06.02.2022
  175


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

ҰРПАҚ ҚАЛМАЙ АРТЫНДА... АТАУСЫЗ ЖАТҚАН ҚЫРШЫНДАР


  • О, құдай, жалғызымнан айыратын болдың ғой, не жазып едім, сонша. Бұл сұмдығыңды көрсеткенше алсаң етті мені. Бір үйдің түтіні өшті ғой, - деп, ақырай боздаған Ханымжан апаның тірі аруақ бейнесі әлі күнге есімнен кетпейді.


Сол сұмдық есіме түссе, шашымның құйқасы әлі шымырлайды. Айы, күні есімде жоқ, балалықтан шығар.


Күн ұлы сәске, шақырайып ысытпай сәулесін қоңыржай ғана төгіп тұрған


еді.


Қоламтаға көміп пісірілген жүгерінің дүмбілі қолымызда, оны мүжи түсіп,


«Кеңесарық» ауылының Солтүстігінен басталып түстікке қарай кеткен үлкен жолдың үстінде, жарлауытта екі-үш балатаңдана жоғары қарап тұрмыз.



  • Ағаларды әскерге алып барады - дегенді естіп келгеніміз жаңа. Көзіміз жолдың бас жағындағы ауылдық кеңестің алдынан шығып, бері қарай құлдилап келе жатқан қара көпір халықта. Сүліктей сұлу аттарды парлап жеккен қорапты үш арба бірінің артынан бірі тізіліп келеді. Ауыл адамдары арба үстіндегі туыстарынан қалғысы келмей, айнала қоршап, ілесе жүріп келеді. Әскерге аттанғандар аяқтарын салаңдатып қорапта жағалай отыр. Оларға еріп біреуінің анасы, біреуінің жары, біреуінің апалары, туыстары ботадай боздап, анасы ұлының, әйелі сүйіктісінің, тізесіне қол артып, жаспен бетін айғыздап, жылай- жылай жасы таусылған аналар еріксіз кемсеңдеп, қан сөлсіз тірі жандары ғана кеудеден шықпай алапат күй кешуде. Соның бірі Ханымжан ана еді.


«Соғыс» – деген суық сөз ауылдан-ауылға, елден-елге тарап жатты.



  • Аузымыз асқа енді жетті ме? - деген ел үрпиісіп, әліптің артын бағып, бір сәт ауылда өлі тыныштық орнады. Тыныштық арты «Бәрі де Отан үшін» деген ұранмен қарбалас тіршілік қайта жанданды.


 


Осы күні ойласам көреген қасиетті аналар балаларының келмеске кеткенін, олардың бір кездерде отаусыз қаларын сезген екен ғой.


Сексенінші жылдардан бастап Ұлы Отан соғысында майдан даласында қалғандарды есте қалдыру мақсатында іс-шаралар жасалып, мектептер мен мәдениет үйлерінің алдына ескерткіш монументтер қойылды. Ол кезге де рахмет.


Төлеби ауданы, Абай атындағы ұжымдық шаруашылықтың мәдениет үйінің алдында ұжымшар бойынша белгісіз солдаттарға арнап қойылған ескерткіш монументі бар. Сол ескерткішке пайымдап қараған адам:



  • Күлкі үшін жасалынған ба, - деп қалады. Су мен жел бұзып, әрін кетірген. Оны күтіп баптайтын кім? Партия жаса деді, -жасады. Науқан өтті, енді еге жоқ. Өзімізді көрші Сайрам селосындағы өзбек ағайындармен салыстырып көрейікші. Қызыл граниттен ойып, алдынағы алаңды мрамрмен көмкерген.


Алауы жанып, гүлзарлары шешек ата бастапты. Тазалығын айтсаңшы, көресің де сүйсінесің.


Абай атындағы ұжымдық шаруашылықтың Кеңесарық бөлімшесінен Ұлы Отан соғысына 82 адам қатысқан. Оны 18 еліне оралыпты да, ал 64 қыршын жас майдан даласында қалған сол 64 қыршын жастың 19-нан ұрпақ қалған да, 45-і ұрпақсыз дүниеден өткен.


Осы ұрпақсыз кеткендердің ағайын-туыстарына барып пәленше деген кім? Ол кімдердің туысы? - деп сұрағанымызда қарттар ғана жауап беріп, жастар мүлде білмейтінін мойындады.


Бұл мақалада кінәліні іздемей-ақ қоялық. Кеңесарық селосында екі жүзден астам отбасы, мыңнан астам жаны, төрт жүзден астам оқушысы, 500 орындық сәулетші үш қабатты мектебі бар ел өз ағаларының аруағын неге тербетпеске. Мектеп жанына сәулетті ескерткіш орнатпасқа.


Менің ойым: Майдан даласынан оралмаған 64 азаматқа арнап ас берілсе.


Сол аста ескерткіш жағын ойластырсақ.


04 .07. 86 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу