Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  136


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ӨМІРДІҢ МАЗДАҚ ШОҒЫНАН

(Сағи Жиенбаевқа)
Қарлығаш болып келдің сен,
Қазақтың өлең көгіне.
Даланың гүлін тердің сен,
Ұсынып көңіл төріне.
Қырға да Сырға таралды,
Ақерке, самал жырларың.
Даңғайыр ақын санаулы
Санаға құйған жыр нəрін.
Жеткізбей іңкəр дүние,
Биікте – жарық жұлдыздар.
Назқоңыр құлақ күйіңе
Құмартып жүрген ұл-қыз бар.
Айың бір туып оңыңнан,
Отырған сəтте күбірлеп;
Өмірдің маздақ шоғынан
Алғайсың, жанға жылы леп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу