Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  101


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АМАНГЕЛДІ МЫРЗАҒА!

(Ермегияевке)
Есіміңіз əйгілі – Амангелді,
Жалт қаратар барша жұрт, тəмам елді;
Өркендеу бар мəдени құрылыстарда,
Дəуірлейтін Сіздерге заман келді.
Өнерліге əрдайым көңіл ауып,
Қайда жүрсін, əманда іздеп тауып;
Хан көтеріп қашанда, əспеттейсіз,
Иығына оқалы шапан жауып.
Ақынды да, Əбеке, ардақтайсыз,
Сол үшін де Сізді біз мадақтаймыз;
Қолтығынан демеп бір жіберетін,
Біздерге Сіз кəдімгі балдақтайсыз.
Асқан мырза, Атымтай жомарт десек;
Сіздің қолда мол қаржы, алар көсеп;
Демеушілік жасайтын Ақындарға,
Арғы атаңыз Арқада – Қаракесек!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу