Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  96


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АКАДЕМИК СƏБИТ БАЙЗАҚҰЛЫНА

Көктемде желбірейді өмір гүлі,
Жағалай төгіледі күннің нұры.
Наурызда дүниеге келген екен,
Қымбатты біздің Сəбит Байзақұлы!
Асыл жан, абыройлы туған елге,
Нəзік жан елжірейтін самал желге.
Алқынбай, емін-еркін шыққан кезің,
Мерейлі алпыс дейтін асқар белге.
 Аяулы бəрімізге оқу орны,
Көп жылдар өзіңізге құтты болды.
Сүйсініп сөзіңіз бен ісіңізге,
Тұлғаңды көрген жанның көңілі толды.
Қазақтың тəлім алған талай жасы,
Білімнің аграрлық ақ ордасы
Ғылымда Сіз көркейткен көк күмбездің
Қаланған дəл осында іргетасы.
Кезінде түлеп ұшқан еркін, азат,
Орман деп ой толғаған Сіз бір қазақ.
Құлашты кеңге сілтеп, көсілдіңіз,
Шын жүйрік шапқан сайын баурын жазад.
Өзекті ойларыңыз ең бір ізгі,
Жемісін беріп жатыр жазғы, күзгі.
Мыңдаған шəкіртіңіз – ел ішінде,
Жайқалған жасыл орман, деймін, Сізді.
Болса да шаруаңыз күнде тығыз,
Ізденіс зерттеуіңіз Сіздің нығыз.
Ғылымның екі бірдей ордасында
Айтулы академик атандыңыз.
Орысша, қазақшаға бірдей жетік,
Кім жазар Сізден шебер, мөлдіретіп?!
Өнерге құмарланып жүргеніңіз,
Ғажайып музыканы тыңдап, елтіп!
Жақсының жақсылығын айтады елі,
Сəбеңнің елі қандай байтақ еді.
Жайқалып жапырағың көркейе бер,
Байзақов əулетінің бəйтерегі!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу