Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  139


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ШАГАНЭМ СЕН МЕНІҢ

Сергей Есениннен
Шаганэм сен менің, Шаганэ.
Теріскейден болған соң ба, немене,
Дала жəйін жыр етуге мен дайын,
Ай туғанда толықсыған бидайын.
Шаганэм сен менің, Шаганэ.
Теріскейден болған соң ба, немене,
Солтүстіктің айы да үлкен соншама,
Шираз деген қанша əдемі болса да,
Рязаньнің жеріне тең келе ме –
Теріскейден болған соң ба, немене.
Мен дайынмын жыр етуге даланы,
Шашым менің сарғыш бидай секілді –
Саусағыңа ора мейлі, кекілді –
Үзілгені сезілмей де қалады.
Мен дайынмын жыр етуге даланы.
Ай туғанда толықсыған бидайын,
Бұйраланған шашымнан-ақ ойлап біл.
 Өзің, сəулем, əзіл айтып, ойнап-күл.
Тек есіме сала көрме ылайым,
Ай толғанда толықсыған бидайын.
Шаганэм сен менің, Шаганэ.
Терістіктің, біздің жақтың, бір қызы,
Құдды өзіңдей айнымайтын түр-жүзі,
Жүрген шығар ойлап мені жəне де.
Шаганэм сен менің, Шаганэ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу