Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  103


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АКАДЕМИК ҚАНАШ БЕЛГІБАЕВҚА

Тынымсыз өмір күйін шерткен аға,
Аянбай, маңдай терін төккен аға.
Бақ-дəулет, атақ-даңқ, абыройдың,
Бəріне өз қолыңмен жеткен аға.
Ұл-қызың, бірі зерек, бірі зия,
Ғылымның ордасындай – сіздің ұя.
Немере, жиендерің жиналғанда,
Аумаған халықаралық академия.
Алмайды жақсылардың бойын ызғар,
Айтатын жарқын-жарқын ойыңыз бар.
Аспирант келіншектер көз тастайтын,
Ер тұлға, еңгезердей бойыңыз бар.
Жастарға жаның адал, көңілің таза,
Болады Сізді қалай мақтаса да.
Қазақтың əн мен күйін сүйіп тыңдап,
Жасай бер ортамызда, Қанаш аға!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу