Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  159


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АҚ ҚАЙЫҢҒА АЙНАЛУ

Гарольд Регистан


Ақындар,
Аңқау баласыңдар,
Жүректі жұртқа жайып саласыңдар.
Дүниенің бəріне
Жауап беріп,
Алаулап жанасыңдар.
Үлгертпес аяқ салып үзеңгіге
Асау Пегас дейтұғын бəлесі бар.
Кейде бір уақытты басып озып,
Кейде бір кешеуілдеп қаласыңдар.
Əрдайым ақша жетпей жүргендерің,
Көре алмай махаббаттың гүлденгенін.
Бұғаулы Прометей секілдісің,
Өзіңе шырмау болып өлеңдерің.
Сыртынан терезенің жылдар жылжып,
Ғасырдың моншақтарын жатыр тізіп.
Күркіреуік өзені замананың,
Көмескі көп елдерді кетер сығып.
Шірімес шын асыл сөз, сөнбес анық,
Бір ұрпақ бір ұрпақтан іліп алып,
Өлең боп ойнап-жайнап тұра берер:
Махаббат...
Поэзия...
Халық...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу