Өлеңдер ✍️

  07.02.2022
  284


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

ЖАҺАННАМ ТЫНЫСЫ

Бар өмірдің тірлігі,
Қарсылықты құбылыс.
Ой жүгіртсең, тұр міне,
Миың жетпес құрылыс.
Жақсылық пен жамандық,
Жарық пенен қараңғы,
Кесапат пен адамдық,
Қарсыласпай қала ма?
Күн мен айды қарасаң,
Екі басқа емес пе?
Толып жатыр санасаң,
Қарсылықты егеспе.
Қарсы болып шығады,
Қасыңдағы қатының.
Өзгелер қалай ұғады,
Сақтан содан жақының.
 Ең жақыны адамның,
Ақыл, білім, парасат.
Алға басса қадамың,
Саналы дұшпан санасады.
Тауда туып, таста өстім,
Надандыққа жүрмедім.
Білімге ескек кеш естім,
Тасқияға өрледім.
Жүрегім асқақ шың бір тау,
Жырдан қыран ұшырған.
Биікке шықпас, көп көксау,
Оқысын сөзді тұшыған.
Ойлы адам-ойымен
Ойын айтып бермей ме?
Маржандай тізіп ойы кең,
Өлең жазса – күндей ме?
Сөз асылын кей кезде,
Балалардан үйренем.
Дерсіндер сірә, – Бір сөз бе,
Анадан ол – үйренген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу