Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  157


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АЙНАЛАЙЫН, ҚАЗАҚ ЕЛІ!

Ахау, менің əлəулəйлім,
Жанға жəйлім.
Хала-лəкку-лəйлім,
Хала-лəкку-лəйлім, е-ей!
Ал, ағайын, тыңда мені,
Жаңа терме туған еді.
Өтіп жатыр күндер зулап,
Күндер неткен жылдам еді.
Өтіп жатыр жыл он екі ай,
Өмір маған: – жырла, – деді.
Туған елім, тыңда мені.
Наурыз-думан, тойларыңа
Шақырасың жылда мені.
Думаныңа жаным ырза,
Тебірентеді ыстық лебі.
Оу, ағайын, өздеріңе
Еркелеймін содан бері.
Сондықтан да кең тыныстап,
Мен шырқайын, сен тойлай бер,
Айналайын, қазақ елі!
Ахау, менің əлəулəйлім,
Жанға жəйлім.
Хала-лəкку-лəйлім,
Хала-лəкку-лəйлім, е-ей!
Алты ай жаздың самал желі,
Желпіндірген сол ғой мені.
Жаз келген соң, жадырайды,
Үлкен-кіші, жас пен кəрі.
Елдің бəрін сүйсіндірген,
 Алты ай жаздың əсем əні,
Бұл өмірдің сол ғой сəні!
Шіркін, мамыр, шіркін, маусым,
Сары қымыз, балдай дəмі.
Кең жайлауға жетсін даусым,
Жəй жүргенім кімге дəрі?
Бар өнерім – Сіздер үшін,
Аянғам жоқ, деймін дағы.
Жаз-жəрмеңкең ғажап еді,
Мен тойлаймын, сен шырқай бер,
Айналайын қазақ елі!!!.
1997 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу