08.02.2022
  139


Автор: Шәкен Күмісбайұлы

Қыркүйектің он бірі.

Қали жездем ұмытып кеткен бір бума қағаздың сыры. Далдабай сұм.


Әкем бір сәт мызғып кеткен. Ертеңгісін ойда- жоқта ол: – Балам. Осы Далдабай келген жоқ па? – деп сұраған. Мен басымды шайқадым.



  • Е,– деді әкем.
  • Жұмыс шіркін адамның қанжығасына байлана- тын еншісі ғой. Ер жігіт жұмысқа жараған күні туады да, қолынан іс келмеген күні өледі. Малын шыр ай- налып, шыға алмай жүр ғой, бейшара. Неге сұрағаны беймәлім. Аз-кем үнсіздіктен соң әңгімесін ары қарай жалғастырған.
  • Балам сөз, тыңда. Ер жігітте үш жұрт бар. Өз жұрты, қайын жұрт, нағашы жұрт. Жақсы болсаң өз жұртыңның тізгіні қолыңда. Қайын жұртқа жұбайыңа қам-көңіл атансаң қадірлісің. Ал, нағашы жұрт сені төріне отырғызып қабылдап, жиен деп барын аузыңа тосады. Ішімнен зығырданым қайнап отыр. Адам аласы ішінде. Далдабай мен екеуміздің арамыздағы оқиғаны ешкімнің басына бермесін. Оның өзі бір хикая.

Кенет көзіме қабырғаға қойылған орындықшаның үстінде жатқан түйіншек түсе кетті. Қолыма алсам, шиыршықталып оралған бір бума қағаз. Осынша- ма көрсеқызар ма едім. Алғашқы парақта "Күрес" қозғалысының үндеуі" деп жазылыпты.


"Құрметті, қалайық! Қазақ жерін беймәлім боп келген қасіретті айуандықтың сыры мол. Қазақта "ба- лаларын сыйлау үшін, бабаларын сыйлау керек" деген қағида бар. Қансоғыста, кеудесімен қорғап, жан алып, жан берісіп қалған қазақ жерінің қазіргі ахуалына құлақ салып көріңіз. Бүгінгі жай "Ақтабан шұбырынды,


 


Алқакөл сұламадағы, туған жердей айырылған қиын екен, көзден мөлтілдеп жас келеді" дегеннен де қиын болып кетті. Сылқылдаған бұлақ, күрсінген көл, шулаған орман, сыбызғы шалған жел, жыртылып айырылған құс, аң не күйде? Терісінен тірідей, өлісінен өлідей айырылдық. Бұл нәубет жайлауымызды жа- пырып кетпесіне кім кепіл. Шындық тас жарады, тас жармаса, бас жарады. Олай болса халқым сөзден іске көшейік. Мынау нақты дәлелдер.


"ТАСС хабары. 1981 жылы қарашаның он екінші жұлдызында, сағат он үште, Қазақ Советтік Социалистік республикасының Семей атом полиго- нында жер асты сынағы өтті.


Сынақтың қуаты 20 мегатоннадан 50 мегатоннаға дейін. Радиациялық ахуал қалыпты жағдайда сақ- талуда. Сынақ еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту мақсатында жасалды".


"ТАСС хабары. 1982 жылы қыркүйектің он жетінші жұлдызында Семей атом полигонында жер асты сынағы өтгі".


"ТАСС хабары. 1983 жылы қазанның 19 жұл- дызында Семей полигонында жарылыс жасалды".


Құрметті халқым! «Семей атом» полигонында жы- лына 18 ретке дейін жарылыс жасалып келді. Негізгі 1949 жылдың 29 тамызында қаланған сынақ алаңында, алғашқы 15 жыл бойына жер бетінде, атмосфера- да ашық сынақтар жүргізілді. Қырық жылдан астам уақыт ішінде қарапайым есептеулер бойынша жалпы қуаты 2,5 мың Хиросима бомбасына тең зарядтар жа- рылды. Соңғы он жылда Семей облысының полигон маңайындағы ауылдардан 104 адам асылып өлді. С... деген ауылда 22 жас жігіт бір жылда өз өмірін қиды.


 


Қ... совхозында 32 адамның ақыл-ecі ауысқандығы тіркелген. Бала көтерген 10 мың өйелдің 40 пайызы қан аздығымен ауырады. Өткен жылғы мамыр айында А... ауданы бойынша дүниеге келген 70 сәбидің он бірі кемтар боп туды. Құбыжыққа ұқсас қол-аяқсыз, бас- сыз, бүйрексіз, мақау балалар дүниеге келді. Аталған аймақта рак, қан, сұйылу, шел қаптау, жүрек, қан та- мыры, жүйке, ақ қан аурулары жиі кездеседі.


Құрметті халқым! Аспанға түтін, жерге жел қожа атанды. Кешегі көлеңкесіне түйе тыныстайтын шом- бал ши қайда? Табан астына қараңдаршы. Жер-Ана ерні кезерген жетім баладай сызат-сызат боп, қақ ай- рылып қатып жатыр. Сиыр жалағандай тып-типыл ақ нілі шығып жатқан ащы топырақ. Үйір жылқыны тойдырар талшығы жоқ, құр тақыр. Осының бәрі атом бомбасының кесірі. Безбүйректер бізге алып келген. Бір адамды алдауға болар. Тұтас халықты жалған ай- тып, көзін жұмуға болмас. Кешегі ұрпақ алданып кел- се, бүгінгі ұрпақ көзіңді аш. Балаларымызға не дейміз. Еншісіне тастап кетер туған жердің саулығы үшін атоммен күресейік.


Атом полигоны жабылды. Бірақ оның зардабы мол. Үкіметтен қаржы талап етіп, ауруларды емдетейік. Халық үкімі қаталдығын ұмытпау керек".


"Күрес" атомға қарсы қозғалыс ұйымы. Көзім қарауытып еткендей. Жер неге өледі? Су неге құриды? Адамдардың есі ауысқаны қалай? Қос басты аяқсыз адамдар неге туады? Жасөрім жігіттер неге асылып өледі? Неге? Соның бәрі атомның кесірі ме?


Қағазды қолыма ұстап алып, бөлмеден шықтым да дәрігер бөлмесіне жүгірдім. Пердесі түсірілген, есік ашық екен. Күңкілдей сөйлескен дауыс естілді.


 



  • Қали Иманұлы, жағдайды түсініңіз. Науқастың дерті айқын. Лейкоз. Әйелін шақырту керек, – деді дәрігердің бірі.
  • Күйеуіне көмектескені жөн. Баласы ауылға қайтсын.
  • Әттең-ай, қимаймын. Нағыз адам еді. Радиация бізге де жетті де, – деді Қали жездем дауысы дірілдеп.
  • Қүйылған қанның әсері қалай?
  • Дәрігерсіз ғой. Бар жай анық. Міне, мынау облыс дәрігерлерінің диагнозы. Лейкоз – ақ қан ауруы...
  • Түсінікті, – деді Қали жездем.
  • Үмітсіз пенде жоқ. Қанша уақыт ұстай аламыз,


  • деді Қали жездем.

    • Ол аурудың өзіне байланысты, Қали Имамұлы. Дел-сал күйі тұрдым да қалдым. Ақ қан ауруы... Иә, иә.



Далдабай қаныпезердің айтқаны тура келді. Атом бомбасы, "Күрес" қозғалысының үндеуі. Бәрі ап- айқын. Бәсе, бізді неге төртінші бөлмеге жатқызды деп ем. Елдің сұқтануы сондықтан екен ғой. Осыдан он шақты күн бұрын екі-үш күнге сұранып Қанатжан ағаға көмектесіп, Далдабайға жылқы өткізісіп қайтқанмын. Қозы түс кезі еді. “Далдабай қабылдайды” дегенде ішім жылып қалған. Ақжалмен жүйткітіп кеп, жылқы шетіне кіріп, әдеттегідей "ассалаумағалейкумды" дау- ыстап айтып жақындадым. Далдабай мойынын бұрып, ернін қыбырлатқан болды. Жақында ғана күзелген қоңыртайдың тісін ашып көріп жатыр екен.



  • Мынау тізімге үлкейтіліп жазылып кетпесін, – деді бұрқ етіп. Жылқының жасын тісінен біледі деуші еді. Далдабайдың жанында тапал келген, секпіл бет қара түр. Сөйткенше:
  • Әй, Қанат. Мыналарың ше? – Далдабайдың қатқыл дауысы шықты. Табиғатынан томаға тұйық Қанатжан аға жеделдей басып Далдабайдың жанына жетті.


  • Мыналарың сорақы ғой, – деді жерден басын алмай күңкілдеген ол.
  • Жасы кіші малды үлкейтіп жазып, мені сорла- тайын деп жүрсің бе, түге.
  • Оу, не деп түрсың? Бұл менің өз құнаным ғой. Шатысып тұрсың. Тізімде жоқ, – деді Қанатжан аға шошынып.
  • Е, онда бұл артық мал ғой, – деді ендігі сәтте Далдабай шылп етпей.
  • Тізімге алу керек. Милиционер жолдас менікі дұрыс па?
  • Мынау не шатып тұр, – деді Қанатжан аға.
  • Ақ адал малымды тірі тұрғанымда тізгініне жармастырмаспын.
  • Мынау қалай-қалай сөйлейді. Заңнан асып қайда барасың? – деді Далдабай шұбар бет қараға жағымпазданып.
  • Керек десең, мына Ақжал да үкіметтің малы.
  • Былшылдапсың, – деді Қанатжан аға дүңк етіп.
  • Ол Бөкемнің құлын күнінен өсірген малы. О, найсап. Кеше ғана жанторсығы боп, қанжығасына бай- ланып жүруші ең. Күнбағыстай өзгеріп тұрғанын...
  • Жолдас милиционер. Мынау сабай ма? – деді беті шылп етпеген Далдабай.

Өзімді-өзім тежей алмадым. "Ауру әкемнің құлағын шулататындай жазығы не? Ақжалға қарғып мініп қамшымды білегіме іліп, еңіреп жылап жібердім де, алға ұмтылдым. Қанатжан аға көкке атылған Ақжалдың тізгініне жармаса берді.


 



  • Ойбай-ау, мынасын қара. Өңшең бөлтірік, әкеңнің қанын ағартып ауыртқан мен емес, – деді Дал- дабай талпақ қараның артына тығылып.

Еңді, міне, жаманның айтқаны келмей сандырағы келді. Дәліздің бір бұрышына тығылып көз жасы- ма ерік бердім. "Шірік, Далдабай. Сен ешкімге туыс болмай-ақ қой. Жағымпаздың төрінен орын алатын алаяқты, әкежан-ау, сүйектуыс ағайын деп, нағашы атандырып ішіңе тарттың. Бұл дүниеден тек дос іздедің. Адалды азғырмай, шындықты жазғырмай, үстемдерге бас ұрмай, жақсыңды жасырмай өмір сүрдің емес пе. Сенің сол ілтипатың көрсоқыр Далдабайдың зердесіне қонбапты-ау" Көз жасымды сүртіп, төртінші бөлмеге қарай аяңдадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу