Өлеңдер ✍️

  06.02.2022
  116


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

ҚАСЫҢДЫ ТАНЫ

Нәпсінің бәрі саған жау
Қанағат қарсы қоймасаң.
Ұзын арқан, кең тұсау
Аздырар жанды ойласаң.
 Кішіртеді тастарды жауын шайып
Заман өтер ол тасың болар ғайып.
Өтпелі өмір пайдалан, бос жібермей,
Өмір сүру керек қой бір ғажайып.
Бақыт іздеп ешқашан арамданба,
Арам бақыт әпермес ешбір жанға.
Қадір, қасиет жасыңнан бойға жисаң.
Қалар атың кетсеңде жаһаннамға.
Озық ойлы жан болғын арың сатпай,
Шаруа жайын ойлағын тегін жатпай.
Боқтық жима өзіңе жүк боларлық,
Және әлсіз көрінбе шамаң жоқтай.
21.11.1991 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу