Өлеңдер ✍️

  07.02.2022
  116


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

ХАТШЫ ҚЫЗБЕН ЗИНАҚОР БАСТЫҚ

Неткен биік мына өзі табалдырық,
Пәс маңдайша аласың басыңды ұрып,
Кемелденген социалистік заманында,
Бұл қай мекеме қаржысы қалған құрып.
Кеңсесі бөдененің қапасындай,
Айтпасаң оңала ма өткір сынай.
Аққу қыз бүркітпенен бірге отырған,
Ерсілеу керініп тұр бізге тым ай.
Аққуды қапасына қойған қамап,
Алдамақ, еншіленбек – ол ақымақ.
Ұшырып жібермей ме еркіндікке,
Жақсы көрсе ол аққу келмейме өзі-ақ.
Әркімнің езіне тән теңдесі бар,
Құзғынға «құзғын балақ» жеңгесі бар.
Аққудан дәме еткен тірі өлексе,
Жұлдызда аспандағы «немнесі» бар.
Алтынның сынығы да о да алтын,
Алтынды-алтын-дейді содан халқым.
Алтынға қызғанышпен қарайтындар,
Алтынның кемітеді асыл нарқын.
Алтынды кім алса да күтсе алсын,
Дәмеліге кезіксін жолда «ар», «сын»
 «Ар» мен «сынның» бодауын өтеген жан,
Алтынменен бақыты бірге жансын.
«Жауырды жаба тоқу» ісім емес
Көрген соң айтылған сөз, еттік кеңес,
Намысты ер, бір айтқаннан түсінбейме,
Ақынның нәзік сынын «болмас» демес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу