Өлеңдер ✍️

  06.02.2022
  103


Автор: Саян ЕСЖАН

АДАСУ

Мен кеше ғана
Аспан жанарын жылатып,
Арымды аппақ
Жанымның
шыңынан құлатып...
Жындарға ергем...
Жүрегімнің
жыр жайнаған бағында
күпірлігім бүр атып.
Пенделіктің
көшесінде адастым,
Еліріп,
Есім кетіп мәңгіріп,
Қаңғырып!...
Бойымда
сайран сап сайтаным,
Сайқал үн
санамда сыбырлап,
Көкірегімде күбірлеп,
Ілімі оқылып ішімде...
 
Бес тиындық құны бар
бес күндік мына жалғанның
құмарына алдандым!
... Найзағай -
көңілім күркіреп,
Түйсігіме түн түнеп,
Жаратқанды
жан дүниеммен сезініп,
Қу тірліктен безініп...
Ұзақ тұрдым
тағдырымның жолында,
Күнәмнің табанында езіліп...
2007 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу