07.02.2022
  199


Автор: Мұхтар Шерім

ДҰШПАН IЗДЕП ЖҮРМIН...

 


Бiреулер дос iздейдi. “Дос iздеп жүрмiн” деп кiтап жазады. Сөйтiп жүрiп, өзгелерге ор қазады. Ал, менiң дұшпан iздегiм келедi. Мен кiммiн? Мыжбанмын. Қаралған адаммын. Бiрақ, дей алмаймын наданмын. Адам болған соң, iрi дұшпаның болғанға, сол дұшпаның көктей солғанға не жетсiн! Министрлерден дұшпаным болса ғой! “Тапсырыспен” өлтiре салатын. Сөйтiп, айызым қанатын. бiрақ, олар менi қайтсiн?


Бiр идея келдi. Бiр күнi облыс прокурорына келдiм. Хатшы қыз кiргiзбейдi.



  • Не үшiн келдiңiз?-деп сұрады.

  • Дұшпан iздеп жүрмiн,-дедiм мен.

  • Аулақ жүрiңiз.

  • Ұзақ өмiр сүрiңiз!-дедiм де, ай-шайға қарамастан, прокурордың кабинетiне кiрдiм. Ол кiсi креслосында шайқатылып отыр екен.

  • Кешiрiңiз, Сiз менiң дұшпаным боласыз ба?-деп сұрадым салған жерден. Прокурор бетiнде бегомот жүргендей, бiр түрлi қарады.

  • Не үшiн?

  • Мен де адаммын. Менiң де дұшпанымның болғанын қалаймын.

  • Менiң өз дұшпаным бар.

  • Ол кiм едi?

  • Әдiлет министрi.

  • Мен оның да дұшпаны бола аламын. Сiздiң бойыңыздан арамдықтың мың тоннасын табамын. Қайда қарап отырсыз? Облыс әкiмi жер бiткендi өзiне, туыстарына сатып алып жатыр.


Ол менi қуып шықты. Ендi кiмге барсам екен? Құдай-ау, менiң де дұшпанымның болатын күнi бар ма?


Әлде, облыс әкiмi Тыжбан Тәпековке барсам ба?


“Жеке мәселем бар едi” деп, кезекке жазылып, жетi ай дегенде, облыс әкiмiнiң де кабинетiне кiрдiм-ау!



  • Сiз, келiңiз,-дедi ол өтiрiк жымиып. Ой, әккi екен, жер-дүниенi жалмап жеп отырысын қарашы. Естуiмше, бiр бизнесмен құрылысқа тендер алып бершi”-деген екен, “Ұлыма “Джип сыйла, миллиондаған тендерге қолыңды жеткiземiн”деп, оның уәдесiн орындаса да, бұл бұлталақтап жүрген көрiнедi.

  • Өтiнемiн,-дедiм мен, - кешiрiңiз, Сiз менiң нөмiрi бiрiншi дұшпаным болыңыз...

  • Немене?

  • Дұшпан iздеп жүр едiм...

  • Менiң дұшпандарым көп! Бiрiншi орынбасарым президент аппаратындағы туысына жамандайды екен. Ол президентке жамандайды.


 



  • Сауап болыпты!-дедiм мен.


Ол да менi қуып шықты. Құдай-ау, денi дұрыс дұшпанымды қайдан табамын? Қайдан? Мен де адам баласымын ғой. Әлде, әлде, студенттерден ақша жинайтын деканға барсам ба? Сонымен, “Әкел, әкел!” оқу орнының деканына келдiм.  келген мәтте:



  • Дұшпан iздеп жүр едiм,-дедiм.

  • Есiңiз дұрыс па? Мен сiздi танымаймын,-дедi ол.

  • Танымасаңыз, танысайық, парақор қолыңызбен қол алысайық. Менiң атым Мыжбан.

  • Сендей қотыршымен дұшпан болмаймын.

  • Өй, әкеңнiң!-дедiм мен.

  • Боқтамаңыз!

  • Әне, сiз менiң дұшпаныма айналдыңыз!


Ол да менi қуып шықты. Ендi қайда барсам екен? Терроршы Бен Ладенге ме? Әлде, өзбек президентi Ислам Каримовке ме? Жылағым келдi. Менi адам құрлы көрмейдi. Бәрiнiң дұшпандары бар. Қандай анықтама болса да, ақша сұрайтын, сөйтiп қыруар дүние құрайтын облсобездегiлерге барсам ба? о, таптым! Базар бастығына барамын!



  • Сәлеметсiз бе, менiң қадiрлi дұшпаным!-дедiм масаттанып, - Сiз салықты өте аз төлейсiз! Қаланың бүкiл базары салықты аз төлейдi. Базарыңызда тазалық жоқ! Бұрыш- бұрыш, лай, боқ...

  • За то, көңiлiм тоқ!-дедi ол. - Сiз не үшiн келдiңiз?

  • Құдай үшiн дұшпаным болыңызшы!

  • Сенесiң бе, дұшпандарым жетедi. Налог, пожарный, прокурор, әкiм дей ме, бiрi келiп, бiрi кетедi.

  • Сiз менiң де дұшпанымсыз.

  • Құры!

  • Ұры!

  • Кет!

  • Быттиған бет!

  • Жоғал!

  • Халыққа обал...

  • Ит!

  • Ал, Сiз - халыққа жабысқан бит!


Ол менiң желкемнен бүрiп ұстап, кабинетiнен қуып шықты. Қайда барсам екен? Кiмнен, кiмдерден “өшiмдi” алсам екен Әлде, әлде, премьер-министрдiң дұшпаны болсам ба? Осы ойымды әйелiм Қатипашқа айтып едiм:


- О, сорлы, премьер-министр сенiң не теңiң? Балалар аш-жалаңаш, одан да ақша тап!-дедi. Әне, дұшпан iздеп жүрсем, жанымда жүр екен ғой, Қуанғанымнан әйелiмдi құшақтай алдым. Әй, бiрақ, дұшпан iздеп не керек? Дос арттырайық. Солай, мырзалар! Халықпен


дос болыңыздар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу