08.02.2022
  163


Автор: Шәкен Күмісбайұлы

КІШКЕНЕ ШАЛ

Біз тал түсте жасырынбақ ойнап жүргенбіз. Күн шыжып тұрғасын ойнауға кішкене шалдың үйінің көлеңке бетін таңдап едік. Кішкене шал деп ересектер- ге еліктеп айтамыз. Әйтпесе өзіне кезіккеніңде «Мақан ата» дейміз ғой.


Кенет Жақан мен Ақан шарт-шұрт ұстасып қалды.


Төбелеске себеп – ұзынтұра Ақанның шақпа тілі.



  • Сен, тәштек, кешке дейін бізді іздеп табаныңнан таусылатын болдың ғой,– деген ол Жақанға.– Ойнамай-ақ қойсаңшы, одан да.


Тапал екендігін көзінше, бетіне басып айтқасын Жақан қалай шыдасын?! Тұра ұмтылған. Ақанның оны бұлайша кемсіткені дұрыс емес, әрине. Бірақ өзге сөзінің қисыны бар. Шынында да Жақанның жасы- рынбақ ойынында жолы болмайды-ақ. Жасырынбақ ойнаушылар үшін байқағыштық, шапшаңдық керек. Жақан жасырынған балаларды тез таба қояды, ал жүгіруі онша емес. Ол борсаңдап белгіленген жерге



  • үйдің қабырғасына жеткенше жасырынған балалар ұлардай шулап, алдын орап үлгіреді. Ойынның ережесі бойынша іздеуші олардан бұрын жетіп, кімнің қайда тығылғанын айтып, қабырғаны ұруы қажет. Бұл шарт орындалмаса, ойынды қайта бастауға тура келеді. Яғни, бұрынғы іздеуші тағы да көзін жұмып, өзгелердің жа- сырынып болуын күтеді.


Жақан болса, бір емес бірнеше мәрте сөйтті.


Бірі ұзын, бірі қысқа болғанымен, екеуінің күштері шамалас, итжығыс түсті. Осы кезде ту сыртымыздан әлдекімнің жөткірінгені естілді. Бәріміз жалт-жалт қарастық. Кішкене шал.



  • Бұл не апыр-топыр,– деді ол әрқайсысымызға бажайлай қарап. Балалардың ішіндегі бойшаңы болғасын ересек деп ойлады ма, сосын сұраулы жүзбен Ақанға мойын бұрды.


Ақан сайқымазақтана тіл қатты.



  • Мәке-ау, тапалды тапал демегенде не дейміз?

  • Мәке дегенің кім?– деді кішкене шал тіксініп.

  • Сіздағы,– деді Ақан енді қыбыжықтап.

  • Ей, қарағым-ай, сен ғой баламның баласындай- сың. Құрметтегің келсе, ата деп айт,– деді де, кішкене шал тізе бүкті. Біз де жүрелей отыра кеттік.

  • Бой салыстыратын болсақ, сенен де ала- са екенмін,– деді ол бұдан соң Жақанға күлімсірей бұрылып. Бірақ «тапалмын» деп мойыған емеспін. Мәселе бойда емес, балалар, ойда.


Ақан өздерінің керіс-таластарымен жанымызға келген атаны да ренжітіп алғанын аңғарып, қызарақ- тады.



  • Осыған орай әңгіме айтсам, тыңдар ма едіңдер? Балалар: «Айтыңыз, айтыңыз»,– десіп дүрлігіп кетті. Ол қабағын керіп, таудың өркеш-өркеш тұлғасына байыппен ойлана көз тастап, әңгімесін бастап кетті.


 


* * *


 



  • Бір кезде мына жатқан сары даланы жұрт Са- рыбай жазығы десетін. Ана бір көрінген төбенің ба- урайын Толыбай бекеті деп атайтын. Мен сол жерде дүниеге келіппін. Төңкерістің дүрбелең күндерінде, байлар тау асып, кедейлер елде қалғанда әкем мен шешем өкпе ауруынан қайтыс болыпты. Мен шы- рылдап емшекте қалыппын. Түр-түстері маған беймәлім. Әкенің панасын, ананың аялы алақанын кім аңсамайды? Ол кезде мынау шаңқан шатырлы, ақ шағаладай баспана қайда? Жаз жайлауда, қыс – қыстауда отырамыз. Жазда туырлықтың, қыста ауыз үйдің бұрышы еншіме тиеді. Өсе келе байқағаным, мен ауылдағы өзім тектес балалардың ең аласасы екенмін. Ана сүтінің бұйырмағанынан шығар. Жүре келе ата-ана қойған атым ұмытылды. Мен «Тәштек» атандым. Алғашқыда: «Мақан деп айтыңдар»,– деп қызыл кеңірдек болып, өзім сияқты жалаңаяқтармен жұдырықтасып жүретінмін. Бірақ әжемнің өзі


«Тәштек» деп шақырғаны ғой, қайтейін. Еркелеткені шығар.


Ол кезде тапшылық заман. Ауыл балалары бір-бір қап ұстап, таң бозынан Сарыбай жазығына тезек теру- ге шығамыз. Сондай күндердің бірі еді. Қабымды тол- тырып үлгергенім сол, еңісте отырған ауылдан зарлы үн естілді.



  • Тәштек, сенің үйіңнен...– деді балалар. Зәрем ұшты. Ертеңгісін әжем ыңқылдап-гүрсілдеп жүріп бір аяқ айранды әрең құйып берген.– Әй, байғүс балам, күнің не болар екен,– деген төсегіне уһілей қисайып.


Ауылға қарай құстай ұштым.


 


Қазақ үйдің белдеуіне екі-үш ат байланып қалып- ты. «Бітті» дедім ішімнен. Әжем бұл дүниеде жоқ. Бірақ, көңілім сенгісі келмейді. «Қу жалғыз, жетім атандырмашы мені. Айдалада жалғыз қалғаным ба»? Үйдің құбыла жақ бетінен келіп саңлаудан ішке сығаладым. Әжемнің бетін жауып тастапты. Сақалды Ағзом молда күбірлеп, дұға оқып жатыр.



  • Әжем-ау, сүйенішім-ау! Мені қайда тастап кеттің?– деп, шыңғырып барып бас салдым. Жер таянған, екі-үш әйел менімен бірге күңіренді. Өздері сөйтіп отырып:

  • Мақан, айналайын сабыр ет. Жігіт те жылай ма екен? Қайта болаттай берік бол,– десіп, маған басу айтқан болады.

  • Бала емес пе? Өзінің де маңдайының соры бес елі екен. Қиын-ақ болды. Бірақ ұмытып кетеді ғой әлі,– деді біреу сырттан. Дауыс шыққан тұсқа жақ-тырмай қарадым. Қалайша ұмытамын? Балалардың ата-ана- сын, көріп жүріп, ішім қан жылағанда, әжемді медеу тұтып еңсемді көтергенімді біледі ғой, осы отырғандар. Ертеңіне шүберекке оралған аяулы әжемді арбаның үстіне көтеріп салып,қиыр беттегі көп бейітке қарай алып жүрді. Әжемнің басқа ауылда тұратын Ақмиса деген сіңлісі бар еді. Еңіреулі – екеуміз, жұбатушы көп. Көршіміз Кәлден шал: «Әжеңді жерлеген соң, ауылға ат қойып, елмен көрісесің»,– деп нықтады. Көзімнен жас ыршып кетті. Кеше ғана: «Жаным, тәштегім, құлыным»,– деп еркелететін әжем енді төмпешікке


айналды.


Кәлден қарт мені шабдар атқа қондырды да: – Ал, бала тарт!– деді.


–Қош бол, әже!– дедім еңіреп.


 


Тебінгенім мұң екен, шабдар жұлқына жөнелді. Ол екпіндегенде мен де екілене айқайға бастым. Бірақ, бетке ұрған жел аузымды аштырмайды. '



  • Әжем-ау, қорғаным-ау,– деймін дауысым қырылдап.– Кімге қалдырдың мені, әжем-ау, мен өскенше тұра тұрмадың ба?!


Үйді көргенде талықсып кетіппін. Біреулердің ат тізгініне жармасып:



  • Су әкеліңдер,– дескені есімде.


Көзімді ашып алсам, үй ішінде Ақмиса ғана бар екен. Көз алды домбыққан ісік. Ауық-ауық күрсінеді. Әжемді көргім келеді. Әттең, көзі тірісінде суретке де түспеген ғой.



  • Жиен бала, енді балалар үйіне барасың,– деді Ақмиса бір-екі күн өткен соң. Сөйтті де жаулығының ұшымен көзін сүртті. – Шотайбек ұрда-жық. Сыныққа сылтау іздеп, сені қамшының астына алса бір күні, ара- шалай аламын ба, мен байғұс?


Төбемнен әлдекім мұздай су құйып жібергендей. Ауық-ауық Ақмисаға қараймын. Ол жүзін төмен са- лады да:



  • Шотайбек жақсы болса, әжеңе келмес пе еді?! Ақлима әпкемнің тірісінде екен ғой, құрақ ұшатыны,– деп, орнынан тұрып, сыртқа беттеді. Ақмиса апамның сөзіне сенгім жоқ. Сөйткенше, ол қайтып оралды.

  • Ағайын болып келістік. Дәркенбай екі күннен соң сені Көктерекке алып жүреді. Ал әжеңнен қалған дүниені сабақты инесіне дейін сақтап, өскеннен соң өзіңе санап өткіземін,– деді Ақмиса тәтем жаулығы- ның ұшымен көзін сүртіп жатып.


Осы күнге дейін ойымнан кетпейді. Сегіз жасар бала сол сәтте не ойлады десеңші. Дүниенің не екенін


 


білдім бе? Ертеңгі күнімді көз алдыма қайдан елес- тете алайын. Тек туған ауылдың алыста қалатынын, мұндағы балалардың енді менімен ойнамайтынын білемін.


Екі күн өте Дәркенбай қос дөңгелекті арбасын сайлап, ертеңгісін есік алдына келіп тоқтады. Ақмиса құрақ ұшып жүр. «Менен тезірек құтылмақ қой» деп ішімнен ыза боламын. Амал не? Ауыл адамдары түгел жиналды. Әжемнің төрт бұрышты ағаш сандығының іші – менің киімім, құрт, нан, ірімшік.



  • Ал, оң аяғыңмен атта,– деп, Ақмиса қолтығымнан демеді. Көзімнен жас мөлт ете қалды. Намыстанып сүрткен болдым. Жағалай тұрған елдің бәрі мүсіркей қарайды.

  • Көрдің бе, мына ел сенің асқар таудай әжеңді сыйлағаннан кеп тұр. Жөн-жосықсыз жылап, әлсіздігіңді көрсетпе. Дәм бұйырса, әлі-ақ дәу жігіт боп ораласың, осы шаңыраққа,– деді үйден шығарда Ақмиса көңілімді аулап.

  • Мақан-ай, Мағзом атаңның үйі үлкен шаңырақ қой. Дәм татып шық,– деді Дәркенбай.


Жапырайған тамның есігі сықыр етіп ашылғанда, кәннің үстінде ыңқылдап отырған Мағзом қартқа кө- зім түсті. Қолын көлегейлей бізге қараған ол:



  • Бұл қайсың, ей?– деп қырылдай дауыстады.

  • Ақсақал, Ақлима замандасыңыздың немересі ғой,– деді Дәркенбай.

  • Е, солай де. Өтіп бара жатқан қу тіршілік-ай. Ренжіме атаңа. Бір уыс топырақ салуға да жарамады деп. Иманды болсын, әжең, балам. Аяқтан алды ғой, мына дерт,– деп, қарт көңіл айта отырып, өзінің хал- ахуалын да сездіріп өтті.


 



  • Ақсақал, балаңыз ұзақ жолға шыққалы тұр. Көктерекке, балалар үйіне жүрмек. Батаңызды сұрап, үлкен үйден дәм татуға келді,– деді Дәркенбай уа- қыттың тығыздығын білдіре қаттырақ дауыстап.

  • Е, солай де. Беу, тірлік-ай! Қарт сәл кідірді де:

  • Жолың болсын! Қайда жүрсең де абыройлы бол. Ата-тегіңді ұмытпа. Бабалар қолдасын,– деп, ба- сымнан сипады.


Қатыңқырап қалған тандырдан бір жұлып жеп, сыртқа шығып кеттік.


Арба Қарауылбекеттің дөңіне көтерілгенде арты- ма көз тастадым. Төменде осы Теректі жатыр. Туған жер! Көгіне аунап, көліне шомылып, шілігін ат қылып мінген Теректімнің жер бауырлаған тамдары, қора- қопсылар кішірейіп, шашылған тарыдай әрең көрінді.



  • Қош,– дедім көмейіме ащы өксік тіреліп. Дәркенбай менің ұнжырғам түскен күйімді байқап қалса керек, бұрылып:

  • Адам емен ағаштай болуы керек. Ер жігіттің басынан не өтіп, не кетпейді,– деді арқамнан қағып.– Тек аман жүр.


Осы сөз әлі есімнен кетпейді. Әлдеқалай алыс жолға шықсам, Дәркенбайды есіме аламын.


Дәркенбай екеуміз қос дөңгелекті арбаны шиқылдатып, әп-сәтте Көктерекке жетіп бардық. Орыстардың бұрынғы мекені екені көрініп тұр. Қайда қарасаң да қарағайдан жасалған ағаш үйлер, ирелеңдеген көшелерді бойлай өскен шыршалар мен қайыңдар.


Сәлден соң арба биік дарбазалы үлкен үйдің жанына келіп тоқтады. Дәркенбай маған делбені ұстатып, жерге түсті. Ал сарыла күт. Күн шыжып тұр. «Қашып кетсем бе» деген ой туды. Теректіге қазір-ақ жетіп барамын.


 


Бірақ, барғанмен не деймін? Ақмиса қалай қарсы алар екен? Басым салбырап отырғанда Дәркенбай көрінді. Қасында ұзын бойлы, жирен мұртты орыс шалы. Жүзі жылы, мейірбан көзқарасы маған бірден ұнады.



  • Ой, совсем маленький,– деді ол маған іш тарта қарап. Тілін түсінбесем де, не дегенін көкірегім сезіп тұр.

  • Ал, балам, қош,– деді Дәркенбай жанары жа- саурап. Қақпақ жаурынды зор денесі бүкшиіп, ала- сарып кеткендей. Оның маған жаны ашып, күйзеліп тұрғанын аңғардым.

  • Жазда өзім келіп, демалысқа алып кетемін. Жолдастарыңмен жақсы бол,– деді Дәркенбай маң- дайымнан сүйіп. Сосын сандықты жерге түсіріп, шалмен қол алысты. Арба кері қайтқанда еңіреп жібердім.

  • Не надо,– деді мені жетелеген орыс шалы. Біз сияқты талай жетімдердің қамқоршысы болған Иван Иванычпен осылай таныстым.


Балалар үйінің тәртібіне бірден көндігуіме тура келді. Иван Иваныч мені балалармен таныстырып, жататын орнымды көрсетіп, шығып кетті. Өзім сияқты көген көздер жан-жағымнан қаумалай тұра қалды. Дені орыс балалары екен. Араларындағы ұзын бой- лы, бұйра шашты, көк көз бала мені жанына шақырып алды да, түсін суытып, былай деді:



  • Досыңды сатпайсың. Көрген-білгеніңді тәрбиешіге айтпайсың. Біреуде өшің кетсе, онымен тек жекпе-жекте сөйлесесің. Кәне, осыған ант ет.


Кейін білдім, аты Костя екен. «Ішіміздегі ересегіміз, бізді бір шыбықпен айдайды» десті ол туралы өзгелері. Мына бір жағдай да мені жабырқатты. Қазақша


«тәштектен» құтылдым ба десем, олар мені көрген бойда «еншісін»әзірлеп үлгеріпті.


 



  • Малый, төсек сал,– деді сол күні кешкісін- ақ әлгі Костя деген ересек бала бұйырып. Амал жоқ, айтқанын орындадым. Ал ертеңіне асханаға барғанымда:


–Тамақ әкел,– деді басқа біреуі.


Тамақтан қайтарда Иван Иваныч келіп, бәрімізді сапқа тұрғызып еді, «тым құрығанда балалардың бір- еуінен биік шығармын» деген үмітім де ақталмады, Ең аласасы екем. Көп кешікпей балалар мектептен қайтқанда кітап-қағаздарына дейін маған артып қоя- тын болды. Ондай кезде:



  • Где Малый, там и работа,– деп, Костя да мырс-мырс күледі. Зығырданың қайнайды, қайтесің, бойдың қырсығы. Бірақ, оқуға ынталылығым жағдайымды әжептәуір жеңілдетті. Костя есебімді көшіріп алған күні мерейім үстем. Ал оның менен көмек сұрамайтын кезі сирек. Сосын былдырлап жүріп, орыс тілін үйрендім. Басқалардай бүгін баға алдым, енді ертең сұрамас деп, арқамды кеңге салмайтынмын. Үйге берілген тапсырмаға мұқиятпын. Ешкім жауап бере алмаған жағдайда мұғалімнің менен сұрайтынын білемін. Тақылдап жауап беріп, орныма оралған сәтте, тәпелтек бойым өсіп, төбем көкке жеткендей болады.


Сонымен бірге ересектер тарапынан маған намысыма тиетіндей де «жеңілдіктер» жасалды. Тәрбиешілер ағаш кесу, жүк көтеру үшін балаларды көмекке шақырғанда, мені шеттететін. «Кішкентайсың, әлсізсің» деп басқа жеңіл жұмысқа жұмсайды. Амал қайсы? Балалардан бөлінгеніңе әрі өкініп, әрі кіжініп қала бересің.


Бірде Йван Иванычтың әңгіме үстінде:



  • Қазір дүние тынышсыз. Соңы немен тынар екен,– деп күрсінгені бар. Бұл сөздің мәнісін кейін түсіндік. Әдеттегідей сабақта отырғанбыз. Кенет есік


 


ашылып, есеп сабағынан беретін Мария Петровна де- ген мұғалима кіріп келді.



  • Құрысын, Германия бізге қарсы соғыс ашып- ты,– деп дауыстады да, еңіреп жылап жіберді. Иван Иванычтың жүзі сұрланып:

  • Шын айтасыз ба?– деп, қайта-қайта сұрай бергені есімде. Балалығымыз шығар. Бас тәрбиеші сыртқа шығып кеткендегі біздің әңгімеміздің сыңайы мынау:

  • Мені әскерге бірінші алады,– деді Костя. Сол кездің өзінде мұрты тебіндеп қалған еді. Содырлығы да бар. Әділдігі де бір кісідей-ақ. Қоңқиған мұрнының астынан әмір берсе, бүкіл балаларға заң. Тек анда-сан- да ғана ашуланады.

  • Мені де... Екі айдан соң он жетіге толамын,– деді тағы бірі.– Ал Малыйды алмайды.


Балалар ду күлді. Сол сәт Иван Иваныч есіктен кіріп келді. Жүзі түнеріп, әжімдері қалыңдап кетіпті. Біздің күлкімізді естісе керек.



  • Соғыс күлкі емес, балалар,– деді ол қатулы күйі.– Ол – қасірет. Шекарадан өтпей жатып-ақ, жау ойына келгенін істеп жатқан көрінеді.

  • Бәрібір біз жеңеміз,– деді Костя.

  • Әрине,– деді Иван Иваныч столды жұдырығымен қойып қалып.– Наполеон Кутузовтан жеңілген. Сол сияқты Гитлер де өзі тұтатқан отқа өзі күйеді.– Бәріміз үнсіз қалдық. Оның ашуланғанын тұңғыш көруіміз. Аға тәрбиеші әрі-бері сенделіп жүр. Балалар тым-тырыс.


Бір күні құрт-майын арқалап, артынып-тартынып Ақмиса апам жетті.



  • Ауылда еркек атаулыны жаппай әскерге алып жатыр. Дәркенбай кеше жүріп кетті.– деді ол


Қолымыз босаса, әскери комиссариатты төңірек- тейміз. Шым қорған арқылы военкомат үйінің шаты- рына өрмелеп, төменге көз тастаймыз. Сап түзеген әскер. Жаңа шақырылғандар. Оркестр ойналысымен олар сарт-сұрт адымдап келіп машиналарға мінеді. Жылап-сықтағған, қоштасқан жұрт. Сөйтіп қым-қуыт күндер басталды.


Иван Иваныч та бірінен соң бірін – екі баласын майданға шығарып салды. Бірде ол:



  • Мені де алса, шіркін,– деді.– Арманым болмас еді. Жақсылап тұрып соғысар едім. Көзіне көк шыбын үймелетсе. Бірақ өлмелі, иығынан оқ тиген кәрі солдат- ты қайтеді.


Қалың ойдың құшағында, сергелдеңде жүрген қарттың бұл сөзін түсіне қоймайтын кезіміз ғой. Білетініміз: бай-кулактармен соғыста болған, ревком атанған.


Көп кешікпей балалар үйіне соғыстың алғашқы жетімдері қабылданып, жалпы санымыз алпыстан асты. Олардың «атаманы» Сидоров деген бала бо- лып шықты. Неге екені белгісіз, Костя Астапов екеуі бір төбелесетін шығар деп жүрдік. Бірақ, ондай оқиға болмады. Сірә, мұның мәнісі – төртбақ, мығым денелі Сидоровтың айрықша көнтерілігінде болса керек. Ол тіпті Астапов өзіне қызбалана тап-тап берген сәттерде де, ашуын ақылға жеңгізіп, сабырлылық танытатын. Сонымен бірге жолдасы үшін жанын салатын екен. Осы қасиеттермен ол ақыры Астаповты жеңді де.


Ол былай болды. Көктемнің жайма-шуақ күні еді. Қыс бойы даланың бетін көрмеген біздерге сол күні бір еркіндік тиген-ді. Алыстық-жұлыстық, доп қудық. Ақыр аяғында сілеміз құрып, көк шөпке сұлай-сұлай кеткенбіз. Кенет Астапов «баж» ете қалды. Бармақ басындай бүйі білегін шағып алыпты. Біздер оған қайтып көмектесерімізді білмей, есіміз шықты. Сол кезде Си- доров жүгіріп келіп, әлгі бүйі шаққан жерді сора ба- стады. Астаповтың білегі, бұдан кейін бір-екі күн қара дақтанып жүрді де, жазылып кетті.


Бірақ есесіне Сидоров ауырды. Дәрігерлер


«сорғанын түкіріп тастап отырса да, уланған» деп қалаға, ауруханаға әкетті.


Оны қайтып көрмедік. Тәуір болғасын сондағы балалар үйіне қалдырыпты деп естідік. Рас, мен оны екі-үш рет кездестіргем. Иә, «Адамның кім екендігін көбіне қиыншылық танытады»– деген сөз бекер айтылмаған ғой. Бірде тықыр еткен дыбыстан оянып кеттім. Түн ортасы кезі. Сығырайған жетілік шамның әлсіз жарығында еңкеңдеп, әлдекім бір нәрсені буып- түйіп жатыр. Бекбау деген бала. Қимылы асығыс. Шықыр ете түскен ағаш керует жаққа жалт қарады да, қимылсыз қалды. Әдетте, балалар үйінде ұрлық атаулыға жаза қатал. Иван Иваныч айтқандай, «ұрлық түбі – қорлық». «Ұры» дедім ішімнен. Балаларды оятқаным жөн. Мүмкін, ол қашып бара жатқан шығар. Ол әлдеқандай нәрсені қолтығына бүктеп тығып, те- резеге беттеді. Есіктен шықса, күзетші көріп қоюы мүмкін. Орнымнан атып тұрып:



  • Балалар, Бекбау қашып барады,– деп айқай салдым. Ол селк етті де, қалшиып бір орнында тұрып қалды. Балалар да абыр-сабыр оянып үлгерген.

  • Не болды, Малый,– деді гүж еткен Костя Астапов.

  • Көрмейсің бе, Бекбау бізді тастап қашып барады.

  • Солай де.


Қашқын орнынан қозғалар емес. Астапов іш киімшең күйі, қашқынға жақындағанда, балалар да оны қаумалай бастады.



  • Бұл қалай?– деді Астапов анадайдан кіжі- ніп.– Берген серт қайда?


Бекбауда үн жоқ.



  • Майданда мұның үшін атып тастайды.

  • Иә, соны айтамын-ау...

  • Мына қолтығындағысы несі?

  • Мүмкін ұры шығар. Балалар дуылдасып кетті.

  • Қараңдар,– деді Астапов бұйырып. Әлдекім қапшықты жұлып алып, қарай бастады.

  • Е-һе, мынау қашқын емес, ұры, Костя. Мына шалбар менікі.


Бір күн бұрын ғана бізге жаңа шалбар берген. Бек- бауда үн жоқ. Тұтқынға түскен жаудың солдаты сияқты. Бәрі белгілі болды. Бекбау бөлмедегілердің анда-санда бір киетін киімінің жақсысын таңдап алыпты.



  • Кешіріңдер, балалар,– деді тізесін бүгіп отыра қалған Бекбау.– Әкеме пәселке салайын деп едім.

  • Кешірім жоқ. Аяқ-қолын байлаңдар.– Менің де қыжырым қайнап кетті.

  • Үкімді ертеңгісін өзіміз шығарамыз. Ешкім білмейтін болсын.


Қорсылдап жылаған «ұрыны» бұрышқа сүйретіп тастап, балалар төсегіне жайғасты. Ұйқым келсеші. Бекбаудың әкесі майданға кеткен. Барар жер, басар тауы жоқ. Мұны ойласаң жаның ашиды. Бірақ оның басқалардан жаны артық па? Әкесін ойлағышын, шіркіннің! Соғыс жүріп жатыр. Менің де жанашырым жоқ жетіммін. Астаповтың айтқаны дұрыс. Жазалау керек.


Ертеңгісін Бекбауды балалар өзен бойына алып барды. Көзінің алды ісік. Түнімен көз шырымын ал- маса керек. «Сот» басталды.


–Мылжа-мылжасын шығарып сабау керек.


–Балалар үйінің шошқа қорасын апта сайын та- залап тұрсын.



  • Ол жаза да аз. Тақырлап кете жаздаған жоқ па? Балалар ортасында тізе бүгіп отырған Бекбауға шүйлігіп алған. Жүздерінде ашу. Аяйтын түрі жоқ. Астапов қолын көтеріп:

  • Шуламай, тоқтаңдар,– деді гүж етіп. Бастық айтқан екен, біз үшін заң. Пышақ кескендей тыйыла қалдық,– Малыйдың жазасын тыңдайық.


Бекбау мұрнын қорс еткізіп, көзінің астымен маған ұрлана қарап қойды. Түрі аянышты-ақ. Балалар даула- сып жатқанда мен де ойланып үлгергенмін:



  • Ұрының жазасы,– дедім мен жан-жағыма қарап.– «Малый, прокурор сияқты»,– деді бірі мырс етіп. Балалар ду күлді.– Бір ай бойы бөлменің еденін жусын. Кезекшілік те осының мойнында. Жолдастарының алдында ұрлық жасамауға ант берсін.

  • Жеңіл жаза.

  • Соғыста атып тастайды.

  • Дұрыс,– деді Астапов қолын көтеріп.– Өйткені бұл, қиындықңа төзімсіздік көрсеткен алғашқы жетім. Әкең сенің бұл «сыйлығыңды» қабылдамайтын да еді. Әттең, сенің ұры екеніңді білсе! Енді қайталасаң, бізге өкпелемессің...


 


* * *


 


Тамыздың тымырсық шағы. Үш-төрт бала өзенде шомылып жүргенбіз. Мен ағынмен құлаштай жүзіп, балалардан ұзап кетіппін. Қол-аяғым талған соң,


«өзеннің арғы жағалауына шығып, құмдауытта біраз жаттым. Орнымнан тұрып, жан-жағыма қарасам, қауындық көзіме шалынды. Арық-арықтың бойында теңкиіп жатқан қауын-қарбыздар сілекейімді ағызды. Көзімді ала алар емеспін. Балаларға қарасам олар күнге қыздырынып жатыр екен. Белді бекем буып, ытып бақшаға кірдім де, шеттеу жатқан қарала қарбызды үзіп алдым. Жерге бырш еткізіп ұрып, ашқарақтана жеп жатырмын. Бағыма қарай, қарбыз да әбден піскен екен. Мені тура жылы-жұмсаққа аузы енді тиген көкжал дерсің.


Сәлден соң серіктерім де жеткен. Қабақтары қатулы.



  • Көртышқан,– деді бірі анадайдан дауыстап.

  • Пысығын шіркіннің!

  • Мынау не?


Қолдарындағы қарбыздың қабығына көзім түскенде селк ете қалдым. Лақтырғаным суға түскен екен ғой. Жегенім желкемнен шықты деген осы.



  • Шөлдеп кеттім,– дедім балаларға шынымды айтып.

  • Малыйдың тамағы кең,– деді бірі кекетіп.

  • Жауап бересің.

  • Астапов не дер екен?


Ертеңгісін орнымнан қиралаңдай әрең тұрдым. Сегіз көзім сырқырап барады. Елу бес баланың май құйрықтан ұрғаны әлі есімнен кетпейді.


 


* * *


 


Қырық төртінші жылдың күзінде балалар үйінен де майданға төрт жігіт аттанды. Біздің бөлмеден Аста- пов бар. Әншейінде байқамайды екенбіз. Бауыр басып қалыппыз. Асты-үстіне түсіп, шауып жүрміз. Ол да бізді қимайды.


–Ұмытпаңдар! Хат жазып тұрыңдар,– дейді әлсін-әлсін.


Ертеңінде балалар үйінің тәрбиеленушілері аулаға сап түзеді. Үрмелі оркестр ойнай жөнелді. Астапов бастаған төртеу балалардың алдына шығып, «Біз От- анымызды қорғау үшін майданға аттанып барамыз. Жеңіс жақын. Жеңіспен ораламыз!»– деп серт берді. Сол сәт әлі есімде.


Иван Иваныч кейбірімізге Астаповты шығарып салуға рұқсат берді. Әдеттегідей жүктің ауыры менде. Жүк болғанда ағаштан жасалған қара сандық.



  • Малыйды ренжітпеңдер. Бойы кішкентай деп басынбаңдар,– деді ол қоштасарда. Бұл Костяны соңғы көруіміз екен. Жеңіске он шақты күн қалғанда


«Берлин түбінде ерлікпен қаза тапты» деген қара қа- ғаз келді. Біз де сол ауыр күндерде, мына өздеріңдей бала кезімізде, үлкендер сияқты қайғырдық.


Жау жеңілді.Ұлы жеңіс қуанышын көзімізбен көрдік... Әскерден оралғандардың алғашқы тобын Көктетерек жұрты мерекедегідей қарсы алды. Бала- лар үйінің тәрбиеленушілері де көппен бірге көшеге шықты. Вокзал басы көңілді. Поезд үсті-үстіне гу- док беріп, буын будақтатып барып тоқтаған сәтте, жұрт вагондарға қарай лап қойды. Майданнан жеңіспен оралғандар, біз ойлағандай тым салтанатты емес еді. Дені жаралы балдаққа сүйенгендер. Әр вагонның есігінен көрінген солдатты жұрт қаумалап көтеріп әкетіп, аспанға лақтырып жатты. Құшақтап, қуаныштан еңіреп жылағанардың даусы естілді. Ал енді біреулері күткендері келмей, үнсіз қалшиып тұрып қалысты. Атпен, арбамен қырдан келгендер әредік- әредік әлдекімдерді құшақтап, дуылдасып жатты. Кенет құлағымның түбінен жанұшыра шыққан дауыс естілді.



  • Әке!


Жалт қарастық. Бекбау ілгері қарай ұшып барады. Анадай жерде әскери киінген балдақты адам құшағын аша берді. Баласы жеткен бойда мойнына асыла кетті. Әлдене деп сөйлескен болады да, қайта қауышады. Біз де жүгіріп жеттік. Қол беріп амандасып жатырмыз. Бекбау неткен бақытты еді. Қуаныш жасы көзінен та- рам-тарам болып ағыпты.



  • Менің достарым,– деді Бекбау бізді танысты- рып өтіп. Көздерінде отты ұшқын ойнайды.


Екі күн өте Бекбау балалар үйімен қоштасты. Әкесі ауылына алып қайтты.



  • Мына тұрған Суықсай ғой. Демалыста қонаққа келіңдер,– деді ол қоштасарда көзі жасаурап. Біз оны, ол бізді қимайды.


 


* * *


 


Осы бір қуанышты жылы бойым кішкентай болса да, мені біраз баламен бірге әскер қатарына шақырды. Костя Астапов сияқты балалар мен ұстаздарымыз алдында серт бердік. Оркестрдің үні, бізді көп жігіт майданға кеткен қақпадан шығарып салды. Перронда әскери адам тағы бір рет түгендеді. Менің фамилиям – Сауытбаев алфавит бойынша да соңынан аталды,



  • Мен,– деп шаңқ ете қалдым. Ел ду күлді. Тіпті әскери комиссардың өзі де мырс етті.

  • Бесінші вагон.

  • Құп болады.


Поезд орнынан қозғалғанда:



  • Қош болыңыз, Иван Иваныч,– деп қол бұлғадық. Анамыз да, әкеміз де сол еді. Поезд ұзап кеткенше орнынан қозғалмай, соңымыздан қарап тұрды.


Поезд Қиыр Шығысқа қарай заулап ала жөнелді.


–Бір күні қызыл іңірде, қалың орман ішіндегі кішкене қалаға жеткенімізде:



  • Түсіңдер!– деген әмір естілді. Нендей қала, қай жер екені бізге беймәлім.

  • Сапқа тұрыңдар!


Тағы да бәрінің соңында мен. Алдымдағылар омбы қармен, мен дайын жолмен жүріп келемін.


Биік қақпаға енісімен моншаға түсіп, форма киініп, әскер' болып шыға келдік. Тағы да менің сорым қайнады. Өзіме қонымды киім табылмады. Солбырай- дым да қалдым. Таныс жігіттер бірін-бірі іздеп әлек.


–Малый,– деп дауыстады әлдекім. Мені тану оп- оңай. Өзіміздің Женя Сидоров деген бала. Астаповтың


 


бүйі шаққанда қолын сорған Сидоров ше? Сол. Бірақ сөйлесуге үлгермедік.


Жерлестерімізді басқа бөлімге әкетті де, мен бейтаныстардың ортасында қалдым. «Ә, Сауытбаев, енді көрер күнің қандай болар екен»,– деймін ішімнен. Әр нәрсе алғашқыда қиын. Саптың алдындағы еңгезердей солдат нені көтерсе, ең соңындағы ап-аласа менің де үлесіме тиетіні сол. Ең қиыны – сырттан қараған елдің саған күлгені. Бастаушы кеудесін көтеріп, аяғын масаттана нық басса, соңында менің шаң жұтып жүргенім. Сөйтіп жүріп темекі тартқан немді алған-ау! Жығылғанға жұдырық, кеудем қысылып, демігіп есім шығады. Баяғы Астаповтың үйреткені ғой. Ыза бо- лып, темекімен қош айтыстым. Ертеңгісін ерте тұруға бізді балалар үйі үйреткен. Бұл жағынан қиындық көре қойған жоқпын. Ал бейқам өскен ауыл балалары үшін әскер тәртібі үлкен сабақ болды. Әскерде өзің- нен үлкен шендінің бұйрығын орындамауға қақың жоқ. Тәртіп темірдей. «Құп болады!»– деп, жөнеп бересің. Арысы мен берісі ат шаптырымдай қазарма ішін тілмен жалағандай жалтыратып жуасың. Салақсысаң түнгі ұйқыңмен қош айтысқаның. Әйтеуір мен, мүмкін пысықтығымнан шығар, бірде-бір жаза алмаппын. Әуелі бірде күзетте тұрып, командирдің өзін паролді тез айтпағаны үшін қатты састырғаным бар. Әскер тәртібі қызық. Ертеңіне жазалар деп қорқып жүрсем, мені сап алдына шығарып, алғыс жариялағаны ғой. Ко- мандир кім, мен кім? Бөлімшедегі, тіпті дивизиядағы ең кішкене солдатпын.


Келесі жылы мені алты айлық сержанттың оқуына


жіберді. Бой болмаса, тілім тас жарады. Оқу озаты- мын. Турникте аға сержанттан кейін құйынша ай-


 


налатын солдатпын. Нысана көздесек, құралайды көзден ататын мергенмін. Бұл жағынан бәрі маған разы. Мені оқуға жібермегенде, кімді жібереді? Ал- ғашқыда училищедегі командирдің өзі қомсынған. Документтеріме бір, бетіме екі қарап, ұзақ ойланды. Бірақ оқу бітірерде Сауытбаевқа үлкен командирдің өзі таң қалды. «Жарайсың!»– деп арқамнан қақты.


Бөлімшеге сержант болып оралғасын, жаңадан келген солдаттарды үйрету менің еншіме тиді. Ойлап көріңдерші. Кіп-кішкене сержант елуге тарта солдатқа бас-көз болуы керек. Өз бөлімшемізде мендей бір ала- сасы кездессеші. Мүмкін соған қолымнан келген бар жақсылықты үйіп-төгер ме едім. Ал бойы ұзындарға әбден көңілім суыған. Сонау ес білгелі тәпелтектігімнен тартқан азабым ұмытылар ма?! Серейген біреуі жетіп келіп:



  • Жолдас сержант,– деп, төбеңнен мысқылдай қарағанда кәдімгідей-ақ еңсең түсіп қалады. Бірақ сырт көзге онымды білдірмеймін.


Талай рет озат атандық. Сондықтан біздерді


«Суворовтың взводы» дейтін полк командирі. Кейін- нен білсем, өмірі жеңілмеген, Альпіден асқан атақты Суворовтың бойы да пәкене екен.


 


* * *


 


Мерзімді үш жыл бітуге таянғанда, алдымда екі жол жатты. Оның бірі – әскер қатарында қалып, ту- ған жерден жырақтау, екіншісі – елге оралып, еңбек- ке араласу. Шындығында, туған жердің бір уыс топы- рағы, бір тал жусанына жетер не бар екен десеңші! Уақыт озған сайын дегбірім қаша бастады. Полк командирі менің өмірбаянымды біліп, қыр соңыма түсіп алған сияқты. Әскерге де қай жердегідей өзінің ісіне тас түйін берілгендер керек екен. Сөйткенше, әскерден босату туралы бұйрық шыға келгені. Салып ұрып ко- мандирге келдім де: –Сержант Сауытбаев ауылға қайтады,– дедім қолымды шекеме апарып. Ол басын шайқады.



  • Онда сенің туған-туысқаныңнан ешкім жоқ.


Әлі де ойланғаның жөн,– деді.



  • Жолдас полковник, маған ондағылардың бәрі туыс. Туған жерге қайту керек. Ренжімеңіз,– дедім.

  • Жарайды, аға сержант Сауытбаев! Қайда жүрсең де, осындай бауырмал, азамат бол,– деді ол ескертіп. Мен қуана бас изедім.

  • Жолдас аға сержант, сізді кімдер қарсы ала- ды?–деп сұрайды менің жайымды білмейтін сол- даттар.

  • Әке-шешем, туыстарым, достарым,– деймін күлімдей қарап. Осындайда адам жалғыздығын біліп, жаны ауырады. Әжем, шешем, Алатаудай әкем қарсы алса, менен бақытты кім болар еді десеңші. Түтіні бұрқыраған паровоз вокзалға келісімен, достарыммен құшақтасып қоштаса бастадым.


* * *


Сібірден аттанарда Ақмиса әпкеме де, Иван Иванычқа да телеграмма салғанмын. Перронға шық- қан соң жан-жағына қарап біраз тұрдым. Ерсілі- қарсылы жүрген адамдар. Сандығымды қолыма алып, қапшығымды арқама салғаным сол еді, әлдекімнің:


«Малый!»– деген даусы саңқ етті. Таныс үн. Жалт қарадым. Жанында топ бала бар Иван Иваныч құшағын айқара ашып, жақындап келе жатты.



  • Аға сержант Сауытбаев әскери міндетін ойдағыдай атқарып оралды,– дедім қолымды шекеме апарып. Көзімде ыстық жас. Балалар үйіндегі кішкентайлар серейіп өсіп кетіпті. Бәрі мені жерден тік көтеріп алды. Поезд терезесінен қарағандар аң-таң. Кеудемді мақтаныш кернеп, жүрегім дүрс-дүрс соғады.


Иван Иваныч балалар үйіндегілерге ескертіп қойған ба, оркестр ойналды, тәрбиешілер қаз-қатар тұра қапты. Жақындаған сәтте аяғымды сарт-сұрт басып кеп: – Көктерек балалар үйінің тәрбиелену- шісі, аға сержант Сауытбаев өздеріңе берген сертін орындады,– дедім. Әскерден оралатындарды осылай күтіп алу дәстүр болып қалыптасыпты. Жан-жағыма қараймын. Біздің бөлмедегілер тегіс әскер қатарына кетіпті. Үш төсектің қабырғасына жазу жазылыпты.


«Астапов К. И, Хорунжий В. А., Асылбаев Б.- Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапты». Бөлме балалар үйінің музейіне айналыпты. Қалпағымды алып, жазу алдында басымды идім.


Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмай шықтым да, ертеңгісін Иван Иванычқа жолығып, жайымды айттым.



  • Дұрыс,– деді ол күрсініп,– Соғыс талайдың басына қасірет әкелді.. Шаруаны шайқалтты. Жұмыс ауыртпалығы әйелдердің басына түсті. Тракторды тізгіндеген де солар. Енді өзің сияқты азаматтар солардың орнын басып жатыр. Осында шоферлар кур- сы ашылды. Сен сонда оқы. Жатар орның, тамағың бізден болсын. Сен өзіміздің баламыз емессің бе?!– деп Иваныч менің көңіліме келіп қалды ма дегендей, сөзін шуақтай бітірді. Дарқан жанды адам еді. Үш айдың ішінде, сонда мына аталарың білдей шопр болды да шықты. Машинаны ұршықша айналдырады. Қолда күректей қызыл қағаз, іші толған кілең «бестіктер». Мекеменің бастығы шақырып алып:



  • Ал, Сауытбаев, курсанттарды сен оқытасың,– деп жата жабысты. Құтылып көр.

  • Менің мұнда үйім жоқ,– дедім ағымнан жары- дым.

  • Қалайша?– деді ол. – Үй болмаса, үй табамыз.


Өмірбаянымды түгел айтып шығуға тура келді.



  • Солай ма?– деді ол таңданып.– Онда сен


«Қызыларыққа тарт». Кеше ғана колхоздың бастығы шофер іздеп кетті. Жап-жаңа машинасы босқа тұр.


–“Қызыларығы” қай жер?



  • Бұрынғы Теректі.

  • Менің туған жерім ғой.

  • Әбден жақсы.


Адам табиғаты қызық. Әлгінде ғана мекеме бастығынан қуанып шығып, енді екі ойда отырмын. Жә, Теректіге барайын. Бірақ күтіп тұрған мені кім бар? Есіктен қайта кіруге жүрексініп отырмын. Қалай дегенде Ақмиса апайым сүйек-туыс емес пе. Әжемнің сіңлісі, дүниеде ең жақсы көретін адамым дүниеден өткенде, жер-дүниені басына көшіріп, егіл-тегіл еңіреді емес пе. Ия, солай, солай. Ал егер шопрлық орын бол- май қалса ше? Онда не істедім? Алдымда екі айырық жол жатыр. Әй, Тәштек енді не істедің?


Әй, бірақ сол Ақмиса осы жездемнің а дегені алғыс, қара дегені қарғыс, айтқанынан шықпайтын сияқты. Әйелінің туған әпкесі өліп, жездеме де бөтен емес, күйеу баласы емес пе, бір уыс топырағын салуға да жа- рамады ғой. Аулақ-аулақ. Өзінің түрін де көрмеппін. Ойға шомып отырып қалыппын. Шындығында бар пәле Ақмисаның өзінде жатқан жоқ па, осы. Пәленше облыс, пәленше аудан, Тобылғы сай деп апта сайын хат жазғанда, бір тілім қағазға. “Әу, жиен бала! Біз де аманбыз. Әжеңің басына барып тұрмын. Құран оқытамын. Қайда жүрсең де, есен жүр” деп тілек тілеп жазса, қолынан қалам түсіп кетпейді ғой. Қатігез жездем қолынан тартып алған жоқ шығар, қаламын. Әскер қатарында болмаған адам сағыныштың не екенін білмейді. Сонау түкпірден ауылдың хал-жайын есту деген бір ғанибет. Жаныңдағы солдатың ауы- лынан хат алып, сүйініш білдіріп жатқанда пендесің ғой, қызғанбасқа шараң жоқ. Тіпті конверттің құны бір-ақ тиын. Оған маркінің қажеті болмайды. Адресін дұрыстап жаз да, поштаның жәшігіне сал да жібер. Ойпыр-ай, соны да қиын көрді ме менің Ақмиса- нағашы әпкем?


Дүниеде неше бір жандар бар-ау, жүрегі тастан


жаралғандай. Сөйткенше сонадайдан жақындап келе жатқан үш-төрт жасөспірімді көріп қалдым.



  • Әй, мына тәштек адамды танисың ба? – деді бірі.

  • Жоқ,– деді баланың бірі.

  • Естуім бар. Ағайым таңданып келген.



  • Емтиханда бар сабақтан өте жақсы баға алып- ты, шопрлық курсты бітіргенде.


–Қойшы,– деді таңданған мұрны аузына тірелген сары


–Машинаның тормозына аяғы қалай жетеді екен.



  • Алдын көру де қиын шығар.


Осындайда жөнсіз сөйлеп, өзіңе тиіскенге, кіші болсын, ересек атансын жауап беруің қажет шығар. Жандарына жақын барып, қасқая қарадым.



  • Әй, батыр! Сен жетімдік көрдің бе? – дедім.


Жасөспірім басын шайқады.



  • Ал балалар үйінде тәрбиелендің бе?

  • Жоқ, – деді ол.

  • Әскер қатарында ше?

  • Әлі жаспыз ғой, – деді ұзын тұра мырс етіп

  • Өй, түк көрмеген тоғышарлар. Аға сер- жант Сауытбаевтың взводына екі күн ғана қызмет етсеңдер, менің жанымды басқаша түсінер ең. Қане, сапқа тұрыңдар! Жасөспірімдер қызық көрді ме, менің командама бағынғандай. Әуестік пе, әлде әңгіменің әсері ме екені белгісіз.

  • Тарттық, жатақанаға, – дедім бұйырып. Сөйттім де отыз-қырық метр жердегі жатақанаға қарай жүгіріп бердім. Қызық-ай, “батырларым” менің соңымнан еріп келеді.

  • Жеңіл жүгіріспен,– деп әмір бердім. Тағы да тірлік қайталанды. Жасөспірімдер бұйрықты орын- дауда.


Жатақана алдындағы алаңдағы турникке жете бере:



  • Жаяу жүріспен жүр, – дедім әмір беріп.


Содан соң тоқтаттым да, турникке тартылуды ұсындым. Пысықтау ұзын тұра он екі рет тартылды.


–Бағаң екі, – дедім қатқыл үн қаттым. Қалғандары оннан аса алмай, ышқынып, ыңқылдап есі шықты. Үстіндегі гимнастеркамды шешіп тастап, турниктің белдеу темірің ұстап, елуден аса бергенде:



  • Енді қанша тартылсын аға сержант, жігіттер, – дедім. Олар ойланып қалды.


Жолдамамды алып, қоштасу үшін Иван Иванычқа бардым.



  • Рақмет,– дедім көңілім бұзылып.– Бәріңізге мың алғыс.

  • Ұмытып кетпе,– деді қарт. – Қолың босаған- да әдейілеп келші. Малыйдың кім екенін білсін, мына бар болғырлар.

  • Уәде, Иван Иваныч!

  • Ал, келіп тұр. Хатты үзбей жаз. Сенен адасып қалмайын.

  • О, не дегеніңіз? Сібірден де осында келген жоқпыз ба?

  • Жолың болсын!


Неге екені белгісіз, мені сол сәтте баяғы қимастық сезім         қайта  биледі.            Әскерге          жүрерде            бір        кезде осы балалар үйіне тартыншақтап, зордың күшімен келгенімді, енді одан итеріп шығарғандай, әрең кетіп бара жатқанымды ойлап едім-ау. Иван Иванычпен қоштасқанда да солай болды. Бұл оны соңғы көруім екенін қайдан білейін.


Әлі күнге дейін Көктерекке соқсам, балалар үйіне бұрылып, одан шыға Иван Иванычтың қабіріне тәжім етіп, гүл қоямын. Балалар үйі – менің балдәурен ша- ғым. Иван Иваныч – менің әкем мен шешем.


Тал түсте жолға шықтым. Баяғы, осыдан та- лай жыл бұрын Дәркенбай екеуміз әжемді жерлеп, шиқылдақ арбаның үстінде мұңға бөгіп, балалар үйіне келетін жол.


Ақмиса апам Тобылғысайда болатын. Бірақ үш жыл бойы жазған хаттарыма бірде бір жауап қайыр- мағандықтан, оларға ренжулі едім. Басқа кімнің үйі- не барамын деп тұйыққа тірелемін. «Не көрініпті»,– деймін тағы да. – Туған ауылым, асыр салып, шілік мінген жерім. Мені жат көре ме? Мүмкін емес. Сөйтем де солдатқа тән кең адыммен көңілдене алға басамын. Былайша айтқанда, «алыптардың» бір аттағаны– менің екі қадамым.


Биік белеңге шыға келгенде көз алдымда көлбеп, кір жуып, кіндік кескен жерім жатты. Бұл – «Қызыл- арық» колхозы, бұрынғы Теректі.



  • Туған жер!– дедім күбірлеп.– Сені көретін де күн бар екен-ау!


Содан солқылдап жыла кеп. Қылшылдаған жігіт, аға сержант, курс бітірген дыңдай шофер жасын тыяр емес.


Ауыл аумағы ұлғайған. Қорыққан әскери гимнас- терка. Арқамда шинель. Қолымда кішкене сандықша бар. Арыққа беті-қолымды жуып, кішкене дамылдап алып, ауылға беттедім. Бөгде адамды балалар да та- ниды. Қорыққан қошақандай үдірейе қарасып, сәлем береді. Тіпті бір тобы ауыл орталығындағы колхоз кеңсесіне дейін ұзатып салды. Қамыс шатырлы үй екен. Әскер тәртібімен есікті тоқылдатып, кіріп бардым. Төрде қалпағын баса киген шомбал қара төмен қарап, әлде-неге шұқшиып отыр. Менің сәлеміме самарқау ернін жыбырлатты да, артынша бөтен екенімді біліп, бас-аяғымды көзімен тінтіп, мырс етті. Байқаймын, мені әкесінің әскери гимнастеркасын киіп келген көп


 


баланың бірі деп қалса керек. Әйтеуір: «Шығып тұр!» демегеніне шүкір дедім ішімнен.



  • Аға сержант Сауытбаев сізге жұмыс бабы- мен келіп тұр,– дедім аяғымды сарт еткізіп. Ол енді орындыққа отыр деп мезірет жасады.

  • Ал, аға сержант, сөйле,– деді ол.– Осы ауыл- дың басқармасы Қожабайдың алдында отырсың. Дау- сында кекесін бар.

  • Мен шофер едім,– деп, қысқаша жөнімді айт- тым.


Басқарманың даусы оқыс шықты:



  • Шоферсың ба?– Дүдәмал күйде маған бажы- рая қалыпты. Мен басымды изедім.

  • Дұрыс,– деді сонан соң,– Бұрын машина айда па едің? Басымды изедім.


Жылдар өте шықты. Біздің Теректіні тың совхо- зы, деп атайды. Келгендер көп-ақ. Олар жаңандан ашылған бөлімшелерге кетіп жатыр.Әр түрлі ұлттың өкілдері жақа техника толып жатқан тракторлар, ком- байндар, тұқым сепкіштер. Маған бір судай жана ЗИЛ тиген.


 


***


 


Еңбек етсең, емерсің! Шындығында, Сарыбай даласы жайқалып кетті. Алақандай ауыл көк теңіздің ортасындағы аралды елестетеді. Теңіз – жайқалған би- дай да, біз-шоферлар, жүзіп жүрген бір-бір қайықтың иесіміз. Бірақ, біздің жақта қыстың кейде ерте баста- латыны бар ғой. Бидай сарғайып піскенде, қар жауса, еңбегің еш кетеді.


Августың орта шенінде пісіңкіремей қалған бидайға орақ түсті.



  • Малға шабатын шөп емес, мұнысы не?– деп таңданған көптің бірі – менмін.


Бір күні шабылған алқапқа комбайн келді. Таңның атысы, күннің батысы қайнаған еңбек. Керіктей бо- лып мойны сорайған транспортерлер әп-сәтте үйілген астықты екінші бір орынға ауыстыра салады. Кешегі ағаш күрекпен дәнді желге ұшыратын күн келмеске кеткен.



  • Ертең элеваторға астық тасимыз,– деді бірде совхоз директоры біздерді жинап алып.– Сауытбаев, сен алғашқы боп тиейсің.

  • Құп болады,– дедім мен.


Ертеңгісін жүзге тарта машина тізіліп тұрды. Ор- кестр ойнап қоя берді. Машинаның қорабын алып тиегіш алдымен толтырды.


Көктеректіктер бізді құрметпен қарсы алды. Элеваторға кірер қақпадағы лентаны да мен қидым. Сөйтіп тұрып, сонау майданнан қайтқан солдаттарды қарсы алған күнді есіме алдым. Қуанышты күндерді де, қиын сәттерді де көз алдыма елестеттім.


Кенет әлдекімнің:



  • Малый!– деген даусы естілді. Жалт қарадым.


 


Жиналған топтың ішінен біреу аюша қорбаңдап жүгіріп келеді. Жақындағанда таныдым. Сидоров.



  • Женя!– дедім.– Тірісің бе?

  • Бойың өсіпті ғой, Малый.


–Екеуміз қүшақтаса кеттік. Қоршап тұрған жұрт аң-таң.



  • Қайдан жүрсің?

  • Украинада едім. Үйленгенмін. Ел тыңға аттан- ғанда шыдап тұра алмадым... Иван Иваныч қайда? Мен үнсіз қалдым. Ол түсінді.– Әкеміздей еді, марқұм,– деді күрсініп.

  • Ал үйге жүр,– деді ол жалма-жан.

  • Осы қазір ме?

  • Жолдасыма таныстырамын. Біздің де бір «Ма- лыйымыз» бар,– деді ол күлімсіреп.

  • Әттең, жұмыс уақыты! Әңгімелесеміз әлі,– деймін.


Уақыт алға озған сайын көп нәрсенің көңілден өшетініне сол жолы көзім жетті. Тіпті ұмытылмастай болған Костяны бүйі шаққандағы оқиға да есімде қалмапты. Кездеспегенімізде ол оқиға ойымда жаң- ғырмас па еді, кім білсін.


Сөйткенше Надордың: –Кеттік!, –деген бұйрығы естілді.


Женя тұрағын айтып, қош айтысты. Астықты түсіріп тастап, Иван Иванычтың бейітіне тарттым.


Артымнан Надор жетті.


Мен өмір бойы қарыздар адамның бейітінің жа- нында тұрмын.



  • Рақмет саған, Иван Иваныч!– деймін күбірлеп. Надор да менің жай-күйімді түсінген сияқты. – Бізді қырманда күтіп тұр,– дейді ол.


 



  • Кеттік.


Совхоз сол жылы Отан қоймасына тұңғыш рет көл-көсір астық тапсырды. Еңбек түбі – зейнет. Еңбегіміз атаусыз қалған жоң. Кеудеме жарқыратып, орден тақтым. «Теректі» совхозы “Еңбек Қызыл Ту” орденімен наградталды. Бірақ өмір деген қызық-ау. Жұрт бұрын кішкене шофер деуші еді, енді кішкене шал атандырды.


Ол әңгімесін аяқтап, қайтадан бәрімізге көз тоқтата қарады.



  • Әңгімеңіз жақсы екен,– дедім мен сол кезде.

  • Солай ма?– деп езу тартты қарт.–Ұнаса, одан қорытынды шығарыңдар. Сонда неге ұнағанын да білесіңдер.


Біздер бұдан кейін ол туралы сөз қозғалса,


«Кішкене шал» деп айтпайтын болдық. Уәделесіп қойғандай, бәріміз де «Мақаш ата» деп атауға көштік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу