Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  177


Автор: Жарасбай Нұрқанов

Қаламгерлер

Көп жазуға, дөп жазуға өмірді –
Жалқы газет бес отауға бөлінді.
Енші алады енді біздің жігіттер
Басқаратын болып газет, бөлімді.
Біздің Жықаң азаматтық сенім ап,
Жазу үшін жан қиятын серік ап,
«Қызыл туды» туған жерге тігуге
Жуық отыр, буып отыр белін нақ.
«Коммунизм таңы» атқанда арайлы,
Сырлыбайдың жүзіне жұрт қарайды.
«Орынбасар» деген сөздің мəні зор, –
Жігіттердің өскендігі жарайды.
Құттықтаймыз Қайыркеннің қадамын,
Мұқаметжан, мұқалмасын қаламың.
Төлеубекке «көп еңбектен, жаз» дер ек
Шынын-ашық, сырын ашып даланың.


1968 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу