Өлеңдер ✍️

  06.02.2022
  158


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

БІР СҰЛУДЫ КӨРГЕНДЕ

Қазақтың қаршыға көз қарындасы
Өлеңмен басталып тұр сөздің басы
Жалт етіп қарағаның әсеріндей
Арайлы алтын таңның шұғыласы.
 Сұлулық берген екен көркіңе сай,
Бойыңда бір мінің жоқ қарындас-ай.
Қатар тас асты-үсті олақ жасап,
Бір жерін кемшін қылған құдайым-ай.
Мінезі әдемі екен биязыдай.
Көрген ақын тұрама жыр ағызбай.
Сұлулыққа сұқтанған дұрыс емес
Осымен доғарайық ұя бұзбай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу