Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  122


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ТІРЕК

Газеттің түрулі сен құлағысың,
Хабардың дүбірлі-сел бұлағысың.
Нендей бір жаңалықты бұрын естіп,
Оның да оңдысына бұрады ішің.
Газеттің елдегі ашық көздерісің,
Өмірдің жіті көргіш өзгерісін.
Жазғанда ерді мақтап, езді даттап,
Сенеміз сендерге біз – сөздерің шын.
Газеттің тілі де өзің, тіні де өзің
Ел қамы, еңбек жəйлі жылы сөзің.
Лебізің жарқын ерлер жайында көп,
Жоқ болсын кемшілікке ешбір төзім.
Газеттің нық тірегі, достары нақ,
Сендерден күнбе-күнгі тосқаны – хат.
Жарқ етіп жария боп барады əне,
Су жаңа газетті күт, поштаны бақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу