Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  150


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ƏНШІ ҰСТАЗ

(Кəлəу Тайжановқа)
Əн салғыш ұстаз қайда, Кəке, сіздей,
Сүюші ек əнің үшін əкеміздей.
Тырп етпей тыңдар еді шəкірт біткен,
Шырқатып жүрмейсіз ғой, əттең, үзбей.
Теңіздің муссонындай гуілдетіп,
Мұхиттың «Айдайына» үнің жетік.
 Оюшы ең ойсыз берік төбелерін,
Қоюшы ең қу баланы күлімдетіп.
Шалдардың жүрген сізді сайтан санап,
Шаңдағын қағушы едің айқай сап-ақ.
«Үйірін қысырақтың» иіргендей
Безілдер сіздің қолда, пай-пай, шанақ.
Біздерді баласынып бəлсінбеген,
Əн салса, өзіңдей жұрт салсын дер ем.
Бармысың бабында сол, қайран Кəке,
Өнердің шау тартқанын шаншу көрем.
1964 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу