Өлеңдер ✍️

  07.02.2022
  84


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

КӨҢІЛІМ

Жамаулы көңілім жалғасып,
келеді кешіп қырық жылды,
Тірлікпен өмір араласып,
Балалық тұсау қырқылды.
Жамаулы көңлім жаңармас,
Жаңармасқа шыңдалған.
Екінші кісі жаңартпас,
Жаңартар менде жоқ арман.
Қағазым досым қаламым,
Ермегім осы жазамын,
 Үміт күтіп алдымнан,
Масайрап жазсам қаламын.
Ғашықпын әсте жазуға,
Айтпаған адам тың өлең.
Ойсыздар етсе әжуа,
Шындықты шешер көреген.
Төркінін білмес түп сөздің,
Қас дұшпаным-шоқырақ,
Көрсетем деп кейде өзін,
Бірдеме жазар шұқылап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу