08.02.2022
  211


Автор: Шәкен Күмісбайұлы

МЕНІҢ ОЙЫМ. ТАҢ АТҚАНША КӨЗ ІЛМЕДІМ.

 


 


Кешкі тамақтан соң Ортай бізді сапқа тұрғызды. Мал санағандай ішінен күбірлеп шықты. Шамасы олда бір нәрседен қауіптеніп жүрген сияқты. Жеке шығып күбірлесеміз ғой. Әсіресе, қыздар қауіпті. Ауыздарына сөз тұрмайды. Неге олар сондай екен ә? Адамдар қызық өзі. Өткен өмірді көзімен көріп қолымен ұстағандай сөйлейді. Тарихтан беретін Бектұр ағайдың айтуынша бай да, кедейде екі аяқты адам. Бірақ байлардың да жұртына жасаған жақсылығы мол екен. Сонау Қарағаш деген жерде ағайында үш бай балаларға арнап мектеп ашыпты. Кедей деп, бай деп ешкімді бөлмепті. Әуелі кедей балаларын оқуға тартып, жатақана тұрғызып, киімін сатып беріп, оқу-құралмен жабдықтап оқытыпты. Жер дүниеден мұғалім шақыртып, оларға қомақты ақша төлепті. Дүкен салып, тауар әкеліп жұртқа сатыпты. Малын баққан адамдарды қамқорлыққа алып, азық-түлігін беріп, соғымын жыл сайын беріп отырған. Ол кезде уезд деген болыпты. Ал кейінде қызылдар билік ба- сына келген соқ. Байдың барлық малын тартып алып, оларды Итжеккенге түрмеге айдапты. Не үшін? Малы көп болғаны үшін бе?


Бұның бәрі атамның әңгімесі ғой. Онда да ешкім жоқта айтайын. Әлде кім кіріп келсе, қоя қоятын. Кей- де сұрап қоймасам, “Әй, балам. Жұрттың бәрі бірдей емес. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жай- ылады. Біреуге жақсы, біреуге жақпайды. Сонан соң басым бәлеге қалмай ма”,– деп атам әңгімесінің ар- тын жұтып қоятыны жұмбақ. Сұрайын деп тағы сауал қойсам, тұра қашады. Ол ол ма, кейде батырлар тура- лы сұрақ қоямын. Мұндайда атам сыбырлай шешіліп сөйлеп кетеді. “Біздің де Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек сияқты елін қорғаған атақты батырлары болған” дейді. – Көзім ілініп бара жатып, селк еттім. Ойыма соқыр баланың тірлігі түсті де, өзімнен-өзім уайымға түстім. Жап-жас бала кімге не жазыпты. Қайран аналар-ай. Әрқашан біздің жа- нымызбен жаны бірге. Әбден амалы таусылған соң, әулие жерленген ақ күмбезге жеткен ғой. Қайран балалық шақтың тағы бір баласының шырағынан айрылғаны-ай. Жүрегімен сезгенімен жарық дүниені көрмегелі қиын-ақ қой. Оның үстіне осы бір жасына дейін көзі көріп, достарымен ойнап, мектепте оқып, күн кешкен. Өзің ойлашы, кешегі анасын, досын, құрбы достарының бет-бейнесін көрмей, қара түнекте қалған баланың келешек тағдыры не болмақ. Атасы айтқандай: “Жарық дүниеге келіп, оның жақсылығын көзімен көріп, қолымен ұстамаған тағдырдың несі қажет. Сонда да адам пенде ғажап күрескер ғой. Анау арыда Шөже ақынды айтпайсың ба? Дүниені көрмесе де жүрегімен сезіп, талаймен айтысып, жеңіп, қорлағанды тәубесіне келтірген ғой. Неткен ғажап адам десеңші. Берідегі Садық Кәрімбаев деген соқыр әнші болды. Өзі де талай ән шығарған. Жұрт алды- на жетекпен шығып, көкейіндегі қуанышын, қайғысын әуенімен жеткізіп, ел қамқорлығына бөленді ғой” – де- ген әңгімесін есіме түсірдім. Оның сыртында әлемдегі музыка әуезіне үлес қосқан Бетховенді айтсаңызшы. Көзімен көрмей, қос көзінен айрылса да, “Түнгі сона- та” сияқты ғажап шығармасын әлем жұрты біледі ғой. Шіркін, анау соқыр баланың көзі кенет ашылып кетіп, мынау көк шалғынды, әсем тауды, мына Қышқашты, Селдейді көрсе ғой. Жүрегі қуаныштан жарылып кет- пес пе екен. Қайран қор болған бала. Қайғырған ана. Атам айтпақшы, “іштен шыққан сұр жыланым” сонау алыстан жеткенін айтсаңшы. Ана бір ақ киімді шырақшыға қайдан кез болды екен. Үмітсіз шайтан. Сапар айтпақшы, баланың үйге қайтқысы келеді. Оның үстіне елді алдап, ақша жинап, ақ судан ұрттаған адам- нан қайбір емші шығар дейсің. Ондайларға дүниедегі ең қажетті нәрсе ақша. Соны табу үшін жанын са- лып, пенделік күн кешеді. Ия, рас қой. Адамдарды неге сондай етіп жаратты екен ә?! Бұл дүниеде адам түсінбейтін небір жұмбақ көп.


Басқаларға білдірмей сыртқа шықтым. Қияқ, ай енді-енді тау тасынан шығып, ақ сәулесін көлеңкелі түкпірлерге түсіріпті. Соншама ғажап күш-сәуле қаншама жердің түр-тұлғасын айқындап тұр. Нағыз керемет сол ғой. Табиғат – ананың адам атаулыға жасаған жақсылығы. Ал ертең ертемен айды қуалап күн шығады. Алдымен қиыр бетті ақ шапаққа бояп, Шыңғысқанның қалың қолы сияқты алқара көк аспанның бір бөлігін жаулап алады. Бұл сәтте алып жер ұйқыдан ояна бастайды. Сонан соң нұрлы найза шашақтарын жер-дүниеге тіреп күн сұлу шыға бастай- ды. Әлгіндегі Шыңғысханның бар әскері бұл сәтте ғайып болады. Есесіне таң атып, жер мен аспанның ашық бейнесі жарқ етіп көрінетіні ақиқат. Айтпақшы біздің таңда шақыратын әтешіміз– горн. Саңқылдап қоя береді. “Тұр тұрдан хабар келсе ұйқыдан маза кетеді”. Трусишең, мәйкішең орталық алаңға қарай тұра жүгіресің.


Анау бір тоңғақ жұлдыздары қимай шатырға кірдім. Балалар тәтті ұйқыда. Әлде біреуі түс көріп, сөйлейді кеп. Бәрінен де айды да, түнді де көре ал- майтын соқыр баланы айтсаңшы. Ертең операцияның нәтижесін анықтау үшін міндетті түрде бейітке атта- намын. Ойланып жатып,кірпігім айқасып кетіпті.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу