Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  169


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АКАДЕМИК КЕНЖЕҒАЛИ САҒАДИЕВКЕ

Кенжеке, Сіз туған ай – ақпан екен,
Дүние кіршігі жоқ, əппақ екен.
Ақ боран, сары аяздан жаралғандай,
Сізге тəн тазалықты мақтан етем.
Басталған Шөптікөлден алғашқы жол,
Ұшырған алтын ұяң – Əулие көл.
Сіз бүгін – үлкен бастық, ұстаз-ғалым,
Сый-құрмет Сізге деген, əрине, мол.
Əрдайым үздік оқып, болған озат,
Маңдайың жарқыраған мықты қазақ.
Алтын дəн, аса күшті, жаңа бидай,
Бидайдың – «Кенжеғали» – аты ғажап.
Жастардың ізденісін қолдап, демеп,
Жақсыны тани білген көңлің зерек.
Көп созбай, мəселені бірден шешкен,
Сізге тəн іскерлікті айту керек.
 Ер көңіл қуанады кейде шалқып,
Кісіге сондай қымбат сол бір уақыт.
Жүргенде білім қуып, билік құрып,
Үш ұлға əке болу – үлкен бақыт!
Алпысқа келген күні ағатайым,
Тиегін мақтау сөздің ағытайын.
Кенжеке, кербез күліп төрлетіңіз,
Жаныңда – сүйген жарың, Нағытайың.
Қоршаған Сізді айнала студенттер,
Жайраңдап, жастық шақтың күйін шертер.
Əлі де Сізге қарап күлімдейді,
Əдемі аспирант қыз, келіншектер.
Той десе, кім шыдайды, елең етпей,
Тілейміз: жетпіске де еркін жеткей!
Кенжекең – шын мəнінде академик,
Ардақтап, құрметтейміз кереметтей!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу