06.02.2022
  243


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

КҮТПЕГЕН ОҚИҒА

Оңтүстіктің шыжыған ыстығы бет қаратпайды, алаулап тұр. Кенеттен шыққан машина тормозының ащы үні жұртты өзіне еріксіз қаратты. Ішінде толған адамы бар ЛАЗ автобусы төрт дөңгелегі жер сызып барып, ысқырып тоқтады. Шыңғырған әйел жылаған бала даусы құйқаңды шымырлатып, миыңды қашайды. Машинаның оң жақ алдыңғы әйнегі сынып, тарыдай шашылып, аңырайып қалған. Салондағы жұрттың терезеге жақын тұрғандарының беттерін әйнек сынығы тілімдеген. Әп сәтте қыран-топан әбігерге түскен жұрт. Сасқан шофер өз есігінен түсе салып әлдеқайда жүгіріп кеткен. Қамалған халық есікті аша алмай әлек. Артта тұрғандар оқиғаның мәнісіне түсінбей, кеңірдектерін созып, сөз сұрайды. Сұраққа жауап беріп жатқан ешкім жоқ. Әркім өзімен өзі әуре. Жұдырықтай тас салонда «мен кінәлі емеспін» дегендей аяқ астында домалап жатты. «Жедел жәрдем» машинасы келіп, енді ғана жұрт шуылы саябырсыды. Ентіккен шофер жігіт келіп, көргенін баяндап жатыр.


Училище формасын киген орта бойлы, мығым денелі, солақай бала көшенің қарсы жағынан жүгіріп өтіп, қолын кең жаза құлаштап, таспен келе жатқан автобусты екі ұрды. Біріншісі нысанаға дәл тимеді білем, екінші рет жақыннан тағы сілтеді. Тасы оң жақ әйнекке тиіп, күл-талқанын шығарды. Сол кезде мен де машинаны тоқтатып үлгірдім, - деді ентігіп.



  • Дәл соның өзі, – деп беті қанап тұрған кондуктор Нина Петровна сөзге араласа кетті.

  • Ол баланы мен осы аялдамада түсіріп кеткенмін. Қолында билеті жоқ... Айып төлеуге ақшам жоқ деп безеріп тұрып алды. Иә, училище формасында, орта бойлы, жасы 15-тер шамасында болуы керек.

  • Қап бәлем, қолыма бір түсерсің, – деп кіжініп қойды Нина Петровна, бетіндегі қанын мақтамен сүртіп тұрып.


 


Міне, оқиға болған жерге милиция капитаны Сұлтан Әміров пен жасақшылар да келіп жетті. Айналасы бірер сағатта, байқағандардан жауап алып, машина базаға жіберілді.


Кең кабинет терезесі түстікке қараған. Кабинет іші күн сәулесіне бөленген. Графинге түскен күн нұрын ыдыс ішіндегі су сындырып, төбеде сәуле ойнайды. Столдың болымсыз қимылы сәулені ұзақ қимылдатып, тынымсыз қозғалыс жасайды.


Кешегі автобус оқиғасынан кейін барлық училищені аралап шыққан милиция капитаны Сұлтан Әміров ой құшағында отыр. Қала бойынша кәсіптік бағдар беретін училище алтау. Сол алтауында небәрі бес бала солақай. Ол анық. Мастерлердің анықтамасы солай. Ол бесеудің түрі бұзақыларға ұқсамайды. Сонда ол кім? Киімі кәсіптік бағдар беретін училищенікі. Әлде сондай киіммен жүрген басқа біреу ме?


Кемербек ауылда өсті. Сегізінші класты біреуден ілгері, біреуден кейін тәмәмдады. Әке-шеше болса қарт. Бір үйде бір өзі. Анасына салса Кемербегін қолынан шығарғысы жоқ. Әкесі де томаға тұйық мінез танытқан. Оқы, адам бол дегеннен басқа сөзге келмеген.


Тау өңірінде бидай пісіп, күз де келіп жетті. Қай оқуға барсам, әлде 10 класты бітіріп, содан соң ойлансам ба екен деген ой күз жақындаған сайын Кемербекті жегідей жеді. Өз біліміне сенбеген ол оқуға бара алмады.


Бір күні ауылдық Советтің председателі Кемербекті шақырып алып, бала өмір сүру үшін еңбек ету керек, ол үшін мамандық керек. Сені училищеге жазып қойдық, екі жылда дырдай маман болып шығасың, демесі бар ма. Арманы мамандық болып жүрген Кемер қуана қарсы алды.


Сөйтіп №87 кәсіптік-техникалық училищеден бір-ақ шықты.


Інге тығылған аш қасқырдай мына құбырдың ішінде жатқанына екінші күн. Не көрмеді... Әй дерге әже, қой дерге қожа жоқ, еркін жүре бастады. Училищенің кәрі тарлан бұзықтары оны өз ұйымына тартты. Ұрлық та жасады, қалтаға да түсті. Енді міне... Ұстаздар тілін алмай, бұзақыларға қосылғанына өкініп жатыр. Батырлық осылай бола ма, ақымақ, дегендей болады әкесі. Ерегісіп


 


не бар. Мақұл, түсіріп кеткеннен соң өз жөніме жүре бермей... Қап! Қол ұшын берер кім бар. Әке бетін қалай көрем, қайда барсам екен?


Мені іздеп милиция үйге де барған болар?! Әлде өзім барып мойындасам ба екен? Жоқ. Ол жасықтық.


Түрлі ойдың шырмауында жатып таңның атқанын да сезбей қалды. Орнынан тұрып паналап, орталық базардың төңірегін бақылай бастады. Мақсаты аш өзегін тойындыру. Таныс көріне қоймады. Шаршады, өзегі талды, тамақтың оңай табылмасына көзі әбден жетті. Енді өзін ақырғы рет сынауға бел буды. Нан дүкеніне келді. Өзгелер сияқты ол да кезекке тұрды. Нан сатып алып, қалған ақшасын сырт қалтасына салған кемпірдің соңынан ілесті. Оңаша тротуарға түскен қарттың қалтасына қолын салып, түйншегін ала қашты.


Қала шетінен азық-ауқатын алды да, баянсыз тіршіліктен безініп, Ақсу- Жабағылы қорығының шығыс бетінде жылқы бағатын нағашы атасына тартты. Машинаға мінсем қолға түсермін деп жаяу кетті.


Бар сырын бүкпесіз айтқан жиеніне Жұмалы ата сенерін де, сенбесін де білмеді. Мынауың сұмдық қой, деп ренжіді ол.


Әлден уақытта түксиген қалың қасты қабағын көтеріп, атты ертте, деп Батажанға бұйрық берді де, үнсіз отырып қалды. Сеніп келген ата ызғарына шыдай алмаған Кемербек Батажанға ілесе орнынан көтерілді. Құлағы арттан зілді бұйрық күтеді, бірақ ол естілмеді. Атты әкелген Батажанға: «мына заңталаққа» әзір бол», деп ашулы күйде атқа қонды. Бағыты ел жақ. Батыржан болса қадірлі ұстазының жиені Кемербектің бетімен кеткеніне күйініп, ақылы айран. Не істеп, не қойғанын әзір езі біліп жатқан жоқ. Біресе желіге барады, біресе үйге келеді. Анда-санда құлындарының қасында жусап тұрған биелерді олай-бұлай айдап қояды.


Кемербек тас үстінде тапжылмай жер шұқылап отыр.


Ә-й, жүр, қымыз ішеміз. Өзің де өлуде қалыпсың, кім біледі, бүлдіріп келіпсің ғой, тойынып ал, деді де босағадағы ұшқат түтініне ыстаған сары сабаны күмпілдете пісе бастады. Қоңыртөбе жайлауының бетегелі бетіне жайылған жылқының қымызынан екі зерен тастаған баланы ұйқы айналдырып, көзі


 


кіржиді. Батажан бие сауатындарға көмекке кеткенде Кемербек ұйықтап та қалған еді.


Бала ұйқыдан тұрса, күн еңкейіп, беткейдің көлеңкесі ұзатып, мамыржай қалыпта екен. Желі маңындағы жылқыларды өріске қаптатып, бақылап тұрған Батажан:



  • Ә, тұрдың ба, бала. Тамағыңды іш, киіміңді ауыстыр! Жылы киін. Қасқа құнанды ұстап қойдым, әне анау орыс ермен ертте! Таралғысын өзің қысқартарсың, - деп өзінің қажетті заттарын реттей бастады.


Ымырт үйіріле атқа қонған екеуі жылқы қаптаған бетке бағыт алды, атының шылбырын астына басып, қисайып жатты.


Қараңғылық қоюлана түскісі келсе де, таудың ар жағынан шығып келе жатқан ай сәулесі қара түнді тықсыра қуып, солғын шапағын аспан әлеміне жая түсуде. Іңір қараңғылығы сай-сайға бұғып біраз тұрды да, жерге сіңіп жоқ болды. Ай да көтеріліп қалып еді. Қалың жылқы бетегелі беткейге бас қойып, пырылдап ашқарақтана жайылуда. Төменде таудың қоңыржай белдеуінде, сәугім аршалар орманы керінеді. Бұл жерде тырбық жалпақ арша мен түйеқарын ғана шеккен түйедей теңкиіп жатыр. Ай күндізгідей жарық. Тұйық жүрген Батажан сөз бастады. Өмірім осы тесте, кебіне тау тесінде жалғасып келеді. Кісі ақысы не екенін білмедім. Еңбекпен күн кешкен жанның бірімін. Ал жиен, сенен қорқайын дедім, деді де үнсіз қалды. Тек қана жайылған мініс аттарының тынымсыз қимылы жүген сылдыры тыныштық тылсымына түрткі салып тұр.



  • Бала, шалдың ойында да не бар екенін айтпады, барлығы ішінде кетті. Бір қалса, жаныңды алып қалатын сол. Ертең келмесе Қаражанға тоятты өзіміз табамыз. Қиын болып тұр, сәл ойланып, оның да амалы табылар. Кекілік келетін бастауға ертелеп тұзақ қоямыз. Құс несібесі әсте жоғары. Үлкен сәскедік кекіліктер су ішуге түседі. Бір - екеуі тұзағымызға іліксе тәулігімізге жетеді дей бергені сол еді, оң жақ беткей-де қаптап жатқан жылқы шұр етіп, тепсеңге жиылып қалды.

  • Бұл несі, - деп Батажан атының шылбырын астынан шығарып, екеуі өре түрегелді.


 



  • Аға, топ жылқының жанында бір ақ ит жүр, ананы қараңыз,-деп Кемербек жылқы жиылған тепсенді нұсқады.

  • Көрдім, күшік емізген қаншық қасқыр екен. Осы маңайда бөлтіріктері болуы керек. Ісінің сәті түссе жемтікке баласын кейін ертіп келеді. Жылқы оған алдырмайды, тек алдап соғуы мүмкін. Құнаныңды келденең тарт, ердің үстінен қара, сезіп қалмасын. Өзі де солай етіп бақылай бастады. Сезіктенген қос ат құлағын қайшылап, елеңдеп тұр.


Қасқыр жылқы шетінде иесіне еркелеген иттей бұрала бұлғақтап, бір жатып, бір тұрады. Қара қасқа айғыр құйрығын шаншып, үйірін тықсыра топтап куып, жау екенін сезініп, жер тарпып, шетінде айналады.


Қаншық айлаға кешкен. Басын темен салып, жер иіскеп, елеусізденіп, жылқыны алдап түсіру. Жай, марғау кейіпте топты алыстан ториды. Әр айналған сайын жылқыға жақындап келеді. Бір кезде төрт аяқтап шалқасынан жатты. Әлден уақытта қайта айналып түсті де, алдыңғы аяғының үстіне басын қойып, жылқыдан көзін айырмай, ісінің жемісін күтті.


Әккі қаншықтың айласын қызықтап Кемербек пен Батажан да тырп етпей аттың панасынан сығалайды. Алғашқыда үріккен жылқылар бірте-бірте өздерін еркін сезініп отқа бас қойып, жайыла бастады. Топ арасынан бір ту байтал қасқырды қызықтап шетке шықты. Жайлап бақылап, қасқырға жақындап барып иіскеуге ыңғайланды. Бөрі де күткені келгендей, сәл ілгері жылжыды да қимылсыз жата қалды. Байтал басын көтеріп қасына жетіп барғаны сол еді, кез ілеспес жылдамдықпен секіріп, тұмсықтан ала түсті.


Күтпеген жағдайдан үркіп, сілке тартқан тұмсықты қасқыр жібермеді, жабысып қалды. Қоңды байтал аш қасқырды тулақ құрлы көрмей бірден сереңдетіп көтеріп әкетті.


Аттарына міне шапқан екеуі байталға қарай ызғытып келеді. Байтал топ жылқыны айнала шауып, есеңгіреп, дәрменсізденгені сезіледі. Қара қасқа болса жас құландар мен биелерді топқа қуып тығумен әуре. Қос танауы қасқыр аузында қалып, демі біткен байтал Батажандар жеткенде қаншықпен бірге гүрс етіп құлап түсті. Жас етке құныққан жыртқыш тұмсықты босатып, жұқа шапқа


 


қанды аузын сала бергенде келіп қалған аттылыны көріп, тастай қаша жөнеледі. Жанамалай қатарласып барып, бас деңгейінен шамалап, сыйпай сілтенген қайың құрық қара құстан тиді. Көз алдында әлденеше аттылы қаптап кетті. Кейінгі соққылардан дүние қараңғы тартып, ақыры тұңғиық түбіне барып тынышталды. Екі-үш         ұмтылып                     орнынан               зорға   көтерілген   байтал   қорыққанынан қалшылдап тұр.               Делдиген   кеңсірігінен қан тамшылап                ауырған    тұмсығын


алдыңғы аяғына үйкеп қояды.


Аман қалған жануарды екеулеп айдап үйіріне қосты.


Қаражанның қыран екенін білетін Кемербек, Батажанның мына іс- қимылынан қыранға тән ерекшелікті танып барлағандай.


Ұзын бойлы, сұңғақты, қыр мұрыны ажарлы аққұба бетіне ерекше сән беріп, нұрлы өткір қара көздері адамға мейірім шапағатын сеуіп, бүгінгі олжаға масаттанған сыңайы бар.



  • Бала жолды бала екенсің, байладым саған! Сойып терісін ал! Өкімет сыйлығы бар, өзіңе жаратарсың! Тілі мен жүрегін Қаражанға берерміз. Тоят тілеп отыр еді. Менің атыма мініп, артыңа бөктер! Қасқа құнан алдырмас, - деп атының шылбырын Кемербекке ұсынды.


Сол кезде, батуға еңкейген ай сәулесін арайлы таң шапағы жеңіп, түннің етегі түріліп қалып еді. Қасқырды Кемербектің артына бөктіріп беріп, өзі сауын биелерді айдап келуге құнанның басын бұрып, қамшыны бір көміп жүре берді.


Тояттаған Қаражан дүр сілкініп, қанат қауырсындарын таранып болып, тәкаппар пейілде. Жон арқасынан қараған адамға Жұмалы қарттың отырысын айнытпай, дәл үйреніп алғандай. Денесі еттен жаралған емес, Қапшағайдың қара тасынан соққан мүсін дерсің.


Тек қырандар өсетін ортаға келген Кемербек: Қыран болып қонбасаң қияға бір, батқан күндей қызарып ұяңа кір деген халықтың дана сөзін әке аузынан талай естіген. Сол сөз миына бүгін қонып, көкірегіне бүгін ұялады. Адамның арманы болса, ол алдынан шықса, ондай адам бақытты болмағанда кім бақытты болмақ. Дәл бүгіннен бастап, дәл қазірден бастап адам болайын деп түйді өзіне- өзі.


 


Кемербек, биелердің сауыны болды, құлын ұстап жібер,-деген аға сөзі ойын бөліп, аз кем меңгіріп, А-а-а, не? - деп барып, түзеліп, желіге қарай жүре берді.


Сауыннан қайтып келе жатып Батажан: «Қазір Мамыр да келіп қалар, өзі бір тіл алғыш оңды бала». Басқа біреу болса сонау кіші Қапшағайдың аузына екі мес қымызды күнде жеткізіп тұрудан жалығып, тастап кетер еді. Ал ол ерінбейді де, жалықпайды да, аттың құлағында ойнайды деп соны айт. Сегіз шелек қымызды екі меске бөліп теңдеп, таудың қияда, қиын жалғыз аяқ жолымен арба келетін жерге жеткізіп беру міндеттелген. Орындап жүр азамат. Бір білсе, Жұмалы атаның хабарын сол айтып келеді, - деп сүтін алып, үйге қарай кетті. Артынан барған Кемербекке:



  • Шай қойып ішейік, қымызды кейінірек төрт кезіміз түгел жиналған соң ішерміз. Бұл жарықтық көппен ішілетін ас, көппен ішсең, құмға сіңген судай адамға да сіңеді,- деп, шәугіміне су құйып мосыға ілді де, шақпақ тастың бетіне қу басып, болат шақпақпен бір-екі тасты ұрғанда қу тұтанды, қуды үрлей отыра қайыңның қабығын тұтатып, ошақтағы өліреңге (қураған ақ шеп) тигізді. Өлірең лауылдап жана жөнелді. Үстіне кебу ағаш салып, отты ептілікпен маздатып жақты. Батажанның бойынан керемет іскерлікті байқаған Кемербек дала өміріне, тау өміріне құлай жығылды.


Отты осылай енді өзім жағам, бәрінде, бәрінде істеймін, – өзіне-өзі ант етіп, іштей қайталады. Шай қайнап енді алдыларына ала бергенде Жуаншұбар мен Мамырдың қарасы көрінді.


Шайға жетіп келгені жақсы болды бірге ішейік, қант шайымызды да сол жеткізіп тұрады, - деп қуанып отыр.


Ассалаумаалейкум, - деді де аттан домалай түскен Мамыр бізбен қос қолын бере амандасты.


Жасы менімен шамалас, шымыр, ақ сары, жалпақ мұрын кең танау, көзі көк пен қараның ортасында, қолы темірдей қатты. Шалқиып қараған көзінің адам шошырлық сұсты басым.


 


Біз тез таныстық: – Ой, сен қайдан жүрсің? Неге ауылға соқпадың? Мен сені сыртыңнан жақсы білемін. Бүгін бірге келер едік. Саған айтатын әңгіме бар. Құпия. Кейін есіме түсірерсің сені оқуда деп есітіп едік қой?


–Е, соны қойшы оқуда еңбек, еңбек те еңбек, мен сол еңбектерге сатылай бармай, ең үлкенінен бастасам деймін.



  • Онда мықты екенсің. Қосыламын. Қаласаң түс қайта, салқын түсе, қымыз алып елге барып қайтайық.

  • Тағы бірде барармыз, мұнда жаңа келдім ғой. Кезектегі жылқышылар да қайтпады, атам да жоқ, - дейді мұңайып.

  • Өзің біл достым. Дем ал, кейін бір реті болар: Шай ішіліп, ауыл жаңалығы, тау жаңалығы айтылып, күн ұлы сәскеге көтеріліп қалды. Көрші шопандармен бойдақ жылқы бағатын жылқышылар бір-бірлеп, белден асып, сайдан шығып, қымыз ішуге жинала бастады.


Ақ шараға толтыра құйылған қымыз күн сәулесін сындырып жағалай отырғандардың жүзін нұрландырып тұр.


Таудың саф ауасы бойды сергітіп ерекше әсер етеді. Киіз үйдің жоғарғы жағын ала, көгалға жайылған үлкен текемет. Үстіне сәнді құрақ көрпелер төселген. Өр жағын ала Байәлі бастаған үлкендер жайғасыпты. Өзгелері жасына қарай орын алған. Төменгі оң жақ шетте шара толы қымызын құлаштай сапырып Мамыр отыр. Үлкен ағаш ожаудан үш ожау кететін сырлы зерең айнала жүре бастады. Жұрт алғашқы аяқ толы сары уыз қымызды тына сіміріп төңкеріп жатыр. Екі-үш зереңін тастаған кісілердің беті гүл-гүл жайнап, толысып, бой алдырса да, ой алдырмауға тырысып отырғандары байқалады.



  • Гу гу, әңгіме қызған шақ: Кемербектің жайын біліп, жалдылығын айтты, Батажанның ептілігін айтты, түндегі қасқырдың айласын айтты. Солай отырып жұрттың бетіне қан ойнап, көбі ықылық ата бастады.


Отырғандардың үлкені Байәлі құсбегі сөз алып:


Уа, жараңдар бәрің де бұйырған несібеңді ішіп отырсыңдар! Мына заманнан айналайын, совет заманынан айналайын! Біздің алты ай жазымыз той


 


емес пе!? Сендерден сұранатыным: «Екі қосшыға бір басшы» - деген емес пе қазақ. Басшы сайлап алайық.



  • Басшымыз мына сіз, – деп отырғандар жамырап жатыр.

  • Мені сайласаңдар онда тыңдаңдар! Мынау аяққа екі ожау қымыз құйылады осы екі ожау қымызды әр адам дем алмай ішу керек. Егер кімде-кім мұрнынан «пыш» деп дем алса, онда жеңілгені. Сол адам осы халыққа мына қымыздың ыстығын береді. Берекелі өмірді мерекелі етіңдер, жастар, –деп бір тоқтады.


Бір нәрсе есіне түскендей сұқ қолын көтеріп, белгі беріп, Қария сөзін қайта бастады:



  • Жастар жағы асау үйретсін, колхозымызға ол да керек, өйткені жеткіншектердің мұнда қазан ошағы болмай тұр ғой.


Бірінші айналымда сыннан сүрінгендер болмады. Екінші айналымда Бөкен аузын басып, орнынан жылдам көтеріліп, үй айналып кетті. Одан кейін Мамыр сыннан сүрінді. Бөкен ас қамына бара жатып, бәрін түстікке шақырып, қыр асып кетті.


Мамырдың алдында асау үйрету міндеті тұр. Осыны сезген Құсбегі қомданып қойып сөз бастады.



  • Мамырды шабандоз дейсіңдер, аттың құлағында ойнайды дейсіңдер, жерден ілгіш дейсіңдер, асуды құйрықтан ұстап тоқтатады дейсіңдер, кәне көрелік?


Анау жусап жатқан торы құнанды ұстаңдар! Жігіт болса, соны үйретіп, үстіне ер салып, Бөкеннің түстігіне мініп баратын болсын!


Ата асыра мақтап жібердіңіз. Сөзіңіз өлмесін. Менің де сұрағанымды беріңіз? - деп Мамыр оң қолын көкірегіне қойып түргелді. Отырғандар аң таң;


«бұл не сұрамақшы» деген ойлар миларында жүгіріп өтті.



  • Айта ғой, деді, қорқып тұр ма деген оймен Байәлі қарт.


–Айтсам, торы құнан жусап жатыр, соны өзім ұстап, өзім мінейін. Біреудің ұстап бергені жарамас, сұрауым – сол.



  • Бәрекелді! Азамат! Бердім тілегенді. Жігіт деп осыны айт!


 


Бар киімін лезде шешіп, көйлек, дамбалшаң болған Мамыр екі балағын қара санына дейін шиыршықтап барып түріп, бел баумен белін бір байлап алды. Жемін аңди басқан тау барысындай жақындап, тысырын білдірмей, ұйықтап жатқан асудың үстіне қарғып мінді. Тапырақтай тұрған ұйқылы мал бір мөңкіді, бір қарғыды. Ышқына шыңғырып тұрып қалды. Жалынан тас болып ұстап, дірілдеген дененің қос қолтығынан екі аяғын тығып алған Мамыр айрылмай тұр. Есеңкіреп барып есін жиған жүгенсіз құнан төрт тұйяғымен жайлаудың қара топырағын артына уыстай шашып, басы ауған жаққа алсында қашсын. Таудың аты тау; жырасы бар, сайы бар, бұтасы бар, құзы бар бір жаманшылық болмаса игі еді деп отырғандар Байәліге жау ыққан көзбен қарап қойып, жағаларын ұстады.


Аса ептілікпен құз қиялардан аман өтіп, жазыққа шыққан торы құнан үстіндегі бәледен құтылу үшін барын салды. Аспанға да атылады, жерге жабыса тұқырынды. Үстіндегі жабысып қалған бір бәле екендігін сезінді. Көнбеске амалы қалмады.


Әлден уақыт өткенде Түлкі жайлаудан келе жатқан торы құнанды көріп жұрт аңтарыла қарады. Үстіндегі Мамыр бала құнан басын аяғымен қақтайлап топқа жақындай түсті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу