07.02.2022
  451


Автор: Шәкен Күмісбайұлы

БӘЙГЕ ТОРЫ

.. .Қарақустың кең сайын еңсеріп алған су қараң- ғы түннің бей-жай тіршілігін бұза жылқы кісінеді. Жез қоңыраудай сыңғыр етті. Есік кезіне таяу оң қабырғаға қойылған дөңгелек столдың маңында сығырайған пілте шамның әлсіз жарығында қамшы өріп отырған Есімбек ағам басын жерден көтеріп алды.


–Әу, мынау кімді іздеді? – деді күңк етіп.



  • Осы маңда жүрмін деп белгі бергені ғой, аға, – дедім мен.

  • Оның да жөн екен, бала.


Сәлден соң Есімбек аға өріп отырған қамшысын жанына қойып, қолын ары-бері сермей бой жазған тірлік танытты.



  • Әй, бала, осы жолы торының жолы бола ма? – деді маған бұрылып.

  • Оны бабы біледі.

  • Өзі ширығып тұр.

  • Онда торының үстіне масаты кілем жабыл- ғаны. Сәкеннің жүлде алғаны, – деймін қуанып.

  • Әй, бала, бұйырса деп сөйле.

  • Иә, бұйырса, аға, – деймін.


Есімбек аға домалақ жүзі жыбырлап, қуана күлімсіреді.



  • Айтқаның келсін! Әй, дегенмен де, он ауданнан келген өңшең дүлдүл. Торыға дес бере қойса.

  • Береді, – деймін Есімбек ағаға. – Шын- дығында торы бәйгеге түсер алдында ат иесінің қайтып қана көңілі жай тапсын. Отырса да, тұрса да аузынан кетпейтін бір есім. Ол - Торы.

  • Жылқы шіркіннің жігітке беретін желігі болады, дейтін Күлшебай атам. Мүмкін сол рас та шығар. Есімбек аға түгіл, мына менің де жан-дүнием алай- түлей.

    • Қоқтыда облыс малшыларыңың тойы өтеді. Бәйге, қыз қуу, аударыспақ, күрес сияқты ұлттық ойындар болады. Есаға, торыңды бапта, – деп осы- дан жарты ай бұрын Жайлау құлақ қағыс қылғанда, Есімбек аға жанып түсті. Онымен бірге мен де шідерлі торының жанынан аттап басып шықпай қойдым. Екеу ара әңгімеде Торының өткен-кеткені мен ертеңгі жайы. Айтпақшы, торының біздің үйдің белдеуіне байланғанының өзі бір қызық шежіредей.




...Есімбек ағаның сол күнгі қуанышыңда шек жоқ еді. Тұңғыш ұлы, менің бауырым Жаңабек өткен түні келін түсірді. Әйелдер шашу шашып у-шу болып жүргенде, ол мені шақырып алды.



  • Сәкен-ай, – деді шашымнан сипап. – Біраздан соң Жаңабекті шақырып шықшы...

  • Мақұл, – дедім мен.


Электр жарығы жарқыраған ауладағы у-ду басылып, ел ішке кіріп, бірен-саран қыз-келіншектер ғана күбір- күбір сөйлесіп, самаурындарға шоқ салын, қараң-қараң етісті. Ауық-ауық жырқ-жырқ күлісіп алады.


Есімбек аға Жаңабекті ауладан тысқары алып шыққанда, мен де ілестім.



  • Балам, – деді аға қуанышын жасыра алмай. – Құсың құтты болсын. Жаңабек басын төмен сап ұялып құнжың-құнжың етті.

  • Ал, еркекше сөйлесейік, – деді сонан соң Есімбек ата.

  • Келін кімнің қызы? – Жаңабек тағы күмілжіді.

  • Көкқияда түрады. Әуесбай деген ақсақалдың...


Есімбек сөз аяғын күтпеді.



  • Әуесбайдың дедің бе? Ойбай- ау, менің Әукемнің бе? Ол әрі-бері сенделіп жүріп кетті.

  • Қап, – деді содан соң. - Келінді құда түсіп келісіп-ақ алатын едік. Әй, жастар-ай. Енді не істедік? Болары болды, бояуы сіңді. Айыбымыз таудай. Әй, балалар-ай! Әукемнің кім екенін білмейсіңдер-ау. Асқар таудай алыбым емеспе, ол кісі.


Жаңабек те, мен де аң-таңмын. Шаруасы біт- кендей жайбарақат, ағайым жайына кетті.


–"Ұлым барда дауым жоқ деме, қызым барда жа- уым жоқ деме". Әукем енді маған құда болды, – дейді.


Шыдамай кеттім.


–Аға, соншама есіңіз шықты ғой, – дедім күңк етіп. Ол маған жалт қарады. Жымың етіп күліп жіберді де, ақырын тана танауымнан шертіп өтті.


–Ол ғажап адам. Оңы мен солына көзін тастап, таудың тасында тұрған тақсіретті болжап білетін, жақсыны жаман мен татуластыратын, кемшінді қолтықтайтын жан. Оның алдында мына Қаракөз жұрты түгел қарыздар. Әукемнің ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс.



  • Неге ғана бүкіл ел оның алдында қарыздар? – деймін сүрақ қойып. Есімбек ағаның мінезі де қызық. Әп-сәтте жарқ-жұрқ еткен жасын да, енді бірде май тоңғысыз жылы жаз.

  • Оны ертең көресің, – деді ол арқамнан қағып.

  • Алдынан өтуге барамыз.


Ертеңіне Әуесбай ақсақалдікіне жол тарттық. Қарақуысты жайлап отыр екен. Сақалы омырауына түскен бұжыр бет шал. Бізді жайдары қарсы алды.


 


Естуімше, әйгілі жылқышы дейді. Әлгінде қазақ үйге жақындағанда Есімбек аға:



  • Ит терімізді басымызға қаптап қуып шықпаса игі еді. Томырық мінезді адам бір қопарылса қиын ғой. Сәкенжан, "Ассалаумағалейкум" деп сәлем бер, – де- ген.


Бар жайды білген соң:



  • Е, бір балам екеу болса, қуаныш екен. Арман- дарына жетсін, -деді Әуесбай қарт әйеліне бұрылып:

  • Сыңсыма, бөтенге кетпепті, – деді салмақты.


Бүған бәріміздің де жүзіміз жайнап шыға келді.


Сол жолы қайтарда Әуесбай қарт, ауылға бет алған топ ішінен мені шақырып алды.



  • Әй, балам! "Ер қаруы – бес қару" деген. Соның бірі-жылқы. Қазақ атамыз жақсы көрген адамның құлы. Анау торы тайды көрдің бе? Әуесбай деген ақсақалға «ассалаумағалейкум" деп сәлем беріп ем, сол мінгізді дерсің. Мал сенікі, ал, – деді.

  • Ата, рақмет. Алмаймын, – деп мен қысылып - қымтырылып едім.

  • Үлкен кісі берген сыйдан бас тартпа, балам. Қане, бері жақында, - деді ол Торы тайды белдеуінен шешіп жатып. Жақындап барып едім, Әуесбай қарт мені "ауп" деп Торы тайдың үстіне қондыра салды.

  • Ал, балам көпті көрген көненің бірі едім, осы торы тай жаман мініс бермес. Тфа,' тфа. Қарт жерге түкірді.

  • Өзің де жақсы аттың тұрқы бар. Көрмейсің бе, төменгі ерні салыңқы, танауы кең, маңдайы жазық, сирақты, қаратұяқ, дөңгелек өкше. Әлі өсе келе нағыз дүлдүлдің өзі атанады. Бар жолың болсын! Қорықпа үрікпейді...


 


Енді ойласам, Әуесбай қарт қателеспепті. Тойлыбайдың тойыңда торы тай екінші бәйгені иемденді. Есімбек аға алдымнан шығып:



  • Сәкенжан-ау, дүбірлі топтан оқшау жүру ке- рек еді. Арасынан шыға алмай есің шықты. Ештеңе етпес. Мынау ма, мынау, әлі өнерін көрсетеді, – деп тайымның үстіне жабу жауып, елден бөлек өкетті.

  • Әттең, енді бір екі жүз қадам болғанда, торы тайым бірінші келетін еді.

  • Болайын деп түрған жануар екен, – деген да- уыстар да шыға бастаған. Есімбек аға тайға көз тиеді деп, елден аулақтағаны сол екен. Оны қайдан білейін.


Келесі бір бәйгеде торы құнан әлгі сыншылардың айтқанынан дөп шықты. Көмбеге дара озып, бірінші боп келді. Адамның кейде бір өң мен түстің арасын- да жүретіндей кезі болады екен. Дәл сондай сәтті мен де бастан өткердім. Торы құнанның басын тар- та бергенмін, оң қапталдан Есімбек аға шауып кеп, тізгініме жармасты.



  • Жібер, Сәкенжан, – деді ол бұйыра. Сөйтті де катарласа шауып, қауым елден біраз ұзап кеткеннен соң барып, шабысты бәсеңсітіп, сары желіске түсті.

  • Жануарым, жарадың. Тілім тасқа. Тфә, тфә,

  • дейді әлсін-әлсін. Дәл сол түннен бері Есімбек аға екеуміз торы тайды Бәйге торы деп кеттік.

    • Тегінде жайлауда өтер той-томалақ бір ғажап дүние той. Тау алабы ертегі мекенге айналады. Біздің жайлау екі таудың ар жағыңда, мұзарт шыңдардың ба- уырында. Суретші ғажап полотносын жайып салғандай. Сонау биіктен түнере төніп жақпар-жақпар құздар сұс көрсете, Жоңғарды кылыштай қақ бөліп Көлдей өзені ағады. Беткейге тырмыса өскен қарағай, шыршаларды




 


көргенің бар ма? Кей сәтте кып-қызыл тастың ортасы- нан жарып шыққан асау шынарлар кездеседі. Жайлау төсі ән мен жыр. Төгілген күй. Сенбесең, қызыл іңірден соң, өйтпесе таң алдында киіз үйдің іргесінде оты- рып, қүлағынды мынау ғажап әлемге тік. Сонау тіктен құлаған Көлдей толқыны күй тартады. Қой тастардың тасасынан шақ-шақ еткен суырдың үні шығады. Ұлар үні. Уілдеген тау әлемі. Жұмсақ самалдың кешкі әсем әуені.


Сөйткенше әлдеқайдан Торы сыңғыр етіп, тағы кісінеп қалды. Артынша Есімбек аға:



  • Секенжан-ай, уақыт та біраз боп қалды-ау. Ертең ертемен жолға шығамыз, – деді. Орнымнан тұрып, төсекке беттедім. Апам ертеңгісін Қоқтыға көппен бірге аттанып кеткен. Аудан үшін тігілген көп үйдің қожасының бірі.


 


* * *


 



  • Құлыным, тұра ғой. Таң атып келеді. Торыңды әкеп қойдым.

  • Басымды көтеріп алдым.

  • Жолымыз болсын де. – Атып түрып күбірлеймін кеп:


Сіңірлі, жер соғарлы, аяғы тік. Түлкі төс, тазы тізе, ит жіліншек.


Шашақты, шақпақ етті, аласа ұршық, Құндыздық қалай біткен құйрыққа дөп.


Бүл "Құлагер" поэмасынан алынған шағын үзінді.


Жаттап алғамын.


–Ау, Сәкенжан, не деп күбірлеп жатырсың? Түс көрдің бе? – деді Есімбек аға дауыстап.


–Е, жоқ, – деймін.


Қазақ үйдің алдында белағашта кер маралдай керіліп Торы түр. Ауық-ауық құлағын қайшылап оқыранып қояды.



  • Торы, Торы, жақсылап демалдың ба? – дей- мін. Сырттағы сандық ағаштың үстінде Торыға сүйсіне көз тастап Есімбек аға отыр. Өз есебіне шаттанатын сияқты. Торы топқа қосыларда бір күн бұрын жүгенін сыпырып, ен жазыққа еркіндікке қоя беретін.

  • Ағатай-ау, шөп жеп, су ішіп, қарны тойып, ертең шаба алмай қалады ғой, – деп шаужайынан ала кеткенде, Есімбек аға:

  • Әй, балам-ай, жылқы қазақ мінезді мал. Кеңдікке, молдыққа әуес. Дала самалын жұтып, шүйгіннен оттап, мөлдірін семірмесе тынысың тарыл- май ма? Кең даланың қасиетін сезінсін, – дейтін.

  • Өзіңнің бабың келіссе, мен шабуға тайынбас- пын деп тұр ғой, Торы, - деді осы сәт Есімбек аға.


 


Бұл жолы оның мені қайрағаны. "Бабың деп түрғаны менің жарыс кезіндегі айла-тәсілім. Әупірімде аттарды қоя берерде көптің ортасында шаң жұтып қысылып қалмауым... Шабыс жолға Торыны бейімдеуім. Жібек орамалымен Торының көзін сүртуім. Тышқан інінен сақ болу, әлде кіммен соқтығысып жүрмеуім. Қорыта айтқаңда, Торы атты жарыс кезінде бабында ұстауым. Есімбек ағаға талай рет құлақ қағыс қылсам да, мінезінен бір танбай-ақ қойды.



  • Торының басқа жүйріктерден несі кем. Жиыр- ма бір рет бәйге алыпты. Жасаулап апарайын деймін. Шындығында ішін тартып, жер тарпыған сәйгүліктерге төгілдіріп ақ жібектен жабу жауып, ақ киізден байпақ кигізсе несі айып, – дегенімде Есімбек аға қабақ шы- тып:


–Қарағым-ау, табиғаттың жанға да, малға да бер- ген бітімі бар. Сұлу қыздың бәрі сұлу емес. Үкі таққан сұлу аттың бәрі жүйрік емес. Жағалбайдың теңбіл көгіне көз тастап көрші. Көркем аттың бірі. Көкірегі, шоқтығы биік. Кеудесі кең. Басы шалқақ. Өткен- кеткенге шекесінен қарайды. Ал, соны Торымен жарысқанда байқадың ғой. Құйрық тістеуге жарама- ды. Ал, оны әшекейлеп әуре етеді, – деп Есімбек аға теріс қарап кетті.


Жайлауға күн тау өркештерінің үстіне ілінгенде жеттік. Биіктен қарасаң, көз алдың тұнып түр. Қазаншұңқыр алқаптың беті қызыл-жасылды теңізге, арғы жағы көгілдір мұхитқа ұқсайды. Теңселіп тұрған дүние. Белеңде қатарлай тігілген қазақ үйлер, түтіні бұрқыраған ошақ басы. Құбыла бет құж-құж тасты тау. Көзіңді барлай тастасаң, бүғының да, аттың да, еліктің де, тау ешкінің де жансыз бейнесін табиғат өзі қашап салғаңдай. Қазақ үйлердің маңдайына қай аудан екендігі қызылды-жасылды етіп жазылмаса, біреуді біреу білер емес. Құмырсқадай қүжынаған ел, ары-бері сенделген машина, ат ойнақтатқан бала. Сөйткенше ал- дымыздан Жайлау жүгіре шықты.


–Есаға-ау, екі көзіміз төрт болып, күні бойы күтудеміз. Бәйге аттарды тіркеп жатыр. Күн ысы- май жарыс бастамақ. Былай жүріңіз, – деп ол шаужайымызға жабыса кетті. – Біздің ауданнан үш ат қосылады екен. Екеуі Ленин атындағы ұжымнан...


Есімбек аға үндей қоймады. Шыр-пыры шыққан Жайлау енді маған қарап:



  • Әй,бала қалай тіркелеміз бе? – деді.


Мен үн қатпадым. Шыны керек, Есімбек ағадан қорықтым.



  • Қызық. Үңдемеуге ант беріскен бе, мына жұрт,



  • деп Жайлау күңк етті. Сол сәт Есімбек аға:

    • Жөке, тізіміңе тіркете бер, – деді үні жарқын шығып. Жайлау томпаңдап жүгіре жөнелді.

    • Қазір, аға. Аудан басшысы Ғалымбаев та торы- ны сұрап, "тапта - таптың" астына ап жатыр еді...




Жайлауды құдды сұлу аттар галлереясы дерсің. Жан-жағыма қарап есім шығып кетті. Сұржекей, Құлагер, Тайбуырылдың бәрі осы жерде. Жан-жағына алақтай қарап, мұртын ширатып, дау іздеген даукес атбегілер де осында. Бойлары бәкенедей, кеудесіне но- мер тағынған атшабар балалар да қайшы алысады.


–Қай ауданнансыздар? – деді бурыл мұртты сіліңгір қара гүр-гүр етіп, Есімбек ағаға қарап. Атбегі қитыға қалды. Оның орнына Жайлау Ақсай ауданы дегенді екі-үш рет қайталап үлгірді.


–Шабыс нөмерлеріңді таңдаңдар!


Осы кезде Жайлау жерде жатқан нөмірдің бірін алып бермек еді, Есімбек аға мені қозғап:


 


–Сәкенжан, өзің ал нөмерді - деп бұйырды маған. Жайлау сасып қалды. Сіліңгір қара Есімбек ағаға мысқылдай қарап:



  • Алсын, алсын, – деді.

  • Он төртінші, – дедім нөмерді алып.


–Сөре анау арада, – деді сіліңгір қара саусағымен алаңқайды көрсетіп. Шамасы ат басын жіберер жер сол маң болса керек.


Сәлден соң "Ат жарыс басталады. Нөмер бойын- ша орындарыңызды алыңдар. Белдеуден аттамаңдар. Кері шегініңдер" деген жарыс төрешісінің даусы естіліп қалды. Есімбек аға екеуміз елден шеттеу Торының жа- нында жарыстың жөн - жосығын айтысып жатқанбыз.


–Жиырма екінші айналымның жартысына дейін Торыны тежеп отыр. Ұқтың ба? Саннан жаңылма. Алдыға үш-төртеуін ғана оздыр. Бірақ араны алшақтатпа. Озғандар оза берсін. Тепкіленбе. Көзін сүртуді ұмытпа. Алғашқы айналымда жолды тексеріп өт. Суыр іні кездеспесін, – дейді бұрын айтқанын тағы қайталап.


–Жол азығың бар ғой.


Басымды изеймін. Жол азығы дегені – малта-құрт қой. Аузыңа сап, сорып отырғанға не жетсін.


Есімбек аға Торының алды-артына кезек шығын, жалы-нан сипап әлдене деп күбірлеп жүр. Сонан соң әдеттегідей мені демеп атқа қондырып, қалың жұрттың ішіне кіріп жөнелді. Шамасы, толқыған сәтін көрсетпеуге тырысса керек.


Кәдімгі қатарға тұрған әскердей он ауданның қырық жеті аты бір сызықтың бойында тұрмыз. Мініскердің дені он екі, он үш жасар балалар. Кәдімгі сайыскерлердей ақ орамал байланып, нықтана отырып, төреші белгісін күтулі.


 


Бір сәт қызыл жалау төмен қарай жалп еткенде, тақымды қысып үлгердім. Шулаған ел, дүрсілдеген тұяқ, қалың шаң. Торының тізгінін тарта бердім. Оң-солымдағы аттар жанымнан өтіп жатыр. Ішімнен әлдебірі "қағып кетіптесе екен" деп тілеймін. Қою шаң сәлден соң сирей берді де, үдере шапқан топтың алды көрінді. Оқ озым жер ұзап кетіпті. Артыма қарасам, он шақты атты есік пен төрдей жерде екілене шауып қатарласа зулайды. Торы жел көтеріп келе жатқандай тым еркін, желкемдей жеңіл көрінді. Тас түйіп боп бекінгенін көз жанарынан аңғарған сияқтымын. Шындығында өзі ат екеш ат та адам сияқты ма қалай, көңіл күйін қас-қабағынан байқауға болады екен. Де- генмен де (бүгінгі бәйге қалпақпен ұрып алардай емес. Тақымымды қысып қалып ем, Торы құлағын жымы- рып ап, қос жиреннің жанынан зу етіп, өте шықты. Тізгінді қайта тежедім. Есімбек ағаның "асықпағаның жөн, бір қалыптан аума, шабар аттың жыры белгілі. Өзі іріктеліп қалады" дегені есіме түсті. Әп-сәтте екі ат жолдан шығып сала берді. Иесіне бас бермей айдалаға лағып кете барды.


–Қырық төрт, Торы сеніменен қырық бес, – дедім ішімнен. Еңкейіп барып көздерін сүрттім.


Үшінші айналымнан соң екі ат артта қалды. Бұрылыста алдыңғы келе жатқан қазмойын, айқасқа, шымқай күреңді байқадым. Одан кейінгі ат, бойы аласа жатағандау келгенмен жоны тұтас, кеудесі кең, бөкселі екен. Үшіншісінің де мықыны кең, кеудесі алшақ. "Қауіпті қарсыластар екен" деп өзіме-өзім күңк еттім.


Торының еті қызып, екпіні күшейді. Көз қиығымен қалың жұртқа да көз тастаймын. Есімбек аға көрінер емес. Тек он алтыншы айналымнан өткенде ғана:



  • Сәкенжан, уәдені ұмытпа! Ұзатып алма! – деген даусы құлағыма естілді-ау. Алдыма қарадым. Он шақты ат жұбын жазбай зулап барады. Арамыз оқ бойы жер. Әлгінде қауым елдің алдынан өткеңде:



  • Әй, мына Торыны қараңдар. Үстіндегі баланың пысығын. Тізгінін тежеп отыр, – деген даурықпа айқайы да көңілге медеу боп қуанышқа кенелткендей.

  • Торы, шыда, - деймін енді сыбырлап. – Тоғыз белес калды.


Сәлден соң үш ат суырылып алға шыға бастады. Тақымымды қысып қалдым. Торы жермен жексен боп, зулап жөнелді.



  • Кете алмайсың, қазмойын, – деймін тістене күбірлеп. Торы бір топты артқа тастап, енді көсілгенде, тізгін тарттым.

  • Сәкенжан, асықпа, – деп Есімбек аға құлағыма күбірлегендей. Әлгінде алға шыққан үш аттың арасы да алшақтай бастапты.


Жиырмасыншы айналымда жұрт ішінен:



  • Әй, Торы ат. Тізгінінді қоя бер, – деп әлдекім дауыстады.- Қазмойын құйрық тістетер емес. – Құлағым зыңылдап кетті. Мынау не деп түр? Шы- нымен Қазмойын Торыға жеткізбей ме? Есімбек ағаның даусы сияқты емес. Жанкүйер қауымның бірі де. Торы ат пен Есімбек ағаның жаны бір. Олар бірін- бірі түсінеді. Яғни мен жиырма екінші айналымда тізгінді қоя беремін. Солай, Торы. Әзірге алдағы үш бәсекелесінді байқа.


Құлағымның түбінен жел гулейді. Алып дала ай- налып жатқан ғажап әлем сияқты. Найза өркешті тау- лар легі бір сәтте қол бұлғап қарсы алғандай сыңай танытады да, сәлден соң артта қалып бара жатады. "Сойыл тиген ат сотқар келеді. Жүйріктің сауырына тиген қамшы оны қорлау болмақ. Онанда тақымыңды қыс. Сауырынан сипа, жалын тара. Сонда олда сені түсінеді". Есімбек ағаның әнгімесінің осы бір сөті есіме түскенде, еңкейіп барып көздерін сүрттім.


–Жаным, Сәкенжан. Жібер енді.


Есімбек ағаның даусы қарлығыңқырап шықты.


Оған қоса елдің:


–Ағыт торыны. Жібер басын! – деген дауыстары да естілді.


Торының жалына еңкейіп жабыса түстім.


–Айналайын, Торы, Есімбек ағаны да, мені де жерге қаратпа. Зула, айналайын...


Торы менің күйімді ұққан сияқты. Құстай үшып келеді. Келесі айналымда алдыңғы үшеуге жақындай түстім. "Иө, сәт" деймін тісімді ерніме батырып.


–Енді құтылып көр!


Артына жалт қараған Қазмойынның атшабар баласының зәресі ұшып кетгі. Көзін уқалап-уқалап жіберіп, қайта бұрыл ды да, қасқыр көргендей атын тепкілеп қалды.


Қазмойын алғашқыда екпін алып, біраз шапты да, қайта қалпына түсті. Бұл кезде жатаған сәйгүлікті басып озып, күреңге үзеңгілес келгенмін. Қарсыласымның:



  • Шу, жануар, шу, – деп атына дауыстап қамшы үйіргені естілді. Торы әбден бабына келген сияқты. Сырылып екінші орынға шықты, Қазмойын мен екі ортаны көзбен өлшесем, он бес метрдей ғана жер.

  • Торым, менің. Осы шабысыңнан тайма. Енді бір айналым қалды, – дедім Торымен сөйлесіп. Қазмойынның атқашабарының нөмер саны көрінді. "Екінші".


Соңғы айналымның басталар түсында Торы Қазмойынмен қатарласып, ел алдынан мақтау алып өтті.


 



  • Нағыз тұлпар екен, – деп дауыстады әлдекім.

  • Торың әлі біразға сілтейді, – деді енді бірі.


Дәл осы жолы менің ойым басқада еді. Торының озарына әбден көзім жеткені соншалық, Есімбек ағама үқсап "тілден, көзден сақта" деп ішімнен күбірлеймін.


Адамның өзгеруі мұнша тез болар ма? Енді маған соңғы айналым бітпейтіңдей ұзақ көрінді. Әлсін-әлсін Торының көзін сүрте беремін. Қазмойын біраз жерге дейін қүйрық тістесе келді де, шаңға көміліп қала баста- ды. Үстіндегі баланың әлдене деп дауыстағаны естілді. Қарсыласынан ұзап шыға, Торы екпінге екпін қосып зулай түсті. Жануар құдды көмбенің жақын қалғанын сезетіңдей. Бір сәт артыма қара-дым. Біршама ұзап кетіппін. Қарсы алдымнан соққан желдің екпінін енді байқағандаймын.


–Шыда, Торым, айналайын. Жарты айналым қалды, – деймін.


Дүйім жүртқа жақындағанда Торы тіпті есіліп кетті. Өзімнен-өзім қуанғаным сонша, көзімнен бырт- бырт жас ақты. Торының тізгінін тарттым. У-шудан ештеңе біліп болмас. Диктофоннан: "Бірінші боп мәре сызықты ақсайлық Торы қиды", – деген хабарлама естілді.


Сол бір сәтте қамшылар беттен күрең биемен Есімбек аға кеп жетті.


–Мықтанып отыр, Сәкенжан, – деді тізгінге жар- маса беріп. Екпінін азайта беріп сары желіске түскен Торыны жетектей айдалаға қарай жөнеп берді.


Жарты сағат өте Торыға үлкен шашақты кілем жа- былып, қасында мен тұрдым. Қуанышым көл-көсір. Есімбек аға арқамнан қаға береді. Ақсайлықтардың мақтанышыда шек жоқ.


 


* * *


"Рақмет саған, Торы! Мың алғыс саған, Қоқты жері" деймін ішімнен күбірлеп. Есімбек ағада үн жоқ. Не ойласа да, ішінде. Күрең биені тебініп қойып бүлкек желіспен келеді. Кешегі жолдағы түйілген қабақ бүгін шайдай ашық. Маңдайы жазық, қыртыс-қыртыс әжімдері келмеске кеткен сияқты.



  • Сәкенжан, әлгінде Торыны бір сәт қинап жібердің. Бірақ артынша етек-жеңіңді жинап алдың?



  • деді Есімбек әңгімеге тартып. Бетіне жалт қарадым.

    • Иә, иә, – деді Есімбек аға өз сөзін өзі қостап.

    • Айтпаған менде кінә бар. Тегінде, қамшылар жақтан озба. Мұндай кезде Торының басына, көзіне қамшы тиіп кетуі кәдік.

    • Дұрыс екен, аға, жалпы уәдеден шықтым ғой,



  • дедім мақтан қысып.


Ол күлімсірей басын изеді де, артынша күрсініп қалды.


–Балам-ay, өмір дегеніңнің өзі де бәйге жарыс қой. Біреу озып бәйге алады, қуанады. Енді біреу артта қалып, күйініп қайғырады...


Әңгімеміз енді қиюласа бергенде, сол жақ бүйірден үш салт атты шыға келді. Жүрістері суыт, артымыздан қуып келе жатқан сыңай танытады. Біз де ат тізгінін тарта қойдық.



  • Ассалаумағалейкум! – деп сәлем берді, алғашқы жеткен кеспелтек қара. – Бәйге атымыздың жөн-жоралғысын бермей, ала қашқаныңыз қалай?

  • Иә, деймін-ау, бұларыңыз ұят екен, – деп қостады екіншісі. Есімбек ағаның түсі суып, жағы қуқыл тартып сала берді.

  • Жоралғы сұрар кім едіңдер?!

  • Мұнау, шынымен құдайын ұмытқан екен. Бәйге торының иесі мына мен боламын!


 



  • Әй, не деп оттап тұрсың?!


–Әуесбайды ұмытқан екенсің! Мына бәйге Торы, мына менің Торы тайым болатын... Солай.


Есімбек ағадан үн шықпай, іштен тынды да қалды. "Бәйге Торы мына менің Торы тайым болатын" дегеңді естігенде, менің де көзім қарауытып, құлағым шыңылдап қоя берген еді.



  • Біз мына көршілес Аманеккенде тұрамыз. Мына жігітгің аты – Мәлімбай. Әуесбайдың туған нағашысы. Торы биенің құлыны бәйге Торыны көремін деп келіп тұр, - деді осы кезде әлгілердің бірі. – Тіпті, түрлеріңіз бұзылып кетті ғой... Біздікі жәй. Әуесбай ақсақал мінгізген торы биенің түқымының олжасынан бөле-жара бірдеңе алсақ деген ғой.

  • Ау, жігіттер-ау, бағанадан сөйдемейсіңдер ме?



  • деді осы кезде Есімбек аға ес жиып.

    • Ақсақал, Мәлімбайдың мінезі осы. Түйеден түскендей сөйлейді.

    • Алыңдар, базыналарыңды, – деді Есімбек әй- шайға қаратпай. – Үйге жүріндер. Құрметті қонағым болындар. Әукемнің аруағын риза етемін...

    • О, пәле, – деді сүйсінген Мәлімбай. – Әйда, кеттік.

    • Менің торы биемді әкеміз атақты Қаракердің тұқымымен шатысы бар дегенде сенбеуші ем. Шын екен. Оған көзім енді әбден жетіп отыр, – деді Мәлімбай әңгіме бастап.




Бұған бәріміз елең ете қалдық. Кезінде Ақсай алқабында ауыздығымен құс тістеген Қаракер атты сәйгүлік болыпты, деді Мәлімбай атын тебініп. – Көне көздердің айтуынша, жаугершілік заманда барымталаған жылқымен қаракер айғыр ілесе кепті. Бір тойда сол Қаракер оза шауып бәйге алған екен. Қаракер аса бір сұлу да, елеулі ат болмаса керек.


 


Жылқы аралап жүрген Бөрібай есімді көне көз адам, Қаракердің иесіне:


–Әй, мына айғырың әлі жылқыға түсіп жарытпап- ты. Бөкен түмсық. Көзінің шарасы үлкен. Жарқабақ. Жылқы бір жылда үш жасайды. Мынаның нағыз бап шағы екен. Қоян тірсек, сіңірлі. Ұзаққа шабар. Бәйгеге қос, – деп ақыл беріпті.


–Еһ, – деді сүйсінген Есімбек аға, – Жылқы малының қадірін кейінгі ұрпақ білмей өте ме, қайдам. Бәйге жарысы атаулының өзі сирек өтеді. Қайда барсаң, ат мінген бала жын қуғандай тұра шабады, түге. Қадірін білмеген соң, қайтсін. Атқа мініп, тұра шабу әбестік.



  • Мына балаңыз шабандоз екен – деді осы кезде қалақтай қара жігіт сөзге араласып.

  • Сәкенжан ба? Торының иесі осы, – деді Есімбек аға маған қарап.

  • Оп, бәле! Балаңыз бәйгенің қыр-сырын біледі- ақ екен. Өнерін көріп, риза болдым, – деді бағанадан бері сөзге араласпай тұрған ұзын сары.


Сөйткенше біздің алдымыздан көгерең тартқан Қарақустың сайы көрінді. Киіз бетегесі үйысқан осы бір ойпатқа орналасқанға жиырма шақты күндей өткен. Апам: "Пай,пай жерім-ақ қой. Қаншама мал жерден ба- сын алмай оттаса да шөбі таусылмайтын жайлы қоныс, осы Қарақуыстай-ақ болсын. Жоңғардың басып бұлт торласа, айналып-айналып кеп осы Қарақуыстың басына төнбей ме, жарықтық", деп отыратын. Қарақуыс алабы қазір де масаты кілемдей құлпырып көздің жауын ала- ды. Қарай берсең, сұлулығына тоймайтын сияқтымын.



  • Аға, аға! Үйге шауып барып, сүйінші сұрасам қайтеді,– дедім Есімбек ағаға.

  • Тек, – деді ол. – Ауылға қарап шапты деген не сұмдық.


 


* * *


 



  • Алақай! Алақай! Торы Алматыға баратын бо- лыпты. Астанадағы ипподромдағы республикалық бәйгеге қатысады деймін бар даусыммен айқай сап. Қуанышымда шек жоқ Есімбек аға әлгінде ғана жылқыдан оралып, дем алып жатса керек. Қабағын түйе қарсы алды.

  • Әй, балам. Осыншама даңғой ма едің. Үйге қарай шапқаны несі?– деді бұрқ етіп келген бойда қалшиып тұрдым да қалдым. Қоңыр күздің күні нұр шашып түр. Сонау төменде ойпаңдағы көк көкпеңбек көлге үқсайды. Әлгінде ғана оралып қазақ үйге бас тірегенім сол еді.


Жайлау менің етекке түсіп, ауылға келгенімді естіп, әдейі іздеп үйге бас сұқты.


–Әкетай-ау, Есағаңа айта бар. Бәйге торы- ны баптай берсін. Қазанның он бесінде Алматыда республикалық жарыс өтеді. Торының жұлдызы жан- ды. Біздің облыстан бәйгеге қосылатын жалғыз ат. Әкетайым-ау, Есағаңа дұрыстап түсіндір. Торы бүкіл Қазақстанға "Қаракөз"ауылының атын шығарса, одан артық қуаныш бар ма? Сөйт, әкетайым.



  • Ағатайым-ау, – дедім мен Жайлауға ұқсап.



  • Мына біз бәйге қуып астана кетсек, жылқыны кім бағады?

    • Түһ, баламысың деген, – деді Жайлау шала бүлініп.




Осы елдің азаматтары құрып қалып па? Мен бағамын. Айтпақшы айта бар. Торыны машинаға тиеп апарамыз ба? Әлде өз аяғымен барар ма екен. Өткен- кеткен елден хабар айтып жіберсін.


 



  • Құп болады, – деймін.

  • Әйтеуір Торы бабында ғой. Нағыз сәйгүлік. Анада бәрін жер қаптырды ғой. Әттең-ай, анау аста- нада сылап-сипаған сәйгүліктерді артқа тастаса ғой, – дейді ол тамсана.

  • Әрине, бұйырса, Торы да шабысынан жаңыл- мас,–деймін мен де.

  • Оп, бәле! Аузыңа май, астыңа тай. Атың озғанда, тіпті өзің озғандай есің шығып кетеді екен. Анада далпылдап жүріп сүрініп, тобығымды тайдырып алған жоқпын ба? Әй, қу бала пәле шабасың-ей, – деді Жайлау маған қулана қарап.

  • Атбегінің баласы емеспін бе?


–Әй, қу бала, сөз тауып кеттің. Мен жеңілдім.


Әмісе, алдыңнан жарылқасын!



  • Рахмет аға.


Енді, міне, сол аспаңды алақандай, жерді туырлықтай жасаған алып-ұшпа көңіл шіркін, сап басылды. Есімбек аға маған бұрылып та қарар емес. Атымды аз суытып, ерін алып, жылқыға қосып, үйге келдім де, бұрышқа бүк түсіп жата кеттім. Ертеңгісін, таң бозынан оянғандықтан ба, сәлден соң ұйықтап кетіппін.



  • Әй, Сәкенжан! Тұр! Мұнысы не, күн жаумай, су болып түге. Ағаңның мінезі сол. Қазір-ақ бұлттан шыққан күндей жарқырап шыға келеді, – деді Ғазиза тәтем оятып. Ол да біздің екеуара тірлікті байқап қалған екен.


Дастархан жасалыпты. Екі иінінен селкілдеп сары самаурын тұр. Сөйткенше есіктен еңгезердей боп Есімбек аға кіріп келді.



  • Сәкенжан, сонымен Торың астанаға барып


 


бәйгеге түседі дедің бе? Ол малдасын құрып, үстел шетіне отырды.



  • Иә, – дедім күңк етіп.


Мұным еруге қару жасаған түрім. Есімбек аға жымың етіп, Ғазиза тәтеме қарап көзін қысып қалды да:



  • Ал, бала әңгіменді айта бер, – деді. Мен Жайлаумен арада болған жайды толық баяңдап бердім.

  • Алматың да талай жер-ау, – деді Есімбек аға ойға шомып. – Ол жерде бізді құшақ жайып кім қарсы ала қояр дейсің?


Мен Есімбек ағаның аузына бақырайып қарап қалыппын. Не деп отырғанын түсініп көр.


 


* * *


Айнабұлаққа дейін үш күн жол жүрдік. Есімбек аға "Торыны машинаға тиеп апарамыз" дегеннен үзілді- кесілді бас тартты.



  • Кеудесінде жаны бар жануарды қайтып қана машинаға тие дейсіңдер. "Ет комбинатына өткізетін малым емес. Бәйгеге қосатын Торымды өйтіп қорлай алмаймын" деп қатты кетті.

  • Анау-мынау жер емес. Төрт жүз шақырым. Жол жүріп титықтап қалмай ма? - дегендерге де көнбей қойды.


Содан жол үстіндеміз. Үш жылқы, Есімбек аға және мен. Таң құланиектене жолға шығып, күн ыси сулы жерге тізгін тартамыз. Көкжиекке күн батып, қиыр беттен қияқ ай көріне тағы да аялдаймыз. Қатты да жүрмейміз. Бүлкек желіс, мимырт аяң. Күрең атқа теңдеп алған жүгіміз шешіледі де, киіз күрке тігеміз. Аттарды арқандап жіберіп, ас қамына кірісеміз. Жо- лай мекен атаулыға соққан жоқпыз. Тек бір рет қана Есімбек аға, биемен барып, облыс орталығынан азық- түліккке қоржынның қос басын толтырып қайтты.


Мұндайда ой жан серік. Әншейінде байқамайды екенмін. Табиғаттың өзі ғажап суретші сияқты. Ұшы-қиырсыз сары дала. Сағымды белдер. Биіктен төмен қарай түксие қараған алып Алатау. Жыланша ирелеңдеген темір жол. Сақшыдай қараңдаған сым бағаналары. Анда-санда сары даланы дүр сілкіндіріп, сырнайлатып өткен поездар.


Тау тіліп өткен шағын өзендер.



  • Бала, қазақ жері осындай. Осы дала төсінде


 


тұяғынан от ұшқан талай сәйгүліктер өткен, - дейді кейде бір көңілді сәтінде Есімбек аға:



  • Сол бәйге аттар қазір сиреп кетті ғой.

  • Неге? – деймін мен сұрақты төтесінен қойып.


–Жалпы мал атаулының қадірі ұшып кетті, қазіргі заманда.


Есімбек аға сәл үнсіз қалды.


–Табиғатымыз малға жақын мына біздің өзіміз, енді оларға кекжие қараймыз. Қазақпын деп көкірегін соққан талай шолақ етектің керегесінде ілулі тұрған үкілі домбыраны көргенің бар ма?


Есімбек аға маған жұмбақ жанарларын тіге қарады.


–Жайлаудың үйінде домбыра бар. Әуелі пианиносы да, – деймін дау айтып. Есімбек аға мырс етіп күлді.


–Ал сол ағаң сол домбыраны жылына бір тартып көрді ме? Балалары домбыраны қолына ұстай ма екен? Дәуітті де, Сауытты да жақсы білемін. Гитар құшақтап жүргенін бірлі-екілі көргенім бар. Басымды


шайқадым.


–Міне, бала. Жайлау домбыраны әншейін іліп қойған. Ал әр үйдің кілетінен ертоқым көресің бе?


Тағы да басымды шайқаймын.


–Сондықтан да қазір тұмсығымен құс тістеген жылқы тұқымы жоқ.


Екеуміздің әңгімеміз ұзаққа созылмайды. Есімбек аға әлдеқандай белгісіз бір әуенді айтып жүріп береді. Өзі бір сары далада салатын ән сияқты. Елгезек ескек әлгі әуенді іліп әкетіп, кендікке жайып жіберетіндей жұлқына соғады.


Қапшағай көпірінен түннің бір уақытында ат жетектеп өттік. Тақ-түқ еткен асфальттың даусы Есімбек ағаның жанына тиіп жатқаңдай.


– Сәкенжан қарғам, ақырын жүр. Тұяғын алып кетеді,– деп ол ескертумен болды. Торы да, Есімбек аға да теңізді місе түтқан жоқ. Оның есесіне жол бойындағы жарқабақтардан тас қүлап кете ме дегендей қауіптене қараумен болды.


Тек "Ауыл" ресторанының жанынан өткеңде ғана барып:



  • Әу, мынау бір жақсы тірлік екен. Опыр-ау, баяғының қазағының ауылы осындай болса керек еді, – деп жылы күлімсіреді. – Өздері жұмыртқадай аппақ екен. Бір-бірінен аумай қалуын. Қане, бір тамақ ішіп алайық.


Торы атты бөлектеу үйге жақын байлап, Есімбек аға табалдырықты аттай:



  • Ассалаумағалайкум! – деп ішке енді. Қазақ үйде ешкім жоқ екен. Есімбек аға сәл тұрды да, қарқылдай күліп жіберді.

  • Ау, бұл үйдің иесі қайда? Қазақ үй іші әсем жабдықталыпты, төр ортасыңда жатаған дөңгелек стол. Айнала жастық тасталыпты. Керегеге қазақы кілем ілініпті.


Есімбек аға аяғын шешіп төрге шығын, жастыққа шынтақтай жата кетті. Бір рақат сезімге бөленгеңдігі көрініп түр. Сол екі ортада қазақша киінген сүйкімді ғана қара торы келіншек кіріп келе жатты.


–Есенсіздер ме? – деді ілтипатпен сәлем беріп. – Қош келдіңіздер. Қалауларыңызды айтыңыздар.


Есімбек аға кеудесін көтеріп отырды да, келіншек ұсынған қағазға көз салып:


 



  • Ой, бәрекелді, – деп қағазды үстелге қойды да, қолдарын уқалап.

  • Шөл басатын қымызың болса әкеле бер. Ныс- пымыз қазақ қой, оны да ойларсың. Алыс жолдан келеміз, қалқам.


Әп-сәтте үстел үсті жайнап шыға келді. Есімбек аға мәз.



  • Даланың қымызы болмаса да, қаланың қымызы ғой. Жаман емес. Бәрінен де дастарқанын айтсаңшы,



  • дейді разы көңілмен.


Есімбек ағаның алты күн ішінде қабағын ашып, мәзмейрам боп күлгені бүгін. Тіпті даяшы келіншектен жөн сұрап, әңгімеге үйіріп әкетті. Қыза-қыза бара жатқан сапары туралы айтып, Торыны да таныстырып қойды. "Есімбек аға да анда-санда бір мақтанады екен- ау" деймін ішімнен.


Қойшы, сонымен, ертеңгісін "Ауылдан" шыққан біз, түннің бір уақытында астанаға кеп кірдік. Жан- жақтан жарқыраған шам көздің жауын алады. Есімбек ағаның шырқырап жаны шығып барады. Тақ-тақ ет- кен асфальт.



  • Байсалбайдың үйіне тезірек жетсек екен, – дейді.



  • Ат шабатын жерге таяу, Кіші Алматы арығының бойы болатын.


Байсалбайдың үйін білген Жайлау. Телефон- мен сөйлесіп қойыпты. Біздің ауылдың адамы. Ол да жылқы баққан. Баласы оқу бітіріп осында көшіріп алған. Бізге сүйек туыс.


Қуыс-қуысты аралап келеміз. "Ал, Торы, жо- лымыз болса екен" деймін күбірлеп. Болар бәйгенің


 


көмбесі мына түндей тұңғиық, жұмбақ.


Есімбек аға түнімен кірпік қақпаған шығар. Әлсін- әлсін сыртқа шығып, Торыға барып қайтады. Түсініксіз тірлік. Көрпені ашып тастап, әрі-бері аунаймын кеп. Не істеп жүргенін бақылайын десем, жүрегім дауа- ламайды. Жайлау уәдеден шықты. Байсалбай құрақ ұшты. Ауылды сағынып қалса керек, Есімбек ағамен төс қағысып амандасып, елді сұрап, есі шықсын. Бала- сынан бөлек тұрады екен.


"Жалғыз бала болған соң жаным бір, қайтейін. Елді сағындым. Бүйткен тірлігі құрысын деп, көшіп кетейін-ақ деймін. Бірақ өз қолыңды өзің кесесің бе?"



  • дейді мұңын шағып.


Шетте жүрген адамның әдеті ме, кім білсін, ауылдың әр түтінінің тыныс-тіршілігін сұрап шықты- ау, деймін. Түннің бір уақытына дейін әңгіме бітпеді. Есімбек ағамен бір бөлмеге қатар төсек салдырған. Есбике апай да, төркіні келгендей, дастарқанға барын сап, ауық-ауық күрсінумен болды.



  • Тағдырдың жазуы да. Бір көрші бас сұқпайды. Қүдды түрмеде тұрғаңдаймыз. Өңшең бір бөтен адам- дар, – дейді кейіп.

  • Өй, бір тиын санап қалған адамдар түге. Жа- сайтыны сауда-саттық. Сатқаны кәкір-шүкір, – дейді Байсалбай кемпірін қостап.


Жол ұрып тастағаннан болар, бір сәт көз ілініп кет- кен екен. Таң ағара бастапты. Байсалбай мен Есімбек аға киініп жатыр.


–Әлгі ат шабатын жерді көрейік. Біз қайтып оралғанша шай да дайын болар, – дейді Есімбек аға.


 


–Оның да жөн екен, – дейді Байсалбай.


Қойшы, біз келгелі алтыншы күн өткенде иппо- дромда жарыс жолында тұрдық.



  • Опыр-ау, мынау неткен қарақұрым ел, – дейді Есімбек аға таң қалып.

  • Торының жайы болмайды-ау, осы. Іші өтіп қалыпты. Дегенмен көппен көрген ұлы той. Мынау Қоқты емес. Айналымы шағын екен.

  • Торы бабында болса, ештеңе етпейді, – дейді Байсалбай басу айтып.

  • Жері құмдауыт екен. Айналымнан шатыспа. Отыз. Аттарды тым алысқа үзатып ап жүрме, – деп Есімбек аға да мені бәйгеге қосты-ау.


Он бес айналымда Торы он екінші аттың қатарына ілікті.


"Сәкенжан-ау, бұл жерде аудан емес, бүкіл Қазақстанның оза шауып бәйге алған сәйгүліктері жиналған ғой. Одақта бұрын аты шыққан дүлдүлдер де бар көрінеді. "Байқа" дегені есіме түседі.


Жиырма алтыншы айналымда Торы алда келе жатқан бес атпен құйрық тістесті. Артыма қарасам, жатаған Қаракер ат жақындап кеп қалған екен. Сілтесі ғажап. Шабысы тегеурінді. Енді бір айналымнан соң Қаракер топтан оза бастады. Торы ышқынып қалды. Қаракермен қатарласып келді.


Үстіне қонған он төрт - он бес жасар боз бала әлдене деп дауыстап, маған күлімсіреп қойды.


Соңғы айналымда Қаракермен қатарласа келе жатқан Торы деміге бастады. Тынысын ауыр алып,


 


күшенгендей сыңай танытты. Оның есесіне Қаракер жұлдыздай ақты.



  • Айналайын, Торы ат. Саған не көрінді, – деймін. Артыма қарап ем, зәрем үшты. Қуғыншылар құйрық тістесіп қалғаңдай.

  • Қап, кетті-ау, мына Қаракер. Тақымымды қысып-қысып қалдым. Екілене зулаған Торы сәлден соң, қайта қалпына түсті. Бұл кезде көмбе де жақындап қалған еді... Көзімнен жас парлап кетті.

  • Сен екіншісің, Торы! Не болды саған?! – деймін күбірлеп.


Есімбек аға ауылдағыдай атпен шауып кеп бүйірден қосылған жоқ. Торының аптығын басып, мәреге кел- генде Есімбек ағаның анадайдан:


–Сәкенжан, жазмыштан озмыш жоқ. Торыға рах- мет, – ден дауыстады. Біреуді-біреу біліп болар емес. Ауылдағыдай Есімбек ағаны eci шыға құттықтаған жалғыз Байсалбай қарт болды.


Торы ат осы бір жарыстан соң-ақ жөнге келмеді. Әлдекімге өкпелі сияқты. Қарақуысқа келгеннен бері іші мүлдем бүлінеді. Есімбек ағада тыным жоқ.


–Бәрін бүлдірген құдықтың суы. Оған у дәрі ара- ластырады екен ғой, – деп күңкілдейді.



  • Ойпыр-ау, онда ел неге ішеді, – деймін.

  • Әй, балам-ай. Адаммен жылқы тең бе? – дейді ол.

  • Мүмкін көз тиген шығар.

  • Ол да ғажап емес.


–Әлде сонау Алматыға салпақтап барғанымыздың кесірі ме? – деймін мен.


–Жылқы жерді өгейсиді, – дейді Есімбек аға. Арада жарты ай өткен. Суықтың басында тек жылқышылар қалып, қойлы ауыл етекке кеткен. Есімбек аға жылқыда еді. Таудың қары бір рет жауып та үлгерген. Кенет ат тұяғының дүрсілі естілді. Ғазиза тәтем үйде. Менің жолыма кажетті киім-кешек, азық-түлікті қамдап, есі шығып жатқам. Ертең келетін машинамен, етекке түсіп, интернатқа оқуға барамын. Сыртқа атып шықтым. Көрші "Қаракемер" ауылының жылқышысы Бақай қарттың Елемес есімді баласы екен.


–Саған тез жетсін деп жатыр. Торы жығылыпты,



  • дейді даурыға дауыстап.


Зәрем ұшып кетті. Кейінгі кезде Есімбек ағаның қабағы тым қатулы еді.


–Елемес, ат тізгінін қоя бер, – дедім.


Жылқы Қарасуық сайының өзенге бет бұрған, түбекте жатқан. Үрейім ұшып Есімбек ағаның жанына жақындап келдім. Төрт аяғы төрт жаққа кетіп Торы жатыр. Жанында басын көтеріп Есімбек аға отыр. Төрт-бес адам анадайда үнсіз қалған. Торы елеңдеп "сен де келдің бе?" дегендей, маған қарап, орнынан тұрғысы келді. Бірақ тұра алмады. Есімбек ағаның көзінен жас сорғалап отыр.


– Торым-ай, жануарым-ай. Обалыңа мен қалдым- ау... Алматыда нем бар еді, – деп күбірлейді. Сөйтеді де Торының басын құшақтап иегінен көтереді. Енді бір қарасам, Торының да көзінен жас сорғалап қоя берді. Мен де шыдай алмай, еңірей жөнелдім.


Енді бір сәтте Есімбек аға орнынан тұрып үстіндегі тері қажекейін шешіп, Торының басына жастады.


–Әй, жігіттер. Торыға жасар, соңғы жақсылығым


болсын. Аттарыңа мініңдер де, дәл мына тұстан дауы- стап, құйғытып бір шауып өтіңдер. Өлер шағында То- рым бір сілкініп қалсын, - деп кемсеңдеді.


Аттарды қамшылай айдап, қиқулап Торының жа- нынан өте бердік. Мұндай ғажапты көргенің бар ма, сатырлаған тұяқтың дүбірі мен адамдардың дауы- сын естіген Торы кенет орнынан атып тұрып, кісінеп жіберіп, шайқала жөнелді.


–Торым! – дедім дауыстап. Ол жанымыздан зу- лап өте шықты. Әттең, бірақ алысқа бармады. Аспанға атылып барып оңқа-шоңқа боп жығылды да, жанұшыра екі-үш рет кісінеп жіберіп, гүрс етіп қүлады. Біз жет- кенде Торы жан тапсырыпты. Әлгіндегі кісінегені жануардың елмен, жермен, Есімбек ағамен, атбашар бала менімен соңғы рет қоштасқаны екен.


Торыны жатқан жеріне жерледік. Жылқышы ата- улы Есімбек ағаны жұбатумен болды.


Ертеңгісін Торының басынан оралып үйге келсек, үстел үстінде бір жапырақ қағаз жатыр екен. Жайлау Есімбек ағадан сескеніп, етекке қайтып кетіпті. Оның да жазығы бар ғой. Бірақ Торының өлімінің себебі беймәлім. Тек Есімбек аға ғана:


–Торының ажалы хлор қосқан судан болды, – деп өкінеді.


Бір парақ жедел хат Алматыдан жазылып- ты. Онда: "Ат иесі Есімбек Сарыбаевқа" делініпті. "Жақында болып өткен республикалық ат бәйгесі жа- рысында сіздің облыстан қосылған Торы ат бас бәйгені иемденді. Бірінші бәйге алды деген Қаракер аттың тосыннан қосылғаны анықталды. Жеңістеріңізбен


құттықтаймыз. Әділқазылық жасамаған төрешілерге сөгіс жариялаңды. Сыйлықтарыңызды алыңыздар, республикалық жарыстың бас төрешесі О. Смағұлов" деген екен. Қағазға әлде не тырс етіп тамды. Ол жел- кемнен қағазға қарап түрған Есімбек ағаның, менің әкемнің көз жасы еді. "Қайран, Торы!" - деді көкірегі қарс айырылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу