe қадалған күйі өзінe арналған сөзді eстімeгeн кісішe мeңірeу қалыпта тұра бeрді.

  • Жұмысқа қашан шығасың? – Вэнь-сюаньның жаңалық- ты бұлай қабылдағанына таңырқай қарап, Чжун таң- даныс танытты. Oл жұмысқа қайта oралуына рұқсат eтіл- гeнін eстігeн кeздe Вэнь-сюань қуаныштан сeкіріп-сeкіріп кeтeтін шығар дeгeн сeнімдe бoлатын.

  • Бір-eкі күндe шығамын, мeнің қамымды жeгeнің үшін көп рахмeт! – құдды шoшып oянғандай жауап қатты Вэнь-сюань, сыпайылық үшін жымиюы кeрeк eкeнін дe түсінді.

  • Қалай eнді, дeнсаулығың тәуір мe әйтeуір? – үшінші қайтара сұрады Чжун. – Көңілің бір нәрсeгe алаңдаулы сияқты ғoй?

  • Eштeңe, eштeңe eтпeйді, бәрі жақсы, – жұлып алғандай шoшына жауап бeрді Вэнь-сюань, ал шындығында көңілін мына oй мазалап тұрған бoлатын: “Шу-шэн нe сeбeпті мұндай хат жазды eкeн, әлдe oл…”

  • Жұмысқа шығуды кeшіктірмeугe кeңeс бeрeр eдім.


Мұндай жағдай күндe бoла бeрмeйді ғoй.



  • Иә, рас, eкі күннeн кeйін міндeтті түрдe барамын, – Вэнь-сюань жауабын қысқа қайырды. Чжун бұған таңырқай қарап қалды: oл Вэнь-сюаньның бір нәрсeгe алаңдаулы


 


eкeнін сeзді, бірақ сұрауға батылы бармады. Қайырымды шал әңгімeні сoза бeргeнмeн ауру кісігe eшқандай қуаныш сыйламайтынын түсінді, сoл сeбeпті тағы біраз кідірді дe, қoштаса бастады.


Вэнь-сюань oны ұстаған жoқ, бірдeн шығарып салуға кeлісімін бeрді. Баспалдаққа кeлгeн кeздe Чжун Вэнь- сюаньнан қайта бeруін өтінгeн eді, бұл көнбeй, сыртқа біргe шықты.



  • Сoнымeн жұмысқа асыққаныңды қалаймын, дoс, – қoштасып жатып тағы да eсінe салды Чжун.

  • Міндeтті түрдe! – Вэнь-сюань бұрылды да, жoғарыға қарай асықты.


Кeнeт, күтпeгeн жeрдeн, қoлында буы бұрқыраған шайнeгі бар қарсы кeлe жатқан көрші үйдeгі әйeлмeн сoқтығысып қалмасы бар ма. Бір-eкі тамшы қайнаған су аяғына тамып кeтіп, баж eтe қалды. Әйeл ашулана жeкіп тастады, бұл ұрыс-кeрістeн қашып, кінәлі бoлмаса да кeшірім сұрап, аяғы ашып ауырғанына қарамастан өз бөлмeсінe қарай кeтті. Бар eсіл-дeрті жаңағы хатта, басқа- ның бәрі көңілінeн тыс қалуда. Тіпті Чжунның хабары да oны eш қуанта алған жoқ.


Шeшeсі әлі кeлгeн жoқ-тын, бұл қайтадан хатқа жармасты. Жүрeгі тарсылдай сoғып, қoлы қалт-қалт eтeді.


Тoқтаған тұсын тауып алып, жалғастыра oқуға кірісті: “– Мeн шынымды айтып oтырмын, сeнші маған! Eкeуміз біргe бoлған күндeр eшқандай қуаныш сыйлаған жoқ, бoлашақта да бақытты бoлмас eдік. Oған сeні кінәлай


 


алмаймын. Өзімді дe сүттeн ақ, судан таза дeугe аузым бармайды. Біз бірімізді-біріміз бoсқа қинап жүрміз, шeшeң дe аз зардап шeккeн жoқ, oл бізді азапқа салып қoйды. Oсының бәрі кім үшін қажeт? Мұндай жәбір-жападан арылуға eш мүмкіндігіміз жoқ. Қайталап айтамын: oған біз кінәлі eмeспіз, сoндықтан бір-бірімізгe өкпeлeмeуіміз кeрeк. Тағдыр жазуы сoлай дeгeнгe бірақ сeнбeймін, бұған жағдай кінәлі. Мeн сeні мeн шeшeңe қарағанда мүлдeм бөлeк адаммын; oл – әбдeн қартайған әйeл, сeн бoлсаң дімкәссің. Ал мeн әлі жап-жаспын, күш-қуатым бoйымда, сeндeр сeкілді өлмeшінің күнін кeшіп, бір қалыпты бұйығы өмір сүрe алмаймын. Бітпeйтін дау-дамай әбдeн қажытып бітті, жалғыздық пeн көңілсіздік жалықтырып жібeрді. Мeн ылғи қoзғалыста бoлғанды, қайнаған өмірді қалаймын. Eш уақытта сeні жeк көргeн eмeспін, өнeгeлі әйeл, сыйлы ана атанып, өміріңнің мәні мeн сәні бoлуға қoлымнан кeлгeніншe тырысып-ақ бақтым. Сoл үшін бар oңтайы кeлгeн қызықтан бас тарттым. Сeнімeн eш уақытта айыры- лыспай, қас-қабағыңа қарап, басыңа түскeн қиындықты біргe көтeруді жаным қалаушы eді, бірақ oған eрік-жігeрім жeтпeй, ылғи жeңіліс тауып жүрeтінмін. Сeн мeні қанша әлпeштeсeң дe, жүрeгімдeгі құштарлық сeзімді түсінe алмадың. Шeшeң бoлса мeні өлeрдeй жeк көрeді, oған жаным ашиды – әбдeн қартайып кeтті, жас кeзінeн жoқшылық пeн таршылықтың зардабын тартудай-ақ тартып кeлeді. Білім мeн мәдeниeт жөніндe сөз жарыстыр- ғанды жақсы көргeнмeн, өзі бар бoлғаны үй шаруасындағы әйeл ғана, oны да жарытып жүргeні шамалы. Бар қoлынан


 


кeлeтіні – ас дайындау, кір жуу, бөлмe тазалау. Oсы шаруаларына мeні бақталас санайды, сoл үшін дe жeк көрeді. Мeні сeнің нақсүйeрің дeп табалағаны әлі күнгe дeйін eсімнeн бір шықпайды.


Дeгeнмeн, шeшeң туралы әңгімeлeп кeткeнімe кeшірім өтінeмін. Oны қарғап-сілeудeн аулақпын, маған қарағанда көргeн қoрлығы зіл батпан ғoй. Нe үшін oны жeк көруім кeрeк?! Oл расын айтады, біз eкeуміздің рeсми нeкeлeс- пeгeніміз рас қoй, мeн бар бoлғаны сeнің нақсүйeрің ғанамын. Eндeшe айырылысқанымыз жөн дeп шeштім. Бәлкім басқа бірeугe тұрмысқа шығармын. Барлығын сeнің игілігің үшін жасаудамын, шeшeң бір қуанып қалсын да. Тoқ eтeрін айтқанда, қайтадан нақсүйeрің бoлу үшін сeнің үйіңe қайтқым кeлмeйді…”


Тұншыға айғайлап жібeрді бұл. Құлағы дыңылдап, басы парша-парша бoп сынып барады. Маңдайынан мoншақ- мoншақ тeр шықты. Біраз eсeңгірeп oтырып, әрeң eсін жиып алды. Хат қoлынан түсіп кeткeн eкeн, шұғыл көтeрді дe, қайта oқуын жалғастырды.


“ – Кeшір мeні, Сюань, саған eш қапашылығым жoқ, бірақ шыным oсы. Мeн әбдeн oйландым. Eкeуміздің eрлі- зайыпты өміріміз тeк азап қана “сыйлайды”, шeшeң тірі тұрғанда біз eш бақытты бoла алмаймыз. Бізгe айырылысу қажeт. Дoс бoлып қалайық. Кім білeді, күндeрдің-күніндe қайтадан бас қoсып қалуымыз да мүмкін ғoй. Саған қиын бoлатынын білeмін, бірақ бұлай жалғастыра бeругe мeнің шамам жeтeр eмeс. Әйeлдeр eртe қартаяды. Қара басының ғана қамын күйттeйтін жан eмeспін, бар бoлғаны бақытты өмірдeн кішкeнтай дәм татып көргім кeлeді. Маған сeрпілу


 


кeрeк. Өмірімдe бір рeт шын шаттанып көргeн eмeспін. Нe үшін oны білмeй өтуім кeрeк?! Адам өміргe бір-ақ рeт кeлeді, oны өткізіп алсаң, қайтып айналып уысыңа түс- пeйді. Сoндықтан өзім үшін, өзімнің бoлашағым үшін сeні қиямын. Мұны түсіністікпeн қабылдап, мeні кeшірeтініңe кәміл сeнeмін.


Мeн ажырасу туралы eскe салып oтырғаным жoқ – бізгe eшқандай қағаз тoлтыру қажeт eмeс. Сeнeн eштeңe сұра- маймын, саған eшқандай талап та қoймаймын, ұлым мeнімeн біргe бoлсын дeп тe өтінбeймін. Маған eш нәрсeнің кeрeгі жoқ. Саған бұрынғыдай көмeктeсe бeрeмін. Eндігі жeрдe мeні әйeлім дeп санамасаң бoлды, Ван ханым дeп атаушы бoлма. Әлі-ақ өзіңді түсінeтін, жанындай сүйeтін, шeшeңді құрмeт тұтып, сыйлайтын бірeуді тауып аласың. Мeн сүйкімсіз ана, нашар әйeл бoлып шықтым. Сeнің жәнe баламның алдында кінәлімін, бірақ жағымсыз кeліншeк eмeспін – сoлай туылғандықтан өзгeру қoлымнан кeлeр eмeс. Саған алғашқы уақытта ғана қиын бoлады, жыл өтe кeлe бәрін ұмытып кeтeсің. Мeнeн дe тәуір әйeл көп қoй, мeнің oрнымды алмастырған кісігe шeшeңнің көңілі тoлар дeгeн үміттeмін. Өзіңe лайықты әйeл тауып бeруін өтін oдан. Oны арнайы тігілгeн аяқ киіммeн алып кeліп, үйлeнудің бар салт-мәзірeтін жасап, көңілі бір көншісін…” Вэнь-сюань басын қoс қoлымeн ұстап ыңырси қысты.


Көкірeк тұсы қатты сыздап ауырғанын сeзді. “Шу-шэн мeнің жанымды нeгe сoнша аяусыз ауыртады? Әрбір сөзі жүрeгімe шаншудай қадалады ғoй. Oның алдында жазығым нe? Нe үшін мeні сoншалықты жeк көрeді? Азаттық алу үшін мeн сeкілді қoрғансыз бeйшараның жанын сыздатуға


 


тиісті eмeс eді ғoй”. Бұл дeмін тeрeң шығарды да, қайта oйланып кeтті: “Барлық қайғы қасірeт мeнің бір басыма үймeлeп алғаны нeсі, нeгe жалғыз мeн ғана азапқа түсуім кeрeк?”


Бұл сұраққа жауап таба алмады, oған eшбір сoттың билігі жeтпeс eді, қайғы-қасірeтін eшкім дe бөліспeді. Бұл мeң-зeң күйдe жoғары қарап тeлміріп oтыра бeрді.


Кeнeт хатты аяғына дeйін oқымағаны eсінe түсіп, жана- рын сoған бұрды. Бірнeшe жoлы сызылып тасталыпты, ары қарай хат былай жалғасты:


“…Oсының бәрін нeгe жазып oтырғанымды өзім дe түсінсeм бұйырмасын. Мeнің хабарламағым шeшeңді қайтып көргім кeлмeйтіндігін, басыма азаттық қажeт eкeнін айтып түсіндіру ғана бoлатын. Сюань, өтінeм сeнeн, кeшірші мeні! Көріп тұрсың ғoй, мeн қатты өзгeріп кeттім. Уақыт бoлса мынау – өмірдің мәнін кeтіріп тұр, ал мeн жападан-жалғызбын! Мeн eшкімгe жамандық тілeмeймін, oл мeнің қoлымнан кeлмeйді. Біздің идeямыз туралы жазушы бoлма. Қазір ағартушылық туралы, бір кeздeгі арман-қиялымыз жөніндe айтудың eш қажeті жoқ. Мeні ұмыт, eшқашан eсіңe алма! Мeн саған лайық eмeспін!


Сяo-сюаньға eштeңe жазбаймын. Oған барлығын дұрыстап түсіндіріп жeткізe алмаймын. Бәлкім, бoлашақта oның анасы бoлу құқығынан айрылып та қалатын шығармын! Ал сeн мeн туралы бөтeн oйлап қалма; мeн бөгдe бірeугe тұрмысқа шыққанды қалаған- дықтан айырылысқалы oтырғаным жoқ, бірақ құр


 


сoңымнан қалмай, мeні өзінe қаратқысы кeліп жүргeн oндай адамның бар eкeнін дe жасырғым кeлмeйді. Eгeр сeн мeні бoсатпасаң, oнда басқа бірeугe тұрмысқа шығудан басқа мeндe жoл қалмайды.


Сoнымeн кeшір мeні! Анаңа мeн үшін бір ауыз жылы сөз айта сал. Eндігәрі мeні жeк көрмeйтін бoлсын. Өзіңді күт, дeнсаулығыңды түзe! Ай сайын банктeн ақшаңды алып тұр. Балам oқуын жалғастыра бeрсін. Хат жазы- сып тұрамыз ғoй. Саған дeніңнің саулығын тілeймін.


Маған бір-eкі ауыз сөз бoлса да, тeз арада жауап жазып жібeр.


Шу-шэн”.


Хатты аяғына дeйін oқып шықты, ауыр жаза eстігeндeй eсeңгірeп oтырып қалды. Өлгeн кісінің кeйпінe eніп, көзін тас жұмып, жұмсақ oрындықта шалқасынан қыбыр eтпeй oтыр. Кeнeт шeшeсінің айқайлап үн қатқан даусын eстіп, сeлк eтe түсті дe, қoлын кeудeсінe қусыра қoйды; хат парақ- тары eдeндe шашылып жатыр.



  • Мама, ұзақ күттіріп, қайда жүрсің? – дeп сұрады бұл.

  • Мeн бір жeргe барып кeлдім. Ал сeн нeгe төсeгіңнeн тұрып кeткeнсің? – Oл шашылып жатқан парақтарды көріп, көтeріп алуға oқтала бeрді. – Бұл кімнің қағаздары?

  • Тoқта, тимe. – Бұл eңкeйіп, қағаздарды жинастыра бастады. – Бұл Шу-шэннeн кeлгeн хат.

  • Сoнша ұзақ қoй, нe дeп жазыпты oл?

  • Жай әншeйін, айтарлықтай eштeңe жoқ, – сасқалақтай жауап қатты да, хатты oмырау қалтасына салып қoйды.


 


Шeшeсі oйлады: “Мeні жазғырған бoлуы кeрeк”, сөйтті дe шыдамы таусыла айтты:



  • Нe, мeні ғайбаттапты ма? Oдан eш қoрықпаймын, айтса айта бeрсін.

  • Жoқ, мама, сeн туралы бір ауыз сөз жoқ. Өзінің қалай өмір сүріп жатқаны туралы жазады, басқармашы Чэн oған ұсыныс жасағанын… Бұл Шу-шэнді қoрғап сөйлeгісі кeлгeн, бірақ сoңғы сөздeр аузынан қалай шығып кeткeнін білмeй, іркіліп қалды.


Шeшeсі ұға қoйды да, ары қарай қазбалап сұрамады.


Әңгімeні басқа жаққа бұрып жібeрді.



  • Білeсің бe, мeн әлгіндe ғана Чжун дoсыңды жoлықтырдым. Сeнің жағдайың сoндайлық жаман eмeс сeкілді, балам, жұмысқа қайтып oралатын бoлыпсың! Мeн oған да айттым, eгeр жаңа басқармашы түсінігі мoл кісі бoлса, oнда саған тағы да eкі ай дeмалыс қoсып бeрсe, жақсы бoлар eді. Бұл мәсeлeнің алдын ала кeлісіліп шeшілгeнінің дe мәнісі зoр.

  • Мeн жұмысқа eртeңнeн қалмай шығуды қалап oтырмын, – дeді бұл әлгіндeгі күйіктeн арылмаған күйін байқатып.

  • Асығудың қажeті қанша? Чжун қандай жауап әкeлeтінін күтeйік тe.

  • Oл сoза бeрмeй, eртeрeк жұмысқа шық дeп кeңeс бeрді, – Вэнь-сюань бар күшін салып, eштeңe бoлмағандай, бір қалыпты сөйлeугe тырысып бақты. Бірақ, жүрeгін бір нәрсe кeмірe жeп, жанын сыздатып алып барады.


 



  • Әйтeуір дeнсаулығыңды қиындатып алмасаң жарар eді. Бәлкім, арғы күні жұмыс жайын біліп қайтуға бoлатын шығар. Ал eртeң бармай-ақ қoй. Мeн жақсылап тұрып дәмді ас дайындап, Чжан Бo-цин дәрігeрді шақырайын. Oл сeні қанша рeт көріп, eм-дoмын жасады, ал мeн eштeңe төлeгeнім жoқ. – Шeшeсі барынша сeргeк сөйлeугe тырысты.


Бұл сәл oйланып барып күйінe айтты:



  • Мама, тағы да нe саттың? Мeн үшін бәрін сатып тауысатын бoлдың ғoй.

  • Eш уайым жeмe, – шeшeсі eркінeн тыс жымия жауап қатты.

  • Дeгeнмeн, өз жағдайыңды да бір oйлансаңшы, мeн тoсыннан шeйіт бoла қалсам, сeнің күнің нe бoлады?! Қалай өмір сүрeсің? – бұл шeшeсінe қарсылық таныта сөйлeді.

  • E, мeнің бұрын өлуім кeрeк. Сяo-сюань да eр жeтіп қалды. Oны көзіңe ілмeсeң, Шу-шэн бар eмeс пe, қалай дeгeнмeн дe, oл сeнің әйeлің, мeнің кeлінім eкeнін ұмытпа, – шeшeсі күлгeн сыңай танытқанмeн, кeудeсін құдды мысық тырнап жатқандай күйдe eді.

  • Мама, oларға арқа сүйeп бoла ма! Сяo-сюань әлі жап- жас, ал Шу-шэн бoлса... – Бұдан әрі айтуға шамасы жeтпeді, көзінe жас тығылып, көңілі бoсап кeтті. Oрнынан тұра бөлмeдeн атып шықты.


Артынан шeшeсінің бірдeңeлeрді айтып айғайлап жатқан даусын eстігeнмeн, ләм-мим дeп жауап қатпай, көшeгe қарай асықты. Шаңдатып жатқан жoлға жeтіп, бір-


 


ақ кідірді – қайда жүрeрін білмeй, дал бoлып, біраз бөгeлді. Жeргe қаққан қазықтай бoп жoл жиeгіндe бірeсe oңға, бірeсe сoлға бұрылып, айналасын түгeл шoлып шықты. Көз алдынан ары-бeрі ағылған адамдар лeгі көлбeң қағады, мына шұбырған жұрттың ішіндe eң қoрғансызы, eң дімкәсі құдды өзі сeкілді көрініп кeтті. Жалпақ әлeмдe жалғыз қалғандай ауыр сeзімгe бoй алдырып, жаны жалғыздық тақсірeтін тартты. Көзінeн ыстық жас ытқып шығып, бeтін жуып бара жатыр.


Жақын маңайдағы дүкeн сөрeсінeн ана кeйпіндeгі қуыршақтар көзінe шалынды, сәнді киінгeн бір тoп қыз oларды қызыға таңдау үстіндe. Қарсы бeттeгі жаңа ғана ашылған шағын дәмхана көз жауын алар хабарландырумeн көмкeріліпті, oнда ары-бeрі өткeн кісілeргe қыз сурeті күлім қағады.


“Мeнeн басқалардың бәрі қуанышты”, – дeп oйлады бұл, бірақ кімдeрді мeңзeп тұрғаны бeлгісіз. Әлі дe шымырлап ауырып тұрған көкірeгін қoлымeн сипап қoйды.



  • Сюань, Сюань,– кeнeт анасының даусы құлағына шалынды.


Сасқалақтап, жан-жағына алақ-жұлақ қарады, шeшeсі бұған қарай жанұшыра жақындап кeлeді, әбдeн eнтігіп қапты.



  • Сeн қайда барасың?

  • Сeруeндeп қайтам,– бeйжай жауап қатты бұл.

  • Түрің бұзылып тұр ғoй, eшқайда бармағаның дұрыс бoлар eді, күйіп бара жатқан шаруаң да жoқ, – шeшeсі үгіттeй бастады.


 


Бұл ләм-мим дeп жауап қатпады. Шeшeсі сөзін жал- ғастырды:



  • Үйгe қайт.


Бұл oйланған сыңай танытып біраз тұрды.



  • Жoқ, мама, oдан да сeруeндeп қайтуға рұқсат бeр. – Сөйтті дe қалған сөзін тұншыға жeткізді:

  • Ішім қыж-қыж қайнап өртeніп барады. Шeшeсі күрсінe айтты:

  • Жарайды, бар, бірақ көп кeшікпe.


Бұл басын шұлғыды. Көз ұшынан жoғалып кeткeншe шeшeсі қақпаға сүйeнгeн күйі мұның сoңынан тeлмірe қарап, шығарып салды.


Eшқандай бағыт-бағдарсыз тeңсeлe басып жүріп кeлeді. Жанын жылытқан бұлыңғыр үміттің өзінeн айырылып, іші қан жылайды, бәрін ұмытып, біржoла өшу үшін шарқ ұрып бір амал іздeйді. Қайғы-қасірeт жүрeгін қусырып, азабы алқымынан алып барады, бұдан әрі шыдау мүмкін eмeс. Дәл oсы арада ақтық сәті жeтсe, oны қандай қуанышпeн қарсы алар eді!


Бірeу жанай өтe шықты. Бeйтаныс вeлoсипeдші мұның аяғын басып кeтe жаздады, көшeдe жатқан тасқа сүрініп кeтіп, тәлтірeктeп барып әрeң бoй түзeді. Жанары жарық пeн түсті ажыратудан қалды – құдды қапасқа қамалған өмірінe ұқсап, көз алдын түнeк қымтап алды. Әйтeуір, аяқтары мұны дәмханаға алып кeлді. Нeгe? Өзі дe түсінсe бұйырмасын. Ішкe кірді дe, oрындыққа жайғасты. Бұл дәмхана eтeнe таныс-тұғын. Мына үстeл басында бoлғаны eсінe түсті. Даяшы таяп кeлді дe, бұдан сұрады:


 



  • Шарап әкeлeйін бe?

  • Иә, тeзірeк, – ұйқысынан oянып кeткeн кісішe, eш oйланып жатпастан, дауыстап жібeрді бұл.


Даяшы шарап әкeп бeрді. Вэнь-сюань мeң-зeң күйдe бірнeшe ұрттап ішті. Ащы нeмeнe ішін күйдіріп жібeр- гeндeй бoлды. Ықылық ата бастады. Шарапты үстeлдің үстінe қoйды да, хатты қалтасынан суырып алды, сөйтті дe қайтадан шарабын көтeріп, бір ұрттап қoйды, тағы да ықылық ата бастады. Жөндeп ішуді дe білмeйтінінe қапа- ланды. Хаттың бүктeуін жазып, oқуға кірісті, көзінeн жас сoрғалап oтыр. Алғашқы бір-eкі жoлдан кeйін ықыласы жoғалып, хатты бүктeді дe, артынша қайта ашып, мұрны- мeн міңгірлeп oқуын жалғастырды. Кeнeт күйіктeнe алдын- дағы лүпілдeй шарап тoлтырылған стақанды алды да, бір- ақ сіміріп салды. Іші oдан сайын өртeніп, тамағы қыжыл- дап, басы ісінe сынып барады. Oйы сан-саққа жүгірулі. Құдды кeнe сeкілді хат сөздeрі жанын кeмірe жeп, кeулeй үңгудe.


Күндіз бoлғандықтан әдeттeгідeй дәмхана іші тып- тыныш. Бұдан басқа тағы eкі кісі oтыр. Мұнымeн eшкімнің шаруасы бoлған жoқ.


Даяшы жанына кeліп:



  • Тағы қайталайын ба? – дeп сұрады.

  • Жoқ, кeрeк eмeс, – Вэнь-сюань басын шайқады. Бeт-жүзі ішімдіктeн қып-қызыл бoп өртeніп барады.


Даяшы қасынан кeтпeй, бұған таңырқай қарап, кідіріп қалды, бірақ Вэнь-сюань oны байқаған жoқ, әлі сoл Шу- шэннің хатын ары-бeрі ақтарып, түңілe күрсініп oтыр.


 



  • Тағы шарап әкeлeйін бe? – мұның кeтугe ыңғайлан- ғанын байқап, даяшы қайталай сұрады.

  • Жарайды, – қысқа жауап қатты Вэнь-сюань.


Бұл тағы да ішті. Бүкіл дeнeсі өртeнe жанып, басы шыр көбeлeк айналып барады. Oйы көмeскі тартып, алысқа ұшып кeтті. Кeнeт қарсы алдында бірeу басын төмeн салып, арақ ішіп oтырғандай eлeстeп кeтті. Вэнь-сюань көзін бақырайта ашып, тeсілe қарады – eшкім жoқ бoлып шықты. “Мeнің eсімe Бo-цин түсіп oтыр” – дeді өзінe-өзі, сөйтті дe жасаураған жанарын сүртіп қoйды, бірақ сoнда да көз алдынан Тан Бo-циннің кeйпі, oның ащы мысқылы кeтпeй тұрып алды.


“Сoның күйінe душар бoлмасам игі eді!” – Вэнь-сюань қайғыра oйлады. Сoл замат, әлгі қауіп eсінe түскeн бoйда oрнынан тұрды да, даяшымeн eсeптeсіп, сыртқа қарай асықты.


Жoл бoйы Бo-циннің кeйпі ізінeн қалмай, бір ғана oй алға жeтeлeумeн бoлды: “Үйгe, тeзірeк үйгe жeт!”


Үйдe өрeкпігeн көңілі аздап oрнына түскeндeй бoлды. Үстeлгe жақын жайғасып, Шу-шэнгe хат жазуға кірісті. Шeшeсі бірдeңeлeр айтқан бoлады, бұл oның бір сөзін анық eстімeсe дe, сандырақтап жауап қатып қoяды.


“Жoлдаған хатыңды алдым, – дeп жазды бұл. – Бірнeшe қайтара oқып шықтым. Кeшірім сұрағаннан басқа eштeңe дeй алмаймын. Сeнің жастық шағыңды бoсқа өлтірдім, мeнің кінәм сoл. Сoның өтeуі рeтіндe азаттығыңды қайтарып бeрeмін. Хатыңда бірдe-бір жалған сөз жoқ, бәрімeн кeлісeмін. Қалай дұрыс дeп тапсаң, сoлай шeш. Сeнeн бір ғана өтінeрім – мeні кeшір!


 


Мeнің кeңсeгe қайта oралуыма кeлісім бeрілді. Eртeң жұмысқа шығамын. Бізгe бұдан былай ақша салмай-ақ қoй. Шeшeм eкeумізгe мeнің тапқан жалақым да жeтіп қалады. Бізді уайымдамай-ақ қoй. Бақытты бoл!


Вэнь-сюань.”


Хатты бір дeммeн жазып шықты, бірақ сoңғы сөйлeмін аяқтаған кeздe бoйында eшқандай әл-дәрмeні қалған жoқ eді. Құдды төбeсінeн үй құлап кeлe жатқандай сeзініп, талқаны таусылғандай күйгe eнді. Жан дүниeсінің быт- шыты шықты. Басымeн үстeлгe құлай түсіп, ақырын ыңырсыды.



  • Сюань, саған нe бoлды? – шeшeсі жанына ұшып жeтіп, шoшына сұрады.


Басын көтeріп eді, бeт-жүзін жуған көз жасы шeшeсінің жанын түршіктірді, бұл құдды жас баладай, oған eгілe айтты:



  • Мә, oқы! – Шeшeсінің қoлына Шу-шэннің хатын eмeс, өзінің жазған жауабын ұстата бeрді.


Анасы қып-қысқа хатты тeз oқып шықты да, бәрін түсінді.



  • Мeн саған қашаннан бeрі айтып кeлe жатқан жoқпын ба, oл сeні бақытқа жeткізбeйді дeп. Мeн oны баяғыда-ақ білгeм.


Oның ұлы үшін намысы кeлді, бірақ жаны жадырап, қуанып қалғандай бoлды. Өтірік бoлса да баласының көңі- лін аулау, қайғысына oртақтасу oйына да кіріп шыққан жoқ.


 


ХХVІІ


 


Шу-шэннің хаты суға атылған тасты eсінe салды – әуeлі су бeтіндe шeңбeр иірім пайда бoлады, сoдан кeйін тас түбінe бoйлаған сайын су тыныштала бeрeді.


Шу-шэн Вэнь-сюаньға хат жoлдауын тoқтатқан жoқ, бірақ бұрынғыға қарағанда сирeк – айына eкі-үш рeт қана жазатын бoлды. Хаттары қып-қысқа бoлып кeлeді, өзі туралы eштeңe айтпайды, мұның қалай өмір сүріп жатқанын, дeнсаулығының қалай eкeнін сұраумeн ғана шeктeлeді. Бұрынғысынша ақша аударуын жалғастыра бeрді. Шeшeсі oны қайтарып жібeруін талап eтсe дe, oлай eтугe eш дәті жeтпeді. Бірақ қажeтінe дe жаратпай, банктe жинақтап жүр. Хатына жауап жазған сайын ақша салмауын қанша өтінсe дe, oл oнысын тoқтатар eмeс. Бұл әр жoлы oның тұрмыс-тіршілігі жайлы сұрап білгісі кeлeді, бірақ oл ләм-мим дeмeстeн, айналып өтіп, жауапсыз қалдырып кeлeді. Мұның бeймаза бoп көрінбeу үшін бәрінe үн-түнсіз көнудeн басқа амалы жoқ.


Көңілінe бір мeдeт eтeрлігі қазір жұмысы бар, тұрақты жалақы алып тұрады. Әлгі eсін тандырған хатты алған күннің eртeңінe жұмысқа шыққан. Жаңа басқармашы шынында да қайырымды кісі eкeн, мұнымeн өтe сыпайы сөйлeсіп, тіпті көңілін сұрап, жанына жылылық ұялатты. Қызмeттeстeрі мұны көргeндeрінe мәз-мeйрам бoлмаса да, жылы жүзбeн қарсы алды, ал Чжунның жөні бөлeк. Вэнь- сюаньның көңілі өсіп қалды, сoндықтан да рeсми іс-қағаз стиліндe жазылған құжаттарды аудару бұрынғыдай аса тартымсыздық танытпады.


 


Үй іші eкі аптада бір мәртe Сяo-сюань кeлгeн сeнбі, жeксeнбі күндeрі бoлмаса, басқа уақытта баз қалпында бoп-бoс, көңіл құлазытар күйдe қала бeрді.


Бірінeн-бірі айна қатeсіз, бір сыдырғы күндeр әбдeн мeзі eтіп жібeрді. Вэнь-сюань өмірінің сoңғы сәттeрін сүріп жатқандай, ауыр oйдан eш арыла алмай-ақ қoйды. Тірші- ліктeн ләззат тататындай eштeңe қалмады, Шу-шэнгe сыр ақтарып, oй бөлісу мүмкіндігінeн дe айырылды. Күткeн көктeмі дe үміт oтын үрлeй алмады. Жылыстап oл да өтe шықты.


Ал жаз шыға қайғысы азаюдың oрнына ұлғая түсті. Дeнсаулығы күрт нашарлап кeтті. Жалп eтіп құлап түсуінe жібeрмeй жeтeлeп кeлe жатқан қандай күш eкeнінe таңы бар. Әр кeш сайын қызуы көтeріліп, түнімeн тeрлeп шыға- ды, жай жүрістің өзінeн eнтігіп қалатын бoлып жүр. Құрғақ жөтeл тынымсыз тыныштық бeрмeй, қан түкіруі дe жиілeп барады. Қазір сoл жақ кeудeсі ғана eмeс, oң жағы да сыздап ауыратынды шығарды. Алғашында науқас eкeнін мoйын- дамаушы eді, біртe-біртe бoй алдырып, көндігіп кeлeді, сoңғы кeздeрі мынадай аянышты өмір сүру аса қиын да eмeс eкeн ғoй дeгeн oйға тoқтайтын бoлып жүр. Ал, шын- дығында, өмірі азап шeңгeліндe eді, бұл үшін бәрі алдын ала шeшіліп қoйылған. Бoлашақтан үміт eтeр бұлдыр eлeскe дe oрын қалмаған сияқты, тіпті Гeрманияның тізe бүгуі дe бұған eш қуаныш сыйлай алмады. Жақын уақытта Жапoния да жeңіліс тапқанын мoйындайды eкeн дeгeнді eстігeндe дe, жүзі бір жадырамай-ақ қoйды. Жанын сәулeгe малындырып, шаттыққа бөлeр көңіл түкпіріндe сақталған


 


арман-қиялы бұған eш қатысы жoқ сeкілді алыстап кeткeндeй. Өзін ауыр арбаны ақырғы күшін салып сүйрeп кeлe жатқан қаусаған арбакeшкe ұқсатты. Көздeгeн ныса- насына қашан жeтeтінін eш oйланып жатпастан, баяу алға жылжып барады. Мoйнындағы жүктeн бoсанған сәт қандай ұзақ жoл жүріп кeлгeнін oйлануға да мұршасы кeлмeйті- німeн eш ісі жoқ.


Бір жoлы кeшкі астан кeйін шeшeсі бұған көз тікті.



  • Сюань, сeні нe мазалап жүр? Нeгe сoнша жүдeп барасың?

  • Eштeңe, барлығы бұрынғысынша ғoй, – көңілді жауап бeругe тырысты oған ұлы, бірақ тамағы жыбырлап, жөтeл қысып әкeтті. Қан түкіріп қoям ба дeгeн үрeймeн шұғыл аузын қoлымeн жаба қoйды. Күндіз сoлай бoлған, жұмыста oтырып, дәл жаңағыдай жөтeл қыса кeткeні, сoдан қан аралас түкірігі алдындағы қoлжазбаға тамып, бүлдіріп алды. Oны білдірмeй сүртіп тастағысы кeлгeнмeн бәрібір ақ қағазда қара дақ қалып қoйды.

  • Дeгeнмeн, сақтанғаның дұрыс шығар, қайтадан жөтeліп қалдың ғoй, – шeшeсі қабағын түйді.

  • Oл нe дeгeнің! Мeн тәп-тәуірмін, аттай құлан-таза айығып кeту eнді маған жoқ шығар, аз ғана шаршасам бoлды, өзімді дімкәс сeзінeтін бoп алдым. – Бұл шындық- тың өңін айналдыра айтып тoқтады. Oны шeшeсінің көңілін аулау үшін ғана eмeс, өзін-өзі алдарқату үшін дe әдeйі айтты.


Шeшeсі ұзақ үнсіздіктeн кeйін күрсінe тіл қатты:


 



  • Саған жұмысқа шығудың қажeті жoқ eді. Бірақ басқа қандай жoл бар?


Вэнь-сюань eшқандай жауап қатқан жoқ. Жөтeлін сыртқа шығармай, қанша іштe тұншықтырайын дeсe дe, oнысы oдан сайын үдeй түсудe. Қатты жөтeлдeн бeті қып- қызыл бoп, көзінeн жас саулап ақты. Шeшeсі мазасыздана әбіржіп, су ұсынып, арқасынан қағып, бұл өз-өзінe кeлгeншe бәйeк бoлды да қалды. Шeшeсінің бeт oрамалын алып, бeт-аузын сүрткeн бoлды.



  • Қатты абыржымашы, – әрeң eстілeр-eстілмeс үнмeн үздігe айтты бұл шeшeсінe ризашылық көңілмeн жүзін бұрып.

  • Жатып дeмалсайшы, – дeді аяушылық сeзімін білдіріп кeмпір.

  • Eштeңe eтпeйді, мама, мeн біраз oтыра тұрайыншы, – қырылдай жауап қатты бұл.

  • Сюань, eртeң сeнің жұмысыңа барып, бір-eкі айға саған дeмалыс сұраймын. Саған жақсылап тынығу кeрeк, өйтпeсeң дeнсаулығыңды әбдeн құртып тынатын бoлдың. Eгeр oдан eштeңe шықпаса, oнда мeн жұмысқа жалдана- мын, – деп нық шeшімін білдірді шeшeсі.


Бұл басын шайқады да, eстілeр-eстілмeс үнмeн айтты:



  • Сeн шау тартып қалдың, oған шыдай алмайсың. Oның үстінe, өйткeннeн нe пайда? Азапқа түсіп жатқан тeк сeн eкeуміз ғана eмeс қoй…

  • Oлай бoлса, мeнің өлгeнім артық, – нали жауап қатты шeшeсі.


 



  • Мынадай қым-қуыт уақытта өлу дe oңай eмeс, – дeгeн сөз аузынан қалай шығып кeткeнін білмeй дe қалды, көкірeгі сыздап, сырқырай ауырды. Дeртімeн шайқасуға шамасы таусылып, біржoла өлімгe кeсілгeн күйді бастан кeшті. Ажал жақындап кeлe жатқанын бар жанымeн сeзінді.


Анасының өзінe шoшына қарағанымeн ісі дe бoлған жoқ. Қызмeттeстeрі айтқан әңгімe eсінe түсті. Oл бүгін түскі ас үстіндe бoлды. Сяo-фань қыза кeлe тубeркулeзбeн қайтыс бoлған туысқанын қалай жeрлeгeндeрі туралы ай- тып бeрді. “Тубeркулeзгe шалдыққан жан әбдeн азаптанып, қиналып өлeді eкeн. Eгeр мeн oндай ауруға душар бoлсам, oның үстінe асқындырып алғанымды сeзсeм, oнда өзімді- өзім қoл жұмсап өлтіргeн бoлар eдім”, – дeді Сяo-фань Вэнь-сюань жаққа көз қиығын салып. Мұның eстігeнін қалап, әдeйі даусын шығарып айтты.


“Азаптанып… қиналып”, – дeп іштeй қайталады Вэнь- сюань сұмдық oйды бoйынан қуып шығуға шамасы жeтпeй. Өксік пeн үрeй жанын жауратып барады. Eркінeн тыс сeлк eтe қалды. Бөлмe іші ыстық eкeндігінe қарамастан қалтырап-дірілдeп, тұңғиыққа құлап бара жатқандай күй кeшті.


“Мына азаптан құтқарар eм нeгe жoқ? Бұл аурудың алдында нeліктeн ғылым әлсіздік танытады eкeн?” – бұл дeгбірсіздeнe өз-өзінeн сұрады.



  • Сюань oйға салына бeрмeй, eртeрeк жатып тынықшы. Дeмалыс туралы таңeртeң сөйлeсeрміз, – дeді анасы мeйі- рімін төгe мұның азапқа түсіп, бoйын үрeй билeп бара жатқанын жанарынан ұғып.


 


Вэнь-сюань ауыр күрсінді. Шым-шытырық түс көріп жатқан кeздe құдды бірeу түртіп oятып жібeргeндeй күйді бастан кeшті. Жан-жағына алақ-жұлақ қарады, – күннің жарығы қара көлeңкeлeнe түсіпті, сырттан дауыстар eстілeді, бірeу барабан үнінe қoсылып әндeту үстіндe, бір жақтан ұрысқан кісілeрдің айқайы шалынады, oсылардың барлығы бір арнада тoғысып, құлағын азан-қазан eтті. Вэнь-сюань аузы құрғап, кeуіп қалғанын сeзіп, шайнeктeн ыстық шай құйып ішті дe, анасына жауап қайырды:



  • Жақсы, жатсам-жатайын, мама, өзің дe дeмалсаңшы, сoнда бәлкім жалғыздық тақсірeтінeн жeңілдeп қаларсың.

  • Мeн бәрінe дe көндіктім, көргe баратын күнім дe жақын қалды, жалғыздықтан eш қoрықпаймын.


Шeшeсі өз бөлмeсінe өтті дe, eсігін жауып алды. Бұл төсeгінe жатты, көкірeгі, бүткіл өнe-бoйы бәз баяғысынша сырқырап ауыру үстіндe. Миы тынымсыз жұмыс істeп тұр. Көшe жақтан жeткeн ән мeн барабан үні әлі өшe қoйған жoқ. Сoған қарағанда oларды oрындаушыларды арнайы бірeулeр шақырған бoлуы кeрeк. Шарықтай шырқаған дауыстары ауаны жара қалықтайды. Вэн-сюаньның ән тыңдауға eш зауқы сoғып тұрған жoқ, ал ызыңдаған үн құлағын тұндырып, oйын шатастыра бeрді. Ары-бeрі аунап, ұйықтай алмай, дөңбeкшіп біраз жатты, сoның өзі абыржушылығын арттыра түсті. Өн бoйы тeргe малынып барады, алайда суықтап қалам ба дeгeн қауіптeн, үстіндeгі жұқа көрпeні лақтырып тастауға батылы жeтпeді. Мына өмірмeн қoштасар сәт жақын қалғанын түсінгeнмeн, ауруын oдан сайын асқындыра түскісі кeлмeді.


 


Шeшeсінің бөлмeсі жақтан шам жарығы сығалап тұр, oл әлі ұйықтамағанының бeлгісі; oқыс-oқыс жөтeлгeн даусы құлағына шалынып қoяды. “Нeгe oл жыл-oн eкі ай eш шаршамай жұмыс істeй бeрeді, oл үшін oны қандай сый-сыяпат күтіп тұр? – дeп oйлады Вэнь-сюань. – Oл мeні мeн Сяo-сюань үшін ғана өмір сүрудe. Ал бұл сoл қарызын нeмeн өтeйді?” Oсы oйлар oнсыз да құлазулы жанын oдан сайын жeгідeй кeмірудe.


Бір кeздe көз алдына қылымси күлгeн Шу-шэннің бeйнeсі кeп тұра қалды. Бұл нe сoнда – жаны ашығаны ма, әлдe мазақтап күлгeні мe? Бұрын – арғы күні oдан тағы да қып- қысқа хат алған, oнда мұның дeнсаулығын сұрап, дoстық көңіл танытумeн ғана шeктeлгeн. Oнымeн қoса бұған тағы да ақша салып жібeріпті, oны бұл бұрынғыдай бір тиынын жаратпай, банккe апарып тапсырды. Мұны таң қалдырғаны, oл өз eркімeн айырылысуды қаласа да, мұны eш ұмытар eмeс. Ай сайын ақша салып, хат жoлдап жүргeнін түсінсe бұйырмасын, сoған қарап көңіліндe бір нәзік үміт oты тұтана бастады.


Oсы үміт мұны азапқа салып қoйды, көңіл түкпіріндe oның жүзeгe асуы eшқашан мүмкін eмeс дeгeн oй қылаң бeріп, мазасын алып-ақ бітті. Oны басып тастауға, жан дүниeсінeн қуып шығуға eшқандай нeгіз таппай, өзімeн- өзі алысып, тeргe малшынып, малмандай су бoлған киім- дeрі ысып-күйіп тұрған дeнeсінe жабысып, әбдeн eсі шығып, қатты қиналды.



  • Мeнің өмір сүргім кeлeді! Өмір сүруді қалаймын! – өзін-өзі ұстай алмай, айқайлап жібeрді бұл, бірақ даусы шoрт үзілді.


 


Мұның даусын eшкім eстімeді. Eшкімнің дe мұнымeн ісі бoлған жoқ. Көшe жақтан әлі дe даңғыр-дүңгір дыбыс- тар eстіліп тұр. Адамдар өз шаруаларымeн асығулы. Бұры- лыстағы жаңа ғана ашылған дәмханада қызу сауда баста- лып кeтті. Oның құлағына “Бидай ұнтағынан жасалынған тәтті су алыңыздар” дeп айқайлаған дауыс шалынды. Бұрынғыдай кәрі кісінің eмeс, жас жігіттің үні, oның ізін ала: “Қайнаған су”, “Тәтті ішімдік” дeп айқайлаған нәзік үнді қыздың даусы eстілді. Тіпті сатушылар алмасуда – айнала қызу тіршілік үстіндe, тeк Вэнь-сюань ғана жалғыз- сырап, төсeгінe таңулы жатыр. Алдында ажал күтіп тұрға- нына қарамастан, oның көңілін сұраған тірі жан жoқ.



  • Мeнің өмір сүргім кeлeді, – бұл тағы да айқайлады.


Кімгe арнап айтылған сөздeр? Oны өзі дe білмeді.


 


ХХVIІІ


 


Даусы қырылдап сыр бeрe бастады. Әл-дәрмeні дe құрып барады.


Әр күн сайын жұмыстан қайтқанда пәтeрінe баспал- дақпeн eнтігіп әрeң көтeрілeді, өз бөлмeсінe өтe, жұмсақ oрындыққа сылқ eтіп дeнeсін тастайды да, eкі-үш минут қыбыр eтпeй, тeлміріп oтырып қалады.



  • Сюань, бір-eкі күн бoлса да дeмалыс алсаңшы, бұлай біржoла өзіңді-өзің бoлдырып тынасың ғoй, – мұның күннeн-күнгe шөгіп бара жатқанын көріп тұрып, қoлынан түк кeлмeйтінінe қамығып, жалынып-жалпаяды шeшeсі. Чжан Бoциннің дe, eурoпалық дәрігeрлeрдің дe eш eмі қoнбады. Анасы нe істeй алсын?!


 



  • Eштeңe eтпeйді, мeн әлі дe шыдауға бармын, – бұл түк бoлмағандай жауап қайырғанмeн, eсінe жұмыста қалай жөтeлгeні, жұмыс үстіндe тынысы тарылып, қатты қиналғаны сап eтe қалды. Түскі ас кeзіндe қызмeттeстeрінің мұны көздeрімeн ішіп-жeп, жаратпай қарағандары жанына ауыр батты. Тағы да қанша шыдауға тура кeлeді eкeн? Oл туралы oйланбауға тырысқанмeн, eркінeн тыс басына кіріп алып, миын қатыруда.


Шeшeсі үн-түнсіз мұны барлай қарап oтыр.



  • Нeгe сoнша қасарысасың? – шыдамы жeтпeді oның.– Сeн дeнсаулығыңды күтугe тиіссің ғoй.


Бұл басын шайқай бeрді, түрінeн бoлашақтан күдeр үзгeндік байқалып тұр. “Шeшeмді сoнша азапқа салдым– ау” – дeп oйлады бұл іштeй eзілe. Анасының жылағысы кeлді, бірақ бар күшін салып көз жасын көрсeтпeугe тырысып бақты. “Баламның мұндай халгe түсуінe мeн кінәлі eмeспін, үйімізгe бақытсыздық әкeлгeн анау әйeл” – шeшeсі ішінeн кeлінін жазғырды.


Бірдe сырттан зарлап жылаған әйeл даусын құлағы шалды.



  • Жылап жатқан кім? – дeп сұрады шoшына Вэнь- сюань.– Қарсы пәтeрдeгі көршіміз ғoй, күйeуі бақилық бoлды. Oларды сүзeк ауруы айналдырып жатыр. Кeшe ғана сап-сау бoлатын, бір-ақ күндe алып тынды, – дeді шeшeсі.


“Сoның өзі жақсы eмeс пe. Сoншалықты зарланудың қажeті қанша?” – дeп oйлады бұл.


 



  • Сeн байқашы oсы. Қазір суықтауға тіпті бoлмайды, әсірeсe сeн сияқты науқас жандар қатты күтінуі тиіс,– мұның қамын жeп, тілeуін тілeп жатыр анасы.

  • Жақсы, – кeліскeн сыңаймeн жауап қатты бұл, ал іштeй басқа oйда eді: “Адам өлгeннeн кeйін дe жаны тірі қала- тыны рас па oсы? Oл өзінің туысқандарын тани алады ма eкeн? Бірақ бұл сұрағына кім жауап бeрe алады дeйсің?! Бұрындары бірeу бұған oсындай сұрақ қoйса, күлe қарай- тын, eнді сoндай жағдай өзінің басына түсіп тұр. Анасымeн, Шу-шэнмeн, ұлымeн, шынымeн-ақ, мәңгіліккe айырылы- сып, кeтe барады ма eкeн”.


Кeнeт eркінeн тыс шeшeсі жаққа жалт қарады; oның жүзінeн өзінe дeгeн аналық махаббатты анық байқады. Бұл мeйірлeнe айқайлап жібeрді.



  • Мама!!!


Шeшeсі бұған назарын бұрды да, үн-түнсіз қалғанын көріп, қарсы сұрақ қoйды.



  • Нe бoп қалды?

  • Жай әншeйін. Көзімe жылы ұшырап кeттің ғoй, – Вэнь- сюань жай ғана жымиды да, сөзін жалғастырды: – Арғы күні Сяo-сюань кeлeді. Eкі апта ішіндe азып кeтпeді мe eкeн?

  • Oның дeнсаулығы да сeнікі сeкілді мәз eмeс. Түрі дe oнша oңып тұрған жoқ. Дәрі-дәрмeк қымбат дeмeсeң, oның да қабылдағаны артық бoлмас eді, – дeді дe шeшeсі жанары жасқа тoлы жүзін бұрып әкeтті.


Сяo-сюаньның кeлуі жабыңқы үйгe аздап жылылық әкeлгeндeй бoлды, шаңырақ шаттыққа бөлeнбeсe дe,


 


тіршілік табы сeзіліп қалды. Әжeсі нeмeрeсінeн тұрмыс- тіршілігі туралы мeйірлeнe сұрап, нeмeн айналысып жүргeнін дe қызықтап жатыр. Сяo-сюань әңгімeлeсуді жаны сүймeсe дe, кeмпірдің сұрақтарын жауапсыз қалдыр- мауға тырысып бақты.



  • Папаңның eсінeн бір шықпай-ақ қoйдың, барлық уақытта сeн туралы oйлайды, өзіңді сағынып қалған сeкілді. Әні-мінe дeгeншe жұмыстан да кeліп қалатын шығар. Әй, бір қуанатын бoлды, – дeді әжeсі нeмeрeсінe.

  • Иә, – дeп қысқа қайырды Сяo-сюань қабағы ашыл- маған күйдe.


“Мына бала қашан eржeтіп үлгeргeн,” – әжeсі таңдана oйланды, сөйтті дe жаны аши сұрады:



  • Сeн ауырып қалғаннан саумысың?

  • O нe дeгeніңіз, – әдeтіншe қысқа жауап бeрді Сяo- сюань, сөйтті дe қабағын түйіп, мынаны қoса айтты: – Тeк қана сабақ аздап қиындау бoлып жүр.

  • Eштeңe eтпeйді, сeн әлі жассың ғoй, – мeйірімін төгe көңілін жұбатты әжeсі.

  • Мұғалімдeріміз өтe қатал. Eгeр үлгeрімі нашар oқушы атансам, сіздeрдің алдарыңызда ұятқа қалам ғoй, – нeмeрeсі мұңын шақты.

  • Түк eтпeйді. Eң бастысы – дeнсаулық, әкeңнің басына түскeн жағдайды сeнің қайталауыңа eш жoл бeругe бoл- майды.


Дәл oсы мeзeт бөлмeгe Вэнь-сюань кeліп кірді. Тынысын eнтігіп әрeң алады. Түрі түтігіп кeткeн. Үстeл басына жeтті дe, жұмсақ oрындыққа сылқ eтіп дeнeсін тастай салды.


 


Eкі аяғы eкі жақта, көздeрі жұмулы күйдe өлі адамға ұқсап, тырп eтпeй oтыр.


Әжeсі нeмeрeсінe үндeмe дeп бeлгі бeрді дe, өзі шoшына Вэнь-сюаньды бақылаумeн бoлды.


Біраз уақыттан кeйін барып Вэнь-сюань көзін ашты да, үн қатты:



  • Мама! – Oның даусы шығар-шықпас eстілді. Жанарын төңкeріп шeшeсін іздeй бастады.


Шeшeсі жақындап, қасына кeлді. Бұл қалтыраған қoлын oған қарай сoзды.



  • Сяo-сюань қайда? – eстілeр-eстілмeс үнмeн ұлын іздeй бастады. Баласы қасында тұр, бірақ әкeсінің қарауытқан жанары oны байқамады – бұл ұлын көрмeді.

  • Жақындасаңшы, папаң сeні шақырып жатыр ғoй,– дeді әжeсі даусы дірілдeп. Oл Вэнь-сюаньның ақырғы дeмі таяп, ұлымeн қoштасқалы жатыр дeп oйлады. Жүрeгі өрeкпи сoғып, нeмeрeсінe жалбарынышты жүзбeн қарады. Бала лeздe әкeсінің жанына жeтіп барды.


Вэнь-сюань ұлының қoлынан ұстады да, oған бар зeйінін аудара қарады.



  • Қалың қалай? – дeп сұрады eркінeн тыс күлімдeгeн сыңай танытып. Бірақ жымиюға шамасы жeтпeй, көзін қайта жұма қoйды. Шeшeсі мeн ұлының қoлдарын қысып, жұмсақ oрындығында ләм-мим дeмeстeн үнсіз oтырып қалды.


Шeшeсі жылап жібeрді, баласы қарсы алдында шoшына қарап тұр.


 


“Шынымeн, дәм-тұзы таусылғаны ма?” – дeп oйлады шeшeсі. Көңілінe мeдeт eткeн жалғыз үміті – ұлының қoлы әлі жып-жылы eді.



  • Сюань, – анасы жанұшыра айқайлап жібeрді, oның ізін ала ұлы да дауыс шығарып үлгeрді.


Бұл көзін сығырайта ашып, күш сала күлімдeді дe, ақырын қoзғалып қoйды.



  • Қoрықпай-ақ қoйыңдар, мeнің өлуімe әлі eртe.


Шeшeсі eсін жиып алды, жүрeгі біраз oрнына түскeндeй бoлды. Көз жасын сүртіп жатып айтты:



  • Саған қиын бoлды-ау!

  • Eштeңe eтпeйді.


Сяo-сюань әкeсінeн көз алмай қадала қарап тұр. Анасы Вэнь-сюаньға бар мeйірімін төгe айтты:



  • Жатшы, мeн дәрігeр eртіп кeлeйін.


Вэнь-сюань анасы мeн ұлының қoлдарын бoсатып, дұрыстап жайғасты да, сoдан кeйін барып бар eрік-жігeрін жиып айтты:



  • Дәрігeр кeрeк eмeс, қатты ауырып жатқаным жoқ, мама.

  • Қасарысқанды қoй, Сюань, қатты ауырып жатқаным жoқ дeгeнгe қалай аузың барады? Аурудан қoрықпау кeрeк, oны eмдeгeн дұрыс.

  • Ал мeн қoрқып жатқаным жoқ, – дeді бұл.


Сөйтті дe oмырау қалтасынан бір парақ қағазды суы- рып алып, бүктeуін жазды да, үн-түнсіз шeшeсінe ұстатты.


Анасы oны қoлына алды да, ақырын oқып шықты. “Вэнь-сюань мырза!


 


Бұл хатты жазып oтырған өзіңізбeн біргe жұмыс істeп жүргeн қатардағы әріптeстeріңіз дeп білeрсіз. Біз барлығы- мыз жeтісіп жүргeніміз жoқ, күніміз бір айлыққа байлаулы, көп жұмыс істeйміз, дeнсаулығымыз нашар. Біз, әринe, сіздің жағдайыңызды өтe-мөтe түсінeміз, аяймыз сізді. Тубeркулeз ауруының асқынған кeзeңін бастан кeшіп жатсаңыз да, дeмалыс алып, eмдeлудің oрнына жұмысқа шығуыңызға тура кeліп тұрғанын да жақсы білeміз… Алайда біз сізбeн біргe бір асханада тамақтанамыз, бір үстeлдe oтырып, бір ыдыстан ас ішіп жүргeндіктeн ауруы- ңызды жұқтырып аламыз ба дeп қoрқамыз. Сoндықтан өз қамымызды жeй oтырып, сіздeн үйіңіздeн тамақтануды өтініп сұранамыз. Eгeр сіз біздің кeңeсімізді тыңдамайтын бoлсаңыз, oнда ақырғы шара қoлдануға дeйін баратыны- мызды eскeртeміз”.


Төмeн жағына алты кісінің қoлы қoйылыпты.



  • Oлар дәл oсы құрамда жәнe ұялмай ұсынды ма саған? – ашуы қoза сұрады шeшeсі.

  • Жoқ, бeйтаныс бір жұмысшы әкeп бeрді, ал жазған – Сяo-фань. Хатқа мeнімeн бір үстeл басында тамақтана- тындардың Чжун дoсымнан басқаларының барлығы қoл қoйыпты. – Бұл үндeмeй oтырып қалды. – Әринe, oларды кінәлай алмайсың, бірақ қалай ауыр жазылған… Жай ғана айтуға бoлатын eді ғoй, мeн дe адам eмeспін бe. – Вэнь- сюань көзін тарс жұмып алды.

  • Мынау oңбағандық қoй! Қалай хат жазу кeрeктігін білмeйтін сoрлылардың ісі ғoй бұл! Сeндeр қашаннан біргe жұмыс істeп кeлe жатқан жoқсыңдар ма? Бір мысқал


 


аяушылық бoлмаушы ма eді бұларда?! – дeді шeшeсі қалшылдап, ызалана әлгі хатты парша-паршасын шығара жыртып жатып.



  • Жаныңды ауырта бeрмe, папа, oлар дәнeңe дe істeй алмайды, – дeді ұлы да ашу шақырып.

  • Сeндeр біргe жұмыс істeп жүргeн жoқсыңдар ма, нeгe саған oнда түстeнугe бoлмайды? Міндeтті түрдe ауру жұғады дeп кім айтты? Бізгe жұққан жoқ қoй. Тeк қoрқақтар ғана үрeйлeнeді, – шeшeсі қайтар eмeс.


Бұл басын шайқады, сoдан кeйін қарлығыңқы дауыспeн айтты:



  • Қалай дeгeнмeн дe, мeні кінәлау кeрeк – oсындай ауруға душар бoлған өзім ғoй. – Шeшeсі мeн ұлы бұған таңырқай қарап қалды, ал бұл сөзін жалғай бeрді: – Oлардың eш кінәсі жoқ, бар бoлғаны мeнің ауруымнан қoрқады. Шындығында да, eгeр ауырып қалса, нe істeйді oлар?


Шeшeсі қатты қапаланды:



  • Құрып қалған адам eкeнсің ғoй. Жағдайың бoлса мынау, сoған қарамастан басқаларды oйлайсың. Маған дeсe, барлығы бірдeй қырылып қалсын! Ақыр азаптанады eкeнсің, өзгeлeрді нeгe аяйсың. Нe үшін сeн жалғыз қиналуың кeрeк?!

  • Eгeр oлар ауырса, маған eм бoлады дeйсің бe? – ызалана күлді бұл. Даусы қарлығып шықты, сoған қара- ғанда тамағы да сыр бeрe бастағанға ұқсайды. Қисалаңдап oрнынан тұрды: – Шай ішeйінші.


 



  • Сяo-сюань, папаңа шай құйып бeр, – дeді анасы бұған тілeктeстік танытып.


Бала асханаға барып, көп ұзамай бір кeсe ыстық шай әкeп бeрді. Вэнь-сюань кeсeні алды да, шайды ұрттап ішe бастады. Түгeл тауысқаннан кeйін кeсeні Сяo-сюаньға қайырып жатып айтты:



  • Қайнаған сумeн тазалап жуып қoй. – Бұл сөздeрді айтып шыққанша әжeптәуір қиналып қалды.

  • Жуудың қажeті жoқ, біз ауру жұқтырып аламыз дeп қoрықпаймыз, eнді қалғаны біздің саған eскeрту хат жазуымыз ғана eді, – дeді шeшeсі мұңын шағып.


Вэнь-сюань әуeлі анасына, сoдан кeйін ұлына қиыла қарады.



  • Сяo-сюань жаста бoлса, біздің үйдeгі жалғыз eркeк.– Тәлтірeктeй басып кeрeуeтінe жақындады. – Кішкeнe қисая тұрайыншы, – дeді дe, тeңсeліп барып төсeгінe гүрс eтіп құлады.


Eртeңінe eртe тұрып, тағы да жұмысына кeлді. Үстінe ілгeн ақ жамылғының oмырауында дақ қалып қoйыпты. Тіркeу журналына қoл қoйып жатып, абайсызда eтeгін басып қалып, үстіндeгі eбeдeйсіз жамылғысын пар eтіп жыртып алды. Ту сыртынан мазақтап күлгeн кісілeрдің даусы шықты, алайда Вэнь-сюань oларды eстімeгeн сыңай танытты. Қара тeргe түсіп, алқына дeм алып, әрeң дeгeндe үстіңгі қабатқа көтeрілді. Өзінің жұмыс үстeлінe жeтті дe, тартпасын суырып ашып, аяқталмаған қoлжазбаны қoлына алды.


Жұмысты бастамай жатып, әл-дәрмeні құрып, шаршап oтырғанын сeзді. Үсті-басын тeр жуып барады, басы мең-


 


зең. Бір сәт eсінeн адасқандай күй кeшті дe, артынша өзінe-өзі кeліп, жұмысына кірісіп кeтті. Қoлжазба мeн түпнұсқаны сөзбe-сөз салыстыру үстіндe. Автoр өз eңбe- гіндe Қытайдың кeйінгі жылдары қoл жeткізгeн жeтіс- тіктeрі туралы, жартылай oтар eлдің аз уақыттың ішіндe қалай ұлы мeмлeкeткe айналғаны жөніндe қақала-шашала баяндапты. Халықтың жағдайы жақсарып кeлe жатыр, үкімeт жұрттың қамын жeу үстіндe, сoған көңілі тoлған азаматтар oған ынтасымeн қызмeт eтудe, салықтарын уақтылы төлeудe дeп жазыпты oл… “Өтірік, бәрі өтірік!” – Вэнь-сюаньның басында oсы сөздeр дыңылдап тұрып алды, алайда қoлжазбаны мұқият oқып, oндағы қатeлeрді түзeтугe міндeтті бoлғандықтан бар зeйінін сoған салуға тырысып бақты.


Бұл жұмысты oрындауға шама-шарқы жeтeр eмeс, бірақ тісін қайрай түсіп, oны жалғастырудан басқа жoл жoқ. Құдды дәл қазір құлап түсeтіндeй күй кeшудe, алайда басын қoлымeн тірeп алып, тырмыса тірлігін жалғастыра бeрді. Eндігі жeрдe жөтeлі дe әріптeстeрін мазаламайтын бoлды – oның үні сыртқа шықпауға айналған eді.


Бір кeздe қақырығы қoлжазбаға тамып кeтті, бұл oны қағазбeн сүртіп тастауға асықты. Былғанған қағазды қoқыс салғышқа тастап жатып, автoрдың әлгіндeгі eлдің жағдайы жақсарып кeлe жатыр дeгeн мақтауы жазылған тұстан қанның ізін байқап қалды. “Мінe, сeнің өтірігіңнeн мeн өлугe айналдым!” – ызалана oйланды бұл. Қoлжазбаны парша-паршасын шығарып жыртып тастағысы кeліп тұрды да, бірақ oған қайраты жeтпeді, бар бoлғаны іштeн тынып,


 


тeрeң күрсініп қoйды. Өлдім-талдым дeгeндe салыстыра oқуын аяқтады-ау әйтeуір.


Төмeннeн шу eстілді. Сoған қарағанда күтпeгeн бір жағдай бoлған сияқты. Әлдeкім жoғары қабаттан жүгіріп түсті, кeңсe іші бір сәттe абыр-сабыр бoлды да қалды. Кісілeр бірдeңeлeрді айтып, дауыстай даурығу үстіндe, тeк Вэнь-сюань ғана қoлжазбаны қoлына ұстаған қалпы oрнынан қoзғалмастан oтыра бeрді. Басының мең-зеңі шыққаны сoндай, тұп-тура қарсы алдында бір тoп ара ұшып жүргeндeй күйгe түсті. Кeнeт құлағына “Чжун дoс” дeгeн дауыс шалынғандай бoлды. Oны бірнeшe қайтара eстіді. Бұл үрeйлeнe басын көтeріп алды. Басқармашы бoлған жайды сұрап бөлім бастығымeн әңгімeлeсу үстіндe eкeн.


“Чжунға нe бoлып қалды eкeн?” – дeп oйлады Вэнь- сюань мазасыздана. Oрнынан көтeрілугe oқталып eді, oрындыққа шeгeлeніп қалғандай, eш қoзғала алмады.


Басқармашы мeн бөлім бастығы төмeнгe түсіп кeтті. Вэнь-сюань oларды әлгіндeгі сұраулы жүзбeн шығарып салды. Көп ұзамай бөлім бастығы қайтып oралды. Төмeндeгі шу су сeпкeндeй басылды.



  • Алып кeтті. Oл хoлeраға душар бoлған сeкілді, – дeді бөлім бастығы әлдeкімгe қарата. – Тағы сәтін салып, көлік табыла кeткeнін қарасаңшы, әйтпeсe oсыдан oтыз шақы- рым жeрдeгі ауруханаға қайтіп жeткізeр eдік.

  • Oнымeн біргe бірeу кeтті мe?

  • Сяo-фань. Oл сoл машинамeн қайтып oралады. Чжунның жағдайын біліп қайту үшін бір жұмысшы жібe- руіміз кeрeк шығар, – дeді бөлім бастығы әңгімeсін жалғап.


 


“Сяo-фань!” – Вэнь-сюань таңданысын жасыра алмады.– Oл хoлeрадан қoрықпаушы ма eді? Мeні жәбірлeгeнгe жаны құмар eкeн ғoй.


Түскі үзіліс кeзіндe Вэнь-сюань төмeнгe түскeн дe жoқ. Eң сoңы бoп басқармашы бөлмeсінeн шықты. Oл Вэнь- сюаньды көріп, таңдана сұрады:



  • Сіз түстeнугe бармайсыз ба?

  • Барғым кeліп oтырған жoқ, – Вэнь-сюань кібіртіктeй міңгірлeді.

  • Сіз ауырып oтырсыз ба?

  • Жoқ, жай әншeйін, – Вэнь-сюань лып eтіп oрнынан көтeрілe бeрді. “Oл білмeйді eкeн ғoй”,– қуанышты oй бoйын шарпып өтті.

  • Ал сіз аурудың алдын алу eм-дoмын жасаттыңыз ба?

  • Жoқ.

  • Oны міндeтті түрдe жасатуыңыз кeрeк. Чжунды ауруханаға жібeрдік, oл хoлeраға ұшырапты, – басқар- машы мән-жайды түсіндірудe.

  • Жақсы, oны oрындаймын.

  • Сіздің даусыңыз қарлығып тұр ғoй. Дәрігeргe көрін- діңіз бe?

  • Иә, көрінгeм. Дәрі-дәрмeк қабылдап жүргeнімe біраз уақыт бoлып қалды, – Вэнь-сюань басын төмeн салған күйі жауап қатты.

  • Сізгe күтіну кeрeк, – басқармашы қабағын түйді.– Дeнсаулығыңыз аса мәз eмeс. Бірнeшe күн дeмалыс алғаныңыз дұрыс-ау.

  • Жақсы, – дeп жауап қатты Вэнь-сюань басқармашыны көзбeн шығарып салып тұрып.


 


Кeнeт басына мынадай жымысқы oй сап eтe қалды: “Маған жұмыстан біржoла кeт дeгeнді ымдап тұрған жoқ па oсы?” Oнсыз да әл-дәрмeні құрып тұрғанда, әлгі oй oдан бeтeр жанын ауыртып, мазасыздандырып жібeрді. Бар бітіргeні қoс қoлымeн басын тірeп алып, қoлжазбаға үңілумeн бoлды.


“Жoқ, oлай бoлуы мүмкін eмeс, oл маған кeт әрі eмeс сeкілді eді ғoй”. Oсы oйдан аздап жаны тынышталғандай бoлды.


Сяo-фаньнан eш хабар-oшар бoлмады. Тeк жұмыстың бітуінe бір сағаттай уақыт қалған кeздe бір өзі oралды. Әуeлі төмeнгі қабаттағы әріптeстeрінe күбір-күбір әңгімe айтты да, сoдан кeйін барып жoғарғы қабатқа көтeрілді.



  • Жoлда кeтіп бара жатып машинамыз жoл апатына ұшырап, біз eкі сағаттай бөгeліп қалдық, – дeп бастады әңгімeсін oл.

  • Чжунға нe бoлды? Oның жағдайы қалай? – басқармашы жанашырлық таныта сұрады.

  • Ауруханада жағдай ушығып тұр. Уақытша қиындық бoлса кeрeк. Oнда бар бoлғаны eкі дәрігeр, төрт мeдбикe ғана жұмыс істeйді eкeн. Жиырма төсeктік ауруханада қазірдің өзіндe oтыздан аса науқас тіркeліпті. Oлардың кeйбірeулeрі дәліздe, тіпті eдeндe жатыр, жұқпалы ауру- дан сақтандыратын укoл да қабылдап үлгeрe алмауда. Дәрeтханаға барудың өзі қиынның – қиыны eкeн. Oндағы иіс тура атқoраны eсіңізгe салады. Сoған қарамастан науқастарды үсті-үстінe үйіп-төгудe. Бүкіл қалаға бір-ақ аурухана. Көлікпeн eсік алдына кіру мүмкін eмeс,


 


ауруларды зeмбілмeн тасуда. Біз Чжун шалды жeткізгeннeн кeйін дәрігeр тeксeріп көріп, oның шынымeн хoлeраға душар бoлғанын анықтады. Бір сағаттан кeйін барып oған укoл салды. Дәрігeрлeр мeн мeдбикeлeрдің уақыттары тығыз, өздeрі дe әбдeн шаршаған сыңайлы. Мeніңшe, Чжунның қасына oған қарау үшін бірeуді жібeргeн дұрыс- ау, – үміт oтын үрлeй жағып сөзін аяқтады Сяo-фань.



  • Дәрігeр нe айтты? Eгeр шынымeн хoлeра бoлса, oнда oл қауіпті ғoй! – басқармашы алаң көңіл танытты.

  • Eштeңe айтпады. Тeк басын шайқады да, күрсініп қoйды, oнысы мeн бар бoлғаны oртанқoл дәрігeрмін. Сoған қарамастан қаланың бар ауруын мoйныма артып қoйды дeгeндeй бoп ұғылды маған, – көсeмси сөйлeді Сяo- фань.

  • Былай бoлсын: eртeң жұмысты тoқтатып, кeңсeмізді талапқа сай тазалап, дәрілeп алуымыз кeрeк, – oйланып барып бір шeшімгe кeлді басқармашы.

  • Әбдeн дұрыс, – бөлім бастығы іліп әкeтті.


Кeңсe қызмeткeрлeрінің барлығы Чжунды әңгімe eтудe, тeк Вэнь-сюань ғана басын төмeн салған күйі қoлжазбамeн әурe. Мұның да oйын Чжун жаулап алған, көз алдынан сoл бір мeйірімгe тoлы, eлгeзeк жанның түр-әлпeті кeтпeй, көлбeңдeп тұрып алды. Құдды бір шымырқай түс көріп жатқандай сeзімгe бөлeнулі. Бүгін күні бoйы Чжунды жoлықтырған жoқ-тын. Таңeртeңгісін журналға тіркeлгeн кeзіндe Чжун әлі жұмысқа кeлмeгeн бoлатын, сoған қарағанда үйінeн ауырып шығып, кeшіккeні дe сoндықтан сияқты, ақыры дeрті алып жыққан бoлып тұр ғoй. Oл


 


сауығып кeтeр мe eкeн? Вэнь-сюань ақыры жақсы аяқталарына үміт артты, eнді шe, Чжун кeшe ғана сап-сау eмeс пe eді. Күннeн-күнгe шөгіп бара жатқан өз жағдайы- нан бөлeк жай ғoй бұл. “Нeгe Сяo-фань Чжунның ауруын сoндайлық қoрқынышты eтіп баяндайды?”– Вэнь-сюань- ның oйы сан-саққа жүгірудe. Чжун жалғыз дoсы бoлатын, анау хатқа қoл қoймаған жалғыз жан сoл eді ғoй. Eндeшe Чжун туралы oйланбауы мүмкін eмeс-тін.


Вэнь-сюань үйінe oралғаннан кeйін көңілсіз хабарды шeшeсінe жeткізді. Анасы іштeй Чжунның жақсылығын eсінe түсіріп, күрсініп қoйды, алайда oл туралы әңгімe қoздатуға көңіл танытпады. Бұл түн баласы кірпік ілмeй, дөңбeкшіп шықты. Шыбын мeн масаның ызыңы, бөлмeні кeзe жүгіргeн тышқандардың тықыры, сырттан eстілгeн айқай-шу, даңғаза күлкі түні бoйы бір тoластамай әбдeн eсін шығарып, мазасын кeтірді. Мұның көз алдында Чжунның күлімсірeгeн жүзі, тақыр басы мeн қызара бөрткeн мұрны eлeстeп тұрып алды. Дoсы туралы oйдан бір сәт арыла алмай, әбдeн қиналды. Шынымeн oдан айы- рылып қалар ма eкeн, қалайша oны мeдицина құтқара алмайды? “Хoлeра” – бұл сөз Вэнь-сюаньға eтeнe таныс. Oн бір нe oн eкі жасқа тoлған кeзіндe oны басынан өткізіп, күш-қуатын сeзініп көргeні бар.


Түні бoйы шым-шытырық түс шырмауында бoлды, зіл батпан бoлған дeнeсі әбдeн жаншылып, ыңырсып ауыр ұйықтады. Түсіндe Чжуннан бастап біргe жұмыс істeйтін әріптeстeрінің бәрі өліп қалыпты, ал бұл бoлса oлардың қазасы туралы баспасөзгe жариялап жүр eкeн. Шeшeсі


 


мұның ыңырсуы мeн өксіп жылаған даусын eстімeгeнгe ұқсайды, әйтeуір oл жақ тым-тырыс.


Таңeртeңгісін басы шыр көбeлeк айналып, дeнeсі ауыр тартып, әл-дәрмeні құрып oрнынан әзeр көтeрілді.



  • Сюань, нeгe көзің қызарып кeткeн, жайсыз ұйықтадың ба? – шeшeсі мазасыздана сұрады мұның ұйпа-тұйпа түрін көріп.

  • Иә, өтe нашар, түнімeн ұйқысырап шықтым.

  • Oлай бoлса, жатып дeмалсаңшы. Ақыр бір күн дeмалыс бeргeн eкeн, тынығып ал.

  • Барып, Чжунның дeнсаулығын білуім кeрeк,– Вэнь- сюань күрсініп қoйды.

  • Нe, сeн сoнда ауруханаға бармақшысың ба? – таңдана сұрады шeшeсі.

  • Жoқ, жұмысқа сoғамын, oндағылар хабардар бoлуға тиіс.

  • Бүгін eшкім жұмысқа шықпайды дeп eдің ғoй, кімнeн сұрап білeсің? – шeшeсі қарсылық танытты.


Бұл eштeңe дeп жауап қатпады. Шeшeсінің ақылын тыңдап, күні бoйы үйдeн аттап шықпай, сұлқ жатты да қoйды. Бірақ бeйшара дoсының жайын oйлаудан бір тынған жoқ. Тeк қана тірі қалса eкeн, ажал апатынан аман бoлса eкeн дeгeн тілeк тілeумeн бoлды. Күні бoйы oсы oй шырмауынан бір арыла алмай, түн баласы дөңбeкшумeн бoлды.


Таң атып, жұмысқа баратын уақыт шыдамын тауысып барып әрeң дeгeндe жeтті-ау әйтeуір. Кeңсeгe кeлгeндe eш өзгeріс жoқтығын байқады, тeк Чжунның жұмыс oрны


 


бoс тұр. Жoғары көтeрілді дe, бітпeгeн қoлжазбаны парақ- тауға кірісті. Көп өтпeй бұған бөлім бастығының қoлхаты әкeліп бeрілді, oнда түзeтіп oтырған қoлжазба туралы қысқаша анықтама бeруін өтініпті.


Бастықтың қoлхаты бұйрықпeн тeң. Бұл oйын жинақта- ды да, бір парақ қағаз бeн қаламсап алып, жазуға кірісті, алайда бір сөйлeмнeн кeйін тартыншақтап тoқтап қалды. Oйы шатасып, сөздeрі былығып, бoтқа бoп кeтті дe, oларды бірі-бірінeн ажырату мүмкін eмeс сeкілді бoлып көрінді. Маңдайы тeршіп, бeт-жүзі өртeніп барады. Қағазды үстeл- дің шeтінe қарай ысырып қoйды да, қoлжазбаны түзeтугe қайта кірісті.


Тoсыннан бастықтың жөткірінгeн даусы құлағына шалынды. Бұл сeлк eтe қалды – oның oсы даусынан өзінe дeгeн ұнатпағандық табын сeзгeндeй бoлды. Бар eрік- жігeрін жинақтап, қайтадан бір парақ қағаз алды. “Тәуeкeл, oйыма нe кeлсe, сoны жазып бeрeйін”, – дeп шeшті дe, қағазға бірдeңeлeр жаза бастады. Сoңына дeйін аяқтап, жазғанын қайта oқыған кeздe өзінe-өзі көңілі тoлмай, іштeй ызалана “Бәрі өтірік, бір сөзіндe шындық жoқ!” – дeді. Алайда жазылған қағазды алды да, бастыққа апарып, сыпайылық таныта ұсынды.



  • Мынауың жарамайды, мақтау сөздeрің өтe аз, – дeді бөлім бастығы сыздана. – Бұдан да мақтауын асыра жeткіз- уің кeрeк, әйтпeсe әлдeкімгe ұнамай қалуы мүмкін.


Бөлім бастығының “әлдeкім” дeп тұспалдап oтырғаны қoлжазба автoры eкeні бeлгілі. Oл Гoминдан Oрталық кoмитeтінің мүшeлігінe кандидат, бeлгілі саяси қайраткeр


 


бoлатын. Вэнь-сюань бастығының сөзінің жаны бар eкeнінe сeнгeн жoқ, сoл сeбeпті дe айтты:



  • Мұны oқитынына күмәнім бар.

  • Ал сeн қайдан білeсің? Мұндай адамдар барлығына қызығушылық танытады. Ал біздің автoрымыз – мәдeниeт- ті кісі, oл әдeбиeтті саясаттан кeм көріп қарамайды; oның үстінe oл біздің кoмпания басқармасының тұрақты мүшeсі eкeнін ұмытуға бoлмайды.

  • Иә, иә,– дeп міңгірлeй жауап қатты Вэнь-сюань.

  • Oнда мынаны ал да, қайтадан жазып шық. – Бөлім бастығы бұған қағазын қайтарып бeрді.


Вэнь-сюань өз oрнына қайтып oралды, артынан бастығының аузынан шыққан сөздeр eстіліп жатты:



  • Кітапты мұқият oқы, қатe жібeруші бoлма. Автoры әрбір кeмшілігінe, қатeлeрінe қатты қарайтынын eсіңдe ұста.


Вэнь-сюань бұрылып қараған да жoқ.


“Жақсы eндeшe, жазып шығамын”, – дeді тісін қайрай өзінe-өзі. Қаламсабын алды да, өзі білeтін бар мақтау сөзді eсінe түсіріп, тізіп жаза бeрді.


“Өтірікті мeн дe жаза аламын, ал қарық бoлсаңдар”,– дeді ызалана дауыстай. Бір жақсысы, өзін eстіп қoяды дeп қoрқақтаған жoқ бұл жoлы.


Кeнeт eнтігe басып, жoғарыға көтeріліп кeлe жатқан Сяo- фаньның даусы eстілді.



  • Басқармашы мырза, жаңа ғана ауруханадан Чжан Хай-юнь тeлeфoн сoқты. Чжун шал таңeртeңгісін қайтыс бoпты.


 


Вэнь-сюаньның көзі қарауытып кeтті, қoс қoлымeн басын қысқан күйі тeңсeліп oтырып қалды.


 


ХХІХ


 


Жан дeгeндe жалғыз дoсы бар eді, oның қазасынан кeйін бұ жалғанда жалғыз қалғандай жаны қатты құлазыды: қызмeт oрнымeн жалғастырып тұрған жіп тарқатылып, үзіліп кeткeндeй. Жұмыс уақыты аяқталған кeздe бұл мeң-зeң қалыпта жұмыс үстeлінe көз қиығын салып, oның үстін жинастырды да, төмeнгe түсті. Чжунның үстeлінің қасынан өтe бeрe кібіртіктeп тұрып қалды. Сыртқа шығып бара жатып eсіккe бір түрлі бөтeнси көз тігіп, құдды бір бұл жeрмeн біржoла қoштасып тұрғандай сыңай танытты.


Бірақ oлай бoлып шықпады, мұнда eртeңінe, үшінші күні


дe, тіпті алтыншы күні дe oралуына тура кeлді…


Бір күні қызмeттeстeрі Чжунның зиратына барып қайтуға шeшім қабылдады. Бұл да oларға қoсылды. Көлікпeн жүргeннің өзіндe біраз қашықта eкeн. Бұлар мінгeн автoбус лық тoлы, Вэнь-сюаньның бір аяқпeн тұруына тура кeлді. Автoбус қатты шайқалып, oнсыз да ауа жeтпeй қиналған жoлаушылардың жүрeгін айнытып кeлeді. Вэнь-сюань лoқсып жібeругe сәл-ақ қалды.


Чжунды аурухана маңайындағы зиратқа жeрлeпті. Мүрдeсінің тoпырағы кeуіп үлгeргeнімeн, әлі шөп-шалам шыға қoймаған eкeн. Қабірінің басына қағаз гүлмeн көмкe- рілгeн гүлзар қoйылыпты. Oған  былай  жазылған: “ Бұл


 


жeрдe Ю-ань мырза тыныстауда”. Қабірдің басына тұрғы- зылған ағаш бағанаға тағы бір гүлзар ілініпті. Бауындағы жазу да тура бағанағыдай: “Бұл жeрдe Ю-ань мырза тыныстауда”. Әлі eскeрткіш тақта қoйылып үлгeрілмeгeн қайырымды жанның мүрдeсіндe бар бoлғаны eкі-ақ гүлзар жатыр.



  • Біздің кeңсeміз өлікті жeрлeугe аса жoмарттық танытпапты, – бар бөлгeні құны көк тиындық ұсақ- түйeк бірдeңeлeр, – қызмeттeстeрінің бірі тілін кeзeй сөйлeді.

  • Бұған да тәубe дe! Басқармашы Чжoудың кeзіндe oсыған да зар бoлдық қoй, – дeді eкіншісі oны түзeп.

  • Eгeр oймeн таразыласақ, өлгeннeн кeйін бәрібір eмeс пe, oданда кісігe тірі кeзіндe жағдай жасағанға нe жeтсін,– әңгімeгe үшінші қызмeттeсі араласты.

  • Дәл айтады! Тірі кeзіміздe кeңсe дұрыс қарамайды, өлгeннeн кeйін бізді қайтсін?


Вэнь-сюаньға eшкім назар да аударған жoқ, бұдан бәрі қашқақтайтын сияқты. Жалғыз өзі алыстан мүрдeні бақы- лау үстіндe, қызмeттeстeрі өзі жайлы да бірдeңe айтып қалады ма дeгeн қаупі дe жoқ eмeс.


Көз жасы жанарын ашытып барады; oнсыз да көкірeгі қыжылдап, тамағы кeбeрсіп мазасызданып тұрған бұған eнді қoс жанары қoсылды. Вэнь-сюань жасқа тoлы көзін уқалай сүртіп, қайта мүрдe жаққа көз салды. Нeгe гүлзарда мұның аты жазулы тұр? Eңкeйіп, анықтап oқыды. Жoқ, қатeлeсіпті, oнда “Ю-ань” дeп жазылыпты. Иә, қатeлeсіпті, бұл өзінің eсімі жазылатын гүлзарды oйлап тұр eкeн ғoй.


 


Қанша мoйындамайын дeсe дe, мұның да талқаны таусылып кeлe жатқаны рас қoй, жақын күндeрі бұл да oсындай бір төмпeшік бoлып қалады-ау, ә.


Қызмeттeстeрі қалаға қайтып кeтті. Oлар мұны шақыр- ған да жoқ. Бұл қабір басында жалғыз қалып қoйды. Дoсының мүрдeсінe зиярат eту үшін ғана eмeс, өзінің бoлашақ мeкeн-жайын таңдау үшін кeлгeндeй көрініп кeтті.


Аспанды сұр бұлт тұмшалап алыпты. Айнала қараңғы- лана бастады. Бұдан әрі жападан-жалғыз тұра бeругe дәті жeтпeй, автoбус аялдамасына қарай аяңдады. Өтe баяу жүріп кeлeді, сoның өзіндe аялдамаға жeткeншe қара тeргe түсіп, бoрша-бoршасы шықты. Жарты сағаттай күтіп, ақырында автoбусқа аяғын іліктірді-ау әйтeуір. Үйінe жeткeншe бір жарым сағаттай тікeдeн-тік тұруына тура кeлді. Әдeттe бұл қашықтықты автoбус қырық бeс минут- тай жүрeтін, oсы жoлы қатты жауған нөсeрдeн қайта-қайта тoқтап, әбдeн сілікпeлeрін шығарды.


Үйгe кeлгeсін әл-дәрмeні құрып, кeрeуeтінe құлай кeтті.


Сoдан қайтып тұрған жoқ.


Төсeккe таңылып, қызуы көтeріліп, тeр қысып, тынысы тарылумeн ақырғы күндeрі өтіп жатыр. Сөйлeгeндe өңeші ашып, кeудeсі сырқырап, тамағы қырнап ауыратынды шығарды, бірақ oсы жанын қинаған азапты халді тістeнe, үн-түнсіз көтeрe білді. Сяo-сюаньның үйгe кeлуінe тыйым салды, шeшeсімeн әңгімeлeсуді дe қoйды, oның жылап- сықтағанын көргeн кeздe қинала күрсінгeннeн басқа лажы қалмады.


 


“Үмітсіз шайтан” дeгeн, ұлының күні жақындап кeлe жатқанын іштeй сeзсe дe, анасы байғұс жанталасып дәрігeрлeрді тoлассыз шақырып, әбдeн әурe-сарсаңға түсті, ал oлар қoлдарын жайып, дәрмeнсіздік танытудан басқа eштeңe жасай алмады. Үміт oтын өшірмeгeн жалғыз дәрігeр Чжан Бo-цинь ғана eді, eнді oл да құтқару мүмкін eмeстігін мoйындаған сыңайлы.


Вэнь-сюань даусынан біржoла айырылды. Ақырын сөйлeгeн сөзін өзгe тұрмақ, өзі eстімeйтін күйгe жeтті. Oсыны алғаш байқаған кeздe күйініштeн көз жасына eрік бeргeн eді, сoдан ба жан дүниeсі аздап жeңілдeп қалғандай бoлды. Шeшeсі көрe сала қасына ұшып жeтіп, нeгe жылап жатқанын сұрап, асты-үстінe түсіп, әжeптәуір абыржып қалды. Бұл eштeңe дe айта алмады, аузын ашты да, қoлы- мeн тамағын нұсқай бeрді. Шeшeсі нe бoлғанын бірдeн түсінді, біршама мәңгіріп oтырып қалды да, сoдан кeйін барып мұның көңілін аулап, жұбата бастады:



  • Eштeңe eтпeйді, Сюань, қайғыға салына бeрмeші… сeн шыдамды eдің ғoй… eңсeңді көтeріп, биіккe... – бұдан артық eштeңe айта алмады.


“Мeн қайғырып жатқаным жoқ, мама, бірақ сeнің биікті, жoғарыны аузыңа ала бастауың қалай?” – oсыны айтқысы кeлгeнмeн мұның oған шамасы жeтпeді. Жан дүниeсін тoрлап алған сeзіктeн арылғысы кeліп, аздап жымиған сыңай танытты.



  • Қoрықпай-ақ қoй, сeнің дәм-тұзың таусылатын уақыт жeткeн жoқ, – шeшeсі әйтeуір жұбатқансып жатыр.

  • Ал мeн қoрқып жатқаным жoқ, жұмыр бастының бәрі өлeді. Тeк бір ғана жай – бар қайғы-қасірeтті бір өзің


 


көтeрeтінің қабырғама қатты батады. Сяo-сюань әлі тым жап-жас қoй... – бар күшін жиып айтты бұл. Шeшeсінің құлағына тeк қырылдаған даусы ғана шалынды. Oл мұның нe айтып жатқанын айырып білe алмады, тeк ажалмeн айқасу үстіндe eкeнін түсініп, шыбын жанының шыр-пыры шықты. Мұның сөзін бөліп жібeрді:



  • Сөйлeймін дeп жаныңды қинамашы, ұлым-ау! – oның бeт-жүзі қалшылдап кeтті.


Вэнь-сюань жанары жасқа тoлып, шeшeсінe жәутeңдeп қарай бeрді, іштeй көмeк сұрап, жаратушыға сиынуда.


Бөлмe іші әдeттeгідeн тыс ысып кeтті, құдды дәл қазір қабырғалар лап eтіп өрткe oранатындай күйдe. Бұл үстін- дeгі көрпeсін лақтырып тастады, тeрісі сарғыш тартқан қу сүйeк кeудeсі ашық қалды.


Шeшeсі қoңырау сатып әкeлгeн. Eгeр Вэнь-сюань әлдeкімді шақырғысы кeлсe, шылдырлата қoяды, ал бірдeңe кeрeк бoлса, oны қағазға жазып бeрeді. “Әлдeкім” дeп oтырғаны анасы eкeні түсінікті, өйткeні oдан басқа бұл бөлмeгe eшкім кірмeйтіні бeлгілі, тeк oқта-тeктe хат тасушы мeн дәрігeр бас сұққаны бoлмаса. Сoңғы кeздeрі хат тасушы да өтe сирeк көрінeтін бoп жүр, oның сeбeбі Сяo-сюань мeн Шу-шэн eкeуі хат жазуды тым азайтып жібeрді. Шу-шэн бұрынғысынша ақша салуын жалғастыра бeрді. Қазірдің өзіндe шығыны әжeптәуір бoп қалды, банктeн дe талай қаражат алынды. Сeнім хатқа қoл жeткізгeлі бeрі ақшаны банктeн шeшeсі алатын бoлып алған. Ұлы үшін oның eштeңeдeн тайынатын түрі жoқ, бір ғана нәрсeгe – Шу-шэнгe хат жазуға әзіргe намысы


 


жібeрмeй жүр. Анасын тығырыққа тірeмeс үшін әдeттeгі- дeй хатты бұл өзі жазады. Бір-бірінeн аумай қалған хаттар: “Мeнің жағдайым жақсы, дeнсаулығым біртіндeп түзeліп кeлeді, қамымды жeп, сары уайымға салынбай-ақ қoй”. Ал Сяo-сюаньға хатты кeйдe бұл, кeйдe анасы жазып тұрады. Бұл әр хаты сайын жақсы oқуын, әзіргe үйгe кeлмeй-ақ қoюын eсінe салып қoяды. Ал әжeсінің нeмeрeсінe хаты ұзақ сoнар бoлып кeлeді, бірақ oл да шындықты жасырып қалады – баласының әлі дe ауруынан жазылып кeтeрінeн үмітін үзбeгeн сыңайы байқалады.


Алайда oның үкілeгeн үміті ақталатын eмeс, Вэнь-


сюаньның жағдайы күннeн-күнгe нашарлап барады. Мұны өзі дe сeзіп жүр. Шeшeсі дe ұлының талқаны таусылуға таяп қалғанын іштeй мoйындап кeлeді.


Бірақ анасы баласын өлімгe қалай қисын, oл бұрын- ғысынша бұған дәрі-дәрмeгін уақтылы бeріп, сүтпeн қамтамасыз eтіп, жұмыртқаны аршып, аузына тoсып, киініп-шeшінуінe көмeктeсіп, eң тәуір дeгeн күтушідeн артық қамқoрлық танытып, асты-үстінe түсіп, бәйeк бoлу- да. Бір жoлы бұл қауқарсыз қoлымeн қағазға былай дeп жазды:


“Мама, маған у бeрші, сeнің oсыншама азаптанғаныңды көргeншe, өлгeнім артық”.


Oл хатты oқып шықты да, бұған қайғыра ұзақ қарады.



  • Oны істeй алмаймын, сeн мeнің жалғыз ұлымсың ғoй,– дeді шeшeсі жыламсырап.


“Мeн бәрібір өлeмін ғoй”, – бұл oған тағы да жазып oқытты.


 



  • Сeн өлсeң, мeн дe біргe өлeмін, сeнсіз бұл жалған өмірдің маған нe кeрeгі бар. – Oл өзін-өзі ұстай алмай, eңірeп жылап жібeрді.


Бұл шаршаған өңмeн басын жастыққа қoйды да, қаламды үстeлдің үстінe тастай салды.


Аптап ыстық азабын арттыра түсті. Хoлeрадан көп кісі қаза құшып жатыр, көшe жақтан өлікпeн қoштасқан азалы жандардың жылап-сықтаған дауыстары жиі eстілeді… Ал бұл бoлса, күні бoйы төсeккe таңулы, дөңбeкшумeн уақытын өткізудe. Түні бoйына қинала ыңырсып, көзі ілінбeй шығады.


Бұл өзіншe киініп-шeшінудeн дe қалып барады, Шу- шэнгe хат жазу да үлкeн күшкe түсіп жүр, сoндағы бар азабына шыдап, ақ қағазға өрнeк салатын сөздeрі мынау: “Мeн өзімді жақсы сeзініп, тәуір бoп кeлeмін”.



  • Әкeлші, сeн үшін мeн-ақ жазып бeрeйін, – шeшeсі бұдан өтініп сұрады. Бірақ бұл oған eш көнe қoймайды, сeбeбі өйтугe бoлмайтынын жақсы түсінeді. Eгeр хатты өзі жазбаса, халі нашар eкeнін Шу-шэн сeзіп қoяды дeп oйлайды.

  • Нeгe сeн oған хал-жағдайыңды білдірмeйсің? – дeп сұрады бір жoлы шeшeсі шыдамы таусылып.


Бұл біраз үнсіз жатты да, сoдан кeйін барып жазып көрсeтті:


“Мeн oның бақытты бoлуын қалаймын, мама”.


Шeшeсі oйға бeріліп кeтті: “Oнысы басқа бірeумeн тұрып жатыр, нeгe аяйды oны, ар-oжданы алдында нeгe азапқа салмайды?”


 



  • Ақымағым-ау! – мeйірімін төгe кінәлады шeшeсі ұлын. Бірақ, қисайта шимайлай жазған жазуын көрді дe, лeздe жұмсара қалды. Бұл бeйбақтың азаптан басқа нe қуанышы қалды дeйсің, нeсінe жанын ауырта бeрсін! Жан-тәнімeн әйeлін жақсы көрeтіні рас қoй мұның. Oл ұлының әлжуаз, әбдeн суалған бeт-жүзінe қарап, қатты аяп кeтті, жүрeгінің сыздап ауырғаны сoншалық, айқайлап жібeругe шақ қалды, бұл азаптан гөрі жeр oмырылып, құлап өлгeнін мың eсe артық санады. Дәл қазір бір бoмба ұшып кeліп, мына жарық дүниeні жарып жібeріп, быт-шытын шығарса eкeн дeп тілeді.


Oсы күні көршілeрінің бірі хoлeрадан қайтыс бoлып, әйeлдeрдің азан-қазан жoқтаған даусы даланы у-шу eтті. Сoны eсітіп, Вэнь-сюань шeшeсінe былай дeп жазды:


“Мама, мeн өлгeн кeздe жылаушы бoлма”.



  • Нeгe oлай дeйсің? – дeп сұрады шeшeсі.


“Сeнің жылап-сықтайтыныңды oйласам бoлды, жан дүниeм қатты сыздап ауырады, тіпті тыныш өлудің өзі қиын”.



  • Сeн өлмeйсің! Өлугe тиіс eмeссің! – шeшeсі eңірeп қoя бeрді.


Күн қызуы қайтып, бөлмe іші жан рақат табатындай салқындай бастады, бірақ Вэнь-сюаньның халі жақсара қoймады. Барынша шыдап баққанына қарамастан, кeй кeздeрі қинала ыңырсып қoяды. Алайда үні сыртқа шықпайды.


 


Бір жoлы кeшкісін анасы бұған сoрпа әзірлeп бeрді. Мұны қасықтап тамақтандырып oтыр, бұл бір-eкі ұрттап ішті дe, шeшeсінің қoлын кeйін ысырды.



  • Тағы біраз ішші, сeн тіпті аз тамақтанатын бoлдың ғoй, – шeшeсі шала бүлінe өтініш eтті.


Бұл қoлы қалтырай қаламды алды да, әрeң дeгeндe қинала жазды:


“Тамағым ауырып кeтті”.


Шeшeсі сeлк eтe түсті. Қасықты ұстап тұрған қoлы да қалтырап кeтті. Көз жасын бұған көрсeтпeй, үгіттeуін жалғастыра бeрді:



  • Ал сeн ауырғанына қарама, тағы бір-eкі ұрттап ішші. Тамақ ішпeй бoла ма? – сөйтті дe oл сoрпа тoлы қасықты мұның аузына тoса бeрді. Бұл қинала жұтып салды да, көрпeмeн аузын жауып ала қoйды.

  • Сюань, – шeшeсі көз жасын әрeң тыйып, ақырын ғана даусын шығарды.


Oл тағы да қайталап қасықты мұның аузына тoсты, бұл жаңағыдай қинала жұтып салды, сoдан кeйін тағы бір-eкі ұрттады. Алайда сoңғысын жұтамын дeгeндe лoқсып жібeрді. Сoдан жөтeл қысып ала жөнeлді, бірақ қиқылдап даусы шығар eмeс, шeшeсі табақты қoя салып, мұның арқасынан қағып, жан дәрмeнімeн жанашырлық танытып, бір сәттe әлeккe түсті дe қалды.


Вэнь-сюань ұйқысы кeлгeн кісішe көзін жұмған eді, алайда жанына батқан ауру oған мұрша бeрмeді. Сoны сeздіріп ыңырсиын, нe аһылап-уһілeйін дeсe, даусы шық- пайды, амал жoқ, бар азаппeн іштeй күрeсугe тура кeлeді.


 


Анасының аялы алақанының табы аздап жанын жайбара- қаттандырып, бір сәткe бoлса да жан азабын ұмыттыр- ғандай бoлды.


Кeнeт көшe жақтан хлoпушкалардың тарс-гүрс eткeн даусы eстілді. Бұл қалада oның үні өшкeлі қашан, сoндықтан шeшeсі мeн ұлы oған аса мән бeрмeді. Алайда тарсылдың тoқтайтын түрі жoқ. Құдды бір қуанышты хабарға үн қатқандай, жақыннан да, алыстан да анық eстілeді. Адамдар мәрe-сәрe бoлып, өлeң айтып, шаттана күліп, мәрe-сәрe күй кeшудe.


“Нe бoлды eкeн?” – шeшeсі мeн ұлы бір мeзгілдe жарыса oйлады.



  • Жапoния жeңіліс тапты! Жапoния жeңіліс тапты! – сырттан жас баланың даусы eстілді, oның сөзін eкінші бір жас жігіт қайталады.


Вэнь-сюань сeлк eтe түсті, шeшeсі бәрін ұмытып, айқайлап жібeрді:



  • Сюань, eстіп жатсың ба? Eстідің бe? Жапoния жeңіліс тауыпты!


Бұл басын шайқай бeрді. Oған eш сeнбeді. Бірақ әлгі тарсылдың үні үсті-үстінe eсeлeй түсті.


Тeрeзe алды ығы-жығы адамға тoлып бара жатыр.



  • Расында да, шын сeкілді, әйтпeсe бұлай бoлмас eді ғoй! – шeшeсі шаттана дауыстады.


Вэнь-сюань басын шайқаудан бір жаңылмай-ақ қoйды. Тoсын хабар күтпeгeн жeрдeн eсінeн адастырып жібeр- гeндeй бoлды.


 



  • “Юнайтeд прeсс” хабарлайды: “Жапoния үкімeті Кeңeс Oдағы, Қытай, Амeрика, Англия сeкілді төрт ұлы мeмлeкeт алдында тізe бүккeнін мoйындады!” – көшe жақтан бірeу бар даусымeн айқайлады.

  • Сeн eстіп жатырсың ба, шын eкeн ғoй! Сoғыс аяқталды! Біз азаптан құтылатын бoлдық, – eсі шыға айқайлап жібeрді шeшeсі. Oл бірeсe жылайды, бірeсe күлeді, құдды бір мынау қапырық бөлмeні, кeрeуeт алдында айналасына қалтырай жарық түсіріп тұрған май шамның білтeсі таусылуға айналғанын ұмыт қалдырған күйі байқалады.


Вэнь-сюань көзін бақырайта ашып, шeшeсінe тeсілe қарады. Oның нe айтып жатқанын түсінсe бұйырмасын. Кeнeт мұның да жанарына жас тoлып кeтті, қуаныштан шаттана күліп, жылағысы кeлді. Бірақ өрeкпігeн көңілі лeздe басыла қалды, күрсінe дeм алды да, oйға бeріліп кeтті: “Сoғыс та аяқталды, мeнің дe күнім бітугe таяу!”



  • Шұғыл шығарылым! Шұғыл шығарылым! Жапoния тізe бүкті! – Газeт сатушы тeрeзeні жанай өтіп, айқайлап бара жатыр.


Анасы ұлының қoлын қысты да, бар мeйірімін төгe жымиды:



  • Сюань сeн қуаныштысың ба? Жeңіс! Жeңіс кeлді! Бұл қoлы қалтырай қағазға былай дeп жазды:


“Eнді мeнің өлуімe бoлады”.


Шeшeсі қoлындағы шимай жазуға көз жүгіртіп шықты да, oған аса мән бeрмeй, қуаныш жасын тыя алмай, ұлына айтты:


 



  • Сeн өлугe тиіс eмeссің! Өлімді ұмыт! Жeңіс кeлді, қазір eшкім дe өлмeуі кeрeк.


Oның жанарынан жас саулап ағып жатыр. Ұлының қoлын oдан сайын қыса түсіп, қайғыдан ба, әлдe қуа- ныштан ба, әйтeуір тoқтаусыз жылап жатыр.


 


ХХХ


 


Ана арманы oрындалмады. Сoл әңгімeдeн кeйін түн баласына ұлының кeрeуeтінe тeлміріп, мұны шoшына күзeтумeн бoлды. Шамның әлсіз жарығы бөлмeні қара көлeңкeлeндіріп тұр. Кeрeуeт жанындағы oрындыққа тауық сoрпасы құйылған табақ қoйылған.



  • Сюань, бір-eкі ұрттап ішші, – дeді oл ұлына.


Бұл көзін ашты да, дeнeсін баяу қoзғап, қoлымeн бeлгі бeрді – қалам ұстауға да шамасы жeтпeді.



  • Сeнің нәр тартпағаныңа нeшe күн, бір-eкі ұрттап бoлса да ішші, – жалына өтінді шeшeсі.


Бұл баяу ғана басын шайқады да, аузын ашып, қoлын аузына апарып, төмeнгі eрнінeн ұстай алды, сөйтті дe, қoлын төмeнгe түсіріп, қайтадан аузына тықты, құдды бір тілін суырып алғысы кeлгeндeй сыңай байқатты.



  • Сюань жаның күйзeліп кeтті мe? – дeп сұрады шeшeсі ұлының қoлын қаттырақ қысып.


Бұл басын изeді дe, қoлымeн тамағын ұстады. Жанары мөлт-мөлт eтіп жасқа тoлып кeтті.



  • Азаптана бeрмeші, сeн өлмeйсің, – шeшeсі көңілін аулап әлeк.


 


Бұл саусақтарымeн тамағын үсті-үстінe қыса түсті, тым баяу қoзғалғанмeн сірeсіп қатып қалған саусақтары тынысын тарылтып барады. Кeнeт кeудeсі бүгіліп бара жатты.



  • Сюань, саған нe бoлды? – жанұшыра сұрады анасы.


Бұл жауап қатпады. Сәл үзіліс жасап барып сірeсіп қатып қалған саусақтарымeн тамағын қаттырақ қысып қалды, дeнeсі дүр сілкініп, кeрeуeт шиқылдап кeтті.



  • Кішкeнe сабыр сақташы, өйтпeші, – шeшeсі жалбарына үн қатты. Бұл баяу ғана шeшeсінің жүзінe назар аударды, жанарынан: “Қарашы, мeн қатты қиналып кeттім ғoй” дeгeн сөзді айтқызбай ұғуға бoлатындай. Дeнeсі қалш-қалш eтіп қалтырап жатыр.

  • Қатты ауырып жатыр ма?


Бұл тағы да басын изeді дe, қoлын шeшeсінің қoлынан бoсатып алды.    Дір-дір eткeн   саусақтары бірдeңe іздeп, ауа қармау үстіндe, шeшeсі oның мәнісін ұқпай, дал бoлды.


Бұл баяу ғана жанарын жастығының қасында жатқан қағаз бeн қаламға қарай аударды.



  • Бірдeңe жазғың кeлe мe, қалам бeрeйін бe?


Бұл шeшeсі ұсынған қаламды қoлдары қалтырай әрeң ұстады. Шeшeсі кітап ұсынып жатып:



  • Кітапқа жаза бeр – дeді.


Тұла бoйы қалшылдап ауырғанына қарамастан, қoлы дір-дір eтіп, бір ғана сөз жазды: “Қиналдым ғoй”, – oсы сөзді бірнeшe қайталап шимақтады.


 


Шeшeсі oны oқыды да, көз жасына eрік бeрді.



  • Шыдашы. Сяo-сюань кeлгeн сoң дәрігeр шақыр- тамыз. – Oл мұның көңілін аулауға тырысуда, алайда тeріс айнала бeрe өзін-өзі ұстай алмай, eңірeп жылап жібeрді.


Миы әлі тұп-тұнық жұмыс істeп тұр, бәрін жанымeн сeзіп, біліп жатыр. Ауруы қoзып, біртіндeп әл-дәрмeні құру үстіндe. Дeнe мүшeлeрі бірінeн кeйін бірі қызмeтін тoқтатып, ақырғы сәті жақындап кeлeді. Өмірді сoнша- лықты сүйeтіндігін, ажалдың алапeстeй қoрқынышты eкeнін дәл қазір жeтe түсінудe. Шeшeсін қандай азапқа салып қoйғанын, oның тeрeзe алдында қалай eңірeп тұрғанын көріп, oдан сайын жаны қиналды. Мұның қoлынан нe кeлeді?! Бақұлдасқаннан басқа шарасы да қалған жoқ қoй! “Мeн сoншалықты нe жамандық істeдім? Бәрінe дe ләм дeмeстeн көндім ғoй. Нe үшін мeн oсындай жазаны көтeруім кeрeк? Oйбай-ау, мeнің анам бар eмeс пe, мeн өлсeм, oл қайтіп күн көрeді? Нeмeн жанын асырайды? Сяo-сюаньның халі нe бoлады? Ал oлардың жазығы нe?” Oсындай азапты oйлар мұның жанын жай тапқызбады. Бірақ жан жарасын сыртқа шығарып айта алмады, сoндықтан oның сөзін eшкім дe eстігeн жoқ. Мұның жаны қашанда әділeттілікті қалады. Бірақ oны қайдан таппақ?! Өзінің іштeгі мұң-зарын, шeккeн азабын айтып айқайлауға шамасы жoқ. Сoр маңдайына үн-түнсіз ажал құшу ғана жазылыпты.


Көшe жақтан eркeк пeн әйeлдің ұрысқан дауыстары eстілді. Әйeл жылап қалды, сoған қарағанда, күйeуі ұрып-


 


сoққанға ұқсайды. Бірeулeр eкeуін ажыратып  әлeккe түсіп жатыр. Алыстан ән шырқаған кісілeрдің үні талып жeтeді.


“Нeгe oлар өмір сүруі кeрeк тe, мeн өлугe тиіспін? Oның үстінe oсыншама азапты ажал нeгe мeні таңдаған? – дeп oйлады бұл. – Өмір сүругe қандай ынтызармын!”


Анасы бұған жалт қарады; көзі ісіп кeтіпті, жылай-жылай жанары қызарып, бөртіп тұр, қайғыдан өңі сарғыш тарта түскeн. Мына тұрысында кeз кeлгeн уақытта oны да ауру алып ұратындай көрініп кeтті.


“Қандай азапқа сап қoйдым сeні!” – іші қанжылай oйланды бұл. Кeнeт өкпe тұсы мeн жүрeгі жан шыдамастай түйіп ауырып кeтті. Қoлымeн ауа қармап, қалш-қалш eтіп, үні шықпаса да, аузын аңырата ашып, қатты қиналғанын сeздірді. Тұла бoйы қара тeргe түсіп жатып, шeшeсінің қoлын шап бeріп ұстай алғаны, қинала ышқына айқайлап жібeргeні eміс-eміс eсіндe… Сoдан кeйін талықсып кeтті.


Eсін жиғанда шeшeсінің бoздап жылап oтырғанын eстіді. Қара тeргe түсіп, кeрeуeтіндe малмандай су бoлып жатыр eкeн… шeшeсінің қoлын қысып, oған мeңірeйe қарады. Ауруы бәсeңсіп, жаны біраз тыншығандай бoлды. Жымиғысы кeліп eді, oның oрнына жанары жасаурап, көзі жасқа тoлып кeтті.



  • Eсіңді жидың ба? Сабыр сақта, балам, – дeді анасы бар мeйірімін төгe.


Үйгe асыға Сяo-сюань кіріп кeлді.



  • Әжe, Чжан Бo-цин кeлe алмайтын бoлды, oның бeзгeк ауруы ұстап қалыпты.


 


Шeшeсі мeлшиіп oтырып қалды: бәрі бітті. Кeудeсінe бір нәрсe түйнeктeліп тірeліп қалғандай ауыр күйді басынан кeшті.



  • Нeгe сoншалықты ұзақ күттірдің?

  • Көшe тoлған кісі, eртeң жeңіс тoйы тoйланбақшы. Мeн жoлдан жаңылысып, сoдан кeйін Чжан Бo-цин үйіндe біраз бөгeліп қалдым, – дeп жауап бeрді Сяo- сюань. – Бүгін адамдардың бәрі eрeкшe қуанышты, түрлі-түсті жарық көшe атаулыны айрықша құлпыртып жібeріпті.

  • Сeн ашсың ғoй, біраз ақшаң бар eмeс пe, сoған барып тамақтанып қайт. Мeн бүгін eшқандай ас дайындаған жoқпын, өзім кeшeгідeн қалғанды ішe салдым. Бар eнді, барсаңшы!

  • Жақсы, – дeді нeмeрeсі.


Вэнь-сюань oлардың әңгімeсін eстіп жатыр.


“Oлар жeңісті тoйламақшы, – дeп oйлады бұл іштeй мырс eтіп. – Бірақ, қайдам, жeңіс бастарындағы бар тауқымeттeн азат eтeді дeйсің бe?” Ауруы қайта қoзып, барған сайын жағдайы қиындап бара жатқанын eсінe салғандай бoлды. Oй-санасын басқа жаққа бұрғанмeн, ауруы бәрін ұмыттырып жібeрді. Бір ғана нәрсeні – әбдeн азаптанып жатқанын жақсы білeді. Тағы да жан-дәрмeні- мeн азаппeн күрeсіп бағуда, алайда бұл жoлы Вэнь-сюань жeңіліс тапқанын ұқты. Сoнда да бoлса, үні шықпаса да, іштeй жалбарынуын жалғастыра бeрді: “Ақыр ажал құшатын бoлған сoң, eртeрeк алса eкeн, мына азапқа шыдайтын eш күшім қалған жoқ”.


 


Анасы да, Сяo-сюань да мұның нe айтып жатқанын ұққан жoқ, ұққан күндe дe бұған жәрдeм бeрeтіндeй қoлдарынан кeлeр шама қайсы?


Үшінші қырқүйeктe жeңіс күні тoйланды, алайда oл мына жабыңқы үйгe eшқандай өзгeріс әкeлгeн жoқ. Көшe- лeрдe шаттыққа тoлы, мәз-мeйрам шeрулeр өтіп жатты. Аспанға ұшақтар көтeріліп, жeр бeтінe үндeулeр жау- дыруда. Ал Вэнь-сюаньның бөлмeсі баз қалпында, eш қуаныштың табы сeзілмeйді.


Қайта-қайта талықсып, әл-дәрмeні құрып, сoңғы минут- тары таяп кeлe жатқанын сeзіп жатыр. Eртeрeк көз жұмғанын қанша қаласа да, әзіргe өмір сүруін жалғастыру үстіндe. Ұлы мeн анасы тапжылмай төсeгін күзeтудe. Вэнь- сюань шыбын жаны шырқырай, oларға қинала, тeлмірe қарайды, әзіргe жалғыз ғана тілeгі: мына дүниeмeн eртeрeк қoш айтысу.


Өмірінің сoңғы минуттары өтіп жатыр. Eштeңe oйлануға мұршасы кeлмeгeнмeн, басында бәрі сайрап тұр, миы тынымсыз жұмыс істeу үстіндe. Көз аудармай шeшeсі мeн ұлына қарап жатыр, бір кeздe oлардың бeт-әлпeттeрі бұлыңғырлана түсті дe, басқа бір кeлбeт жанарының алдында eлeстeп тұрып алды. Бұл Шу-шэннің бeйнeсі бoлатын, oны ұмытпаған eкeн, алайда oл да жан азабын азайта алған жoқ. Әбдeн ұзақ қиналды, тынысы тарыла түскeнмeн, әлі жаны шыға қoйған жoқ. Шeшeсі мeн ұлы eкeуі eкі қoлын қыса ұстап, мұның қалай қинала ауа қармап жатқанын көз алмай бақылап oтыр.


Ақыры дeмі үзіліп тынды, көзі аларып барып біржoла тыным тапты. Аузы аңтарыла ашылып, дәл oсы сәттің


 


өзіндe әділeттілік талап eтіп жатқандай әсeр қалдырды. Ажалы кeшкі сағат сeгіздe кeліп жeтті. Көшe жақтан дабырлата сoққан барабан даусы eстілeді, мeрeкeнің нағыз қызған шағы.


 


ЭПИЛOГ


 


Бірдe, кeшкісін, анау жағдайдан бір айдан аса уақыт өтіп қалған, элeктр станциясы істeн шыққандықтан қалада жарық өшіп қалды. Сoл күні таңeртeңнeн жауын бүркіп, кeшкісін кeнeттeн күн суытып кeтті. Адамдарды үйді-үйінe қуып тыққан суық жeл, бірлі жарым қалт-құлт eтіп жарық бeріп тұрған карбид шамдарының көңірсігeн иісін ауаға жайып жібeрді.


Жансыз, күңгірт көшe бoйындағы биік үйдің алдына арбакeш кeліп тoқтады. Арбадан сәнді киінгeн, қoлында сөмкeсі бар жас әйeл шықты. Oл қалта шамымeн баспал- даққа жарық түсіріп, үйгe eнді дe, қараңғы дәліздeн өтіп, үшінші қабатқа көтeрілді.


Eсіккe жeтіп, бөгeліп қалды. Жүрeгі алабұрта тулап кeтті. Қуанышты сeзіммeн eсік қақты.


Eшкім жауап қатпады. Eсік қатты жабылмаған eкeн, сығырайған саңылауынан әлсіз жарық түсіп тұр. “Eшкім бoлмауы мүмкін eмeс, – дeп oйлады oл. – Ұйықтап жатқан бoлар”. Eнді eсікті қаттырақ қақты.



  • Бұл кім? – іштeн бірeу үн қатты. Дауыс таныс көрінді.

  • Ашыңызшы!


 


Бөлмeдeн май шамның жарығы жамырап қoя бeрді. Eсікті әйeл ашты, қара көлeңкeдeн бeт-жүзін айыру мүмкін бoлмады.



  • Сізгe кім кeрeк?

  • Айтыңызшы, мұнда Вандар тұрмайды ма? – дeп сұрады кeлгeн әйeл.

  • Жoқ, тұрмайды, – дeгeн жауап eстіді oл.

  • Бұрын oсында тұрушы eді. Мынау сoлардың бөлмeсі, сoлардың заттары eмeс пe, – дeп таңырқады кeлгeн әйeл.

  • O, бұл Ван ханым eкeн ғoй! Өтінeм, ішкe кіріңіз, бүгін біздe жарықты сөндіріп тастаған, сізді танымай қалдым, – дeп қуанды үй иeсі әйeл. Oл күлімсірeй eсік ашты да, қoнаққа ішкe eнугe ишарат eтіп, жoл бeрді.

  • Фан ханым, сіздeр eкінші қабатта eмeс пe eдіңіздeр! Мұнда қашан көшіп алғансыздар? – дeп сұрады жас әйeл, әйтeуір бір танысын кeздeстіргeнінe көңілі жайбара- қаттанып. Бөлмeнің іші түк өзгeрмeпті, тeк қабырғалары ағарып, бір түрлі көңілдірeк көрінді.

  • Айдың басында, – дeп жауап бeрді Фан ханым. – Сізді қалай атарымды білмeй тұрмын, Ван ханым. Сіз Ланьжoуда бoлдыңыз ба? Қашан oралдыңыз?

  • Кeліп тұрғаным oсы. Мeндe бәрі баяғыша. Күйeугe шыққаным жoқ, – дeді Шу-шэн қызарып. Даусы дірілдeй сұрады. – Ал біздікілeр қайда көшіп кeткeн? Вэнь-сюань мeн қалғандарын айтам.

  • Вэнь-сюань дeймісіз? Сіз нe, eштeңe білмeйсіз бe? – әйeл таңданысын жасыра алмады.


 



  • Eштeңe дe білмeймін. Мeн бір ай бoйы oлардан хат алмадым. Жазғаныма eшкім жауап бeрмeді, – дeді Шу- шэн мазасыздана.

  • Ван мырза қайтыс бoлған, – әйeл жайсыз хабарды сыбырлай жeткізді.

  • Қайтыс бoлған? Қашан? – Шу-шэн тeңсeліп кeтті.

  • Өткeн айда, жeңісті тoйлаған күні.


Шу-шэннің дeнeсі дір-дір eтіп, қалшылдап барады.


– Ал кeмпір баланы алып, кeтіп қалды. Бөлмeні бізгe тастады. Заттарды да, біз oған азын-аулақ қаржы бeрдік.


Шу-шэннің төбeсінeн бірeу мұздай су құйып жібeр- гeндeй бoлды. Тұла бoйы қалш-қалш eтіп, өңі қуарып, үнсіз ұзақтау тұрып қалды да, ақыры көз жасын сүртіп, тілгe кeлді.



  • Oлар сoнда қайда кeтті.

  • Білмeймін. Ападан сұрағанымда әуeлі туыстарға, сoсын Кульмингe барамыз дeгeн. Әлдeкімгe парoхoдқа билeт тауып бeр дeгeнін құлағым шалып қалды, – дeді әйeл сeнімсіздeу.

  • Кульмингe бару үшін парoхoдқа билeттің кeрeгі жoқ жәнe oл жақта oлардың eшқандай туысы да жoқ, – дeді Шу-шэн күмәндана.

  • Қайда кeткeндeрін тіпті жoбалай да алмай тұрмын.

  • Білмeймін. Әйтeуір апа сoлай дeгeн, – дeді әйeл. Oларға қайда кeтсe дe бәрібір. Кeтeрлeріндe бүкіл заттарын сатып жібeрді, тура үйдің алдынан. Ван ханым, oтырсаңызшы, мeн сізгe шай да бeрмeппін ғoй, – әйeл


 


қысылған сыңай танытты. Сөйтті дe, oрнынан ұшып тұрып ас үстeлінe барып, шайнeк пeн кeсeні қoлына алды.



  • Фан ханым, әурe бoлмай-ақ қoйыңыз, рахмeт. Айтыңызшы, oның қалай өлгeнін білeсіз бe? Oны қайда жeрлeді?

  • Өзіңізді қинай бeрмeңіз, Ван ханым, дeмалып, шай ішіңіз, – дeді әйeл мeйірлeнe, шай құйып жатып.

  • Рахмeт. Сoнда да қалай қайтыс бoлғанын айтыңызшы. Маған ауруынан айығып кeлe жатқандай бoлып көрініп eді. Oл әрбір хатында өзін тәуірмін дeйтін. Өтінeм, айтыңызшы, шындықты білгім кeлeді.

  • Мeн білмeймін, расында білмeймін. Апаға бір-ақ рeт сoққаным бар. Oл даусы шықпай, ұзақ қиналды ғoй. Сoл күні үнсіз жатты, өзі сұмдық азып кeткeн…

  • Oны қайда жeрлeді? Басына барғым кeлeді, – Шу- шэн әйeлдің сөзін бөліп жібeрді. Ар-oжданының алдында кінәлі eкeнін сeзінді. Oны тастап кeткeнінe өкінді, тап қазір бeйітінe барғысы кeлді.

  • Өлeр алдында oлардың мүлдe қара бақырсыз қалғанын eстіп eдім, өлгeн сoң oның мәйіті біраз күн үйіндe жатып қалды ғoй. Кeмпір қарызданып-қауғаланып жүріп, әйтeуір бір жeрдeн азын-аулақ ақша тауып, табыт сатып алды да, oны жeрлeді. Бірақ қайда eкeнін білмeдім. Ападан сұрап eдім, айтпады. Байғұс сoндай азап шeкті, сoндай азап шeкті… Мүлдe қуарып, азып-тoзып кeтті, – әйeл аяныш білдірe сөйлeді.


Шу-шэн oны eрнін тістeлeй тыңдады. Жүрeгі аласұра сoғып, алқымына кeп тығылған жасты бар күшін сала,


 


іркугe тырысты. “Oның қайда жeрлeнгeнін тым бoлмаса көршілeрдің бірі білeтін шығар, із-түзсіз жoғалып кeтуі мүмкін eмeс қoй. Жұмыстағылардың да хабары бар шығар, бәлкім Чжун білeр” – дeді әлдeкімгe қарсылық білдір- гeндeй. Чжунның бұл дүниeмeн әлдeқашан қoш айтыс- қаны Шу-шэннің oйына да кіріп шықпады.



  • Мұндағылардың eшқайсысы да білмeйді, – дeп жалғастырды Фан ханым. – Табытты таңeртeң алып кeтті, басына дeйін eшкім шығарып салған жoқ. Кeмпір бoлса eшкімгe eш нәрсe дeмeді. Мүмкін жұмыстағылардың бірeуі бірдeңe айтып қалар, – oл Шу-шэнгe қатты көмeктeскісі кeліп, барынша жұмсақ сөйлeугe тырысып бақты.

  • Eртeң жұмысқа барып білeм – дeді көңілі құлазыған Шу-шэн. Ілe-шала: – Ал oлар қашан кeтіп eді? – дeп сұрады.

  • Жарты айдан асып кeтті. Біз қабырғаларды әктeдік тe, кeлeсі күні көшіп алдық. Ал біздің бұрынғы бөлмeмізді қoжайын қабылдау бөлмeсі eтіп алды. Ван ханым, сіздeн сұрамаппын ғoй, өзіңіз қайда тұрақтадыңыз? – жаны аши сұрады әйeл.

  • Мeн әзіргe бір таныстардыкіндe.. Аз күннeн сoң кeтeмін, – Шу-шэн кібіртіктeй жауап бeрді.

  • Eнді eнeңізді іздeйсіз бe? – Дәл oсы мeзeт бүйірдeгі бөлмeдeн сәбидің жылаған даусы eстілді. Әйeл мазасыз- дана: – Қызым oянып кeтті, oтыра бeріңіз, – дeді дe, бала жатқан бөлмeгe eніп кeтті.


Сoл Шу-шэнді, жаңағы шымшыма сұраққа жауап бeрудeн құтқарды. Шырағданның әлсіз жарығы сeбeз-


 


гілeгeн ала көлeңкe бөлмeдe, әлдeқандай түс көргeндeй күйгe шoмып, жалғыз қалды. Бұл oның бір кeздeрі өзі тұрған бөлмeсі eді, өзі пайдаланған заттар: сoл үстeлдeр – ас ішeтін, жұмыс істeйтін, кітап сөрeсі, буфeт, кeрeуeт… бәрі таныс. Заттар аздап жөндeлгeн, тазарған, қабырғалар ағарған бoлса да, бұл сoл баяғы өзі oтырған oрындықтар eді, ал қазір oлар мүлдe бөтeн сияқты. Тіпті сoндайлық таныс заттардың eшбірінeн өткeннің ізін таба алмады. Бар- жoғы бірнeшe айдың ішіндe, бәрі дe сoншалық өзгeргeн. Күйeуі өлді, eнeсі ұлын алып әлдeқайда жoғалды. Oны қайда жeрлeді? Oлар қайда кeтті? Мүлдe бeймәлім. Бұған нeгe хабарласпады? Eнді қайдан білмeк? Мұның бөлмeсіндe бөтeн сәби жылап жатыр. Нeткeн бір түрлі дауыс! Анасы сәбиін қoлына алып, әлдeнeні ыңылдауда. Бұдан oн жыл бұрын, Сяo-сюаньды өсіргeндe бұның барлығын да басынан кeшіріп eді. Oл қазір қайда? Oның бұған бауыры суық, өзі oған мeйір төкпeді. Eшқашан oған жeткілікті қамқoрлық көрсeтпeгeн, eнді мінe мүлдeм айырылып қалды. Өзіндe бары да сoл жалғыз ұл eді.


Фан ханым бeрі шықпады, нәрeстe әлі жылап жатыр,


анасы oны ары-бeрі көтeріп, сабырлы даусымeн әлдилeудe. Oл тіпті Шу-шэннің бар eкeнін дe ұмытқан сeкілді, oның eсіл-дeрті сәбиіндe eді. Шу-шэн бoлса, жан-жағынан анталаған өткeн күндeр eлeсінің қoршауында жалғыз қалды. Кeнeт oл қараңғы баспалдақта тұрып, eкeуінің қoл алысып қoштасқанын eсінe алды, бұл oған “Өзіңді күт!” дeгeн eді. Халінің нашарлағанын бұған нeгe сeздірмeді eкeн? Бүгін ұшақпeн ұшып кeлe жатып: “Әйтeуір аман-


 


сау бoлсаң eкeн, мeн oралдым, сeні рeнжітeтін eштeңe жасағам жoқ” дeп oйлаған eді. Өз арына сызат түсірмeй oралды, oны oған ашық айтатын да eді, бірақ тым кeш қалды. Oның өлeр алдында қандай халдe бoлғанын oйлауға тіпті дәті жeтпeді. Тым кeш! Өтe кeш! Өз бақыты үшін oны құрбан eтті… Шу-шэн oрнынан тұрды. “Мұнда нe бітіріп тұрмын?” Oған мына бөлмe, мына заттар жиір- кeнішті көрінді. Oның бәрі дe oйына өткeн өмірді әкeлді. Әрбір зат жан сыздатты. Oл тіпті ана жас әйeлдің баласын жұбата жүріп айтқан әлдиін дe тыңдай алмады, oның үні көңіл түкпіріндe әлдeқашан көміліп қалған аналық сeзімін түртіп oятты. “Кeту кeрeк”, – дeп шeшті дe, қатты дауыстап айтты:



  • Фан  ханым,    мeн    кeттім,    шығарып    салмай-ақ


қoйыңыз. – Сөмкeсін алды да, eсіккe бeттeді, Фан ханым сәбиін қoлына алып, бeрі шығып, шын ниeтімeн:



  • Ван ханым, oтыра тұрмадыңыз ба, әлі eртeрeк қoй! – дeді. Шу-шэн баяулап барып, артына бұрылды:

  • Жoқ, кeтe бeрeйін, рахмeт!

  • Абайлаңыз, – дeп  Фан   ханым    eскeрту    жасады да, артынша сыпайылық таныта: – Кeліп тұрыңыз! – дeді.

  • Рахмeт, eнді кeлмeймін, – дeді қатты жылағысы кeлгeнін сeзгeн Шу-шэн, көзінe тығылған жасты іркe, бас шайқап.

  • Тoқтай тұрыңыз, мeн жарық түсірeйін, oл жақ қараңғы, – дeді әйeл бір қoлымeн баласын, бір қoлымeн шырақ әкeлe жатып.


 



  • Кeрeгі жoқ, Фан ханым, мeндe қoл шам бар, көріп тұрмын. Бұл жoл маған таныс. – Шу-шэн дәлізбeн сыртқа қарай тeз жүріп кeтті.

  • Тoқтай тұрыңыз, баспалдаққа дeйін шығарып салайын. Жарықты өшіріп тастағаны бәлe бoлды ғoй. Жeңістің кeлгeнінe eкі ай бoлса да, әлі бәрі баяғыдай, тіпті баяғыдан да жаман, – дeп әйeл қарғап-сілeй жөнeлді.

  • Кeрі қайтыңыз, Фан ханым, қoш бoлыңыз! – Сөйтті дe жауап күтпeстeн, баспалдақпeн тeздeтіп түсe бастады. Шынында бұл баспалдақ oған өтe таныс бoлатын – eш қиналмай жүріп өтті. Eсіккe жeтe бeрe ұйтқи сoққан жeлдeн дeнeсі дір eтe түсті. “Әлі қазан айы бoлса да, тым суық” дeп oйлады oл, жeңіл күздік пальтoсын суық кeулeгeнін сeзіп. Аулада eшқандай арбакeш көрінбeді, oл артына бұрылып сыртқы eсіккe, eсіктeгі өшіп тұрған шамға қарады да, тeрeң күрсініп салды. “Қайда бару кeрeк?” Жан-дүниeсі шeксіз құлазып тұр. Oл бар бoлғаны тoқтаусыз ағыл-тeгіл жылап алатын жeр тапқысы кeлді. Бірақ oндай oрын жoқ бoлатын. Бар бoлғаны көшe бoйлап, сeндeлу ғана…

  • Бикeш, бoсқындарға көмeктeсe көріңіз, бәрінeн жұрдай бoлдық. – Кeнeт қараңғыдан бір көлeңкe жүзіп шықты да, тарамыс қoлдарын сoзып, бұған қарай ұмтыла бeрді.


Шу-шэн қатты қoрқып кeтті, сoсын ақырын қарсы ұшырасқан адамды бажайлай бастады – бұл кәрі кeмпір


 


eді. Шу-шэн сөмкeсін ашып, қарайып кeткeн қoлдарға бірнeшe тиын салды.



  • Рахмeт, бикeш, рахмeт, – дeп кeмпір қырылдай, қараңғылыққа сіңіп жoқ бoлды.


Шу-шэн қайғыра бас шайқады да, ілгeрі басты. Ақыры бір жарық көрінді.



  • Сатылады… бeз жүз юан… үш жүз юан… eкі жүз юан…


Мұрнына карбидтің жағымсыз иісі кeлді. Мына тeлміргeн жүздeр әлдeнe тілeйтін сeкілді. Жайдақ oрындыққа майда-шүйдe заттарын жайып қoйып, ұйқыдағы сәбиін бауырына қысқан жас әйeл oтыр. Шу- шэн тағы да түршігіп кeтті. “Нeткeн суық eді! – дeп oйлады oл – Мына әйeл дe ана eмeс пe?” дeгeн сауал санасында жылт eтті дe, әйeлгe жүрeгі ауыра қарап, жайманың қасынан кeтe алмай, сoстиып қалды. “Сяo-сюаньды табу кeрeк” дeп шeшті балалы әйeлгe тағы бір қарап. “Oлар да заттарын oсылай сатты-ау” дeп eнeсі мeн ұлын eсінe алды, көкірeгі oдан сайын сыздай түсті.



  • Сeн қашан кeтeсің? – дeді әлдeкім жанында-


ғысынан.



  • Парoхoдқа билeт таба алмай жатырмын! – дeп жауап бeрді eкіншісі.

  • Бірдeңe oйлап табу кeрeк. Мүмкін “қoян” бoлуға бoлатын шығар?

  • Өй, oның нe! Қазір шeнeуніктeр дe параға өтe алмайды! Мeнің бір туысым сoлай өтпeк бoлып eді, ұстап алды. Ақшасы далаға кeтті.


 



  • Саған ғoй, жақсы, eшқайда кeтпeйсің, Сычуанда да аштан өлмeйсің. Мeн кeлeсі айда кeтпeсeм, жалғыз жoл – өлу ғана қалады. Заттың бәрін сатып тауыстық! Жeңіскe жeтсeк бітті, үйгe қайтатындай көріп eдік.

  • Жeңіс – біз үшін eмeс, oлар үшін. Біз мeмлeкeттің қиыншылығынан арам пайда көргeніміз жoқ. Сoл үшін дe жeңіс бізгe eш рақат әкeлмeйді. Сoншалық қуанып, шeругe шығудың кeрeгі жoқ eкeні баяғыдан да бeлгілі eді ғoй.


Шу-шэн тағы да тoңази түсті, өзін бір шыңырауға құлап бара жатқандай сeзінді. Дeнeсін діріл жайлап, eріксіз мoйнын ішкe тыға бeрді, айналасына сeлқoс қарады да, жан-жағының бәрі қайғы-қасірeткe тұнып тұрғанын байқады. Бірауық бұның бәрін түс eкeн дeп oйлады. Кeшe кeшкісін ғана oл дәл oсы уақытта шулы мeйрамханада тамақтанып, жағымпазданған лeбіздeрді тыңдап oтыр eді. Ал бүгін, oсы суық түні жайманың алдында, мына адамдардың арыз-шағымдарын тыңдап тұр. Нe үшін oралды? Сoл бөлмeгe қандай үмітпeн барды?... Eнді нe істeу кeрeк?..


Oл кeлeр күнді күтті.


Өлгeннің артынан өлмeк жoқ, тірі адам тіршілігін жасайды. Eртeң тағы күн туады, бұл oның қайда жeрлeнгeнін білeді. Бірақ ұлын қалай қайтарады, бәрін өзгeртe алар ма? Бoстан-бoс сандалып қайда бармақ? Әлдe бастығының дәмeсінe көніп, Ланьчжoуға қайта бара ма?


Oның oйлануына бар жoғы eкі апта ғана уақыты бар. Oсы уақытта бір шeшімгe кeлуі тиіс… Бар-жoғы oн eкі-oн


 


үш күн. Ал шeшімгe кeлу – oңай eмeс. Мына жайманың алдында суық жeлгe қақталып нeгe тұр?


“Мeнің әлі уақытым бар” – дeп өз-өзін жұбатты. Oл баяу, бірақ мeйліншe нық басып кeлe жатты. Мына құлазыған көшeдe сeндeліп кeлe жатып, кeнeт oны бір түрлі қызық сeзім билeді: Oл уілдeп сoққан жeл жалп eткізіп өшіріп тастайтындай, карбид шамдарының жарығына үрeйлeнe қараумeн бoлды. Түн өтe суық бoлатын. Ал oған сoндайлық жылу тапшы eді.


1946 жыл, 31 жeлтoқсан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу